«5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандық студенттеріне 2013-2014 оқу жылына арналған



жүктеу 446.49 Kb.
бет1/5
Дата03.07.2016
өлшемі446.49 Kb.
  1   2   3   4   5

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машинажасау жэне көлік факультеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

«5В071300 - Көлік, көліктік техника және технологиялар»

мамандық студенттеріне 2013-2014 оқу жылына арналған

«Патенттану және ғылыми зерттеулер негіздері»

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
OPNI 3202 «Патенттану және ғылыми зерттеулер негіздері»

Павлодар 2013


Пәні бойынша оқыту Нысан

бағдарламасының ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

(Syllabus)

бекіту парағы

БЕКІТЕМІН


Металлургия, машинажасау және

көлік факультетінің деканы
_________ Т. Т. Тоқтағанов
«___»_____________2013 ж.

Құрастырушылар: ЖАК профессоры,т.ғ.д., _________профессор А. Қ. Қарақаев


оқытушы ____________ Ж. Р. Тәңірбергенова


«5В071300 - Көлік, көліктік техника және технологиялар»

мамандық студенттеріне 2013-2014 оқу жылына арналған

«Патенттану және ғылыми зерттеулер негіздері»

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы 2012 жылдың «25» мамырында бекітілген. 2013-2014 оқу жылында жұмыстық оқу бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жұмыстық оқу бағдарламасының өзгертулер мен толықтыруларына негізделіп пән бағдарламасы (Syllabus) құрастырылды.


2013 ж. «20» 05 кафедраның отырысында үсынылды, № 10 хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________________ Қ. Қ. Әбішев «___» ___2013 ж.
2013 ж. «24» 05 Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталды, № 9 хаттама.
ОӘК төрағасы ________________ Ж. Е. Ахметов «___» ___2013 ж.

1. Пәннің оқу құжаты
Пәннің атауы Патенттану және ғылыми зерттеулер негіздері.
Кредиттер саны және оқытылу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6


Аудиториялық сабақтар саны, барлығы – 45 сағат.

Дәріс - 15 сағат.

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 30 сағат.

СӨЖ – 90 сағат,

соның ішінде СӨЖМ – 30 сағат.

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 135 сағат.


Бақылау түрі

Емтихан – 6-семестр.


Пререквизиттер:
Пән мамандыққа баулитын арнайы пәндерге негізделіп жүргізіледі:

Пән мамандыққа баулитын арнайы пәндерге негізделіп жүргізіледі. Мамандыққа баулитын пәндердің қатарына жататың пәндер:

Шетел тілі; Орыс тілі; Ақпараттану; Экология және тұрақты даму; Құқық негіздері; Математика; Физика; Сызба геометрия және инженерлік графика; Мамандыққа кіріспе; Химия; Теориялық механика; Машиналар мен механизмдер теориясы; Материалтану. Конструкциялық материалдар технологиясы; Электротехника және электроника негіздері; Материалдар кедергісі; Машина бөлшектері мен конструкциялау негіздері; Метрология, стандартизация және сапаны басқару; Көлік саласындағы ЭЕМ қолданбалы бағдарламалары; Жобалау негіздері; Термодинамика және жылуалмасу; Көлік құралдары мен көлік қызметін лицензиялау және сертификаттау; Еңбек қорғау; Кәсіби қазақ тілі; Сұйықтық пен газ механикасы; Экономика теорияның негіздері; Көлік экономикасы; Біртұтас көлік жүйесі; Автомобиль және трактор құрылысы; Қолданбалы материалдар; Автомобиль мен трактордың электрлік құрал-жабдығы; Көлік техникасының сенімдігі; Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары;
Постреквизиттер:
Бұл пәнді оқып танысқанда алған білімі, үйреніп дағдыланып жинақтаған тәжрибесі мамандық бойынша оқылатын пәндерді толық жан-жақты түсініп игеруіне себтігі тиеді.

Студенттердің оқу-зерттеулер жұмыстары; Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті; Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері; Өндіріс технологиясы мен көлік техникасын жөндеу негіздері; Автомобильді техникалық пайдалану; Автокөлік кәсіпорындарының ӨТБ; Автокөліктің арнайы жылжымалы ққрамы; 2-өндірістік тәжірибе; Диплом алдындағы тәжірибе; Диплом жұмысын жазу және қорғау (жоба).


2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Көліктік техника және логистика кафедрасы.

Металлургия, машинажасау және көлік факультеті.

РФ және ҚР техника ғылымдарының докторы, профессор Қарақаев Абылхан Қосмурзаұлы: дәрістер.

É Тел. (8-7182) 673630 É Сотовый 8-701-204-87/88; e-mail: akarakaev@rambler.ru

Оқытушы Тәңірбергенова Ж. Р.: тәжірибелі сабақтар, оқытушымен бірге істейтін студенттердің өздік жұмыстары. e-mail: t-zhanar@mail.ru.

Көліктік техника және логистика кафедрасының орналасқан жері:

Павлодар қаласы, Академик Шөкин көшесі, 139, 220-аудитория.


3. Нысандары, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің нысаны

Интеллектуалды меншік. Қазақстан Республикасының патенттік құқықтарының және патенттанудың негіздері. ҚР Патент заңы. Патент Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар және терминдер. Патент Заңы реттейтін қатынастар. Патент Заңының қолданылу аясы. Уәкілетті мемлекеттік орган. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн (ӨМО) құқықтық қорғау. Өнертабысқа берілетін инновациялық патент және патент, пайдалы модель және өнеркәсiптiк үлгiге берілетін патент. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің патентке қабилеттілігінің талаптары. Өнертабыстың объектілері. Өнертабыстар деп табылмайтын ұсыныстар. Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттерінің конвенциялық басымдығы (приоритеті). Пайдалы модельдің патентке қабилеттік талаптары. Өнеркәсiптiк үлгiнің патентке қабилеттік талаптары. Авторлар және патент иеленушілер. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнің авторы, оның құқығы. Патент иеленуші. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше құқық.

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар. Патенттік-лицензиялық қызмет. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға құқық беру. Өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсiптiк үлгiлердің, тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының халықаралық патент жүйелерінің топтамалары.

Ғылыми танудың әдістемелік негіздері. Ғылымды топтастыру және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Ғылыми білім мен зерттеу әдістерінің түсінігі.

Ғылыми зерттеудің бағыттарын таңдау және ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері. Ғылыми зерттеудің бағыттарын таңдау.

Теориялық зерттеулер. Теориялық зерттеулердің мақсаты мен міндеттері. Зерттеулердегі математикалық әдістер. Талдау әдістері. Ықтималдық-статистикалық әдістер. Ғылыми зерттеулердегі модельдеу. Модель түрлері. Физикалық ұқсастық және модельдеу. Математикалық ұқсастық және модельдеу. Тәжірибелік зерттеулер. Тәжірибенің топтастырылуы, типтері және тапсырмалары. Тәжірибелік зерттеулерді метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету. Тәжірибелеушінің жұмыс орны және оны ұйымдастыру. Тәжірибенің барысы мен сапасына психологиялық факторлардың әсер етуі. Есептеу тәжірибесі.

Эргономика. Эргономиканың антропометриялық талаптары. Максималды аймақ. Ұтымды аймақ. Қолдың қол жетерлігінің ұтымды аймағының шегі. Эргономиканың жұмыс орнын құруға қойылатын биомеханикалық талаптары. Басқару органдарына күш салынатын рұқсат етілген күш шамалары. Әртүрлі диаметрлі маховиктерге максималды күш жұмсалуының шектелу белгілері. Эргономиканың физиологиялық-гигениялық талаптары. Эргономиканың инженерлік-психологиялық талаптары. Функционалды бояудың қағидалары. Басқару және тексеру органдарының типтері мен конструкцияларын эргономика талап-тарына сәйкес орналастыру. Конструкторлық тәжірибеде эргономика талаптарын пайдалану және оператордың жұмыс орнының сапасын, машиналар, бұйымдар, құрал-жабдықтырдың бағалауға арналған сұрақтар.

Ғылыми зерттеулердің қорытындыларын ресімдеу. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тiзбесi. Жорамалданған ойлап шығарылатындардың өтінішін ресімдеу. Ақпаратты ауызша баяндау. Ғылыми зерттеу қорытындыларын енгізу. Ғылыми ұжымда жұмысты ұйымдастыру. Басқару принциптері. Іскер хат жазысуды ұйымдастыру. Іскер жиналыстарды ұйымдастыру.


Пәнді оқыту мақсаты

- өнеркәсіп меншік объектілерді құқықтық қорғауын білу.



- патенттану және лицензиялық қызмет салаларындағы білімін және іскерлігін қамтамасыз ету.
Пәнді оқыту міндеттері

- магистранттың патенттану және лицензиялық қызмет салаларындағы біліктігін және іскерлігін біліктілік сипаттамасына сәйкес тағайындау.


4. Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар
Пәнді зерделеу нәтижесінде біліктілік сипаттамасының шарттарына сәйкес

магистранттың



түсінігі болу керек:

- патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері мемлекеттің бәсеке қабилеттілігіне әсер ететінін;



білуі шарт:

-Қазақстан Республикасының патенттік құқықтарының және патенттанудың негіздерін;

-өнеркәсіп меншік объектілерді құқықтық қорғауын;

-өнеркәсіп меншік объектілрінің патентке қабілеттілік талаптарын;

-лицензиялық шарттарды;

істей білуі шарт:

- өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерге (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге) қорғау құжатын беруге өтiнiм жасауын.



біліктілік деңгейі терең болуы керек:

- патенттік және ғылыми-зерттеулер салаларында.
5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
1-тақырып. Интеллектуалды меншік. Жалпы ережелер.

2-тақырып. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің патентке қабилеттілігінің талаптары

3-тақырып. Авторлар мен патентиеленушiлер.

4-тақырып. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға құқық беру. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау.

5-тақырып. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң

атаулары.



6-тақырып. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар.

7-тақырып. Эргономика негіздері.

8-тақырып. Қазақстан Республикасының Ғылым туралы Заңы.

9-тақырып. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тiзбесi.

10-тақырып. Ғылыми танудың әдістемелік негіздері.

11-тақырып. Теориялық зерттеулер.

12-тақырып. Тәжірибелік зерттеулер. Ғылыми ұжымда жұмысты ұйымдастыру.
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу

п/п

Тақырып-тардың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәрістер

Тәжірибелік (семинарлық)

Лабораторя-лық

Бар-лығы

Оның ішінде СӨЖО

1

1-тақырып

2

2




8

2

2

2-тақырып

1

2




6

2

3

3-тақырып

1

2




6

2

4

4-тақырып

1

2




8

2

5

5-тақырып

1

3




8

3

6

6-тақырып

1

3




8

3

7

7-тақырып

3

5




8

5

8

8-тақырып

1

3




8

3

9

9-тақырып

1

2




6

2

10

10-тақырып

1

2




8

2




11-тақырып

1

2




8

2




12-тақырып

1

2




8

2




Всего: 135

(3 кредита)

15

30




90

30



  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет