52. Оқытудың практикалық әдістерінің мәні мен мазмұны


Оқушылардың сабақ барысында танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру



бет6/7
Дата07.02.2024
өлшемі1.1 Mb.
#491181
1   2   3   4   5   6   7
52-63 педагогика

61. Оқушылардың сабақ барысында танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру
Білім берудің әдісін қалыптастыруда танымдыққызығушылық ерекше маңызды. Сондықтан оқуматериалдарының мазмұны, жан-дүниеніқызықтыруға бағытталуы керек. Танымдыққызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
1. Мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жарияланыпөтілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған мәліметтерге тарихи бағдар беру, білімнің тәжірибелік мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау.
2. Өз бетінше жұмыс істеудің әр-түрлеріне негізделген, оқытудың проблемалық тұрғыда алған мәліметтерді зерттеу негіздеріне және оқушының шығармашылық, тәжірибелікжұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.
3. Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың күш - мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.
болашағы үшін табысқа жету дағдыларын қалыптастыру тиіс. Тіл арқылы қалыптасқан танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүгіну. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру, оқушылардың тіл сабақтары арқылы іс- әрекетке ұмтылдыратынтанымдық қызығушылығы, білім алуға даярлығы, меңгерген біліміне сүйене отырып, танымдық тапсырмаларды өздігінен шешуі, шығармашылық қабілетінің қалыптасуы, өз жұмысын өздігінен шешуі, өз жұмысының сапасын бағалауы болып табылады. 
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
- таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
- өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
- орындалатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтай білуі;
- оқу- танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
- игерілген білімді тасымалдай білуі;
- өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекеттерін бақылап, бағалай білуімен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс- әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы танымдық тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет