5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата05.09.2023
өлшемі128.59 Kb.
#476614
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
орындауға әдістемелік нұсқау.
Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы көз қарасы
мен біліктілігін жетілдіру және зерттеулік қабілетін арттыру мақсатында
беріледі.
Студент педагогикалық практика кезінде мектептегі оқу үрдісіне зерттеулік
көз қараспен қарайды. Оқу үрдісінің қойылу тиімділігі, сапасы, тәрбиелік
жұмыстардың уақытылы және тиімді жүргізілуіне, оқушылырдың білім
деңгейіне, мектептегі мұғалімдердің педагогикалық іс-тәжірибелеріндегі
маңызды нәтижелерге және қолданылатын жаңа оқыту технологияларының іске
асуына өзіндік баға береді. Студент практика нәтижесінде мектептегі оқу ісінің
тиімділігін арттыру туралы өз пікірін білдіреді.
Мектептегі оқу үрдісінің көрнекілік материалдармен және құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етілу дәрежесіне, сабақ өту барысындағы жаңа және
алдыңғы педагогикалық әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл
аударады.
Пән бағдарламасы мен сабаққа арналған арнайы әдістемелік құралдардың
жеткіліктігіне және күнделікті сабақ жоспарының жазылу сапасына мән
береді.
Аса маңызды сәт болып мектептегі оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырудағы жаңа инновациялық оқыту технологияларының
меңгерілуі саналады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарды атқаруына қажетті
әдістемелік материалдардың мөлшері мен жұмыстардың атқарылу сапасына
баға береді. Бастауыш пәні бойынша біліктілікті көтеру және табиғатты сүю
бағытында орындалатын жеке жұмыстар мен тәрбие сабақтарының сапасын
бағалайды.
Барлық байқаған жетістіктерді күнделікке жазып практика туралы есеп
кезінде баяндайды.


5. Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің
міндеттері
Студенттің мектептегі педагогикалық практикасын өту кезінде мектеп
тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика
жоспары бойынша барлық практикалық жұмыстарды атқару барысын
қадағалайды. Педагогикалық практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін,
студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен тәсілдерге үздік
машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші келесідей
жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:
- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;
- мектептегі бастауышта оқытылатын пәндерінің мемлекеттік
бағдарламасымен таныстыру;
- бастауыш пәні бойынша жылдық, тоқсандық және жеке сабақтық
жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;
- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;
- педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ
жүргізу әдістемелерімен таныстыру;
-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;
-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;
- студенттің практикалық қызметін кафедра анықтаған жоспар бойынша
атқаруына жағдай жасау;
- студенттің практика жөніндегі есеп түзуіне қажетті құжаттармен
қамтамасыз ету;
- студентке практика жөнінде мінездеме беру;
- практика кезіндегі жетістіктер мен кемшіліктер туралы университет
тарапынан тағайындалған жетекшіге хабар беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет