5В060400 «Физика» мамандығы бойынша оқитын фз-205



жүктеу 18.8 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі18.8 Kb.
5В060400 «Физика» мамандығы бойынша оқитын ФЗ-205

тобының студенттері үшін «Ядролық физикалық зерттеу әдістері»

пәнінен І межелік бақылау тапсырмалары.
1. элементіндегі ядродағы нуклондар саны нешеге тең?

2. 1 тәулік ішінде полонийдің атомының қаншасы ыдырайды. Полонийдің жартылай ыдырау периоды 138 тәулік.

3.Радиоактивті ыдырау кезінде радий атомы ядросынан ұшып шығатын -бөлшектердің кинетикалық энергиясы 4,78 МэВ. бөлшектердің жылдамдығы мен ұшып шыққан кездегі бөлінетін толық энергиясын анықтау керек.

4.Жасанды жолмен алынған радиоактивті стронции изотопы меншікті активтілігін анықтау керек.

5. үш -ыдырау мен екі -ыдырауға ұшырағаннан соң қандай изотоп пайда болады?

6.Ядролық күштердiң қасиеттерiн көрсет,ядролық күштердің мезондық теориясы туралы не білесің?

7. Радиоактивтілік ыдырау заңының статистикалық сипатын анықта, жартылай ыдырау периоды дегеніміз не?

8. -ыдырау кезіндегі туннельдік эффекті құбылысын қалай түсінесің?

9. -ыдырау процессін энергияның,импульстің сақталу заңы негізінде түсіндір. Антинейтрино бөлшегі туралы түсінік бер.

10. Массасы 236 радийді жабық түтікте ұстағанда, бірнеше күннен кейін радон газы мен гелий газы пайда болған. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

11.Мына схемада берілген ыдырауларды толықтырып жазыңыздар. Ыдыраудың аттары қандай?

Po214→Pb210+?, Pb210→х+-1е0, Al26→Mg26+?

12.Радиоактивтік радон газының (Rn222) жартылай ыдырау периоды 3,82 күн болса, бастапқы радонның 1/10 үлесі қалу үшін неше күн керек? Ыдырау кезінде қанша гелий пайда болады?

12.Зерттеулерге қарағанда жер жаралған кезден бастап уран-238-дің тек жартысы ыдырап қорғасын-206-ға айналған. Осыдан жердің жасын табуға бола ма?

Уран -238-дің жартылай ыдырау периоды 4,5*109 жыл.

13.Египетте табылған Сезострис патшасының табытынан алынған тақтайды зарттегенде, оның бойындағы радиактивті С14 көміртегі изотопының 1,58 есе кемігені анықталған. Осы деректерді пайдалана отырып, табыттың жерленген мерзімін табу керек.

14.Бір секундта 1 г радийдің қанша атомы ыдырайды? Радий 226-ның ыдырау периоды 1622 жыл.

15.Радий 226-дан шығатын α бөлшектің энергиясы 4,79 Мэв. 1 сек ішінде 1 г радий қанша жылу шығарады?

16.Нейтрон протонға келіп соққанда энергиясынан түгелдей айырылады. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?



17.Еркін нейтрондар ұзақ өмір сүрмейді. Нейтрон протонға және электронға ыдырайды. Мұнда массаның сақталу заңы қалай орындалады?

Құрастырған : Мешетова Ж.С.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет