Мақсаты: Студенттерде молекулалық биофизиканың теориялық негіздері мен негізгі әдістері туралы, мембраналық процестердің биофизикасы, биологиялық мембраналардың құрылымы мен қызмет етуі, мембраналық процестерді зерттеудің негізгі әдістері туралы, фотобиологиялық процестерді зерттеудің негізгі әдістері мен теориялық негіздері туралы, радиациялық биофизиканың теориялық негіздері мен негізгі әдістері туралы, функционалдық қызмет көрсеткіштерін тіркеудің негізгі биофизикалық әдістері туралы, алынған білім мен дағдыларды кәсіби есептерді шешуде қолдану.; студенттерді ҚР және шет елдердегі медициналық биофизиканың қазіргі жай-күйімен таныстыру.
Мазмұны: Медициналық физика – қолданбалы физика саласында бұл медицинада адамға, аспаптар, жабдықтар және физикалық факторлар әсерінің қолданылуының әсері зерттеледіДенсаулық сақтау саласында күрделі медициналық жабдықтарды, негізінен онкология және медициналық радиологияда қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуду үшін кадрларға өткір тапшылығын жою үшін мамандық ашылды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:
мембрана құрылысын және қызметін зерттеуге арналған қазіргі кездегі әдістер;
беттік керілу күштерін зерттеу;
иондаушы сәулелер;
дозиметрия;
биологиялық және электрлік емес сигналдарды электр түріне айналдыру принципі;
түрлендіргіштер мен электродтардың конструкциясы, олардың негізгі сипаттамалары;
Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі. ЭКГ тіркеудің негізгі тәсілдері. ЭКГ тіркеу және талдау принципі;
Электроэнцефалографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі. ЭЭГ негізгі ырғақтары. ЭЭГ тіркеу және талдау принципі;
Лазерлік сәуле. Лазерлік сәулені медицинада қолдану;
Спектрофотометрлердің құрылысы мен жұмыс жасау принципі. Биологиялық сұйықтардағы зат концентрациясын анықтау үшін спектрофотометрлік зерттеу әдістерін қолдану. Биожүйелердегі поляризация құбылысы. Биологиялық объектілерді микроскоптаудың арнайы амалдары. Жылжыған жіптер моделі. Бұлшық ет биомеханикасы. Хилл теңдеуі. Бір жиырылу қуаты. Бұлшық ет жиырылуын модельдеу. Электромеханикалық қабаттасу. Сыртқы тыныс алу қызметін өлшеуге арналған аспаптары. Құрылысы және жұмыс жасау принципі. Тіркеу және талдау. Биологиялық сұйықтардың реологиялық қасиеттерін зерттеу. Қанайналымды зерттеу әдістері. Интегралдық және регионарлық реография. Соққы және минуттік шығуды тіркеу жанама тәсілдері. Гемодинамиканың физикалық негізі. Күретамыр және көктамыр арнасындағы қан қозғалысының заңдылықтары. Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары.ЖЖ, АЖЖ және УЖЖ токтарды қолдануға негізделген терапевтикалық техника.Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтикалық техника Медициналық көрсеткіштерді тіркеу кезіндегі қателіктер көздері.
Достарыңызбен бөлісу: |