5В050800 -есеп және аудит Қарағанды – 2011-2012



бет4/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.68 Mb.
#190596
1   2   3   4   5


Таңдаған курс 1

Экономикалық – математикалық әдістер.

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика, Эконометрика

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Басқару есебі.

Мақсаты: Студенттерді математикалық модельдер түрінде нақты экономикалық есептер құруға үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық жүйелерді математикалық модельдеудің негізгі ұғымы. Ең қарапайым экономикалық есептердің математикалық модельдерін құру. Сызықтық бағдарламалау есептерін шешудің графикалық әдісі. Сызықтық бағдарламалау есептерін шешудің симплексті әдісі. Жасанды базис әдісі. Сызықтық бағдарламалаудың екіжақтылығы. Сызықтық бағдарламалаудың көлік есептері. Салааралық баланстық әдіс. Ойын модельдері туралы ұғым. Төлем материцасы. 2х2, 2х n, m х2 ойындарын шешудің геометриялық интерпретациясы. Матрицалық ойынды сызықтық бағдарламалау есебіне келтіру. Табиғатпен ойындар. Желілік модель. Желілік кесте құру. Қиын жолын табу. Желілік кестелерді оңтайландыру. Жаппай қызмет көрсету жүйесін модельдеу. Жаппай қызмет көрсету жүйесін имитациялық модельдеу. Қорларды (запастарды) басқару модельдері. Эконометрикалық әдістер.



Күтілетін нәтижелер:

Студент:



  • сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау есептерінің экономикалық математикалық модельдерін құруы;

  • сызықтық бағдарламалау есептерін шешудің сиплексті әдісін игеру оның геометрикалық интерпретациясын білуі;

  • симплекс әдістің екіжақтылығын игеру;

  • сызықтық және сызықтық емес регрессиялар теңдеулерін жасау үшін есептерді шеше білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Туганбаева З.А.
Макроэкономиканың математикалық модельдері

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика, Эконометрика

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Басқару есебі.

Мақсаты: Студенттерді әртүрлі пәндерді оқып үйрену үшін, сондай-ақ тиісті мамандықтардың теорялық және қолданбалы есептерін шешу үшін қажет математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру; логикалық ойлауды дамыту және математикалық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Негізгі макроэкономикалық проблемалар мен модельдерді баяндауда, макроэкономика заңдылықтарын графикалық және аналитикалық таныстыруда математикалық әдістерді пайдалану қарастырылады. Векторлық таңбалау. Кестемен беру. Екіжақты сәйкестік ережесі. Макроэкономикалық үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеудің негізгі бөлімдері: өндірстік бағдарламаларды оңтайландыру, салалар деңгейінде нарықтық реттеу проблемалары, нарықтық тепе-теңдік жағдайының қасиеттерін талдау.



Күтілетін нәтижелер:

Студент:



  • тәжірибеде математикалық ұғымдарды формулаларды, теоремаларды пайдалана білуі;

  • математикалық есептер құра білуі;

  • есептерді шешу үшін қазіргі заманғы ЭЕМ-ді пайдалана отырып, сандық әдістерді қолдана білуі тиіс.

Микроэкономикалық математикалық модельдері

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика, Эконометрика.

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Басқару есебі.

Мақсаты: Студенттерді әртүрлі пәндерді оқып үйрену үшін, сондай-ақ тиісті мамандықтардың теорялық және қолданбалы есептерін шешу үшін қажет математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру; логикалық ойлауды дамыту және математикалық мәдениеттің жалпы деңгейін арттыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Негізгі микроэкономикалық проблемалар мен модельдерді баяндауда, микроэкономика заңдылықтарын графикалық және аналитикалық түрде беруде математикалық әдістерді пайдалану қарастырылады. Микроэкономикалық үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеудің негізгі бөлімдері: кәсіпорынның, фирманың өндірістік бағдарламаларын оңтайландыру, кәсіпорындар мен салалар деңгейіндегі нарықтық реттеу проблемалары, нарықтық тепе-теңдік жағдайының қасиеттерін талдау.

Күтілетін нәтижелер:

Студент:


  • математикалық ұғымдарды, формулаларды, теоремаларды тәжірибеде пайдалана білуі;

  • математикалық есептер құра білуі;

  • есептерді шешу үшін қазіргі заманғы ЭЕМ-ді пайдалана отырып, сандық әдістерді қолдана білуі тиіс.

Таңдау бойынша курс 2

Экономикалық ақпараттық жүйелер

Микроэкономикалық математикалық модельдер

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика

Постреквизиттері: 1С:Бухгалтериясы, Бухгалтерлік есептегі компютерлік технологиялар, Компютерлік жүйелердегі ақпараттарды қорғау.

Мақсаты: Есептеу техникаларының ең жаңа құралдары мен есеп және аудит саласындағы озық технологияларды қолдау негізінде басқарудың ақпараттық жүйелерін жобалау мен ұйымдастыру мәселелерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша мазмұны: Жүйелердің, жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі ұғымдары. Экономикалық ақпарат-автоматтандырылған өңдеу объектісі ретінде. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің (ААЖ) түрлері мен сипаттамалары. Ақпараттық жүйелерді техникалық қамтамасыз ету. Менеджмен ақпарат жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету. Менеджмент ақпарат жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету. Менеджмент ақпарат жүйесін математикалық қамтамасыз ету. Автоматтандырылған жұмыс орындары – автоматтандыру құралы ретінде. Экономистердің функциялары. Дискретті технологиялық өндірістік үдерістермен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері. Менеджменттің ақпараттық жүйелері. Бизнестің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары. Менеджменттің ақпараттық жүйелеріның функционалдық бөлімі.

Күтілетін нәтижелер: мәліметтерді өңдеу жүйесін дамытудың заңдылықтарын; нақты предметтік (пәндік) салаларда міндеттер қоюдың және оларды бағдарламалық өнімдер ортасында жүзеге асырудың дағдыларын маңгеруі тиіс. Бухгалтерлік есеп міндеттерін шешуге бағдарланған жаңа ақпараттық технологиялардың әртүрлі құралдарымен жұмыс жасаудың тәжірибелік дағдыларын егу.

Ақпараттық технологиялар

Пререквизиттері: Экономикадағы математика, Информатика

Постреквизиттері: 1С:Бухгалтериясы, Бухгалтерлік есептегі компютерлік технологиялар, Компютерлік жүйелердегі ақпараттарды қорғау.

Мақсаты: ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері және қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді жобалау мен олардың жұмыс істеуін оңтайландыруға оларды қолдану бойынша білімдер қалыптастыру.

Курстың қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасындағы жаһандық жүйелерді және дербес компьютерлерді, жергілікті еесептеу желілерін пайдалануға негізделген ақпараттық технологиялар. Мәтіндік, гарафикалық кестелік процестерді қолдану. Мәліметтер қорларын, автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру. Сараптамалық жүйелер негізінде шешімдер қабылдауды қолдау жүйелері. Ақпараттық технологиялар - әр түрлі предметік (пәндік) салаларда (есепте, банктерде, статистикада, менеджментте, маркетингте және т.б.).

Күтілетін нәтижелер: ақпараттық технологиялардың мазмұны мен құралдарын білу; ақпараттық жүйелерді оңтайландыру үшін ақпараттық технологиялар құралдары мен негізгі модельдерді қолдана білу; ақпараттық жүйелерді құру мен модернизациялау кезінде интеллектуалдандыру принциптері мен жүйелік тұрғыдан келуді пайдалану.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Омарова Ш.Е.
ЭАЖ-дегі жаңа технологиялар

Пререквизиттері: Информатика, Бухгалтерлік есеп қағидалары

Постреквизиттері: Саудадағы бухгалтерлік есеп, Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп.

Мақсаты: студенттерді ЭАЖ-ді пайдалану мәселелері мен, экономика саласының әртүрлі ұйымдарында ЭАЖ-ді ұйымдастыру және пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: банк, салық, кеңсе және өзге де ақпараттық жүйелердегі ең жаңа технологияларды қолдану базасында экономикалық ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану

Күтілетін нәтижелер: жаңа ақпараттық технологиялардың теориялық негіздерін игеру; ЭАЖ-ды ақпараттық, бағдарламалық және ұйымдық қамтамасыз етуді сипаттай білу; ЭАЖ-ды құрудың оңтайлы нұсқасын әзірлеу; нақты салаларда міндеттер қойылысының және бағдарламалық өнімдер ортасында оларды жүзеге асырудың тәжірибелік дағдыларын пайдалану; қолданылатын ЭАЖ-ді объектілердің нақты параметрлеріне бейімдей білу.

Таңдау бойынша курс 3

Халықаралық экономика

Пререквизиттері: Макроэкономика, Экономикалық теория

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Халықаралық есеп.

Мақсаты: Студенттерді халықаралық экономиканың негізгі тұжырымдамаларымен, халықаралық еңбек бөлінісімен, әлемдік нарықпен, әлемдік шаруашылықпен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуы мен маңызы; әлемдік экономиканың даму үрдістері; әлемдік шаруашылық байланыстарын интернационалдандыру және жаһандандыру; әлемдік шаруашылықтың табиғи – ресурстық әлеуеті; халықтың ұдайы Өсу типтері; еңбек ресурстарын пайдалану; әлемдік шаруашылықтың салық құрылымы; экономикалық әлеует және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. Пәнді оқып үйрену халықаралық экономиканың жұмыс істеу заңдарын түсіндіруге және дәлелдеуге, ұғымдарды, олардың экономикалық – математикалық және графикалық негіздерін тұжырымдауға бағытталған, студенттер: тауарларға деген жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты қалыптастыру заңдылықтарын және халықаралық айналымдағы өндіріс факторларын; олардың өзге елдердің экономикасымен өзара байланыс жағдайындағы ашық ұлттық экономиканы талдау тетіктерін; халықаралық экономиканың жұмыс істеуіне қызмет көрсететін халықаралық қаржылық нарықтар мен қаржылық тетіктердің даму үдерістерін игеруі тиіс; халықаралық экономикалық заңдар мен жұмыс істеу заңдылықтарын білу студенттерге тәжірибеде олардың өзара тиімділік алуы мақсаттарында мемлекеттер арасында өзарақатынастардағы микро және макроталдау принциптерін қолдануға мүмкіндік береді.



Күтілетін нәтижелер: халықаралық экономика тұжырымдамаларын, халықаралық еңбек бөлінісін, әлемдік нарықты, әлемдік шаруашылықты білу.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Жетписбаева М.К.
Халықаралық экономикалық қатынастар

Пререквизиттері: Макроэкономика, Экономикалық теория

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Халықаралық есеп.

Мақсаты: Студенттерді халықаралық экономикалық қатынастардың негіздерімен, халықаралық еңбек бөлінісімен, әлемдік нарықпен, әлемдік шаруашылықпен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

ХЭҚ формалары: теория мен қазіргі жай-күйі. Үрдістер мен өзгерістер динамикасы. Сыртқы экономиканы мемлекеттік және мемлекетаралық реттеу: басқарудың құралдары мен әдістері, институционалдық құрылымы. Еркін сауда және протекционизм: даму модельдері. Сыртқы экономикалық саясат әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық үдерістер. Өңірлік блоктар мен интеграциялық бірлестіктердің формалары.



Күтілетін нәтижелер: Халықаралық экономикалық қатынастар тұжырымдамаларын, халықаралық еңбек бөлінісін, әлемдік нарықты, әлемдік шаруашылықты білу.

Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру.

Пререквизиттері: Макроэкономика, Экономикалық теория

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Халықаралық есеп.

Мақсаты: Студенттерді сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастырудың негіздерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Сыртқы экономикалық қызметті реформалау: мақсаттары мен міндеттері, негізгі кезеңдері. СЭҚ-ты басқару мазмұны, СЭҚ-ты басқарудағы нарықтық және нарықтық емес әдістерді қазіргі заман тұрғысынан түсіну. СЭҚ-ты либералдандыру, негізгі мемлекеттік құрылымдарды қайтақұру. СЭҚ-ты басқару құрылымы және реттеудің ұйымдық негіздері. Сыртқы сауданы реттеу, шетел инвестициялары салынған кәсіпорындар қызметін реттеу. Негізгі коммерциялық операциялар. Олардың мазмұны, жүзеге асыру және реттеу тетігі. СЭҚ-ты басқарудың институционалдық құрылымы.



Күтілетін нәтижелер: Сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде білікті болу.
Таңдау бойынша курс 4

Бюджеттік есеп

Пререквизиттері: Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп1,2, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ

Мақсаты: Студенттердің мемлекеттік мекемелердегі қаржыландыру жоспарларының атқарылуы бойынша бюджет есебін, оның әдістемесі мен мемлекеттік бюджетте ұсталатын мекемелер жұмысына қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдастыруын игерудегі теориялық және тәжірибелік даярлығын қамтамасыз ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: нарық жағдайындағы мемлекеттің қаржылық және бюджеттік саясатын оқып үйренумен байланысты экономикалық қатынастар курс пәні болып саналады. Республикадағы қаржылық қатынастарды басқаруды жүзеге асыратын қаржылық, бюджет, салық және өзге де органдардың құрылымдарын анықтау. Курс материалын ойдағыдай игеру үшін: «Қаржы», «Бухгалтерлік есеп теориясы», «Қаржылық есеп», «Басқару есебі», «Мемлекеттік бюджет», «Қаржылық жоспарлау және бақылау» және т.б. пәндерді білу қажет.

Курсты игеру үшін қажет дағдылар мен білімдер жиыны: қаржының мәні, функциялары, өзгешелікті белгілері, қаржылық ресурстардың, мемлекеттік қаржылардың пайда болуы, бөлінуі және пайдаланылуы, қаржы, жүйесі, қаржылық басқару және бақылау жүйесі, салық – бюджет саясаты, кәсіпорындардағы салық салу, ақша-несие саясаты, инфляция, меншік формалары, кәсіпорындардың активтері мен пассивтері, кәсіпорындарды сақтандыру, бағалы қағаздар, кәсіпорынның шығындары, мемлекеттің инвестициялық саясаты, экономика салалары және т.б.

Күтілетін нәтижелер:

  • компанияның қаржылық есептілігін жасау, жүргізу, талдау және болжам жасау саласындағы дағдылардың қажетті көлемін білу;

  • компанияның қаржылық есептілік мәліметтерімен жұмыс техникасы бойынша белгілі бір тәжірибелік дағдылар алу;

  • ХҚЕС-ке сәйкес Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілікті жүргізу мен жасаудың нормативтік – құқықтық базасын білу.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Кушербаев Б.П.
Пәнің аттары: Банктегі бухгалтерлік есеп пен есептілік

Пререквизиттері: Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп1,2, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ

Мақсаты: Банктегі бухгалтерлік есептің құрылу негіздерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Екінші деңгейдегі банктер шоттарының жоспары, банктік баланс, оның құрылу принциптері. Банктердегі синтетикалық және аналитикалық есеп. Банктердегі құжатайналымының құрылымын ұйымдастыру және бақылау. Нақты ақшасыз есеп айырысулар есебін ұйымдастыру, банктік корреспонденттік қатынастар, кассалық, депозиттік және несие операциялары, бағалы қағаздар, шетел валютасымен және қымбат металдармен жасалатын операциялар, негізгі құралдар, қаржы лизингі, банктің меншікті капиталы, банктің кірістері мен шығыстары, банктердің есептілігі. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі есепті ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер: Студент банк балансын жасау, банктегі есепті жүргізу кезінде студент белгілі бір теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды игеруі тиіс.

Пәнің аты: «Қаржылық бақылау және аудит»

Пререквизиттері: Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары, Қаржылық есеп1,2, Басқару есебі.

Постреквизиттері: жоқ

Пәннің мақсаты: қаржылық бақылау мен аудиттің экономикалық мәнін, нарықтық экономиканы қалыптастыру жағдайындағы бақылаудың рөлін, қаржылық бақылаудың халықаралық тәжірбиесінің ерекшеліктерін ашып көрсету, бақылау мен аудитті дамытудың басым бағыттарын анықтау.

Курсты оқып үйренуде қаржылық бақылау мен аудиттің нормативтік құқықтық және ғылыми - әдістемелік негіздері үлкен маңыз атқарады.



Курстың қысқаша сипаттамасы: Әртүрлі меншік нысандарындағы ұйымдар мен мекемелер қызметіне қаржылық бақылау мен аудит жүргізудің теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын игеруге студенттерге мүмкіндік береді. Экономикалық саясатты ойдағыдай жүзеге асыруды, бюджет, мақсатты, несие және өзге де қаражатты тиімді пайдалануға көмектесу бақылаудың негізгі мақсаты болып табылады. қаржылық бақылау шаруашылық операцияларының заңдылығын белгілеу, мемлекеттік, коммерциялық, инвестициялық, банктік, сақтандыру және өзге де ұйымдарда қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану туралы мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін қажет.

Күтілетін нәтижелер: студенттерге нарықтық инфрақұрылымдарды қалыптастыру жағдайында қаржылық бақылау мен аудиттің негізгі принциптерін игеруге, алынған білімдер негізінде студенттердің бойында, бақылау мен аудиттің дамуына қазіргі қойылатын талаптарға сәйкес, өздігінен шығармашылықпен ойлау, проблемаларды шешу жолдарын таба білу қабілеттерін қалыптастыру.
Таңдау бойынша курс 5

Баға белгілеу

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика

Постреквизиттері: Кәсіпорын экономикасы, Басқару есебі

Мақсаты: Нарықтық экономика жағдайында баға белгілеудің негіздерін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Бағалар жіктеуі және олардың жүйесі. Бағалар құрамы мен құрылымы. Бағаны құраушы факторлар. Нарық құрылымы және баға белгілеу. Баға белгілеу үдерісінің кезеңдері. Фирманың баға саясаты. Шығындар және баға қалыптастырудағы олардың рөлі. Баға белгілеу әдістері. Баға белгілеудегі тәуекел және бағаларды сақтандыру. Экономиканың кейбір салалары мен аяларындағы баға белгілеудің ерекшеліктері. Баға белгілеу тәжірибесі және өнеркәсібі дамыған елдерде бағаларды реттеу.



Күтілетін нәтижелер: студент: баға белгілеудің теориялық негіздері; бағаның құрамы мен құрылымын; бағалар орындайтын функцияларды; бағаларға әсер ететін факторларды; бағалар белгілеу үшін кәсіпорындар пайдаланатын әдістерді; баға белгілеу мәселелеріндегі мемлекеттің рөлін білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Даулетова А.М.
Ақша, несие банктер

Пререквизиттері: Экономикалық теория, Қаржы.

Постреквизиттері: Қаржы нарықтары және делдалдар, Қаржылық есеп-1

Мақсаты: Студенттердің бойында ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері, халықаралық несие – есеп айырысу және валюталық қатынастар бойынша, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері. Ақша несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие жүйесі. Халықаралық несие – есеп айырысу және валюталық қатынастар. Бағалы қағаздар нарығының негіздері. ҚР банк жүйелерінің сипаттамасы. ҚР ақша-несие және банк жүйелерінің жұмыс істеу нормативтік – құқықтық базасы.



Күтілетін нәтижелер: ақша, несие және банктер теориясы бойынша қажетті теоиялық білімдердің белгілі бір минимумын білуі; банк аясында жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болуы; ҚР ақша-несие және банк жүйелерінің жұмыс істеу нормативтік – құқықтық базасын білуі тиіс.

Қазіргі ақша теориясы

Пререквизиттері: Экономикалық теория.

Постреквизиттері: Қаржы нарықтары және делдалдар, Қаржылық есеп-1

Мақсаты: Қазіргі ақша теориясын оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ақша теориясының сапалық жақтары: ақшаның шығуы, табиғаты, функциялары, сатып алу күші және ақшаның құнын анықтайтын факторлар, «ақша» ұғымының «өтімді активтер» ұғымына трансформациялану алғышарттары, алтын стандартының алынуы және толыққанды ақшаның айналымнан кетуі, қазіргі заманғы несие жүйесінің дамуы және институционалдық құрылымдардың күрделенуі; ақша теориясының сандық жақтары: ақшаның экономикалық үдерістерге тигізетін әсері. Айналым жасау жылдамдығы, ақшаның тұтыну сұранысына, сақтықтар (жинақтар) мен инвестицияларға тигізетін әсері, ақша- несиелік реттеу, номинал ақша кірісі теориясы.

Ақшаның сандық теориясының трансакциялық нұсқасы және оның тауар айырбастау мәмілелерімен байланысы.

Күтілетін нәтижелер:

Студенттердің бойында ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері бойынша білімдердің тұтастай жүйесін қалыптастыру.


Таңдау бойынша курс 6

Салықтар және салық салу

Пререквизиттері: Қаржы, Экономикалық теория, Бухгалтерлік есеп қағидалары.

Постреквизиттері: Салық есебі, Аудит.

Мақсаты: Студенттердің бойында салықтар жүйесінің құрылу және жұмыс істеу негіздері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдер кешенін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Салықтардың экономикалық мәні. Салық салу негіздері. Мемлекеттің салық саясаты. Салық жүйесі. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы. Акциздер. Қосымша құн салығы. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салық. Жер салығы. Көлік құралдарына салынатын салық. Өзге де тікелей салықтар. Алымдар. Салық органдарындағы есеп пен есептілік. ҚР-дағы салық қызметі. Салықтардың есептелінуі мен төленуіне салық органдарының бақылауы. Дамыған шетелдердің салықтары.



Күтілетін нәтижелер: Студент:

  • салық салу теориясының даму тарихи кезеңдерін;

  • салықтардың құрылу және салық салу негіздерін, салық жүйесін қалыптастыру мен салықтар сипаттамаларының принциптерін;

  • Қазақстан Республикасының салық жүйелерінің негіздерін;

  • салық саясатының мазмұнын, оның мақсаттары мен міндеттерін, іске асыру құралдарын;

  • салықтар мен алымдардың жекелеген топтарының мәнін, маңызын және функцияларын, оларды есептеу және төлеу тетігін білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Танашева А.Б.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерге салық салу

Пререквизиттері: Қаржы, Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика.

Постреквизиттері: Салық есебі, Аудит.

Мақсаты: салық салу теориясы мен тәжірибесін оқып үрену, студенттердің бойында шаруашылық субъектілері мен халықтың салықтарын есептеу негіздері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдер кешенін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Салықтардың және салық салу жүйелерінің жұмыс істеу теорялық негіздерін оқып үйрену атап айтқанда салықтардың экономикалық мазмұны, функциялары мен принциптерін, ҚР-дағы салықтар мен салықтар жүйесінің қалыптасу даму тарихи кезеңдерін, елдегі салық реформаларының негізгі тұжырымдамаларын ашып көрсету. Қазақстан Республикасындағы резидент еместерге салық салу. Салықтық бақылаудың қажеттілігі және экономикалық мазмұны. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану



Күтілетін нәтижелер:

Студент:


  • салықтардың жұмыс істеуі мен дамуын;

  • Қазақстан Республикасы салық жүйелерінің қалыптасуы мен дамуын;

  • салықтар мен алымдардың жекелеген топтарының жұмыс істеуі, оларды есептеу мен төлеудің тетігін;

  • салықтар төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті, салық заңдарын бұзғаны үшін санкциялар қолдануды білуі тиіс.

Халықаралық салық салу

Пререквизиттері: Қаржы, Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика.

Постреквизиттері: Салық есебі, Аудит.

Мақсаты: Салық салудың шетелдік тәжірибесін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтардың түрлері, әртүрлі билік деңгейлердегі органдар арасында салық салу саласындағы құқықтардың шегін ажырату қарастырылады, салықтарды есептеу және алу тетігі, толықтығын бақылау және әлемдегі өзге де «салықтық паналар» зоналары көрсетілген. Дамыған шетелдердің салықтары.

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін жетілдіру үшін шетелдік тәжірибені пайдалану мүмкіндіктері.



Күтілетін нәтижелер: Салық салудың халықаралық тәжірибесін білу және оны отандық тәжірибен салыстыра білу.
Таңдау бойынша курс 7

1С - Бухгалтерия

Пререквизиттері: Информатика, Бухгалтерлік есеп қағидалары.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: 1С-Бухгалтерия бағдарламалық кешенінде жұмыс жасаудың теориялық және тәжірибелік дағдыларын алу, алынған білімдерді есеп және аудит аясында пайдалану.
Курстың қысқаша сипаттамасы:

Алгоритмдік тілдер және бағдарламалау. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету. Бухгалтерлік бағдарламалық кешендер: Лука, Алтын, 1С-Бухгалтерия. 1С-Бухгалтерияның бағдарламалау тілі. Жұмыс жағдайына келтіру. Есеп конфигурациясы. Object Pascal жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілі. Мәліметтер қорын жасау. Мәліметтер қорын басқару. Object Pascal көмегімен экономикалық есептерді шешу.



Күтілетін нәтижелер: 1С-Бухгалтерия бағдарламалық кешенінде жұмыс жасау дағдыларына ие болу, алынған білімді есеп және аудит аясында пайдалану.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Аяжанов К.С.
Есептегі компьютерлік технологиялар

Пререквизиттері: Информатика, Бухгалтерлік есеп қағидалары.

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: бағдарламалық кешенде жұмыс жасаудың теориялық және тәжірибелік дағдыларын алу, алынған білімді есеп және аудит аясында пайдалану.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазіргі жағдайда бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша бағдарламалық өнімдер ұғымдары сыныптамасының мәні. Бухгалтерлік бағдарламалар нарығы. «1 С бухгалтерия» пакетімен жұмыс жасаудың тағайындалуы, құрылымы мен жалпы принциптері. Шоттарды, субконтоны және өзге де параметрлерді жұмыс жағдайына келтіру: синтетикалық және аналитикалық есеп. Операциялар журналының тағайындалуы және оған түзетулер жасау. Операцияларды қарап тексеру аралығы бухгалтерлік хаттамалардың (проводкалардың) дұрыстығын тексеру. Бухгалтерлік хаттамалар (проводкалар) сомаларын есептеу формулаларының, типтік операцияларының негізгі мүмкіндіктері. «Құжаттар және есеп айырысулар» режимінің тағайындалуы. Стандартты есептер қалыптастыру және басып шығару: операциялар журналы бойынша есеп, шахматтық ведомосі, айналым сальдо ведомосі, журнал – ордер және шот бойынша ведомосі, талдау және шоттар карточкасы, субконто. Еркін үлгілердегі есептер. Сервистік мүмкіндіктер. Макро-тіл.

Күтілетін нәтижелер: ҚР-да пайдаланылатын бухгалтерлік бағдарламалардың құрылу және жұмыс істеу негіздерін білу.

Компьютерлік жүйелердегі ақпараттарды қорғау

Пререквизиттері: Информатика, Экономикалық ақпараттық жүйелер

Постреквизиттері: жоқ.

Мақсаты: ақпараттық жүйелерді, ақпараттарды қорғау жүйелерін құру мен тәжірибеде пайдаланудың теориялық негіздерін оқып үйрену, студенттерді мәліметтерді қорғауды жүзеге асыру принциптері, әдістері және құралдары туралы жүйеленген түсініктері болуға, оларды жобалау және пайдалану үшін қажет ақпараттық жүйелердегі ақпараттарды қорғау жөніндегі тәжірибелік дағдылар алуға үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ақпарат – коммерциялық құпия, бағдарламалық құралдар - өнім және бағдарламалық өнімнің түрлері ретінде. Ақпараттарды қорғау объектілері, қорғау әдістеріне шолу жасау және нақты табақшалардың (дискілердің) сипаттамалары. Ақпараттардың криптографиялық өзгеруі, мәліметтерге шартты атау беру стандартының мазмұнын ауыстырудың және қайта алмастырудың шартты атау беру (шифр беру) өлшемдерді. Ақпараттардың қорғалушылығын бағалаудың қазіргі заманғы әдістері, ақпараттар қауіпсіздігінің әртүрлі деңгейлерін бағалау. Сенімділік және өмірлік цикл, бағдарламалық ақпараттардың экономикалық тиімділігін бағалау мен сенімділігін анықтау әдістері. Компьютерлік қарақшылық проблемалары және құқықтық қорғау, авторлық құқық және рецензиялау.



Күтілетін нәтижелер:

Ақпараттарды қорғау объектілерінің ерекшеліктерін, олардың сыныптамасын білу, ақпараттарды енгізу, шығару, беру, өңдеу және сақтау үдерістерін жүзеге асыру кезіндегі ақпараттарды қорғау әдістері және құралдары туралы түсініктерге ие болу.


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР

Пән

циклі


Пән коды

Пәннің аты

Кредит саны

Се

местр


4 курс

КВ.3.2

Таңдау бойынша курс 1

2

7




BEE 4212
Банктік есеп және есептілік










YMBI 4212

Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар










MB 4212

Мемлекеттік бюджет










Таңдау бойынша курс 2

3

7




TKYBBE 4205

Туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп










TBE 4205

Туризмдегі бухгалтерлік есеп










KYBBE 4205

Қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп










Таңдау бойынша курс 3

3

7




SBE 4201

Саудадағы бухгалтерлік есеп










SEKBE 4201

Сыртқы экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есеп










KTKBE 4201

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерекшеліктері










Таңдау бойынша курс 4

3

7




SE 4202

Салық есебі










BEE 4202

Банктердегі есеп пен есептілік










KBYSE 4202

Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы салық есебі










Таңдау бойынша курс 5

3

7




OSBE 4203

Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп










ACHBE 4203

Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп










KBE 4203

Құрылыстағы бухгалтерлік есеп










Таңдау бойынша курс 6

2

7




HE 4204
Халықаралық есеп










SHB 4204

Шығындарды басқару










HKES 4204

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет