6 дәріс Тақырыбы: Денсаулықты нығайту үшін қолданылатын әдістер мен технологиялар «Денсаулықты нығайту жолдары»



бет3/5
Дата26.03.2024
өлшемі30.86 Kb.
#496487
1   2   3   4   5
Дәріс № 6 Ден. нығ. үшін қолдан әдістер

Денсаулықты нығайту
Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтының негізгі талаптарын білу керек. Оларды күн сайын орындап отыру қажет. Бұл қимыл белсенділігі, күн тәртібін орындау, дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулардан сақтану, жағымсыз әдеттерден бас тарту. Осы әрекеттердің бәрі денсаулықты сақтауға, нығайтуға көмектеседі.

Ағзаны әлсірететін негізгі себептер:


• күн тәртібін бұзу;
• жеке бас гигиенасын сақтамау;
• аз қозғалу;
• мазасыздану;
• жағымсыз әдеттер (темекі шегу, т. б.)
• қоршаған ортаның қолайсыздығы.

Осы себептерді жою үшін балабақшада күн тәртібі дұрыс жүргізілу керек. Барлық тәртіп кезеңдері (тамақтану, оқу іс - әрекетінің ұйымдастыруы, серуен, ұйқы, еңбек, шынықтыру шаралары, ойын) уақытында және дұрыс тәртіппен орындалу керек.


Баланың тәрбиесінде балабақшаның күн тәртібінің маңыздылығы


Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда маңызы зор. Сонымен қатар, ол бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруға, ерік - жігерін нығайтуға, ұстамдылық, ұқыптылық сияқты басқа да маңызды қасиеттерді жетілдіруге көмектеседі. Күн тәртібі – балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс ойластыра жасалған еңбекке дағдыландыру, демалыс, тамақтандыру ережесі.

Сәбиді белгілі бір уақытта ғана тамақтандыру қажет. Кейбір аналар бұл талаптарды сақтамайды. Сөйтіп, бала тәрбиесіне белгілі дәрежеде қиындық келтіреді.


Жас нәрестенің жүйке жүйесі сыртқы ортаның әртүрлі әсеріне өте сезімтал болып келеді. Балалар тез шаршайды, сондықтан жиі әрі ұзағырақ тынығуды қажет етеді. Демалыстың ең басты түрі – ұйқы. Егер ұйқысы шала болса, ағза толық тынықпайды. Бұл денсаулыққа зиян келтіреді. Денсаулығы нашар балалар жасына қарамастан көбірек ұйықтаулары қажет. Сәбилерді белгілі бір уақытта ұйықтауға, белгілі бір уақытта тұруға үйрету де маңызды. Ұйықтар алдында алаңсыз ойнағаны жөн, ал жарты сағат серуендеу тіпті пайдалы. Жатар алдында бала беті - қолын, мойнын, аяқтарын жылылығы үй температурасымен бірдей сумен жуғаны дұрыс. Мұның тек гигиеналық қана емес, сонымен бірге, ағзаны шынықтыруда маңызы бар, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, неғұрлым тез ұйықтауға көмектеседі. Кешкі тамақты ең аз дегенде жатардан 1 - 1, 5 сағат бұрын
ішу керек. Баланың өзіне арналған таза, бірақ онша жұмсақ емес төсегі болғаны жөн. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алу қажет.

Бала таза ауада мүмкіндігінше ұзағырақ: жазда күні бойы, көктемде, күз бен қыста бірнеше сағат бойы болуы керек. Ауа райы қолайсыз күндерде серуенге ұзақ болмаса да жиірек шыққан жөн. Таңертеңгі, түскі, бесіндік және кешкі тамақтану мерзімдерін бұзбай сақтау қажет. Бейберекет ішкен тамақ та денсаулыққа зиян.


Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салумен, қағаз қиюмен, санақ есеппен, илеп мүсіндер жасаумен және басқа да істермен айналысуына арнайы уақыт бөлінеді. Мұндай істермен 3 - 4 жастағы балалар 15 - 20 минут, ал 5 - 6 жастағы балалар 30 - 40 минут қана айналысуы тиіс. Іс - әрекеттерді алмастыра отырып, әрбір 20 - 25 минут сайын үзіліс жасаған жөн. Балалардың жоғарыда аталған жаттығуларын таңертеңгі тамақтан кейін ұйымдастырған дұрыс. Ал қалған уақыт ойынға арналады.

Балабақшаның күн тәртібі баланың даму және өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Бала бірінші күннен сол тәртіпке үйреніп алса, өскен сайын барлық істерін де уақытпен орындауға тырысады.


Балабақшаның күн тәртібінің үлгісі: таңғы қабылдау, шаттық шеңбер, таңғы ас, оқу іс - әрекеттері, серуен, түскі ас, ұйықтау, кешкі ас, өзіндік жұмыс, кешкі серуен, үйге бару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет