5М050500 – Аймақтану мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мамандануы



Дата15.06.2016
өлшемі50 Kb.
#138189
5М050500 – Аймақтану мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мамандануы


Мамандықтың коды мен атауы

5М050500-Аймақтану

Берілетін академиялық дәреже

Әлеуметтік ғылымдар магистрі

Факультет

Халықаралық қатынастар

Профилді пән: Аймақтануға кіріспе, ҚРСС

Оқытудың мақсаты мен нәтижелері:

Білім беру бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды мықты теориялық және тәжірибелік негізге сүйенетін жүйелік біліммен бірге, элективті бағыттар бойынша ғылымның жаңаша жетістіктеріне сүйенген біліммен қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • Түлектердің кәсіби мобильділікті кепіл ететін ғылымдар тоғысындағы фундаменталды білімдерді алуы үшін жағдайды қамтамасыз ету;

– Түрлі халықаралық және аймақтық үдерістерді ғылыми талдау және болжау дағдыларын қалыптастыру;

– Саяси және экономикалық үдерістердің сапалық және сандық талдауын жүзеге асыруды, әлеуметтік зерттеулер мақсаттарын анықтау және оларды іске асыру үшін әдістер, әдістемелер мен техникаларды қолдануды, пәнаралық жобаларда жұмыс істеу дағдыларын үйрету.



Магистр міндетті:

түсінікке ие болу қажет:

- қоғамдық өмірдегі ғылым мен білімнің рөлі туралы;

- ғылыми танымның дамуындағы қазіргі тенденциялары туралы;

- жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлы, экономикалық) ғылымдардың өзекті әдістемелік және философиялық мәселелері туралы;

- жоғарғы мектеп мұғалімінің кәсіби құзыреті туралы;

- жаһандану үдерісінің қайшылықтары мен әлеуметтік-экономикалық салдары туралы.



білу қажет:

- ғылыми танымның әдіснамасын;

- ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидалары мен құрылымын;

- оқу үдерісіндегі студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;

- оқыту тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен тәсілдерін;

- терең жүйелі білімдерге ие болу және ғылыми пәннің, ғылыми зерттеу саласы және кәсіби тәжірибе аймағының қазіргі күйін көрсететін мәседедерді, тәсілдер мен тенденцияларды сыни бағалай алу;

– өз ғылыми зерттеулері мен қазіргі ғылыми іздеулерге қатысты қолданыла алатын әдістер мен техникаларды;

істей алу қажет:

- идеяларды ғылыми зерттеулер контекстінде ерекше дамыту мен қолдану үшін алынған білімдерді пайдалану;

- үдерістер мен құбылыстарды талдауға қатысты бар тұжырымдар, теориялар мен әдістерді сыни саралау;

- түрлі пәндер шеңберінде алынған білімдерді жаңа белгісіз жағдайдағы зерттеу міндеттерін шешу үшін жинақтау;

- білімдерді интеграциялау арқылы толық емес немесе шектелген ақпарат негізінде тұжырымдар жасау және шешімдер қабылдау;

 - өз педагогикалық қызметінде жоғарғы мектеп педагогикасы мен психологиясының білімдерін қолдану;

- оқытудың интерактивті әдістерін қолдану;

- заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-сараптамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты жүргізу;

- шығармашылық ойлау және жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде шығармашылыққа жүгіну;

- ғылыми зерттеулерді жүргізуге және жоо-да арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретіндей кәсіби деңгейде шетел тілін еркін меңгеру;

- ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстың нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, есеп, сараптамалық жазба және т.б. ретінде жалпылау;

- әдістемелік тәсілдерді бағалау, олардың сыни сараптамасын жүзеге асыру және қажет жағдайда жаңа болжамдарды алға тарту;

- күрделі мәселелерді шешуде жүйелі және шығармашылық тәсілдерді көрсету, толық мәліметтердің жоқтығы жағдайында негізделген қорытындыны жасай алу және өз қорытындыларын мамандар үшін де, сәйкес кәсіби дайындығы жоқ аудитория үшін де түсінікті етіп баяндау;

меңгеру қажет:

  - ғылыми-зерттеу қызметінің, стандартты ғылыми міндеттерді шешу әдістері мен әдістемелерін;

- кәсіби пәндерді оқыту әдістерін;

- білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін;

- кәсіби қарым-қатынас пен мәдениаралық коммуникациялар дағдыларын;

- шешендік өнердің, өз ойларын ауызекі және жазба түрде қимынды рәсімдеу дағдыларын;



құзыретті болу қажет:

  • аймақтану мен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелерінде;

  • ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;

  • жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі саласында;

  • қазіргі білім беру мәселелерінде;

  • кәсіби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

  • білімдердің тұрақты жаңаруын, кәсіби дағдылар мен қабілеттердің кеңеюін қамтамасыз ететін тәсілдерде;

  • бар зерттеу және сараптау әдістерінің сәйкес ғылымда жаңа білімді жасау мен интерпритациялау үшін қалайша қолданылатынын практикалық тұрғыда түсіне отырумен қатар, бар білімдердің өзіндік қолданысын табу;

  • ғылыми білімнің берілген саласында қазіргі ғылыми зерттеулер мен теорияларды сыни бағалау;

  • әдістемелік тәсілдерді бағалау, олардың сыни сараптамасын жүзеге асыру және қажет жағдайда жаңа болжамдарды алға тарту;

  • мәселелерді шешуде дербестік пен өзіндік тәсілді көрсету, кәсіби деңгейде міндеттерді өзіндік жоспарлау мен шешу.


ие болу қажет:

- жұмыс беруші мен серіктестерді тартатын кәсіби біліктілікке.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет