Сөйтiп, қабылдау — түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.
2.Ес– күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. 1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. 2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естін бұл түрі туралы К. С. Станиславский: «Сіз бастан ӛткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда ӛтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз сізде «сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны» деп жазды. 3) Сӛздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сӛз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі кӛбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. 4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға кӛмектеседі. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге сактай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге болінеді. Қысқа мерзімдік естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты кӛрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам кӛп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде кӛп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады. Генетикалық есте хабар генотипте сақталып, тұқым қуалау арқылы беріліп, қайта жаңғыртылады. Ӛмір сүру қызмет атқару барысында нерв жүйесінің ерекшеліктеріне қарай адамда естің даралық және типологиялық ерекшелігі қалыптасады Естің даралық ерекшеліктері. Естің даралық ерекшеліктері біріншіден, жеке адам ерекшеліктерімен байланысты болады. Ес дәрежесі бірдей екі адамды табу қиын. Естің жақсы сапаларының бірі - даярлығы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді. Естің жеке сапалары түрлі үйлесім табуы мүмкін. 1. Ең тәуірі – бірден есте сақтау мен бірте – бірте ұмытудың үйлесуі. Ес ерекшелігі осындай адамдар материалды бірден есте сақтайды; 2. Есте самарқау сақтау бірте – бірте ұмытумен үйлеседі. 3. Бірден есте сақтау тез ұмытумен үйлеседі. Ес сапасы осындай адамдар материалды «тез қағып алып», есте сақтайды. 4. Ең жеміссіз ес самарқау сақтап, тез ұмытумен сипатталады. Есі осындай адамдар жаттауға кӛп уақыт жұмсайды, бірақ қажетті нәтижеге жете алмайды. Естің типологиялық ерекшеліктері. Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның әрекет ерекшеліктеріне байланысты болады. Мәселен, әртістерде – эмоциялық ес жақсы дамыған болса, композиторларда – есту, суретшілерде – кӛру, философтарда – сӛздік – логикалық ес жақсы дамиды. Естің дамуы, сол тәрізді, адамның мамандық әрекетіне де тәуелді, ӛйткені психика әрекет үстінде кӛрініс берумен бірге қалыптасады да.
3.Ойлау Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең. Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен біліиді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның нақтылы іс-әрекетімен щарттас блумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты. Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т.б.) айтатындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады.
Эмоцияпсихологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі таңда психология ғылымында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Осыған байланысты Э.Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зерттеуін қарастырамыз. П.Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі: жиілік, прототиптілік, бейкатегориялық, доминанттылық.
А.Ортони, Дж.Клор, А.Коллинз және басқалар еңбектерінде өздерінің эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық күйлер жататындығын атап көрсеткен, яғни жағымды немесе, жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік феномендер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.
Эмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрайды. Себебі эмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетіп, мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Яғни эмоция субьектіге тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез – құлқы өзгереді.
Эмоционалдық байланысқа деген қажеттілікті адамның екі жақты немесе көп жақты қарым-қатынасқа қажеттілігі негізінде түсіндіруге болады:
а) өзін басқа адамдар тарапынан қызығушылық пен ықылас білдіру құралы ретінде сезінеді;
б) айналасындағылармен ынтымақтастықта болып, олардың күйзелісі мен қуанышын бөліседі. Бұл қажеттілікті бұзушылар әртүрлі тәсілдермен әртүрлі жағдайларда жүзеге асырады.
Эмоционалдық байланысқа қажетіліктің жүзеге асырылатын негізгі саласы оқушылардың өзін қоршаған адамдармен жанұядағы, ауладағы, сыныптағы, мектептегі және т.б. тұлғааралық қатынасы болып табылады.
Оңашалануға қажеттілік – бұл баланың өз-өзімен немесе ойдағы бір адаммен көп жағдайда оңашада, кейде басқа адамдар қатысуымен жүргізетін уайымдау нәтижесінде және әрқашан түсіндіріле бермейтін ішкі диалогқа деген қажеттілігі.
Бала бойындағы оңашалануға деген бейімділіктің дамуы және оны жүзеге асыру оның әлеуметтік, жеке дамуындағы маңызды көрсеткіш. Себебі айналадағыларға жол табу үшін алдымен өзіңе жол табу керек.
Әдетте ашықтық-тұйықтық тұлғалық қасиеттер ретінде қарастырылады. Бірақ мұндай көзқарас бір жақты. Ол ашықтық пен тұйықтықтың осы тұлғалық қасиет ретінде ғана көрінбейтіндігін, сонымен бірге белгілі бір жағдайларда оқушының мінез-құлқы ретінде көрінетіндігін ескермейді.
Мектепке түсу бала сезімдерінің жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Кіші мектеп жасындағы балаларда (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоционалды келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Олар кез келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бір-қалыпты отыра алмайды. Өйткені, өзіне ие бола алмай, сезімнің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, кіші мектеп жасындағы арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.
Сыныбы жоғарлап, есейген сайын бала мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мұғалімнің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттіліктеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу — бәрі де олардың қажеттерінің өтелу-өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Мектепте баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде жақсы қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, косманавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу — кез келген баланың арманы.
Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді. Отанды, туған елін сүю сезімдері көріне бастайды. Осындай сезімдерді, тіпті бірінші сынып окушысынан да байқауға болады. Мәселен, оқушылардың «Мен Қазақстанда тұрамын», «Біздің бәріміз де Қазақстанда тұрамыз» деген шағын пікірлерінің өзінен де осы іспеттес сезімдердің іргетасы қалана бастағанын көруге болады. Бала сыныптан-сыныпка көшкен сайын моральдық сезімдерінің шеңбері кеңи түседі. Мәселен, жер жүзіндегі кейбір елдердің еңбек адамдарының ауыр халіне күйзелетінін, олардың ортақ мүддесі бар екендігін аңғара алады. Бұдан былай балалардың Отан, ұжымдық туралы түсініктері белгілі мәнге ие бола бастайды. Мәселен, төртінші сынып оқушысына «интернационализм» деген сөзді қалай түсінесің десең, ол: «Бұл барлық ұлттардың бірдейлігі, біздің сыныптта оқитын қазақ, орыс, украин, еврей балалары бір-бірімен өте тату тұрады»,— деп жауап берген. Екінші бір оқушыдан: « Ұлттық мақтаныш дегенді қалай түсінесің?»— деп сұрағанда, ол: «Бізде жоқ емес зат жоқ, бізде қорғасын да, темір де, көмір де, нан да, ет те мол. Шетелдердің бірде біреуінде мұндай емес. Біз соған мақтанамыз»,— дейді. Осы жауаптар төртінші сынып оқушыларында өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасып калғанына жақсы дәлел бола алады. Осы жастағы балалардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға (мектеп алаңын көгалдандыру, темір-терсек, ескі-құсқы қағаз жинау, балалар бақшасын шефке алу т.б.) белсене қатысуы да моральдық сезімдердің жақсы нышаны екені белгілі.
Кіші мектеп жасындағы балалардың ұялу сезімдері де онан сайын жетіле түседі. Ұялу — баланы жағымсыз іс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Мұның элементі мектеп жасына дейінгі балаларда да жақсы байқалады. Мәселен, екі жасар балаға бөтен біреу сөз қатса, ол төмен қарайды не анасының артына тығылады. Әрине, мұны шын мағынасындағы ұялу деуге болмайды. Бұл — баланың танымайтын адамға тосырқау, немесе осы жастағы балаларға тән жасқаншақтықтың бір көрінісі. Егер осындай жағдайларда бала тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте-бірте сүйегіне сіңіп, ынжықтық, құр босқа ұялшақтық, не керісінше, көкіректік, басқаны сыйлауды білмейтін пандық қасиеттердің де қалыптасып кетуіне себепші болады.«Жақсы», «жаман» деген сөздердің мәнін айыра бастауы балада ұялу сезімінің қалыптасып келе жатқаңдығын байқатады. Мәселен, таза жүріп-тұруға дағдыланған кейбір балалар ойын жүріп үсті-басы былғанып қалса, бұған қатты қынжылады, ол, әсіресе, әке-шешесінен катты қысылады. Мұндайда оған жақтырмаған пішін көрсету не зілсіз ескертпе жасаған абзал. Бұл онда ұялу сезімінің беки түсуіне себепші болады.
Мектепке түскен баланың ұялу сезімі жаңа мазмұнға түсіп, күрделенеді. Енді бала өзінің түрлі ағат істеріне бүкіл ұжым алдында жауап беретінін, мұның оңай нәрсе еместігін аңғаратын болады. Тәжірибелі ұстаз баланың ұялу сезімін аса сабырлылықпен ескеріп отырады, өйткені туысынан жүйке жүйесі әлсіз, босаң балалардың ұялу сезімін елемесе, қиын халге ұшырайды. Әсіресе, не болса соған ұяла беретін балалардың психологиясына мұғалім байсалдылықпен қарауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |