5В072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығына арналған



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#142175
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



СМЖ 3-деңгейдегі құжат

ОӘК

ОӘК 042-18-7.1.41/03-2013

ПОӘК

«Текстильді материалтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



№1 басылым 18.09.2013

«Текстильді материалтану»

ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және
құрастырылуы» мамандығына арналған.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Семей

2013


Мазмұны


1

Дәрістер

3

2

Практикалық сабақтар

79

3

СӨЖ тақырыптары

93

4

Әдебиеттер

94


1 Дәрістер
Дәріс №1. «Текстильді материалтану» курсына кіріспе.
Материалтану – материал туралы ғылым. «Текстильді материалтану» курсының негізгі мақсаты және курстың мазмұны. Басқа тәртіптермен байланыс. «Текстильді материалтану» курсының рөлі тігін өндірісінің мамандарын дайындау. Маталардың классификациясын, тіген бұйымын дайындауда пайдаланатын. Текстильді материалдарды топтастырудың негізгі ұстанымдары. Шығу, өтпелі және дайын текстильді материалдардың және бұйымдардың классификациясы.

Қазіргі уақыттағы тігін өнеркәсіптері автоматтандырылған жоғарғы жиілікті тігін машиналары және жартылай автоматты әсерлі құрылғылар, механикаландырылған престер және құрал- жабдықтар ұйымдастырылған өндірісті көрсетеді.Сонымен қатар тігін бұйымдарын дайындауда кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған технология қолданылады, бұл тігін бұйымдарының және ассортиментінің сапасына қойылатын талап- тарды жоғарылатады. Тігін бұйымдарының сапасының бәсекелік қабілеті ассортименттің жаңаруына, материалдардың өңделуінің және бояуының үдерісінің жақсаруы бұйымның құрастырылуын жетілдіруге және жаңа модельдерді енгізуге қамтамасыз етеді.

Тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылымы бойынша дайындалған жаңа бұйымдар, қазіргі заманғы химиялық талшықтар мен жіптерді, жоғары сапалы бояуларды және әрлеуіш химиялық мате- риалдарды қолдану арқасында жасалынады.

Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет. Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатан талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек.

Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін, сәнді ескере отырып, тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарды дұрыс таңдау, оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты бо- лып табылады. Сол себепті, суретші-модельер, құрастырушы және техно-лог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оның қаси- еттерін біліп қана қоймай, тағы да киімде нақты сыртқы түрінің әсеріне жету үшін және киген кезде қолайлылықты қамтамасыз ететін, нақты берілген қасиеттермен киімді дайындауда қолданылуын білу қажет. Киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетінің өзгеруін және осы өзгерісті бұйымның нақты пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет. Тігін бұйымдарын жасау үдерісі суреттен немесе эскизден басталып, бұйым лекалдарын құрастыруға және тігу технологиясын дайындауға дейін көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан киімнің үлгісінің эскизін дайындағанда материалдардың эстетикалық қасиеті, сән бағытымен дұрыс таңдалып қана қоймай, нақты киім силуэтін жасауды қамтамасыз ететін қасиеттерімен, киімді құрастырудың қазіргі уақыттағы дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне өте көп әсер етеді.

Киім дайындағанда қолданылатын тоқыма материалдары бірнеше топтарға бөлінеді: маталар, трикотаж жаймалар, бейматалар, табиғи және жасанды үлбірлер, бекітуші материалдар (жіптер, негізмдер, негізмдік қабыршықтар), фурнитуралар (түймелер, шыртылдақтар, ілгектер), тігін бұйымдарын дайындау кезінде қолданылатын басқа материалдар (баулар, ызбалар, шілтерлер), жылытушы материалдар (мақта, күспе, ватилин).

Аталған топтағы тоқыма материалдары киімде әртүрлі қызметтер атқарады. Олардың кейбірі: маталар, трикотаждар, беймата, үлбірлер - пальто, костюм, күртеше сияқты сыртқы киімдерге қолданылады. Зығырдан немесе бейматадан, тоқыма материалдарынан жасалған іштіктер, қатырғыш кенер материалдары бұйымның формасын қамтамасыз ету үшін қолданылады.Тоқыма материалдардың әр тобы өндіріс салаларына сәйкес өндірілетін құралған ассортименттері және оның дамуының белгілі бағыттары сипатталады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Текстильді материал дегеніміз не?

  2. Тігін бұйымдарының негізгі материалдары?

  3. Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін


Дәріс №2. Тоқыма талшықтары.



  1. Тоқыма талшықтарының классификациясы.

  2. Табиғи талшықтар.

2.1 Тоқыма талшықтарының классификациясы.

Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды.

Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) және штапельді болып бөлінеді.

Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жатады.

Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым талшықтардан тұратын талшық (зығыр).

Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып есептеледі.

Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірім жіптердің және жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, сызықтық тығыздығы және иілгіштігі, ылғал сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткіз- гіштік, ауа сіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шар- тына қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек.

Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи және химиялық. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және минералды, ал химиялыққа - әртүрлі физикалық және химиялық үдерістердің көмегімен жоғары молекулярлы заттардан (табиғи және синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады.

Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық талшықты шағын кластарға бөлінеді.

Органикалық табиғи талшықтардың шағын класы табиғи шығу тегіне байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді.

Өсімдік текті талшықтардың тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады.

Жануар текті талшықтар жүн талшығынан және табиғи жібектен құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады.

Табиғи бейорганикалық минералды талшықтарға - минералды ас- бест талшығы жатады.

Химиялық талшықтардың бөлінуі өте күрделі болып келеді. Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа бөлінеді: ол - жасанды және синтетикалық талшықтар. Табиғи жоғары молекулярлы қосылыстардан химиялық жолмен алынған талшықтарды жасанды химиялық талшықтар, ал синтезделген жоғары молекулярлы заттардан алынған талшықтарды синтетикалық талшықтар деп аталы- нады.

Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланы- сты гидратцеллюлозалы, вискозды (полинозды, мыс-аммиакты), эфи- роцеллюлозалы (ацетатты, үшацетатты) және ақуызды (казеиндік) талшықтар топшасы болып бөлінеді.

Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид, энант), полиэфирлі (лавсан, терилен), полиуретанды (спандекс), полиакрилонитрильді (нитрон, орлон), поливинилхлоридті (хлорин), поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэ- тилен) талшықтардан жасалатын топшадан тұрады.

Химиялықбейорганикалық талшықтарға минералдыталшықтардың екі түрі жатады металдық және шынылық.



Тоқыма талшықтардың негізгі түрлерінің классификациясы

Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар - маталар, тігін жіптері, ызба, бау және басқалары - негізінен тоқыма талшықтарынан тұрады.

Тоқыма талшықтары өте жіңішке, олардың ұзындығы миллимет- рмен өлшенсе, онда жіңішкелігі миллиметрдің жүздеген және мыңдаған үлестерімен өлшенеді. Талшықтарды иірімжіпке, матаға өңдеу және тоқыма материалдарға, бұйымдарға қажетті қасиеттермен қамтамасыз ету үшін, олар нақты ұзындыққа, жіңішкелікке, беріктікке, созылу қабілетіне, иілгіштікке, жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек.

Тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтың ұзындыгы - ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып есептелеінеді. Талшықтардан үздіксіз жіп алу үшін, оның белгілі ұзындығы болуы керек, талшық ұзын болса, онда жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады.

Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады.

Талшықтың беріктігі олардың үзілуге қарсыласу қабілеттілігі, ол иірімжіп пен матаның сапасының және тоқыма өндірісінің үдерісінің көрсеткіші болып табылады.

Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі, бұл талшық сапасының маңызды көрсеткіші болып есептелінеді. Талшықтың ұзару қабілеттілігі одан өндірілген иірімжіпке беріледі және оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады.

Егер талшық серпімді, яғни күштің алынуынан кейін бастапқы ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмай- ды, ал одан дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды.

Талшықтың иілгіштігі иіру үдерісіне, матаның сапасына және оның жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді.

Талшықтардан мықты жіп жасап алу үшін талшықтардың иілгіштік қасиеті жоғары болуы керек.



Ылгал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге қойылатын гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға қажет, өндірістік үдерістің жақсы жүруі және матаның терді жақсы сіңіруіндегі маңызды қасиетінің бірі болып табылады.

Талшықан алынған материалдардың сыртқы ортаға қарсыласу әсері - суға, ауаға, жарыққа және механикалық күшке - берілген талшықтардың киюге төзімділігін анықтайды.


2.2 Табиғи талшықтар.

2.2.1. Өсімдік текті талшықтар



Мақта. Мақта талшығын алуға арналған тұқымында ұзындығы 1-50 мм жіңішке талшықтар өсетін, бір жылдық бұталы өсімдік. Мақта өсімдігінің негізгі екі түрі кең тараған: орташа талшықты, орташа ұзындық беретін (25-35 мм), жіңішке талшықты талшығының ұзындығы 35-50 мм. Мақта өсімдігінің өсіп өнетін кезеңі мақтаның селекциялық сортына және оның өсетін аймағына байланысты 90-180 күн аралығында тербеледі. Тұқымдардың еккеннен кейін екі айдан соң өсімдік 150 см биіктікке дейін көтеріледі де, оның жапырақтары пай- да болып гүлденуі басталады. Гүлдердің ішінде талшықпен жабылған тұқымы бар, қауашақ пайда болады. Мақта пісіп жетілген кезде қауашақ жарылады және талшықтар сыртқа шығады. 1.1-суретте мақтаның жапырақтары көрсетілген.

11

1.1-Мақтаның жапырақтары.

Мақтаны жинау кезінде қауашақтан мақта-шикізат деп аталатын тұқымды талшықтарды бөліп алады. Мақта тазалағыш зауатта, ар- найы талшық бөлгіш машинада тұқымнан талшық бөлініп алынады. Алынған мақта талшығы буылып, нығыздалып жиналады, содан кейін талшықтарды мақтаны алғашқы өңдеу фабрикасына жіберіледі.

Талшықтар тұқымдардан тазаланғаннан кейін қысқа талшықтар алынады, оны мақтадан жасалатын беймата материалдарын өндіру үшін қолданады.

Құрылысы бойынша мақта талшықтары негізі целлюлозадан (С^Н^О^) тұратын, созылған пішіндегі өсімдік жасушасы болып келеді.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1 Химиялық талшықтардың бөлінуі?

2 Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар

3 Өсімдік текті талшықтар


Дәріс №3. Жануар тегінен алынған талшықтар.


  1. Қой тұқымдары

  2. Жүн талшығының құрылымы

Қойлардың шығуы. Қойлар өте ерте кезеңнен қолға үйретілген. Археологиялық және басқа да зерттеулерден алынған мәліметтер бойынша қойлар біздің эрамызға дейінгі 6-7 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қолға үйретудің мүмкін ошағы болып Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Кіші Азия табылады. Қойлар ұсақ қоректенетін, шайнай-тын, тұяқты және қой тұқымына жатады. Зоологиялық топтастыру бойын- ша жақыны ешкі болып табылады.

Қойлардың тұқымының мүмкін басталуының бірыңғай мәліметі жоқ. Биологиялық тұрғыдан үй қойларына жақын жабайы қойлардың алуан түрлілігінің көп болуымен байланыстырылады. Үй қойларының ата тегіне муфлон, архар және аргали жатады. Ол 1.15-суретте көрсетілген.

Муфлондар Жерорта теңізінде және Кіші Азия жағалауларында және аралдарында мекендейді. Қой шаруашылығындағы негізгі өндіріс болып, белгілі бір өнім алу мақсатындағы нақты климатты ортада


Сурет 1.15- Жабайы қой муфлон

адамдардың білімді еңбегінің және талабының арқасында асыл тұқым- ды алу табылады.

Табиғатта жаратылған 1-2 жабайы тұқымды түрлерінен адамзат осы уақытқа дейін 600 тұқымды қой түрлерін өндірді. Тәуелсіз мемле- кеттер достығы (ТМД) елдерінде өндірістің барлық бағытында қойдың 60 тұқымын өндірді. Соның ішіндегі 22-биязы жүнді, 15 - жартылай би- язы жүнді, 4 жартылай қылшықты, қалғаны - қылшықты (қылшықты, тондық).

Биязы жүнді қойлардың бірнеше ерекшеліктері бар. Олардың жүнінің қалыңдығы орташа есеппен 15-25 мкм, түбіті қалың ақ жүннен тұрады. Осы тұқымдас қойлар үшін биязы жүн басының көз сызығына дейін және төменірек, сондай-ақ тұяқ ұшына дейін жауып тұрады. Бұл малдардың мойын бөлігінде, дене бөлігінде және құйрық ұшында қатпарланып білінетін артық былғарысы бар. Биязы жүнді тұқымдас қойларды зоологиялық топтастыру бойынша ұзын арық құйрықтыға жатқызады.

Будандастыру арқылы алынған биязы жүнді қой тұ-қымдары өзара өнімділігімен және дене бітімінің ерекше-лігімен ажыратылады. Оларды жүнді-етті, жүнді, және етті-жүнді деп бөледі. Бұлай бөлудің негізі жүннің және еттің өнімділігіне, сондай-ақ олардың шығу тегіне бағытталған.

Жүнді-етті тұқымдар. Бұл тұқымдастың қойлары кейбір шығу ортақтығымен сипатталады. Көп жағдайда олар жергілікті меринос қойларымен американдық рамбулье тұқымын будандастыру арқылы өндіріледі. Бұл тұқымдас ірі мал, жақсы дене бітімді, жүні сапалы болып келеді. Соңғы жылдары жүнді-етті тұқымдардың бағытын А және Б то- бына жіктеу қабылданған. А тобына жататын тұқымдастар: асканилік, кавказдық, алтайлық және солтүстік кавказдық меринос; Б тобына жататын тұқымдастар: Забайкальдық, Қырғызстандық, Красноярлық, Оңтүстік Қазақстандық меринос және Оңтүстік Оралдық.

Асканилік тұқым. 1925-1934 жылдар аралығында академик М.Ф.Ивановпен Аскании-Новада, ең жақсы жергілікті меринос қойларын дене бітімі ірі, қалың қысқа жүнді американдық рамбулье қойларымен будандастыру арқылы өндірілген. Жергілікті украиналық мериностар аз қатпарлы, ұзын жүнді, олар құрғақ климатқа жақсы бейімделген.

М.Ф.Ивановтың алдында аса ірі салмағы 60 кг жететін жүнді өнімділігі жоғары және жетерліктей етті пішінді қой тұқымын алу міндеті тұрды және бұл мақсатқа өте қысқа мерзім ішінде 12 жылда жетті. Асканилік қойлар әлемдегі меринос түқымдарының ішіндегі ең ірісі болып табылады. Ол 1.16-суретте көрсетілген және биік жүнімен еттілігінің сәйкестігімен сипатталады. Қойлардың салмағы 123-130 кг жетеді, үрғашысының салмағы 62-65 кг, қырқылған жүннің салмағы 16-17 кг,таза жүннің шығуы 38-42 %. Алтай тұқымы. Бұл тұқым 1936-1948 жылдар аралығында Алтай өлкесінде Г.Р. Литовченко, Н.А. Васильева, Ф.Я. Вовченко, С.С. Крым- ский басқаруымен буданастыру арқылы алынған. Материал ретінде Сібірге әкелінген жергілікті жаңа кавказдық және мазевтік мериностар пайдаланылды. Бұл мериностар ұсақ болып келеді. Үлкен малдардың ұргашысының салмағы 37 кг, қырқылған жүннің салмағы - 4,6 кг. Ал таза күйінде 1,2-1,4 кг құрайды. Жүні ұзын және өте майлытерлі. Сібірдің қатаң суығында тұқымдастарды жетілдіру қиындатады. Қатты аяз кездерінде майлытерлі жүндер малдардың үстіне жабысып, қатып, нәтижесінде жиі өлетін болды. Бұл қойларды 1927-1930 жылдары американдық рамбулье тұқымдарымен будандастыра бастады, алынған шатыстарды кавказдық және австралиялық биязы жүнді тұқымдас қойлармен будандастырды. Нәтижесінде өте ірі денелі және жүнді өнімділігі жоғары малдар алынды.


2. Жүн талшығының құрылымы

Жүн талшығы (түк) түбірден және сабақшадан тұрады. Түбір терінің астында жатады. Сабақша тері жамылғының сыртында болады және кератин деген белоктан тұрады. Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты және өзекті.

Қабыршақты қабат (кутикула) түкті қоршаған мүйіз тәрізді қабыршақтан тұрады. Талшықтың түріне байланысты қабыршақтардың формасы сақина, жартылай сақина немесе пластинка тәріздес болып келеді. Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды, оның жылтыл- дауы мен киіз болып ұйысу қабілетіне әсер етеді.

Қабықты қабат түктің тұрқын құратын ұршық тәрізді клеткалардан тұрады, шаштың мықтылығын, серпімділігін және басқа да қасиетін анықтайтын негізгі қабат.

Өзекті қабат талшықтың ортасында орналасқан және ауа толған клеткалардан тұрады. Жуандығы мен құрылымына байланысты жүн талшықтарының кеилесідей типтері болады: түбіт, ауыспалы және өлі шаш, қылшық.

Түбіт - қабыршақты және қабықты қабаттан тұратын жіңішке ирек талшық. Биязы жүнді қойдың барлық жүн жамылғысы және қылшық жүнді қойлардың теріге жақын жамылғысы түбіт болып келеді. Қабыршақты қабат сақина немесе жартылай сақина формалы болып келеді.

Қылшық - түбітке қарағанда дөрекілеу, әлдеқайда жуан және ирек емес. Ол үш қабаттан тұрады: пластинка тәріздес қабыршақтардан тұратын қабат, қабықты қабат және тұтас өзек. Жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қойлардың жүн жамылғысы қылшықтан тұрады.

Аралық жүн - түбіт пен қылшықтың ортасы. Будан тұқымдас қойлардың барлық жүн жамылғысы ауыспалы түкті. Аралық түк те үш қабаттан: қабыршақты, қабықты қабаттан және үзілмелі өзектен тұрады.



Өлі түк - нашар боялатын, өңдегенде оңай сыналатын дөрекі, тік және қатты талшық. Ол қылшық жүнді қойлардың кейбір тұқымдарында кездеседі. Өлі түк үш қабаттан қабыршақты, жұқа қабықты және талшықтың барлық көлденеңін алатын жалпақ өзектен тұрады.

Қойдан қырқып алынған тұтас жүн .жабагы деп аталады. Қойдың жүн жамылғысын құрайтын талшықтың түріне байланысты, жүн де келесі түрлерге бөлінеді: түбіт талшықтан тұратын биязы жүн (25 мкм дейін); оны биязы жүнді қойлардан алады да, жоғарғы сапалы камволь және шұға маталарды тоқуға пайдаланады: Жартылай биязы жүн (25-34 мкм) - түбіт талшығы мен аралық жүннен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып, костюмдік және пальтолық камволь маталар тоқу үшін пайдаланады;



Жартылай дөрекі жүн (35-40 мкм), қылшық пен аралық түктен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюм және пальто үшін жар- тылай қылшықты шұға маталарды дайындауға пайдаланады;

Дөрекі жүн (40 мкм жоғары) - құрамында талшықтың барлық түрі бар; оны қылшық жүнді қойдан алып, ірі шұға мата алуға пайдалана- ды. Жіп иіру үшін жүн талшығының ұзындығы мен бұралаңдығының маңызы өте зор.

Жүн талшығының ұзындығы 20-450 мм аралығында мықтылығы ұзындығына байланысты қысқа талшықты 55 мм дейін, ұзын талшықты - 45 мм артық болып бөлінеді, жүннің түк түрлері 1.22-суретте көрсетілген.

Жүннің ирелеңдігі талшықтың 1 см ұзындығына келетін ирелеңдігімен сипатталады. Талшық неғұрлым жіңішке болған сайын, иірілуі жоғары болады.

Биік ирелең қысқа талшықты жүн жуан әрі үлпілдеген шұғалық жіп иіруге пайдаланылады.

Жүн талшығының жуандығы талшықтың түріне байланысты және оның иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор. Түбіттің жүні 30 мкм, қылшықтыкі 50-90 мкм, өлі шаштыкі 50-100 мкм.

Жүн талшықтарының мықтылығы оныңжуандығы менқұрылымына байланысты. Мысалы, өлі жүн - жуан, бірақ осал талшық. Жіңішкелігі 20 мкм түбіт талшықтар 7 сН дейінгі үзу салмағымен сипатталады, жіңішкелігі 50 мкм қылшық талшықтар - 30 сН дейін. Талшықтардың салыстырмалы үзу салмағы 10,8-13,5 сН/текс. Жуан жүнге қарағанда жіңішке жүн төзімді. Себебі жуан талшықтардың өзегінде ауа бар, ал ол талшықты жуан қылып көрсеткенмен мықтылығын арттырмайды, құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы 40%.

Толық ұзарудың көп үлесі (7 % дейін) серпімді және жоғары эластикалық деформациялы, соның әсерінен жүн матадан істелген бұйымдар онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды.

Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті, ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң жүннің түсі - сұр, қызғылыт, қара. Жүннің жылтыры қабыршақтардың мөлшері мен формасына бай- ланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді.

Киізденуі - жүннің басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте иректі жүннің киізденуі жоғары болады.Қалыпты жағдайда биязы жүннің бойындағы ылғалы 18%, қылшық жүндікі -15 %. Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық қасиеті жоғары, ылғалды аз тартады және аз шығарады. Жылу мен ылғалдың әсерінен жүн талшығы 60 % дейін ұзара алады. Жүннің қасиетін ескере отырып, оған үтіктеу, созу, декатирлеу сияқты опера- циялар жасалынады.

Киімді химиялық тазартудан өткізгенге қолданылатын барлық органикалық еріткіштердің әсеріне жүн төзімді.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Биязы жүнді қойлардың ерекшеліктері?

  2. Жүн талшығының құрылымы?


Дәріс №4. Табиғи жібек


  1. Табиғи жібек

  2. Химиялық талшықтардың құрылымы, қасиеттері және алыну үдерістері.

Табиғи жібек - жібек құрты шығаратын өте жіңішке жіптер. Табиғи жібек өзінің қасиеттері және өзіндік құнына байланысты - өте бағалы тоқыма шикізаты. Оны жібек құртының піллә орамасынан алады. Тұт ағашының жібек құртының жібегі кең таралған және бағалы, ол әлемдік жібек өндірісінің 90 % құрайды.

Жібек жібін алу үшін (3000) жыл бұрын тұт ағашының жібек құртын пайдаланған, отаны Қытай халқы болып саналады. Жібек шаруашылығымен негізінен ТМД елдерінің Орта Азия республикала- ры, Кавказ, Украина және Молдова елдері айналысады.

Жібек талшығы - кейбір құрттардың жібек шығаратын ерекше бездерінен бөлінетін өнім. Тұт ағашының жібек құртынан алынатын жібек өндіріс үшін маңызды.

Тұт ағашының жібек құртын арнайы жібек шаруашылығында өсіреді. Жібек құрты өзінің даму жолында төрт кезеңнен өтеді:жұмыртқа (грена), қырықбуын, қуыршақ және көбелек. Қырықбуындарын тұт ағашының жапырақтарымен тамақтандыру кезеңінде олардың денесінде ақуыздық айналым жүреді. Асқазан сөлінің ферменттерінің арқасында тұт ағашының ақуызы бөлек аминқышқылдарға бөлінеді, олар қырықбуындардың ағзасының жасушаларымен сіңеді. Ағзада аминқышқылдарының синтезі және молекулаларының қайта құры- луы, бір аминқышқылының басқасына айналуы жүреді. Айналым нәтижесінде қырықбуындардың денесінде туылуы уақыты келгенде толық жиынтықты түрлі аминқышқылды сұйық зат, ол табиғи жібектің негізгі жоғары молекулалы бірігуіне керекті - фибрион және жібек негізмі - серицин жиналады. Піллә жібі - фибрион (75%) және серицин (25%) белоктарынан тұрады.

Пілләнің пайда болуы кезінде қырықбуын ауаға шыққанда қататын, жібек бөлетін жолдары арқылы екі жіңішке жібек шығарады. Бір уақытта жібекті бірге негізмдейтін серицин бөлінеді. Жіп құрау уақытында фибрион макромолекулалары агрегатталады және талшықтың молекулярлық құрылымын құрады, 20-30 макромолекула- лар микрофибрилға біріктіріледі, олар өз кезегінде фибрилл құрайды.

Жүн кератинінен фибрионның макромолекулаларының айырмашылығы - кішкене бұтақты және бүйір шынжырларының саны талшықтың ортақ салмағынан 19% жоғары болмауы керек. Фибрионның молекулярлы құрылымы жүн кератинімен салыстырғанда жоғары дәренегіз және кристалды болады. Серицинге қарағанда фи- брион төзімді белок, сабын-сода ерітіндісімен қайнатқанда фибрион ерімейді, ал серицин негізмі еріп кетеді.

Микрофибраның аморфты аудандарында микрофибриллалар мен фибриллалар арасында талшықтың ортақ ауданынының 10-15% құрайтын микросынулар, қуыстар, тығызсыздықтар болады. Жібек құрайтын фибрилл талшығы өз осінің бойымен орналасады.Серицин өзінің аминқышқылды құрамына байланысты фибрионға өте ұқсас, макромолекулаларының айырмашылығы оралу әдісінде. Серициннің фибрионнан кристалдылығы аз. Жібектің піллә жібі серицинмен бірге негізмденген қарапайым 500-1500 м ұзындыққа дейін жетеді. Пілләнің үстіңгі және астыңғы қабаттары тарқатылмайды, сондықтан тарқатылған жіптің орташа ұзындығы 600-900м. Қарапайым жіптердің көлденең қиындасы бұрыштары домаланған үшбұрышты немесе овал формасында болады және кесе-көлденең ені 10-12 мкм. Қырықбуын жіптердің шығуына байланысты оларды қабаттап жинайды, ол се- рицинмен негізмденген жабық қабық-піллә құрайды. Піллә ішінде қырықбуын пайда болып, 15-17 күннен кейін қуыршақ көбелекке айналады. Сондықтан пілләларды бұйралана бастауынан 8-9 күнде жинап, алғашқы өңдеуге жіберіледі, жібектің алыну үдерісі 1.23- суретте көрсетілген. Тұт ағашы немесе жібек ағашы қырықбуын жапырақ-тарымен қоректенетін өсімдік. Тұт ағашы 20м биіктікке дейін жететін үлкен ағаш. Бір тұт ағашынан алынатын жапырақтар саны оның өлшеміне, жасына байланысты және 5-80 кг дейін жетеді. Тұт ағашының жемістерін жеуге болады. Тұт ағашынан басқа қырықбуындар солтүстікте өсетін скорцонера жапырақтарымен, басқа да өсімдіктердің жапырақтарымен қоректене алады. Қырықбуын өсіру таза әрі желдетіліп тұратын ғимаратта жүргізіледі. Ғимарат температу- расы тұрақты қадағаланып отырылады. Қырықбуындар үшін арнайы қабаттар орналастырылады. Қабаттардағы сөрелері қырықбуын жа- сына байланысты әр түрлі диаметрдегі тесіктері бар қағаз беттерімен (алынбалы) рамкалы болады. Алынғышқа балғын, жақсы туралған жапырақтар салынады. Қырықбуындар жапырақтарды қатты ла- стайды және алынғыштарға жиі тазалау жүріп тұруы керек, тазалау келесі жолмен жүргізіледі: балғын жапырақты алынғыштарды ескі жапырақтарға қояды, қырықбуындар балғын көк шөпке жорғалап жыл- жиды, ластанған рамкалы алынғыштар алынады. Жібектің алғашқы өңдеуінің мақсаты - піллә жібек жібін тарқатып орап алу керек. Орап алу арнайы піллә орау автоматтарында 4-9 пілләлардың бірнеше жіп- терінің ұшы қосылып ұршыққа оралады және шикізатты жібек деп аталады. Шикізатты жібекте 26-33% серициннан тұрады, бірақ келесі өңдеу кезінде оның құрамы дайын маталарда 4-5% азаяды. Көбінесе жібек шикізатының қалыңдығы 1,556-2,33 текс болады. Пілләларды жинастырып, тарқатқаннан қалған қалдықтардың түрлері - шатасқан қалдықтар, піллә қабыршағының қалдықтары, бүлінген қалдықтар бо- лып табылады.

Табиғи жібек қасиеттері. Піллә жіптерінің ұзындығы өте ұзын, ол 1000-1500 м және одан да жоғары болады. Піллә жібінің жуандығы көптеген текті пілләларда, сондай-ақ бір текті және тура сол пілләнің өзінде ауытқулар болады. Кесе-көлденең қимасында піллә жіптері 20-30 мк тең, шамамен мақта талшығынан бір жарым есе көп.

Мықтылығы. Піллә жібі 10г күшті, бірнеше жіптерден тұратын шикізатты жібек жіптерінің санына байланысты 35-110 г күште үзіледі, бұл мықтылық шегіне 35-45 кг/мм2 және үзілу ұзындығына сәйкес келеді. Ылғал кезінде шикізатты жібектің 5-10% мықтылығы төмендейді.

Жібектің ұзаруы үзілгенде 20% құрайды, ал ылғал кезінде ұзару 15-20 көбейеді. Ұзару кезінде жібектің серпімділігі жоғары болып келеді. Жылжу. Жіңішке және тегіс жібек жібі оңай жылжиды және төгіледі, өйткені мата сетінегіш келетіндіктен, бұл тігін бұйымдарын дайындаудағы кері қасиет болып табылады.

Гигроскопиялық қасиеті. Жібектегі ылғалдың дұрыс мөлшері 11%. Жібек жүн сияқты ауадан 30% дейін ылғалды сорады. Ылғалданған жібек жүнге қарағанда тез кебеді, артық ылғалдан тез арылады. Бұл қасиет жақсы, өйткені ол жібек маталарындағы гигиеналық қасиеттер үшін жақсы әсер етеді. Ылғал жібекті ұзақ сақтағанда көгеріп кетеді. Жүнмен салыстырғанда жібек күйеге толық қарсы тұрады.

Ысыту жібекті қатты және әлсіз етеді, осының нәтижесінде ол мықтылығынан және басқа да қасиеттерінен айырылады. Жібек талшықтары күн сәулесіне мақта мен жүн талшықтарына қарағанда сезімтал болып келеді. Жібектің 200 сағ күн сәулесінде күюі, оның мықтылығын 50% төмендетеді.

Күйдіргенде жібек талшығы жүн сияқты ақырын жанады және ұшында кішкене күйік пайда болады, жанғанда күйген қауырсын иісі тарайды. Органикалық емес қышқылдар (қойытылған күкіртті) жібек талшықтарын бұзады, ал тұзды ерітінді ерітіп жібереді. Қышқылдардың әлсіз ерітінділері жібектің боялуын жақсартады.



Химиялық талшықтардың құрылымы, қасиеттері және алыну үдерістері.

Тоқыма өндірісінде соңғы жылдары таза табиғи талшықтардан басқа химиялық талшықтар көп қолданылады. Келешекте саланың химияландыру үрдісі өсе түсетіні анық, сол себепті тоқыма өндірісінде химиялық талшықтардың үлесі арта береді. Табиғи талшықтарға қарағанда химиялық талшықтар көп қасиеттері бойынша бірқалыпты болады, ал кейбір қасиеттерін, мысалы, ұзындығын, сызықтық тығыздығын, мықтылығын реттеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар химиялық талшықтарды өндіру климаттық жағдайларға байлансты емес.Жекелеген талшықтарды өндіру өнімділігі өте жоғары, шикізат қорлары жеткілікті, әрі арзан және табиғи талшықтармен салыстырғанда оларды өндіру көлемі егістікке тәуелді емес. Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVI ғасырда ағылшын Р.Гук айтқан, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алына бастады. Целлюлозалық талшықтардың ішінде ең бірінші нитрат- ты жібек (1890 ж.), кейін - мыс-аммиакты және вискозалы жібектер алынады. Химиялық талшықтар үздіксіз қарапайым жіптер, кейіннен талшықтарды штапельдік түрде өндіреді. Штапельді талшықтарды, үздіксіз жіптерді өндіргенде қысқа бөліктерге кесіп шығарады. Қазіргі уақытта химиялық талшықтардың басым бөлігі штапель түрінде өндіріледі. Осыған байланысты өндіріс үнемділігі жоғары және штапельдерді әртүрлі талшықтармен қоспалар дайындауға тиімді. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық полимерлерден зауытта өндіріледі. Жасанды полимерлер табиғи полимерлік заттар- дан химиялық жолмен алынады. Оларға табиғи целлюлоза жатады, жоғары сапалы ағаш целлюлозасынан немесе тазартылған мақта целлюлозасынан жасанды талшықтар (вискоза, мыс-аммиакты, полиноз-ды) алынады. Химиялық талшықтарды өндірудің жалпы принциптері бойынша сұйық немесе балқыған полимерді фильерлер арқылы өткізіп, химиялық немесе физикалық әдіспен қатты түрге айналды- рады. Химиялық жіптерді және штапель талшықтарды қалыптастыру көрсетілген. Химиялық талшықтар өндірісінің толық циклі келесі кезеңдерге бөлінеді: шикізатты алу, алдын-ала дайындау, иіру ерітіндісін немесе балқымасын алу, талшықтарды қалыптастыру, өңдеу (қоспаларды ажырату, майлау) және текстильдік өңдеу (созу, кесу, ширату, орау).

Мақта-мата өндірісінде жасанды талшықтардан жиі қолданылатын вискозалық талшықтар. Вискозалық талшықтар ағаш целлюлозасына алынады. Ағаш целлюлозасы ағаш өңдеу зауыттардан үлкен картон қағаздар қалпында түседі. Картон алдын-ала кептіріледі, оның ылғалдылығы 6-8% болуы керек. Кептірілген картон үгітіледі және қоспасы 18% натрий сілтісінде №ОН өңделеді. Осындай өңделген ағаш целлюлозасы сілтілік целлюлозаға айналады. Кейін оның құрамынан артық сұйық сілті сығылады және температурасы 25-30оС шамасында 12-24 сағат бос сақталады. Осындай уақыт ішінде сілтілік целлюлоза ауадағы оттегімен қосылып, тотығады. Сақтау үрдісі кейде жетілу үрдісі деп аталады. Осы үрдіс кезінде алынған сілтілік целлюлоза қою қалпына келеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Табиғи жібек қасиеттері

  2. Химиялық талшықтардың құрылымы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет