5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «банктік қадағалау»


тармаққа өзгерістер енгізілді, бірақ 2009ж.1 сәуірден күшіне енгізіледі



бет4/6
Дата28.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#163708
1   2   3   4   5   6

39 тармаққа өзгерістер енгізілді, бірақ 2009ж.1 сәуірден күшіне енгізіледі.

39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:

к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;

к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.

Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

К4-1 – 1;

К4-2 – 0,9;

К4-3 – 0,8;

К4-4 – 1;

К4-5 – 0,9;

К4-6 – 0,8.

40-тармақ өзгертілді, (2009 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізіледі)

40. к4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

к4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi.

к4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi.

41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» бойынша есептеледі, оларда алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.

Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.

43. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:


  1. қолма-қол ақша;

  2. тазартылған қымбат металдар;

  3. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлiк қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;

  4. Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктерiндегi және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;

  5. АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН;

  6. Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;

  7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген) қаулысымен (бұдан әрі - № 128 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары;

  8. № 128 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен талап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары:

  9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер.

Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпашылық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.

44. Өтімді активтер есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) сәйкес арнайы қалыптасқан провизияларды, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап,


жоғары өтімді активтерді қоса, барлық қаржылық активтер енгізіледі. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгізіледі.

Жоғары өтімді активтерді есептеуге енгізілмейтін осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.

Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылатын міндеттемелердің өтеуге дейінгі мерзімі алынады.

44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.

Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.

44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.

45-тармақ алынып тасталсын.

45-1. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi болған жағдайда, орташа айлық негiзде анықталатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.
5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттері
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктің талап етулерінің (міндеттемелерінің) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы міндеттемелерінің (талап етулерінің) шегінен асып кетуі.

Ұзын валюталық позиция – бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы міндеттемелерінің (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Қысқа валюталық позиция - бұл міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының өзгеруімен белгіленетін, теңгемен көрсетілген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) енгізіледі (тазартылған қымбат металдардың құнын).

Мөлшері бір шетелдік валютадан артық айырбас бағамының өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның мейлінше төмен лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.

Әрбір шетелдік валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.

Жеке шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер тобының) (тазартылған қымбат металдарға) валюталарының есебі кезінде бірінші кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегі активтер шоттарындағы әрбір шетелдік валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктің міндеттемесі бойынша шоттары есептеледі. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдік валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша шоттар сальдосы анықталады. Міндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы)талап етулер (міндеттемелер) шегі асып кеткендігін көрсеткен сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған қорытынды банктің шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.

Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Шетел валютасымен көрсетілген талап етулер және міндеттемелер осы талап етулер және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюта позициясы есебіне енгізіледі.

Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.

48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерін белгілейді:

1) Standard & Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес рейтингі бар елдердің шетелдік валютасы бойынша және банктің меншікті капиталы шегінің 12,5 процентінен аспайтын мөлшердегі “Еуро”, сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимиті;

2) Standard & Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік валютасы бойынша және банктің меншікті капиталы шегінің 5 процентінен аспайтын мөлшердегі ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимиті;


  1. банктің меншікті капиталы шегінің 25 процентінен аспайтын мөлшердегі валюталық нетто-позиция лимиті.

49. алып тасталды.

    1. Ашық валюталық позицияның лимиттері кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейінгі үш апта ішінде тәртіп бұзған банктің бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттері осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позиция лимиттерінің 5 проценттік тармаққа кемуімен айқындалады.

Жекелеген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша банк белгілеген лимиттердің 0,09 проценттік шектен асып кетуі ашық валюталық позицияның лимитінің бұзылуы болып есептелмейді.

51. алып тасталды.
6-тарау. Банктің негізгі құрал-жабдықтардағы инвестициясының барынша жоғары мөлшерінің коэффициенті және басқа қаржылық емес активтер
52. Банктің негізгі құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерінің және басқа қаржылық емес активтердің меншікті капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиіс.

53.Негізгі құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:



  1. жер, үй және ғимарат;

  2. салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар;

  3. банк жалға алған үйлер бойынша күрделі шығындар;

  4. компьютерлік жабдықтар;

  5. көлік құрал-жабдықтары;

  6. жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар;

  7. қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдықтар;

  8. басқа да негізгі құрал-жабдықтар;

  9. банктің негізгі қызмет мақсаты үшін және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;

  10. басқа да материалдық қорлар;

  11. күрделі салымдар бойынша дебиторлық берешек.


6-1-тарау. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелеріне банктердің капиталдандыруы
53-1. Қазақстан Республикасы резидент еместері алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.

к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасы резидент еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, кредитордың міндеттемелерді мерзімнен бұрын өтеуді талап ету шартсыз құқығымен, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімдік және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімдік және шартты депозиттері.

Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алынып тасталады:

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары – коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ, Еуразиялық даму банкін құру туралы 2006 жылғы 12 қаңтардағы Келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер.

53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің меншікті капиталға қатысы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:

банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;

банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;

№ 388 қаулыға сәйкес «5 код  - басқа қаржылық ұйымдар», «6  код  - мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;



2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер:

Қазақстан Республикасының резиденті емес – бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер;

Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банктің Қазақстан Республикасының резиденті емес – бас банк алдындағы алынған заемдар бойынша міндеттемелері.

53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасына және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздарының қатысы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:

банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;

№ 388 қаулыға сәйкес «5 код  - басқа қаржылық ұйымдар», «6  код  - мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;



2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер:

Қазақстан Республикасының резиденті емес – бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер;

Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банктің Қазақстан Республикасының резиденті емес – бас банк алдындағы алынған заемдар бойынша міндеттемелері.

53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.

2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:

1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:

осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;

осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;

2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:

осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;

осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;

3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.

53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.

К9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 3 аспауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет