50 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы



Дата23.02.2016
өлшемі56.84 Kb.
#4509

50 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қаржы нарығындағы ахуал туралы
2015 жылғы 9 қазан Алматы қ.
1. 2015 жылғы тамыздағы инфляция

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2015 жылғы тамызда инфляцияның деңгейі 0,3% (2014 жылғы тамызда – 0,4%) болды. Бұл ретте, азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға (0,1%) азайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,5%-ға (1,1%-ға өсті), ақылы қызмет көрсету – 0,7%-ға (0,4%-ға өсті) көтерілді.

Азық-түлік тауарларының ішінде 2015 жылғы тамызда көп дәрежеде қант 4,1%-ға, кондитерлік өнімдер – 0,7%-ға, нан – 0,5%-ға, күріш – 0,4%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,4%-ға, май және тоң майлар – 0,4%-ға, ет және ет өнімдері – 0,3%-ға қымбаттады. Көкөністердің бағасы 7,6%-ға, оның ішінде сәбіз – 20,2%-ға, қызылша – 16,7%-ға, пияз – 11,2%-ға, жұмыртқа – 1,2%-ға, жарма – 0,4%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында сыртқы киімнің бағасы 0,5%-ға, аяқ киім – 0,4%-ға, тұрмыстық үй заттары – 0,7%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,4%-ға өсті. Бензиннің құны 0,3%-ға өсті, дизель отыны 2,1%-ға төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,8%-ға көтерілді. Бұл ретте ыстық су тарифтері 4,2%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 3,7%-ға, кәріз – 0,4%-ға, суық су – 0,2%-ға өсті. Бұдан басқа, ақылы қызмет көрсету құрылымында көлік қызметінің бағасы 0,1%-ға, амбулаторлық қызмет – 0,6%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметі – 0,3%-ға өсті. Білім беру қызметі 0,1%-ға қымбаттады.

2015 жылғы қаңтар-тамызда инфляция 1,8% (2014 жылғы қаңтар-тамызда – 5,4%) болды. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдың басынан бастап 0,9%-ға (5,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,4%-ға (6,2%-ға), ақылы қызмет көрсету – 3,3%-ға (4,7%-ға) қымбаттады (1-график).


1-график

2014 және 2015 жж. қаңтар-тамыздағы инфляция және оның негізгі топтары

2015 жылғы тамызда инфляция жылдық көрсетуде 3,8% (2014 жылғы желтоқсанда – 7,4%) болды. Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 3,5%-ға (8,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,9%-ға (7,8%-ға), ақылы қызмет көрсету – 5,0%-ға (6,4%-ға) қымбаттады.


2. 2015 жылғы тамыздың соңындағы халықаралық резервтер мен ақша агрегаттары

2015 жылғы тамызда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 29,1 млрд. АҚШ долларына дейін 0,4%-ға ұлғайды. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 28,3 млрд. АҚШ долларына дейін 0,3%-ға ұлғайды.

2015 жылғы тамызда елдің халықаралық резервтері, жалпы алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (68,8 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 97,9 млрд. АҚШ долларына дейін 0,7%-ға ұлғайды.

2015 жылғы тамызда ақша базасы 11,3%-ға кеңейіп, 4307,3 млрд. теңге болды (жыл басынан 26,2%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есепке алмағандағы ақша базасы 4173,2 млрд. теңгеге дейін 19,6%-ға кеңейді.

2015 жылғы шілденің қорытындысы бойынша ақша массасы 12938,2 млрд. теңге (жыл басынан 1,0%-ға ұлғайды), айналыстағы қолма ақша – 1135,3 млрд. теңге (жыл басынан 1,2%-ға ұлғайды), банк жүйесіндегі депозиттер – 11802,9 млрд. теңге (жыл басынан 0,9%-ға ұлғайды) болды. Ақша массасының құрылымында депозиттердің үлесі 2015 жылғы шілденің қорытындысы бойынша 91,2%-ды құрады.

2015 жылғы шілденің қорытындысы бойынша ақша мультипликаторы 2015 жылғы қаңтар-шілде аралығында тіркелген ақша массасының өсуі қарқынымен салыстырғанда ақша базасының кеңеюінің басым болуы салдарынан 3,34-ті құрады.


3. 2015 жылғы тамыздағы валюта нарығы

2015 жылғы 20 тамыздан бастап еркін өзгермелі айырбастау бағамын енгізген сәттен бастап теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 218,61 - 255,26 теңге аралығындағы диапазонда ауытқыды және 2015 жылғы тамыздың соңында 1 АҚШ доллары үшін 237,66 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді ескергенде 4,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында операциялар көлемі алдын ала деректер бойынша 0,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығында операциялардың көлемі алдын ала деректер бойынша 5,1 млрд. АҚШ долларын құрады.


4. 2015 жылғы тамыздағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2015 жылғы тамызда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша аукциондар өткен жоқ. Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2015 жылғы тамыздың соңында (2015 жылғы шілдеде шығарылған сомасы 748,2 млрд. теңге еурооблигацияларды ескере отырып) 5530,6 млрд. теңгені құрады.



Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттары.

2015 жылғы тамызда Ұлттық Банктің ноттарын орналастыру бойынша аукциондар өткен жоқ.


5. 2015 жылғы тамыздағы банкаралық ақша нарығы

2015 жылғы тамызда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі баламасында 3621,6 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютамен орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 786,8 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 21,7%-ы) болды. Бұл ретте ұлттық валютамен орналастырылған банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,75% болды.

2015 жылғы тамызда АҚШ долларымен орналастырылған депозиттердің көлемі 14,3 млрд. АҚШ долларын (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 73,6%-ы) құрады. Доллармен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,09% болды.

Ресей рублімен және еуромен орналастырылған депозиттердің көлемі орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің тиісінше 4,6%-ын және 0,1%-ын құрады.

Шетел валютасымен банкаралық депозиттердің үлесі 2015 жылғы шілдедегі орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 80,2%-нан 2015 жылғы тамыздағы 78,3%-ға дейін қысқарды. Шетел валютасында бейрезидент банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі 2015 жылғы шілдедегі орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінің 79,7%-нан 2015 жылғы тамыздағы 76,4%-ға дейін қысқарды.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2015 жылғы тамызда 704,1 млрд. теңгені құрады.
6. 2015 жылғы шілденің соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы

2015 жылғы шілденің соңында резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 11802,9 млрд. теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 7415,8 млрд. теңге, жеке тұлғалардың депозиттері – 4387,0 млрд. теңге болды.

2015 жылғы шілденің соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 5650,4 млрд. теңге, шетел валютасында - 6152,5 млрд. теңге болды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 47,9% құрады.

Банктердегі халықтың салымдары (бейрезиденттерді есептегенде) 2015 жылғы шілде айында 4423,2 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 1410,7 млрд. теңге, шетел валютасында – 3012,5 млрд. теңге құрады. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 31,9% құрады.

2015 жылғы шілденің соңында мерзімді депозиттер 8085,5 млрд. теңге болды. Мерзімді депозиттердің құрамында ұлттық валютадағы депозиттер 3328,4 млрд. теңге, шетел валютасындағы депозиттер – 4757,1 млрд. теңге болды.

2015 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,9%, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 7,7% болды.


7. 2015 жылғы шілденің соңындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2015 жылғы шілденің соңында


10640,0 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі 8 157,8 млрд. теңгені, шетел валютасымен –


2 482,2 млрд. теңгені құрады. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 75,7%-дан
76,7%-ға дейін ұлғайды.

Ұзақмерзімді кредиттеу 2015 жылғы шілденің соңында 8653,6 млрд. теңгені, қысқамерзімді кредиттеу – 1986,4 млрд. теңгені құрады.

Заңды тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 2015 жылғы шілденің соңында 6634,1 млрд. теңге, жеке тұлғаларға берілген кредиттер – 4005,9 млрд. теңге болды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір ай ішінде 37,3%-дан 37,6%-ға дейін ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2015 жылғы шілденің соңында 1692,2 млрд. теңге болды, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 15,9%-ын құрады.

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша қомақты сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі − 19,9%), өнеркәсіп (12,8%), құрылыс (7,7%), ауылшаруашылығы (4,6%) және көлік (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.

2015 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 14,0%-ды, жеке тұлғаларға – 17,3%-ды құрады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: ,

+7 (727) 2704 585,

+7 (727) 3302 497,

e-mail: press@nationalbank.kz,



www.nationalbank.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет