5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін «Валюталық операциялар» пәнінің



Дата19.07.2016
өлшемі231.68 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

042-14-3-02.- 1.12.- 33 -2015



« Валюталық операциялар » пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер

№ 2 Баспа


5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін

«Валюталық операциялар» пәнінің

оқу-әдістемелік кешені
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР

Семей, 2015




Мазмұны


1.

Дәрістер




2.

Практикалық сабақтар




3.

Өздік жұмыс түрлерінің мазмұны және тізбесі.




4.

Студентерің өздік жұмысы





1. ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.


Тақырып 1. Өкілетті банктердің валюталық операцияларын реттеу.
Валюталық операция туралы ғылым банк ісі ғылымының арнайы бөлімі ретінде. Банк және мемлекет туралы ғылым - валюта мазмұнының теориялық негізі және валюталық операциялар техникасы. Банктердің валюталық операцияларын қарастыру қажеттілігі және оларды ұйымдастыру. ҚР банктік жүйеге мамандарды дайындауда «Валюталық операциялар» курсының мақсаты мен міндеттері.

Валюталық реттеудің мәні мен қажеттілігі. Валюталық реттеу әдістері. Валюталық реттеу обьектілері. Валюталық операциялар және олардың түрлері: ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар. Валюталық бағамды реттеудегі ҚР Ұлттық банкінің ролі мен қызметі. Валюталық бақылау органдары мен агенттері және олардың құзыреті. Валюталық заңдылықтарды бұзуда қолданылатын жауапкершіліктер. Капитал қозғалысын реттеу. Валюталық операцияларды тіркеу және лицензиялау тәртібі.


Әдебиеттер:

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

Тақырып 2. Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу.


Заңды тұлға түсінігі. Валюталық шот ұғымы және типтері. ҚР-да және шет елдерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізуі. ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттар. ҚР-дағы өкілетті банктерді валюталық шот ашудың жалпыға ортақ сызбасы. Шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізу режимі. Шет елдердегі шетелдік банктерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Резидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты жүргізуі. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шот ашу тәртібі. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу үшін қажетті құжаттары. Бейрезидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.


Әдебиеттер:

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

Тақырып 3. Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі.


Жеке тұлға түсінігі. Жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Шетел валютасында резидент және бейрезидент-жеке тұлғалардың ашатын валюталық шоттар түрлері. Шетел валютасында резидент –жеке тұлғалардың шотты ашу тәртібі. ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттар. Шетел валютасында резидент-жеке тұлғалардың шотты жүргізу режимі. Шет елдердегі шетелдік банктерде резидент-жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Резидент-жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шоты жүргізуі. Бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу тәртібі. Бейрезидент –жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.



Әдебиеттер:


1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

Тақырып 4. Валюта нарығы.


Валюталық нарықтың мәні мен қызметтері. Ұйымдастырылған (биржа-лық) және ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) валюталық нарықтардың қызметтеріжәне операциялары. Валюталық нарықтың қатысушылары. Валюталық нарықтың құралдары. Дүниежүзілік валюталық нарықтың өзіндік ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері.

Ұлттық валюта нарығының сипаты. Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу ерекшеліктерімен дамуы. Қазақстан қор биржасындағы валюталық құндылықтармен жасалатын операциялар.

Валюта бағамының мәні мен түрлері. ҚР-дағы өзгермелі валюта бағамының енгізілу себептері. Валюталарды бағалау (котировка). Валюталарды тікелей және жанама бағалау. Кросс-бағам, оны анықтау техникасы. Валюталық бағамға ықпал етуші факторлар.

ҚР-дағы ішкі валюта нарығының даму мәселелері. Төлем балансы негізінде валюталық нарықтың болашағына баға беру.


Әдебиеттер:

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

Тақырып 5. Валюталық мәмілелер.


Валюталық мәмілелер, оның сипаты. Валюталық мәмілелер түрлері. Тез арада валютамен жабдықтау мәмлелерінің –«своптың» мәні. «Форвард» мәмілесі. «Спот» және «Форвард» мәмілелері бойынша бағамдар. «Спот» мәмілесінің түрлері. «Репорт» және «Дерепорт» мәмілелерінің сипаты. «Аутрайтпен» жасалатын мәмілілер. Аутрайт бағамын анықтау техникасы. Опцион мәмілесі, оның түрлері. Опцион кол және опцион пут келісімдерінің өзара айырмашылық-тары. Фьючерс мәмілелерінің сипаты. Опциондық және фьючерлік мәмілелердің айырмашылықтары.

Валюталық арбитраж және оның түрлері. Проценттік және уақытша валюталық арбитраждар.

Валюталық позицияның мәні. Валюталық позиция түрлері. Ашық және жабық валюталық позиция. Қысқа және ұзын валюталық позиция. Мәміле жасасу күні. Валюталау күні.

Валюталық мәмілелерден туындайтын тәуекелдер. Валюталық тәуекел ұғымы және пайда болу себептері. Валюталық тәуекел түрлері: коммерциялық, конверсиондық, трансляциялық, форфейторлық. Валюталық тәуекелдерден сақтандыру әдістері: неттинг, хеджирлеу, валюталық своп, листинг.


Әдебиеттер:

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

Тақырып 6. Валюталық несиелер.


Валюталық несие ұғымы. Валюталық несиенің қағидалары мен қызметтері. Валюталық несие түрлері. Фирмалық (коммерциялық) несие. Экспорттық несие. Лизингтік несие. Факторинг.

Банкаралық несие, оның мәні. Банкаралық несие түрлері. Овердрафт несиесі, оның берілу тәртібі. Жаңартылмалы (револьверлік) несиелер, олардың сипаты және беру тәртібі. Банкаралық несиелерді қамтамасыз ету нысандары. Банктің тапсырмасы мен кепілдемелері. Банкаралық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері. ЛИБОР және ПИБОР және т.б. базалық мөлшерлемелер.

Валюталық несиелерді беру шарттары және оларды рәсімдеу тәртібі. Валюталық несиелерді алу үшін қажетті құжаттар. Валюталық несиелердің пайдаланылуына және қайтарылуына бақылау жасау.
Әдебиеттер:

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

Тақырып 7. Халықаралық валюталық есеп айырысулар.


Экспорт және импорт ұғымы. Халықаралық валюталық есеп айырысу-лардың сипаты. Есеп айырысу шарттары мен тәртібі. Төлем валютасы.

Валюталық есеп айырысу нысандары. Банктік аударымдар. Ашық шот бойынша төлемдер сипаты. Аванстық төлемдердің мәні және ерекшеліктері. Инкассомен есеп айырысу. Құжатты және құжатсыз инкассолар сипаты. Аккредитивпен есеп айырысу. Аккредитивтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Қайтарылатын және қайтарылмайтын аккредитивтер. Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген аккредитивтер. Расталған және расталмаған аккредитивтер. Расталған расталмаған аккредитивтер. Аккредитив ашу тәртібі.


Әдебиеттер:

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

Тақырып 8. Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.


Жол чегінің мәні және қызметтері. Жол чегінің өзіне тән белгілері. Жол чегінің эмитенттерімен ұстаушылары. VISA, American Express, Thomas Cook жол чектерінің өзіндік ерекшеліктері.

Жол чегімен опеарциялар жасау. Клиенттерге жол чегін беру және рәсімдеу тәртібі. Жол чектерін төлеу тәртібі. Корреспондент банктердің арасында жол чектері бойынша өзара есеп айырысулар. Еурочектер жүйесі.

Несиелік карточкалардың мәні мен қызметтері. Несиелік карточкалардың түрлері, олардың сипаты. Несиелік карталардың эмитенттері мен пайдаланушылары. VISA несиелік карточкасына қызмет көрсету. VISA несиелік карточкасын алу тәртібі. VISA несиелік карточкасы иелеріне қолма қол ақшаларды беру. American Express, Eurocard-Mastercard несиелік карточка-ларына қызмет көрсету. Eurocard-Mastercard несиелік карточкаларына қызмет көрсету.

ҚР-дағы өкілетті банктердің несиелік карточкалар мен жол чектеріне қызмет көрсету ерекшеліктері.


Әдебиеттер:

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.

Тақырып 9. Банкаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі.


Банктер арасындағы корреспонтенттік қатынастардың мазмұны. Ностро және лоро корреспонденттік шоттарын ашу тәртібі. Корреспонденттік қатынастар орнату техникасы. Корреспонденттік шоттар бойынша есеп жүргізу. Бухгалтерлік байланыстар. Аналитикалық және синтетикалық есеп. Шетел валютасындағы шот бойынша аналитикалық есеп жүргізу. Валюталық шоттарды қайта бағалау. Қосарлы бағалау. Негізгі шоттар бойынша жеке бет шоттарын ашу және нөмірлеу сызбасы. СВИФТ жүйесі, оның банкаралық кореспонденттік қатынастардағы ролі мен қызметтері.

Қазақстан қор биржасынан (КАSЕ) қолма-қол және қолма-қолсыз валюталарды сатып алу техникасы.


Әдебиеттер:

1.Банки и банковские операции./ под ред. Жукова Е.Ф.-М.,1997г.

2. Банковское дело: Учебник под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. - М; Финансы и статистика, 1995 г.

3.Банковское дело. Под ред. О.И. Лаврушина - М.; Банк и биржевой научно-консультативный центр, 1999.

4.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті , 2004 ж.

5. Валютные и финансовы операции. Под. ред. И.Я.Носкова - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998г.


2. Практикалық сабақтар - жаңалықтарды үйренуге және оқиғалардың бірқалыптылығын дамытуға арналған оқу сабақтарының формасының бірі, сонымен қатар студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.
Тақырып 1. Өкілетті банктердің валюталық операцияларын реттеу.
Сабақтың мақсаты: Валюталық реттеудің мәні мен қажеттілігін, валюталық реттеу әдістерін, валюталық реттеу обьектілерін, сонымен қатар валюталық операциялар және олардың түрлерінің жүзеге асырылуын қарастыру.
Сабақтың жоспары:

  1. Валюталық реттеудің мәні, қажеттілігі және әдістері.

  2. Валюталық реттеу органдары және олардың қызметтері.

  3. Валюталық реттеу обьектілері

4. Валюталық операцияларды реттеу тәтібі.

5. Валюталық операцияларды лицензиялау тәртібі.


Бақылау жұмыстарының сұрақтары:

  1. Валюталық операциялардың түрлері.

  2. Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар

  3. ҚР-дағы валюталық шектеулердің мәні.

  4. Валюталық бағамды реттеудегі ҚР Ұлттық банкінің ролі

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 4.2.1.-8.2.20., 8.3.1.- 8.3.14.
Тақырып 2. Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу.
Сабақтың мақсаты: ҚР-да және шет елдерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібін, шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізу тәртібін үйреніп, ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттарды қарастыру.
Сабақтың жоспары:

  1. ҚР-да және шет елдерде валюталық шот ашу тәртібі.

  2. Валюталық шот ашудың жалпы сызбасы..

  3. Резидент және бейрезидент заңды тұлғалармен ашылатын валюталық шоттардың түрлері.

  4. Валюталық және тенгелік шоттарды жүргізу режимдері.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Резидент және бейрезидент заңды тұлғалар ұғымы.

  2. ҚР валюталық шот ашу үшін құжаттар.

  3. Валюталық шоттардың түрлері.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.


Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 8.2.1.- 8.2.20.,8.3.1.- 8.3.14.
Тақырып 3. Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі.
Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібін. шетел валютасында резидент және бейрезидент-жеке тұлғалардың ашатын валюталық шоттар түрлерін, шетел валютасында резидент –жеке тұлғалардың шотты ашу тәртібін қарастыру.
Сабақтың жоспары:

  1. ҚР –да жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі.

  2. Валюталық шотты ашудың жалпы сызбасы.

  3. Резидент және бейрезидент жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі

  4. Валюталық шоттар мен тенгелік шоттарды жүргізу режимі.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Валюталық шоттар және олардың түрлері..

  2. Жеке тұлғалардың валюталық шоттарды ашу үшін қажетте құжаттар

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.


Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 8.2.1.- 8.2.20., 8.3.1.- 8.3.14.

Тақырып 4. Валюта нарығы.


Сабақтың мақсаты: Валюталық нарықтың мәні мен қызметтерін, валюталық нарықтардың қызметтері мен олардың қатысушыларын қарастыру.
Сабақтың жоспары:

  1. Валюталық нарық ұғымы және олардың түрлері.

  2. Валюталық нарық қатысушылары.

  3. Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар.

  4. Нақты айырбас бағамы және номиналдық айырбас бағамы.

  5. Кросс бағамдар.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Валюталық нарықтың қалыптасуы және оның дамуы.

  2. Валюталарды котировкалау ұғымы.

  3. Банкаралық сауда.

4. Дүниежүзілік валюталық нарықтың өзіндік ерекшеліктері мен атқа--ратын қызметтері.

5.Ұлттық валюта нарығының сипаты.


Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 8.2.1.- 8.2.20., 8.3.1.- 8.3.14.
Тақырып 5. Валюталық мәмілелер.
Сабақтың мақсаты: Валюталық мәмілелер, оның сипатын, валюталық мәмілелер түрлерін және олардың жүзеге асырылу тәртібін қаратстырып, валюталық мәмілелермен байланысты туындайтын тәуекелдерді анықтау.
Сабақтың жоспары:

  1. Фьючерстік келісімдер.

  2. Экспорттық импорттық жеткізіулерді хеджирлеу.

  3. Жедел қаржылық келісімдердің құны.

  4. Опциондардың биржалық және биржалық емес нарықтары.

  5. Своп-мәмілелердің сипаты.

  6. Форвардтық валюталық нарық

  7. Банктің валюталық позициясы және оның түрлері.

  8. Валюталық тәуеклдер: мәні мен себептері.

  9. Валюталық тәуекелдеррдің жіктелуі.

  10. Валюталарды сату және сатып алу мәмілелері.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Валюталық мәмілелердің отандық банк тәжірибесінде қолданылу ерекшеліктері.

  2. Валюталық тәуекелдердің алдын алу әдістері.

  3. Пайыздық мөлшерлеме позициясын бағалау және басқару.

  4. Валюталық мәмілелерге әсер ететін факторлар және оларды реттеу.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.


Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 8.2.1.- 8.2.20., 8.3.1.- 8.3.14.
Тақырып 6. Валюталық несиелер.
Сабақтың мақсаты: Валюталық несие ұғымын, валюталық несиенің қағидалары мен қызметтерін, валюталық несие түрлерін және оларды рәсімдеу тәртібін қарастыру.
Сабақтың жоспары:

  1. Валюталық несиелер түсінігі және олардың мазмұны.

  2. Валюталық несиелер нысандары және олардың жіктелуі.

  3. Валюталық несиелерді беру шарттары және оларды рәсімдеу тәртібі.

  4. Ашық шот бойынша несиелер.

  5. Банкаралық несиелер: овердрафт және револьверлік несиелер.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Валюталық несиенің қағидалары мен қызметтері.

2. Банкаралық несиелерді қамтамасыз ету нысандары.

3. Банктің тапсырмасы мен кепілдемелері.

4. Банкаралық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері.

5. ЛИБОР және ПИБОР және т.б. базалық мөлшерлемелер.


Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 8.2.1.- 8.2.20., 8.3.1.- 8.3.14.

Тақырып 7. Халықаралық валюталық есеп айырысулар.


Сабақтың мақсаты: Экспорт және импорт ұғымын, халықаралық валюталық есеп айырысулардың сипатын, есеп айырысу шарттары мен тәртібін қарастыру.

Сабақтың жоспары:



  1. Экспорттық-импорттық валюталық бақылау.

  2. Халықаралық валюталық есеп айырысулардың қатысушылары.

  3. Аванстық төлемдер және «ашық шот» бойынша есеп айырысулар.

  4. Ақшалай аударымдар және есеп айырысудың инкассолық нысандары.

  5. Есеп айырысудың векселдік нысаны.

  6. Чектермен есеп айырыулар.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Халықаралық есеп айырысулар және төлемдер.

  2. Аккредитивтердің түрлері және олардың жүзеге асырылуы.

  3. Экспорттық импорттық операцияларды мемлекеттік реттеу

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.


Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 8.2.1.- 8.2.20., 8.3.1.- 8.3.14.
Тақырып 8. Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.

Сабақтың мақсаты: Жол чегі мен несиелеік карточкалардың мәні мен қызметтері. Жол чегінің өзіне тән белгілері. Несиелік карточкалардың түрлері мен оларды қолдану тәртіптерін қарастыру.


Сабақтың жоспары:

  1. Жол чектері түсінігі және олардың түрлері.

  2. Жол ческтерімен операциялар, олардың атқаратын қызметтері.

  3. Несиелік карточкалармен есеп айырысулар және несиелік карточкалардың эмитенттері.

  4. Несиелік карточкалардың мәні мен түрлері.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. VISA несиелік карточкаларымен есеп айырысу.

2. American Express несиелік карточкалары.

3. Eurocard-Mastercard несиелік карточкаларымен қызмет көрсету.

4. Thomas Cook жол чектерінің өзіндік ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 8.2.1.- 8.2.20., 8.3.1.- 8.3.14.
Тақырып 9. Банкаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Банктер арасындағы корреспонтенттік қатынастардың мазмұнын, ностро және лоро корреспонденттік шоттарын ашу тәртібін, корреспонденттік қатынастар орнату техникасын, корреспонденттік шоттар бойынша есеп жүргізу тәртібін оқыту.
Сабақтың жоспары:


  1. Банкаралық корреспонденттік қатынастардлың мәні мен мазмұны.

  2. «Ностро» және «лоро» шоттар, оларды ашу тәртібі.

  3. СВИФТ жүйесі, олардың ролі мен функциялары

  4. Қазақстандық қор биржасы.

Бақылау жұмыстарының сұрақтары:



  1. Банкаралық есеп айырысулар, олардың жүзеге асырылу ерекшеліктері

  2. Корреспонденттік қатынастар бойынша есеп айырысу.

  3. Банкаралық есеп айырысудағы аналитикалық және синтетикалық есеп.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.


Әдебиеттер: 8.1.1.- 8.1.14., 8.2.1.- 8.2.20., 8.3.1.- 8.3.14.

3. ӨЗДІК ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТІЗБЕСІ.
3.1. Студентке тапсырмалар тізімі.

(өзін-өзі бақылау, талқылау сұрақтары, тапсырмалар жинағы)

Өзін-өзі бақылау және талқылау сұрақтары:



  1. Дүниежүзілік валюталық жүйе: дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық. Оның негізгі элементтері.

  2. Дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясы.

  3. Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын негізгі халықаралық ұйымдар.

  4. ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық резервтері.

  5. ҚР Ұлттық банктінің валюталық саясаты.

  6. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы және даму этаптары.

  7. Тенге девальвациясының валюталық нарық жағдайына әсері.

  8. Маршалл-Лернер шарттары.

  9. Американдық және неміс валюталық биржалары.

  10. Сатып алу қабілетінің паритеті.

  11. Коммерциялық банктің валюталық позициясы ұғымы және оның түрлері.

  12. ҚР Ұлттық банкінің ашық валюталық позицияны реттеуі.

  13. Опциондардың биржалық және биржалық емес нарықтары.

  14. Экспорттық және импорттық жеткізулерді хеджирлеу.

  15. Пайыздық мөлшерлемелер бойынша жедел мәмілелер.

  16. Пайыздық мөлшерлемелер бойынша опционның негізгі белгілері.

  17. Дүниежүзілік қор нарығының құрылымы.

  18. Еуронарықтың сипаттамасы.

  19. LIBOR және FIBOR мөлшерлемелері.

  20. Төлем балансы.

  21. Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты және төлем балансы.

  22. ҚР мысалында төлем балансының тапшылығын жабу тәсілдері.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.

Қаржы мамандығы бойынша жоғары білікті экономист маманын даярлаудың маңызды шарты болып оқытушының жетекшілігімен студенттің ғылыми жұмысын орындауы табылады (ОСӨЖ).

«Қаржы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге көмек ретінде әдістемелік нұсқаудар өңделген, ол әдістемелік нұсқаулар арқылы студент өзінің ғылыми жұмысын таңдауға, банктің қаржыдлық жағдайын экономикалық талдау жасай алуына, таңдап алған тақырыбы бойынша экономикалық әдебиеттердің тізімен танысуға, ғылыми жұмысының жоспарын құруға байланысты көмектер ала алады.

«Валюталық операциялар» пәні бойынша СӨЖ реферат түрінде орындалады және семестр бойына орындалған жұмыстың саны 5-тен кем болмауы керек.

СӨЖ жазу және рәсімдеу бойынша келесі талаптар қойылады:

-бет көлемі- 5 беттен кем емес;

-таңдап алған тақырып бойынша жоспардың болуы;

-СӨЖ бойынша алынған тақырыптың негізгі мазмұны ашылу қажет.

Бақылау жұмысын орындау барысында жұмысты рәсімдеудің талаптары орындалуы қажет. Жұмыс анық жазылуы керек, мәтін бойынша қолданылған сандық көрсеткіштерге әдебиеттер бойынша сілтемелер болуы міндетті. Жұмыс оқушылық дәптерде орындалып, сыртқы беті талапқа сай толтырыуы керек.

Бірінші бетте беттері көрсетілген жұмыстың жоспары жазылады және оқытушының ескертулер жазуы үшін орын қалдырылады. Беттердің барлығы нөмірленуі керек. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылады.


3.2. «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған «Валюталық операциялар» пәнінен емтихан сұрақтары

  1. Валюталық реттеудің мәні, қажеттілігі және әдістері.

  2. Валюталық реттеу органдары және олардың қызметтері.

  3. Валюталық реттеу обьектілері

  4. Валюталық операцияларды реттеу және лицензиялау тәртібі.

  5. Валюталық операциялардың түрлері.

  6. Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар

  7. ҚР-дағы валюталық шектеулердің мәні.

  8. Валюталық бағамды реттеудегі ҚР Ұлттық банкінің ролі

  9. ҚР-да және шет елдерде валюталық шот ашу тәртібі.

  10. Резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғалармен ашылатын валюталық шоттардың түрлері.

  11. Валюталық және тенгелік шоттарды жүргізу режимдері.

  12. Резидент және бейрезидент заңды тұлғалар ұғымы.

  13. ҚР валюталық шот ашу үшін құжаттар.

  14. Валюталық шоттардың түрлері.

  15. ҚР –да жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі.

  16. Валюталық шоттар мен тенгелік шоттарды жүргізу режимі.

  17. Валюталық шоттар және олардың түрлері..

  18. Жеке тұлғалардың валюталық шоттарды ашу үшін қажетті құжаттар

  19. Валюталық нарық ұғымы және олардың түрлері.

  20. Валюталық нарық қатысушылары.

  21. Валюталық ресурстар, олардың қалыптасуы.

  22. Нақты айырбас бағамы және номиналдық айырбас бағамы.

  23. Кросс бағамдар.

  24. Валюталық нарықтың қалыптасуы және оның дамуы.

  25. Валюталарды котировкалау ұғымы.

  26. Банкаралық сауда.

  27. Ұлттық валюта нарығының сипаты.

  28. Фьючерстік келісімдер.

  29. Опциондардың биржалық және биржалық емес нарықтары.

  30. Своп-мәмілелердің сипаты.

  31. Форвардтық валюталық нарық

  32. Банктің валюталық позициясы және оның түрлері.

  33. Валюталық тәуекелдер: мәні, себептері, жіктелуі.

  34. Валюталарды сату және сатып алу мәмілелері.

  35. Валюталық мәмілелердің отандық банк тәжірибесінде қолданылу ерекшеліктері.

  36. Валюталық тәуекелдердің алдын алу әдістері.

  37. Валюталық мәмілелерге әсер ететін факторлар және оларды реттеу.

  38. Валюталық несиелер түсінігі және олардың мазмұны.

  39. Валюталық несиелер нысандары және олардың жіктелуі.

  40. Валюталық несиелерді беру шарттары және оларды рәсімдеу тәртібі.

  41. Банкаралық несиелер: овердрафт және револьверлік несиелер.

  42. Валюталық несиенің қағидалары мен қызметтері.

52. Банкаралық несиелерді қамтамасыз ету нысандары.

  1. ЛИБОР және ПИБОР және т.б. базалық мөлшерлемелер.

  2. Экспорттық-импорттық валюталық бақылау.

  3. Халықаралық валюталық есеп айырысулардың қатысушылары.

  4. Ақшалай аударымдар және есеп айырысудың инкассолық нысандары.

  5. Есеп айырысудың векселдік нысаны.

  6. Чектермен есеп айырыулар.

  7. Халықаралық есеп айырысулар және төлемдер.

  8. Аккредитивтердің түрлері және олардың жүзеге асырылуы.

  9. Экспорттық импорттық операцияларды мемлекеттік реттеу

  10. Жол чектері түсінігі және олардың түрлері.

  11. Спот типіндегі айырбас операциялары.

  12. Несиелік карточкалармен есеп айырысулар және несиелік карточкалардың эмитенттері.

  13. Несиелік карточкалардың мәні мен түрлері.

  14. Банкаралық корреспонденттік қатынастардлың мәні мен мазмұны.

  15. «Ностро» және «лоро» шоттар, оларды ашу тәртібі.

  16. Опциондар және олардың негізгі типтері.

  17. Қазақстандық қор биржасы.

  18. Банкаралық есеп айырысулар, олардың жүзеге асырылу ерекшеліктері

  19. Валюталық қатынастардың обьектілері мен субьектілері

  20. Валюталық жүйе және оның элементтері

  21. Валюталардың жіктелуі

  22. Ұлттық валюталық жүйе.

  23. Өкілетті банктердің айырбас пункттерінің құрылуы.

  24. Шетел валюталарымен операцияларды жүргізу тәртібі.

  25. Айырбас бөлімшелерінің қызметтерін бақылау.

  26. Валюталық бақылау, оның негізгі бағыттары.

  27. Айырбас операцияларының негізгі типтері.

  28. Арбитраждық мәмілелер.




Каталог: ebook -> umm
umm -> Әдебиеттер тізімі: Негізгі
umm -> 0 және 1 цифрларынан қанша төрттаңбалы сан құрастыруға болады? Шыққан сандарды «бұтақтар» әдісі арқылы көрсет
umm -> Әскери өнер тарихы ” 5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша
umm -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары
umm -> Биологияға кіріспе. Дәрістер жинағы
umm -> Семинар сабақтарға әдістемелік нұсқаулар Семей қаласы-2007 жыл
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> «Аударма ісі» 050207 мамандығы үшін жаттығулар жинағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет