5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған «Тележурналистика технологиясы және компьютерлік бейнемонтаж»


Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық



бет3/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#141398
1   2   3   4   5   6

Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық

1. Қажетті материалдарды жинау:

а) тақырып таңдау;

ә) объекті белгілеу;

б) формасын анықтау.

2. Сценарийлік жоба әзірлеу:

а) хабарды тыңдарманның қалай қабылдайтындығына барлау жасау;

ә) жоба барысында хабардың психологиялық желісін дұрыс жолға қою.

3. Музыкалық форматты есепке ала отырып, тікелей эфир хабарын әрлейтін әуенді дұрыс және сәтті таңдау:

а) журналистің шешімі;

ә) музыкалық жүргізушінің тапқырлығы.

Корреспондент қандай жанрда хабар жүргізбесін – бұл аудиториямен арадағы негізгі контакт түрі болмақ. Тікелей эфирде радионың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырған жөн, бірақ жүргізуші аудитория арасындағы байланысты бақылап отыруы керек. Хабардың жетістігі тек қана ақпараттың жеделдігі емес, жүргізуші өзінің аппонентін сөйлетуде көбінесе соның ойын тыңдауға тырысу, дәл осы жерде радиоқарым-қатынас туындайды. Радиожурналист әр қашан тікелей эфир кезінде сезінуі керек. Не ТВ-ге қарағанда көбінесе радиода талдамалылық басым болатынын. Ал сұхбат алған кезінде әрине алдын-ала дайындалған сұрақтарды да қою керек, себебі тақырыптың жаңа бір жағынан туындаған ойлар айтылуы мүмкін. Бұл жерде міндетті түрде дауыс ырғағы атқарушы рольде болады. Жақсы репортер өзін тікелей эфирге шыққан кезінен бастап-ақ бір кездегі Сауық Жақан, Әнуар Байжанбаев, Н. Өнербаев, т.б. майталмандар сияқты таныта білуі дауысынан, оқу мәнерінен көруі тиіс. Сондай-ақ радиорепортер эфирде сөйлеген кезінде тілдік единицаларға яғни, лексикасына аса назар аудару керек, себебі, тікелей эфир атылған оқ секілді бір жерден шығып қаншама жерге тарайды.

Радиожурналистің жұмыс процесін эфирге дейінгі, эфир кезіндегі деп екіге бөліп қарастырған жөн. Өйткені, эфирден берілетін хабарды алдын-ала әзірлеу мне тікелей эфирдегі радиохабарды жүргізу екеуі екі бөлек нәрсе.

Радиохабар жасау – радиожурналистің бұрыннан қалыптасқан жұмыс істеу әдісі.

Ал тікелей эфирдегі хабарды жүргізу – қазіргі заманғы радиожурналистиканың жаңаша жұмыс тәсілі, күрделі шығармашылық процесс, техникаға тәуелді таңғажайып құбылыс. Шындығында, радиожурналист жұмысының негізгі әдістері келіп туындайды.

Сондай-ақ радиорепортажды жүргізгенде ең алдымен қозғағалы отырған мәселенің бірнеше төңірегін қамтиды. Репортажда міндетті түрде қарамастан нәрсе ол.

1.Қандай да бір мәселенің мысалы: жаңадан түсірілген кино туралы берсе ең алдымен сол туралы қысқаша ақпарат береді.

2. Бас режиссер немесе басты рольді сомдаған актерлермен сұхбат жүргізеді.

3. Дөңгелек стол түрінде әр түрлі пікірлердің қайда? Қашан? Сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбуі.

4. Осы киноның салтанатты ашылуы кезіндегі репортаж. Сол кездегі атмосфера сахнадағы көрермендердің қатысуы туралы шум, музыка т.б. эффектілермен тыңдаушыға жеткізуі. Тіпті кейде журналист сол оқиғаға байланысты өзі алдын-ала дайындалып, запись жазып қысқа очерк беруі мүмкін.

Тікелей эфир кезінде репортер өзі қатысып тұрған оқиғаның көрінісін тыңдаушы көз алдына қатысып отырғандай әсер қалдырса ғана репортаж өз дәрежесіне жетпек. Яғни сол оқиғаға қатысқан халықтың көңіл-күйі, музыка, қошаметтеген дауыстар, ойнаушылардың желпінген дауыстарын беруі және сол тікелей эфир арқылы комментарий жасауы очерк, интервью сияқты жанрларды кеңінен қолдана отырып хабардың барынша эмоциялылығын бағалап оның тірі әрі қызықты өтуіне жол ашады.

Репортаж - өз бойына публицистиканың информацияның элементтерін жинастырған ерекше оперативті жанр. Оның түрлері көп болғаны мен, оған ортақ бір жай бар. Ол: тікелей оқиғаны бір репортермен өзіндік әсерімен, ой қорытындыларымен жеткізу.

Репортаж белгілі бір оқиғаға қатысушы репортердің оқиғадағы толық көргені жайлы тыңдаушыларға информацияның хабар беруі.

Репортажда өзекті оқиғалар шұғыл түрде көрсетіліп, фактілер мәні көрсетіліп сезім күйіне әсер ететіндей өткізілуді қолд-ы. Зерттеуші Е. Рякчеков: “Репортаж - өз бойына очерктің, интервьюдің, шолу мен есептің элементтерін жинақтаған, оларды сезім күшімен әсірелеп, оқиға дамуы туралы суретті көрініс жасай алатын синтетикалық жанр. Ол тыңдаушысына факт күшімен де, репортердің сенім және сезім күшімен де фактіні өзінше түсіндіру арқылы әсер етеді. Репортаж – суреттеу, баяндау, проблемаға талдау жасау арқылы өз тыңдаушысына ықпал етеді”

Репортаждың өзіндік белгілері төмендегідей:


  1. Болған оқиғаны суреттеу

  2. Оны репортердің өзінше айтып беруі

  3. Баяндау тәсілдерінің динамикасы болуы

  4. Дыбысты суретке ие болуы

Ал оның негізгі элементтері:

  1. Репортердің баяндау сөзі

  2. Репортердің оқиғаға қатысушымен әңгімесі

  3. Өтіп жатқан оқиғаның дыбыстың сипаттамасы.

Қай репортажда болса да кіріспе, негізгі әңгіме, қорытынды деген бөлімдері болады.

Репортажды маман журналистің жүргізгені абзал. Негізгі әңгімеде әңгімеге көп уақыт бөлмеген дұрыс. Уақиғаға қатысы бар 1-2 адамды сөйлеткен дұрыс. Мұның өзі шарт. Репортаж дайындау кезінде дыбыстық эффект пайдаланудың пайдасы көп. Дыбыстық фонсыз пайдаланса репортаж қызықсыз. Оны пайдаланудың өзіндік орны бар. Орынды, орынсыз пайдалану хабардың мәнін төмендетеді. Дыбыстық фонд аса бір оқиға мәнін ашатын байланыс көзі.

Репортаждың түрлеріне тоқталатын болсақ.


  1. Тікелей репортаж – бұл мерекелі, салтанатты жиындарда

Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары

Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дщүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер.

Дикторлар қызметте көбінесе екі бағытта – диктор-информатор және диктор-бастаушы болып пайдаланылады. Диктор-информаторға оқып беру тән болса, диктор-бастаушыға көрерменге, тыңдаушыға әңгімелеп беру немесе ауызекі сөйлегендей айтып беру лайық болады. Осыған орай, диктор-информатор жұмысының біршама жеңіл екендігін айтуға тиіспіз. Оған диктордың дауыс ырғағы, күштілеу дауыс әуені болса, информацияларды жақсы, анық әрі нақышына келтіріп оқып шығуға әдбен болады. Сөз жоқ, информацияларды, ресми документтерді оларға тән көтеріңкі үн ырғақты әрі сенімді дауыспен оқу керек.

Ал диктор-бастаушы ретінде олар материалды зор әзірлікпен әрі бар ынта-жігермен, актерлік шеберлікпен оқуы керек, «есте болсы»: мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек. Бұл жағдайда оқиғаны әңгімелеп беру, кәдімгідей екі кісінің немесе көп кісінің әңгімесі секілді айтып беру әдісі тән» 1 дейді қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев. Диктор қай материалды болсын артистен кем оқымауға тиіс. Материал оқуға не эфирде сұхбат жүргізуге диктор не хабарды жүргізуші болсын күн ілгері әзірленген болуы керек. Эфирге баратын хабарларды бір емес, бірнеше рет ежіктеп оқып шығып, оның қажетті жерлеріне қарындашпен белгі соғып, өте ынта қойып, зор ықылас аударып оқыған диктор-жүргізуші ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Теледидар жүргізуші сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнерінің үлгісі болуға тиіс. Мол білімді, кәсіби шеберлігі жоғары, қызмет тәжірибесі бай, табиғи дарыны бар жүргізуші ғана осындай биік талап деңгейінен шыға алады.

Диктор – сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнердің насихатшысы. Демек, диктордың қате сөйлеуге, қателесуге қақысы жоқ. Ол күнделікті жұмысында осы жайды мұқият ескеріп тыңдаушы алдындағы жоғары беделден айрылып қалмау қамын ойластырып отыруға тиіс. Мол білімге, тартымды тәжірибеге, тиісті дарынға ие диктор ғана әрдайым талап дәрежесінде бола алады.

Эфир этикасын сақтауда журналист ең алдымен, кәсіби мораль принциптеріне сүйенеді. Кәсіби моральды өзінің жұмыс процесінде қолдануы үшін журналистің кәсіби санасы қалыптасуы керек. Ал журналистің кәсіби санасының құрылымы теориялық тұрғыда мынадай сипат алады.

Журналистің кәсіби санасының құрылымы:

а) әдістемелік сипаттағы білім;

ә) технологиялық ережелер мен қағидалар;

б) кәсіби-адамгершілік бағдарлар;

в) күнделікті тәжірибе тәлімі.

Осы орайда, радиожурналистикаға тән этика радио табиғатына тән заңдылықтардан бастау алады. Демек:



  1. Микрофонның сезімтал құрал екенін ескеру:

а) артық дыбыс шығармау, жөтелмеу, күлмеу, т.с.с;

ә) дұрыс дауы ырғағын, сөз екпінін, сөйлеу мәнерін жолға қою.

2. Мәдениетті болу, сыпайы тіл қату, білімділік көрсету, өтірік сөйлемеу, басқасын былай қойғанда, уақытты дәл айту.

3. Техникалық ақауды болдырмаудың барлық амалдарын қарастыру, қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда кәсіби мораль тұрғысынан кез келген мәселені тікелей эфир процесінде тыңдарман назарына нұқсан келтірмей қолма-қол шешу.

4. Эфирдегі үнсіздікке жол бермеу.

Дыбыстық жазбаларды таспаға түсіру:

а) репортердің көмегімен;

ә) студия арқылы.

2. Таспаға түсірілген жазбаларды ықшамдап, ретке келтіру, яғни, монтаждау.

3. Қажетті деректерді жинау.

4. Радиохабардың өн бойында қолданылатын музыкаларды іріктеу.

5. Радиохабардың толық мәтінін әзірлеу.

6. Автор тарапынан айтылатын сөзді жазып алу.

7. Радиохабарды бастан-аяқ жинау, толығымен құрастыру.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық.

  2. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап.

  3. Тікелей репортаждың өзіндік белгілері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
9-Дәріс

тақырыбы: Телевизиялық монтаж түрлері
Дәріс мақсаты: Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі – сценарий болып есептеледі. Телерадиобағдарламалардың функциялары мен теледидардағы сценарий ұғымымен таныстыру.

Дәрістің жоспары:


  1. Сценарий ұғымы.

  2. Сценарийде әдеби және экрандық белгілер болуы тиіс.

Сценарий - әдеби кез-келген хабардың негізгі және алғы шарты. Сценарий бойынша хабар барысында көрсетілген көрініс қатары, немесе хабардың мазмұны беріледі. Сценарий негізінен театрдан пайда болады. Театр XVI-XVII ғ.ғ. пайда болып “сценариус” деп аталатын бөлігі болған. Содан бастап дамыған “сценариус” – шекспирдің заманында (XVII ғ.) қызметкер болған. Ол әр түрлі актердің міндеттерін көрсеткен, яғни көрініс кезінде оқып, айтатын болған, оны “сценарий” деп атаған.



  1. жұмыс сценарий әдеби, 2. экспикация, 3. дыбыс режиссерлік сценари. Кез-келген сценариді дайындаған автор. Ол ереже бойынша 6 дана басылып таратады.

1 дана архивқа кетеді.

2. редакторға

3. жүргізушіге

4. режиссерге

5. дыбыс режиссерге

6. суретшіге

Режиссерге берілетін сценарийдің негізінде экспликация дайындалады. Экспликация – көріністің реті. Ірі план, орта, жалпы пландардың реті. Телеоператор көрніс қатарын көрсетіледі. Хабар әр минутында не берілуі осы экспликацияда айқындалады.

3. Дыбыс режиссерлік сценарий – журналистің дайындаған хабарының мазмұнына байланысты әр-түрлі фонограммалар мен дыбыспен безендіруге міндетті.

Публицистикалық телевизиялық хабарлардың басталуы мен аяқталуы- әдеби, сөздік негізі- сценарий. Олардыңтүрі әртүрлі болуы мүмкін. Ол кадрлерге байланысты.

Студияда жазу кезінде сценарийдің екі түрі өмір сүреді: «екі қатарда»; сол жағында- көріністі қатарлар, оң жағында-мәтін, авторлық түсініктеме, сол жағы – олар еститін сөздер.Телевизиялық автордың театр драматургі немесе киносценаристен айырмашылығы, жанрды анықтауы, теледидарда түр іздеу мен ерекшеліктерді пайдалануда оның барлық кезенде де студияның творчестволық тобымен нағыз байланыста болатындығы. Сценарийде әдеби және экрандық белгілер болуы тиіс. Жазуда режиссер мен оператордың түсіргені мен көргендері автор ойымен қабыса өріліп, дыбыс және эпизодтағы монтаждық шешім кезінде жүзеге асады. Егер әңгіме оқиға болған жерден оперативті репортаж беру жайлы болса , онда репортер сценарийдің өзіне және түсірудің алдында оператор үшін даярлайды. Мұндай жағдайда да білімділікке сенбеу керек. Жаңалықтар бағдарламасына шығар алдында жазылған сценарийдің толық түрі пульттағы режиссер алдында, екінші және үшінші даналары студиядағы жүргізуші мен дыбыс режиссерінде болады. Фильм немесе үлкен хабарлардың сценарийінің әдеби үлгісінде түсірілетін жерлер көрсетіліп қана қоймай, сонымен бірлікте автордың оқиғаға сезімталдық және ұнамдылық қатынасы күйінде, кейіпкердің тағдырына, қоршаған ортаға көзқарасы, қысқасы, сценарийде авторлық көзқарас айқындалады. Ол- режиссер мен операиорға кейіпкерді ашу кезінде көмекке келеді.Публицистикалық сценарий автордың жеке көзқарасын бейнелейді. Экрандағы көрініс арқылы оның стилі мен мәнері айқындалады.

Режиссер сценарийдіңқолына алғаннан кейін оған өзінің де көзқарасын білдіре отырып, шын мәнінде сол хабардың авторына немесе қосымша авторына айналады.

Өмір шындығын дерекші өз шығармасында қорытуға тиісті. Осылай болуы үшін ол сценарийді жазудың негізгі талаптарын білуі тиіс.Сценарий дұрыс әдеби тілмен жазылып, онда автордың ойы дәл берілуі керек. Оқиға өтетін жер, кейіпкер мінезі, қоршаған орта, көңіл – күй, детальдар рет-ретімен екінші кезекте сценарийдің өң бойынан көрініс табады. Сценаристің шеберлігі көзімен көріп, құлақпен естіп, ойда қорытылған материялды өзіне тән мәнермен өрнектеп, жасандырып бере білуі.Көріністі түсіру, бейнелі түрдің соңғы қорытынды ойын таба білу – режиссер мен оператор міндеті.

Автор сценарийді жазу кезінде мыналарды басшылыққа алады:

- нысан және кейіпкер өмірімен алғашқы таныстығы;

- тақырыпты анықтауы, автор таңдаған материалдар негізінде идеяны айқындау мен проблемаға енуі;

- мәлімдемені жазып, оны редактор және режмсермен бірге талқылау, тақырыпты бекіту және редакция мәлімдемесі;

- нысанаға қайта барып, оның әрбір деталіне дейін үңіліп зерттеуі, хабарларға кірігетін болашақ персонаждарды таңдауы;

- сценарийді жазуы;

- редакцияда сценарийді бекіттіруі.

Сценарист түсіру процестеріне қатысып, жазу кезінде де мәтінге өзгерістер енгізуі мүмкін. Материалды монтаждағаннан кейін сценарист үшін қорытынды кезең авторлық мәтінді түзу, түсініктеме жасау басталады.

Сценариймен жұмыс істеу кезінде шығармашылық процестің жаңа кезеңі басталады. Автордың жинаған өмірлік материялдары деректі хабарламаға айналып, материал шын мәнәнде қорытылу және ұйымдастырылу кезеңіне аяқ басады. Қорытылған ойға түр іздестіру- сценарий жұмысындағы жауапты кезең.

Сценарийдегі барлық компоненттер бір арнаға тоғысқанда ғана автордың көздеген ойы жүзеге асып, тақырып пен идея қабысады.

Сценаристің ең басты қателігі – сценарийдің түсініксіз, жоспарсыз бастауы. Шебер сценаристің шығармасында қажетті нәрсенің бәрі де табылып, көрініс беруі заңдылық.

Эфирден өтіп жатқан телехабарлардың деңгейі оның сценарийімен ғана бағаланбайды,. Оның негізгі критерийі – бір мезгілде көрсетілуі және тыңдалуы. Демек «...сценарий басты болғанмен ол хабардың көптеген элементтерінің бірі»

Осыдан түйінделетін ой, журналистің даралығы бәрінен бұрвн өзінің тақырыбын тауып, оған өзіндік, авторлық көзқарасымен келуінде. Азапты жолды табу қашанда қиын. Егер сценарийде, экранда көрерменнің сенімін таптап, характерді ашуға ұмтылыс байқалмаса, олардың жүрегіне жол тауып, оның көңіл-күйін оятуға, ақыл – ойына сыналап кіруге әрекет жасалмаса, онда бәрі де бос әурешілік!

Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері

1. Хабардың шақыру белгісі, оның алуан түрлі пішіндері:

а) музыкалық шақыру белгісі;

ә) арнайы мәтін жазылған шақыру белгісі;

б) ресми атауын айтып хабарды бастау;

в) әуенмен айтылатын шақыру белгісі.

2. Тыңдарман назарын аударатын радиороликтер:

а) журналист жазған мәтіннің дыбысталуы;

ә) оны компьютерлік технологияның көмегімен өңдеу және қосалқы дыбыстар арқылы айшықтау.

Сценарийлік жобаға жан бітірудің бүгінгі таңдағы қолданыс аясында кездесетін басқа да әдістері және бұл іспен шұғылданатын маман – дыбыс көркем деушісі туралы айтылады.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Автор сценарийді жазу кезінде нені басшылыққа алады?

2. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
10-Дәріс

тақырыбы: Монтаж құрастырылымының тәсілдері
Дәріс мақсаты: Қоғамдық теледидардың қажеттілігі мен оның мүмкіншіліктері, функциялары мен телебағдарламаларды редакциялаудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Дәрістің жоспары:


  1. Қоғамдық теледидардың қажеттілігі мен оның мүмкіншіліктері.

  2. Қоғамдық телеарнаны қаржыландыру.

Қоғамдық теледидардың қажеттілігі мен оның мүмкіншіліктері туралы айтпас бұрын, ең алдымен «Қоғамдық теледидар деген не ?» осыған аздап сипаттама бере кетейін:

Қоғамдық теледидар – бұл қоғамның барлық мүдделерi, пiкiрлерi мен көзқарастары көрiнiс табатын және қоғамға маңызды проблемалар көтерiлетiн эфирлiк алаң. Бұл теледидар ешқандай да олигархтар мен мемлекеттiк құрылымдарға тәуелдi болмайды, себебi ол қоғамның қаржысына жұмыс iстегендiктен, қоғамның мүддесiне сай қызмет ететiн теледидар.

Қоғамдық телевизия тәуелсіз, өз бетімен жұмыс істейтін, бұқара халықтың ортақ ойын білдіретін, ұлттың болмысын, әдебиеті мен мәдениетін, өнері мен дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын насихаттайтын электронды құрал болса керек.

Әлемде қоғамдық телеарнаның 50-ге тарта түрi бар. Қоғамдық телеарна модельдерiнiң соншалықты көп болуы әрбiр елдiң өзiне тән ұлттық, саяси, тiптi әлеуметтiк жағдайына да тiкелей байланысты сияқты. Себебi түптiң түбiнде қоғамдық телеарнаның қызметiн билiктiң ұстамдылығы мен қоғамның қалтасы көтеруi тиiс. Десек те, ағылшындық «BBC» немесе жапондық «Эн-эйч-кей» сияқты қоғамдық телеарналардың басты ұқсастығы – мемлекеттiк бақылаудан тәуелсiздiгi. Мұндағы басты мәселе – қаржыландыру көзiнде болып отыр. Қоғамдық телеарнаны мемлекеттiк бюджет немесе саяси-қаржылық топтар емес, қоғамның өзi қаржыландырады. Өз кезегiнде бұл жәйт халықтың барынша шынайы ақпарат алуына мүмкiндiк бередi. Қоғамдық телеарнаның қай түрi Қазақстанға сай? Әлемдiк тәжiрибе не көрсетедi? Мен қоғамдық телеарнаның әлемге әйгiлi бiрнеше түрiне тоқталуды жөн көрдiм.

Ұлыбританияны қоғамдық телеарнаның Отаны десек, артық айтқандық емес. 1920 жылы лорд Джон Рейт «Би-Би-Си» (BBC) қоғамдық корпорациясының негiзiн қалап, оның концепциясын бекiткен болатын. Концепция үш мiндетке негiзделген — ақпараттандыру, хабарландыру және көңiл көтерту. Дәл осы қоғамдық телеарна Еуропаның өзге де елдерiне үлгi болып, қоғамдық телеарнаның классикалық моделiне айналды. Қазiргi таңда Ұлыбританияда «BBC»-дан тыс «Ай-ти-ви», «4 арна», «5 арна» сияқты қоғамдық телеарналар жұмыс iстесе де, «BBC» корпорациясы осы тектес телеарнаның нағыз классикалық түрiне жатады. Себебi аталған телеарналар өз күндерiн жарнама мен демеушiлiктiң арқасында көрiп жатқанға ұқсайды. Ал, «BBC»-дiң қаржыландыру жүйесi сәл басқаша.

Қоғамдық телеарна дегенде, басты назарға алатын мәселелер – заңнамалық жүйе, қаржы көзi, бақылау құралы және бағдарламалық саясат. Британияда қоғамдық телеарналарға негiзделген бiр емес, бiрнеше заң бар. «Хабар тарату жөнiндегi» соңғы заң 2003 жылы қабылданған. «BBC» телеарнасын қаржыландыру жүйесi де телеарна ашылғаннан берi қалыптасып келедi. Корпорацияның қаржы көзi – «лицензиялық төлемақы жинауға» негiзделген. Басқаша айтсақ, бұл «теледидарға салық» немесе абоненттiк төлемақы болып табылады. Ұлыбританияның әрбiр тұрғыны жыл сайын абоненттiк төлемақы төлеп тұруға тиiс. Масс-медианың дамуымен кейбiр сарапшылар бұндай төлемақының қаншалықты негiздi екендiгiн анықтауға тырысып, «теледидарға салық» түрiн алып тастау қажеттiгiн де айтып келедi. Бiрақ қазiрше әлемге әйгiлi телеарна негiзiнен абоненттiк төлемақыға жұмыс iстеуде. Екiншi жағынан, Британияның ең iрi телекорпорациясының қызметiне мемлекеттiң де ықпалы мүлдем жоқ деуге болмайды. Себебi телеарнаға бюджеттен де қаржы қарастырылған.

Негiзiнен әлемде қоғамдық телеарнаны қаржыландырудың бiрнеше түрi белгiлi. Олар – көрерменнен алынатын абоненттiк төлемақы, мемлекеттiк субсидиялар, демеушiлiк пен жарнамадан түсетiн қаражат, тағысын тағылары. Еуропа елдерiндегi қоғамдық телеарналардың ұлттық сипатына келсек, оларды да бiрнеше түрге бөлуге болады. Бiрiншiден, қоғамдық-құқықтық (Германияда) телеарналар. Екiншiден, қоғамдық-мемлекеттiк (Францияда) корпорациялар. Үшiншiден, «колонналар жүйесi» (Нидерланды). Төртiншiден, «солтүстiк бағыттағы», яғни, коммерциялық телеарналардың демеуiндегi қоғамдық арналар (Скандинав елдерi). Мұның iшiнде «BBC» телеарнасын қоғамдық телеарнаның британдық классикалық моделiне жатқызуға болады.

Қоғамдық телеарнаны бақылау жүйесiнде де өзiндiк ерекшелiктер бар. Ең басты ерекшелiгi — қоғамдық телеарнада қоғамдық кеңестiң жұмыс iстеуi. Бiр айта кетерлiгi, қоғамдық кеңес мәселесi БАҚ туралы және Телевидение туралы заңдардағы арнайы баптардың негiзiнде айшықталады.
Бүгiнгi таңда әлемдiк практикада 100 пайызға дейiн, яғни толыққанды қоғамның қаржысына жұмыс iстеп келе жатқан бiр ғана телеарна белгiлi. Ол – Жапонияның «Эн-эйч-кей» қоғамдық теле-радио корпорациясы. Ал, басым бөлiгiнде қоғам қаржысына шығып жатқан телеарналарға Норвегия (99%), Дания (91%), Германия (82%), Ұлыбританияның (80%) телеарналарын жатқызады. Шынайы ақпарат алу үшiн аталған елдердiң азаматтары абоненттiк төлемақы төлейдi немесе теледидарды сатып алған күннен бастап ай сайын арнайы лицензиялық төлемақы салып тұрады. Жетiспей тұрған қаржы демеушiлiктiң арқасында өндiрiлiп алынады екен: яки, онда жарнама аз болады немесе мүлдем болмайды, мемлекеттiк субсидиялар да берiлмейдi. Әрине, міне, осындай мысалдарды тізбектей беруге болады. Бірақ менің айтпағым бұл емес. Еліміз өзінің тәуелсіздігінің он сегізінші жылына аяқ басқан тұста қоғамдық телеарнаның қажеттілігіне көңіл аударып, оған қозғау салса артық болмас деймін. Осыдан үш-төрт жыл бұрын елімізде қоғамдық телеарна ұйымдастыру мәселесі сөз болғаны есімде. Тіпті біреулер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы қоғамдық телеарнаға айналады екен деп те соқты. Осылай қоғамда біраз талас-тартыс туғызған бұл мәселе бірте-бірте өзінен өзі сөніп қалғандай болды. Мүмкін, ол кезде қоғамдық телеарна ашу әлі де ертерек пе, еді, кім білсін, әйтеуір дүр етті де басылып қалды. Ал, қазір оң солымызды танитын адам дәрежеге жеттік емес пе. Енді бір сәт осы мәселеге қайта айналып соқсақ, халық пікірін тыңдасақ, «қоғамдық телеарна қажет пе, жоқ па?» деген сұраққа ел болып жауап іздесек жөн болар еді

Баяндамамды қорытындылай кететін болсам, еліміздің теледидар жүйесі де бүгінде белгілі бір соқпаққа түсіп, өз жолын тапқан тәрізді. Сол себептен де еліміз үшін ұлттық деңгейдегі мықты бір қоғамдық телеарнаның болуы қажет-ақ. Жоғарыда кел­тірген мысалдарымыздың өзінен-ақ қоғамдық телеарнаның халық үшін қаншама қажет екенін аңғаруға болмай ма? Аты айтып тұрғандай бұл телеарна жұмысының барысы халық пен биліктің арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыруға не­гізделетіні белгілі. Бірақ, қоғамдық телеарна әр мемлекетте әр түрлі сипатқа ие. Бар салмақ оның аталуында болғандықтан, негізгі бағыт қоғамның әр түрлі тап өкілдерімен ашық пікір алмасып, олардың сұраныстарынан шығу екені баршаға түсінікті болар. Кез келген қарапайым адамдар үшін қоғамдық телеарнаның мінбері қолжетім болары да сөзсіз. Себебі қоғамдық телеарнаның табиғаты да осыған бейім­делген, ол халыққа ортақ телеарна.

Елімізде бір кездері көтерілген қоғамдық телеарна туралы мәселе жаңылыспасам оны қаржыландыруға және басқаруға келіп тірелгені белгілі. Менің ойымша, бұларды болашақта ретке келтіруге болады. Ең қажеті, қоғамдық телеарнаның тәуелсіз болып, халықпен тікелей қарым-қатынас орната білуінде деп түсінемін. Егер қоғамдық телеарна жайлы мәселе қайта көтеріле қалса, мемлекет осы жағына басымдық беріп, яғни болашақ телеарнаның ісіне араласпауы дұрыс дер едім. Есесіне, еліміздің Парламенті келешекте оның жұмысын реттеп, жөнге салуда шешуші рөлге ие болса құба-құп. Ол қоғамдық телеарнаға қа­жетті қаражат мөлшерін бекітіп немесе телеарнаның жыл сайынғы есебін тындап, телеарнадағы бағдарламалар мазмұнын бақылап әрі байытып, аудиторияның талап-тілегін орындауға әрі оны анықтауға жіті мән беріп отыратын болса онда бұл мәселені келешекте шешудің ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ, әрине, мұның бір ұшы отандық «БАҚ туралы» заңға келіп тірелетіні рас. Яғни, қазір оған өзгертулер мен толықтырулар еңгізіліп жатқанынан хабардармыз. Егер кеш болмаса, қоғамдық телеарна туралы баптар осы заңда қарастырылса артық болмас еді.
Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Интернет және спутниктік теледидар

2. Қозғалыссыз көрініс деп нені айтады?

3. Түрлі-түсті телевизияның дамуы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
11 –Дәріс

тақырыбы: Кадр, план, ракус
Дәріс мақсаты: Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері туралы студенттерге талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:


  1. Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі.

  2. Ұлтымыздың тек өзіне тән бояуы мен әзіл-қалжыңын, өзіне тән айшықтарын бедерлеп беріп  жүрген отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері.

Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті. Ал монтаж телевидение саласына сәл кешірек келді. Екі адамның сұхбатына құрылған бағдарламалар, көңілді ойын-сауық хабарларының барлығы тікелей эфирде жүрді. Бірақ интерактивті байланыс болмаған. Оған себеп, цензура екені даусыз. Сол кездің өзінде футболдан тікелей трансляция болған. Бірақ футбол тікелей эфирде болғанымен, репортажбен хабардың арасы жер мен көктей. Репортер көз алдында болып жатқан оқиғаларды баяндап беріп отырады, егер футбол болса, оның алдында команда құрамындағы ойыншылардың аты-жөні, өзге де мәліметтері жазылған қағаз жатады. Ол жерден біз репортердің түрін көрмейміз немесе сауал қоя алмаймыз. Тікелей эфирдегі спорт хабарының өзі өте көп зерттеуді талап ететін сала. Сондықтан, біз осы диплом жұмысында қазіргі күні тікелей эфирде өтетін отандық телеарналардағы «Оян, қазақ», «Дода», «Бетпе-бет», «Таң жарық», «Кеш жарық»  сынды пішіні бір болғанымен, бағыттары бөлек бағдарламаларға тоқталуды жөн көрдік.

Негізінде аудиторияның психологиялық жағынан эфирге бейімделуі тәулік аясындағы уақыт мезгілдеріне де байланысты болып келеді. Әлбете, ең әуелі таңертеңгілік эфирге тән ерекшеліктерге тоқталамыз. Теледидардағы таң - ең маңызды мезгіл. Өйткені таң қалай басталса, күн солай     өтеді. Ауа толқынындағы таңертеңгілік топтама негізінен 7.ОО ден немесе 7.3О дан басталып, 9.ОО ге дейін немесе 1О.ОО ге дейін созылады. Таңертеңгілік эфир адамның өмір ағысын, жүрек қағысын, тіршілік тынысын бейнелумен ерекшеленеді. Әдетте, адам теледидардағы үн ырғағымен оянады, ертеңгілік жаттығу жұмыстарын да сол арнада өтіп жатқан жаттығулармен бірге жасайды. Тіпті теледидар арқылы түрлі ас мәзірін жасауды үйренеді. Егер түсінбей жатқан жері болса, қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Түрлі пайдалы кеңестер алады. Қазіргі таңда отандық телеарналар ішінде таңертеңгілік шығатын Оян, қазақ  Міне, тікелей эфир құдіреті осы. Қазақ елін «Оян, қазақ» деп ұлттық аспабымыз домбыраның үнімен оятатын бұл хабар қазір көпшілік көрерменнің үйінде таңертеңгі 7.3О дан 9.ОО ге дейін қосылып тұрады. Хабар зерліліктен - зерделікке, кемелдіктен-парасаттылыққа, ұғынықтылықтан-ойлылыққа, ойлампаздықтан-алымдылыққа ұласқан талантты теледидардың бағын ашты.

«Оян, қазақ»! Тақырып қалай сәтті табылған. Әрі өмірге құштар, әлі де елең-алаңдағы жастар редакциясының гүл жарған жүректерінен шығып, балаң аудиторияға бет түзеген ақжолтай хабар. Сәтті табылған тақырыпқа орай мазмұнды әңгіме, су шайқалмас жорғаның аузымен экранда тоқтаусыз төгіліп жатса, хабар ажары ашыла айшықтанып,  студиядағы қонақтар да, бөлшектен тұтастыққа айналып, одан бүтін бітім пайда болған шақты көру бір ғанибет. Әсіресе «Ұйқыашар» деген атқа ие болған көрермен ойналатын интерактивті сұрақ-жауап танымдық тұрғыдан алғанда халыққа берер пайдасы зор. Бағдарлама аясындағы «Үздік әндер» топтамасы да қазіргі қазақ эстрадасының шоқтығын көтеріп, хабардың көркін аша түскен. «Үздік» шыққан әннің орындаушысын қонаққа шақырылып, оларға көрермендер тарапынан қойылатын жанды сұрақтарда «Оян, қазақты» өзге хабарлардан көшілгері бастап келеді. Хабар барысында беріліп отыратын қысқа метражды сюжеттер мен оларға жүргіушілер жасайтын қысқа қайырмалар да көрермендерді жалықтырмайды. Бірақ, біздің мақсат қазақ тіліндегі хабар деп сыпыра мақтай беру емес, я, қаралау емес, зерттеуші және көрермен тұрғысынан сын айту. Алдымен көзге түсетін хабардың түсірілу алаңы, яғни студиясы. Суретші-декаратор немесе режиссердің әлі де ойлана түсуін қажет етеді. Таң атты, күн шығып келеді. Философиялық тұрығдан дұрыс, бірақ тас-төбеңнен төніп тұрған күн, ал астында қысылып, қымтырылып екі жүргізуші отырады. Екі адам әрең сыйып отырған студияға екі-үш қонақ келсе, көрермен кімді және нені көріп отырғанынан шатысындай халге жетеді. Байқауымызша, студия операторлары режиссердің басшылығынсыз дербес жұмыс істеп кетеді. Кейде понорама (кадрды баяу жылжыту) жасаймын деп, белгісіз, түсініксіз суретті алып тұрып қалады. Мұны, әрине, телевидение өнерінен хабары жоқ жалпақ жұрт түісіне бермейді. Ал білген адамға осындай олқылықтар көзге бірден ұрып тұрады. Бұл, техникалық топтың еншісіндегі шаруа. Ал шығармашылық топқа келсек, жүргізушілер кейде қонақпен өткізетін сұхбаттың уақытын тым созып алады. Бағдарлама, ақпараттық, танымдық, ауық-сазды, интерактивті болғандықтан, студия қонағына 8-1О минут уақыт берілсе жетіп жатыр. Таң атпай, бетіңе грим салып, шашыңды қатырып, түнімен ұйықтамаған адамдай сергек түр жасау да өз алдына қиын шаруа. Ең бастысы, көрерменді ұйықтатып алмай, көңілді отыру керек. Көңілдену деген – эфир кезінде бар дауысыңмен күлу емес. Бұл бұрынғы жүрізуші Нәзира Бердалыға қатысты айтылар жайт. Кей хабарда күліп тоқтай алмай отырғанда, өзің ұяласың. Сондықтан, жүргізушілерге ұстамды да болған дұрыс. Данияр Есен, Жанар Шәмел, Бақыт, Гүлжазира сынды әлі тәжірибесі толыспаған жүргізушілердің  студия қонағына қояр сауалдары нақты емес. Көрермен тұрмақ, кейде қонақта өзіне қатысты қойылған сауалды түсіне алмай қалады. Ондай-ондай хан қызында да болады. Ең бастысы, хабардың іргетасы мен қабырғасы мықтап қаланды. Ұлтымыздың тек өзіне тән бояуы мен әзіл-қалжыңын, өзіне тән айшықтарын бедерлеп беріп  жүрген сындай хабарлар көбейе түссе, нұр үстіне нұр болар еді.



Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Телерадиобағдарламалар функциялары?

  2. Модератордың басты ережесі.

  3. Телебағдарламаларды редакциялау?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
12- Дәріс

тақырыбы: Режиссер тетігі (микшерлік тақта)
Дәріс мақсаты: Телерадиожурналистиканың даму процесінде пайда болған жанрлар мен пішіндердің әдістемелік сипаты туралы студенттерге талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:


  1. Талдамалы жанрлар құрылымы.

  2. Тележурналситика жанрлары мен пішіндері.

Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы. Журналистиканың теориясында публицистикалық жанрды түрге бөлу былайша: біріншіден, заттың (нысанның) танымдығы, көріністегі өзіндік ерекшелігі (заметка, корреспонденцияға – факті мен оқиғаның тікелей қатыстылығы, ал сұхбат пен рецензияға – бейнелеп көрсетудің тән екендігі); екіншіден, танымдық – тәрбиелік мақсаттары; үшіншіден, әрекетті көрсетудегі кең ауқымдылық немесе түйін мен қорытындының ауқымдылығы; төртіншіден, өзіндік айқындаушы – мәнерлеуші құралдары (әдеби тілі, стилі, бейнелігі) қарастырылады.

Шын мәнінде, телевизиялық шығарма жанрын айқындау – осы айтылған жайлардағы қандай да бір жекелілік белгілер емес, олардың бәрінің жиынтығы нәтижесінде болатын құбылыс. Басқаша айтқанда, жанрлық бірлікте болу барлық төрт белгіге қатысты. Осыдан мынадай шығатын қорытынды, публицистика жанры (ақпараттық, талдамалы және көркем), тек мынадай жағдайда ғана – материалдың документальдығы, ойдан шығарылмағандығы, дәлділігімен бөлек кезеңде, үнемі бір – бірімен байланыста болады. Жанр типін айқындау кезінде, оны көріністің негізінде жататын құбылыс пен объективтік процестерге байланысты қарап, айқындаған жөн.

Хабарда журналистер тек қана фактіні баяндаумен ғана шектелмейді, бір мезгілде оған талдау жасауға ұмтылады, оны басқалармен салыстырады, жағдай мен құбылысқа баға береді, проблеманы шешу жолдарын ұсынады. Талдамалы жанр ақпараттық жанрмен салыстырғанда материалды беруде кеңдігімен, ойлауда ауқымдылығымен, өмірлік, маңызды құбылыстарды зерттеумен айрықшыланады. Белгілі бір кезеңдегі бір типті фактілерді жинақтау кезінде автор оларды қорытындылау мен маңызды проблемасын барлық қырынан айқындауға ұмтылыс танытады. Талдамалы жанрлар заттағы танымдық, нысанды кескіндеу, дәл белгілеу, танымдық – тәрбиелік міндетімен, оқиғаны кең түрде көрсетуімен, ауқымды түйін және қорытындысымен, әдеби – стилистикалық құралдар характерімен, айқындаушы – көркемдеуші құралдарымен де ерекшеленеді.

Жанрдың осы тобына жататындардың ішінде негізгілердің бірі корреспонденция жанры, онда нақтылы материалда тар ауқымдылығымен салыстырғанда, аналитикалық планда тақырыптың актуальділігі айқындалып, қандай да бір проблема шешіледі. Корреспонденция хабарлама түрінде де болып: онда, шетелдегі тілшілердің хабарламасы, жаңа бір құбылыстар, ғылыми жаңалықтар өндірістік тәжірибелер әңгіме арқауына айналуы мүмкін. Ол толық заметканы көз алдымызға елестетіп әрі белгілі бір тақырыптағы материалды кең қамтуыменен де ерекшеленеді. Талдамалы корреспонденция суреттелген құбылыстың себебін ашады, мысалы ситуация қақтығыс. Материалдағы фактіні талдау негізіне көпшілігіне жаңа бір тосын проблемалар әрі саяси өмірдегі және әлеуметтік – экономикалық саладағы өткір сұрақтар қойылып жатады. Мұндай корреспонденциялар телепублицистикада қойылымдық деп аталынады. Ал кейде журналист көрермендермен бірлікте кейбір фактілерді бағалап, салыстырып, талдап жатады, осының негізінде корреспонденция – толғау өмірге келеді.

Талдамалы жанрлар құрылымының күрделілігі сонда, мұнда журналист ірі көлемдегі фактілермен жұмыс істейді. Ол фактілерді әу бастан түрлі негіздеріне, олардың арасындағы байланыстарына орай жүйелеу, топтау және классификациялау қажеттілігі келіп туындайды. Шығармашылық процестің осы кезеңінде фактіні сценарий құрылымындағы сан алуан факторлармен байланыстыру мәселесі келіп шығады. Ал сценарийдегі тұтастық белгілі бір концепция, идея және ойлардың негізінде жүзеге асуы мүмкін. Журналиске бәрінен бұрын фактіні талдау, негізгі проблемадағы қажетті кезеңдерді айқындау, әрі фактологиялық мәліметтерді таңдау методы қажеттілік болады. Содан кейін ғана жанрлардағы түрлі бөлімдердің арасын пропорциялы түрде бөлу кезеңі келіп туындайды.

Тележурналситика жанрлары мен пішіндері газет пен радиода орныққан, кезеңдер бойында сыннан өткен жанрлар негізінде дамып, орнықты. Газет жанрлары радионың өзгешелігіне сәйкестеніп, келе-келе радиоэфирге сіңісті. Радио ағашында радиогазет үлігісінде дамыса, телеэкран спецификасына тележурнал ыңғайлы болды. Сөйтіп, тележурналстика жанры тележурнал қойнауынан  бастау алып, дамыды. Зерттеуде баспасөз бен кино, радио мен телевизия жанрларының арасындағы әлеуметтік-саяси, танымдық-тәрбиелілік функцияларының бір-біріне жақын екендігі ғылыми дәлелденді. Дегенмен, тележанрларды зерттегенде сюжеттің өн бойындағы көріністі мәнерлеуші құралдардың бейнені саналуан пішінге құбылтатын ерекшелігіне айрықша назар аударылды.

Жанр – тарихи категория. Ол әр дәуірде түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген қосымша сипат қабылдайды. Бірақ, сол сипат аса маңызды деп танылмайды, сондықтан шығарманы белгілі бір жанрға саралауда оның айтарлықтай әсері болмайды. Бір сюжеттің негізінде түрлі жанрға жататын бағдарламаның жасалуына дәлел ретінде С.Оразалиновтың «Сұхбат» хабарын атауға болады. Ол әдебиет әлеміндегі сирек тұлғалардың фильм – портреті түрінде берілсе де, онда сұхбат, әңгіме, сөз, очерк белгілері кездеседі. Әр жанр өзінің композициялық және көркемдік әдісімен фильм-портретті өзінше бедерлейді. Осының бәрінде сұхбат жанры үстем бола отырып, бірде ол портреттік очерк түрінде баяндалса, енді бірде деталь, эпизоттармен толығып, әңгіме жанрында баяндалған. Демек, әр жанр хабарды өзіндік әдіспен өзге жанрларға айналдырған деп түйіндеуге болады.

Жанрдың эволюциясын жүйелеу де кезең, уақытпен үндес келіп отырады. Ғалым В. Ученова «Жанрлардың арасындағы баю, өзгеру үрдісі 70-ші жылдардың орта шенінен басталады»,-дейді. В. Ученова жанрлардың диффузиялануын олардың бір-бірін байытуы әрі адамдардың өзін қоршаған ортамен байланысындағы қатынастың күрделене түсуімен бірлікте қарастырады. Адам санасындағы үздіксіз өзгеріс те жанр элементінің публицистика мәтініндегі ішкі сипатына өзінің әсерін тигізеді. Оған дәлел-есеп, сұхбат, корреспонденция, репортаж ақпараттық талдау аймағынан шыұуға ұмтылыс танытса, жрналистік зерттеу, пресс-релиз, әңгіме, болжау бүгінде жанрлар құрамында бірлікте қарастырылып келеді.

Зерттеуші Б. Чесноков эфирдегі хабарларда газет жанрларының түгелдей кездесетіндігін айқындап, «Теледидардағы рецензия, аннотация, сыни-библиографиялық шолулар газетке тән, олар теледидарға жасанды түрде кіріккен жанрлар болып табылады…Осы тектес жанрларды баспасөзге қалдырған орынды»,-дейді. Осы ретте газет, радио және теледидардағы жанрларды салыстыра зерттеген профессор М. Барманқұлов «Теледидарда жаңалықтар редакциясының қызметкерлерін ақпаратты-диктор, ЖТС, фото әлде синхронды кинопленка не бейнемагнитті жазба әлде студияға шақырылған адманың сөйлеген сөзін, әдіс – тәсілдердің қай  түрімен беру қажет деген мәселе толғандырады. Осының әрбірінің өзіне тән пішіндік қана емес, әрі мазмұндық жағынан да айтарлықтай ерекшеліктері бар», - дейді. Сондықтан телевизияның орасан зор мүмкіндігі режиссер мен продюссерде шағын сюжет не хабарда жанрлар мен пішіндердің  алуан түрін паайдалану құралдарының мол екендігі пайымдалды.

«… Жанр дегеніміз – дамып отыратын түсінік. Кешегі жанр бүгінгіден басқаша болып еді, ал ертеңгі күнгі оның сұлбасы тағы да өзгеше көрінуі мүмкін», - дейді М. Барманқұлов. Публицистиканың түрлік келбетінің үнемі өзгерісте болатынына осы пікір дәлел. Материалды даярлау кезінде әрекеттегі көріністі көрермен кө алдына келтіру үшін журналист сан алуан әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Олар: рациональды-теоретикалық, көркем-публицистикалық әлде түсінік пен бейненің бірлігі болып табылады. Осы өзгерісті алуан жанрдың газеттенрадиоға және теледидарға өткен кезең, уақыт аралығымен байланыстыра қарау қажет деген пікірге тоқталуға болады.

Жанр табиғатындағы өзгерісті өмірдің өзі тудырады. Бұл жанрлар  эволюциясындағы алғашқы және басты себеп болып табылады. Егер 60-шы жылдары телевизиялық журнал танымалдыққа ие болса, 70-90 жылдары хабар, әңгіме, сұхбат, репортаж, очерк, шолу жанрлары, ал 1990-2000 жылдары түсініктеме, пікірталас, тікелей хабар, теле-думан үстемдікке ұмтылыс танытты. Сөйтіп жанр табиғатының эфолюциясын қоғамның даму процестерімен байланыстыра қарастырған орынды болып табылады.

Ғылыми еңбектерде зерттеушілер эволюция ұғымын белгілі бір жүйенің бір қалыптан екінші қалыпқа келуі, оның бұрынғы қалпының айтарлықтаймерзімде біртіндеп өзгеруі нәтижесінен болады деп түсіндіреді. Сондықтан, жанр эволюциясы да газет пен радиодағы өз қалпы мен пішінін өзгерте, түрлендіре, экран заңдылығына ыңғайлана отырып, баийды, өзгереді деп түйіндейік. М. Барманқұлов жанрлар эволюциясын: «а) жойылу (декрет, мәлімдеме, манифест, декларация), ә) қайта келу (репортаж, сұхбат), б) қайта түрлену және жаңа мазмұнмен толығу (публицистикалық шолу), в) дәстүрлі жанрлардағы өзгеріс; г) жанрдың басқаша мағынаға ие болуы», - деп түсіндірді. Жанр эволюциясын да біріншіден, уақытпен, екіншіден, бейнелеуші құралдармен, үшіншіден, жанрдың атқаратын функциясымен байланыстыра қарастыру керек деп байлам жасайды.

Телеэкран  заңдылығына ыңғайланған жанрлар мен пішіндер бірте-бірте көрермендерге таныс бола бастады. 1958-1990 жылдардағы телехабарлардың негізгі пішіндерін: телевизиялық жинақ, телеплакат, лекция, телевизиялық анықтама, телеспектакль, телепастановка, телетолғау, телевизиялық клуб, телефестиваль, телеальманах, телеконференция, телеэкспедиция, телевикторина, телекалендарь, телевизиялық рейд, киносаяхат, кинопанорама, калейдаскоп, көрермендер хаттары, анкета, эстрадалық программа, концерт-әңгіме, поэзия театры, лирикалық минуттар, фильм-концерт, фильм-спектакль, пьеса-хроника, телекөрермендердің сұрақтарына жауаптар, жиналыс, конференция, лекторий, косултатция, музыкалық-әдеби викторина, музыкалық сәлемдеме, әдеби-музыкалық композиция, әдеби театр, поэзи театры, драмалық телеқойылымдар, музыкалық телеқойылымдар, шығармашылық портреттер, театр, кино қойылымдарына қысқаша аннотация, эстрадалық программалар құрады. Ал 1958-1990 жылдардағы жанрлар ретінде тележурнал, телехабар, тележаңалықтар, телехроника, телеәңгіме, телешоу, телеочерк, пікірталас, баспасөз конференциясы, телесұхбат, корреспонденция, суреттеме, телефельетон, телефильмді атауға болады. Жанрлардың эволюциялануы да техниканың өсуі, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеріп отыруы, қоғамның жаңа пішіндері қажетсінуі, арналар функциясының өзгеруі, шығармашылық және техникалық топтың ізденісінен жетіліп отыратындығын айтуға болады.

50-60 жылдары теледидарда пішіндердің кейбір экран спецификасына ыңғайласа өмір сүрсе, енді біреулері жоғалып жатты. Алпысыншы жылдары телевизиялық журнал болашағы мол деп танылды. Телевизияға пішін іздеу кезінде алғашқы қадамдар телевизиялық журнал ретінде алып келді… Хабардағы осы пішін көрермендер сүйіп көретін игілікке ие болды. Себебі теледидар өзінің қоғамдағы әлеуметтік міндетін орындай отырып, журналистиканың басылым түрінде бұрыннан белгілі тақырыптық, әртүрлілік, материалдағы жекелікті журнал түріндегі пішіннің өн бойына жинақтап, оны экранға қайта ыңғайластырды.

Алайда, телехабардың құрылымына біртіндеп ақпараттық-публицистикалық жанрлар енгізілді: көркем-публицистикалық жанрларды игеру басталды: телевизиялық хабарларды дербестендірудің алғашқы әрекеті іске асырылды; телекиноның бастапқы базасы жасалды; оқу-білім бағытындағы бағдарламалар туындады. Солай етіп, аудиторияның белнгілі бір топтарының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған хабардың теледидарға арналған жаңа түрлері табысты игеріле бастады.

1966 жылы Өскемен телестудиясы «17 жастағылар клубы» хабарын ұйымдастырды. Хабар мазмұны жағынан «брейн-рингпен» үндес, әрі пішіні жағынан оған жақын. Мысалы, Орталық теледидарда 90 жылдары өмірге келген «Не? Қайда? Қашан?» телебағдарламасы «брейн-ринг» пішініне ұқсас. Алайда, «17 жастағылар клубы» көрермендер командасымен емес, өз араларында бір-бірімен оайнады. Хабарда студияға мектептің жоғары сынып оқушылары мен жұмысшы жастар шақырылған. Телешығармашылық топқа осылардың интеллектуалдық ой-өрісінің кілтін табу үшін, олардың педагогикалық білім саласынан хабардарлығына барлау жасау қажет болды. Оған қосымша сценарийдің өн бойындағы мазмұн мен идеяның тұтастығы да сақталды.

Телеэкрандағы хабарлардың тәрбиелік рөлімен бірлікте, аудиторияның күн санап өсіп келе жатқан талап-тілегін ескеру де маңызды болды. Телевизиялық альманах «Дидарда» замандастар жайлы микроочерк, суреттеме, жастармен сұхбат, әңгіме, репортаждар, республика комсомолының өмірі жайлы сюжеттер берілсе, жасөспірімдерге аранлаған «Өзіңді өзің таны», студенттерге арналған «Аудитория», жас ғалымдардың телевизиялық клубы «Ньютон алмасы», «Сөз сұраймын» рубрикасының негізінде пікірталас түріндегі хабарлар ұйымдастырылды.

1985-тің лебімен ере келген жариялылық, қайта құру да телеэкранға өзгеше тыныс, жаңа леп әкелді. «Тілден шідер, ойдан бұғау» алынған кезең тележурналистер үшін ізденіске толы болды. 1991-2004 жылдардағы шығармашылық топтың ізденісі нәтижесінде: телеанкета, телевикторина, телеүндесу, теле канферансье, телеакция, телеклуб, телекүнделік, телесаяхат, телеқадағалау, телебәйге, телекурьер, телеэкспедиция, тележаршы, телекөрсетілім, киноконцерт, Депутата арнасы, Үкімет арнасы, киносаяхат, телеойын, деректі хикая, теле-шоу, супер шоу, интеллектуалдық думан, интерактивті бағдарлама, пікірлесу клубы, саяси сараптама, сараптау, моноспектакль, мультоптама, бейнефильм, бейнебаян, бейнеантология, бейнеклип, кешкі бейнесалон, лингвистикалық телеолимпиада, этнографиялық телеолимпиада, әдеби телеолимпиада, аңдатап, саяси жарнама, журналистік зерттеу, жарнама, реалити-шоу, естелік-эссе, сыр-сұхбат, экологиялық бағдарлама, мөлтекспектакль, тарихитип, көбікті опералар, триллер, суперинтеллектуалдық телеойын, авторлық бағдарлама, триада: жаңалықтар-кинокөрсетілім – думан пішіндері экранда орнықты. Тәуелсіздік кезеңіндегі экран жанрлары – телесұхбат, телеәңгіме, телеочерк, телерепортаж, түсініктеме, баспасөз мәслихаты, пікірталас, анкета түрінде көрініс табуда.

Жариялықтан кейін телеэкранда «бейнеклип» пішіні көріне бастады. Бейнеклип – жарнама, әндер әрі әнді орындаушылар. Бейнеклипте алдымен музыканттар режиссерді іздестіріп, онымен одақ құрады да, оқиға одан әрі сценарий актерлерді таңдау, түсіру, монтаж түрінде өрбиді. Осы процестер режиссерден күш-жігер мен ойлампаздықты, шеберлікті талап етеді. Алайды, отандық бейнеклиптердің сәтсіздігін қысқа көріністер көп болған сайын, ол бейнеклип дәрежесіне сәйкестенеді деген режиссер ұғымының негізсіздігінен іздестіруге болады.

Телевизиядағы «журналистік зерттеу» пішіні ғалымдар назарына кештеу ілінді. Осы пішін қазақ теледидарында 80 жылдардың орта тұсында Қ.Қорғановтың «Бір хаттың ізімен» хабары негізінде телеэкранға орнықты. Зерттеуші Қ. Тұрсынов: «Журналистік зерттеу журналист тарапынан болатын күш-жігер, идея және ұсыныссыз жарыққа келмейді»,-дейді. Себебі, журналист материалдарытерей ірі жан-жақты зерттеу нысанына айналмағандықтан хабарларда үстірттік, асандылық белең алды. Журналистік зерттеуде автордан талант пен сезімталдылық, әрі осы саланың заңдарымен таныс болу, әрі өз материалын дерекке негіздеу қатаң талап етіледі. Автор «Бір хаттың ізімен» хабарын көрермендер хаттарының желісімен жасап, онадағы көтерілген мәселені нысанаға барғанға дейін тыңғылықты зерттеп, оқиға орнына арнайы топпен, барып, іске жан-жақты қанығып, кейін студияға оған қатысы бар ұйым, мекеме басшыларын шақырып, келелі әңгіме қозғады. Журналист деректен алшақтамай, біреудің ар-намасын орынсыз аяққа таптамай, болғанды болған күйінде баяндай отырып, журналистік зерттеу әдістеріндегі:  алдын – ала тексеру, деректер, салыстыра талдау, бақылау, сұхбат түрінде хабарда жүйелі түрде көрсете білді.

Қазіргі заманғы радио журналистикада қолданылатын пішіндер


  1. Радиожурналистика қалыптасқаннан бері өзіндік мәнін жоғалтпаған, қазіргі таңда жиі қолданылатын пішіндердің бірі – радио үндесу. Радио үндесу – негізінен бірнеше қалалардың немесе облыс орталықтары мен астаналардың арасында телефон желісі арқылы жүзеге асады. Бір кездері радио үндесу арқылы да маңызды міндет атқарды. Толып жатқан мәселелердің түйінін шешетін радио журналистиканың өткір де өзекті тәсілі болғаны рас. Мәселен: Н. Омашев өз еңбегінде мынандай мәлімет келтірген “30 ж. Радиода пайда болған хабарлардың тағы да бір пішіні – радиоүндесулер”. “Радиоүндесулер облыстық, республикалық және жалпыодақтық ауқымда жұмысқа оперативті басшылық жасаудың қуатты құралы болады. Радиоүндесудің объектісі тәжірибе алмасу, үлгілі жұмысты көрсету, актуальді мәселелерді барынша жедел шешу және т.б. көптеген жайлар еді”.

Уақыт өте келе радиоүндесу санаулы минуттардың ішінде болып жатқан оқиғаларды қысқаша баяндайтын, сондай-ақ болған істің себебін мән-жайын анықтап келешектегі шешімі туралы жөн-жоба туралы хабарлар ететін таза хабарламалық сипатқа ие болады. Қазіргі таңдағы радио үндесудің уақыты шашамен 2-8, әрі кетсе 10 минут аралығында болып келеді. Егер бір ғана оқиға туралы баяндалған болса радио үндесу 2-4 минуттан аспауы тиіс. Бұл жағдайда негізінен радио үндесу студиядағы жүргізуші мен тілші арасында өтеді. Ал, егерде радио үндесу белгілі бір күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге арналса онда, облыс немесе басқа қалалардан байланысқа шығатын тілші сол мәселелерге жауап беретін қызметкерді хабарға қатыстырады. Осы орайда студиядағы жүргізуші де негізгі тақырыпқа сәйкес белгілі дәрежеде мәселелерді шешуге көмектесетін лауазым иесін студияға шақырады. Мұндай радио үндесу 10 минутқа созылуы мүмкін.

Радиодағы 2-ші пішін қазіргі кездегі Баспасөз мәслихаты. Мұнда журналист жетекші роль атқарады. Ол ең алдымен тақырып таңдайды. 2-ден стуидяға шақыратын қонақтың кімдер болатынын анықтайды. 3-ден БАҚ-ның өкілдері қоятын сұрақтардың тізімін жасайды. 4-ден телефон арқылы келіп түсетін көпшіліктің ұсыныс пікірлері мен сұрақтарын іріктейтін редакторды тағайындайды. Тікелей эфирде баспасөз мәслихатын өткізу үшін жауапты қызмет атқарған маман дыбыс инженері болып табылады. Баспасөз мәслихаты тікелей эфирде телефон желісі арқылы ұйымдастырылғандықтан оның техникалық тұрғыдан ақаусыз, яғни кемшіліксіз өз дәрежесінде өтуі үшін “дыбыс инженері” техникалық нормалардың сақталуын жіті қадағалауы шарт. Тікелей эфир баспасөз мәслихатын өткізу кезіндегі жауапты жұмыстың бір бөлшегі музыканың жүргізушіге, яғни диджейге жүктеледі.



Диджей - баспасөз мәслихатын жүргізген журналистпен ақылдаса отырып тақырыпқа қатысты музыка таңдап алдын-ала қай тұста қалай берілген белгілейді. Соған қарамастан баспасөз мәслихаты өтіп жатқан кезде олардың тасып жатқан өзгерістерді ескеріп, музыканы қолданғанда өте мұқият болуы қажет. өйткені орынсыз берілген музыка эфирдегі әңгіменің берекесін қашырып, тыңдаушыны тақырыптан ауытқытып алуы мүмкін.

Саунд-дизайнер – тікелей эфир баспасөз мәс-н тақырыптық тұрғыда айқындап мән-мағынасын ашып көрсету үшін қызмет ететін роликтер мен джинглдарды жасайтын жаңа мамандық иесі саунд-дизайнері. Тақырыпқа сәйкес журналист ұсынған қанатты сөздер мен ой орамдары актерге немесе әншіге, өнер адамдарына орындатып оны компьютерлік тәсілмен өңдеп эфирге ұсынатын саун-дизайнер. Тікелей эфир процесс ретінде қайталанбайтын құбылыс. Сондықтан да бір рет жасалған роликтер барлық уақытта бірдей қайталау ұсынуға кем бермейді. Бас мәс-е қатысты жаңадан роликтер мен джинглдер әзірленуі тиіс.
Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. ТД-дың қоғамдағы орны

2. Қазіргі заманғы радио журналистикада қолданылатын пішіндер.

3. Монтаждың түрлері



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
13- Дәріс

тақырыбы: Камераны басқару принциптері мен мақсаттары
Дәріс мақсаты: Теледидардың басқа БАҚ-нан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы студенттерге талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:


  1. Радио – ақпарат таратады, құлақтандырады.

  2. Телевизия – оқиғаны, болмысты көрсетеді.

  3. Газет-журнал – деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді.

Радионың басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы туралы сөз қозғалғанда, алдымен оның міндеттері сараланып шығады. Бүгінгі БАҚ жүйесі жетіліп, қалыптасқан жағдайда оны төмендегідей тұжырымдауға болады:

радио – ақпарат таратады, құлақтандырады;

телевизия – оқиғаны, болмысты көрсетеді;

газет-журнал – деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді;

Интернет – ақпаратты сан қырынан көрсетеді, мәтін, дыбыс пен бейне тұтастығынан тұруы да мүмкін.

Интернеттің жөні бөлектеу және ол техникалық ерекшелігінен туындайды. Дегенмен, Интернеттегі ақпараттық жүйе қалыптасу үстінде, өзіндік белгілері толық айшықталған жоқ. Оның үстіне Интернет жалпы ақпарат мұхиты да, оның ішіндегі маңызды ақпарат, әсіресе БАҚ ұғымына сәйкес ақпарат шағын аралдай ғана. Бірақ, компьютерлік желідегі ақпарат тасымалының динамикасы, өсу үрдісі өте қарқынды болғандықтан болашағынан көп үміт күтеміз. Осы жағдайларды ескеріп, дәстүрлі БАҚ пен радио арасындағы байланыстарға баса назар аударамыз.

“Информация” мағынасын кең көлемде алғанда, оған хабарлаудың кез келген түрі жатады. Алайда, “телевизиялық информация” журналистиканың телевизиялық хабарларында қалыптасты. Ол көпшілігінде жаңалықтарды тарату кезінде қолданылады.

Теледидардағы ақпараттың бай тәжірибесінің, жанр қалыптастырудағы мол традициясы. Телевизиялық информация жанрының көпшілігі. Телевидениеге-газет пен радиодан – репортаж, интервью, комментарий және т.б. келді.

Саяси ақпараттарға қойылар басты талаптар-жеделділік әрі дер мезгілінде көрерменге жетуі. Актуальды информацияны іріктеу күрделі әрі ауыр жұмыс. Қашан, қайда, кімді, не үшін деген сұрақтарға жауап ізделуі тиісті. “Сіз саяси ақпаратты қай көздерден аласыз” деп сауалнама жүргізілгенде оған 71,8 % радио, 74 % газет, 91,4 % “телевидениеден” деп жауап берген.

БАҚ – оның ішінде телевидениеде, радио және басқа көпшілік аудиторияға әлеуметтік, саяси, экономикалық ақпараттарды түрлі әдістерімен жеткізеді. Газет-баспа сөзі, радио-сөйлеу және дыбыс, телевидение – осы үш “триаданың” сөз, дыбыс және көріністің тоқайласқан арнасы. Теледидарды өзгелерден ерекшелейтін қасиеті оның бейнелік қатарларында. Бүгінде таңбалар жүйесінде, оның ішінде БАҚ тілінде экспоненциялдық өсім байқалуда. Электронды БАҚ-ның ғасырында теледидар адамды сөйлеуге тағы да мәжбүр етті. Осыдан келіп, теледидардағы жанрдың-монологтық және диалогтық екі негізгі тобы өмірге келді. Қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік даму осы екі топтағы жанрлардың дамуына кең жол ашты.

Телевизиялық бағдарламаларға талдау, диалогтық жанрдағы топта: а) үрдіс даму, ә) көрермендер әңгімесінен баяулап жүретін айтыс, пікір таласты толықтырып отыру. Монологтық жанрдағы топта: а) көпшілік аудиториясына сөйлеу жүйесі, ә) сырттайғы әңгімелесу жүйесі; б) телекөрермендердің үшінші болуға ұмтылысты.

Диалогтық және монологтық жанрлар тобын классификациялауды үш топқа бөлу: ақпараттық, көңіл көтерушілік және танымдық-ағартушылық әрі көңіл көтерушілік.

Ақпараттық жанрда: саяси, экономикалық мәдени, деректілік тақырыбындағы бағдарламалар.

Көңіл – көтерушілік жанрда: спорт, музыка, лотерея, шоу-викторина, ойындар, балалар хабарлары, кино, спектакль, мультипликация, концерттер.

Үшінші топта – осы екеуіндегі жанрлар тобына жататындар топтасады.

Ақпарат бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдары рыногындағы ең құнды, әрі ең өтімді тауар. Ақпарат құралдарының ролін зерттеп жүрген ғалымдардың қазіргі уақытта “ақпараттық қоғам” деген тезисті ұсынып отырғаны мәлім. Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі, бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлде жаңаша сипатқа ие болып отыр.

Мұның өзі қазіргі ақпараттың уақыт кеңістігін еркін, әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда радионың қалың аудиторияны қамтитындығын жұртшылық мойындайды. Өйткені, тек қана радио аудиторияны барлық болып жатқан оқиғалармен жедел ақпараттандыруға қабілетті. Себебі, дауыстың және есту қабілетінің көмегімен берілетін, сондай-ақ, қабылданатын ақпарат көлемі көз, яғни, көру қабілеті арқылы қабылданатын ақпараттан үш есе артық екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелденген. Демек, ақпарат әлеміндегі радионың алатын орны айрықша. Ендеше, эфирден берілетін жаңалықтар желісіне қойылатын талаптар да күшті. Радиожурналист мына төмендегі мәселелерді білуге міндетті:



  1. Жалпы журналистиканың құқықтық негіздерін.

  2. Радиожурналистиканың қоғамдағы орны мен ролін.

  3. Радиожурналистика шығармашылығының ерекшеліктерін.

  4. Жедеғабыл жаңалықтар желісінде берілетін материалдарды әзірлеуде тілдің барлық мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалану арқылы өз ойын стилистикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білу жолдарын.

  5. БАҚ қызметін ретке келтіретін заңдарды білу және басшылыққа алу керек екенін.

Сонымен қатар, бұл лекцияда жаңалықтардың жеделдігі, уақыт мөлшері, сиымдылығы, өзектілігі, нақтылығы, эфирден берілу сипаты, соған сәйкес техникалық құралдары (ұялы байланысты, телефон желісін, тон-вагенді) пайдалану әдістері туралы түсініктеме беріледі.
Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. БАҚ – оның ішінде телевидениеде, радио және басқа көпшілік аудиторияға әлеуметтік, саяси, экономикалық ақпараттарды түрлі әдістері арқылы тарату

2.“Телевизиялық информация” қашан қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998



4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет