5В0723000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі» мамандығының студенттеріне арналған


-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыздар. 2-тапсырма



бет2/4
Дата01.07.2016
өлшемі330.5 Kb.
#170013
1   2   3   4

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, танысыңыз.

3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағыналық бөліктерге бөліңіздер. Әр бөлікке тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен толықтырыңыздар. Мәтінге түйіндеме жазыңыздар.
Бақылау сұрақтары:

1. Шыны түсінігі.

2.Құрылыстық шыны түрлері, олардың қолданылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

  2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

  3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

  4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.

  5. Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
    Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.



Практикалық сабақ №6

Тақырыбы: Металл материалдар.

Жоспары:

  1. Металл конструкциялары түсінігі.

  2. Металл конструкцияларының құрылыста қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Берілген лексикалық тақырыптың мазмұнын ашып, түсініп мейлінше академиялық білімдерін арттыру;

  2. Металл материалдары түрлерімен танысу, жаңа терминдермен танысу;

Металл материалдар.
Қара жəне түсті (көбінесе алюминийден) металдардан жасалған конструкциялар ғимараттар құрылысында, əсіресе үлкен адындам, биіктік, жүктеу жəне коррозияға қарсы талаптар үшін кеңінен қолданылады. Металл конструкцияларының құрылыста кең тарауы – олардың темірбетон жəне тастан жасалған байланыстырғыш конструкцияларымен салыстырғанда, беріктігінің жоғарылығы, сенімділігі, өнеркəсіптігі, тез құралатындығы мен жеңілдігінде. Металл конструкцияларын қолдану тиімділігінің комплексті көрсеткіші – құрылыс коэффициенті болып есептеледі. Ол металл конструкциялары салмағының бүкіл ғимарат немесе құрылыстың байланыстырғыш конструкциялары мен тетіктерінің салмағына қатынасы. Ол ғимараттар мен құрылыстың байланстырғыш конструкцияларының конструктивтік формасын жəне үйлестіру сапасын материал шығынын, сондай-ақ оларды дайындау қиындығын, тұрғызу мерзімі мен құнын ескере отырып сипатталады.

Құрылыс коэффициентінің ең аз мəніне – көп жағдайда аз қоспалы əрі беріктілігі жоғары болат пен қорапталар қолданғанда, жұқа қабырғалы прокаттық жəне иілген профильдер, кеңістік алдын ала кернелген, аспалы, құбырлы, басқа да жүйелерді қолданғанда жетуге болады.

Алюминий қорытпалары тығыздығының шойын, болатпен салыстырған-да 2,7-2,9 есе аз екендігіне жəне конструкцияларды жеңілдету мүмкіндігіне қарамастан, серпімділік модулінің үш есе төмендегіш байланыста жоғары температурада беріктігі төмендейді (100-150оС-тан жоғары). Ал жоғары жылулықтың ұлғаюы арқасында жүктеуге шыдамдылығының жеткіліксіздігінен, байланыстырғыш конструкцияларда қолданылуы шегерілген.

Металл конструкцияларын біріктірудің негізгі түрі – дəнекерлеу. Алайда ол дəнекерленетін элементтердің біріктірілуі аймағында металдың құрылымдық жəне химиялық өзгерістерін туғызады. Бұл дəнекерленген жерде сызаттың пайда болуы мен морт сынуына себеп болады. Əсіресе көміртек, күкірт жəне фосфордың мөлшері көп қайнайтын болат қолданғанда, болаттың құрылымы ірі түйіршікті жəне дəнекерленетін элементтері өте қалың болғанда да өзгерістер туғызады.

Келеңсіз жағдайларды болғызбау үшін тынық немесе жартылай тынық болат пен электродтар қолданылады. Жіктердің салқындау жылдамдығын шлак, флюстердің жылуизоляциялық қабаты арқылы реттейді. Ылғал, əсіресе агрессивті газдармен ластанған атмосферада болат коррозияланады. Коррозияға – шойын төзімді келеді, мұны шойыннан жасалған конструкциялық элементтердің өте қалыңдығы, сондай-ақ феррест-перлит металл негіздерінің коррозиялану өнімдерінің графит бөлшектерін цементтеуімен түсіндіруге болады. Шойын коррозиясының бұл түрін – графиттену деп атайды, ол сұр жəне қақтауға төзімді шойындарға тəн.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жаңа сөздерді теріп жазып, жаттап алыңыз.

2-тапсырма. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

Металлоконструкции (также: металлические конструкции) — общее название конструкций из металлов и различных сплавов, используемых в различных областях хозяйственной деятельности человека: строительстве зданий, станков, масштабных устройств, механизмов, аппаратов и т. п.

В строительстве термином строительные металлоконструкции» описываются несущие стальные строительные элементы здания из металла. Металлоконструкции обладают рядом достоинств:



  • лёгкость;

  • коррозионная стойкость (для оцинкованных конструкций и конструкций из алюминиевых сплавов);

  • технологичность;

  • пространственная прочность, жесткость;

  • высокие декоративные свойства;

  • быстрота монтажа (сооружения) и демонтажа.

3-тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге алып, өзара сұхбат құрастырыңыздар.
Бақылау сұрақтары:

  1. Металл конструкциялары түсінігі, түрлері?

  2. Металл конструкцияларының құрылыста қолданылуы?


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

    2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

    3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

    4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.

    5. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.

Практикалық сабақ №7

Тақырыбы: Гидравликалық материалдар.

Жоспары:

1. Гидравликалық байланыстырғыш заттар түсінігі және олардың түрлері.



Сабақтың мақсаты:

  1. Лексикалық мәтінге толық талдау жасау, жаңа сөздерді жаттау;

  2. Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.


Гидравликалық материалдар.
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп – сумен араластырғанда жақсы иленетін жəне бірте-бірте қатайып, тасқа айналатын минералдардан құралған, таужыныстардан күйдіру арқылы алынатын ұнтақтарды атайды. Сондықтан олар – бейорганикалық немесе минералды байланыстырғыш заттар деп аталынады.

Минералды байланыстырғыш заттар алдымен 2 ірі топқа: ауалық жəне гидравликалық болып бөлінеді. Ауалық байланыстырғыш заттарды сумен араластырғанда алынатын қамыр тек ауада ғана қатайтып, қатаю салдарынан пайда болған беріктігін сақтайды. Бұл топқа: гипс, əк, магнезиалды байланыстырғыш заттар мен сұйық шыны жатады.

Гидравликалық байланыстырғыштардан су қосып алынатын қамыр, алдымен ауада аз уақыт қатайғаннан барып, су астында жəне басқа ылғалды жерде одан əрі беріктелініп, қатая түседі. Бұл топқа портландцемент пен оның түрлері, глинозем цементі жəне оның негізінде алынатын цементтер, гидравликалық əк жатады.

Гидравликалық əк – кұрамында 6-дан 20%-ке дейін балшық қоспасы бар мергельді – əктасты 900-11000С-та күйдіргенде пайда болатын байланыстыр-ғыш зат. Бұл температурада жүретін қатты фазалық реакциялар нəтижесінде кальцийдің төмен негізгі силикаты, алюминаты жəне ферриті түзіледі (6.3-кесте). Бұл минералдардың тек ауада ғана емес, су астында да қатайып тасқа айналу қасиеті бар. Құрамында кальций тотығы мен жоғарыда көрсетілген минералдары бар гидравликалық əк 7 тəулік ауада, ал əрі қарай (21 тəулік) суда қатайғаннан кейін көрсеткіші 1,7-5 МПа-дан кем емес сығу беріктігіне ие болады. Гидравликалық əк – сапасы жағынан портландцементтен əлдеқайда нашар. Сол себепті қазіргі уақытта бұл байланыстырғыш зат аз тараған – қалау, сылау жұмыстарын жүргізуге арналған төмен маркалы құрылыс ерітінділері мен бетондарда пайдаланылады.

Портландцемент дегеніміз – əктас пен балшықтан құрастырылған қоспаны 1450°С-та күйдіру арқылы алынатын, негізінде кальций силикаттарынан тұратын клинкерге біраз гипс қосып, ұнтап өндіретін гидравликалық байланыстырғыш зат. Портландцемент өндірудің негізгі кезеңдері - шикізатты күйдіруге дайындау, күйдіру жəне клинкерді ұнтақтау. Портландцементтің мынадай: тез қатаятын, сульфатқа төзімді, түрлі-түсті жəне құрамында органикалық не минералды қосымшасы бар арнаулы түрлері кездеседі.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыздар.

2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, танысыңыз.

3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Строитель - одна из древнейших профессий. Многие археологические памятники, благодаря которым мы узнаем о прошлом человечества - это древние строения. Многие сооружения стоят до сих пор, хотя их возраст измеряется тысячелетиями.

Секреты строительного ремесла накапливались веками, бережно хранились и передавались из поколения в поколение, от мастеров к ученикам.

Квалифицированные «каменных дел мастера» и плотники были в дефиците, ценились очень высоко. Труд строителя существенно различается в зависимости от того, работает ли он на крупном производстве, где четко разделены функции различных работников, или в небольшой многопрофильной бригаде, выполняющей различные виды строительных работ.



4-тапсырма. Мәтіннен Сіз үшін бұрыннан белгілі және жаңа ақпараттар берілген абзацтарды жеке-жеке белгілеп, әрқайсысына сұрақтар дайындаңыздар.
Бақылау сұрақтары:

  1. Гидравликалық байланыстырғыш заттардың түрлерін атаңыз?

  2. Портландцемент және гидравликалық әк түсініктері?

  3. Портландцемент өндіруге белсенді минералды қоспаларды қолдану тиімділігі.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

  2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

  3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

  4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.

  5. Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
    Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.


Практикалық сабақ №8

Тақырыбы: Бетон түрі және классификациясы.

Жоспары:

  1. Бетон түсінігі.

  2. Бетонның жікелуі және түрлері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Берілген лексикалық тақырыптың мазмұнын ашып, түсініп мейлінше академиялық білімдерін арттыру;

  2. Бетон түрлерімен танысу, жаңа терминдермен танысу;

Бетон түрі және классификациясы.
Бетондар дегеніміз – байланыстырғыш затқа (ол бетон көлемінің 10-15%-і) белгілі мөлшерлерде (85-90%) толтырғыштар мен су қосқанда қоспаның қатаю нəтижесінде алынатын жасанды тас.

Қазіргі заманда бетонсыз құрылыс салу мүмкін емес, бүгінгі күнде дүниежүзі 2 млрд м3 жылына оны қолдануда. Бұл ең бір бұқаралық құрылыс материалдарының бірі, көптеген өркениетті даму деңгейін анықтаушы. Сонымен қатар, бетон - ең күрделі жасанды композициялық материал, сонымен бірегей жетілген қасиеттерімен ие бола алады. Ол ең әр түрлі эксплуатациялық шарттарда қолданылады, қоршаған ортамен үйлесімді сыйысады, базасы шикізатпен шектелмеген және құны басқалармен салыстырғанда төмен болады. Бұған қоса жоғары сәулетшілік құрылысын, оның қарапайымдылығы мен технологияға қол жетерлігі және шикізатты даярлау барысындағы техногендік қалдықты пайдалану оны кең қолдану, экологиялық қауіпсіздік және эксплуатациялық мүмкіншілігін айқындап отыр. Міне, бетон күмәнсіз негізгі конструкциялық материал және келешекте көз жетерлік болып қалады.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдықтары ­ бетон технологиясы есте қалатындай болды. Бұл жылдары байланыстырғыштар үшін модификаторлар және бетондар, активті минералды қоспалар мен толтырғыштар, жаңа технологиялық кисынды және құрылыс композиттердің әдістері ­мен қабылдаулар кең таралып көзге көрінді.

Қазіргі кезде құрылыста бетонның әр түрлерін қолданады. Бетондар орташа тығыздығына қарай байланыстырғыш заттардың түріне, құрылымына технологиялық ерекшеліктерге және тағайындалуына топтастырылады.

Бетон көптеген қасиеттері оның тығыздығынан тәуелді болады, оның мөлшеріңе ­ цементтің тас тығыздығы, толтырғыш түрі және бетонның құрылымы әсер етеді. Бетондарды тығыздығына қарай: өзгеше ауырлар - 2500кг/м3; ауырлар - 1800...2500; жеңілдер - 600...1800; өзгеше жеңілдер - 600кг/м3 бөледі.

Өзгеше ауыр бетоннан ауыр толтырғыштарды – болаттардың үгінділерімен немесе жоңқалардан (сталебетон), темір кеннен (лимонитті және магнетитті бетондар) немесе бариттен ( баритті бетон) әзірлейді.

Құрылыста ең кең қолданатын ауыр бетон тығыздығы 2100...2500 кг/м3 таулы тұқымдардың толтырғыштарынан (гранит, диабаз және т.б.). Жеңілдетілген бетон 1800...2000 кг/м3 тығыздығын тау жыныстарының қиыршық тас тығыздығынан 1600 ... 1900 кг/м3 немесе құмсыз (ірі қуысты бетоннан) алады.

Жеңіл бетондарды ұсақ саңылаулы толтырғыштардан ( керамзит, аглопорит, пема, туф және т.б.) әзірлейді. Бұл жеңіл бетонның қолдануына құрылыс контрукциялардың көпшілігін кемітеді .

Өзгеше жеңіл бетондарға ұяшықты бетон (газобетон, көбіктібетон) жатады, оларды ірі қуыстылы бетонның жеңіл толтырғыштарынан оның ұсақ майда қоспалары сумен араластырылып арнайы тәсілдер арқасында алынады. Ұяшықты бетон қоспаларының арасында жасанды ұйымдарда ауа болады.

Негізгінің бетон құрастырушы, көптеген оның қасиетін анықтаушы, байланыстырғыш заттар оларды түріне қарай цементті, силикатты, гипсті, шлактықышқыл, полимербетонды, полимерцементі және арнайы деп ажыратады.

Бетондану деп – бетондардың құрылымы мен қасиеттері жөніндегі қолданбалы ғылымды атайды. Оның негізгі міндеті – бетондардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыстылықты зерттеу, табу. Бұлардың арасындағы байланысты тану – материалдық (химиялық) құрамды үйлестіру мен құрылымға ықпал ететін сыртқы əсерлер арқылы белгілі бетондардың сапасын жақсартуға емес, керісінше ерекше қасиеттері бар принципті жаңа бетондар жасауға мүмкіндік туғызады.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

2-тапсырма. Сөздікті қолдана отырып, мәтінде кездескен кәсіби ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дәптерге жазыңыздар.

3-тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге алып, өзара сұхбат құрастырыңыздар.
Бақылау сұрақтары:


  1. Бетонның қазіргі құрылыстағы ролі.

  2. Бетон туралы жалпы мәлімет.

  3. Бетон технологиясының негізгі даму кезеңдері.


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

    2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

    3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

    4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.

    5. Төлеуов М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.



Практикалық сабақ №9

Тақырыбы: Құрылыстық ерітінділер және құрғақ араласпалар.

Жоспары:

  1. Құрылыстық ерітінділер туралы түсінік.

  2. Құрылыстық құрғақ араласпалар туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Құрылыстық ерітінділер және құрғақ араласпалар туралы мәлімет беретін мәтінмен танысу, жаңа сөздерді жаттау;

  2. Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.


Құрылыстық ерітінділер және құрғақ араласпалар.
Құрылыс ерітіндісі дегеніміз – байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм мен су араластырғаннан кейін қатайып, жасанды тасқа айналатын материал. Көрсетілген заттармен қатар, құрылыс ерітінділері құрамына олар-дың қасиеттерін жақсартатын үстемелер (қосымшалар) қосылады. Құрылыс ерітіндісі қатайғанға дейін ол – құрылыс ерітіндісінің араласпасы (қоспасы) деп аталынады. Құрылыс ерітіндісі жұқа қабат (қалыңдығы 1-2 см) ретінде пайдалатындықтан қабырға қалау, сылау, т.б. жұмыстарда оның құрамында ірі толтырғыш болмайды.

Құрылыс ерітінділері – тығыздығына, байланыстырғыш заттарына жəне қолданылатын орнына сəйкес топтастырылады. Тығыздығына байланысты олар: ауыр - орташа тығыздығы 1500 кг/м3 жоғары, əдетте кварцті құм негізінде жасалатын жəне жеңіл орташа тығыздығы 1500 кг/м3 төмен, кеуекті уақ толтырғыштар негізінде (ұсақталған пемза, туф, шлак, керамзит) жасалатын болып бөлінеді.

Байланыстырғыш заттарына қарай олар цементті құрылыс ерітіндісі портландцемент пен оның түрлері негізінде: ізбесті гипсті жəне араласқан (цементізбесті, т.б.) ерітінділер болып бөледі. Байланыстырғыш заттың түрі құрылыс ерітіндісінің құрғақ немесе ылғалды жерде қолданылатына сəйкес тағайындалады. Кейбір жағдайда техникалық немесе экономикалық қажеттілікке байланысты цементке ізбес не саз (балшық) қосылады. Оларды – цементізбесті, цементсазды ерітінділер дейді. Ізбесті ерітінділерге тез қатаю үшін гипс қосылады, мұндай ерітіндіні ізбесгипсті деп атайды. Ол үйдің ішкі қабырғасын, төбесін сылауға пайдаланады.

Қолданылатын орнына қарай құрылыс ерітінділері фундаменттерді кабырғаларды, күмбез тəрізді төбелерді кірпіш не тастан қалау үшін пайдаланылатын болса – қалаулық – ішкі қабырғаны, төбені, сыртқы қабырғаны сылау үшін қолданылатын болса – сылақтық, ал ірі құрылыс элементтерді панельдерді , блоктарды ұштастыру үшін пайдаланылса – монтаждық, ал дыбыс жəне рентген сəулесін өткізбеу үшін, т.б. үшін арнаулы мақсатпен қолданылса - арнаулы (арнайы) деп топтастырылады.

Соңғы жылдары химия өндірісі мен құрылыс ғылымдары жетістіктерінің арқасында əртүрлі жоғары сапалы құрғақ араласпалар (Қ.Қ.А.) өндірісі едəуір дамыды. Құрғақ араласпалардың артықшылықтары:

– компоненттерінің түйіршіктік құрамы мен қатынастары сақталған;

– құрғақ араласпалар арнайы қаптарға салынатындықтан, оларды тасымалдау, қоймада сақтау ыңғайлы;

– қажетті мөлшерде араласпаны жылдам дайындауға болатындықтан, материал шығынын азайтуға болады;

– дайын болған ерітіндінің иілімділігінің жəне сусақ ұстап тұруының арқасында цемент 10-15%-ке дейін қолданылады;

– компоненттері дəл өлшеніп, жақсы араласқандықтан, құрғақ араласпаның құрамы тұрақты; – дайын ерітіндінің иілімділік қасиеті жақсартылғандықтан, құрылысшылардың еңбек өнімділігі 20-25%-ке артады;

– көлік шығыны 15%-ке кемиді;

– құрылыстық технологиялық процестердің жеңілдеуімен қатар, құрылыс жұмыстарының сапасы да жоғарылайды.

Жоғарыда келтірілген артықшылықтардың арқасында бұл материалдар құрылыс технологиясын жоғарғы деңгейге көтеріп, өндірісте жəне əлемнің көптеген елдері құрылысында да кеңінен қолданыла бастады. ҚҚА əртүрлі жұмыстар, əсіресе өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Ұсақ толтырғыштың уақтығына байланысты олар екі үлкен топқа бөлінеді: ерітінділер мен шпаклевкалар.

Ерітінділерде – толтырғыш ретінде ерітіндінің тағайындалуына байланысты өлшемдері 1,25–:2,5 жəне 5 мм-ден аспайтын құм қолданылады.

Шпаклевкаларда – толтырғыштың өлшемі 0,3-0,4 мм жоғары болмауы керек. Дайындалуы жағынан құрғақ араласпалар мына түрлерге бөлінеді:

– қалауға арналған ерітінділер;

– тақталар мен блоктарға арналған желімдегіш құрылыс ерітінділері;

– цемент негізіндегі тақталық желімдер;

– гипс байланыстырғышы негізіндегі тақталық желімдер;

– цемент, əк сылақтары;

– гипс сылақтары;

– өзі тегістелетін құйма едендерге арналған ангидридті араласпалар;

– өзі тегістелетін құйма едендерге арналған цемент араласпалары;

гипс шпаклевкалары;

– цемент шпаклевкалары;

– өңдеулік тақталарды жапсыруға арналған цемент араласпалары;

– өңдеулік тақталарды жапсыруға арналған гипс араласпалары.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыздар.

2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, танысыңыз.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, оларды қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Возведение зданий и сооружений. 2. Сухие строительные смеси. 3. Строительные растворы. 4. Природные строительные материалы. 5. Искусственные строительные материалы. 6. Строительная техника.



4-тапсырма. Мәтінді қайта оқып, тезистік жоспар жасаңыздар. Жоспар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрылыстық ерітінділер дегеніміз не?

  2. Құрылыстық ерітінділер түрлері?

  3. Құрылыстық құрғақ араласпалар түсінігі?

  4. Құрылыстық құрғақ араласпалар артықшылықтары мен кемшіліктері?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

  2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

  3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

  4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.



Практикалық сабақ №10

Тақырыбы: Полимер материалдар.

Жоспары:

1.Полимер материалдары туралы түсінік, полимерлерді алудың негізгі әдістері.



Сабақтың мақсаты:

1. Лексикалық мәтінге толық талдау жасау, жаңа сөздерді жаттау;

2. Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.
Полимер материалдар.
Полимерлер – қарапайым кəдімгі молекулалы (молекуладан тұратын атомдары аз) органикалық заттардың, яғни мономерлердің, өзара əрекеттесіп, байланысуынан түзілетін үлкен молекулалы қосылыстар.

Пластмассалар – негізгі синтетикалық полимерден тұратын, белгілі бір температурада пластикалық икемді күйге жəне қысыммен керекті пішінге айналатын жасанды материалдар. Пластмассалар тек қана полимерден тұруы мүмкін. Мысалы, кəдімгі органикалық шыны, плексиглас - полиметилметакрилат полимерінен тұрады. Мұндай пластмассаларға – полиэтилен, полистирол, т.б. мысал бола алады. Бұл жағдайда "пластмасса" деген сөздің "полимер" деген сөзден айырмашылығы жоқ. Дегенмен, көптеген пластмассалар органикалық полимерлермен қатар, əртүрлі толтырғыштар мен үстемелерден тұрады.

Полимер алудың негізгі əдістеріне: полимеризация мен поликонденсация жатады. Қанықпаған қосылыстың қос немесе үш байланыстары үзілуінің (ашылуының) нəтижесінде мономердің көптеген молекулаларынан полимер түзілу процесін – полимеризация дейді. Полимеризация нəтижесінде полимерлерден басқа қосымша зат түзілмейтіндіктен, мономер мен полимердің қарапайым құрамы бірдей болады. Яғни, полимер көп рет қайталанып келетін мономерден тұрады, ал полимердің молекулалық салмағы (массасы), реакцияға түскен мономер молекулаларының салмағының косындысына тең болады.

Поликонденсация деп – мономерлерден полимер түзілуімен қатар, қосымша қарапайым заттар түзілетін процестерді айтады.

Полимерлер температурасының өзгеруіне қарай əсер етуіне байланысты – термопластикалы жəне термореактивті деп бөлінеді. Термопластикалық полимерлер қыздырғанда физикалық күйін өзгертеді де, салқындатқанда – бастапқы күйіне қайта келеді, яғни олар қыздырғанда жұмсарады (балқиды, ал суытқанда қайтадан қатаяды). Термореактивтік полимерлер қыздырғанда химиялық өзгерістерге ұшырап, салқындатқанда бастапқы қалпына келмейді. Яғни, олар бір қатайғаннан кейін, екінші рет қатаймайды.

Пластмассалардың кеңінен қолданылуы – олардың қасиеттерінің тиімділігінде ғана емес, сонымен қатар пластмассалардан бұйым жасаудың еңбекті көп керек етпейтін жоғары өнімділігінде. Пластмассалардан бұйымдар жасау үшін, олардың қасиеттеріне байланысты мынандай тəсілдер қолданылады: престеу, қысыммен құю (шприцтеу-иннекция), үздіксіз сығып шығару (экструзия), біліктеу (вальцевание-каландрирование ), т.б.

Үйкеліске төзімді, тазалық сақтауға қолайлы, қажетті жылу сақтауға жəне дыбыс өткізбейтін қасиеті бар, құрылыс жұмыстарын индустрияландыра (өркендете) алатындықтан, полимер материалдар еденге төсеу үшін кеңінен қолданылады (линолеумдер), сонымен қатар конструкциялық полимерлі материалдар мен құбырлар ретінде (полимербетондар, полимер құбырлар) кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет