№6 ДӘріс тақырыбы: Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру


Кеуделік аортаның басты белгісі аорталгия – төс артының күйдіріп, батып ауруы



бет6/12
Дата19.09.2022
өлшемі0.75 Mb.
#460933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Кеуделік аортаның басты белгісі аорталгия – төс артының күйдіріп, батып ауруы.

  • Кеуделік аортаның басты белгісі аорталгия – төс артының күйдіріп, батып ауруы.
  • Құрсақтық аортаның атеросклерозы іш қыспасымен білінеді: көбіне тамақты тоя ішкеннен соң іштің ұстамалы түйіліп ауырсынуы, ішектің дисфункциясы, арықтау, эпигастрий аймағындағы тамырлық шулар, метеоризм, перистальтиканың баяулануы және нитроглицериннен басылатындығын ескеру қажет.
  • 4. Бүйрек тамырларының атеросклерозы: бүйрек жұмысы нашарлап, зәр аз бөлінеді, кейде шықпай қалады ( анурия), адам ісініп азот шлактарымен уланады (уремия), созылмалы бүйрек шамасыздығы дамиды.
  • 5. Аяқ тамырларының атеросклерозы: ауру көбінесе еркектерде болады: темекі шегетіндерде, отырып жұмыс істейтіндерде. Аяқтар тоңғыш болады, жансызданады, науқастардың бір қатарында ұстамалы ақсақтық пайда болады. Аяқтардың ұшы жылымайды, түсінің қуқылдығы назар аудартады, кейде гангрена дамиды. Ақсақтық ұстама белгісін тұңғыш суреттеген француз студенті Баули (1863 ж.) Болашақ ветеринар сан артериясы тарылған аттың шамалы шабыстан кейін жай жүріске көшіп, ақсаңдай басуына көңіл аударып түсініктемесін берген.
  • 6. Көздің тамырларының атеросклерозы: көздің көруі нашарлайды, ауыр жағдайда көзі көрмей, соқыр болады.

  • Атеросклероздың емі.
  • 1. Атеросклероздың қауіпті факторларын жою және салауатты өмір салтын ұстанудың шаралары:
    • темекі тартуды доғару;
    • гиподинамиямен күресу – жаяу жүру, шаңғы тебу, суда жүзу, дене жаттығуларымен шұғылдану; дене қызметінен қандағы антиатерогенді ЛП деңгейі жоғарылап, атеросклероздың дамуы тежеледі;
    • дене салмағын жеңілдету;
    • қатты диабетті, артериялық гипертензияны тиімді емдеу;
    • үй тұрмысында, жұмыста психологиялық қолайлы жағдай жасау, психотерапияны қолдану.

Атеросклероз диетотерапияның басты принциптері. Емнің басты тәсілі – диетотерапия. Атеросклерозды зерттейтін еуропалық қоғамның сарапшылар тобы (1987) липопротеиндердің алмасуын қалпына келтіретін диетаның жеті “алтын” ережесін жариялады:

  • Атеросклероз диетотерапияның басты принциптері. Емнің басты тәсілі – диетотерапия. Атеросклерозды зерттейтін еуропалық қоғамның сарапшылар тобы (1987) липопротеиндердің алмасуын қалпына келтіретін диетаның жеті “алтын” ережесін жариялады:
  • Майлардың мөлшерін азайту.
  • 2.Гиперлипидемияның дамуына септігін тигізетін қаныққан май қышқылдарының мөлшерін күрт азайту (мал етінің майын, сары майды, қаймақты жұмыртқаны).
  • Қанықпаған май қышқылдарын бай тағмдарды кеңінен тұтыну
  • 3.Клетчаткаға бай және күрделі көмірсүлары мол (көкөніс, жеміс) тағамдарды молынан тұтыну.
  • 4.Тағам дайындағанда сары майдың орнына өсімдік майын тұтыну.
  • 5.Ас тұзының тәуліктік мөлшерін 5-8 г дейін шектеу.
  • Осы ережелерге № 10 емдәм сай. Оның құрамында мал етінің майы, қарапайым көмісулардың, ас тұзының мөлшері шектелген және антиатерогендік заттар, мәселен өсімдік майы, өсімдік клетчатка, липотропты заттар көбейтілген.
  • Диетотерапияда клечатканың мөлшеріне көп мән беріледі. Клетчатка, әсіресе оның суға еритін түрлері (лигнин, пектин) ішек бойында холестериннің сіңуін тежейді және оның нәжіспен экскрециясын арттырады.
  • Емдәмінің химиялық құрамы: белоктар –90-100г (50%ы малдың); майла – 70г (оның 1/3-і өсімдік майы); көмісулар – 350-400г (қарапайым көмірсулар –30г); энергиялық қуаты –2400-2500 ккал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет