Телевизионная журналистика. Глава 4. (В.Е. Голованов) Московского университета: Высшая школа, 2002.
2- дәріс.
АҚШ тележурналистикасы
Дәріс сабағының мазмұны:
1. АҚШ тележурналистикасының өркендеу кезеңі.
2. АҚШ тележурналистикасының бүгінгі тыныс-тіршілігі.
1923 жылы АҚШ-та электронды әдіс бойынша бейне көрсету тәжірибесі жүргізілді. Оны жүзеге асырған орыстан шыққан американдық инженер Владимир Зворыкин болды. Сөйтіп, АҚШ-та 1931 жылы телевизиялық сынау станциялары пайда болды да, 1939 жылы шағын экранды телеқабылдағыштар шығарыла бастады. Сол жылдың өзінде Нью-Йорк пен оның маңайындағы жүздеген телекөрермендер Бүкіләлемдік көрменің ашылу салтанатын және спорт көрісін көрді. Ал, 1941 жылы теледидардан алғашқы сауда жарнамасы берілді. Бұл теледидардағы жаңа дәуірдің басы еді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде күтпеген мәселелердің пайда болуына байланысты, теледидарға назар аударылмай қалды. Тек 1945 жылдан кейін ғана бұл сала қайтадан дами бастады. 1970 жылдары Нью-Йоркте 18 телеканал жұмыс істеген. Ал бүгінде теледидардың өте көп көлемде жұмыс істейтіні белгілі. Теледидар қоғамға қызмет ететіндіктен лицензия тегін беріледі.
АҚШ-тың телерыногы негізінен үш алыпқа бағынады. Олар:
«Нейшнл бродкастинг компани» (ЭН-БИ-СИ) 1926 ж.
«Коламбия бродкастинг систем» (СИ-БИ-ЭС) 1927 ж.
«Америкэн бродкастинг корпорейшн» (ЭЙ-БИ-СИ) 1943 ж.
ЭЙ-БИ-СИ болса қазір өзінің телесианциясы санын 13- тен 200- ге жеткізді. Ал коммерциялық емес теледидарды АҚШ өз мойнына алған. Оларға сондай-ақ ірі капитал иелері мен концерндер де көмектеседі. Нью-Йоркте радио мен теледидардың ағартушы салалары үшін Ұлттық орталық құрылған.
Абай Садуақасов. АҚШ журналистерінен үйренеріміз не?
Журналистика құқықтану және медицина сияқты өзге мамандықтармен бөлісері аз болса да, жеке кәсіби мамандықтардың бірі болып саналады. Бүгіндері радио және тележурналистикаға жұмыс істеуге келіп жатқан көптеген жас мамандар, журналистиканы университет деңгейінде ғана оқығандар. Сондықтан болар соңғы кездері журналистика факультетінің студенттері мен түлектері арасында «біз білім шаһарының қабырғасында ештеңеге үйренген жоқпыз» деп ойланбай айтып қалатындар кездеседі. Алайда, еңбек жолы басталған сәттен бастап, олар өздері талпынбаса, іс жүзінде журналистика кәсібі бойынша ешқандай білім алмайды. Университет қабырғасында студент ториялық білім алады (лектор бағыт-бағдар береді), ал оны тәлімгер өндірістік практикада тәжірибемен ұштастыруы қажет. Бұл айдан анық болса керек?!
Жұмыс істеп жүрген журналист-студенттердің көбі академиялық саясатты дұрыс түсініп 4 жыл бойы өндірістік практикадан уақытында өтіп, сол өзі таңдаған БАҚ редакциясында қаламы ұшталып, кәсіби маман ретінде танылғандар. Алайда, радио және телехабарларын тарату саласында бәсекелестік жанып тұр, сондықтан диплом, ең болмаса алғашқы жұмысқа орналасуына қамтамасыз етеді. Радио және теледидардың жаңалықтар бағдарламасына алғаш рет жұмысқа орналасқан түлектерінің 90% журналистика факультетінен білім алғандар. Жұмыс берушілер, теле және радиохабарларын тарататын компаниялардың жаңалықтар бөліміндегі қызметкерлердің ұдайы жетіспеу жағдайында «жаңа келгендер» бірден жұмысқа кірісуін талап етеді, ал менеджерлер журналист дипломымен келген студенттер, тек өз мамандығының негізімен, яғни: қалай түсіру, аудио- және бейнежазбаларды қалай түзету, радио- және телехабарларын тарату бағытында қалай жазу керек екенімен ғана таныс екенін біледі.
Факультеттің теле-радиостудиясында студенттер күнделікті телехабарларға репортаж әзірлеу тәжірибесінен дәріс алады. Радио және тележурналистерді даярлайтын көптеген бағдарламалар радио және телехабарларын тарату редакциясында кем дегенде бір реттік тәжірибелік сынақтан өтеді, оның оларға өз саласында байланыс орнатуға, сондай-ақ, кәсіби түрде түйіндеме жазуға көмегі бар. Колумбия университетінің журналистика аспирантурасының студенттері 10 айлық тәжірибелік бағдарлама үшін 30 мың доллардан аса қаржы төлейді және олардың басым көпшілігі ол мұндай бағаға тұрады деп сенеді. Соңғы жүргізілген сауалнамада бір студент: «Мен Колумбия университетіне мамандығымның қыр-сырын зерттеуге және журналистикада жоғары табыстарға қол жеткізуге қажетті байланыстар орнату үшін түстім. Меніңше, бұл мектеп маған қажет нәрсенің бәрін бере алады» дейді.
Болашақ радио- және тележурналисттер, өз мамандығының негіздерін ғана игеріп қоймай, жұмыста бетпе-бет келуге тура келетін, қауырт жағдайда (көбінесе, уақыт жетпеу жағдайы) жұмыс істеуге даярлануы қажет. Соңғы он жылда АҚШ жергілікті телестансалар күнделікті жаңалықтар көлемін арттырған, бірақ олардың көбінде штат саны ұлғайтылмаған. Ал журналисттерден мұндайда «тәуекел», яғни күніне бір репортаждан артық талап етіледі. Бұл қалай жылдам және тиімді жұмыс істеуге үйретуді қажет етеді.
Жас журналистерді жылдамдыққа үйрету, жұмыстың сапасынан гөрі санын жақсартуға ғана әсер етеді. Сонымен бірге, оларға журналист этикасы және құқы саласында даярлану талабы қойылады. Олар жаңалықтарды дұрыс бағалай білу және қиын шешімдерді мерзімінде қабылдау бойынша тәжірибеден өтулері керек. Толқынға қылмыс орнынан түсірілген айуандық сахнасын жіберуге бола ма? Жаңалықтардың маңызы аз, тіптен маңызы жоқ көрнекті бейнеқатарлардан тұратын, әлі суый қоймаған жаңалықтармен ашу қажет пе? Олар, хабарламадағы «тесіктерді» тауып, оларды толтыру үшін қайдан, қалай сұрақ қоюды білу керек. Олар қоғаммен байланысты, тарихты оқулары керек. Өйткені, жаңалықтар бағдарламасының директорлары түйме баса алатын адамдар емес, зерделі журналист болуы керек.
Болашақ радио және тележурналистер бұлардың бәрін университет қабырғасында жүргенде оқулары керек, өйткені, бұл олардың іс жүзінде алатын жалғыз білім ортасы. Америка журналистері кәсіби қызметін жалғастыру үшін біліктілігін көтеру курсына қатысуға міндетті емес,
АҚШ-ндағы жаңалықтар қызметінің кейбірі ғана өз қызметкерлеріне біліктілігін көтеруге мүмкіндік береді. Ұлттық журналистер ұйымы төрағаларының кеңесі өткізген сауалнамаға қатысқан журналистердің тең жартысы өздерінің ешқандай даярлықтың өтпегенін хабарлаған.
Қосымша даярлықтарының жоқтығы, жергілікті телестансалардың журналистерінен байқалады. Сауалнама барысында журналистердің 81% журналистика этикасы мен құндылықтар саласында даярлық қажет деп санаған, ал 33% оны алып отырмыз деп жауап берген. Тележурналистердің жартысынан астамы (51%) тақырыптық репортаж бағытында даярлықты қажет деп жауап берсе, тек 13% осындай даярлық алып отырғанын атап өткен(2).
Сол сауалнаманың аясында сұралған жаңалықтар қызметінің басшылары, өз қызметкерлерін оқыту үшін мүмкіндіктер беруге болар еді, алайда оларда уақыттың немесе ақшаның жоқтығын мойындаған. «Жаңалықтар қызметі «білім бизнесімен» шұғылдануына қарамастан, кәсіби оқыту арқылы өз қызметкерлеріне жаңа білімдер мен тәсілдерді ұсыну жоспарында өзгелерден кеш қалып отыр» - дейді сауалнама директоры Беверли Кис(3).
Оқытуды өз компаниясы қызметінің басым бағыты ретінде бағалайтын «Кей-Эн-Эс-Дабю» телекомпаниясынан (Вичита, Канзас штаты) Шон Освальд сияқты бас менеджерлер өте аз. Освальд «Вичита бизнес джорналға» берген сұхбатында «Біздің бизнесіміздің көлеңкелі айғағы, ол өз адамдарымызды оқытпайтынымызда, біздің сала оқытпағаны үшін сату жөніндегі көптеген жақсы мамандарын, репортерлерін және суретке түсірушілерін жоғалтып алды» - деген болатын(4). АҚШ-ның журналистерінен бірқатар Европа елдеріндегі кәсіподақ арқылы келісім жасаған тележурналистердің айырмашылығы соңғыларына біліктілігін көтеру үшін, бірнеше жылда бір рет төлемақысы төленетін бос уақыт береді.
Жұмыс берушілер оқыта алмаса да, АҚШ-ның радио және тележурналистері әртүрлі мекемелер мен ұйымдарда өз бетінше оқуға мүмкіндіктері бар. Солай істейде де. Көбінесе олар тәуелсіз ұйымдар немесе мүшелік жарнадан қаржыландырылады. Санкт-Петербургтегі журналистер даярлау мектебі - Пойнтер Институты (Флорида штаты) - радио және тележурналистерге репортаж продюссерлік жұмыс жаңалық қызметіндегі этика және басқару саласында біліктілігін көтеру курсын ұсынады. Жаңалықтар беретін теле және радиобағдарламалары директорларының қауымдастығы, баспасөздегі суретке түсірушілер ұлттық қауымдастығы және «Тергеу репортерлері мен редакторлары» ұйымы сияқты кәсіподақтар, өз мүшелері үшін аймақтық және ұлттық семинарлар өткізеді. Қатысу құны, әдетте қымбат емес, алайда осындай көптеген бағдарламалар мен семинарларға қатысушылар, көбіне өз шығынын өзі көтереді, ал кей кезде бұл іс-шараларды өз демалысы есебінен қатысады.
Телекомпаниялардағы кейбір жаңалықтар бөлімі «өндірістен қол үзбей оқуды» ұсынады, бірақ мұндай жағдайлар өте аз, мұндай оқытулардың көлемі де шектеулі.
Осы мәселені реттеу үшін факультетте түрлі семинар-тренингтер, жазғы мектептер өткізіліп сертификаттар беріледі.
Телестансалардағы кейбір топтар, талапкерлерді әлдеқайда аз тартатын, тікелей толқынға шығаруға байланысы жоқ лауазымдарға қызметкерлер даярлайтын өздерінің жеке бағдарламаларын жасайды. Сюзана Шулер, «Нексстар броудкастинг инкорпорейтед» компаниясының жаңалықтар бөлімінің директоры, өзінің компаниясының стансасында продюсерлік лауазымға кандидаттар тарту үшін «Продюсер мектебін» құрған (5). Бұл стансалар жоғары курс студенттеріне жаңалықтар шығаруды әзірлеу жөнінде төлемақы төленетін тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Оған айырбас ретінде студенттер, егер оларға осы компанияның стансаларының бірінен продюсерлік қызмет ұсынылатын болса, екі жылдық келісімге қол қоюға міндеттенеді.
Бізде де осындай жас журналистердің білімін жетілдіру тәжірибелері қолданылу керек.
Сондай-ақ, қосымша және қазіргі уақыттағыдан да көлемді білім алғысы келетін жас журналистердің көп екені даусыз.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқыту журналистерге әртүрлі деңгейде, яғни, жұмыс сапасын жақсартудан бастап, аяғы журналистикаға деген қызығушылықтың өзін жаңа бір белеске шығаруға көмектесуі әбден мүмкін. Егер бұл зерттеулер, осы оқытуды БАҚ жұмысының қаржылық есебінен жақсарта отырып, өз тәжірибелік жемісін беретінін дәлелдесе, онда ол журналистер үшін оқыту бағдарламаларын қолдауда зор негіз болмақ.
***
Жас журналист жылына 32 мың доллар табады
«Қай елдің баспасөзі күшті болса, сол елдің өзі де күшті», — деген екен М.Дулатұлы.
Мәселен, ақпанның 24-і мен наурыздың 7-і аралығында біздің факультетке АҚШ-тың Огайо университетінің профессоры Юсуф Калиянго келіп, дәріс оқыды. Ол – 50 шақты мемлекетте болып, әртүрлі бағыттағы (ғылыми-зерттеу, публицистикалық, әдеби) 15 кітап жазған әлемге танымал журналист. Екі апта ішінде Ю.Калиянгодан біраз нәрсе үйреніп, халықаралық журналистика туралы көп мағлұматты жадымызға түйдік. Америкадан келген профессордың:«Қазақстан өзінің профессорлары мен ұстаздарына аз жалақы төлеп, мен сияқты шетелден уақытша келген оқытушыларға қаржы аямайды екен. Неліктен бұлай? Бұл әділетсіздік қой!» немесе «Қазақстан президенті елі үшін көп нәрсе істеп жатыр» деген секілді сөздері бізге үлкен ой салды… Мұхит асып келген профессорды әңгімеге тартып едік.
Өзіңіздің журналистік жолыңыз туралы айтып берсеңіз. Бұл салаға қалай келдіңіз?
– Жалпы, журналистика саласында 13 жылдан бері қызмет етіп келемін. Өзім Шығыс Африканың тумасымын. Алғашында саясат бағытында жұмыс істейтін журналист ретінде әртүрлі газет редакцияларында, теле-радио орталықтарында қызмет атқардым. Содан соң, тележаңалықтарды өңдеуші, жаңалықтар бөлімінің директоры болып істедім. Бірте-бірте халықаралық журналистикада танылып, «CNN» арнасының Шығыс Африкадағы тілшісі болдым. «CNN» арнасына көптеген әлемдік деңгейдегі хабарларды дайындадым. Осы үшін халықаралық ұйымдар мен «CNN» арнасы тағайындайтын бірнеше жүлделердің иегері атандым. Кейін АҚШ-тың Миссури университетінің журналистика мектебіне оқуға түсіп, Ph.D. докторантураны 2007 жылы бітірдім. Ал 2008 жылы мен Огайо университетінің халықаралық журналистика институтына әрі профессор, әрі директор болып тағайындалдым. Скрипп атындағы жоғарыда аталған оқу орнында осы уақытқа дейін «Теле-радио жаңалықтары», «Халықаралық журналистика», «Шетелдегі тілшілік», «Халықаралық масс медиа жүйесі», «Кәсіби журналистика», «Қоғам және қоғамдағы шиеленістер» т.б. пәндерден сабақ бердім. Осы тәжірибе негізінде мен екі ғылыми-зерттеу оқулығын жазған болатынмын. Үшіншісі ағымдағы жылдың желтоқсан айында жарық көреді деп жоспарлануда.
Бізге АҚШ журналистикасы туралы айтып беріңізші. АҚШ журналистері көбіне қай тақырыптарға қалам тербейді немесе хабар дайындайды?
— АҚШ-та газет-журнал, теле-радио орталықтары өте көп. Мәселен, 50 штатта күнделікті таралатын 1500-ге жуық мерзімді басылым жұмыс істейді. Оқырмандардың көпшілігі газет-журналдарға жазылмайды, дүңгіршіктерден сатып алады. Ал теледидар журналистикасы туралы айтар болсақ, АҚШ-та жүздеген телеарналар 5 ірі орталыққа қарайды: «ABC», «CBC», «Fox», «WB» және «NBC». Америкадағы мерзімді басылымдар да, теле-радио орталықтары да оқырмандарын, көрермендерін, тыңдармандарын атақты адамдарды жариялау арқылы (өнер және спорт жұлдыздары, танымал саясаткерлер т.б.) көбейткісі келеді. АҚШ-та журналистика жұмыс істейтін бағытына қарай былайша дамыған:
1. Жаңалық және ақпарат тарату – 79%;
2. Қылмыстар мен заңбұзушылықтарды анықтау – 62%;
3. Биліктің кемшіліктерін сынау – 58%;
4. Тиісті мекемелерге халықтың әлеуметтік жағдайын хабардар ету – 50%;
5. Белгілі бір шектеулі топтар мен ұйымдардың мүддесі үшін жұмыс істеу (мысалы, тек қана қара нәсілді адамдардың құқығы мен мүддесі туралы жазатын басылымдар бар) – 29%;
6. Шығармашылық бағытта жұмыс істеу (көркем әңгіме жазу, ғылыми-танымдық хабарлар дайындау т.б.) – 23%.
Америкада сөз бостандығы бар ма? Мысалы, сіз президентті немесе басқа да билік өкілдерін сынай аласыз ба?
– Иә, әрине. Құрама Штаттардағы баспасөз бостандығы АҚШ-тың Конституциясындағы бірінші түзету заңымен қорғалған. Америкада сөз бостандығының қатты дамығандығы соншалық – билік көбіне айтылған сындарға мән бермейді.
Америкада болашақ журналистер қанша жыл оқиды? Студенттердің қандай да бір жерде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар ма?
– Америкада оқу үдерісі төрт жыл мерзімді құрайды. Біз студенттердің теориядан гөрі практикамен білім алуына көбірек мән береміз. Сол себепті студенттердің «The Athens news», «WOUB news» секілді университет басылымдарында, «ATHENSI.com» атты университет сайтында, «AM», «FM» сияқты университет телеарналарында шыңдалуына жағдай жасаймыз. Сонымен қатар, егер қабілет-қарымы жетіп жатса, жергілікті редакциялар мен теле-радио орталықтарында да жұмыс істей алады. Міне, осындай тәжірибеден өткен студент Огайо университетін кәсіби шеберлікпен тәмамдайды.
Біздің университеттің журналистика факультетінде «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистика негіздері», «Интернет журналистикасы», «Тележурналистика», «Радио және телебағдарламаларды дайындау», «Сыртқы саяси насихат», «Балаларға арналған бағдарламаларды дайындау» сықылды пәндер оқытылады. Ал сіздерде ше?
– «Этика», «Заң», «Медиа экономикасы», «Спорт журналистикасы», «Қоршаған орта журналистикасы», «Ғылыми журналистика», «Қоғам және қоғамдағы шиеленістер», «Шетелдегі тілшілік», «Ақпараттық журналистика», «Журнал журналистикасы», «Онлайн медиа» т.б.
Америкалық журналистердің жалақысы қандай? Жалақылары өздерін қамтамасыз етуге жете ме?
– Иә, олардың жалақысы өміріне жеткілікті. Университетті енді бітірген 21 жастағы журналист орта есеппен жылына 32 мың АҚШ долларын табады. Бірақ журналистердің жалақысы жұмыс істейтін жеріне де байланысты. Ірі орталықтар мен үлкен қалалардың жалақысы да жоғары.
Сіз қандай тақырыптарда жазасыз?
– Мен докторлық диссертациямды «Қоғамдағы шиеленістер» тақырыбында қорғаған болатынмын. Қазір де осы тақырыпта көп жазамын. Мәселен, 2010 жылы «Африкандық медиа және демократизация» атты кітап жаздым. Менің зерттеулерім саяси қарым-қатынас, шиеленістер және дағдарыс, қоғамдық пікір тақырыптарына негізделген.
Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан – Алпамыс Файзолла,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 2 курс студенті.
Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа үғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі-сыртқы саясат баспасөз, радио мен тележурналистиканың алдына тың міндеттер қояды Ондай міндеттерді орындау үшін бүкіл коллектив болып,ізденістер жасау арқылы жұмыс істеу қажет. Бұл орайда-журналистердің интеллектуалдық тәжірибесін қолданбай болмайды. Әсіресе, бұл салада халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аударып отыру қажет. Мәселен, дамыған шетелдерде бүгінгі ақпарат құралдары қалай жұмыс істейді, соған назар аударған жөн. Ол үшін олардың жұмысына, журналистік творчествосына талдау жасап, қорыта білу керек. Мұндай тәжірибе алмасу материалдар, хабарлар дайындауда түр мен стильді жаңартуға, уақыт өзгерісіне сай хабарлар беруге мүмкіндік жасайды. Стандарттан қашып, тапқыр әрі қызықты материалдар беруге пайдасын тигізеді. Газеттің, радио мен телехабардың мазмұны мен характерін, тақырыбын, идеясын түрлендіруге, дамытуға әсер етеді. Қоғамның моральдық-саяси ахуалын жақсартуға, ескі ұғымда қалып қоймауға, жаңалықтарды дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Ой тереңдігіне, сөздің өткірлігіне, тележурналистердің барлық қабілеті мен шеберлігін дамытуға ықпалы тиеді. Халықаралық тәжірибе мен жетістіктерге сүйену, Сонымен бірге әрбір журналистің немесе коллективтің жетістігін онан сайын толықтыруға, дамытуға игі әсер етеді. Демократиялық қоғам құру үшін бұқаралық ақпарат кұралдары көп жүмыс істеуі тиіс. Бұл өмірге тереңдеп ену, шындықты айту, қажетті де, актуальді фактілерді таба білу, оны зерттеп, халыққа ұсыну үлкен жауапкершілікті тілейді.
Әрине, шетел журналистикасына назар аударғанда бәрін бірдей ала беру, үйрене берудің негізі жоқ. Ең жаңашыл, бұрын айтылмаған нөрселерді таңдай білген жөн. Алдымен халыққа не қажет және нені айту керек, соны байқаған дұрыс. Бұл үшін өткен мен жаңаны, сондай-ақ өзімізде не бар, не жоқ соны біліп барып ажырата білу керек. Қажеттісін алып, қажет емесіне сын көзбен қараған дұрыс. Бұрын біздің елмізде шетел журналистикасының төжірибесіне назар аударылмайтын. Ал бүгінде бәрі басқаша. Халықаралық қатынастар бейбіт түрде, бірін-бірі түсінушілік жағдайда дамып келеді. Яғни, сенім мен қауіпсіздік, жер бетінде бірлесе өмір сүру тенденциясы байқалады. Демек, бұрынғыдай елдердің бір-біріне сенімсіздікпен қарауы бірте-бірте өзара түсінушілік қарым-қатынасқа айналып келеді. Бұл орайда ақпарат құралдары да өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Сондықтан мына жайларды атап айту керек:
1. Бұқаралық ақпарат құралдары қай елде болмасын, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ашық жұмыс істеуі керек. Бұл ретте географиялық, ұлтгық шекаралар шеңбері тосқауыл болмауы қажет.
2. Әр ел өзінің тарихын, мәдениетін, тілін, ұлтын сақтай отырып, жер жүзілік цивилизацияға үлес қосуы тиіс. Адамзаттық бүкіл құнды қасиеттерге араласу керек. Әділдік, шыншылдық, достық және гуманизмді қадірлеу жөн.
3. Қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын көрсетіп отыру қажет. Жер жүзілік прогресті дамытуға ақпарат құралдарының белсенді қызметі қажет.
4. Экология, атом қарулары зардаптарын жоюға және соғысты болдырмауға баспасөз, радио, телевидение ерекше қызмет етуі тиіс.
5. Әлемдік хабарлардың оперативтілігін жақсартуға ұмтылу керек. Бұл орайда көптеген елдер бірлесе әрі тұрақты жұмыс атқаруы жөн.
6. Үкіметпен бірге, халықтық дипломатияны дамытуға ақпарат құралдары белсене араласуы қажет. "Дөңгелек үстелдер", "телекөпірлер" арқылы жер жүзілік маңызды оқиғалар мен бейбітшілік инициативаларды дер кезінде жариялап, көрсетіп, насихаттап отырған дұрыс.
Әрбір елдің ақпарат құралдары өз тәжірибесіне қоса, халықаралық журналистика тәжірибесін біліп, зерттеп, қорытып, одан әрі даму жолында пайдалана білуі керек. Әсіресе, қазір жер жүзі журналистикасында орын алып келе жатқан дамыған елдер - Американың және Еуропаның Англия, Франция, Германия мен баска да елдерінің тәжірибелік жұмыстары назар аударады.
Радио мен телевидениенің тез дамитынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Әрісін айтпағанда осыдан 20-30 жыл бұрын ғана түрлі-түсті телевизордың пайдаланылуы бүгінгідей дәрежеге жетеді деп ешкім ойламаған еді. Әрине, мұның қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туатыны белгілі. "Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр. Ақ-қара түсті телевизордың орнына қазір түрлі-түсті телевизорларды пайдалану көбейіп келеді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі-түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде бұл орайда радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Мәселен жаңадан жер серігі (спутниктік) және кабельдік телевидениенің пайда болуы соның айғағы. Бұл радио мен телевидение дамуының стратегиялық мәнін айқындайды. Әсіресе, Еуропа елдері мен Америкада қоғамдық телевидение монополиясын бұзып, жаңадан коммерциялық телевидениені еңгізу өріс алып отыр. Алайда телевизиялық ұйымдардың көбеюі телепрограммалардың көбеюіне жағдай жасай ма, жоқ па, оны өмір көрсетпек. Ал анализге жүгінсек, жаңа коммерциялық программалар негізінен жарнама берушілердің талабын қанағаттандырып, қаржы табудың көзіне айналатын сияқты. Олар тек көңілдендіретін хабарлар берумен шектеліп қалатындары да бар. Әрине, көңілді хабарлар да керек шығар, бірақ, қоғамдық телевидение болса мұндай "көңілді" хабарлардың орнына көбіне халықты жаңалық хабарлармен және танымдық, білімдік программалармен қамтуға тырысады.
Міне, спутниктік және кабельдік телевидениенің өмірге келуі көрермендер аудиториясын жіктеуге әкеліп соқты. Бұл өсіресе, Франция, Ұлыбритания, Германия республикасында орын алып отыр. Осы елдерде бұрын қоғамдық телевидение болса, коммерциялық телевидение тез өмірге келеді деп ешкім ойамаған. Батыс Еуропа елдерінде жағдай дабыл қағарлық. Өйткені олардың телевидениесінде Американың 40 процентке жуық драмалық жанрдағы программалары беріледі. Әсіресе Португалия мен Голландияда ол 80 процентке жеткен. Күн сайын Ұлыбритания, Франция, Германия телевидениесінде кемінде үш сағат АҚШ хабарлары беріледі. Ал, АҚШ-та бұрыннан-ақ кино және телеиндустрия қалыптасқаны белгілі. Бұл салада мол тәжірибесі бар. Біздің заманымызда телерадио каналдары арқылы берілетін программаларда бәрінен де ең көп орын алатыны және берілетіні, сондай-ақ жер жүзі халықтарының күтетіні де күнделікті берілетін жаңалық хабарлар. Бұл қай елдің радиосы мен тедевидениесін алсақ та анық байқалатын тенденция. Сондықтан журналистикада жаңалық хабарлар туралы айту және оның шетелдерде сондай-ақ, өзімізде қалай беріліп жүргені үлкен проблема. Адамзат еш уақытта өмірде, планетамызда болып жаткдн оқиғалардан, жаңалықтардан құр қалмауы тиіс. Бұл өмір тудырып отырған қажеттілік. Сондықтан әлемде осы ғасырдың басында хабар жанрларының берілуі екі есе өспек. Ал спутниктік және кабельдік телевидение арқылы хабар жанрын беру енді 5-6 жылдың ішінде 30 есе ұлғаяды деп есептеледі. Демек, бұл салада қай елдерде айтарлықтай әрі тәжірибесі мол каналдар жұмыс істейтініне тоқталайық. Айталық тәулік бойы жұмыс істейтін АҚШ телекомпаниясы "Си-Эн-Эн" тек жаңалықтар берумен әлемге аты жайылып отыр. Сондай-ақ, Жапонияның телекомпаниясы "Эн-Эич-Кей" де белгілі. Ал Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және басқа елдердің телехабарлары көбіне осы жаңалықтар туралы беруге өте құштар екеніне сөз жоқ. Тіпті, бұл. біздің республикамыз Қазақстан мен Россияда да солай. Мұның себебін мына жағдайлармен байланыстырып қараған жөн сияқты.
1. Глобальды проблемалардың пайда болып, оған тек әрбір ел мен халықтың ғана емес, бүкіл жер жүзі мемлекеттеріне қатысты екені;
2. Қоғамдық өзгерістердің жүзеге асуы мен тарихи процестердің жаңаша дамуы;
3. Казіргі адамзаттық интеллектуалды өмір салты мен оның мәдениеті мен ойламының өсу эволюциясы;
4. Халықтардың саяси сана-сезімінің аса жетілуі;
5. Жаңа типті, яғни, бүкіладамзаттық ой-өрістің және көзқарастың пайда болуы...
Міне, осы жайлар күнделікті жаңалықтарсыз адамзаттың өмір сүруі мүмкін емес екенін айғақтайды. Сондай-ақ, демократияның дамып, қай елде болмасын экономикалық және әлеуметтік саясаттың кең еріс алып отырғаны, тіршіліктің, өмір сүрудің мәні тек бір елге немесе бір адамға ғана қатысты емес, бүкіл әлемге байланысты екенін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, жаңалықты, фактіні, кейбір өмір құбылыстарын журналистік шеберлік тұрғысынан бере білу де өнер. Оған творчестволық көп еңбек ету керек. Хабарларды оперативті түрде беру және көрермендер үшін жаңалықтың ең қажеттісін таңдай білу керек. Мәселен жер шарының бір жерінде болған оқиғамен екінші бір жақтағы телевизор көрушілерді хабардар ету, соған ортақтастыру, яғни, назарын аударуға күш салу қажет. Бұл ретте кейде хабарды өте боямалап, көп сөзділікке салынбай, нақты жаңалықтың өзін сол болған күйінше көрсете білу адам ықыласына, ойына, санасына әсер етпек. Шындықты, нақты фактіні өзінің бар болмысымен көрсету дұрыс болмақ. Қысқа әрі қызықты, сонымен бірге нақты мағлұмат беретін хабарларды журналистер телекөрермендерге, радиотыңдаушыларға жеткізе білсе мақсаттың орындалғаны. Бұл жерде редактордың, режиссердің, оператордың, еңбегі бірлесуі қажет. Өйткені көрермендер мен тындаушылар әртүрлі талғамдағы адамдар болатыны түсінікті. Сондай-ақ, жаңалық хабарлар тасқынын көріп-тыңдайтын аудитоияда адамдардың жас ерекшелігі, әлеуметгік жағдайы, әйел не ер адам болуын білудің де маңызы зор.
Қазір жаңалық хабарлар беруде жер жүзі телерадио компаниялары бір-бірімен бәсекеге түсуі заңды. Кім тапқыр, кім жедел қимылдайды, кім ерекше назар аударатын жаңалықгарды таба біледі, сол ұтатыны белгілі. Мысалы, әлемге белгілі АҚШ-тың жер жүзі жаңалықтарын беріп тұратын Си-Эн-Эн компаниясын сол елдің телевизия қайраткері Тернер ұйымдастырған болатын. Расын айтқанда, алғашқыда бұл программага ешкім мән бермей, басқа телекомпаниялар оны тіпті, банкротқа ұшырайды деп ойлады. Бірақ өмір көрсеткеніндей олай болған жоқ, керісінше осы Си-Эн-Эн тек соңғы жаңалықтар берумен ғана ең күшті телекомпанияға айналды. Демек, кейде осылай батыл ізденістер жасау табысқа жеткізбек. Си-Эн-Эннің хабарлары тұрақты түрде әрі күн сайын беріліп тұрады. Оның тілшілері планетаның кез-келген жерінен хабарлар береді. ОперативтІ жедел түрде жұмыс істейді. Ол басқа елдердің жаңалықтар беруіне қарағанда анағұрлым алда жүреді. Оның тақырыптары да әралуан. Саясат, экономика, табиғат апаттары, терроризм, өкімет басшылары туралы т.б. Сондықтан ол беретін хабарларды жұрт қызыға тыңдайды. Ең ақырында жер жүзінің бүкіл ауа райы туралы күн құрғатпай баяндап тұрады. Әрине, мұндай жұмыс атқару оңай емес, ол үшін көп еңбек, журналистік тапқырлық, техника жетістіктерін пайдалану қажет. Көптеген телекомпаниялар мұндай жұмысты орындай алмайтыны белгілі. Ал, Си-Эн-Эн болса бәріне де үлгереді, соған байланысты табысы да жетерлік, бай компания болып саналады. Си-Эн-Эннің хабарлары біздің Қазақстанда да беріле бастады. Оны республика жұртшылығы көруде. Хабар әрине, спутниктік жүйе бойынша қабылданады. Бұл да болса техника жаңалығын пайдалану деген сөз. Си-Эн-Энннің әсіресе, хабар ұйымдастыру тәсілдері кез-келген елдің телевидениесі үшін үлкен төжірибе бола алады.
Ұлыбританияда "Би-Би-Сидің" үлкен орны бар екені, оның сапалы программалар беріп, әсіресе, жаңалықтар мен қоғамдық-саяси және деректі хабарлар ұйымдастырып тұратыны, оған жаңадан бастық болып келген Джон Берттің де қалаған нәрсесі еді. Келген бойда ол өзінің жаңа жұмыс жоспарын жариялады. Онда әдеттегідей, бұрынғы эфир арқылы берілетін телевидениенің орнына енді кабельдік жөне спутниктік телевидениеге мән берілетіні айтылды әрі жаңалықтар мен драмалық хабарлар, яғни, телефильмдер мен телеспектакльдер көбірек берілетінін алға тартты.
Міне, осылайша ақпарат хабарларын ұлғайтуға байланысты, енді корпорация құрамында жаңадан ұлттық радиостанция ашу да көзделді. Ол - "Рэйдио ньюс" деп аталатын болды. Бұдан бұрын 5 радиостанция болса, енді оған тағы бір радиостанция қосылмақ. Бұл радиостанция тәулігіне 24 сағат, яғни, күні-түні бірдей жұмыс істейді деп есептелді. Бүған дейін "Би-Би-Си" "Әлемдік радиохабарлары қызметі" арқылы басқа елдерге тәулік бойы хабар таратуға жеткен еді. Керісінше, өз еліне ғана мұндай көлемде хабар бере алмай келген болатын. Енді тек радио ғана емес, Ұлыбританияның телевидениесі де басқа елдерге хабар таратуды тәулік бойына жүргізуге күш салмақ. Бүгінде телевидениенің алдында жаңа міндеттер тұр. Ол - жаңа жүйе "жоғары айқындық" жүйесі болып табылады. Бұл жөнінде қазір көп айтылып жүр. Соңғы 15 жылдың көлемінде Жапонияның кейбір фирмалары осы "жоғары айқындық" жүйесіне зерттеу жасады. Мұнда 1125 жолдық, 60 өріс қолданылып, экрандағы көріністің сапасы артты. Бұл 35 миллиметрлік пленкадағы кинокөрініске қарағанда анағұрлым жақсы. Осы жүйені жасау үшін Жапония фирмалары 500 миллион доллар қаржы жұмсаған. Әсіресе, "Сони", "Тошива" фирмалары "жоғары айқындық" телевидениесі үшін аппараттар үлгісін жасады Мысалы, кинокамерапар, кинескоптар, бейнемагнитофон, дискілер және т.б.
1988 жылы Сеулдегі (Оңтүстік Кореяның астанасы) жазғы Олимпиададан Жалонияға спутниктік байланыс арқылы жоғары айқындық телевидениесімен күн сайын 4 сағат хабарлар берілген. Мұндай жаңа жүйе Жапонияда қазір тұрақгы жұмыс істеуде.
"Жоғары айқындық" жүйесімен телевидение құру қазір АҚШ-та да жүргізіліп жатыр. Олар мұның бірнеше нұсқасын жасады. Жапония сияқты АҚШ- та жүздеген миллион доллар жұмсаған. Ал осы жаңа жүйені жасауда Еуропа аздап артта қалып келеді. Сондықтан олар Жапония мен АҚШ-қа жету үшін бар күштерін салуда. Айталық ФРГ, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Франция, Нидерланды, Дания, Италия сияқты елдердің 30-дан астам өндіріс корпорациясы осы жүйені жасау үшін жұмыс істеуде. Сондықтан бұл жүйе енді Еуропада да қолданылуда. Осыған байланысты ТМД елдері де аталған жүйеге көшуді ойластыруда. Қазір бұл ретте мамандар жұмыс істеуде. Демек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл жүйені қолға алатын болады.
Жаңа жүйе әрине, қай елдің телевидениесі болса да тиімді болатынына сөз жоқ. Себебі, біріншіден, халықаралық қатынаста "жоғары айқындық" жүйесін қолдануда бірлесу жағдайы туады. Және әртүрлі телевизиялык жүйелерден гөрі, бірыңғай бейнекөріністердің сапасы артып, бұрынғыдан да анық бола түседі. Қазір Москвада кабельдік сеттің пайда болуына байланысты көптеген программа беруге мүмкіндік туып отыр. 20-дан астам каналда хабар берілуде. Ал Еуропаның көптеген аймақтарында спутниктік байланыс арқылы 40-50 аралығында программа қабылдауға болады. Батыс Еуропада "Астра" деп аталатын жаңа жер серігі ұшырылған. Сол жер серігінен жердегі дыбыс қабылдау аймағында 50 сантиметрлік қана антенна қолдану жетіп жатыр. Ал Шығыс Еуропада оны қабылдау 1-2 метрлік антеннаны қажет етеді.
Скандинавия елдері ұшырған жер серігі арқылы ТМД-ның Батыс аймағындағы елдер хабарларды әлгіндей жарты метрлік антенналар арқылы қабылдай алады. Міне, бұл да телевидение саласындағы жетістік болып табылады. Спутниктік телевидение жүйе.сі қалай жұмыс істейді дегенге келсек, үшбұрышты схема бойынша жүргізіледі. Хабар беруші (жерден) - спутник орбитада - антенна (жердегі телеқабылдағыш).
Америкада спутниктік телевидениенің басталуы 1962 жылмен есептеледі. Сол жылы "Телестар" жөне "Релей" деген жер серігі үшырылды. Сөйтіп алғашқы хабарлар да берілді. Мысалы, Сиетл қаласындағы халықаралық көрме туралы, Джон Кеннедидің (президент) пресс-конференциясы, Канаверал мүйісінен космосқа ұшу репортажы, Біріккен Ұлтгар Ұйымынан репортаж, т.б. Ал Еуропадан Париж, Лондон, Рим қалаларынан хабарлар таратылды. Міне, бұл алғашқы екі континент аралығындағы космос спутнигін пайдалану арқылы берілген хабарлар еді. Екі спутник ретранслятор ролін атқарып, елдердің телехабарларын беруте мүмкіндік туғызды.
Ал Москвада бірінші рет 1967 жылы "Орбита" спутниктік жүйесі бойынша телехабарлар бере бастады. Қазір жер жүзі космостағы ондаған спутниктің күшімен телехабарлар беріп жүр. Сөйтіп, бұл орайда үлкен дамуға жол ашылды.
Сонымен бірге кабельдік телевидение де Америкада 1940 жылдардың аяғында қолданыла бастап, кейін 1975-ші жылдары оның екінші кезеңі өріс алды. Телевидениедегі бұл екі сала қазіргі кезде онан сайын даму үстінде. Мысалы, Францияда жаңа техника жетістігі кеңінен пайдаланылуда. Спутниктік байланыс, кабельді телевидениемен бірге, бейнежазу мен телеин-форматика, яғни, компьютерлер қолданылу үстінде. Бұл елде әсіресе, екінші программа А-2 аудиторияны көп қамту мен программаның ұзақтығы жағынан ең бірінші орынға шықы. Бұл - оның зор табысы деуге болады.
Франциядағы дәстүр бойынша қоғамдық телевидение пайдаланылатын. Соңғы_кезде бұл дәстүр өзгеріп, коммерциялық каналдар ене бастады. Бұған басында жұртшылық қарсы болған еді. Алайда Президент Ф.Миттеран жеке коммерциялық ұлттық программалар құру жөнінде үндеу жасады. Соған байланысты екі коммерциялық канал дүниеге келді. Оның біріншісі - көпшілікке арналған жалпы хабарлар береді де, екіншісі - жастарға арналған музыкалық хабар беретін программаға айналды. Міне, осылайша жер жүзі телевидениесінде жаңа хабар беру тәсілдері жүзеге асырылды. Бүгінде жер жүзінде баспасөз текстерін өндеудің жүздеген программалары жасалған. Ондай программалар текст "редакторлары" деп аталады. Ал олардың көптігіне байланысты іріктеп ала білу және қажеттісін тандай білу керек. Өйткені текст өндеу программалары да әртүрлі операцияларды орындауға арналған. Мысалы, сыйымдылығы 40 мегабайттық қатты дискіге 100 есе көп информацияны жазып, оның кез-келген үзіндісін оңай табуға және қайта қарауға, өңдеуге болады. Текст өңдеу программалары адамның уақытын алатын жұмыс процестерін айталық, тексті жөндеу, жазудың көлемін өзгерту, жөнделген тексті қайта басу т.б. автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді. Бүл әсіресе, ұзақ текстерді жазғанда және оны қағазға басуда уақытты өте аз жұмсауға пайдасын тигізеді. Сондай-ақ кітап шығару баспаларындағы жұмыстарды жеңілдетеді. Мәселен қолмен басатын механикалық жазу машинкаларымен журналистер жұмыс істегенде әрбір грамматикалық, орфографиялық немесе стилистикалық жөндеулер жүргізу үшін біраз уақыт кетіреді. Ал осындай жұмыстарды компьютер арқылы жедел әрі оңай істеуге болатыны белгілі. Әдетте текст өңдеудің принципті түрде екі типі қолданылады. Біріншісі - экрандағы текст бірыңғай көріністе ғана беріліп, оның негізгі бейнесі қағазға түсірілгеннен кейін ғана белгілі болады, ал екіншісінде - экрандағы текст қандай көріністе болса, нәтижесінде де сондай көріністегі текст қағазға басып алынады. Яғни, бұл "нені көрсең, соны аласың" дегенді білдіреді. Тексті өңдеу программаларының негізгі қызметі мынадай жүйеде орындалады. 1. Тексті жадыға жіберу; 2. Редакциялау; 3. Форматқа келтіру; 4. Тексті басу жұмысы.
Редакциялау жүмысында "мышка" арқылы курсорды жылжыта отырып, командаларды орындауға болатыны түсінікті. Кейбір программалар арқылы текстің жалпы көрінісін, тіпті, типографиялық сапаға дейін көтеруге болатынын өмір көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда әртүрлі шрифтілерді қолдануға болады. Машинаның басу құрылысна қажетті арнаулы командалар беріледі. Мәселен, басуды тоқтату, тексті бірнеше дана етіп шығару т.б. Компьютердің жадына информацияны, тексті енгізгеннен кейін, оны автоматты түрде өңдеуге қол жетеді. Бұл ретте автоматтандырылған анықтамалықтарды және автоматтандырылған корректорларды қолдануға болады. Автоматты анықтамалықтар сөздерді дұрыс таңдауға, ауыстыруға мүмкіндік берсе (мысалы, синоним, антонимдерді т.б. табуға), ал автоматты корректор грамматика, орфографияны, тіпті, стилистика элементтерін бақылауға мүмкіндік береді. Компьютер жадындағы сөздіктен әрбір сөздің дұрыс жазылуын салыстырып қарау қиын емес. Редакциялауды автоматтандырғанда текстегі орташа келемдегі сөйлемдерге анализ жасауға да мүмкіндік туады. Бұл орайда программа бойынша текст құрылысының индексі анықталып, кейбір окуға дұрыс келмейтін сөздер мен фрагменттерді бөліп шығару керек және түзету қажет.
Жалпы бүгінгі журналистикаға қатысы бар тағы бір мәселе - "столдық" баспа жүйесінің пайда болуы екенін бөліп айту жөн. Яғни, бұл баспа жұмысындағы компьютерге қатысы бар жаңа эра деуге болады. Баспа мен типографияға жаңалық ретінде келген осы техникалық жетістік мерзімді баспасөз бен кітап басу ісінде адам еңбегіне көптеген жеңілдіктер әкелді. Компьютерде жаңа арнаулы тіддерді жасап шығару мен лазерлік принтерлердің пайда болуы - типографияға өте жақын сапалы бейнелерді қолдануды қамтамасыз етті. Бұл полиграфиялық баспа жұмыстарына да қатысты еді. Баспа жуйесіне арналған верстка жасау жөнінде (беттерді қаттау) екі негізгі программа түрі бар. Оның бірі - иллюстрация, графикаларды қолдана отырып, шағын материалдар дайындауға арналса, екіншісі -үлкен көлемдегі текстер дайындауға, яғни кітаптар басуға арналған. Бұл орайда процессордың көмегімен және версткаға арналған программалар арқылы басылатын нәрсенің макеті жасалып, басуға беріледі немесе фототерімге жіберіледі.
Столдық баспа жүйесін қолданатындарды үш категорияға бөлуге болады. Оның біріншісі - бір-екі беттік ондаған, жүздеген дана документтер дайындаушылар болса, екінші категорияға - мыңдаған тиражбен басылатын мақалалар жинақтары, авторефераттар, брошюралар шығаратын үкімет мекемелері, жарнама агенттіктері ұйымдарының жұмыстары жатады. Ал үшінші категорияға - осы алдыңғы айтылғандардан күрделі әрі көлемді түрде жұмыстар орындайтын газет-журналдар редакциялары жатады. Олар мыңдаған тіпті, миллиондаған тиражбен баспасөздерді шығарып отырады. Сөйтіп, компьютердің қазіргі замандағы аса зор мүмкіндігі журналистика өмірінде кеңінен пайдаланылу үстінде.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.АҚШ тележурналистикасының дамуы.
2.АҚШ тележурналистикасының өркендеу кезеңі.
3.АҚШ тележурналистикасының бүгінгі тыныс-тіршілігі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
Достарыңызбен бөлісу: |