5В031200 «География» мамандықтарына арналған


Табиғи ресурстар және олардың классификациясы



бет3/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#180217
1   2   3   4   5   6   7

Табиғи ресурстар және олардың классификациясы


Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.

Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.

Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.

Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы жатады. Қоршаған ортаның ауасы мен суы саны бойынша өзгермеуі мүмкін, бірақ адамның тіршілігі барысында сапасы төмендеуі әбден мүмкін. Бұл табиғи байлықтар қазіргі таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ тазалау, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.

Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.

Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи байлықтардың орнына кайта келуі. Бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:

- қалпына келетін -өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;

- қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар рудалары, мұнай, газ және т.б.);

- салыстырмалы қалпына келетін - пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар - секвойя, баобаб және т.б.).

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану


Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.

Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосферагидросфера және атмосфераныңтерең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.

Тау-кен металлургия саласы

Тау-кен металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын бiлдiредi, оның рөлi жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн түпкiлiктi өнiм (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсiбi) өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз ету болып табылады.



Қазақстан тау-кен металлургия салаласының негізгі міндеттері:
Шағын және орта бизнестi тарта отырып, бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер құру, қосылған  құны жоғары терең қайта өңдеу өнiмдерiнiң үлесiн ұлғайту және номенклатурасын кеңейту.
Импорт көлемінің басым бөлігі: құбырлар, құбырлар мен қуыс құбырлар; қара металдан және оның бөліктерінен жасалған металқұрастырғыштар; темірден жасалған шыбық немесе қосындыланған болат және қара металдан жасалған басқа да заттардан тұрады. Сондықтан да импорт құрылымы тау-кен метталургиясы өнімдерінің импортында қосыған құны жоғары өнімдердің басымдылыққа ие екендігін көрсетеді.

Қазақстан инвесторларға не ұсынады:

Шикізат қоры
Қазақстанның металлургиясы тек осы елдің деңгейінде ғана емес, әлемдік маштабта әлеуеттік мәнге ие, бай минералды-шикізат базасымен сипатталады. Аталған шикізатпен металлургиялық кәсіпорындарды қамтамасыз ету 50-ден 300 жылға дейінгі ағымдық қуаттылықты құрайды. Көп жағдайда кен орындар бірнеше металл түрінде кездесетін кешендерден тұрады, бұл өз кезегінде кенді табу, байыту және өңдеуде әртүрлі технологияларды қолдануды талап етеді.
Қазақстанда әлемдiк хром кенi қорының 30 %-ы, марганец кенiнiң 25 %-ы, темiр кенiнiң 10 %-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдiк қордың тиiсiнше 10 және 13 %-ын құрайды. Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнiң арасында хромиттер қорының басым салмағы 90 %-ды, вольфрам 60 %-ды, қорғасын мен мыс 50 %-ды, бокситтер 30 %-ды, фосфориттер 25 %-ды, темiр кенi 15 %-ды құрайды. Қазiргi кезде Қазақстан титан өндiрiсi бойынша әлемде 3-орынды, мырыш бойынша - 7, қорғасын - 8, темiр кенi - 13, мыс - 15, болат - 35-орынды иемденедi.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар
2011 жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша тау-кен метталлургия өнеркәсіптерінде 286 ірі және орта кәсіпорын тіркелген.

Бәсекеге қабілетті кластер
«Ақтау теңіз порты» АЭА 

Құрылды

ҚР Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 Жарлығы

Жұмыс істеу мерзімі

2032 жылдың 31 желтоқсанына дейін

Аумағы / Кен орны

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы, аумағы - 2000 га.

Қатысушылар

3 қатысушы «Keppel Kazakhstan» ЖШС; «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ;  «АЗСТ» ЖШС

Жобаны құру мақсаты

Аймақтың дамын жеделдету

Салалық бағыты:

1) тұрмыстық электр құралдарын өндіру;
2) теріден жасалған бұйымдарды өндіру;
3) химиялық өнеркәсіп;
4) резиналық және пластмассалық бұйымдарды өндіру;
5) басқа да бейметалл минералды өнімдерді өндіру;
6) металлургиялық өнеркәсіп;
7) дайын металл бұйымдарын өндіру;
8) машина және оның жабдықтарын өндіру;
9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

 «Металлургия-Металөңдеу» индустриялық паркі

Аумағы/Кен орны

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Сарыарқа» ӘӘК, ауданы - 540 га

Инфрақұрылымы

Темір жол кіріс жолдары,  оптиволоконды байланыс тізбектер, электрмен жабдықтау, автокөлік жолдары, су және кәріз құбырлары.   

Жобаны құру мақсаты

Бәсекеге қабілетті металлургия және машина жасау өндірісін құру және орналастыру:

Артықшылығы

Аймақта келесідегідей кен орындардың қоры шоғырланған
• 100% республикадағы марганцтің қоры;
• 80% үшоксид вольфрамы;
• 54% қорғасын;
• 40% мырыш;
• 36% мыс;
• 32% көмір, оның ішінде кокстенген көмір 100% құрайды;
• 100% волластонита;
•  70% барит

Кен орындар:
• 32 алтын;
• 27 мыс;
• 22 молибден;
• 21 қорғасын;
• 14 мырыш;
• 12 темір

 «Нишалық» жобалар
Тау-кен металлургиясындағы «нишалық» жобалар былай анықталды:

Қара металлургия
1) Қазіргі заманғы электр болат балқыту зауытының құрылысы – Тараз қ., бұрынғы «Химпром» зауытының инфрақұрылымдық базасында.
2) Арнайы табақ болат шығаруға арналған табақша металды илемдейтін және болатты балқытатын цех құрылысы- Ақтөбе қ., Ақтөбе облысы
3) Рельсті өндіруді ұйымдастыру – Павлодар қ.
4) Электрометаллургиялық болат құю зауытын ұйымдастыру – Жамбыл облысы
5) Магистралды құбырды өндіруді ұйымдастыру – Маңғыстау немесе Атырау облысы
6) «Кастинг» ЖШС ПФ жоғары сапалы арматурды өндіруді ұйымдастыру – Павлодар облысы
7) Феррохром көміртекті қоспаны қорыту бойынша зауыт шығарған хром қоспаларын өндіру көлемін арттыру – Ақтөбе облысы.
8)  Ферромарганецті өндіруді ұйымдастыру – Саран қаласы, Қарағанды облысы
9)  Басқа ферероқортпаларды өндіруді ұйымдастыру
10)Арнайы коксаның күлін төмен шығару бойынша екі зауыттың құрылысы – Қарағанды қ.
11)Тотығуға төзімді үш зауытты ұйымдастыру – Теміртау қ., Өскемен, Шымкент

Түсті металлургия
12)  Бастапқы алюминиді өңдіру бойынша өндірісті ұйымдастыру – Павлодар облысы
13)  Металл алюминиден өндіретін прокат-метиз зауытының құрылысы – Павлодар облысы
14)  Тазартылған мырыштан металл өнімдерін өндіру бойынша зауыт құрылысы– Шығыс Қазақстан облысы
15)  Тазартылған мыстан металл өнімдерін өндіру бойынша зауыт құрылысы– Қарағанды облысы

Сирек кездесетін металдар:
16)  Аз салмақты кеуекті титан өндіру- Шығыс Қазақстан облысы, Өскенмен қаласы 
17)  «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ оңалту және сирек металдарды 4-кезеңін құру- Шығыс Қазақстан облысы, Өскенмен қаласы 
18)   «Степногорск тау-кен химия коминаты» базасында тау-кен байыту комибинаты құрылысы – Степногорск қаласы, Ақмола облысы

Ұсынылған өндірістік аймақтар 
Кен металлургиясы кешенінің кәсіпорындары алдағы уақытта да негізінен елдің Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Жезқазған қалаларындағы салалық мамандандырылған орталықтары бар солтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-батыс бөліктерінде шикізат және арзан электр энергиясы көздеріне, қолда бар өндірістік қуаттарға, инфрақұрылымға және білікті еңбек ресурстарына жақын орналастырылатын болады.
Металлургиядағы және металл өңдеудегі неғұрлым жоғары бөліністі өндірістің жаңаларын орналастыру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту мыналарға байланысты болады:

  • Бастапқы бөліністі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар:
    -  болат өндіру (Қарағанды облысы);
    -  титан құймаларын (Шығыс Қазақстан облысы);
    -  феррохром (Ақтөбе облысы);
    -  рельс және прокат өндіру (Павлодар облысы);
    -  ферросиликомарганец (Жамбыл облысы);
    -  арнайы болат (Қарағанды және Қостанай облыстары) өндіру;

  • арзан электр энергиясы көздеріне:
    - алюминий (Павлодар облысы),
    - катодты мыс (Шығыс Қазақстан облысы) өндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет