№58 қазан педагог



Pdf көрінісі
бет11/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
мамырова пед

Үшінші – аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты 
– еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейілінше толық және дәл айтуға 
көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс 
йсигматизмін түзетуді қараңыз, тілдің ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд 
пайдалану мысал бола алады/. Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін 
ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. 
Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер 
қос ерінді ұяң дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын –д дыбысын меңгеруге 
көмектеседі. Ал – д дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық жолмен тіл – таңдай түбі 
қатысында айтылатын – г дыбысын қалыптастыру негіз болады. Көптеген жағдайда дыбыс туыстығын 
екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, – ш дыбысы дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес 
жолымен сипатталатын –р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше –р дыбысы да –ш 
дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу 
материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап 
арттыруды сақтау керек.
МАНКАГРАФИКА- ДӘСТҮРДЕН ТЫС СУРЕТ САЛУ ТӘСІЛІ 
 
Махметова Марал Жанибекқызы 
Көкшетау қаласы, «Мерей» 
 балабақшасының тәрбиешісі
Кейбір ата-аналар манкамен салудың артықшылықтарын түсінбейді. Балаға щеткалар, бояулар, 
қарындаштар немесе қылқаламдарды беріп сурет салу оңай деп ойлайды. Алайда, дәстүрден тыс сурет 
салу әдісі баланың ашылуына және одан әрі дамуына көмектесетінін ұмытпауымыз керек. Балаға
қиялдауды, шығармашылық ойлауын ашады. Манкамен сурет салу баланың саусақ ұсақ моторикасын 
үйретуді көмектесе отырып, болашақта хат тануда жағымды әсер етеді. Манкамен сурет салу 
барысында баланың шыдамдылық пен табандылығы қалыптасады.
Өз жұмысымды мақсат пен міндеттер қою арқылы бастадым. 
Мақсаты: Балаларды дәстүрден тыс жманкамен сурет салу техникасымен таныстыру. 
(Дәстүрден тыс техникасын қолдану арқылы балалардың көркемдік және эстетикалық қабілеттерін 
дамыту-манкамен сурет салу), (мектепке дейінгі балалардың манка көмегімен дәстүрден тыс сурет 
салу техникасы туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал ету.) 
13


Педагогтың міндеті: Баланың сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылығын 
ояту, материалмен дұрыс жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, ойлау қабілеті 
мен өзіне деген сенімділікті дамыту, өз жұмысын соңына дейін аяқтауға, қиын сәттерді жеңуге үйрету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет