52 шығарылым «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль және қалалық электр көлігі; Теңіз және өзен көлігі» бөлімдері Астана 2010 Кіріспе



бет12/13
Дата13.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#131383
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Білуге тиіс: Жағдайлық белгілердің барлық түрлердің мағынасы, кеменің жүру жолының тереңдігі мен енін өлшеудің тәсілдері мен тәртібі, қызмет көрсетуші учаскедегі кепілдік берілген және сараланған жоспарлы жолдың шектік көлемі, кеменің жүру жағдайына қатысты ішкі су жолдары мен жүзу ережелері, көру және есту сигналдары, радиостанцияны пайдалану ережелері және өндірістік бірліктермен байланыс графигі.

4-разряд- интенсивті кеме жүру және өндірістік жерден көсіп алу, түбін тереңдету жұмыстары учаскелеріндегі жұмысты орындау барысында.
8. Жағалау матросы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кемені айлаққа, кеме бортына, дебаркадерге болат арқанмен байлау бойынша жұмыстарды орындау; шлюпка немесе катердің көмегімен болат арқанның шетін бөшкеге жеткізу, орнату. Айлақтан кемеге өтетін өтпелі кішкене көпірлер (баспалдақтар) орнату және жинау. Болат арқандарды лақтыру. Айлақты және оған жанасып жатқан аумақтарды тазалау. Инвентарды жөндеуге және сырлауға, айлақты жайластыруға қатысу. Айлақтағы және құтқару құралдарының жарамдылығын қадағалау. Суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету шараларын қолдану.

Білуге тиіс: кемені болат арқанмен байлау бойынша іс-әрекеттерді орындау ережесі мен тәртібі; кемеден және жағадан берілетін командалар мен сигналдар; такелаждың, инвентардың, болат арқанмен байлау кезінде пайдаланылатын құралдардың міндеті және пайдалану ережесі; айлақта (учаскеде) қызмет көрсетіліп өңделген кеменің келу және кету уақыты; қарапайым сырлау және ағаш ұсталық жұмыстарды жүргізу тәртібі; кемені болат арқанмен байлау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі; суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету ережесі.

Боцман міндетін орындау кезінде – 2-разраяд.



9. Кеме қатынасы монтер-моторисі

3-разряд

Жұмыстың сипаты. Кеменің жүзу жағдайындағы белгілерінде жарық беретін сигнал аппаратурасы мен автоматтарды монтаждау, теңшеу. Қоректендіру көзін белгілеу және ауыстыру, аккумуляторды зарядтау, электролит дайындау және аккумуляторлы элементтерді құю. Жарық беретін сигнал аппараттары мен автоматтарын тексеру және ағымдағы жөндеу жүргізу, бақылау үшін учаскелерді аралау және жағдай белгілеріндегі жарық беретін сигнал аппаратураларының монтажын әрі жұмыс істеуін тексеру. Моторлы қайықты басқару, қозғалтқышты қосу және тоқтату, моторлы қайықтың корпусы мен қозғалтқышына ұсақ және алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Білуге тиіс: кеменің жүзу жағдайындағы белгілерінде қолданылатын жарық беретін сигнал аппаратурасы мен автоматының міндет; автоматтарды монтаждау схемасы және кінәратты анықтау және жою тәртібі; кеменің жүзу жағдайы белгілеріндегі жарық беретін аппаратураларда қолданылатын линзалардың, сәуле түсіргіштердің, жарық фильтрлердің оптикалық қасиеті; кеменің жүзу жағдайындағы белгілеріне жарық түсіру үшін қолданылатын қышқыл және сілтілі аккумулятор батареяларының құрылғысы мен міндеті; қайық қозғалтқышын қосу, басқару және тоқтату тәртібі; электр техника бойынша негізгі мәліметтер.

Учаскелерде интенсивті кеме жүзу жұмыстарын орындаған кезде 4-разряд.


10. Моторшы (Машинист)
Жұмыстың сипаты. Кеменің басты және көмекші қозғалтқыштарына, олардың жүйелеріне; кеме құрылғыларына (рульді, зәкірлі, швартовкалы, буксирлі, тізбекті, шлюпкалы, бұратын, қозғалтатын); кеме жүйелеріне (су құятын, кептіретін, балласты, өрт сөндіргіш, ағынды-фонды, сумен жабдықтаушы, жылытушы, желдетуші) техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Шағын және қосалқы кемелерді басқару, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Жерсорғыштың, түбін тазалаушы снарядтың, жер снарядтың және басқа да ыдыстардың барлық механизмдері мен жабдықтарына техникалық күтім көрсету. Аспаптардың көрсеткіштерін есептеу және оларды кеменің тиісті журналдарына тіркеу. Рульді және шлюпкалы құрылғыларды техникалық тексеру. Вахта бастығының басшылығымен кеменің қол, электрлік және гидравликалық рульді жетектерді басқару. Капитан (командир) белгілеген уақытта вахтаны атқару. Машина бөлімшесінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Тұрақтарда капитан-механиктің нұсқаулығы бойынша машина, палуба бойынша жұмыстарды (тазалау, сырлау, ағаш ұсталық және слесарлық жұмыстар) орындау. Жүк таситын кемелерде жүк тиейтін трюмдарды тазалауға, жолаушы кемелерінде – жолаушыларды отырғызуға-түсіруге қатысу. Руль рубкасында, жүретін кішкене көпірде, тент палубасында тазалықты сақтау. Штат кестесінде боцман, матрос болмаған кезде моторшы олардың міндеттерін орындайды.

Білуге тиіс: жүзу ережесі, жүзу ауданының арнайы лоциясы, лоцман картасы; барлық кеме механизмдерінің, машиналардың, жүйелердің, құрылғылардың, навигациялы аспаптардың конструктивтік сипаттамасы мен міндеті; Кемедегі қызмет жарғысы, дабыл кестесі; суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге басшылық ету.

Кемеде тасымалдамайтын жұмыстарды орындау кезінде: моторлы катерлер, өздігінен жүрмейтін құрғақ жүк кемелері мен паромдар; дебаркадерлер мен брандвахталар – 4-разряд

Кемеде тасымалдайтын жұмыстарды орындау кезінде: моторлы катерлер, өздігінен жүретін, өздігінен жүрмейтін крандар; астықты, цементті және басқа да жүктерді пневматикалық қайта тиеушілер; минералды-құрылыс минералдарын, мұнай айдатын, мұнай бункерлеріне және мұнай тазалайтын станциялардың гидроқайта тиегіштері; жанартас суларын қабылдау және биохимиялық тазалау жөніндегі станциялар; қалқыма доктар; жер соратын, жер снарядтары, түп тазалайтын снарядтар – 5-разряд.
11. Гидротехникалық имарттарды қадағалаушы

4-разряд

Жұмыстың сипаты. Арналардың кіреберіс баурайлардың, бағыттаушы және қорғағыш дамбалардың, платиналар мен басқа да ұқсас гидротехникалық бекіністердің жағдайын және олардың жабдықтарын жалпы көзбен қадағалау; олардың шайылу және бұзылу көлемін айқындау. Құламалардағы жер асты суларының көтерілуін, шөгінділердің пайда болуын, жағаның қауіпсіздігін қадағалау. Анықталған кінәраттар бойынша актілер және схемалық суреттер жасау. Жоғарыда көрсетілген гидро бекіністерді, сондай-ақ авариялық және бөгеуші ақпаларды, су жіберушілерді, дюкерлерді ағымдағы және апат күйінде жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу.

Білуге тиіс:негізгі гидротехникалық бекіністердің құрылғысы мен міндеті; гидрология бойынша негізгі мәліметтерді; жер гидро бекіністерін бекіту тәсілдері; құламаларға, дамбаларға және басқа да бекіністерге ағымдағы жөндеу жүргізу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі.

Курстық желіде дайындығы болуы тиіс.


12. Жағалау жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Навигациялық жабдықтар құралдарын орнатуға және алуға дайындау, консервациялау, қатысу. Болат арқанды байлау жұмыстарының барлық түрлерін орындау. Аспаптарды жүзу құралдарына орнату, тереңдікті өлшеу, қоректендіру көздерін жағалық белгілерге жеткізу. Жүзу құралдарына әртүрлі жүктерді тиеу және түсіру. Навигациялық жабдықтарды жағалық құралдары бойынша шұңқырлар мен арықтар қазу. Лоттар мен өлшем арқандарын көшіру, топтау және таңбалау. Адамдарды тасымалдаған кезде қайықты (шлюпканы) жүргізу. Жұмыс құралдарын жөндеу. Жердің ой-қырын өлшейтін аспаптарды орнату және жұмыс жасау. Берілген құрам бойынша бетон қоспасын даярлау. Ағаш ұсталық, сырлау, слесарлық және такелажды жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жүк көтергіш және кеме жабдықтары жинағы құралдарының құрылғысы және пайдалану ережесі; жүктерді тиеу, түсіру, көшіру және қатарлау тәсілдері; ағаш ұсталық, сырлау және слесарлық жұмыстарды орындау тәсілдері; жұмыс және өлшеу құралдарын қолдану ережесі; кемеге болат арқан байлау бойынша жұмыстарды орындау тәртібі және ережесі; дыбыс және көру сигналдарын беру және қабылдау ережесі; жер жұмыстарын жүргізудің негізгі ережесі; бетон қоспасын даярлау тәсілдері; қайықты басқару және судағы жұмыстарды жүргізу ережесі; суда апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсету бойынша басшылық ету.

13. Зерттеу арна партиясының дала (жол) жұмысшысы

2-разряд

Жұмыстың сипаты. Далалық іздестіру жұмыстар мен арналық орындау кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлердің немесе партия бригадирінің басшылығымен түрлі қосалқы операцияларды орындау. Жоспарлы-жоғары тұғырдағы пункттердегі ағаш белгілерді дайындау. Брандвахталарды даярлау және буксирлеумен, жүзетін құралдарды және басқа да керек-жарақтарды жөндеумен байланысты жұмыстарға қатысу. Бояу және сүргілеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: дала жұмыстары туралы жалпы мәліметтер, зерттеу жұмыстары тәсілдері, кемелерді зерттеу жұмыстары, такелажды қолданған кезіндегі техника қауіпсіздігі ережесі.

Су өлшеу бекеттері құрылғылары, белгілерді салу және жоспарлы орталықтарды салу жұмыстарын орындауда, өлшеу және геометриялық қақпақтарды салу – 3-разряд.


14. Кеме құрылғысының бекет (қосалқы) жұмысшысы - моторшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күндізгі және түнгі кезде бекетте кезекшілік ету және кеменің жарамды қалыпта тұруын қадағалау. Кеме жүрісінің тереңдігі мен енін өлшеуге, кеме белгілерін қоюға және орнатуға, тральды және жағаларды тазалау жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: жүзетін және жағалау белгілердің мағынасы мен орналастыру ережесі, өлшеу және тральды жұмыстарды жүргізу тәртібі, кемеге, дыбыс және жарық белгілеріне қатысты бөліктердің ішкі су жолдары бойынша жүзу ережесі.
15. Кеме құрылғысының бекет (қосалқы) жұмысшысы - моторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күндізгі және түнгі кезде бекетте кезекшілік ету және кеменің жарамды қалыпта тұруын қадағалау. Кеме белгілерінің жарық сигнализациясының жарамды қалыпта ұстау және қызмет көрсету. Жарық сигнал беру аспаптарындағы электр лампаларды қоректендіру көзін ауыстыру, кеме белгілерінің белгілерін жөндеу және бояу. Корпусты ағымдағы және профилактикалық жөндеуге қатысу және мотор қайығын басқару.

Білуге тиіс: кеме белгілерінің мағынасы мен орналастыру ережесі, жарық сигналы аппаратурасы мен автоматтарды пайдалану, теңшеу және орналастыру ережесі, іштен жанатын қозғалтқыш құрылғысын қолдану принципі; дыбыс және жарық сигнализациясы; қоректендіру көздері туралы негізгі мәліметтер мен оларды пайдалану ережесі; электр техника және оптика жөніндегі қарапайым мәліметтер.

Интенсивті кеме қатынасы учаскелерінде жұмыстарды орындауда – 4-разряд._17._Маяк_бақылаушы__3-разряд__Жұмыс_сипаттамасы.'>4-разряд._16._Траль_бригадасының_(жол)_жұмысшысы-моторшы__3-разряд__Жұмыс_сипаттамасы.'>4-разряд.


16. Траль бригадасының (жол) жұмысшысы-моторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты және жұмсақ тральмен, траль тіркеспен, жүзетін букстау кемесі немесе өзі жүзетін кеменің жүруін тұтас тральдау жұмыстарын шебердің басшылығымен орындау. Табылған су аты заттарды буйкалармен бекіту және оларды белгілей отырып зерттеу. Мотор қайықты басқару, қозғалтқышты іске қосу және тоқтату. Мотор қайық корпусы мен қозғалтқышын профилактикалық жөндеу.

Білуге тиіс: өзен арнасы және қажетті көлемді кеме туралы жалпы мәліметтер, өзен арнасындағы су аты бөгеттерінің түрлері, олардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері, ішкі жандыру қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен құрылымы, тральды жұмыс істеуді ұйымдастыру ережесі және қауіпсіздік техникасы.

Интенсивті кеме қатынасы учаскесінде жұмыстарды орындауда – 4-разряд.


17. Маяк бақылаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Маяк аппаратурасы құрылғылары мен механизмдерін қадағалау. Маяктағы және аралас жағалау және сол маякқа қатысты жүзетін белгілердің, оттардың жануын қамтамасыз ету. Маяктардағы, оның құрылымы мен жабдықтарындағы ақаулықтар мен зақымдықтарды анықтау және оларды жою шараларын қабылдау. Маяктың материалдық-техникалық құралдарын сақтау және есептеу, жабдықтарды қысқы сақтау және жөндеуге дайындау.

Білуге тиіс: маяк аппаратурасының, аспаптар мен жабдықтардың қызметі, құрылымы; жарық көздерін және жарық сигнал беру көздерін фокусирлеу тәртібі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; электр техника және оптика жөніндегі негізгі мәліметтер, маяктарда қолданылатын жанатын материалдардың химиялық және физикалық қасиеттері; керек-жарақтар мен жабдықтарды қысқы сақтауға дайындау тәртібі; ішкі су жолдарында жүзу ережесі, дыбыс сигналдары, қауіпсіздік техникасы ережесі.

Курстың желіге арнайы дайындалу қажет етіледі.

Аға бақылаушының міндеттерін орындауда - 4-разряд.
18. Оттарды бақылаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Оттың дұрыс жануын және жарық оптикалық фонарьдың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету. Ацетилен баллондар мен аккумуляторларды, жанып кеткен электр лампалар мен газ жарық түтіктерін ауыстыру. жарық оптикалық аппаратураны күту. Навигациялық жабдық құралдарын пайдалануға дайындау және оларды күзгі кезеңде консервациялау. Вехалардың, буйлардың, белгілердің және басқа да навигациялық құралдарды орнатуға және алып тастауға қатысу. Тереңдікті лотпен өлшеу. Ацетилен баллон және жарық оптикалық аппаратураны сақтау орынжайларының желдеткіші мен тазалық қадағалау. Белгіленген жерлердегі навигациялық жабдық құралдарының тұрағын қадағалау. Жағалауда және жүзетін құралдарда қажетті тиеу-түсіру жұмыстарын орындау. Адамдарды тасымалдағанда ескекті және мотор қайықты басқару.

Білуге тиіс: жарық оптикалық аппаратураның, жылтырақ автоматтардың үлгілері мен маркалары, газ баллондардың құрылымы, пайдалану және сақтау ережесі; балташылық, слесарлық және такелажды жұмыстарды орындау жолдары, өлшеу құралдарын пайдалану ережесі, қол лоты мен өлшеу тросын бөлшектеу және таңбалау ережесі; ұқыптылықты қажет ететін жүктерді тиеу, түсіру және қалау тәсілдері, ескекті және мотор қайықты басқару ережесі; дыбыс сигналдарын жіберу және қабылдау ережесі, электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтер.

19. Кеме жіберуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шлюз камерасындағы кемелерді шлюздеу және орналастыру барысын қадағалау. Жүзетін заттардан шкаф бөліктері мен жұмыс қақпаларын уақытында тазалауды қамтамасыз ету. Кірме арналарындағы кемелердің тұруын, камералардағы, шлюз аумақтарындағы акваторий тазалығын қадағалау. Шлюзді орталықтан басқару пультінен берілетін команда кемесі бастығының командаларының дұрыс және уақытылы орындалуын бақылау. Шлюзде техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: шлюздің және оның жабдықтарының, техникалық имараттарының негізгі элементтерінің құрылымы, қызметі және техникалық пайдалану ережесі; жылжымалы рамалардың, қорғау құрылғыларын қолдану принципі; кеме және плотты кемелер мен шлюздерде қолданылатын шлюз, жарық және дыбыс сигнализациясы арқылы жіберу тәртібі, жұмыс қақпасындағы және имараттардың жекелеген бөлшектеріндегі Майна жабдықтарын қолдау тәсілдері; ішкі су жолдарында жүзу ережесі, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы ережесі, өртке қарсы кесте.

Курс желісінде арнайы дайындығы болуы талап етіледі.



Интенсивті кеме қатынасы учаскесінде жұмыстарды орындауда – 4-разряд.
20. Кеме жіберуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Екі аралас камерада жұмыс істеу. Шлюз камерасында кемелерді шлюздеу барысын және дұрыс орналасуын қадағалау, кемелерді шлюздеуге дайындау және екіжақты қақпалардың дұрыс ашылуын бақылау. Кемелер камерадан шыққаннан кейін қақпалардың жабылуы туралы сигнал беру. Камера аумағы мен акваторийді, екіжақты қақпа шкаф нишаларын жүзіп жүрген заттар мен қоқыстан тазалауды қамтамасыз ету, ішкі су жолдарында кемелердің жүзу ережесінің орындалуын бақылау. Май соратын құрылғы, дискілік бекітпе орынжайларын және вахтаға бекітілген аумақты тазалау. Шлюздеумен байланысты емес уақытта шлюзге техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: негізгі шлюз элементтерінің және оның жабдықтарының құрылымы, қызметі, жүзетін рамалардың жұмыс істеу принципі, Қазақстан Республикасы ішкі су жолдар бойынша жүзу ережесі; гидротехникалық имараттарды техникалық пайдалану ережесі; көлік гидроимараттарын пайдалануда техникалық қауіпсіздік ережесі; телефон және дауыс зорайтқыш байланысын пайдалану ережесі; шлюз арқылы кемелерді жіберу тәртібі; кемені шлюздеу уақытында бір камерадан бір камераға ауысу тәртібі.

21. Тальман

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Трюмдерде, теңіз және өзен кемелерінің палубасында, жағалау және жүк қоймаларында экспорттық-импорттық, карботажды, жергілікті жүктер мен багажды қабылдау және тапсыру, оларды тиеуге және түсіруге қатысу. Жүк қабылдаушыға жүкті тапсыруда, сондай-ақ одан әрі тасымалдау үшін жүкті жіберерде бақылауды жүзеге асыру.жүк пен багажды маркалау және ішкі жағдайын тексеру. Жағалаулардағы жұмыс орындарының даярлығын тексеру, вагондар мен контейнерлердің жүк тиеуге даярлығын тексеру. Берілген тапсырмаға сәйкес жүктерді сұрыптау және іріктеуді ұйымдастыру. Тиеу-түсіру жұмысы, жүкті қоймалау, қауіпсіздік техникасы ережесі процесінде жүк тиеу, түсіру және сақтау ережесін порт жұмысшыларының сақтауын бақылауды жүзеге асыру. Орындалған жұмыстың нарядын, тасымалдау, жүк пен багажды қабылдау және жіберу құжаттарын ресімдеу.

Білуге тиіс: теміржол су қатынастарымен жіберілетін жүктерді қоса алғанда, эскпорттық-импорттық, каботажды, жергілікті жүктер мен багаждарды қабылдау және тапсыру тәртібі; ыдыс және орау түрлері, жүктерді орыс және шетел тілдерінде таңбалау түрлері, жүктің қасиеті, оларды тиеу, түсіру, қоймалау және сақтау ережесі; жүктерді есептеу тәртібі мен жолдары, түрлі жүйедегі таразыларды пайдалану ережесі; тиеу-түсіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру негіздері мен ережесі; жүк кеме орынжайлары мен теміржол жылжымалы құрамының құрылымы; үлкен жүк контейнерлерін өңдеу ережесі, жүктерді орналастыру, сепараттау, бекіту және таңбалау ережесі; жүк құжаттарын, коммерциялық актілерді және жалпы үлгідегі актілерді ресімдеу нысандары мен ережесі; порт жұмысшыларының нарядын ресімдеу тәртібі; ыдыс және ораудың мемлекеттік стандарттары.

Сцена бойынша аға тальманның міндеттерін орындауда – 4-разряд.


22. Кран электригі

3- разряд

Жұмыстың сипаты. Қарапайым қол бейімділігі мен құралдарды қолдану арқылы қарапайым тораптарды, аппараттарды, электр жарығы арматураларын сұрыптау, жөндеу мен жинау. Кранның электро жабдықтары приборлары мен бөлшектері тазалау, жуу, сүрту және сығылған ауамен үрлеу. Электро машинаның электро аспаптардың бөлшектері мен тораптарын қарапайым электро монтажды схемамен жинау.

Білуге тиіс: кранда бар электр машина, электр аспаптар мен электр аппараттардың жұмыс істеу принципі мен міндеті; орташа қиындықтағы анағұрлым таралған әмбебап және арнайы бейім мен бақылау өлшегіш құралдарын қолдануды белгілеу мен қолдану ережелерін; сымдарды орналастыру тәсілдері, қарапайым электр монтажды схемалар; электр аспаптары мен машиналар іске қосу мен өшіру ережелері; электр техника негіздері; кемедегі қызмет жарғысы (жүзгіш кран жұмысы кезінде ); суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету бойынша басшылық.
23. Кран электригі

4-разряд

Жұмыстың сипаты. Жүзу крандарындағы, сондай-ақ портты кранды терминалдардың электро жабдықтарындағы аспаптар мен электр құрылғылап тораптары және көмекші машиналардың, электро аспаптардың, зәкір, шлюпка, шығырлы электр жабдықтар мен басқа да құрылғылары мен механизмдердің орташа деңгейдегі қиындықтағы бөлшектердің сұрыптау, жөндеу мен жинау. Электро аспаптар тораптары мен бөлшектерін және қадағалаушы жүйені жалғау. Кран электр жабдықтарын техникалық күтім мен тексеруден өткізу. Ақау ведомосын жасау, кран электр жабдығын тексеру бойынша журнал толтыру.

Білуге тиіс: Кран электро жабдығы құрылысы мен тағайындауды; күрделі электр машиналары, электр аспаптарының конструктивтік сипаттамасы мен жұмыс параметрі; кемедегі қызмет жарғысын (жүзу краны жұмысы кезінде); суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге басшылық ету.
24. Кран электригі

5-разряд

Жұмыстың сипаты. Қуатты және қосалқы машиналардың күрделі бөлшектері мен тораптарын, қалқыма крандағы, зәкірлік, шлюпкалы, шығырлы және басқа да құрылғылар мен механизмдерің электр аспаптарын, электр жабдықтарын, сондай-ақ терминалдардың портты крандарының электр жабдықтарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Кранды күрделі жөндегеннен кейін электр жабдықтарды реттеу және сынау. Осы электр жабдықтың жұмысында анықталған ақауды тікелей кранда жою.

Білуге тиіс: ерекше күрделі электр жабдықтардың құрылғысы және тораптардың өзара іс-әрекеті, тобы мен схемасы; кран электр жабдықтарын бөлшектеу, ұсақ жөндеу және ерекше тораптарын, топтары мен схемаларын құрастыру тәсілдері; кранды электрмен қамтамасыз ету жүйелерін қадағалайтын және қайталайтын ерекше күрделі схемаларды жүзу жағдайында жөндеу тәртібі; кран электр жабдықтарын жөндеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттар мен құжаттамалық; қалқыма кранда жұмыс істеу кезінде Кемеде қызмет ету жарғысы; суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге басшылық ету.

Жұмыс үлгілері:

1. Қуатты электр қондырғылар (дизель-генераторлар, электрмоторлар), насостардың, компрессорлардың, тоңазытқыш қондырғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, шығырлардың, зәкірлі,к швартовкалы, шлюпкалы және басқа да құрылғылардың және жүйелердің электрлік жетекті машиналары – тексеру, техникалық күтім көрсету, ток түсіргіш және ток қабылдағыш құрылғыларды, басқару, қорғау және қайталау жүйелерін жөндеу.

2. Барлық өлшемдегі қорғағыштар – қызмет көрсету және қайта зарядтау.

3. Барлық типтегі электрлік машиналардың мойынтіректері – престеу.

4. Қосалқы жабдықтардың, құрылғылардың, насостардың электр машиналарын біріктіруші муфталар – тексеру, өзара іс-әрекетін реттеу.


25. Кеме электригі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр кеме құрылғыларының, қосалқы машиналардың, электр аспаптарының, рульді, буксирлі, швартты, зәкірлі, шлюпті және басқа да кеме құрылғыларының электр жабдықтарын, пальпионажды шығырлар мен жүк көтеру жабдықтарының орташа күрделіктегі бөлшектерін, аппараттары мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Электр жетекті және олардың жұмысын қадағалаушы жүйелердің бөлшектері мен тораптарын біріктіру. Кеме электр құрылғыларын техникалық күту және тексеруді жүргізу. Кеме электр жабдықтарын тексеру жөніндегі ақаулық ведомостін жасау, вахта журналын жүргізу. Вахтаны белгіленген тәртіпте алып бару.

Білуге тиіс: кеме электр жабдықтарының құрылымы және қызметі, қозғалту және рул кешені кеме электр құрылғыларының, рульді, буксирлі, швартты, зәкірлі, шлюпті және басқа да кеме құрылғыларының электр жабдықтарын, пальпионажды шығырлар мен жүк көтеру жабдықтарының құрылымдық сипаттамалары мен жұмыс істеу параметрлері, кемеде қызмет ету жарғысы; кеме дабылы кестесі, суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету нұсқаулығы.

Жұмыс үлгілері

1. Кеме қосалқы құрылғыларының, машиналар, механизмдер мен жабдықтардың кеме электр құрылғы және электр аспаптары коллекторлары – тексеру, техникалық күту, жөндеу.

2. Панельдер, аппаратурасы бап қалқандар – шешу, орнату.

3. Коллекторлық электр машиналардың зәкір пластиналары – шықпаларын дәнекерлеу.

4. Басқару және авария тәсімдері – қызмет көрсету және жөндеу.

5. Электр машина ішпектері – шаю және май құю.

6. Түрлі жібергіштер, автоматты ажыратқыштар мен қайта қосқыштар – жөндеу.

7. Генераторлар мен басқа да электр машиналарының біліктерін біріктіру муфталары – бөлшектеу, құрастыру, реттеу.

8. Аккумулятор батареялары – электролит тығыздығын тексеру және реттеу.
26. Кеме электригі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр кеме құрылғыларының, қосалқы машиналардың, электр аспаптарының, рульді, буксирлі, швартты, зәкірлі, шлюпті және басқа да кеме құрылғыларының электр жабдықтарын, пальпионажды шығырлар мен жүк көтеру жабдықтарының орташа күрделіктегі бөлшектерін, аппараттары мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Қысқы жөндеуден кейін кеме электр жабдықтарын реттеу және сынау. Тікелей кеменің ішінде электр жабдықтардың жұмысында табылған ақаулықтарды жою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет