5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «банктік қадағалау»


Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесі



бет2/6
Дата28.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#163708
1   2   3   4   5   6

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесі


Қазақстан Республикасының Ұлттық


Банкі Басқармасының «Жеке тұлғалардың
салымдарына (депозиттеріне) міндетті
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы»
2003 жылғы « 04 « шілде
№ 201 қаулысымен бекітілді

 

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған


Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің
қатысу ережесі

 

Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған екінші деңгейдегі банктердің қатысу тәртібін белгілейді.



1-тарау.  Жалпы ережелер

1. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін (бұдан әрі – Депозиттерге кепілдік беру жүйесі) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі (бұдан әрі – банктер) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым, міндеттемелеріне осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша кепілдік берілетін банктер және олардың салымшылары (депозиторлары) құрайды.

2. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатын банктерді мәжбүрлеп таратқан жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтаруды қамтамасыз етуге негізделген.

3. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) болып табылады.

4. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне осы Ережеде белгіленген талаптарға жауап беретін кез келген банк қатысушы бола алады.

5. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер осы Ережеде белгіленген мөлшерде және тәртіппен Қорға жарналар төлейді.

6. Жеке тұлғалардың салымдарының (депозиттерінің) түрлері және Қордың оларға кепілдік беру (сақтандыру) ерекшеліктері Қазақстан Республикасының  заңдарында айқындалады.

7. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) агент банк – Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес  Қормен жасалған агенттік келісім негізінде салымшыларға (депозиторларға) өтемақы төлеу жөніндегі рәсімді жүзеге асыратын қатысушы банк;

2) қатысушы банк – олар тартқан жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтару жөніндегі міндеттемелеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келпілдік берілетін Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банк;

3) салым (депозит) бойынша өтемақы – Қор салымшыға (депозиторға) кепілдік берілген салым (депозит) бойынша төлеуге тиісті ақша сомасы;

4) салымшы (депозитор) – қатысушы банкте кепілдік берілген салымы (депозиті) бар жеке тұлға;

5) кепілдік берілетін салым (депозит) - Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын теңгедегі және/немесе шетел валютасындағы салым (депозит);

6) қосымша жарналар – салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банктердің Қорға біржолғы төлемдері;

7) міндетті күнтізбелік жарналар – қатысушы банктердің Қорға  тоқсан сайынғы төлемдері;

8) қайтару резерві – осы Ережеде көзделген тәртіппен қалыптасатын, салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге арналған ақша сомасы;

9) қатысушының куәлігі – қатысушы банкке Қор беретін және оның Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуын куәландыратын құжат;

10) төтенше жарналар – Қорға қатысушы банктер Қордың қарыз сомасын және олар бойынша есептелген сыйақыны төлеу үшін Қорға жасалған төлемдері.

2-тарау. Қор және оның өкілеттігі

8. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құрылады және өз қызметін жарғының негізінде жүзеге асырады.

9. Қордың ақшасы:

1) Қор активтерінің 80 (сексен) процентінен кем емес мөлшері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк) келісілген қаржы құралдары тізбесіне сәйкес шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздарға;

2) Ұлттық Банктегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.

10. Қор мынадай негізгі функцияларды орындайды:

1) өтемақы резервін қалыптастырады;

2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда оның салымшыларына (депозиторларына) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде және тәртіппен салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейді;

3) активтерді басқарады;

4) қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;

5) Қордың Жарғысында, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

11. Қор өз функцияларын орындау кезінде:

1) Ұлттық Банкпен ақпарат алмасу жөнінде келісім жасайды және оған сәйкес оларда тәуекелді басқару жүйесінің болуы туралы мәліметті және тартылған салымдар (депозиттер) бойынша мәліметтерді қоса алғанда, қатысушы банктердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтер алады;

2) Ұлттық Банкке қатысушы банктердің салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу  фактілері туралы хабарлайды;

3) осы Ережеде белгіленген тәртіппен банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдайды және одан шығарады;

4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясына   мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясы ұсынған есепке (бұдан әрі – салымдар (депозиттер) бойынша өтем есебі) сәйкес  сома көлемінде салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге байланысты өздерінің кері талаптарын қанағаттандыру үшін өтініш береді;

5) қатысушы банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы өтініш жасайды;

6) шетел валютасымен салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін, шетел валютасымен алынған заемдарды өтеу үшін, сондай-ақ өз активтерін орналастыру үшін шетел валютасын сатып алады;

7) қатысушы банктен оның депозиттік саясаты жөнінде ақпарат сұратады;

8) Ұлттық Банк алдында қатысушы банкке инспекторлық тексеру жүргізу және оны жүргізудің мақсаты мен негіздемелерін көрсете отырып оған өз өкілін қатыстыру туралы өтініш жасайды;

9) Ұлттық Банкке осы орган айқындаған тәртіппен және мерзімде өз қызметі туралы қаржылық есеп ұсынады;

10) өзінің жылдық балансын, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қыз-метінің нәтижелері туралы есепті тәуелсіз аудиторлық ұйым растағаннан кейін республикалық газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;

11) өз құзыреті шегінде басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

12. Қор банктік шоттарын Ұлттық Банкте ғана ашады.

13. Қор қызметіне жалпы басшылықты өкілеттігіне жарғылық қызметпен қатар:

1) банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау және одан шығару туралы шешім қабылдау;

2) осы Ережеге сәйкес қосымша және төтенше жарналардың мөлшерін және енгізу мерзімін, сондай-ақ міндетті күнтізбелік жарналарды енгізу мерзімін белгілеу;

3) Қор активтерін Ұлттық Банкке сенімгерлік басқаруға беру туралы  шешім қабылдау;

4) өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау;

5) конкурстық тәртіппен агент банкті таңдау кіретін Қордың Директорлар кеңесі жарғы негізінде жүзеге асырады.

14. Қордың лауазымы тұлғалары мен қызметкерлері өз функцияла-рын жүзеге асыру барысында қатысушы банктердің қызметі туралы оларға белгілі болған ақпаратты тек қана қызметтік мақсатта пайдаланады және алынған мәліметті жария еткені үшін Қазақстан Республикасының  заң актілеріне сәйкес жауап береді.

3-тарау.  Банктердің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіруі

15. Банктер Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне Ұлттық Банктің тиісті оң қорытындысын алған жағдайда ғана кіреді .

Ұлттық Банктің оң қорытындысын беру үшін:

соңғы алты ай ішінде  пруденциалдық нормативтерді орындауы;

соңғы алты ай ішінде  ең төменгі резервтік талаптарды орындауы;

соңғы алты ай ішінде қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыруға қойылатын талаптарды орындауы;

банк заңдарында көзделген банкке қатысты күші жойылмаған шектелген ықпал ету шаралары және санкциялардың болмауы негіз болып табылады.

16. Депозиттерге кепілдік беру жүйе кіру үшін банк Қорға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті, Ұлттық Банктің оң қорытындысын,  өзінің депозиттік саясатын, сондай-ақ Қорға өтініш берген күнгі тартылған салымдар (депозиттер) және олар бойынша сыйақы ставкалары бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.

17. Банк осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбаған жағдайда Қор Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдауға арналған құжаттарды қараудан бас тартады.

18. Қор банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау туралы шешімді банктен құжаттар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.

19. Қор банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау туралы шешім қабылдаған жағдайда  банк бес жұмыс күні ішінде  Қормен міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды енгізу тәртібі тартылған жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері) бойынша ең жоғары сыйақы ставкалары және банктің депозиттік саясаты туралы мәліметтер беру туралы Шарт (бұдан әрі - Шарт) жасайды.

Шартта банктің мерзімінде төленбеген күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналары, сондай-ақ Қор белгілеген ең жоғары мөлшерден асып кеткен сыйақы ставкалары бойынша кепілдік берілген салымдар (депозиттер) тартқаны үшін айыппұл сомасындағы ақшаны банктің банктік шотынан Қордың акцептсіз тәртіппен алу құқығы көзделеді.

20. Шарт жасалғаннан кейін осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушының куәлігі беріледі.

21. Банк қатысушының куәлігін берген күннен бастап Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк болады.

22. Банкке қатысушының куәлігін беру туралы ақпарат оны берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қор мемлекеттік және орыс тілдерінде республикалық газеттерде жарияланады.

23. Қор Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) тиісті ақпарат енгізу арқылы берілген және қайтарып алынған қатысушылар куәлігінің есебін жүргізеді.

24. Қор тоқсан сайын республикалық газеттерде тізілімді, оған өткен тоқсанда енгізілген өзгерістерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

4-тарау. Банктердің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі

25. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі қатысушы банктердің мынадай талаптарды:

1) Қормен Шарт және Келісім жасау;

2) осы Ережеге және Шартқа сәйкес міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды уақтылы әрі толық көлемде енгізу;

3) қатысушы куәлігінің номері мен берілген күнін көрсете отырып өзінің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы, сондай-ақ салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу шарттары туралы клиентке хабарлау;

4) клиенттерге таныстыру үшін банктерде, салымдарды (депозиттерді) қабылдауға жауапты өзінің барлық бөлімшелерінде жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актінің көшірмесі  болуын қамтамасыз ету;

5) мерзімді және шартты банктік салым шарттарында салымдардың (депозиттердің) салымшы (депозитор) қосымша ақша сомасын енгізу не олардың салым бойынша ақшаның бір бөлігін алу нәтижесінде, сондай-ақ аталған жағдайға әкеліп соқтыруы ықтимал шарттың мерзімін ұзарту жағдайында  кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) санатынан кепілдік берілмейтін салымдар (депозиттер) санатына  және кепілдік берілмейтін салымдар (депозиттер) санатынан кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) санатына ықтимал көшу туралы жағдайын көздеу;

6) кепілдік берілген салымдарды (депозиттерді) қайтару жөніндегі міндеттемелерді толық және уақтылы орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соқтыратын  жағдайдың пайда болғаны туралы Қорға дереу хабарлау;

7) оны мәжбүрлеп таратқан жағдайда Қордың Директорлар кеңесі бекітетін нысан бойынша жасалған салымдары (депозиттері) кепілдік беруге жататын салымшылардың (депозиторлардың) тізімін, сондай-ақ салымдар (депозиттер) бойынш�

Ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының у-6) тармақшасына және 15-бабының ж) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екінші деңгейдегі банктерге банктің ішкі міндеттемелері үшін 1,5 пайыз мөлшерінде және банктің өзге міндеттемелері үшін 2,5 пайыз мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.

2. Осы қаулы 2009 жылғы 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы қабылданған күннен бастап осы қаулының 1- қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

4. Зерттеу және статистика департаменті (Қалиасқарова Т.Р.) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.


Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сә
VIII тақырып. Бір қарызгерге тәуекел қойғандағы шектеу және қарызгердің тәуекелі.

1. Қарызгерлердің түрлері және қадағалау органдарының критерийлері.

2. Несие тәуекелінің мазмұны және қарызгердің несие берешегі.

3. Максималды коэффициентті есептеу әдісі (К3) және оны бағалаудың китерийлері.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек № 358
Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 409 26.11.2005ж.

2.ҚҚА № 120 27.05.2006ж.

3.ҚҚА № 135 17.06.2006ж.

4.ҚҚА № 47 23.02.2007ж.

5.ҚҚА № 149 28.05.2007ж.

6.ҚҚА № 224 27.08.2007ж.

7.ҚҚА № 242 24.10.2007ж.

8.ҚҚА № 20 26.02.2008ж.

9.ҚҚА № 58 28.04.2008ж.

10.ҚҚА № 146 02.10.2008ж.

11.ҚҚА № 233 29.12.2008ж.

12. ҚҚА № 18 28.01.2009ж.
“Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері өзінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 3-тармақтың бірінші абзацындағы үшінші деңгейдегі капиталдың меншікті капиталға қосылу бөлігінен, 13,14-тармақтардың бесінші және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетінші, сегізінші абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, Нұсқаулықтың 32-тармағының 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1-қосымшасының Түсіндірмесінің 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2-қосымшасының Түсіндірмесінің екінші абзацынан басқасы қолданысқа енгізіледі.

4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, “Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.





Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №358 қаулысының 1-қосымшасы





Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық

Осы нұсқаулық екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) сақтауы міндетті пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесін белгілейді.



1-тарау. Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері
1. Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.

2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкілетті орган белгілеген кез-келген пруденциялдық нормативтер мен басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкін.


2-тарау. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті
3. Меншікті капитал бірінші және екінші деңгейдегі капитал сомасы (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшермен енгізіледі) ретінде және банк инвестициясын шегергендегі үшінші деңгейдегі капитал (үшінші деңгейдегі капитал рыноктық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу процентінен аспайтын мөлшермен енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.

Банк инвестициясы банктің заңды тұлға акциясына салымын (жарғы капиталындағы қатысу үлесі), сондай-ақ жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі капитал сомасының он процентінен асатын заңды тұлғаның реттелген борышын білдіреді.

Рыноктық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капиталына енгізу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 16-тармағымен айқындалған банктің меншікті капиталының жеткіліктілік нормативтерін орындауға қажетті бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың барынша аз мөлшері арасындағы айырмашылықты білдіреді.

Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін Standard&Poor's агенттігінің рейтингттік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).

4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:

сатып алынған меншiктi жай акцияларды шегергендегi, жай акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталы;

сатып алынған меншiктi артықшылықты акцияларды шегергендегi, артықшылықты акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталы;

қосымша капитал;

өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);

нәтижесінде бір заңды тұлғада пайда болған қаржы активі және оның басқа тұлғадағы (бұдан әрі – осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетілген мерзімсіз қаржы құралдары) барлық міндеттемелерін шегергеннен кейінгі заңды тұлғаның активтер үлесіне құқығын растайтын қаржылық міндеттеме немесе өзге қаржы құралы бірмезгілде пайда болатын мерзімсіз шарттар;

мыналарды алып тастағанда:

1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы бекіткен 38 “Материалдық емес активтер” тиісті халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктің негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;

өткен жылдардың шығындары;

ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кірістерінен асып кетуі.

5. Мерзімсіз қаржы құралдары мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

1) айналыста белгілі мерзімі жоқ және депозит болып табылмайтын (немесе сұратушының міндеттемесі болып табылмайтын);

2) мерзімсіз қаржы құралдарын шығарған банктің бастамасы бойынша ғана мерзімінен бұрын өтелуі тиіс, бірақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзім өткеннен кейін ғана өтелуге жатқызылатын, бірақ мынадай шартпен, егер мұндай өтеу банк уәкілетті органның жазбаша растауына сәйкес осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін бұзу салдарына әкелмейтіндей болса;

3) банктің мерзімсіз қаржы құралдары бойынша, оның ішінде негізгі сома бойынша және есептелген сыйақы бойынша міндеттемелерін орындауы меншікті капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігі бөлігінде осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін орындау талабы бойынша көзделсе.Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетілген себептер бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кезекті сыйақыны төлемеген жағдайда банктің осы кезекті сыйақыны төлеуі жөніндегі міндеттемесі тоқтатылады (кумулятивті болып табылмайды);

4) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің қамтамасыз етулері болмайды;

5) банктің таратылуы кезінде мерзімсіз қаржы құралдары бойынша талаптар “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабымен белгіленген кезектілікке сәйкес банк міндеттемелерін қанағаттандырғаннан кейін өтеледі;

6) сыйақы мөлшерлемесін өзгерту шарт жасалған немесе мерзімсіз қаржы құралдары шығарылған күннен бастап, банктің мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі жөніндегі талабы бойынша он жыл өткеннен кейін ғана көзделеді. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша бастапқы мөлшерлеме сыйақысын өсіру бір жолғы тәртіппен және мына шарттар бойынша бір реттен көп емес мөлшерде көзделеді:

мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негізгі сыйақы мөлшерлемесі арасындағы айырмадан жүз негізгі тармақтарды шегеру және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі негізгі мөлшерлеме;

мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негізгі сыйақы мөлшерлемесі және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесі арасындағы айырма ретінде белгіленіп отырған, содан кейін негізгі сыйақы мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі аралық айырма шегіне кемітілген бастапқы кредиттік маржаның елу проценті.

Мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негізгі базистік сыйақы мөлшерлемесі ретінде мыналар пайдаланылады:

өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі белгіленген жағдайда - мерзімсіз қаржы құралдары шығарылымына тиісті валютаға сәйкес валютада халықаралық банкаралық кредит рыногында белгіленген мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесі;

Белгіленген мөлшерлемені белгілеген жағдайда - валютасында мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекеттің уәкілетті эмитенті (мемлекеттер одағы) шығарған борыштық бағалы қағаздардың кірістілік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі.

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені өсіру сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі ретінде валютасында мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекеттің уәкілетті эмитенті (мемлекеттер одағы) шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістілік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.


  1. Банктің еншілес ұйымдары шығарған мерзімсіз қаржы құралдары сабақтас банктің бірінші деңгейдегі капиталының есебіне банктің еншілес ұйымдары мен банктің еншілес ұйымдары шығарған мерзімсіз қаржы құралдарының сәйкестігіне орай нақты қамтылған ақша шегінде мынадай талаптар бойынша енгізілуі мүмкін:

1) банк еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді стратегиялары мен ағымдағы операцияларына қатысты шешім қабылдауды қоса ала отырып, еншілес ұйымдардың қызметін толық айқындайды;

2) еншілес ұйымдар қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес сабақтас банкке ұсынылатын қаржылық есеп беруді тоқсан сайын жасайды;

3) аталған еншілес ұйымдардың сабақтас банкке қаржылық есеп беруді қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес ұсынуы шоғырландырылған қаржылық есеп беру мәліметіне жатқызылады;

4) мерзімсіз қаржы құралдарының белгілі бір айналыс мерзімі жоқ және ол депозит (немесе ұсыныс жасаушының міндеттемесі) болып табылмайды;

5) мерзімсіз қаржы құралдары мерзімсіз қаржы құралдарын шығарған еншілес ұйымның бастамасы бойынша ғана ұзақ мерзімді өтелуге жатқызылады, бірақ мұндай өтеу уәкілетті органның жазбаша растауына сәйкес банктің соңынан осы Нұсқаулықпен белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін бұзуға алып келмейтін болуы, шығарылған күннен бастап бес жылдан кешіктірілмеген жағдайда;

6) сабақтас банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдары бойынша, оның ішінде негізгі сома мен есептелген сыйақы бойынша міндеттемелерін орындауы меншікті капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігі бөлігінде осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін орындау талабы бойынша көзделсе.Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетілген себептер бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кезекті сыйақыны төлемеген жағдайда банктің осы кезекті сыйақыны төлеуі жөніндегі міндеттемесі тоқтатылады (кумулятивті болып табылмайды);

7) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелерде осы тармақтың он бірінші абзацында көзделген жағдайдан басқа жағдайда қамтамасыз ету болмайды;

8) банкті тарату кезінде мерзімсіз қаржы құралдарының төлемі үшін алынған және сабақтас банктегі еншілес ұйым орналастырған ақша “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 74-2-бабымен белгіленген кезектілікке сәйкес банк міндеттемелерін қанағаттандырған соң қайтаруға жатқызылады;

9) банкті тарату кезінде мерзімсіз қаржы құралдарының төлемі үшін алынған және осы тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген тиісті талаптарға сәйкес келетін шарттар бойынша сабақтас банкке орналасқан ақша;

10) банктің мерзімсіз қаржы құралдарының шарттарына сәйкес банктің еншілес ұйымдарының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету үшін берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауы банктің мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кепілдік берілген міндеттемелерді орындау күні жеткен кезде берілген басқа кепілдіктерді қанағаттандырған соң барып қарастырылады;

11) cыйақы мөлшерлемесін өзгерту шарт жасалған күннен немесе мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сабақтас банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болу талабы бойынша тек он жыл толғаннан кейін ғана көзделеді. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесін ұлғайту бір жолғы тәртіппен және мынадай талаптардың бірінен аспайтын мөлшерде болуы көзделеді:

мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменің ұлғаю сәтіндегі базистік мөлшерлеме мен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі арасындағы айырманы шегергендегі жүз базистік тармақтар;

мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменің ұлғаю сәтіндегі базистік мөлшерлеме мен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі арасындағы, соңынан мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдарының мөлшерлемесін ұлғайту сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі арасындағы айырманы белгілейтін бастапқы кредиттік маржаның елу проценті.

Мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі ретінде мыналар пайдаланылады:

өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі белгіленген жағдайда - мерзімсіз қаржы құралдарын шығару валютасына сай валютамен банкаралық кредит берудің халықаралық рыноктарында белгіленетін мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесі;

белгіленген сыйақы мөлшерлемесі белгіленген жағдайда – валютасына мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкілеттік берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі.

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі ретінде валютасына мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкілеттік берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.

7. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6 тармақтарында көзделген жағдайларда мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу мұндай өтеулер пруденциалдық нормативтердің мәнінің бұзылуына душар етпейтіндігін растайтын мынадай құжаттарды банк ұсынған кезде жүзеге асырылады:

банктің уәкілетті органы (банктің еншілес ұйымы) бекіткен шарт немесе мерзімсіз қаржы құралдары талаптарының көшірмелері;

мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу болжалданып отырған сомасы мен күні туралы ақпарат;

пруденциалдық нормативтер есебі үшін қажет мәліметтер, мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу болжалданып отырған соманы ескере отырып түзетілген, есепті айдың бірінші күні берілген деректер негізінде дайындалған, осы Нұсқаулықпен белгіленген коэффициенттер есебі бар анықтамалар.

8. Бірінші деңгейдегі капиталға енгізілген мерзімсіз қаржы құралдарының үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес процентінен аспауы тиіс. Бірінші деңгейдегі капиталға енгізілмеген мерзімсіз қаржы құралдарының, сондай-ақ артықшылықты акциялары сомасы екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілуі мүмкін.

Меншікті капиталдың есебіне банктің нақты алған ақшасы мөлшеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарының төленген сомасы қосылады.

9. Мерзімсіз қаржы құралдары банктің меншікті капиталы есебіне енгізілуі шартқа немесе осы Нұсқаулықтың 5-тармағының шарттарына сай мерзімсіз қаржы құралдарын шығару талаптарына сәйкес келуі туралы уәкілетті органның жазбаша растамасы бойынша, ал сабақтас банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдары жағдайында – осы Нұсқаулықтың 6-тармағының талаптары бойынша енгізілуі мүмкін.

Осы тармақта көзделген уәкілетті органның жазбаша растамасын алу мақсатында уәкілетті органға мынадай қосымша мәліметтер және құжаттар ұсынылады: банктің уәкілетті органы бекіткен шарттың немесе мерзімсіз қаржы құралдары талаптарының көшірмесі, ал сабақтас банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдарын шығару жағдайында – еншілес ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі, шарттар немесе еншілес ұйымның уәкілетті органы бекіткен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару талаптары, сондай-ақ сабақтас банктің уәкілетті органының банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдарын шығару туралы шешімі.

10. Екінші деңгейдегі капитал мынадай жағдайда сома ретінде есептеледі:

ағымдағы жыл кірістерінің мөлшері ағымдағы жыл шығыстары мөлшерінен асып кеткен жағдайда;

негізгі құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшері;

кастодиан шартының талаптары негізінде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегі тәуекелді ескеріп сараланған активтер сомасының 1,25 процентінен аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшері;

бірінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілмей төленген мерзімсіз қаржы құралдары, сондай-ақ артықшылықты акциялары;

банктің сатып алған меншікті реттелген борышын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал сомасының елу процентінен аспайтын сомамен меншікті капиталға енгізілген екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы.

11. Екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы - бұл банктің мынадай талаптарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:



  1. ұсыныс берушінің салымы не міндеттемесі болып табылмаса;

  2. банктің немесе оның аффилиирленген тұлғаларының талаптары бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылмаса;

  3. банк таратылған жағдайда “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін банк орындағанға дейін қанағаттандырса;

4) банк өтеуі (толық немесе ішінара) мүмкін, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеуі тек банктің бастамасымен болуы мүмкін, егер осы өтеу тек қана уәкілетті органның қорытындысына сәйкес бұдан кейін банктің осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтерінің мәнін сақтамайтын салдарларға алып келмеген жағдайында.

Меншікті капиталға енгізілген екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы – бұл өтелгенге дейін бес жыл тарту мерзімі болған реттелген борыш.

Облигациялар банктің реттелген борышы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындысы туралы есеп негізінде банктің меншікті капиталына енгізіледі.

Екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы банктің меншікті капиталының есебіне былайша енгізіледі:

Борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде:

1-ші жыл- реттелген борыш сомасының 100 проценті;

2-ші жыл- реттелген борыш сомасының 80 проценті;

3-ші жыл- реттелген борыш сомасының 60 проценті;

4-ші жыл- реттелген борыш сомасының 40 проценті;

5-ші жыл- реттелген борыш сомасының 20 проценті.

Сондай-ақ осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін, егер шартта заемшының бастамасы бойынша заемды мерзімінен бұрын өтеу (толық немесе ішінара) мүмкіндігі көзделіп, егер бұл өтеу уәкілетті органның қорытындысына сәйкес банктің қаржылық жағдайының нашарлау салдарына және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарының бұзылуына алып келмейтіндігі көзделген 3) тармақшаны қоспағанда Еуропалық Қайта құру және Даму банкінен немесе Азия Даму банкінен не Халықаралық Қаржы қауымдастығынан тартылған банктің заемы екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы болып табылады.

12. Банктің 2002 жылғы 1 тамызға дейін тартылған, бастапқы өтеу мерзімі 5 жылдан кем емес және осы Нұсқаулықтың 11-тармағында белгіленген реттелген борышқа қойылатын талаптарға жауап бермейтін реттелген борыштар мынадай тәртіппен банктің меншікті капиталының есебіне енгізіледі:

борышты өтеу басталғанға дейінгі бес жылдан артық мерзім ішінде:

реттелген борыш сомасының 80 проценті мөлшерінде;

борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде:

1-ші жыл- реттелген борыш сомасының 60 проценті;

2-ші жыл- реттелген борыш сомасының 40 проценті;

3-ші жыл- реттелген борыш сомасының 20 проценті;

4-ші және 5-ші жыл- реттелген борыш сомасының 0 проценті.

13. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай екі коэффициентпен сипатталады:

бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестициясын шегергендегі және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған банк инвестициясының сомасына кемітілген банк активтерінің мөлшеріне және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне (k1) енгізілген бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасы;

меншікті капиталдың сомаға қатынасы:

екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген, жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша салмақталған активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер;

активтер, шартты және мүмкін талап етулер және рыноктық тәуекелді ескеруге есептелген болуы мүмкін талап етулер мен міндеттемелер;

операциялық тәуекел (k2).

14. Үшінші деңгей капиталы мынадай талаптарға сәйкес келетін үшінші деңгейдің реттелген борышын білдіреді:

1) банк ұсынған, онымен айрықша байланысы бар немесе банктің аффилиирленген тұлғасынан қамтамасыз ету алынбаса;


  1. ұсыныс беруші үшін депозит не міндеттеме болып табылмаса;

  2. банк мерзімінен бұрын (толық немесе ішінара) , сонымен бірге мерзімінен бұрын банктің бастамасы бойынша ғана өтеуі мүмкін, егер осы өтеу уәкілетті органның қорытындысына сәйкес осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің сақталмауына душпр етпеген жағдайында;

  3. өтелгенге дейін екі жылдан асатын бастапқы мерзімі бар.

Екінші деңгейдегі капиталға енгізілмеген екінші деңгейдің реттелген борышы оның амортизациялық бөлігін қоспағанда, банктің үшінші деңгейдегі капиталына енгізілуі мүмкін.

15. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k1 0,06 кем болмайды.

Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k1 0,07 кем болмайды.

Банк холдингі немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) (бұдан әрі - № 55 қаулы) белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k1 0,05 кем еместі құрайды.

Орналастырылған акцияларының елу процентінен артығы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k1 0,06 кем еместі құрайды.

15-1. Акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:

k 1 – 0,05-тен кем болмайды;

k 2 – 0,10-нан кем болмайды.

16. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 0,12 кем болмайды.

Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 0,14 кем болмайды.

Банк холдингі немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 0,10 кем болмайды.

Орналастырылған акцияларының елу процентінен артығы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 0,12 кем еместі құрайды.

Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшасына сәйкес жасалады.

Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша жасалған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.

Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес ол бойынша банк кредиттік тәуекелге ұшырайтын тәуекел деңгейіне туындысы ретінде анықталады.

Своптар, фьючерстер, опциондар және форвардтар аталған қаржы құралдарының рыноктық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекелді ескеріп, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне енгізіледі.

Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.

Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:

сатып алуға арналған мәмілелер бойынша – берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;

сатуға арналған мәмілелер бойынша – берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.

Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.

Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.

Сатылған опциондар кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне кіргізілмейді.

Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің есебі рыноктық тәуекелді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 17-30 тармағына сәйкес жасалады.

Операциялық тәуекелдің есебі осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес жасалады.

Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценттерін есептеу кезінде (k1, k2) салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің мөлшерінен және активтер мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.

17. Рыноктық тәуекелді (валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) ескергендегі активтердің, шарттың және мүмкін талап етулердің және міндеттемелердің есебіне банктердің рыноктық немесе әділ құн бойынша (бұдан әрі – рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдары) ескерген активтері, шартты және мүмкін талап етулері және міндеттемелері және мына талаптардың кез-келгеніне сәйкес келген жағдайда енгізіледі:

1) аталған кезеңдегі сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырма бойынша кіріс алу үшін сатып алынған жылдан кейінгі 3 жыл ішінде сату мақсатында сатып алынған;

2) рыноктық тәуекелі (валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) бар басқа қаржы құралы бойынша рыноктық тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында сатып алынған.

18. Рыноктық тәуекелді ескергендегі активтер, шартты және мүмкін талап етулер және міндеттемелер 8,3-ке тең көрсету коэффициентін (қатысушысы банктік холдинг болып табылатын банк үшін не осы Нұсқаулықтың 15-1-тармағында көрсетілген банк үшін 10-ға тең коэффициент пайдаланылады) тудырушы ретінде мына сомада есептеседі:

сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;

рыноктық құнның өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;

валюталардың айырбас бағамдарының және қымбат металлдардың бағамдарының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен.

19. Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен есептесу айрықша проценттік тәуекел мен жалпы проценттік тәуекел сомасын білдіреді.

20. Айрықша проценттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 21-тармағына сәйкес айрықша проценттік тәуекел коэффициенті бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар сомасын ұсынады.

Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары мынадай талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдары болып табылады:

бір эмитент шығарған;

тең кірістілік мөлшері бар;

рыноктық құн сол бір ғана валютамен көрсетілген;

өтелгенге дейін теңдей мерзімі бар.

Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) мыналардың арасындағы айырманы көрсетеді:

сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдарының сомасымен, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдарын сатуға арналған талап етулерді білдіреді;

сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдарының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты қаржы құралдарының сатуға арналған міндеттемелерді білдіреді.

Опциондар есепті кезеңнің соңғы жұмыс күнінің жай-күйі бойынша қалыптасқан опциондардың рыноктық құны мөлшеріндегі ашық позицияның (ұзын немесе қысқа) есебіне енгізіледі.

Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) аталған қаржы құралдарының рыноктық құны белгіленген валюталар бөлігі шеңберінде есептеледі.

21. Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар айрықша проценттік тәуекелдің коэффициенті бойынша мынадай тәртіппен сараланады:

1) 0 проценттік коэффициент бойынша – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары, тәуелсіз рейтингі Standard & Poor’s агенттігінің “АА” рейтингінен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейінен төмен емес шет мемлекеттердің орталық банктері және орталық Үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздары;

2) 0,25 проценттік коэффициент бойынша – Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары 6 айдан кем емес өтеу мерзімімен шығарған сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдары, тәуелсіз рейтингі Standard & Poor’s агенттігінің «А+»-дан «ВВВ-»-ге дейін немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық банктері және орталық Үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тізіміне енгізілген және халықаралық қор биржалары таныған, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген сауда-саттықты ұйымдастырушыларының тізіміне енгізілген бағалы қағаздар;

3) 1 проценттік коэффициенті бойынша – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар, өтеу мерзімі 6 айдан 24 айға дейінгі қаржы құралдары;

4) 1,6 проценттік коэффициенті бойынша – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар өтеу мерзімі 24 айдан асатын қаржы құралдары;

5) 8 проценттік коэффициенті бойынша – осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілгеннен басқа жағдайдағы сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдары.

Туынды қаржы құралдары айрықша проценттік тәуекел есебіне енгізілмейді.



  1. Жалпы проценттік тәуекел мынадай соманы көрсетеді:

әр уақыт интервалындағы сараланған жабық позиция сомасының 10 проценті;

1- аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 проценті;

2- аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 30 проценті;

3- аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 30 проценті;

1 және 2-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 проценті;

2 және 3- аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 проценті;

1 және 3- аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 100 проценті.

23. Сараланған позициялар мынадай тәртіппен есептеледі:

1) сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық позиция мөлшерін айқындау.

Сыйақы мөлшерлемесінің (бұдан әрі - сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты туынды қаржы құралдары) өзгеруіне байланысты ашық позицияның мөлшерін айқындау кезінде қаржы құралдары (фьючерстік келісім-шарттар, форвардтық келісім-шарттар, проценттік мөлшерлемедегі форвардтық келісім-шарт) тиісті базистік активтердің рыноктық құнында көрсетілетін ұзын және қысқа позиция комбинациясы ретінде қарастырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты туынды қаржы құралдарын өтеу мерзімі туынды қаржы құралдарын орындау немесе жеткізу мерзіміне дейінгі және олардың базистік активінің айналыс мерзімінің сомасы ретінде есептеледі (туынды қаржы құралының базистік активті жеткізу талабы жағдайында - ұзын позицияға енгізілетін туынды қаржы құралын өтегенге дейінгі мерзім қосылады, ал туынды қаржы құралының базистік активті жеткізу міндеттемесі жағдайында - қысқа позицияға енгізілетін туынды қаржы құралын өтегенге дейінгі мерзім қосылады).

Своп ашық позициясының мөлшерін анықтау кезінде келісім-шарттар базистік активтерде белгіленген өтеу мерзімімен тиісті базистік активтерде көрсетілген ұзын және қысқа позициялардың комбинациясы ретінде қаралады.

Ашық позиция есебі кезінде мынадай талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздарды сатуға арналған міндеттемені немесе сатуға талап етуді ұсынатын сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге байланысты мерзімді туынды қаржы құралдарымен арадағы өзара қарсы позиция сынағы болуы мүмкін:

бір эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар;

борыштық бағалы қағаздардың белгілі бір шетел валютасында немесе теңгеде тең рыноктық құнының болуы;

борыштық бағалы қағаздардың өтелгенге дейінгі тең мерзімі болуы.

2) уақыт интервалы бойынша ашық позицияларды бөлу осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және:

белгіленген сыйақы мөлшерлемесімен, өзгертілген сыйақы мөлшерлемесімен байланысы бар қаржы құралдары кезекті төлем жасау күніне дейін қалған мерзімге байланысты уақыт интервалы бойынша бөлінеді;

сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты, өзгермелі сыйақы мөлшерлемесіне байланысты қаржы құралдары сыйақы мөлшерлемесін қайта қарау күніне дейін қалған мерзімге қатысты уақыт интервалы бойынша бөлінеді;

орындалу мерзімі екі уақытша интервалдардың шекарасында тұрған қаржы құралдары мейлінше жоғары уақытша интервалға бөлінеді;

айырбасталмайтын артықшылықты акциялар уақытша интервалдарға дивидендтерге төлем жасау мерзіміне қатысты бөлінеді, ал дивидендтерге төлем жасау туралы ақпарат болмаған жағдайда уақытша интервал есеп беру жасалған күннен бастап заңды тұлға белгілеген дивидендтердің жылдық төлем жасау күніне дейін анықталатын болады;

3) әр уақытша интервалдың ішінде барлық ұзын және қысқа ашық позициялар жинақталады;

4) әр уақытша интервал бойынша жиынтықты ұзын және жиынтықты қысқа позициялар уақытша интервалға сәйкес келетін коэффициент бойынша сараланады;

5) ашық сараланған және жабық сараланған позициялар әр уақытша интервал бойынша анықталады.

Әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге алынады.

Толық өзара есептесуге алынуы тиіс әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларының сомасы уақытша интервалдың жабық сараланған позициясын білдіреді. Өзара есептесуге алынуы тиіс емес немесе өзара есептесуге алынбай қалған сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлігі уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып жиынтықталады.

Уақытша интервалдар мына аймақтар бойынша топталады:

1-аймақта жылдан кем төрт уақытша интервал болады, оның ішінде 1 айдан кем емес, 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін;

2-аймақта бір жыл мен 4 жылдан аса уақытты қосатын үш уақытша интервал болады, оның ішінде 1 жылдан 2 жылға дейін, 2 жылдан 3 жылға дейін, 3 жылдан 4 жылға дейін;

3-аймақта 4 жылдан асатын алты уақытша интервал болады, оның ішінде 4 жылдан 5 жылға дейін, 5 жылдан 7 жылға дейін, 7 жылдан 10 жылға дейін,10 жылдан 15 жылға дейін, 15 жылдан 20 жылға дейін, 20 жылдан астам жылға дейін;

Әрбір аймақтың уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге жатқызылады. Толық өзара есептесуге жатқызылатын әрбір аймақтағы уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлігінің сомасы аймақтың жабық сараланған позициясын білдіреді.

Өзара есептесуге жатқызылмайтын немесе өзара есептелмей қалған әрбір аймақтағы әр түрлі уақытша интервалдардың сараланған ұзын және қысқа позицияларының бөлігі әрбір аймақтың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып, жинақталады;

6) аймақтар арасындағы сараланған ашық және жабық позициялар анықталады.

1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 2-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен есептелінеді.

Толық өзара есептесуге жататын 1 және 2-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөліктері мөлшерлерінің сомасы 1 және 2-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позицияны білдіреді.

2-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелінеді.

Толық өзара есептесуге жататын 2 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөліктері мөлшерлерінің сомасы 2 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын білдіреді.

1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелінеді.

Толық өзара есептесуге жататын 1 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөліктері мөлшерлерінің сомасы 1 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын білдіреді.

Аймақтар арасындағы өзара есептесуден кейін қалған ашық сараланған позициялар қалған ашық сараланған позицияны жасай отырып, жиынтықталады.

Жалпы проценттік тәуекел есебі осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында берілген.

24. Базалық активі акциялар немесе акциялардың индекстері болып табылатын туынды қаржы құралдарының рыноктық құнының және акциялардың рыноктық құнының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралының тәуекелінің есебі акциядағы айрықша тәуекелдің және акцияға деген жалпы тәуекелдің сомасын білдіреді.

Акциядағы айрықша тәуекелдің және акцияға деген жалпы тәуекелдің есебіне базистік активтері акциялар немесе акциялар индексі болып табылатын рыноктық туынды қаржы құралдарының рыноктық құнына және акциялардың рыноктық құнының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар мынадай қаржы құралдары енгізіледі:

акциялар (сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыныктық тәуекелі бар қаржы құралының тәуекелі есебіне енгізілетін айырбасталмайтын артықшылықты акциялардан басқа);

айырбасталатын бағалы қағаздар (айырбасталатын облигациялар және артықшылықты акциялар);

осы тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген базистік активі бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдары немесе аталған бағалы қағаздардың индексі.

25. Айрықша тәуекел және жалпы тәуекел есебі Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары танып отырған сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатылатын акциялар индексімен немесе акциялардың рыноктық құнының өзгеруіне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезінде анықталады.

Акциялардың рыноктық құнының немесе акциялар индексінің өзгеруіне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезінде базистік активі белгілі бір акциялар немесе акцияларға арналған белгілі бір индекстер болып табылатын қаржы құралдары базистік активтердің рыноктық құнына қайта саналады, оның ішінде:

базистік активі акциялар болып табылатын фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар аталған фьючерстік және форвардтық келісім-шарттардың рыноктық құны бойынша көрсетіледі;

базистік активі акциялар индексі болып табылатын фьючерстік келісім-шарттар индекс құрамына кіретін акциялардың рыноктық құны бойынша қайта саналады;

базистік активі акциялар индексі болып табылатын своптық келісім-шарттар индекс құрамына кіретін акциялардың рыноктық құны сомасына қайта саналған позицияны білдіретінін ескере отырып, базистік активтердің аталған позициясына сәйкес рыноктық құн бойынша қайта саналған ұзын және қысқа позициялар комбинациясы ретінде қаралады;

базистік активі акциялар немесе акциялар индексі болып табылатын опциондық келісім-шарттар есепті кезеңнің соңғы жұмыс күні үшін олардың рыноктық құны мөлшеріндегі акциялардың жалпы тәуекелі есебімен енгізіледі.

Белгілі акциялар немесе белгілі акциялар индексінің рыноктық құнының өзгеруіне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция белгілі акциялар немесе белгілі акциялар индексінің рыноктық құнының өзгеруіне байланысты қаржы құралдары сомасының арасындағы айырманы, оның ішінде белгілі акцияларды сатуды немесе акциялардың белгілі бір индексі бойынша төлемдерді жүзеге асыруды талап етіп отырған және белгілі бір акцияларға немесе акциялардың белгілі бір индекстеріне рыноктық бағаның өзгеруіне байланысты қаржы құралдарының сомасын, оның ішінде белгілі бір акцияларды сатуға немесе акциялардың белгілі бір индексі бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттеме алуды білдіреді.

26. Акциялардың рыноктық құнының немесе акциялар индексінің өзгеруіне байланысты қаржы құралдарының рыноктық тәуекелі бар айрықша тәуекелі 0,12-ге тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін не осы Нұсқаулықтың 15-1-тармағында көрсетілген банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады) айрықша тәуекел коэффициенті бойынша сараланған аталған қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын және қысқа) позициялар сомасын береді.

27. Жалпы тәуекел белгілі бір акциялар немесе акциялардың белгілі бір индексінің рыноктық құнының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициясы мен қысқа позициясы арасындағы айырмасы 0,12-ге тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін не осы Нұсқаулықтың 15-1-тармағында көрсетілген банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады) жалпы тәуекел коэффициентін жасайтынын білдіреді.

28. Шетелдік валюталардың айырбас бағамының (қымбат металдардың рыноктық құны) өзгеруіне байланысты активтердің, шартты және мүмкін талап етулер мен міндеттемелер бойынша тәуекел есебі мына сомалардың бірі мейлінше мәнді болатын 0,12-ге тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін не осы Нұсқаулықтың 15-1-тармағында көрсетілген банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады) валюталық тәуекел коэффициентін жасайтынын білдіреді:

әрбір шетел валютасы бойынша ашық қысқа позициялар (абсолюттік мәнде) және қымбат металдар бойынша ашық (ұзақ/қысқа позициялар (абсолюттік мәнде);

әрбір шетел валютасы бойынша ашық ұзақ позициялар (абсолюттік мәнде) және қымбат металдар бойынша ашық (ұзақ/қысқа позициялар (абсолюттік мәнде);

Әрбір шетелдік валюта бойынша ашық валюталық позиция осы Нұсқаулықтың 47-тармағына сәйкес есептеледі.

29. Әрбір шетелдік валюта (қымбат металл) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция есебіне активтердің, шартты және мүмкін талап етулер мен шетел валютасы (қымбат металл) бойынша көрсетілген немесе белгіленген міндеттемелер енгізіледі, оның ішінде:

шетел валютасымен есептелген сыйақыны қосқандағы шетел валютасымен (қымбат металл) көрсетілген (белгіленген) активтер мен міндеттемелердің рыноктық (әділ) құны арасындағы айырма;

форвард немесе фьючерс және опцион операциялары бойынша алынған және төленген шетел валютасының (қымбат металл) мөлшерлері арасындағы айырма;

шетел валютасымен көрсетіліп (белгіленіп) алынған және берілген кепілдіктер арасындағы айырма.

Аталған айырмалардың оң мәндері шетел валютасы (қымбат металл) бойынша ашық ұзын позицияларды, ашық теріс мәндер - шетел валютасы (қымбат металл) бойынша қысқа позицияларды көрсетеді.

Шетел валютасын немесе қымбат металдарды сатуға арналған форвард операциялары есепті кезеңнің соңғы жұмыс күнінде пайда болған базалық активтің рыноктық бағасына форвард операцияларының базалық активінің көлемін жасау үшін есептелген айырбасталатын мөлшердегі ашық валюталық позиция есебіне енгізіледі.

30. Шетелдік валюталардың айырбас бағамының (қымбат металдардың рыноктық құны) өзгеруіне байланысты, активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген талаптар мен тәртіпке сәйкес ашық валюта позициялары бойынша қалыптастырылған провизияларды шегеріп, ашық валюта позициясының есебіне енгізіледі.

31. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа мөлшерін құрайтын 0,12-ге тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін не осы Нұсқаулықтың 15-1-тармағында көрсетілген банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады) операциялық тәуекел коэффициентін 8,3-ке тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін 10 коэффициенті пайдаланылады) көрсету коэффициенті бойынша жасайтын болып есептеледі.

Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа мөлшері әр жылғы банктің таза кіріс алған жылдар саны бойынша соңғы үш жылдағы жылдық жалпы кіріс сомасына қатыстылығы бойынша есептеледі.

Жаңадан құрылған банктер үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі және жылдық жалпы кірістің орташа мөлшері өткен жылдар санын негізге ала отырып есептеледі.

Жылдық жалпы кіріс былайша анықталады:

салық салынғанға дейінгі жылдық таза кіріс сомасы, провизияларды (резервтерді) қалыптастыруға арналған қаржыны бөлудің жылдық мөлшері және жұмсалған төтенше шығыстар мөлшері;

банктің төтенше кірістерін алып тастау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет