6 – тарау. Биржалық МӘмілелер және олардың жіктелуі Биржалық мәміле



жүктеу 72.92 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі72.92 Kb.
6 – тарау. БИРЖАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР

6.1. Биржалық мәмілелер және олардың жіктелуі
Биржалық мәміле – биржа сауда-саттығы барысында биржа тауарына қатысты биржа сауда-саттығына қатысушылар жасаған, биржа тіркеген шарт (келісім) болып табылады. Биржалық мәмілені тіркеу және рәсімдеу тәртібін биржа белгілейді. Биржада жасалған, бірақ жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мәмілелер биржалық болып саналмайды.

Биржаның осы биржада биржалық емес мәмілелер жасаған биржалық сауда-саттыққа қатысушыларға айыпақы қолдануға құқы бар.

Биржалық сауда-саттық Ережелерінде белгіленген тәртіппен тіркелген сәттен бастап, биржалық мәміле жасалған болып саналады. Көптеген биржаларда Үлгі шарттар әзірленген, сондықтан биржалар қабыдайтын биржа сауда-саттығының Ережелерінде барлық құжаттарды рәсімдеу кезінде Үлгі шарттардың мазмұның есепке алуға кеңес берілерді.

Тауардың атауын, санын, бағасын, тауардың жатқан жерін және орындау мерзімін есепке алмағанда, биржа мәмілесінің мазмұны коммерциялық құпия болып саналады және жария етуге жатпайды. Тауарды беру мерзімдері биржалық сауда-саттық Ережелерінде емес, биржалық мәмілелерде көрсетіледі.

Биржалық мәмілелер әрқандай түрлерде болуы мүмкін. Сөйтіп биржалық сауда-саттыққа қатысушылар төмендегіерге байланысты мәмілелер жасай алады:


  • нақты тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бір-біріне беруге;

  • беру мерзімі өтіп кеткен нақты тауарға қатысты нақты құқықтар мен міндеттерді өзара бір-бірімен беруге (форвардтық мәмілелер) ;

  • биржалық тауарды берудің стандарттық шарттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бір-біріне беруге (фьючерстік мәмілелер) ;

  • биржалық тауарды берудің стандарттық шарттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді болашақта беру үшін құқықтарынан шегіну (опциондық мәмілелер);

  • биржалық тауарға, шарттарға немесе құқықтарға байланысты биржалық сауда-саттық ережелерінде белгіленген басқа да мәмілелер.

Егер барлық биржалық мәмілелерді топтастырса, онда негізгі екі топты бөліп шығаруға болады.

Нақты тауарға жасалатын мәмілелер (немесе кассалық мәмілелер немесе қолма-қол ақшаға мәмілелер) – биржада айналысқа түскен тауарларды, бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын шын мәнінде сатып алу мақсатында жасалады. Өз кезегінде, нақты тауарға жасалатын мәмілелер кэш-мәмілелерге (немесе «спот» мәмілелері) және форвардтық мәмілелерге бөлінеді.

«Спот» мәмілелері – бұл дереу немесе жақын арада орындалатын қолма-қол ақша қаражатына жасалған мәміле. «Спот» мәмілесі дереу биржа жабылған бойда, «ертеніңде», яғни биржалық жақын күнде (бірнеше күннен кейін) орындалуы мүмкін.

Форвардтық мәмілелер – тараптардың беру туралы келіскен және шартта белгілеген болашақта беру және емеп айырысу мерзімінің талаптары бойынша ұйым-сатушының ұйым-сатып алушы меншігіне берген тауарына жасалатын мәміле.

Нақты тауарсыз жасалатын мәмілелер – бұл мәмілені орындау үшін биржалық тауарды кейіннен беруге болжам жасамайтын мәмілелер (мұндай мәмілелерді басқаша жедел биржалық мәміле деп атайды). Әдетте, оларға фьчерстік және опциондық мәмілелер жатқызылады.

Фьчерстік мәміле сатушының сатып алушыға белгілі бір мерзімде белгілі бір орынға жеткізіп беретін белгілі бір тауардың қандай да бір санына байланысты стандарттық міндеттеме болып табылады.

Опциондық мәміле бұл кейіннен жоғарырақ бағамен қайта сату және мәміленің жасалу мезетіндегі баға мен оны сату мезетіндегі бағаның айырмасы есебінен пайда табу мақсатында опциондық шартты сатып алу және сату.

Бұнымен қатар биржалық сауда-саттықта биржалық мәмілелердің кепіл затқа жасалатын мәмілелер (сатушы жағынын да, сатып алушы жағынын да), кредитке мәмілелер, баспа-бас айырбас мәмілелері, шарт қойылған мәмілелер деп аталатын түрлері кең тараған.



Кепіл затқа мәміле – мәміле жасалып жатқан мезгілде бір шарт жасаушының (контрагенттің) екінші шарт жасаушыға (контрагенттің) араларында жасалған шартта белгіленген соманы өзінің міндеттемелерін орындау кепілдігі ретінде беруі үшін жасалатын мәміле. Егер кепілдік төлеуші сатып алушы болып табылса, мәміле сатып алуға кепілдік, ал сатушы болса, онда сатуға кепілдік болып шығады.

Кредитке мәміле бұл брокерлік кеңсенің биржалық мәмілелер жасау үшін банктен ақша алып, биржадан өзіне керек зат сатып алатын, кейіннен өз тауарын да биржалық сауда-саттық арқылы сату үшін жасалатын мәміле.

Баспа-бас айырбас мәмілесі - өзара өнім айырбастап, ақша төлемей жасалатын мәміле. Ондай кезде айырбастау үйлесімділігі, әдетте, ішкі немесе әлемдік нарықта айырбас жасалатын тауарларға қойылатын бағалардың арасалмағын, өнім сапасын және оны беру талаптарын есепке ала отырып анықталады.

Шарт қойылған мәміле - нақты тауарға жасалатын мәмiле; ондай кезде нақтыы тауар бiр мезгiлде басқа бiр нақты тауар сатып алу шартымен (талабымен) сатылады. Бұл мәлелердiнң баспа-бас айырбас мәмілесінен айырмашылығы мынада: шарт қойылған мәмiле көпшiліктің­ жария сауда-саттығы барысында операция залында биржа маклерінің қатысуымен және биржаның ақпараттық деректер банкiн пайдалана отырып жасалады.
6.2. Биржалық жедел мәмiлелер
Нақты тayapғa жасалатын мәмiлелерден (форвардтық мәмiлелер, «спот» мәмiлелерi) айырмашылығы - биржалық жедел мәмiлелер тауар беруге бағытталмаған, сондықтан да олар алеаторлық (тәуекелдiк) сипатта болады. Биржалық жедел мәмiлелердiң заңдық жаратылысын сипаттайтын басты белгi – бұл олардың жасалу мақсаты нақты тауар емес, аталған тауарды сатып алуға немесе caтуғa деген мүліктік құқық екендігі.

Биржалык жедел мәмiлелердiң оларды басқа азаматтық-құқықтық шарттардан ажырататын төмендегiдей белгiлерi бар:

1) биржалқ жедел мәмiлелер ұйымдастырылған нарқта тiкелей жасалады;

2) биржалық жедел мәмiлелердi аталған биржада мүше болып табылатын, сондай-ақ жедел мәмiлелер жасау құқын беретiн белгiлi бiр санат иеленетiн кәсiби қатысушылар жасайды;

3) биржалқ жедел мәмiлелер тек биржа белгiлеген сауда-саттық сессиясы (мерзiмi) iшiнде жүзеге асырыла алады;

4) биржалык: жедел мәмiлелердiң тұлғалық сипаты жоқ, яғни сатушылар мен сатып алушылар өзара тiкелей байланысқа түспейдi, тек биржамен жұмыс iстейдi;

5) биржалқ жедел мәмiлелердiң көздегенi - биржадағы айналыс­қа жiберілген нысандардың белгiлi бiр тiзбесi болып табылады;

6) биржалқ жедел мәмiлелер жай жазбаша турде жасалады;

7) биржалық жедел мәмiлелер тек биржада тiркелгеннен кейiн ғанa заң күшіне енеді;

8) биржалық жедел мәмiлелердi орындаудыц мерзiмдерi, тәртiбi

мен тәсiлi стандарттық болып саналады;

9) биржалық сауда-саттық барысында жедел мәмілелерге қатысушылар мен биржа арасында туындаған дауларды, әдетте, биржа комисиясы қарайды.

Биржалық жедел мәмілелер қатарына фьючерстік мәмілелер және опциондық мәмілелер жатқызылады.
6.3 Бағалы қағаздармен биржалық мәмілелер жасау ерекшеліктері
Революцияға дейінгі Ресейде биржалық сауда-саттық пайда болуына байланысты бағалы қағаздармен биржалық мәмілелер жасаудың құқықтық табиғаты туралы мәселе ғалымдардың басты назарына ілікті, оның үстіне биржалық мәмілелердің азаматтық-құқықтық мәні бірауыздан мойындалды. Биржалық мәміленің маңызын зерттеудің негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болды. Алғашқысы ( және ең көп таралған ) биржалық мәмілелер биржадан тыс жасалған тиісті мәмілелер сияқты, өздерінің заңдық табиғаты бойынша тауар сатып алу-сату немесе беру болып табылады. Екінші бағытты жақтаушылар биржалық мәмілелердің негізгі формасы тауар сатып алу-сату немесе беру болып табыладын жоққа шығармайды, бірақ сауда өміріне тән талап-шарттардың ықпалымен биржалық мәмілелердің күрделіленіп кететіні соншалықты, өзінің бастапқы бет-бейнесін, сипатын жоғалтқандай болатынына назар аударады, одан өзге, биржалық мәмілелердің жай азаматтық-құқықтық мәмілелерден айырмашылығы – саудаға, оның ішінде биржалық мәмілелерге тән сипаттардың бірі болып табылатын алыпсатарлықта жатыр. Үшінші бағытқа сайкес, биржалық мәміле деп биржалық жедел мәмілелер нақты бір биржа тауарын меншігіне сатып алу ниетін білдірмеген, тек биржа шартын жасағанда және орындағанда бағалар айырмасында көрсеткен бәс тігу немесе ойында түсіну қажет.

Белгілі бір дәрежеде ресейлік ғалымдардың қазіргі заманғы ұстанымдарды бұрын айтылғандармен үндес және кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, биржалық мәмілені азаматтық-құқықтық шарт деп танудан көрінеді. Әрине, биржалық мәмілені ретту саласынан тауар беру қатынастары алынып тастaлған бұл жерде бағалы қағаздарды және туында қаржы құралдарын сатып алу-сату туралы сөз болып отыр.

Сатып алу-сату үшін маңызды сәт - соның негiзiнде бiр адамның екiншi адам меншiгiне мүлiктi өтеусiз бepyi болып табылады. Бaғалы қағаздарды және туынды қаржы құралдарын сатып алу-сату шартын жасау және орындау барысында биржа сауда-саттығы затына байланысты құқықтар мен мiндеттемелердi өзара беру, сондай-ақ шартты сауда-саттықты ұймдастырушының өзi орындайтын көпiл­дiгiмен қосa, бағалы кағаздарға меншiк құқын беру жүзеге асырылады.

Азаматтык заңға сәкес, eгep заң актiлерiнде оларды сатып алу­-сатудың арнайы ережелерi көзделмеген болса, онда бағалы қағаздарды сатып алу-сатyға сатып алу-сатудың жалпы ережелерi қолданьтады. Атап айтқанда, бағалы қағаздар нapығы туралы заңда эмиссиялық бағалы қағаздардың солардың қайталама нарығында айналысқа түcyi - бағалы қағаздардың ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарығында бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң солармен

Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауы жолымен жүзеге acыpылатыны көзделген. Эмиссиялық бағалы қaғаздармен мәмiлелер жасау және оларды бағалы қағаздар иеленушiлердің тipкeмe жүйесiнде немесе бағалы қағаздарды нақты иеленудi есепке алу жүйесiнде тipкey шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында және укiлеттi органның (ҚP Ұлттық банкінiң) нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленген.

Халықаралық құқық тәжiрибесiнде бағалы қағаздармен мәмi­лелер жасаудың ең көп тараған түрлерiне төмендегiлер жатқы­зылады 1) бағалы қағаздарды бағамдарының көтерiлуiне есеп жасай отырып сатып алу; 2) бағалы қағаздарды iшiнара кредит төлеп сатып алу; 3) қарызға алынған бағалы қaғаздарды сат. Жалпы алғанда, шарттардың бұл тобын бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты деген жалпы атаумен бiрiктiрyге болады. Бағалы қағаздарды бағамдарының көтерiлуiне есеп жасай отырып сатып алу басқаша ұзын сатып алу деп аталады, өйткенi инвестор бағалы қағаздарды кейiннен оларды қайта сату (жоғарырақ бағамен) мақсатында сатып алады.

Кредитпен қоға сатып алу - бұл инвестордың бaғалы қaғаздар­ды қоp брокерi берген қарыз қаражаттарды тарта отырып сатып алуы.

Қарызға алынған бағалы қағаздарды сату (немесе жаппастан немесе қамтамасыз етпестен сату) бағал қағаздардың бағамы түсетіні күтiлген жағдайда oрын алады; бұл тәсіл инвесторларға бағамның

түсуінен пайда табуға мүмкiндiк бередi және оларды бағалы қағаздар бағамының құлауынан сақтандыра алады.

Бағалы қағаздар нарығында мәмiлелердің басқадай түрлерi де, мысалы, бағалы қaғаздар сауда-саттығының басқа қатысушыларын жаңылдыру үшiн өткiзiлетін көзбояушылық мәмiлелер де бар.



Бағалы қағаздар нарығындa жасалатын мәмiлелердің iшiнде бағалы қағаздарды және бағалы қағаздарға салынатын инвестиция қаражаттарын сенiмгерлiкпен басқару шарттарын (оның iшiнде кредит ұйымдары жүзеге асыратын бағалы қағаздарды және бағалы қағаздарға салынатын инвестиция қаражаттарын сенiмгерлiкпен басқару шарт­тарын; акциялардың мемлекеттiк пакeттерiн сенiмгрлiкпен басқару шарттарын); дереу есеп айырыса отырып, бағалы қағаздар сатып алу­-сату мәмiлелерiн (кассалық, байланыстық мәмiлелер) және есеп айырысуды кейiнге қалдыра отырып, бағалы қағаздар сатып алу-сату мәмiлелерiн (оның iшiнде бағалы қағаздарды сатып алу-caтyдың кредиттiк және aвaнстық мәмiлелерiн) бөлiп айтyға болады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет