5310 тіс жонғылау станогының кинематикалық ҚҰрылымы және бастауы машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері»



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/4
Дата17.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

5310 ТІС ЖОНҒЫЛАУ СТАНОГЫНЫҢ КИНЕМАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСТАУЫ
Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен №5 зертханалық жұмысын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар

(ЖОО ішінде қолдануға)

Павлодар

УДК 621.9.06(07)

ББК 34.63-5я7

М48
С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесімен ұсынылған



Рецензенттер:

техника ғылымдарының кандидаты, профессор Олжабаев Р.О.


Құрастырушылар:

техника ғылымдарының кандидаты, профессор И.А. Шумейко

инженер С.Қ. Қошқаров

магистр, ассистент Д.А. Искакова


М48 5310 тіс жонғылау станогының кинематикалық құрылымы және бастауы: Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен зертханалық жұмыстарын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар (ЖОО ішінде қолдануға)/құрастыр. И.А. Шумейко, С.Қ Қошқаров, Д.А Искакова. – Павлодар, 2006. – 31 с.
Әдістемелік нұсқауда, тісті дөңгелектерді оюдың параметрлерін есептеу мен тісқашауыш білдекті күйге келтіру бойынша, білдектің кинематикалық құрылымын және оның кинематикалық ықшамсызбасын суреттеу келтірілген, параметрлерін есептеу мен оларды күйге келтіру баяндалған. Жұмыс тапсырманың варианттары бойынша орындалады.

Зертханалық жұмыс «Металлкесу білдектері» пәні бойынша қарастырылған зертханалық жұмыстардың жалпы циклінің құрама бөлігі болады.

УДК 621.9.06(07)

ББК 34.63-5я7


©Шумейко И.А., Қошқаров С.Қ., Искакова Д.А., 2006

©С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006
Кіріспе
Өндірісте қолданылатын металлкесу білдектерінің үлкен әр алуандылығы олардың істеу принциптерін, берілген параметрлерді қамтамасыз етуге білдектерді күйге келтіру мен реттеуін меңгеруде қиындықтар тудырады. Көрсетілген қиындықтарды жеңу үшін, атқарушы жүрістердің түрін анықтаудан, білдектің кинематикалық құрылымын құрудан, және кинематикалық топ пен күйленетін параметрлерді талдаудың қабылданған бір ізділігінен тұратын білдекті күйге келтіру мен реттеуде жүйелі амалды қолдану керек. Берілген амал өңделетін бөлшектің сапасының қажетті шығатын параметрлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және керегінде өңдеудің қателіктерінің түзілу себептерін табады да, оларды жояды. жоғарыда мазмұндалғанның негізінде зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау мүмкіндігі туады.

1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеттері



1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты – тісжонғылау білдегінің тіктісті және қиғаштісті тісті дөңгелектерді өңдеудегі жұмыс істеу принциптерін үйрену, есептерді жасау, берілген тісті дөңгелектерді өңдеуге білдекті күйге келтіру және реттеу.
1.2 Зертханалық жұмыстың міндеті:

- осы әдістемелік нұсқауды оқып білу;

- оқытушыдан, не болмаса оқыту мастерінен жеке тапсырма алып, зертханада білдекпен танысу;

- тапсырманың берілген вариантына сәйкес есептеу картасын (В қосымшасының В.1 кестесі) қолдана отырып, реттеу картасын (А қосымшасының А.1 кестесі) жасау және қырықаяқты модульді жонғыштың параметрлерін толтыру;

- тік тісті дөңгелектерді оюға қолданылатын білдектің құрылымын талдау үшін:

а) кесу жүрісінің жылдамдығын ФV1В2) туғызатын кинематикалық топтың параметрлерін есетеу;

б) беру жүрісін ФS3) туғызатын кинематикалық топтың параметрлерін талдау және есептеу;

- қиғаш тісті дөңгелектерді оюға қолданылатын білдектің құрылымын талдау үшін:

а) кесу жүрісінің жылдамдығын ФV1В2) туғызатын кинематикалық топ туралы қорытынды жасау;

б) берудің бұрама жүрісін ФS3В4) тудыратын кинематикалық топтың параметрлерін талдау және есептеу;

- реттеу картасын толтыру (А қосымшасының А.2 кестесі);

- білдекті тік тісті дөңгелекті оюға баптау және білдекті реттеу әрекеттерін орындау; тік тісті дөңгелекті ою;

- білдекті қиғаш тісті дөңгелекті оюға баптау және білдекті реттеу әрекеттерін орындау; қиғаш тісті дөңгелекті ою;

- ойылған тісті дөңгелектердің параметрлерінің өлшемдерін жүргізу және олардың жарамдылығы туралы қорытынды жасау;

- есеп жасау және оны қорғау.
2 5310 мод. тіс жонғылау білдегінің тағайындамасы және техникалық сипаттамасы
Білдек цилиндрлі тік тісті, қиғаш тісті дөңгелектерді, сонымен бірге қырықаяқты дөңгелектерді тангенциалды беру және ену әдісімен оюға арналған (әдістемелік нұсқауда тік тісті және қиғаш тісті дөңгелектерді ою қарастырылатын болады). Кесуші сайман ретінде қырықаяқты модульді жонғыш қолданылады.
Техникалық сипаттама
Ойылатын дөңгелектердің ең үлкен модулі, мм 4

Ойылатын дөңгелектердің ең үлкен диаметрі, мм 200

Ең кіші диаметр, мм 60

Құралкүймешектің ең үлкен бұрылу бұрышы, град 60

Құралкүймешектің тез ауысу жылдамдығы, м/мин 0,3

Басты жүрістің жетегінің қуаты, кВт 1,7


3 Тіс жонғылау білдегінде тістерді ою принципі
Білдек аунату әдісімен жұмыс істейді. Қырықаяқты модульді жонғыш ойылатын дөңгелегімен кинематикалық жұп рейка-тістегерішке ұқсайды, сондағы жонғыш рейканы елестетеді, ал ойылатын дөңгелек – тістегерішті. Қырықаяқты модульді жонғыш, цилиндрде біркелкі орналасқан және бұрама сызықтың бойында өзара бір-бірінен жылжытылған тісті рейкалардың жиынтығын елестетеді. Жонғыш айнала отырып, рейканың ілгерілемелі ауысу әсерін тудырады. Ойылатын дөңгелек (дайындама) «рейканың» (жонғының айналуымен) ауысуымен үйлесе отырып айналады, соның нәтижесінде дайындамада эвольвентті пішінде тісті тәж жасалады.

Осылайша құрылым жасаушы сызығы (тісті тәждің пішіні) аунату әдісімен кесу жүрісінің жылдамдығын ФV1В2) жүзеге асыра отырып алынады (3.1 сурет), мұнда В1 – жонғыштың айналуы, ал В2 – дайындаманың онымен бірге үйлесімді айналуы. Бағыттау сызығы (тістің бойлық қалпы) аунату әдісімен алынады, да екі жүрістермен жүзеге асады: кесу жүрісінің жылдамдығымен ФV1) және беру жүрісімен ФS3), мұнда П3 – жонғыштың дайындама өсінің бойында ілгерілемелі ауысуы. В1 айналуы атқарушы жүрісте ФV1В2) бар болған соң, тістің қалпын алуға ФS3) беру жүрісін туғызса болғаны. Бұл жағдайда білдектің құрылымы К23 (3.1 сурет). Бұл құрылым тік тісті цилиндрлі дөңгелектерді ойғанда қолданылады.

Бұрама тісті дөңгелекті ойғанда, жонғышты қиғаш тістің бойымен ауыстыруды тудыру қажет. Қалай да, мұны істеуге болмайтындықтан (құралкүймешіктің жонғышпен бірге тек қана тік бағыттаушысы бар), онда қиғаш тістің бойымен жонғыштың ауысу әсері дайындаманың қосымша айналуымен В4 туады.


3.1 сурет
Бұл жағдайда беру жүрісі күрделінеді ФS3 В4), ал білдектің құрылымы С24 болады (3.2 сурет).

3.2 сурет


Атқарушы кесу жүрісінің жылдамдығын ФV1В2) тудыратын бірінші кинематикалық топтың құрамына кіретін: күйге келтіру құралымен (аунату ауыстобы) ішкі байланыс , күйге келтіру құралымен сыртқы байланыс және жүріс көзі. Берудің бұрама жүрісін тудыратын ФS3 В4) екінші топтың құрамына кіретін: күйге келтіру құралымен (дифференциалдың ауыстобы) және жинақтаушы механизммен ішкі байланыс , күйге келтіру құралымен (берудің ауыстобы) сыртқы байланыс және жүріс көзі ретінде қолданылатын дайындаманың айналдырығы. Қосымша В4 қозғалысы жүрістік бұрамадан жинақтаушы механизмнің екінші кіріс буыны 2 арқылы туады.

5310 мод. тіс жонғылау білдегінің кинематикалық ықшамсызбасы қаралған құрылымның негізінде құрылған (3.3 сурет), қайсысы есептеу дағдысына жетуге және жүріс параметрлерін күйлеуге қолданылады.




кір

4кір

2кір

4кір

2кір

3.3 сурет - 5310 мод. тіс жонғылау білдегінің кинематикалық ықшамсызбасы
4 Білдекті күйге келтіру және реттеу
Бізбен тік тісті және қиғаш тісті дөңгелектерді оюда қолданылатын білдектің екі жеке құрылымдары қаралатын болады.


4.1 Тік тісті дөңгелектерді оюда қолданылатын жеке құрылым (К23)

4.1.1 Кесу жүрісінің жылдамдығын ФV1В2) тудыратын кинематикалық топ.

Бұл тұйықталған траекториясымен күрделі қозғалыс (тісті тәж), сондықтан үш параметрді күйге келтіру керек: траекторияны, жылдамдылықты және бағытты.

а) траекторияны күйге келтіру (тісті тәждің пішіні; ішкі байланыс).

Күйге келтірудің шарттары (КШ):

Жонғыштың 1 айн. → дайындаманың айналымы, мұнда - жонғыштың кіру саны; - ойылатын тік тісті дөңгелектің тістірінің саны.

Кинематикалық баланстың теңдігі (КБТ):
1 айн.жон..
Іріктеу дөңгелектерінің беріліс қатынасы.
<161 болғанда және >161 болғанда.
Дөңгелектерді тік тістерімен ойғанда жинақтаушы механизм (дифференциал) дифференциалдың шығатын білігіне жұдырықшалы муфтаны М1 (4.1 сурет) орнатумен жұмыстан шығарылады. Бұл жағдайда дифференциал күрделі білік ретінде жұмыс атқарады және оның беріліс қатынасы =1.

КБТ-ға мағынасын (көпшілік жағдайларда) қоя отырып, аунату ауыстобының беріліс қатынасын аламыз.



Аунату ауыстобының алмасу дөңгелектердің жиынтығы 43 дана келесіндей тістер санымен:
20 (2 дана); 23; 24; 25 (2 дана); 30; 33; 34; 35; 37; 40; 41; 43; 45; 47; 48; 50; 53; 55; 57; 58; 59; 60; 61; 62; 65; 67; 70; 71; 73; 75; 79; 80; 83; 85; 89; 90; 92; 95; 97; 98; 100.
Беріліс қатынасы есептен шы,арылады және алтыншы таңбаға дейінгі дәлдікпен тісті дөңгелектерді жиынтықтан іріктеп алумен қамтамасыздандырылады. Алмасу тісті дөңгелектерді С қосымшасының С.1 кестесі бойынша іріктеп алынуы мүмкін.

тістегеріш

4.1 сурет

Аунату ауыстобы 1 қақпақтың астында оң жағында орналасқан (4.2 сурет).

Іріктеп алу және аунату ауыстобының дөңгелектерінің орналасу ықшамсызбасы 4.3 суретте көрсетілген. Күйге келтіру құралының тістегеріштерінің ілінісуінде тістердің арасындағы бүйір саңлауы 0,1-0,15 мм екенін алдын ала ескеру керек.

б) кесу жылдамдығын күйлеу (сыртқы байланыс).

Білдекте кесу жылдамдығы жонғыштың айналу жиілігімен беріліді де, формула бойынша анықталады:


,
мұнда - кесу жылдамдығы, м/мин

- жонғыштың диаметрі, мм.
Р6М5 болаттан жоңғыштармен жұмыс істегенде кесу жылдамдығын 4.1 кесте бойынша таңдайды.

КШ: жонғыштың

КБТ:
қайдан



4.2 сурет


Кесу жылдамдағының күйге келтіру ауыстобының алмасу тісті дөңгелектерін 4.2 кестеден алынған мәніне байланысты таңдауға болады (ең жақын кіші мән). Кесу жылдамдығының ауыстобы 1 қақпақтың астында сол жағында орналасқан (4.2 сурет).
4.1 кесте

Дайындама материалы

Кесу жылдамдығы, м/мин


Қарадай өту

Тазадай өту

Шойын

16-20

20-25

Болат, үзілуінің уақытша кедергісі 600 дейінгі

25-28

30-35

Болат, уақытша кедергісі 600 жоғары

20-25

25-30

Түрлі-түсті қорытпалар

25-30
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет