6-дәріс. Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френель зоналары. Зоналық пластинкалар. Жарықтың кішкене дөңгелек саңылаудан және дискіден өткендегі дифракциясы



бет2/3
Дата27.10.2022
өлшемі355 Kb.
#463506
1   2   3
лекция 6

М нүктесінде қоздырылған екі көршілес зонаның фа­за­ла­ры қарама-қарсы, себебі тиісті сәулелердің осы зоналардан М ба­қылау нүктесіне дейінгі жол айырымы /2-ге тең, сон­дық­тан қабаттасу кезінде тербелістер бір-бірін әлсіретеді. Олай бол­са, барлық зоналар жиынтығының М нүктесінде қоздырылған қо­рытқы тербелісінің амплитудасы:
А=A1-A2+A3-A4+ … (1)
мұндағы A1,A2, … -1-ші, 2-ші, … зоналардың қоздырған тер­белістерінің амплитудалары. Тербелістердің амплитудаларын ба­ғалау үшін Френель зоналарының аудандарын табайық.



3-сурет


m- ші зонаның сыртқы шекарасы толқындық бетте биіктігі hm сфералық сегментті бөлсін. Осы сегменттің ауданын m деп алайық, онда m- ші Френель зонаның ауданы
m= m- m-1 ,
мұндағы m-1 - (m-1) зонаның сыртқы шекарасы бөлетін сфе­ралық сегменттің ауданы. Суреттен көрінеді:
rm2 = a2 - (a - hm)2 = (b+m /2)2 - (b+hm)2 (2)
< және < екенін ескеріп,


hm= bm / [2(a+b)] (3)

Сфералық сегменттің ауданы




m= 2 ahm = ab m/(a+b)
ал Френельдің m-ші зонасының ауданы


m= m- m-1= ab /(a+b) , (4)
яғни m – ге тәуелді емес, Френель құрылымы сфералық тол­қынның толқындық бетін тең шамалы зоналарға бөледі.
n нормаль мен М- нүктеге бағыттың арасындағы m бұ­ры­шы неғұрлым үлкен болса, М нүктесіне әрбір зоналардың әсе­рі соғұрлым кіші болады (3 сурет). Олай болса, центрлік зо­надан (Р0 жанында) сыртқы зоналарға қарай зоналардың әсе­рі кеми бастайды. m-нің өсуімен М бағыттағы жарықтың ин­тенсивтілігі кемиді (зонадан бақылау нүктесіне дейін ара­қа­шық­тық артады). Cондықтан, А1>A2>A3>A4 >… .
Жарты сфераға сиятын Френель зоналарының жалпы са­ны едәуір көп, ал олардың аудандары өте кішкентай, олай бол­са келесі жуықтау мүмкін: Am=(Am-1+Am+1)/2. Осы жуықтауды ес­ке алып, (1) өрнектен М нүктесіндегі тербеліс амплитудасы А≈ А1/2 екені шығады. Олай болса, М еркін нүктесіндегі қо­ры­тын­ды тербелістің амплитудасы тек Френельдің центрлік зо­на­сы­ның жартысының әсерімен анықталады. Сондықтан бар­лық ашық толқындық фронттың әсері центрлік зонадан кем жә­не оның аз ғана бөлігінің әсеріне тең.
Егер (2) өрнекте сегменттің биіктігі hm< a ( m өте үлкен бол­маған жағдайда ) болса, онда rm2 =2ahm. (3) өрнекті ескеріп, m-ші Френель зонасының сыртқы шекарасының радиусын та­ба­мыз :


rm = (5)

Оптикалық диапaзон үшін бірінші Френель зонасының ра­диу­сы өте кішкентай екені белгілі (мысалы: a=b=10 cм, =500нм, r1=0,158 мм). Сонымен S–тен М-ге дейін жарықтың та­ралуы жарық ағынының өте жіңішке каналы ішінде SM бойы­мен жүреді, яғни түзусызықты болады. Сондықтан Гюй­генс–Френель принципі біртекті ортадағы жарықтың тү­зу­сы­зық­ты таралуын түсіндіреді.



4-сурет

Сонымен, ашық толқындық фронттағы М нүктесіндегі қо­рытынды амплитуда тек бірінші зона түсетін осы нүктедегі тол­қынның амплитудасының жартысына тең. Сондықтан нүк­те­лік S көзден шығатын монохроматты сәуленің жолына бі­рін­ші зонадан басқа барлық зоналарды жабатын экранды ор­на­лас­тырсақ, М нүктесіндегі амплитуда ашық толқындық фронт­тың амплитудасынан 2 есе, ал интенсивтілік 4 есе артық бо­лады .


Бақылау нүктесіндегі жарық интенсивтілігін зоналық плас­тинка көмегімен едәуір арттыруға болады. Зоналық плас­тин­ка жай жағдайда бетіне Френель зоналарын орналастыру прин­ципімен радиустары берілген a, b, мәндерімен анық­та­ла­тын (5) өрнектен табылатын мөлдір және мөлдір емес са­қи­на­лар салынған шыны пластинка. Осындай пластинка 3.4 суретте кел­тірілген.
Френельдің жұп және тақ зоналарынан келген тер­бе­ліс­тер­дің фазалары қарама–қарсы болғандықтан, олар бірін-бірі әл­сіретеді. Егер S және М нүктелерінің арасына орны қатаң анық­талған зоналық пластинканы орналастырсақ (S–тен а жә­не b арақашықтықта орналасқан нүктелерді қосатын сы­зық­та), онда ол барлық жұп зоналарды толық жауып (немесе бар­лық тақ), оның нәтижесінде М нүктесіндегі жарық ин­тен­сив­ті­лігі толқындық беттің толық ашылғандығынан ай­тар­лық­тай көп болады. Тәжірибе көрсеткендей М нүктесіне зоналық плас­тинка көмегімен жарық көбірек жетеді. Сондықтан, зо­на­лық пластинканың әсері жинағыш линзаның әсеріндей бо­ла­ды.
Көршілес зоналардан келетін толқындардың фазаларын өз­герту нәтижесінде жарық көбірек күшейеді. Сатылы зо­на­лық пластинканың көмегімен көршілес екі зонаның тер­бе­ліс­те­рінің фазасын - ге өзгертуге болады (жұп зоналар үшін фа­за бойынша шамаға кешігуін құруға болады). Жоғарыда қа­растырған амплитудалық зоналық пластинкадан өзгеше, олар­ды фазалық пластинкалар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет