5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері



жүктеу 0.68 Mb.
бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы

Пәнді оқыту бағдарламасы



5В010801 Дене шынықтыру және спорт

Анатомия, спорт морфологиясының негіздері



Құрастырушы:

БжЭ кафедрасының

аға оқытушысы

Шарипова А.К.

№5 хат. 12.11.2012 ж. кафедра отырысында қарастырылған және ұсынылған


Кафедра меңгерушісі _______________ Ш.М.Жумадина
Павлодар


1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Шарипова Айнагуль Каировна

Биология және экология кафедрасының аға оқытушысы

Ломов к.64, А-корпус, А-356 аудитория

телефон 8(7182) 67-36-68
2 Пән туралы мәліметтер

Пән 3 семестрде 15 апта аралығында оқылады. Жалпы сағат көлемі – 45, оның ішінде 7,5 дәріс, 7,5 тәжірибелік, 30 СӨЖ сағаттары қарастырылады. Бақылау түрі – емтихан.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

ОСӨЖ

2

4

180

30

15

15

-

-

120

30

емтихан

Бар-лығы

180


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Пәнінің мақсаты - Анатомия, спорттық морфология негіздерімен спорттың сан алуан түрлерінен жаттықтырушыларды және дене төрбиесінен дәріс беретін мүғалімдерді медициналық, биологиялық даярлықтан өткізетін фундаменталды теориялық пән ретінде мамандардың тек қана болашақ қызметінің обьектісі туралы білім беру ғана емес, сондай-қажетті тәжірибелік дағдыларды игеруді қамтамасыз ету болып табылады.


Пәннің міндеті - студенттердің диалектикалық- материалистік дүниетанымының қалыптасуын, жалпы биологиялық, теориялық және өдістемелік даярлығының кеңейту.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:


  • адам организмінің барлық үйымдастыру деңгейінде қүрылысы;

  • жастық, конституционалдық және спорт морфологиясының негіздері;

  • жыныстық диморфизм негіздері жөнінде түсінік болу;

  • ағзаның жасушаларына, ұлпалары мен мүшелеріне тән негізгі тіршілік әрекетінің жалпы көрсеткіштерін;

  • морфологиялық зерттеу әдістерін;

  • адам ағзасы қызметінің мүмкіншіліктерін және оның арту механизмдерін зерттеу;

  • ағзаның сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі эсерлеріне жауабын білу;

  • тірі ағзада негізгі анатомиялық құрылымдардың – сүйек төмпешектерін, жылғаларын, байланыстырушы сіңірлердің бағыттарын, бұлшық еттердің пішінін анықтау, олардың бекіну орындарын, ішкі мүшелердің және шеткі нервтердің орналасуын;

  • оқылған материалды талдау және синтездеу, адам ағзасының қалыптасуындағы себеп-салдарынның бағыттарын анықтау;

  • жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барысында бұлшық ет қызметін камтамасыз ететін физиологиялык механизмдерді ашу икемді болу;

  • спортшы денесінің қалыпты жағдайы мен қимыл - қозғалысының анатомиялық талдау және морфологиялық зерттеулер тәсілдерін пайдалануды;

  • зертханалық сабактарда өз бетімен тәжірибелік ғылыми зерттеулер жүргізуді;

  • әртүрлі жастағы адамдармен жұмыс жасайтын мамандарды анатомия пәнінен алған білімдерін пайдалана білуге баулу практикалық машықтарды иемдену қажет;

2 Пререквизиттер: Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: биология, физика, экология және химияның мектеп курсары.
3 Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: адам физиологиясы (жалпы және жас), дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері, биомеханика.
Пәннің тақырыптық жоспары
Күндізгі оқу түрі бойынша




р/с

Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

Зертх.

ОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

2







5

2

Организм құрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі

2

2

2

8

3

Организмнің өсу және даму заңдылықтары.

2







8

4

Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары

2




2

8

5

Қаңқа бұлшық еттері

2




2

8

6

Жалпы динамикалық морфология

2

2




8

7

Жеке динамикалық тәнтану

2

2




8

8

Ішкі мүшелер

2




2

9

9

Жүрек қан тамырлар жүйесі

2




2

8

10

Ішкі секрециялық мүшелер

2

3




8

11

Жүйке жүйесі

2




3

10

12

Сезім мүшелері

2




2

8

13

Жас шамасының морфологиясы

2

2




8

14

Конституционалдық морфология және жыныстық деморфизм

2

2




8

15

Спорттық морфология

2

2




8

БАРЛЫҒЫ:

30

15

15

120


Пән тақырыптарының мазмұны
1 Тақырып. Кіріспе

Анатомия- ғылым әрі оқыту пәні. Анатомияның мазмүны жөне оның биология ғылымдарының ішінде алатын орны. Анатомияның міндеттері және медициналық - биологиялық және спорттық-педагогикалық пәндермен байланысы. Анатомияның өдістемелік негіздері.

Адам организмінің қалыптасуындағы өлеуметтік биологиялық факгорлардың маңызы. Анатомиядағы зерттеулердің әдісі.

Адамның дене құрьшысындағы симметриялық бірліктердің мөні, жазықтары.

Организм және оның құрамдық компонентгері. Мүшел, мүшелер аппаратының немесе жүйелерінің компоненттері. Мүшелер аппараты мен жүйелердің таратудың негізгі принциптері. Қозғалыстарды атқару, реттеу және қамтамасыз ету мүшелері, аппараттары, жүйелері.

2 Тақырып. Организм құрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі

Жасуша организмнің өмір сүру әрі даму құрылысындағы негізгі қызмет атқаратын бір бөлшегі. Жасушаның негізгі бөлігі, пішіні және мөлшері. Жалпы және арнаулы мәндегі органеллдер, жасушаның қосылыстары. Органеллдердің, жасушаның пластикалық және энергетикалық процестеріне қатысуы. Ядро және оның құрылымдық компоненттері. Ядроның құрылысы мен пішіні. Хромосомдар. ДНҚ, тұқым туралы түсінік. Ядроның атқаратын қызметінің мәні. Өзін- өзі сезіну (жасушаның құрылымдық элементтерінің өздігінен өнуі). Жасушаның өмір сүру циклі. Жасушалардың бөліну түрлері. Адам организмінің жасуша аралық құрылымы.

Ұлпалар. Ұлпалардың жалпы мінездемесі және топтастырылуы.

Эпителиальдық ұлпалар. Олардың атқаратын қызметтері, шығу тегі мен құрылымдық ерекшеліктері. Жасушаның өз пішініне, қабатының қанша екендігіне қарай және де атқаратын қызметіне байланысты талдау.

Қабықты, ауыспалы, бездер эпителийі. Бездердің түрлері, пішіндері мен құрылымы. Сыртқы және ішкі секрециялық бездер туралы түсінік. Эпителий ұлпаның регенерациясы.



Ішкі ортадағы (дөнекер)ұлпалар, Олардың құрамы, қызметі және топтастырылуы. Қан және сарысу. Қан плазмасы мен формалық элементтері (олардың сипаттамасы мен сандық құрамы).

Біріктіруші ұлпа: жеке дара біріктіретін ұлпаларды топтастыру. Бытыраңқы (қалыптасқан, қалыптаспаған) біріктіру ұлпалар, оның жасушалық элементтері (фиброциттер, фибробластар, гистоциттер, т.с.с). Жасуша аралық заттар (эластикалык, және коллагендік талшықтар). Тығыз талшықты біріктіру ұлпалар. Шеміршек ұлпа, оның сан алуан түрлілігі, құрылысы мен атқаратын қызметінің сипаттамасы. Пластикалық сүйек ұлпа. Сүйектің микроскопиялық құрылысы. Сүйектің пластинкалары, олардың құрылыстары және орналасуы.

Остеон- құбыр тәріздес сүйектегі тығыздалған заттардың кұрамдық бөлшегі. Қатқыл талшықты сүйек ұлпа. Сүйек ұлпасының регенерациясы. Біріктіруші ұлпалардың сан алуан түрлерінің механикалық қасиеттерін қосқан кездегі беріктігі, созылу, ажырау, айналып кету.

Бұлшық етті үлпалар. Бұлшық еттің өзіндік қасиеттері, алуан түрлілігі: біріңғай салалы, көлденең жолақты бұлшық етті үлпалар, жүректің бұлшық ет үлпасы.

Біріңғай салалы бұлшық ет үлпасы, оның орналасуы және атқаратын қызметіне байланысты ерекшеліктері. Біріңғай салалы бұлшық ет жасушалары, миофибриллдер, протофибриллдер.

Көлденең жолақ бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық ет талшығы (мион)-қаңқаның бұлшық ет ұлпаның негізгі элементі болып табылады, оның пішіні мен мөлшері. Бұлшық ет талшықтың біріктіруші (миофибрилл системасы), трофикалық (ядро-саркоплазмалық ққрылымының тұтастығы), мембранды (Т-системасы), тірек (бүлшық етгі талшық қабықшасы) және (М-жолақтар) және жүйке (сезім элементтері) аппараты.

Саркомер. Протофибриллдер, олардың құрамы мен алуан түрлілігі. Бұлшық етті талшықтарын құрылымдық қысқаруы. Бұлшық ет талшықтардың түрлері: қызыл, ақ, ауыспалы. Олардың құрылымы мен атқаратын қызметінің сипаттамасы, спорт тәжірибесіндегі мәні. Қозғалатын бөлшектер (үлкен, кіші) және олардың атқаратын қызметтері. Бұлшық ет көлемінің өздігінен жаңаруы және өсуі.

Жүректің бұлшық ет ұлпасы, оның қаңқалык бұлшық еттерден айырмашылығы. Кардиомиоцит және оның құрылымдық компоненттері, олардың ажырауы. Жүректің ерекше бұлшық еттерінің сипаттамасы.

Жүйке ұлпасы. Нейрон - жүйке ұлпасының негізгі қызмет атқаратын құрылымдық бөлшегі. Жүйке ұлпаның тіректік және трофикалық элементтері. Макро және микроглия.Нейрондардың құрылысы, пішіні және көлемі. Нейрон өскіндерінің қабыршақтары.Нейрондар өскіндердің сипаттамасы (нейриттер мен дендриттер).

Синапстер және олардың жүйке импульстерін берудегі мәні. Рецепторлар. Нейронның түрлері. Жүйкелік діндер, перифериялық жүйке өскіндері, олардың қабықшалары құрамдарының вариативтілігі. Жүйке ұлпалары элементгерінің регенерациясы.



3 Тақырып Организмнің өсу және даму заңдылықтары.

Жыныстық жасушалар. Ұрықтану. Эмбриогенездің сатылары. Ұлпалар (гистогенез) мен мүшелердің (онтогенез) дамуы. Организмнің сырттай дамуы.



4 Тақырып Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары

Қаңқа және оның қызметі туралы түсінік. Сүйек қаңқасының құрамдас бөлігі. Сүйек құрылысы. Сүйектің үстіңгі қабаты. Тығыз әрі кеуекті заттар. Ұзын, қысқа, аралас, тегіс, ауа өткізгіш сүйектердің ерекшеліктері. Сүйекті ми және оның атқаратын қызметінің мәні. Сүйектің пішіні жөне оның атқаратын қызметпен байланысы. Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің жас шамасының өзгеруіне байланысты, механикалық қасиеті мен химиялық құрамы. Сүйектің эндесмальді, энхондральді, перихондральді түрлері туралы түсінік. Сүйектің ұзындығы мен қалындығы жағынан өсуі. Сүйектің қартаюы, өсуі, дамуы барысындағы ішкі және сыртқы факторлар. Механикалық салмақтың сүйектің интенсивті дамуына ықпал ету.

Сүйектердің байланыстары туралы ілім. Сүйектердің байланыстардың топтастыруы: фиброздық (синдесмоздық, сүйекаралық жарғақтар, байламдар, тігістер және сүйектенуі),
шеміршекті (синхондроздар, симфиздер). Буындар. Буынның негізгі элементтері. Қосымша пайда болған буындар. Буындарды топтастыру: байланысқан сүйектердің санына қарай, қызметтік таралу біліктердің санына қарай. Жай, күрделі, қос камералы, аралас буындар. Буындағы қозғалыс пен айналысатын біліктері, пішіндері. Буын пішіндері арасындағы қызметке қатысты тәуелділік. Қозғалыстың ауқымы мен буынның үстіңгі бетімен арақатынасы. Буындағы қозғалысты тежеу, өрі шектеу.

Дене қаңқасы. Омыртқа бағанасы. Оның негізгі бөліктері; Омыртқа құрылысының жалпы көрінісі. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктер. Сегізкөз бен құймышақтың құрылысы. Омыртқалардың айланысы: омыртқалардың денелері арасында, доғаларының және өсінділерінің аралықтарындағы байланыстар. Омыртқа аралық дискілері және олардың құрылысы. Омыртқааралық буындар. Омыртқа бағананың байланыс аппараты. Омыртқа бағананың бас сүйектермен байланысуы. Сегізкөзбен қүймышақтың бірігуі. Омыртқа бағананың тұтастығы. Оның тіректік және серпімділік қасиеті. Омыртқа бағананың физиологиялық тұрғыда иілуі жөне оның қызметтік мәні. Омыртқа бағананың қозғалысы.

Қозғалыс барысындағы омыртқа бағананың иілуіндегі өзгерістер. Адам денесінің сыртқы қабатында омыртқа бағананың құрылыстардың проекциясы.

Кеуде қуысы. Кеуде қуысының сүйектік негіздері. Төс сүйек пен қабырғалардың құрылысы. Қабырғалардың қозғалыстары. Кеуде қуысы қабырғаларының доғалары, төсасты бұрыш. Кеуде қуысының тұтастығы, пішіндері. Кеуде қуысының жас шамасы және оның жыныс арқылы көрінетін ерекшеліктері. Адам денесінің сыртқы қабатында кеуде сүйектер құрылыстардың проекциясы. Кеуде сүйектердің қозғалысын көрсету.

Бас қаңқасы. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы. Ми және бет сүйектері. Ми сауыты сүйектер. Бас сүйектер құрылысының ерекшеліктері. Ми саутының сыңар сүйектері: шүйде, сына тәрізді, мандай және торлы сүйектер. Ми сауытының жұп сүйектері: төбе және самай. Бас сүйектің бет жағындағы бөліктеріндегі сүйектер: жүптасқан - жоғарғы жақ, әлпет, тандай, мұрын, жақ сүйектері: төменгі жақ, кеңсірік, құрмау сүйек. Бас сүйектердің тұтастығы.

Бас қаңқа сүйектердің байланысы: тігістері, самай астыңғы жақ сүйек буындары оның құрылысы және қозғалысы. Бас сүйектердің төбесі, сырткы және ішкі негіздері. Көз шарасы оның қабырғалары мен хабар алу жолдары. Мұрын қуысы, оның қабырғалары, ауа өткізетін кеңсіріктері. Ауыздың сүйектері. Бас сүйектерінің рентгентәнтануы. Бас каңқасының жас шамасы, жыныстық және жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері.



Қол қаңқасы. Қол сүйектерінің иық белдеуі және еркін қозғалатын бөлімдері. Жауырын мен бұғана. Тоқпан жілік, шынтақ және шыбық сүйектері, білезік сүйектер, алақан және қол бастың саусақтары, олардың құрылысы мен орналасу жағдайы. Қол сүйектердің байланыстары. Кежеге (төс-бүғана) және топша (акромион-бүғана) буындар, олардың ішіндері, айналу біліктері және қозғалыстары шектетін байламдары. Иык, шынтақ, проксимальді және дистальді шыбық- шынтақ буындар, қоспа (шыбық- білезік) буын, олардың құрылыстары мен пішіндері, буын қабылары, буын қуыстары, байламдары, айналу біліктері мен қозғалыстары. Қол-бас буындардың және байланыс аппаратының ерекшеліктері. Білезік-аралық буын. Қол бастың үлкен саусақтың білезік- алақан буыны және 2-5 саусақтардың буындары. Алақан — саусақ және бақайшық аралық буындары. Қол сүйектердің рентгентәнтануы. Адам денесінің сыртқы кабатындағы қолдың қаңқасының пайда болуы және жобалануы. Қол сүйектердің қозғалыстарын көрсету.

Аяқтың қаңқасы. Аяқ сүйектерінің мықын белдеуі жөне еркін қозғалатын бөлімдері. Қасаға (ей шат сүйегінің бірігуі). Жамбас сүйек, оның үш сүйегі: мықын, отырғыш жөне шат. Ортан жілік, тізе тобығы, үлкен және кіші жіліншіктер, аяқ басының сүйектері: тілерсек, табан және бақай сүйектері, олардың құрылыстары мен орналасу жағдайы. Аяқ қаңқасының байланысуы.

Сегізкөз-мықын буын құрылысы мен қозғалысы. Қасаға екі шат сүйегінің бірігуі. Жамбастың тұтастығы. Жамбастың үлкен және кіші астаулары. Жамбастың жас шамасына, жынысқа, жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері.

Жамбас-сан (ұршық) және тізе буындары, балтыр сүйектерінің байланысулары. Балтыр-табан (тілерсек) буьны, оның құрылысы, пішіні, буынның қабы, қуысы, байлам аппараты, қосымша құрылыстары, айналу біліктері мен қозғалыстары. Аяқ бастың буындары мен байлам аппаратының ерекшеліктері: топай асты буын, топай-өкше-кайық буындары, өкше-текше, тілерсек- табан, табан-бақай және башпай-аралық буындары. Аяқ бастың қозғалыстары. Аяқ бастың тұтастығы. Аяқ бастың ұзыннан жөне көлденең орналасқан күмбездер. Аяқ бас күмбездерінің белсенді және сылбыр тартылғыштары. Жалпақ табан туралы түсінік.

Аяқ сүйектері мен буындардың рентгентәнтануы. Адам денесінің үстіңгі қабатындағы аяқ қаңқалық құрылымының жобалануы. Аяқ буындары қозғалыстарының көрінісі.



5 Тақырып Қаңқа бұлшық еттері

Бұлшық еттің қызметі. Оның пішіндері: ұзын, қысқа, кең, ұршықты және шеңберлі бұлшық еттер. Күшті және епті бұлшық еттер. Бұлшық еттің атқаратын қызметі мен байланысы. Бұлшық еттердің құрылысы. Бұлшық еттің өзінікі дәнекер ұлпа шандыр қабығы (фасция), эндомизий және перемизиясы. Бұлшық еттің шектен тыс әрекеті. Бұлшық еттің қосымша аппараты және оның қызметтік мәні. Бұлшық еттің қамтамасыз етілуі және жүйкеленуі. Одақ жөне қарама- қарсы бұлшық еттер. Бұлшық ет жұмысына сипаттама: бұлшық еттің күйі, қалпы. Бұлшық еттердің шексіз (басым), шартты және аудару, салу күштері. Бұлшық еттің тарту күшінің жолы. Бір, екі және көп буынды бұлшық еттер. Бұлшық еттердің шектен тыс әрекеті. Бұлшық ет жұмысына сипаттама. Бұлшық еттердің жеңу, беру, ұстап қалу және баллистикалық жұмыстары. Бұлшық ет топтары мен бұлшық ет күштерінің тепе-тендігі туралы түсінік. Бұлшық ет күштерінің сөті. Бұлшық еттердің күштерін қосу және алу. Күш паралеллограммасы. Екі күілтін, әрекеті. Бұлшық ет жұмысы мен бастырық (рычаг) заңы. Бұлшық еттердің бөліктері. Адамның қозғалыс аппаратындағы I, II, III түрі бастырықтардың сипаты.



Дене мен мойынның бұлшық еттері. Дене бұлшық еттерінің атқаратын қызмеіі. Омыртқа бағананы қозғалтатын бұлшық еттер. Омыртқа бағанының мойын бөлігінің алға иілуіне қатысатын бұлшық етгер. Омыртқа бағанасын жазатын бұлшық еттер, олардың орналасуы, басталатын және бекитін орындары, адам денесінің жоғары қабатындағы жобалануы. Әртүрлі тірек қалпында арқа бұлшық еттердің қызметтері. Омыртқа бағанасын мойын бөлігін бүгетін бұлшық еттер. Мойын бұлшық еттері: үстіңгі, құрмау сүйегіне бекитін бұлшық еттер және тереңдегі. Бас қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Құрсақ бұлшық еттері. Әртүрлі тірек калпында қүрсақ бұлшық еттердің қызметтері, құрсақ қуысының сығымдалуы және оның спортшылар үшін атқаратын қызметі. Үйқы жөне жақасты үшбүрыштары- мойынның топографиялық құрастырлары. Мойынның шандыр қабықтары. Омыртқа бағанының бел бөлігін бүгетін бұлшық еттер.

Тыныс қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Демді ішке алдыратын бұлшық еттер: жәрдемдесу, кеуде қуысқа дәлелді әрекет ету. Көкет, оның орналасуы, құрылысы мен атқаратын қызметі. Қабырғааралық бұлшық еттер (сыртқы және ішкі). Демді шығаратын құрсақ бұлшық еттері, қабырға асты, кеуде қуысының көлденең бұлшық еті. Тыныс алудың түрлері.

Бас бұлшық еттері. Шайнау бұлшық еттері. Бас бұлшық етерінің
қызметі, қүрылысы сипаттамасы.Төменгі жақ сүйектің қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің топтары: көтерілу, төмен түсу, алға және артқа қозғалу және бір жағына жылжу. Ымдау және шайнау бұлшык етгері. Бастың шандыр қабықтары.

Қолдың бұлшық еттері. Кежеге (төс-бүғана) буында иык, белдеу сүйектерді қозғалтатын бұлшық еттер: алға, артқа, жоғары, төмен және сагитальді біліктің айналасында жауырынның төменгі бұрышын ішке және сыртқа бұру. Қолдың иық белдеу сүйетерінің қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Бұлшық еттердің басталатын жері және бекітуі, буындардағы білектердің (остредің) айналуына қатысты орналасуы.

Иық буынындағы бұлшық еттердің қызметтері: бұгу, жазу, алшақтату, жақындату, пронация, супинация. Бұлшық еттердің бастау жері және бекуі.

Білек сүйектердің қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, жазу, пронация, супинация, олардың басталатын жері мен бекуі. Қол басының және саусақтардың қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, = жазу, алыстату, жақындату. Қолдың шандыр қабықтары. Проксимальдық, дистальдық тіректердің барысында қолдың бұлшық еттерінің атқаратын қызметі. Адам денесінің жоғарғы қабатындағы қолдың бұлшық еттерінің атқаратын қызметі. Адам денесінің жоғарғы қабатындағы қолдың бұлшық еттерінің пайда болуы, жобалануы.

Аяқтың бұлшық еттері. Ұршық (жамбас- сан) буынындағы санның қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, жазу, алшақтату, жақындату, пронация мен супинация. Тізе буынында балтыр сүйектердің балтырды қозғалтатын бұлшық еттердің топтары: бұгуші, жазушы, пронациялық, супинациялық. Тілерсек буынындағы аяқ басының қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, жазу, алыстату, жақындату, пронация, супинация.

Аяқ бастың бақайлардың қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер. Аяқтың шандыр қабықтары. Аяқ басының күмбездерін ұстаушы бұлшық еттер, олардың басталатын жері мен бекуі. Аяқтың топографиялық құрылымы және оның атқаратын қызметі. Аяқ пен қолдың бұлшық еттерінің салыстырмалы сипаты. Адам денесінің жоғарғы қабатында аяқтың бұлшық еттерінің жобалануы.


  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет