5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін «Валюталық операциялар»



жүктеу 322.75 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі322.75 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

042-14-3-02.- 1.12.- 33 -2015



« Валюталық операциялар » пәні бойынша студенттерге арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№ 2 Баспа


5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін

«Валюталық операциялар»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей – 2015


Мазмұны




Жалпы мәліметтері






Студенттер оқуының әдістемелік кепілдеме тәртіптері






Курстың формат және саясаты






Баға қою саясаты






Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі






ӨӨЖМ және ӨӨЖ мазмұны






Пәнінің оқу процессінің күнтізбелік графигі






    1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1. Оқытушы туралы және пәні бойынша жалпы мәліметтер



  • Оқытушының аты-жөні - Шакаримова Гүлжан Мырзатайқызы;

  • Кафедра – Қаржы;

  • Байланыс ақпараттары – тел: 53-03-16, оқу ғимараты № 8, кабинет № 229;

  • Пәннің атауы – «Валюталық операциялар»;

  • Кредит саны – 3;

  • Жұмыс оқу жоспарынан көшірме



1.2. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс


Семестр

Кредит-тер

Дәріс

(сағат)


СПС (сағат)

ОСӨЖ (сағат)

СӨЖ (сағат)

Барлығы (сағат)

Қорытынды бақылау формасы

2

3

3

30

15

45

45

135

емтихан

1.3. Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

«Валюталық операциялар» туралы ғылым банк ісі ғылымының арнайы бөлімі болып табылады.

«Валюталық операциялар» курсы қаржылық – банктік жүйе үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда оқу пәндерінің ішінде маңызды орын алады.

Банк және мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі туралы оқу – валюталарды және валюталық операциялардың техникасын теориялық тұрғыдан танып білуді сипаттайды.

Курстың мақсаты мен міндеттері банктердің валюталық операцияларын және оларды ұйымдастыруды оқып білудің қажеттілігімен, валюталық операцияларды оқып білудегі теориялық және әдістемелік тәсілдердің маңыздылығымен шартталған. Берілген курс банктің қызметіндегі валюталық операциялардың ұйымдастырылуын, олардың жүзеге асырылу тәртібін, валюталық шоттардың, есеп айырысулардың ерекшеліктерін қарастыру сияқты тақырыптарды қарастыратын практикалық пән болып табылады.

Берілген курс экономикалық профиль студенттерінің алған білімдерін мейлінше дамытатын, нақтылайтын және тереңдететін базалық пән болып табылады.

«Валюталық операциялар» курсының пәні - банктердің қызмет етуінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары, сонымен қатар қазіргі заманғы банктердің валюталық операцияларының, валюталық мәмәлелердің жағдайларын қарастыру, банк қызметіндегі валюталық операциялардың тиімді ұйымдастыру әдістері, формалары мен принциптері болып табылады.

«Валюталық операциялар» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бағдарламада басқа экономикалық пәндермен өзара байланысқан курстың негізгі бөлімдері мен негізгі бөлімдердің тақырыптарының мазмұндары ашылған. Курсты оқыту әдістері, валюталық операцияларға арналған отандық және шетелдік әдебиеттер берілген. Бағдарламаға сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынан, Президент Жарлығынан, Ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.


1.4. Берілген курстың мақсаттары:

  • студенттерге коммерциялық банктердегі валюталық операциялардың теориялық аспектілері бойынша, банк жүйелерінің қызмет ету негіздері, банктің валюталық операциялары мен валюталық мәмілелерінің түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

  • пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

  • барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.

1.5. Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:



  • студенттерге банктегі валюталық операциялардың ерекшеліктері бойынша тиісті білім беру;

  • нарықтық коньюктурамен байланысты шетелдік тәжірибені ескеріп, математикалық-статистикалық әдістерді қолдана отырып коммерциялық банктің валюталық операцияларын жүзеге асырумен байланысты байланысты сұрақтарды шешумен байланысты практикалық дағдыны меңгеру.

  • оларға банктік сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

  • банк қызметінің болашақ кәсіпқой мамандарына мүмкін болатын банктік жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.

1.6. Пәнді оқу нәтижесінде студент:

  • банктердің қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі банктік тәжірибеде валюталық операцияларды жүзеге асыру әдістері мен нысандарын, сонымен қатар шарттары мен тәртібін оқып үйренеді;

  • өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, банк саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

  • коммерциялық банктердегі валюталық операциялардың ұйымдасты-рылуын, соның ішінде заңды және жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізудің, валюталық нарықтың, валюталық мәмілелердің, валюталық несиелердің, банкаралық валюталық қатынастар жүйесінің ерекшеліктері мен тіртіптерін, сонымен қатар банк қызметіндегі халықаралық валюталық есеп айырысулардың жүзеге асырылу негідерінің теориялық аспектілерін меңгереді;

  • теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, банк жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді;

  • «Валюталық операциялар» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы ақша–несие, валюталық саясатын, банктегі валюталық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

  • коммерциялық банк қызметінің экономикалық категориялары, қаржылық нәтижелердің негіздері, валюталық операциялараның жүзеге асырылу ерекшеліктерінің негіздері туралы, сонымен қатар коммерциялық банктер, банктік жүйе қызметтері және валюталық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

  • өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, банктік қызмет саласында ерекше арнайы білім алады;

1.7. Курстың алдыңғы реквизиттері: қаржы, экономикалық теория.

1.8. Курстан кейінгі реквизиттері: банк ісі, экономиканы ақша - несиелік реттеу, төлем жүйесі, векселдік несиелендіру, коммерциялық банктегі қаржылық талдау.


2. СТУДЕНТТЕР ОҚУЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕПІЛДЕМЕ ТӘРТІПТЕРІ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасын негізгі курс сұрақтарын қамтиды. Онда ұйымдардың негіздері және қаржы орталығының мазмұны, шетел мемлекеттерінің қаржы функциялары берілген.

Оқу жоспары бойынша пәнді оқытуға 45 аудиторлық сағат, соның ішінде 30 сағат дәріс және 15 сағат практикалық (семинарлық) сабақтар қарастырылған.

Аудиторлық дәріс курсы студент білімін жүйелендіретін негізгі және маңызды көзі болып табылады.

Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.

Берілген пәнді тиімді оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу табылады.

Практикалық сабақтар – студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.

Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі және студенттердің үнемі сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық білімді есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекітуді талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең меңгеруге және студенттердің өздік жұмыстарын қорытындылаудың негізгі нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда студенттер проблеманы білікті жеткізе білуге, өз ой-пікірін еркін айта білуге мүмкіндік береді.

СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Валюталық операциялар» курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ реферат түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген ревераттың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.

Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)

Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, KZ Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.

Рефератқа қысқаша жоспар құру керек. Рефератты орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, студенттің қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек.


    1. ФОРМАТ ЖӘНЕ КУРС САЯСАТЫ


Қатысу - студент дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы керек. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда меңгермеген мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.

Тәртіп - сабақ барысында тәртіп бұзушылық үшін студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алады.

Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып , белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.

Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа студенттер әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек.

Межелік аттестация - межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысу есебімен, студенттің өздік жұмысымен уақытында тапсыруымен, сабақ барысында ауызша не жазбаша формада жауап беруімен бағаланып, межелік бақылаудың қорытындысы ескеріліп шығарылады. Семестр барысында 2 межелік аттестация өтеді.

Көшіріп алу және плагиат – кез келген көшіріп алу немесе плагеат (басқа студенттенрдің дайын жұмыстарын көшіріп алу) үшін аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойына «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

Ұялы телефондар – сабақтың өтуі барысында өшіріліп тастауы керек.

Емтихан – «Валюталық операциялар» курсы бойынша қорытынды емтиханды емтиханға босатылған барлық студенттер билет негізінде тапсырады. Емтихан барлық оқытылған курсты қамтиды. Емтихан кезінде көшіріп алуға қатаң түрде тыйым салынады.

2 кесте




Сабақ тақырыбы

Аудиториялық сабақтардың нысаны

ОСӨЖ нысаны

СӨЖ нысаны

1.

Өкілетті банктердің валюталық операцияларын реттеу.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

2.

Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

3.

Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

4.

Валюта нарығы.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

5.

Валюталық мәміле-лер.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

6.

Валюталық несиелер.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

7.

Халықаралық валю-талық есеп айырысу-лар.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

8.

Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

9.

Банкаралық коррес-понденттік қатынастар жүйесі.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмы-сын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру



4. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Пән бойынша амтихан бағасы 100%-ды құрайтын модульдер, қорытынды бақылау ( 60%) максималды көрсеткіштердің көлемі ретінде анықталады.





1

2

3

4

5

6

7

8

P

9

10

11

12

13

14

15

P

Дәріс

























30






















30

ПС

5

10

20

20

20

20

20

25

140

5

10

25

25

25

25

25

140

СОӨЖ

0

0

10

10

20

10

20

20

90

0

10

10

10

20

20

20

90

СӨЖ

0

0

0

10

10

10

10

0

40

0

0

10

10

10

10

0

40




























300






















300



5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ
5 кесте - Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі



Тақырып мазмұны

Дәріс

Практика

ОСӨЖ

СӨЖ

1 тақырып

1. Өкілетті банктердің валюталық операцияларын реттеу.

Валюталық реттеудің мәні мен қажеттілігі. Валюталық реттеу әдістер: тікелей (директивті) және жанама-экономикалық. Валюталық реттеу обьектілері: валюталық заңдылықтар мен валюталық операциялар. Валюталық заңдылықар түрлері. Валюта және оның жіктелуі. Шетел валютасы. Шетел валютасында бейнеленген бағалы қағаздар мен төлем құралдары. Қымбат бағалы металдар мен тастар. Валюталық операциялар және оның түрлері. Ағымдық операциялар және валюта қоғалысымен байланысты операциялар. Резидент және бейрезидент түсінігі.

Валюталық реттеу органдары және олардың құзыреті. Ұлттық валюта бағамын реттеудегі ҚР Ұлттық банктің ролі мен қызметтері. ҚР Ұлттық банкінің валюталық саясаты. ҚР-дағы валюталық шектеудің мақсаты мен мазмұны. Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялау тәртібі. ҚР-ның Ұлттық банкінің алтын валюта резерві, олардың қалыптасуы және жұмсалу тәтібі.

Валюталық бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Экспорттық-импорттық бақылау, оның маңызы мен қағидаттары. Валюталық бақылау органдары мен агенттері және олардың құзыреттері. Валюталық заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершіліктер.



4

1

4

4

2 тақырып

2. Заңды тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізу.

Заңды тұлға түсінігі. Валюталық шоттың түсінігі және түрлері. ҚР-да және шет елдерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізуі. ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттар. ҚР-дағы өкілетті банктерді валюталық шот ашудың жалпыға ортақ сызбасы. Шетел валютасында резидент-заңды тұлғалардың шотты жүргізу режимі. Шет елдердегі шетелдік банктерде резидент-заңды тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Резидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты жүргізуі. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шот ашу тәртібі. Бейрезидент-заңды тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу үшін қажетті құжаттары. Бейрезидент-заңды тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.



2

1

6

6

3 тақырып

3. Жеке тұлғалардың валюталық шоттарын жүргізуі.

Жеке тұлға түсінігі. Жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Шетел валютасында резидент және бейрезидент-жеке тұлғалардың ашатын валюталық шоттар түрлері. Шетел валютасында резидент –жеке тұлғалардың шотты ашу тәртібі. ҚР-да валюталық шот ашу үшін қажетті құжаттар. Шетел валютасында резидент-жеке тұлғалардың шотты жүргізу режимі. Шет елдердегі шетелдік банктерде резидент-жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі. Резидент-жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.

ҚР-дағы өкілетті банктерде бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шоты жүргізуі. Бейрезидент-жеке тұлғалардың ұлттық валютада шотты ашу тәртібі. Бейрезидент –жеке тұлғалардың валюталық шотты жабу тәртібі.


2

1

4

4

4 тақырып

4. Валюта нарығы.

Валюталық нарықтың мәні мен қызметтері. Ұйымдастырылған (биржа-лық) және ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) валюталық нарықтардың қызметтеріжәне операциялары. Валюталық нарықтың қатысушылары. Валюталық нарықтың құралдары. Дүниежүзілік валюталық нарықтың өзіндік ерекшеліктерімен атқаратын қызметтері.

Ұлттық валюта нарығының сипаты. Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының қалыптасу ерекшеліктерімен дамуы. Қазақстан қор биржасындағы валюталық құндылықтармен жасалатын операциялар.

Валюта бағамының мәні мен түрлері. ҚР-дағы өзгермелі валюта бағамының енгізілу себептері. Ва люталарды бағалау (котировка). Валюталарды тікелей және жанама бағалау. Кросс-бағам, оны анықтау техникасы. Валюталық бағамға ықпал етуші факторлар.

ҚР-дағы ішкі валюта нарығының даму мәселелері. Төлем балансы негізінде валюталық нарықтың болашағына баға беру.


4

1

6

6

5 тақырып

5. Валюталық мәмілелер.

Валюталық мәмілелер, оның сипаты. Валюталық мәмілілір түрлері. Тез арада валютамен жабдықтау мәмлелерінің –«своптың» мәні. «Форвард» мәмілесі. «Спот» және «Форвард» мәмілелері бойынша бағамдар. «Спот» мәмілесінің түрлері. «Репорт» және «Дерепорт» мәмілелерінің сипаты. «Аутрайтпен» жасалатын мәмілілер. Аутрайт бағамын анықтау техникасы. Опцион мәмілесі, оның түрлері. Опцион кол және опцион пут келісімдерінің өзара айырмашылық-тары. Фьючерс мәмілелерінің сипаты. Опциондық және фьючерлік мәмілелердің айырмашылықтары.

Валюталық арбитраж және оның түрлері. Проценттік және уақытша валюталық арбитраждар.

Валюталық позицияның мәні. Валюталық позиция түрлері. Ашық және жабық валюталық позиция. Қысқа және ұзын валюталық позиция. Мәміле жасасу күні. Валюталау күні.

Валюталық мәмілелерден туындайтын тәуекелдер. Валюталық тәуекел ұғымы және пайда болу себептері. Валюталық тәуекел түрлері: коммерциялық, конверсиондық, трансляциялық, форфейторлық. Валюталық тәуекелдерден сақтандыру әдістері: неттинг, хеджирлеу, валюталық своп, листинг.


6

3

6

6

6 тақырып

6. Валюталық несиелер.

Валюталық несие ұғымы. Валюталық несиенің қағидалары мен қызметтері. Валюталық несие түрлері. Фирмалық (коммерциялық) несие. Экспорттық несие. Лизингтік несие. Факторинг.

Банкаралық несие, оның мәні. Банкаралық несие түрлері. Овердрафт несиесі, оның берілу тәртібі. Жаңартылмалы (револьверлік) несиелер, олардың сипаты және беру тәртібі. Банкаралық несиелерді қамтамасыз ету нысандары.

Валюталық несиелерді беру шарттары және олардырәсімдеу тәртібі. Валюталық несиелерді алу үшін қажетті құжаттар. Валюталық несиелердің пайдаланылуына және қайтарылуына бақылау жасау.



4

2

5

5


7 тақырып

7. Халықаралық валюталық есеп айырысулар.

Экспорт және импорт ұғымы. Халықаралық валюталық есеп айырысулардың сипаты. Есеп айырысу шарттары мен тәртібі. Төлем валютасы.

Валюталық есеп айырысу нысандары. Банктік аударымдар. Ашық шот бойынша төлемдер сипаты. Аванстық төлемдердің мәні және ерекшеліктері. Инкассомен есеп айырысу. Құжатты және құжатсыз инкассолар сипаты.


4

2

4

4

8 тақырып

8. Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.

Жол чегінің мәні және қызметтері. Жол чегінің өзіне тән белгілері. Жол чегінің эмитенттерімен ұстаушылары. VISA, American Express, Thomas Cook жол чектерінің өзіндік ерекшеліктері.

Жол чегімен опеарциялар жасау. Клиенттерге жол чегін беру және рәсімдеу тәртібі. Жол чектерін төлеу тәртібі. Коррсепондент банктердің арасында жол чектері бойынша өзара есеп айырысулар. Еурочектер жүйесі.

Несиелік карточкалардың мәні мен қызметтері. Несиелік карточкалардың түрлері, олардың сипаты. Несиелік карталардың эмитенттері мен пайдаланушылары. VISA несиелік карточкасына қызмет көрсету. VISA несиелік карточкасын алу тәртібі. VISA несиелік карточкасы иелеріне қолма қол ақшаларды беру. American Express, Eurocard-Mastercard несиелік карточка-ларына қызмет көрсету. Eurocard

-Mastercard несиелік карточкаларына қызмет көрсету.

ҚР-дағы өкілетті банктердің несиелік карточкалар мен жол чектеріне қызмет көрсету ерекшеліктері.



2

2

6

6

9 тақырып

9.Банкаралық корреспонденттік қаты-настар жүйесі.

Банктер арасындағы корреспонтенттік қатынастардың мазмұны. Ностро және лоро корреспонденттік шоттарын ашу тәртібі. Корреспонденттік қатынастар орнату техникасы. Корреспонденттік шоттар бойынша есеп жүргізу. Бухгалтерлік байланыстар. Аналитикалық және синтетикалық есеп. Шетел валютасындағы шот бойынша аналитикалық есеп жүргізу. Валюталық шоттарды қайта бағалау. Қосарлы бағалау. Негізгі шоттар бойынша жеке бет шоттарын ашу және нөмірлеу сызбасы. СВИФТ жүйесі, оның банкаралық кореспонденттік қатынастардағы ролі мен қызметтері.

Қазақстан қор биржасынан (КАSЕ) қолма-қол және қолма-қолсыз валюталарды сатып алу техникасы.


2

2

4

4



6. ООӨЖ ЖӘНЕ ОӨЖ МАЗМҰНЫ
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өздік жұмысының мазмұны келесі кестеде көрсетілген.

СӨЖ “Валюталық операциялар» пәні бойынша реферат көлемі 5 беттен аз болмауы керек.

6 кесте



СМӨЖ

ОӨЖ

Аудиторлық

Аудиторлық емес

1

2

3

4

1.

Валюталық реттеудің мәні, қажеттілігі және әдістері.

Валюталық реттеу органдары және олардың қызметтері.

Валюталық реттеу обьекті-лері.

Валюталық операцияларды реттеу тәтібі.

Валюталық операцияларды лицензиялау тәртібі.


Валюталық операция-лардың түрлері.

Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар.

ҚР-дағы валюталық шектеулердің мәні.

Валюталық бағамды реттеудегі ҚР Ұлттық банкінің ролі.



Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын негізгі халықаралық ұйымдар.

ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық резервтері.

ҚР Ұлттық банктінің валюталық саясаты.


2.

ҚР-да және шет елдерде валюталық шот ашу тәртібі.

Валюталық шот ашудың жалпы сызбасы.

Резидент және бейрезидент заңды тұлғалармен ашылатын валюталық шоттардың түрлері.

Валюталық және тенгелік шоттарды жүргізу режимдері.



Резидент және бейрезидент заңды тұлғалар ұғымы.

ҚР валюталық шот ашу үшін құжаттар.

Валюталық шоттардың түрлері.


Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты және төлем балансы.

ҚР мысалында төлем балансының тапшылығын жабу тәсілдері.




3.

ҚР – да жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі.

Валюталық шотты ашудың жалпы сызбасы.

Резидент және бейрезидент жеке тұлғалардың валюталық шот ашу тәртібі

Валюталық шоттар мен тенгелік шоттарды жүргізу режимі.



Валюталық шоттар және олардың түрлері..

Жеке тұлғалардың валюталық шоттарды ашу үшін қажетте құжаттар




Сатып алу қабілетінің паритеті.

Коммерциялық банктің валюталық позициясы ұғымы және оның түрлері.

ҚР Ұлттық банкінің ашық валюталық позицияны реттеуі.


4.

Валюталық нарық ұғымы және олардың түрлері.

Валюталық нарық қатысушы-лары.

Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар.

Нақты айырбас бағамы және номиналдық айырбас бағамы.

Кросс бағамдар.



Валюталық нарықтың қалыптасуы және оның дамуы.

Валюталарды котировкалау ұғымы.

Банкаралық сауда.

Дүниежүзілік валюталық нарықтың өзіндік ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері.

Ұлттық валюта нарығының сипаты.


Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы және даму этаптары.

Өкілетті банктердің айырбас пунктерінің құрылуы.

Айырбас пунктерінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу тәртібі.

Айырбас пунктерінің қызметін бақылау.



5.

Фьючерстік келісімдер.

Экспорттық импорттық жеткізіулерді хеджирлеу.

Жедел қаржылық келісімдердің құны.

Опциондардың биржалық және биржалық емес нарықтары.

Своп-мәмілелердің сипаты.

Форвардтық валюталық нарық

Банктің валюталық позициясы және оның түрлері.

Валюталық тәуеклдер: мәні мен себептері.

Валюталық тәуекелдеррдің жіктелуі.

Валюталарды сату және сатып алу мәмілелері.



Валюталық мәмілелердің отандық банк тәжірибесінде қолданылу ерекшеліктері.

Валюталық тәуекелдердің алдын алу әдістері.

Пайыздық мөлшерлеме позициясын бағалау және басқару.

Валюталық мәмілелерге әсер ететін факторлар және оларды реттеу.




Маршалл-Лернер шарттары.

Американдық және неміс валюталық биржалары.

Опциондардың биржалық және биржалық емес нарықтары.


6.

Валюталық несиелер түсінігі және олардың мазмұны.

Валюталық несиелер нысандары және олардың жіктелуі.

Валюталық несиелерді беру шарттары және оларды рәсімдеу тәртібі.

Ашық шот бойынша несиелер.

Банкаралық несиелер: овердрафт және револьверлік несиелер.


Валюталық несиенің қағидалары мен қызметтері.

Банкаралық несиелерді қамтамасыз ету нысандары.

Банктің тапсырмасы мен кепілдемелері.

Банкаралық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері.

ЛИБОР және ПИБОР және т.б. базалық мөлшерлемелер.


Пайыздық мөлшерлемелер бойынша жедел мәмілелер.

Пайыздық мөлшерлемелер бойынша опционның негізгі белгілері.

LIBOR және FIBOR мөлшерлемелері.

Төлем балансы.




7.

Экспорттық-импорттық валюталық бақылау.

Халықаралық валюталық есеп айырысулардың қатысушылары.

Аванстық төлемдер және «ашық шот» бойынша есеп айырысулар.

Ақшалай аударымдар және есеп айырысудың инкассолық нысандары.

Есеп айырысудың векселдік нысаны.

Чектермен есеп айырысулар.



Халықаралық есеп айырысулар және төлемдер.

Аккредитивтердің түрлері және олардың жүзеге асырылуы.

Экспорттық импорттық операцияларды мемлекеттік реттеу


Дүниежүзілік валюталық жүйе: дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық. Оның негізгі элементтері.

Дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясы.

Экспорттық және импорттық жеткізулерді хеджирлеу.


8.

Жол чектері түсінігі және олардың түрлері.

Жол ческтерімен операциялар, олардың атқаратын қызметтері.

Несиелік карточкалармен есеп айырысулар және несиелік карточкалардың эмитенттері.

Несиелік карточкалардың мәні мен түрлері.



VISA несиелік карточкаларымен есеп айырысу.

American Express несиелік карточкалары.

Eurocard-Mastercard несиелік карточкаларымен қызмет көрсету.

Thomas Cook жол чектерінің өзіндік ерекшеліктері.



Еуронарықтың сипаттамасы.


9.

Банкаралық корреспонденттік қатынастардлың мәні мен мазмұны.

«Ностро» және «лоро» шоттар, оларды ашу тәртібі.

СВИФТ жүйесі, олардың ролі мен функциялары

Қазақстандық қор биржасы.



Банкаралық есеп айырысулар, олардың жүзеге асырылу ерекшеліктері

Корреспонденттік қатынастар бойынша есеп айырысу.

Банкаралық есеп айырысудағы аналитикалық және синтетикалық есеп.


Тенге девальва-циясының валюталық нарық жағдайына әсері.

Дүниежүзілік қор нарығының құрылымы.







  1. ПӘНІНІҢ ОҚУ ПРОЦЕССІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК ГРАФИГІ

Студенттердің өздік жұмыстарын орындауына қатаң бақылау жүргізу үшін «Валюталық операциялар» пәні бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигін құру керек, бұл график 7-кестеде көрсетілген


«Валюталық операциялар» пәні бойынша

оқу процесінің күнтізбелік кестесі

7 кесте

№ р/с

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Бақылау түрі

АБЖ

ҮТ

ЖАЖ

АБЖ

ҮТ

ЖАЖ

РБ1

АБЖ

ҮТ

ЖАЖ

АБЖ

ҮТ

АБЖ

ЖАЖ

РБ2

2

Балдар

6

4

12

6

4

12

4

6

4

12

6

4

6

12

4

8 кесте




Тақырыптың атауы

Ағымдағы бақылауды жүргізудің мерзімі (апта)

Межелік бақылау жүргізудің мерзімі (апта)




1.Өкілетті банктердің валю-талық операцияларын реттеу.

1







2.Заңды тұлғалардың валю-талық шоттарын жүргізу.

2







3.Жеке тұлғалардың валю-талық шоттарын жүргізуі.

3-4







4.Валюта нарығы.

5-6







5.Валюталық мәмілелер.

7-8

7




6. Валюталық несиелер.

9-10







7.Халықаралық валюталық есеп айырысулар.

11-12







8. Жол чектеріне және несиелік карточкаларға қызмет көрсету.

13







9.Банкаралық корреспон-денттік қатынастар жүйесі.

14-15

15




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет