5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Дәрісті қорытындылау: Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру – оқу сабақтарындағы ең басты талап



бет5/12
Дата09.06.2016
өлшемі457 Kb.
#125861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәрісті қорытындылау: Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру – оқу сабақтарындағы ең басты талап.
Бақылау сұрақтары:

  1. Оқу сабақтары қандай мақсаттарды көздейді.

  2. Оқу принциптері.

  3. Оқу сабағының бағдарламамен байланыстылығы.

  4. Оқудың қандай түрлері бар, олар қалай іске асады?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002
5-дәріс тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту және қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар. (2сағат)

Дәрістің жоспары:


  1. Бастауыш сыныпта өлеңді оқыту.

  2. Бастауыш сыныпта әңгімені оқыту.

  3. Бастауыш сыныпта ертегіні оқыту.

  4. Бастауыш сыныпта мысалдарды оқыту.

  5. Шешендік сөздерді оқыту.

  6. Мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Әдеби шығарма өмірді түсінуге көмектеседі. Ақын-жазушылардың идеясы, көркемдік шындығы, шығарманың мазмұны арқылы оқушыларды баурап, оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді.

Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарына көркем шығарманың мынадай жанрлары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми мақалалар мен очерктер, т.б. Оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты жаңартып отырса құба-құп. Ол үшін ең алдымен дұрыс мәнерлеп оқуға көп көңіл бөлу керек. Оқушылардың білім алуы - ең алдымен мәтінді қабылдау болып табылады. Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың, оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор,

Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана ашылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай "Өлең сөздің патшасы, сөз сарайы" деген. Өлең сөздің құдыретті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу - оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.

Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.

Өлең сөздің ырғақ, ұйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері - қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда, жатқа айтқанда арнайы ескертіледі.

Бастауыш сынып оқушыларына берілген өлеңдер алуан түрлі болып келеді. Кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, ал енді бір тобы автордың көңіл-күйіне, асқақ ойының мағынасын білдіреді.

Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:

1) Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай оқушымен әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымына ауырлау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.

2) Өлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.

3) Оқушылар өлеңге әуелі іштерінен көз жүгіртіп өтеді де, сонан кейін оны дұрыстап оқиды.

4) Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлеңдер бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.

5) Өлеңді 2ші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі. Оқу техникасы (шапшаң, жай) дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б. жұмыстар.

Оқушылар оқыған материалының мазмұнын дұрыс кабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар әңгімені дұрыс қабылдау үшін негізінен, мынандай жұмыстар жүргізіледі.

1. Әңгімені қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау;

2. Әңгімеге байланысты сөздік жұмысын жүргізу;

3. Әңгімені оқу;

4. Оқыған әңгіменің мазмұнын айту;

5. Әңгіменің жоспарын жасау;

6. Әңгіменің мазмұны бойыншажүргізілетін шығармашылық жүмыстар.

Әңгімені кабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.




Дәрісті қорытындылау: Бастауыш сыныпта өлеңді, әңгімені оқыту, ертегі, мысалдарды, шешендік сөздер, мақал-мәтел, жұмбақтарды оқытудың әдіс-тәсілдерін талдау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Көркем шығарманы оқытуға қандай талаптар қойылады.

  2. Оқу сабақтарында сөздік жұмысының негізгі принциптері қандай?

  3. Әңгімені оқыту әдістемесі.

  4. Өлеңді оқыту әдістемесі.

  5. Оқу сабақтарында қандай көрнекі құралдар қолданылады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


6 -дәріс тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері. (2сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет