«5В072600» «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін



бет1/2
Дата20.07.2016
өлшемі258 Kb.
#211574
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-4.1.21/01-2013

ПОӘК «Жобалық инновацияларды қаржыландыру» оқытушыға арналған

Баспа №1 29.08.2013



«5В072600» «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін


«Жобалық инновацияларды қаржыландыру»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Семей

2013



1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ:
Құрастырушы ______ «____»_____ 20____ж. Г.А.Құрманбекова, экономика магистрі,

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы;


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды


Хаттама № 1 29.08. 2013 ж.
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі____________ С.Ж. Ибраимова
2.2.Қаржы-экономикалық факультетеінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды
Хаттама №1 05.09.2013 ж.
Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы __________ С.Х. Тойкин

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды


Хаттама №1 18.09.2013 ж.
Оқу әдістемелік кеңестің төрағасы ___________ Г.К. Искакова

Мазмұны


1.

Пайдалану саласы




2.

Нормативтік сілтемелер




3.

Жалпы ережелер




4.

Оқу пәнінің (модульдің) мазмұны




5.

Студентерінің өздік жұмысының тақырыптарының тізімі




6.

Пән бойынша оқу-әдістемелік картасы




7.

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етiлу картасы




8.

Әдебиеттер





1 ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Берілген құжат сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп, реттейді және «Қаржы» кафедрасында қолдануға ұсынылады.

«Жобалық инновацияларды қаржыландыру» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен «5В072600» - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандықтарының студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның көкейкестілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен таныстырып, студенттердің оқу процесінде меңгеретін талаптары мен дағдылларын арттыруға мүмкіндік береді. Оқу - әдістемелік кешен пәнді оқып үйренуде негізгі құрал болып табылады.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Жобалық инновацияларды қаржыландыру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжаттардың ұсыныстары мен талаптарына сәйкес осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі өңдеп белгілейді

- Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты 6.08.008-2008 қолдануға енгізілген;

-«5В072600» - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығының оқу жоспары;

- «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің және өңдеудің жалпы талаптары» СТУ 042-ГУ-4-2013 Университет стандарттары;

- «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен құрылымы» ДП 042-1.01-2013 Құжатталған процедуры.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

«Жобалық инновацияларды қаржыландыру» курсы қаржылық жүйе үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда оқу пәндерінің ішінде маңызды орын алады.

Берілген курс экономикалық профиль студенттерінің алған білімдерін мейлінше дамытатын, нақтылайтын және тереңдететін базалық теориялық пән болып табылады.

«Жобалық инновацияларды қаржыландыру» курсында инвестиция түсінігі, оның типтері, нысандары, инвестициялық қызмет, заңдылықтары, сол сияқты инвестициялық жобалар, инвестицияны қаржыландыру көздері, жобалардың микроэкономикалық фундаменталды талдау, нақты және портфелді инвестициялау қарастырылады.

«Жобалық инновацияларды қаржыландыру» курсын оқу процесіне еңгізу экономикалық мамандарды дайындауды жақсартудың негізгі қадамы болып табылады.
3.2 Курстың мақсаты

Аталған курстың мақсаты – өндірісті жоғары технологиялық дамуға ауысу жағдайында ЖІӨ өсуін қамтамасыз етуші тиімді инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бағдарламаларды ққаржыландыру бағытын оқу.

«Инвестиция» біздің экономикасында жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде тек қана «капитал жұмсалымы» атты түсінікті қолданды. Біздің мемлекетіміздің нарықтық экономикаға көшу жағдайында бұл термин экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Себебі, инвестиция экономикалық тетіктердің дұрыс қызмет атқару үшін қажет. Мемлекеттің экономикасының дамуына инвестицияның маңыздылығын ескере отырып, жоғарғы оқу мекемелерінде, әсіресе экономикалық мамандарды дайындайтың мекемелерде стандартқа сәйкес «Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» атты ғылыми пән еңгізілді.

«Жобалық инновацияларды қаржыландыру» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бағдарламада басқа экономикалық пәндермен өзара байланысқан курстың негізгі бөлімдері мен негізгі бөлімдердің тақырыптарының мазмұндары ашылған. Курсты оқыту әдістері, инвестицияны қаржыландыру және несиелеуге арналған отандық және шетелдік әдебиеттер берілген. Бағдарламаға сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынан, Президент Жарлығынан, Ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.

Пәннің мақсаты болып студенттерді негізгі курс бөлімдерімен таныстыру және инвестиция саласындағы ғылыми - практикалық білімді беру.

- «Жобалық инновацияларды қаржыландыру» курстың мақсаты – мамандар үшін инвестициялық процесті жүзеге асыру және ұйымдастыру;

- қаржылық-несиелік қызмет көрсету аясындағы кәсіби білімді беру;

- ақша және несие жүйесінің әрекет ету негізінің, халықаралық несиелік есеп айырысу мен валюталық қатынастардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктерінің теориялық аспектілері бойынша жиынтық білімді кешенді түрде көрсетуге бағытталған.

- пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

- барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.

3.3. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

- экономикалық категория ретінде инвестиция мәнің ашу;

- олардың макро және микродеңгейде ролін және мағынасын оқыту;

- инвестиция жіктемесі мен олардың құрылымын анықтау;

- капитал жұмсалымды қаржыландыру көздерін және олардың ең арзан, берігін анықтау әдістерін ашу;

- капитал жұмсалымның экономикалық негіздемесінің нұсқасын зерттеу;

- кәсіпорындарда тиімді инвестиция портфелінің қалыптасуын оқыту;

- инвестициялық тәуекелді, олардың бағалануын, алдын-алу немесе төмендету жолдарын анықтау.

- студенттерге инвестиция, олардың қаржыландыру және несиелендіру сызбасын, инвестициялық жобалардың теориясы бойынша тиісті білім беру;

- оларға инвестициялық аясында қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

- инвестициялық қызметінің болашақ мамандарына мүмкін болатын жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.

3.4 Оқытудың нәтижесі


  • инвестициялық қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары мен қаржыландыруды ұйымдастырудың формалары мен принциптерін оқып үйренеді;

  • өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, инвестициялық саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

инвестиция түсінігінің, оның негізгі түрлерің, несиелендіру негіздерінің, нысандары инвестициялық қызмет, заңдылықтары, сол сияқты инвестициялық жобалар,

  • инвестицияны қаржыландыру көздері, жобалардың микроэкономикалық фундаменталды талдау, нақты және портфелді инвестициялау .негізгідерінің теориялық аспектілерін меңгереді;

  • теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, инвестициялық қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді;

  • «Жобалық инновацияларды қаржыландыру» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы инвестициялық саясатын, инвестициялық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

  • пәннің экономикалық категориялары, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру негіздері, есептік-несиелік және инвестициялық талдау негіздері туралы, сонымен қатар инвестициялық жобаларды құру негіздері, коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтері және инвестициялық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

  • өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, банктік қызмет саласында ерекше арнайы білім алады.

3.5 Курстың пререквизиттері:

Экономикалық теория, микроэкономика, қаржы
3.6 Курстың постреквизиттері:

Жоқ
3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Кесте 1



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет