№58 қазан педагог



Pdf көрінісі
бет19/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
мамырова пед

 
Жаңалықбайқызы Жазира 
Ә. Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 
 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
 
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып 
отыр.
Қазақстан 
Республикасында
соңғы 
жылдары
білім 
беру 
саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік 
деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап 
бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің 
басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы 
олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. 
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі 
мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті 
жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы 
өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. 
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың 
жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. 
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі – 
критериалды бағалау жолдары. 
Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- 
танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. 
Критериалды бағалау- бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Енді 
біз осы бағалауды өз тәжірбиемізде қалайша қолданамыз. Алғашқы кезеңде нақты түсіне 
алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын құрған кезде оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруды 
бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу 
21


жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге 
бағыттайтын баспалдақ. 
Оқуды тиімді бағалау — білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту 
барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін 
күш. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату 
мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауапкершілікті қажет етеді. 
Күнделікті сабақта білім алушылар топтық жұмыста өздерін бағалайды. Олар әр жұмыстың 
өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады. Бұдан 
мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына 
зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде сезінеді. 
Бұл да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс. 
Баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұның кері әсер беретін тұстары да 
болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек дегендей ой туындайтынын ескерсек, бағаны 
қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын 
туғызуға және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай 
түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сұрақ мазалайды. Ол үшін Блумның «Оқыту 
үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне отырып, сабақта қолдана білу керек. 
Сабақ жоспары оқыту мақсатына сай жоспарланады. Ал мақсаттың толық жүзеге асуы үшін бірізділік 
принципі сақталады. Қолданылған стратегиялар мен тәсілдер негізінде сабақта күтілетін нәтижеге 
жету қарастырылады. 
Енді бағалауға келетін болсақ, қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып 
жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы 
қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі 
жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді. 
Оқушының сабаққа ынтасын арттыруда алдымен психологиялық тренингтер жүргізу керек. 
Өйткені, сабаққа зейіні ауған оқушының білімге деген құштарлығын қызықтырғыш элементтер 
арқылы артатыны белгілі. Ол үшін сыныпта «Жүректен жүрекке» тренингін жиі ұйымдастырған 
дұрыс. Осы кезде оқушылардың бойына мейірім мен шынайылылық қалыптаса бастайды. Осындай 
жылы сезімдермен бір-бірінің қолдарынан ұстап ізгі тілектерін білдіреді.Топқа бөлу үшін берілген 
суреттерде жарқын тұрмыс, не тәтті тағам немесе жылы шырайлы келбет беретін гүл 
суреттерін, болмаса жандарына жылылық ұялататын жақын адамдардың келбетін ұсынған дұрыс.Ол 
да сабақтың нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында 
тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқтай сал» әдісі, көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу 
ұсынылады. Оқыту үшін бағалау, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сыни көзқарас таныта отырып, 
топтасып жұмыс істеуге ынталандырады. Міне, бұлардың барлығы сабақ процесінде үнемі дағдыға 
айналған жұмыс. 
Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін енгізеді. Сөйте 
тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екендігіне ойлана отырып, сол арқылы оқушыдан күтілетін 
нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай 
жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін 
оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста 
керек.Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар 
жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады. 
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша бірнеше қадам жасалатынын 
білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен 
практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу 
(жазбаша түрде болса өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты 
баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне жеке жұмыс жасаған тұста керек. Ал топтық 
жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий арқылы жоба 
қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. «Екі жұлдыз, бір 
тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді.Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі 
шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына 
отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды. 
Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде 
шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы 
қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл 
атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және 
22


мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шығуға 
мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ 
үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған» сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз. 
Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді 
айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Ал ішкі 
жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен бағаланып деңгейі 
салыстырылады. Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. 
Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі 
сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты 
тиімді пайданауға мүмкіндік береді. 
Критериалды 
бағалау 
— 
бұл 
білім 
берудің 
мақсаты 
мен 
мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-
ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — 
жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа 
сәйкестендіру болып отыр. 
Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. 
Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен 
талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана 
жұмыс жүйеленетіні белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет