2. Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен жоспарлануы
Оқытудың кредиттік жүйесі кезінде оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылады:
аудиториялық сабақтар: лекциятер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар;
аудиториядан тыс сабақтар: оқытушы басшылығымен білім алушылардың дербес жұмыстары (СДЖ, СОДЖ), жеке консультациялар, интернет - сессиялар, бейне-конференциялар;
оқу және кәсіби практиканы жүргізу, диплом жобасын әзірлеу, диплом жобасын дайындау;
білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (сабақтарда сұрау салу, оқу пәндері бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды, коллоквиумдар және т.б. қорғау);
аралық аттестация/қорытынды бақылау (оқу пәндерінің тараулары бойынша бойынша тестілеу, емтихан, практикалар бойынша есеп беруді қорғау), қорытынды мемлекеттік аттестация (диплом жобасын (жұмысын) қорғау).
Оқу процесін ұйымдастыру үшін келесі құжаттама талап етіледі:
академиялық күнтізбе;
оқу жоспары;
кесте;
әдістемелік қамтамасыз ету.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында лекция сабақтар барысында дәстүрлі емес жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Бұл студенттердің өзіндік жұмысын күшейтіп, тиісті материалды жартылай ізденгіштік әдіспен меңгеруге бағыттайды. Студенттердің лекция барысындағы оқу еңбегі де бағаланып тиісті ұпайы қойылады.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді. Белсенді таратпа материал мысалы 1-кестеде келтірілген.
Білімді бақылап, бағалаушы компонент. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы белгіленеді. Ол траекторияның жүзеге асуы блокты-рейтингті бақылау жүйесінің бағдарламалық қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының жеткілікті мөлшерде жиынтығы болуына, электрондық оқытушы-тексеруші бағдарламалардың болуына және оқытушы тарапынан көмек пен бақылаудың ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Блокты-рейтингті оқыту жүйесі өзінің құрылымы, құралу сипаты жағынан объективті, нанымды жүйелі нәтижені өңдеу, диагностикалау, бағалауды қамтамасыз етеді. Рейтингтік жүйе-жинақтаушы типті бағалау жүйесі рейтингтік өлшеулерге негізделіп, студенттер үлгерімін, шығармашылық деңгейін анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
Оқытудың кредиттік жүйенің негізгі түсініктерін атаңдар.
«Тьютор, эдвайзер, академиялық рейтинг» терминдерінің мағыналарын түсіндіріңдер.
Кредиттік жүйе сызықты жүйеден айырмашылықтарын атаңдар.
Кредиттік жүйе кезінде студенттің құқықтар мен міндеттер қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |