5В072300 – Техникалық физика мамандығына арналған


Өнімділігі аз фреонды тоңазтқыш агрегаттарды монтаждау



бет12/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.45 Mb.
#124727
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

2.2 Өнімділігі аз фреонды тоңазтқыш агрегаттарды монтаждау

Өнімділігі аз фреонды тоңазтқыш агрегаттар –2 температурадан +8 С температураға дейін тоңазытылатын азық-түліктерді қысқа уақытқа сақтауға арналған. Олар екі типте шығарылады: конденсатордың ауалы және сулы тоңазытылуымен.

Ауалы конденсаторы бар фреонды агрегаттар шкафтарда, прилавкаларда, витриналарда, жиналмалы камераларда және басқа да сауда құралдарында қажетті температураны ұстап тұруға арналған.

Сулы конденсаторы бар агрегаттар ауданы 10÷12 м2 болып келетін аздаған стационарлық камераларда қоладнылады. Осындай типті тоңазтқыш агрегаттар орнатылуына арнайы бөлмені қажет етпейді, оларды монтаждау тоңазытылатын объектке жақын маңда жүргізіледі, монтаждалуы салыстырмалы түрде күрделі емес және уақыт көп шығындалмайды. Шағын фреонды қондырғыларды монтаждау әдісі әбден зерттелгендіктен, берілген жұмыста құралдардың техникалық орналасуы, монтаждауға объектіні дайындау, тіреуіштерді дайындау және басқа да дайындық операциялрын жүргізу сияқты мәселелер қарастырылмайды. Жұмыста ауалы конденсаторы бар фреонды тоңазтқыш агрегаттың монтажы қарастырылған. Бұндай типті агрегаттардың барлығы констукциясы ұқсас болып келеді, тек кейбір бөлшектерімен ғана ажыратылады, сондықтан берілген агрегаттар үшін монтаждаудың негізгі принциптары бірдей.

Фреонды компрессорлы-конденсаторлы агрегаттар сауда құралдарымен комплектпен беріледі. Тасымалдау комплектісіне кіреді:

1) жалпы жақтауда ресивердан, конденсатордан, компрессордан тұратын фреонды тоңазтқыш агрегат; агррегат запорлы арматурамен, қысым релесімен, фильтрмен, тіпті кейбір жағдайларда құрғатқышпен немесе фильтр-құрғатқышпен жабдықталған;

2) пластикалық қабырғалары бар буландырғыштар ннемесе ауатоңазтқыштар;

3) ТРВ-М немесе ТРВ-В (ТРВ-У үлкен гидравликалық кедергісі бар буландырғыштарға арналған) типті;

4) электрқозғалтқыш пен электр құралдары;

5) монтаждаушы мыс түтіктер.

Фреонды тоңазтқыш агрегат толтырылған фреонмен және маймен толтырылған күйде тасымалданады. Заорлық вентильдар қалпақты гайкалармен жабылған.

Буландырғыштар құрғатылып және азотпен немесе қысымы 0,3- 0,5 атм дейін фреон буымен толтырылған күйде тасымалданады. Батареялардың сұйық және бу штуцерлерінің саңылаулары заглушкамен жабылған.

Монтаждаушы түтікшелер құрғатылған және сығылған үштарымен бірге тасымалданады.
Жұмыс мақсаты:

Берілген жұмыстың мақсаты монтаждау техникасымен, фреонды тоңазтқыш агрегаттың іске қосылуымен және сыналуымен танысу.

Жұмыс көлемі тұрады:

1) монтаждау объектісімен, құбырөткізгіштердің принципиальді-схемасымен, монтажды жүргізу әдістерімен танысу (2.13 сурет);

2) тоңазтқыш қондырғысының құбырөткізгішін және буландырғышын монтаждау (тоңазтқыш агрегаттың монтажы мен электрлік монтажы орындалған, сондықтан олар жұмыс көлеміне кірмейді);

3) тоңазтқыш қондырғыны іске қосуға дайындау; жүйеден ауаны алып тастау, жүйені үрлеу, жалғанған жерлердің герметикалығын тексеру;

4) берілген режимге тоңазтқыш қондырғыны қосу.

Жұмыста қолданылатын бақылаушы-өлшегіш құралдар, инструменттер және жабдықтар: түтікшесі мен гайкасы бар мановакуумметр 760–0–6 кгс/см2; түтікшесі мен гайкасы бар манометр 0–12 кгс/см2; голлойдты жанғыш; мыс құбырға арналған бортовка; мыс құбырларға арналған құбыркескіш; напильник личной плоский 200 мм; тиски настольные; гайкалы, разводты және жақтаулы кілттер.



2.13 сурет – Фреонды тоңазтқыш қондырғының схемасы:

1 – компрессор; 2 – қысым релесі; 3 – ресивер; 4 – электрқозғалтқыш; 5 –конденсатор; 6 – буландырғыш; 7 – терморетеуші вентиль; 8 – фильтр; 9 – фильтр-құрғатқыш



Жұмыстың орындалу реті:

1 Қауіпсіздік техникасымен, монтирленетін құралдармен, құралдардың принципиальді схемасымен, монтаждауды жүргізу әдістерімен танысу.

2 Өлшегіш құралдардың, инструменттердің және жабдықтардың дұрыстығы мен комплекттілігін тексеру. Монтирленетін құралдар мен өлшегіш құралдардың техникалық сипаттамаларын жазу.

3 Алдын ала дайындалып қойған кронштейндерге буландырғыштың монтажын жүргізу. Деңгейдің көмегімен буландырғыштың горизонталь қалпына қол жеткізу және болт пен гайкалардың көмегімен оны кронштейндерге бекіту. Буландырғыштың горизонталь қалпына тексеріс жүргізу.

4 Термореттеуші вентильді буландырғыштың кіріс штуцеріне монтирлеу, бұл кезде термосезгіш патрон скоба көмегімен сорушы құбырөткізгіштің горизонталь бөлігіне бекітіледі.

5 Құбырөткізгіштің принципиальді схемасына сәйкес құбырөткізгіштің монтажын жүргізу керек және оны буландырғыштан компрессорға сорушы сызықты төсеуден бастау керек. Сұйықтық сызығы сорушыға параллель төселеді. Құбырөткізгіштер компрессор жағына қарай тұрақты 1-2 % көлбеулікпен түзусызық бөлікпен төселіну керек.

Құбырөткізгіштерді байланыстыруды құбырөткізгіштің бортталған ұштарында орналасқан гайкалардың, ал құбырөткізгіш ұштарын таңдау ботовка көмегімен жүзеге асады.

Гайкаларды орнатпас бұрын бортталған жерлердің ішкі жазықтығын және щтуцерларды бензинмен шаю керек. Құбырдың сыртқы жазықтығы мен гайканың ішкі жазықтығы ылғалдың жалғанған жерлерге кіріп кетуінің алдын алу үшін техникалық вазелинмен жағылады. При затяжке мест соединений не допускать перекоса накидных гаек, их следует до упора навинчивать от руки, а окончательную затяжку производить с помощью двух ключей.

6 Компрессор көмегімен жүйеден ауаны алып тастау керек. Компрессордың сорушы вентилінің үшжүрісті тройник штуцеріне мановакуумметр орнату керек. Шпиндель вентилін сағат тіліне қарсы айландыра отырып сорушы вентильді ашу керек, бірақ мановакуумметрге жол ашық болатындай.

Жүйеден ауаның шығарылуы компрессордың үшжүрісті вентилінің тройнигіндегі штуцер арқылы жүзеге асады, және бұл кезде вентилге жол жабық болу керек. Тасталынулар мен майдың шашыратылуы болмас үшін штуцерге резіңкелі түтікше кигізіледі, оның бір ұшы құрғақ таза бөтелкеге түсіріледі. Ресивердегі вентиль жабық болу керек. Қондырғының электрлік схемасын қолмен басқаруға ауыстыру керек. Одан кейін іске компрессор қосылады және жүйеден мановакуумметр арқылы 40-60 мм.сын.бағ қысыммен ауаны сору процесі жүреді.

7 Байланысқан жерлердің герметикалығын тексеру керек. Вакуумдалғаннан кейін вентильдің штуцеріне манометр жалғанады. Ресивердегі вентиль 1-2 с ашылады, шипения пайда болғаннан кейін накидты пайка затягивается. Жүйе осылайша жалғанған жерлердегі ақауларды тексеруге дайын болады.

Тексеру жалғанған жерлерді сабындау арқылы, одан кейін голлойдты лампа немесе ГТИ-2 голлойдты течеискатель көмегімен жүзеге асады. Герметикалықты голлойдты лампа көмегімен тексерген кезде ақаулардың болуы жалынның түсінің өзгеруімен анықталады, ол ақау шамасына байланысты жасыл немесе ашық-көк түске ие болады; ГТИ-2 қолданған кезде ақаудың болуы құралдың өлшегіш блогында ток күшінің өсуіә бойынша анықталады. Табылған ақауларды байланыстыратын накидты гайкаларды созу арқылы жояды.

8 Қондырғыны белгіленген режимде қосу керек. Ол үшін компрессордың вентилін және ресивердегі вентильді ашу керек және сорушы вентильді жауып, электрлік схеманы автоматты басқаруға ауыстыу керек. Компрессорды жіберіп, ақырындап сорушы вентильді ашу керек. Қысым релесі бойынша компрессордың өшірілу және сөндірілу қысымдарының белгіленген шамасын орнату керек. Манометрдің көрсетуі бойынша қондырғының жұмысына бақылауды жүргізу.

9 Жұмыс аяқталғаннан кейін буландырғыш пен құбырөткізгіштерден фреондф сорып алу керек. Ол үшін ресивердегі вентильді жабу керек және мановакуумметр бойынша қайнау қысымы 0,5-0,6 атм қысымға жеткеге дейін компрессормен жұмыс істеу керек. Компрессор тоқтағаннан кейін 10-15 мин өткеннен кейін буландырғыштан фреонды қайтадан сорып алу керек. Компрессордағы запорлы вентильдарды жабу керек, құбырөткізгіштерді, термореттеуші вентильдарды және буландырғыштарды демонтирлеу керек.


Жұмыстың мазмұны:

1 Жұмыстың атауы мен мақсаты

2 Тоңазтқыш қондырғының схемасы, өлшегіш құралдардың техникалық сипаттамасы.

3 Тоңазтқыш қондырғыны іске қосудың және монтаждаудың орындалу реті

4 Берілген жұмыста қолданылған ақауларды табу әдістерін, ақаулар орнын, ақауларды жою әдістерін сипаттау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет