5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған


–Дәріс тақырыбы: PR және қоғамдық пікір, ықпал ету әдістері



бет3/4
Дата29.05.2016
өлшемі275 Kb.
#101860
1   2   3   4

10 –Дәріс

тақырыбы: PR және қоғамдық пікір, ықпал ету әдістері

Паблик Рилейшнз (public relations – «қоғаммен байланыс») - өзіне берілген анықтамалар санына қарағанда кең мағыналы ұғым. 1975 жылы (Foundation for Public Relations Research and Education) атты американдық ұйым осы сөздің 500 анықтамасын тапқан. Зерттеушілер PR анықтамасының көп сандығымен шектелмей, осы мәліметтерден өздерінің анықтамаларын шығарды:

«Паблик Рилейшнз» - байланыстың нығаюына және қалыптасуына, ұйымның қоғаммен байланыстық түсінушілігіне, түрлі мәселелерді шешуде, ұйым жетекшілігінің қоғам көзқарасынан хабардар болуына, ұйымның басты мақсаты – қоғамға қызмет етуде, түрлі өзгерістерге дайын болуға негізделген басқарудың басты функциясы.

Ағылшындық С.Блэк PR-ға мынадай анықтама береді: «Шынайы және толық ақпарат арқылы қоғаммен байланысты жетілдірудегі ғылым және шеберлік өнер болып табылады».

Көптеген пікірлерге қарамастан, PR-дың негізгі болмысы: ғылымнан технология байланысымен өнерге дейінгі сатылардан тұрады.

PR-ға өзге пікірді ХХ ғасырдың басында Э.Бернэйз білдірді: «паблик рилейшнз – қоғамның бейімін және іс-әрекетін, сондай-ақ ұйымның қоғам көзқарасымен байланыстық әрекетін өзгертуге негізделген, бағытталған күш». PR-ды анықтаудағы «әрекеттік» пікірді Британдық қоғаммен байланыс Институты да (IPR) жалғастырады: «паблик рилейшнз – ұйымның қоғаммен жағымды байланыс орнатуға бағытталған ұзақ жоспарлы іс-әрекет».

Ресейдің көптеген авторлары (Г.Г.Почепцов, Е.Н.Пашенцев, А.Н.Чумиков, А.А.Мирошеченко, В.Г.Королька т.б.)

PR практикалық іс-әрекетке негізделген байланыс түрі деген көзқарасты қолдайды. Осы зерттеушілердің ішінен В.Г.Корольконың пікірі PR анықтамасына сай келеді:

«паблик рилейшнз – ақпаратпен (соның ішінде әлеуметтік) басқарудағы арнайы жүйе, қоғамдық пікір қалыптастырудағы коммуникациялық байланыс.

Жоғарыда аталған пікірлердің ішінен PR теоретиктері В.Хазятон және С.Ботан зерттеулері негізді деп айтуға болады: «паблик рилейшнз – бұл әлеуметтік ғылымдарға жататын тез қарқынмен дамып келе жатқан ғылыми бағыт».1978 жылы Мехикода өткен Бүкіләлемдік PR ассамблеясының ассоциациясында PR-дың ғылыми сипаттамалары айтылды. Осы ассамблеяға 30 ұлттық PR ассоциациясы қатысты. Осында паблик рилейшнз практикасы – қоғамға және ұйымға бірдей қызмет ететін, өмірге енгізілетін жаңалықтарды алдын ала ұтымды жоспарлауға, саралауға мүмкіндік беретін әлеуметтік ғылым және өнер түрі деген пікір толық қолдау тапты.

Идеалистік жалпылықтан арылған, ешбір болжамсыз пікірді айрықша атап өту қажет. Бұны Джон Рокфеллер де айтқан, адаммен байланыс орната білу – бұл біз қант пен кофені қалай сатып аламыз, сондай мүмкіндігі бар тауар деген. Және бұл үшін екі есе артық төлер едім.

Түрлі анықтамалар мен көзқарастарға қарамастан, зерттеушілер бір тұжырымда келісушілік білдіреді: қоғаммен байланыстың бір әрекеті – ұйыммен оның толық аудиториясымен коммуникациялық басқару түрі.

Толық аудитория сондай-ақ жалпы қоғамдық деген ұғымда қолданады.

Жалпы қоғамдық – бұл әлеуметтік байланыс ұйымдарының ішкі (қызметкерлері, жұмысшылары, акционерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және т.с.с.) және сыртқы (сайлаушылар, салық төлеушілер, жергілікті тұрғындар, әлеуметтік тапсырыс берушілер, тұтынушылар т.с.с.) қарым-қатынаста болуы.

Жалпы қоғамдық өзінде қамтиды:


  • әсер ету ортасындағы тұрғылықты жерлер

  • өзін-өзі басқару құрылымы

  • БАҚ

  • Қоғамдық бірлестіктер

  • әкімшілік мүшелері

  • жоғары тұрған басқару органдары

  • келеңсіз жағдайлардағы басты аудитория

  • өндірістік және өзге органдар

PR қасиетіне:

  • өндіріс жетекшілері, бизнесмендер, менеджерлер өз фирмаларының философиясын қалыптастыру қажет (не үшін құрылған, қоғамға пайдалы қызметтері, тек пайда табу үшін ғана құрылмаған т.с.с.) ;

  • қоғаммен байланыс жұмыстары ұлттық менталитетке сай, әлеуметтік зерттеулер және идеологиялық сызбалар жалпылық түсінікке негізделген болу керек. Ол тек коммерциялық нәтижеге ұмтылмауы шарт, бұл оның жарнамадан айырмашылығы. PR – бұл фирманың қазіргі және келер уақыттағы сәтілігі.

  • Фирма қызметкерлері коммерциялық жақсы нәтижеге тек қоғаммен байланысты жақсы орнатқан, достық қарым-қатынаста болғанда ғана жетуге болады;

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.


11 -Дәріс

тақырыбы: Бұқаралық коммуникация құралдарының бөлігі ретіндегі БАҚ
Саяси коммуникация ақпараттың дамыған ғасырында саяси субъектілердің қоғамды басқарудағы, яғни, өз мақсаттарын жүзеге асырудағы билік үшін күресте қолданылатын тиімді құралдарының бірі болып отыр. Қазіргі таңдағы саяси коммуникация, Қазақстандағы саяси жүйедегі өзгерісті бейнелеп, ақпараттық технологияларға негізделген, билік пен қоғамның өзара қатынастарының дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, саяси коммуникация билік үшін күресте қоғамның қолдауын қажет етеді, ал қоғам өз мүддесінің ескеріліп билікте жүзеге асуына ықпал жасауға себепші болады, яғни, бұл өзара келісімді қамтамасыз ететін негізгі басымдық екендігімен ерекшеленеді. Саяси коммуникацияны жүзеге асырудағы ақпараттық технологиялар жаңа заман талабына сай жаңартуды қажет етеді, бұл ақпарат алмасудағы өзара тиімділік мәселесін шешуге септігін тигізеді. Қазақстандағы саяси коммуникацияның қалыптасуы мен даму кезеңі тікелей сайлау кезеңдерімен нақтыланатындықтан оның тәсілдері, саяси қызметті жүзеге асырудағы бірден-бір үздіксіз процесс саналады.

2. Қоғам мен билік арасындағы өзара байланысын былай қарастыруға болады: біріншіден, сайлау науқанындағы өзара байланыс, бұл кезеңде саяси коммуникацияның құралдарын тиімді пайдалану, екіншіден, қоғамның қажеттіліктерін өтеу мақсатында қолданылатын тұрақты байланыс, саяси коммуникацияның жаңа тәсілдерін жетілдіру қажет екендігін көрсетеді. Қазақстандағы Паблик рилейшнз (PR) қадамдарын жетілдірудің қажеттілігі сайлау науқандары қарсаңында нақтылы байқалады. Осыған орай, елімізде PR мамандарына деген сұраныстың қажеттілігі туындайды. Паблик рилейшнз шаралары билік пен қоғамды жақындастыруда, яғни өзара түсіністік таныту арқылы еліміздегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі сенім құралы. Біздің елімізде PR агенттіктердің қызметі әлі жеткілікті дамымаған және заңдылық базасы да толық қалыптаспаған. PR агенттіктерінің қызметі мемлекетіміздің саяси тұрғыдан тұрақты дамуындағы биліктің азаматтық қоғам ұйымдарымен ұдайы қарым-қатынас орнатудың тиімді мүмкіндіктерін ұсынады. Еліміздегі паблик рилейшнздің (PR) атқаратын қызметі тікелей саяси модернизацияның жемісі болып табылады.

3. Қазақстандағы саяси коммуникацияның негізгі құралы ретіндегі БАҚ-тың қызметі ерекше орын алады. Өйткені, саясаттағы саяси субъектілердің атқаратын қызметі туралы ақпарат қоғамда тікелей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары саяси жүйедегі саяси билік қызметіне қатысты қоғамдық пікірді қалыптастырады. Саяси субъектілердің билік үшін күресінде, сайлау науқандарында өзара бәсекеге түсуінде сайлаушылардың дауысын иеленуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі басым. Жариялы құрылым саналатын бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі таңдағы тұтынушыларының саны артуда және оларды таратудағы бұқаралық коммуникация құралдары да кеңінен даму үстінде. Алайда, бұл бұқаралық ақпарат құралдары үнемі сенімді, объективті мәліметтер таратады дегенді білдірмейді. Ақпараттар тарату аясына қарай, әсіресе сайлауалды науқандарында бұқаралық ақпарат құралдарының манипуляциялық тәсілдеріне кеңінен орын беріледі. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарының билік пен қоғамның өзара байланысын қамтуда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Бүгінгі таңда, еліміздегі саяси коммуникацияны жүзеге асырудың тиімді құралдарының бірі – отандық БАҚ өзіндік ықпалға ие.

4. Демократиялық жүйедегі мемлекеттердің бір ерекшелігі – өз елінің азаматтарымен тең дәрежелі диалогқа түседі. Қазақстан Республикасы демократиялық принциптерді қалыптастыру үстіндегі жас мемлекет. Қоғам мен билік арасындағы байланыс дұрыс жолға қойылмаған жағдайда, азаматтардың билікке деген сенім білдірмеуі немесе саяси шеттетілуі анықталады. Соның салдарынан саясатқа деген азаматтардың селқостық танытуы орын алады да, билік қоғам тарапынан болатын саяси қолдауды жоғалтады, ол азаматтардың саяси процеске қатысуда белсенділік танытпауынан байқалады. Елімізде билік пен қоғам арасындағы байланыс жеткілікті деңгейде дамымаған. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін елімізде саяси PR (паблик рилейшнз) шаралары тұрақты қызмет атқаруы және саяси субъектілердің халықпен байланысын реттеудің мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс. PR (паблик рилейшнз) агенттіктер билік пен қоғамның өзара қарым-қатынасында келісім мен сенімді қалыптастырады.

5. Қазақстанда саяси коммуникацияның қалыптасуы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты түрлі кезеңдерден өтті. Саяси коммуникацияның қалыптасуы мен дамуы тікелей саяси басқару нысанына байланысты. Яғни, мемлекетіміздегі жүргізіліп жатқан реформалар мен қабылданып жатқан нормативтік заңды құжаттар, шығарылған шешімдер, қаулы, қарарлар саяси коммуникацияның жүзеге асырылуының нақтылы нәтижесі. Саяси коммуникацияның нығаюына, бүгінгі таңда мемлекетіміздегі ақпараттық технологиялардың дамуы да өз ықпалын тигізеді.

6. Қазақстандағы саяси коммуникацияны жетілдіру мен тиімділігін арттыруда тікелей оның құралдарын орынды қолданудың жолын қарастыру қажет. Сайлау науқанында қолданылатын «лас технологиялар» саяси коммуникацияның ерекшелігін немесе тиімділігін көрсетпейді, керісінше құқықтық базасының жеткілікті қарастырылмағандығын көрсетеді. Интернет – елімізде билік пен қоғам арасында дәл қазіргі кезеңдегі жедел ақпарат алмасудың көзі болып отыр. Дегенмен, бұл желі де ақпараттандыру жағынан еліміздің барлық тұрғындарын қанағаттандырмайтыны белгілі. Қазақстандағы саяси модернизация билік пен қоғам арасындағы өзара байланыста жариялылықтың, келісімнің, сенімнің болуын талап етеді. Саяси билікті жүзеге асыруда саяси субъектілермен қатар, қоғамның да мүддесі ескерілгені азаматтық қоғамды қалыптастырудағы ізгіліктердің бірі.


Семинар сұрақтары:

  1. Қазақстандағы саяси коммуникацияны жетілдіру мен тиімділігін арттыруда ақпарат құралдарының ролі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.



12 –Дәріс

тақырыбы: Қоғаммен байланыс қызметін ұйымдастыру

Саяси коммуникацияның саяси мақсаттарға жету мүддесінде, белгілі саяси партиялар немесе лидерлердің бұқаралық санаға ақпараттық-психологиялық ықпал ету шаралары мен жүйесі екендігі нақтылап көрсетілген. Автордың пікірінше, саяси PR, саяси насихат және саяси жарнама, саяси коммуникация жүйесінің негізгі құрамдық бөлігі болып табылады. Саяси коммуникация жүйесі, өз кезегінде аталған қоғамда қабылданған идеологияға, саяси режимге байланысты. Еліміздегі саяси PR, нақты саяси қызметке (саяси партиялар) сенімді қалыптастырады, яғни, келешекте бұқаралық сананы өңдеу үшін плацдарм құрады. Саяси насихат, осы қалыптасқан сенімнің негізінде, бұқаралық санаға нақты саяси нұсқаулар мен стереотиптерді енгізеді және саяси мінез-құлықтың нақты түрін қалыптастырады. Қазақстандағы саяси жарнама, саяси үгіт-насихат, саяси PR қызметтерінің дұрыс жолға қойылуы, халықтың сайлау науқандарында еркін таңдаулары арқылы, оң шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Аталған саяси коммуникация құралдарының сайлау науқандарынан тыс, яки, тұрақты түрде қызмет атқаруы, саяси билік субъектілеріне деген қоғамның сенімін арттырады.

Автордың пайымдауынша, Қазақстанда PR-ді одан әрі дамытудың жолдары қарастырылуда. PR еліміз үшін жаңа құбылыс болып саналады, сондықтан бүгінде Қазақстанда бұл сферадағы заң шығару мәселесі қалыптасудың алғашқы сатысында деуге болады. PR-технологияларының әмбебаптылығы және оларды көптеген қоғамдық және мемлекеттік институттардың әртүрлі сферасында тиімді қолданудың жүзеге асырылуы, заң шығарушыларға нақтылы қиындық туғызады. Себебі, PR-технологияларды қолданудың бүкіл саласын қамтитын жалғыз заң шығарушылық актіні қабылдау мүмкін емес. Сол себепті, көп жағдайда PR-тәжірибесін реттеу жанама түрде жүргізіледі, яғни, аралас салалары арқылы өз қызметін жүзеге асырады. Ол үшін мынадай заң актілері қолданылады: Қазақстан Республикасының Заңдары «Ақпараттандыру туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Саяси партиялар туралы», «Жарнама туралы», «Байланыс туралы», «Сайлау туралы» және т.б.

Қазіргі кезде РR-дың 500-ге жуық анықтамасы бар екендігі анықталған. С.Блэк өз еңбегінде «Паблик рилейшнздің мақсаты – шындыққа, білімге және толық ақпараттандыруға негізделген өзара түсіністікке және жалпы мүдделерге қол жеткізуді айқындау үшін екіжақты келісім орнату» деп көрсеткен. Осы тұрғыдан бағалар болсақ, қоғаммен байланыстағы негізгі мәселе өзара сенім мен келісім екендігін көреміз.

Автор көрсетуінше, РR қызметінің тәжірибесінде қоғамдық жағымды пікірді жасауға мүмкіндік туғызатын демеушілік және меценаттық мәселесі де маңызды орын алады. Акцияның бағыттылығы, жүйелілігі, кең ауқымдылығы, әлеуметтік маңыздылығы ұйымдардың имиджін қалыптастырады және ашықтық атмосферасы мен әлеуметтік тиімділікті жасайды. Негізінен, барлық акциялар өз бейнесін нақтылы баспасөзден табады. Мәселен, еліміздегі сайлау науқаны қарсаңында «Нұр Отан» партиясының ақындар айтысына демеушілік жасауы, Мәжіліске депутаттыққа түскен кандидаттардың өз қаржысына мектеп, аурухана т.б. қоғамдық мекемелерді салып беруі сияқты шаралары жатады. Мұның барлығы саяси субъектілерге деген жағымды қоғамдық пікірді қалыптастырады.

РR-дің қазіргі коммуникативтік технологияларды жете зерттеумен айналысатындығын, яғни, қарым-қатынас, пікір алмасу мен өзара түсіністік үшін арнайы механизм екендігін анықтай келе, өтпелі кезеңдегі саяси технологиялардың ерекшелігі соның ішінде, паблик рилейшнздің деструктивті технологияларын атап көрсетеді. Яғни, қоғаммен байланыс орнату құралдарын шындыққа негізделген деп, біржақты қарастыруға болмайды.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.



13 –Дәріс

тақырыбы: Бұқаралық ақпараттың ролі мен маңызы

Бүгінгі таңда, отандық БАҚ саяси коммуникацияның бірден-бір негізгі құралының бірі болып саналады. Демек, саяси ақпараттың жылдам таралып, жеткізілуі бұқаралық ақпарат құралдарына деген саяси сұранымды арттыратындығын білдіреді. Өйткені, БАҚ еліміздегі ашық та, жариялы құрылым ретінде, қоғамдық пікірді қалыптастыратын ерекше механизм болып есептеледі. Е.Б.Саиров өз зерттеуінде: Телевизиялық саяси жарнама ерекше дағдылармен көбінесе көптеген қаражатты талап етеді. Сонымен қатар, бірде-бір ірі сайлау кампаниялары оның көмегінсіз жүре алмайды және сайлау бірлестіктерінің көпшілігі мұнда тек бір себеппен шығын жасайды: «Егер сен мұны жасамасаң, онда сенің бәсекелесің мұны міндетті түрде жасайды» деп көрсете келе, саяси коммуникацияда отандық БАҚ-тың ішіндегі телевизияның маңызды рөл атқаратындығын анықтайды [14].

Автордың пікірінше, БАҚ өзінің мынадай ерекшеліктерімен саяси коммуникацияның негізгі құралына айналып отыр: жариялы құрылым болып табылатындықтан оның тұтынушыларының саны басым. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарын тарататын байланыс құралдарының дамуы, оның қоғамдағы рөлін нығайтады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынған мәліметтер негізінде қоғамның мінез-құлқы өзгереді. Осы жағдайды, ақпарат жіберуші тиімді пайдалануы мүмкін. Сонымен, аталған бағыттары арқылы БАҚ-тың саяси коммуникацияны жүзеге асырудағы тиімді құрал екендігі анықталды.

Ал, Ата Заңымыздың 20-бабының 1-2 бөлімшелерінде былай делінген: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді» [15]. Яғни, ақпарат еркіндігіне заң жүзінде жол берілетіндігі мәлімделеді. Қазақстан заман талабына сай ақпараттық қызмет нарығын кеңейтуге бағыт алуда. Сондықтан, қазіргі Қазақстан қоғамының дамуын оның барлық саласына енетін ақпараттық-коммуникациялық жүйенің тиімді қызметінсіз елестету мүмкін емес.

Сонымен қатар, бұған қоса соңғы уақытта елімізде теледидар рөлінің өсу тенденциясы туралы ақпарат, нақты қоғамдық пікірді сұрау кезінде белгілі болды. Осылайша, қазақстандықтардың 81%-ы соңғы жаңалықтарды теледидардан көріп білетіндігімен және радиодан тыңдайтындығымен жеткізсе, тек 19%-ы баспасөз хабарламасынан оқып-білетіндігін жеткізген. Аталған тенденцияны Алматы, Семей қалаларының тұрғындарының арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер растайды. Байқап отырғанымыздай, теледидар мен радио ақпараттың негізгі көзі ретінде жетекші орынға ие болуда.

Автор, ақпараттық технологиялардың дамыған ғасырында теледидар мен радио қызметімен шектелу мүмкін емес дейді. Қазіргі кездегі еліміздің медиа нарығындағы ерекше орындардың бірін иеленіп отырған – Интернет желісі. Интернет-медиа саяси коммуникацияның үстінен бақылау орнатуды жоюға мүмкіндік туғызады. Интернет – қазіргі жаһандану кезеңіндегі ақпаратты тарату мен жеткізу жағынан басқа бұқаралық ақпарат құралдарын артқа тастап, жылдам қарқынмен даму үстінде. Саяси коммуникацияның бұл тиімді құралдары еліміздегі сайлау науқандарында кеңінен қолданылған болатын. Интернеттің қажеттілігі тек сайлау науқандарында ғана емес, басқарудың күнделікті саяси өмірінде де маңызды рөл атқаратындығы көрсетілген. Оған нақты мысал келтірер болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интерактивті режимдегі Интернет-конференциясы.

Біздіңше, БАҚ саяси коммуникацияның маңызды құралдарының бірі бола отырып, саяси ақпараттарды таратуда объективті позиция ұстанымын ұстанатын болса, қоғамның сеніміне ие болып, билік пен қоғамға ықпал етуші қызметін атқара алады. Сондықтан, отандық БАҚ еліктеушілік бағыттан гөрі, тиімді саяси сұранымды қанағаттандыратын объективті, пікір алуандығын ескере отырып, сенімді ақпараттарды беруді басты ұстанымға айналдыруы тиіс.

«Саяси коммуникация проблемасының Қазақстандағы саяси жүйеде дамуы мен модернизациялық ролі» туралы зерттеулер жүргізіледі. Мұнда қазақстандық қоғамды модернизациялауда қолданылатын саяси коммуникация құралдары анықталады. Және де еліміздегі саяси коммуникацияны жетілдіру жолдары ұсынылады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.


14 -Дәріс

тақырыбы: Баспасөз хатшысының жұмысын ұйымдастыру

Баспасөз маслихатын ұйымдастырушы журналистер - әңгіме кезінде тосын, өткір не әсіре сұрақтар қояды. Ол интервью берушінің көңіл күйіне әсер етіп, нәтижесінде компанияның бедел-абыройына нұқсан келтіреді. Осыған орай басшылардың интервью алдында Паблик Рилейшнз мамандарымен ақылдасып, кеңесуінің стратегиялық мәні аса зор. Интервьюге дайындық барысында, интервью берушінің мынадай кеңестерді есте ұстағаны абзал.



  1. Үй тапсырмасын ертерек бастаңыз. Паблик Рилейшнз мамандары интервью берушіден интервьюге дейін сұраққа аса ұқыпты түрде жазбаша не ауызша жауап алуы қажет. Ең бастысы, интервью берушінің сол сұрақ төңірегінде өз пікірін кімге және қалай жеткізетіндігін білуі маңызды.

  2. Интервью кезінде өзіңізді еркін ұстаңыз және жеңіл сезініңіз. Жасандылықтан аулақ болыңыз. Интервьюдің сәтті шығуына екі жақты түсінік пен жылы қарым-қатынастың тигізер пайдасы мол.

  3. Интервью беруші қашанда, аса ірі компанияның атынан сөйлеген жағдайда дөрекілік, әдепсіздік танытпай, қарапайымдылық қағиданы ұстанғаны жөн. «Компанияға» сілтеме жасау және «біз сенімдеміз» деген тіркестер көрерменге сенімсіздік туғызып, олардың ашу ызасын келтіреді.

  4. Интервью алушы тарапынан қойылған аңғырт сұрақтарды әрқашанда қостаңыз. Оған жауап беруіңіз қажет. Ол ұйым мен оның қызметі жайлы хабардар емес адамға қажет болуы да мүмкін.

  5. Сұраққа қысқа әрі нақтылы жауап беріңіз. Байланыссыз сөздер мен сөйлемдерден, қажетсіз ойлардан, артық тіркестерден аулақ болыңыз.

  6. Түсініксіз жауап пен жалтармалылықтың қажеті жоқ. Егер корреспондент қойған сұрақтарға жауап бере алмасаңыз, мүшелерінің біреуі сол сұрақ жайлы әлде қайда хабардар болса, Паблик Рилейшнз маманы одан сұраққа нақтылы жауап алуы тиіс.

  7. Сөйлегенде фактіні қолданыңыз. Факті және мысал сіздің сөзіңіздің мазмұнын толықтырады.

  8. Сөйлеуші басылымға қажет деп таппаған жайлар туралы үнделмегені дұрыс. Журналистер көпшілігінде «басылымға қажеті жоқ» деген жайларды есте ұстай бермейді.

Жауап берушінің даралығы – интервью және пресс-конференциядағы жауаптарының мазмұны мен өзін кадрде ұстау мәнерінен аңғарылады.

Ол кезде адам мінезі жан-жақты жарқырай ашылып, қатысушы сөзімен ғана емес, өзінің іс-әрекетімен ашылып, қатысушы сөзімен ғана емес өзінің іс-әрекетімен де бар қырынан көз алдында демалуға және сергуге келген түрі «Клубтар» не «Қонақ бұрыштары» хабарды жасаушы топ шыншыл қатынастарды экранда ерекше пафоспен көрсете отырып, аса құпия сезімдерді де көрермендерге бүпесіз жеткізеді.

Қоғам ақпараттың шыншылдығын басты орынға қойып отырған кезеңде журналисте соны ашуға ұмтылуда. Осы ұмтылыс компания қызығушылығымен қарама-қарсы әрекетке журналисті де араластыра отырып, оның өзіндік бір қырынан көрінуіне жағдай туғызуда. Паблик рилейшнз – коммуникацияның мекеме мен жұртшылық арасында тәуелсіз менеджмент қызметін атқаруы. Паблик Рилейшнздің қызметі көпшілігінде ғылыми және көркедіктен де гөрі публицистикалық жанрдың коммуникациялық хабарлама түріне бағытталған. Ал осы саланың мамандары болса мекеменің басшы қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарына интервью беру жұмысын үйлестірумен шұғылданады. Жауапты қызметтегілердің көпшілігі баспасөз, радио мен теледидарға интервью берудің қыр-сырымен таныс емес. Сондықтан да олар көпшілігінде өздерін интервью беру кезінде қолайсыз жағдайда сезінеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 1994.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.


15 –Дәріс

тақырыбы: Мемлекеттік билік билік жүйесіндегі PR

Паблик рилейшнз (РR) – тікелей билік пен қоғам арасындағы қатынаста өзара түсіністік танытып, екі жақты сенімді қалыптастыратындықтан қазіргі саяси жүйедегі бірден-бір тиімді технология болып табылады деп қорытындылайды. Сондықтан, көршілес елдердегі паблик рилейшнзді жүзеге асыру механизмдерін басшылыққа ала отырып, Қазақстандағы РR-ді (паблик рилейшнз) бір жүйеге келтірудің заңдылық базасын қалыптастыру мәселелерін шешу қажет.

Қоғам мен биліктің өзара қатынасы бұл демократиялық жүйенің негізгі жемісі. Себебі өткен тоталитарлық кезеңде біз, биліктің бағыты дұрыс, ал қоғам тек берілген нұсқауды орындауға міндетті деп санап келдік. Алайда, күйреген жүйенің орнына келген жаңа жүйе Қазақстан Республикасын тамыры терең бастамаларға алып келді. Біздің санамызға «жат» деп келген саяси терминдер ғылыми айналымға енгізіліп, сөздік қорымызды молайтты.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси қатынастар жүйесінің дамуымен қазіргі жағдайын жетік талдағанда, қоғам мен мемлекеттің демократиялық жаңаруының жоғарыда аталған екі жолының элементтерін бір өзінде үйлестірген елдің жаңаруы үшінші нұсқа бойынша жүргендігін ескерген жөн. Қазақстанда өтпелі кезеңде өтіп жатқан саяси процестердің негізгі мазмұны – республиканың ерекшелігіне орайластырылған демократиялық дамудың өзіндік үлгісін іздестіру болды.

Сонымен, елімізде электрондық үкімет жобасын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанына бірнеше жыл болды. 2004 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Демек, бұл саяси жүйеде жаңа ақпараттық жүйелердің орын алуы саяси коммуникацияның, яғни, мемлекеттік ақпараттық саясаттағы алатын орнын білдіреді.

Президенттік басқару өз жемісін беріп, елімізде көптеген сәтті реформалардың жүргізілуіне себепші бола білді. Ал, ендігі жерде президенттік-парламенттік басқару нысанындағы Қазақстан өзіндік дамудың тағы бір жаңа жүйесін қалыптастырмақ. Бұл біздің еліміздегі саяси коммуникацияның рөлін одан әрі жоғарылатады деп сенеміз. Себебі, кез келген демократиялық мемлекеттің басты ұстанған бағыты – ашықтық, пікір алуандылығы, сенімді таңдау жасау сияқты т.б. шаралардан тұрады. Қазақстан Республикасы да халық пен билік байланысын алдыңғы орынға шығаруы тиіс. Аталған екіжақты байланыс нәтижесінде сенімді саяси коммуникация құралдары жүзеге асырылады. Қоғам мен билік арасындағы өзара қатынаста мынадай қиындықтар кездесетіндігін көрсетеді: біріншіден, Қазақстан азаматтары саяси өмірге қатысу арқылы билік органдарына жеткілікті түрде ықпал ететіндігіне сенімсіздікпен қарайды; екіншіден, сайлауға түскен саяси партиялардың халықтың әл-ауқатын жақсартады деген бағдарламаларына күмәнданушылық; үшіншіден, сайлау науқаны туралы ақпарат тарататын БАҚ өкілдерінің қызметтерінің объективтілігіне деген сенімсіздік; төртіншіден, сайлауға қатысушы үміткерлердің халықтың талаптарына жеткіліксіз көңіл бөлуі (алдыңғы сайлауларда сайланған депутаттардың қызметін бағалау арқылы); бесіншіден, сайлаудың қарсаңы жақсы өткенімен, соңы неге апарады? деген үрейдің басымдығы (сайлау соңынан жол жүру құнының, тұрғын үйдің коммуналдық қызмет ақысының, нанның, азық-түліктің т.б. қымбаттауы); алтыншыдан, сыбайлас жемқорлықтың қоғамда кең тарауы, азаматтардың билікке деген сенімін төмендетеді; жетіншіден, саяси билік субъектілерімен қоғамның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыратын байланыс құралдарының жеткіліксіздігі (әсіресе, облыс, аудан орталығынан шалғай жатқан ауылды мекендерде).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет