6. Дәрістер кешені 1тақырып. «Мамандыққа кіріспе және кәсіби этика» пәні мен міндеттері Мақсаты



бет1/4
Дата24.01.2024
өлшемі30.98 Kb.
#489803
  1   2   3   4
лекции 1-3


6. Дәрістер кешені
1тақырып. «Мамандыққа кіріспе және кәсіби этика» пәні мен міндеттері
Мақсаты: бірінші курс студенттерін «Мамандыққа кіріспе және кәсіби этика» курсының құрылымымен, мақсатымен, міндеттерімен таныстыру және маңызды әдебиетті көрсету
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
1. Пәннің объектісі, мақсаты мен міндеттері.
2. «Білім туралы» ҚР Заңы.
Пән бірінші курстың студенттеріне арналған. Негізгі мақсаты олардың жоғарғы оқу орнында жаңа жағдайға студент ретінде тезірек қалыптасуына көмек жасау. Курс негізінен лекциялық сабақтардан тұрады, олардың негізгі мақсаты – кредиттік жүйенің түрлері мен әдістерін, оқу процесінде пайдаланылатын терминдер мен сөз тіркестерін, ғылыми әдебиетпен және оқулықтармен жұмыс істеуге, кітапхана мен интернет қызметтерін пайдалануды үйрету. Курстың ең үлкен бөлігі студеттің кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысына араластыру мәселесіне арналады. Мұндай жұмыстың негізінде қажетті ақпарат жинау жатыр.
Институт қабырғасында студент оқу жоспары бойынша көптеген жазба жұмыстарын орындайды. Сондықтан да, аталмыш пәнді игеру барысында студент конспект, реферат, рецензия, аннотация, курс және диплом жұмыстарын жазу жөнінде толық мағлұмат алады.
«Мамандыққа кіріспе және кәсіби этика» пәнінің оқыту мақсаты болашақ мамандықтарының мазмұнын түсіндіру, студенттерді олардың негізін түсінуге бағыттау.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • студенттерді болашақ мамандықтарының мазмұнымен, жоғары оқу орнындағы оқыту бағдарламасымен таныстыру;

  • университетте әрі қарай оқу үшін студенттерге қажетті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде өз бетімен жұмыс жасау және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдылары;

  • тесттар, іскер ойындар мен басқа да тәсілдер көмегімен студенттердің болашақ жұмысында қажет болатын қасиеттерді тауып, оларды дамыту;

  • студенттерде мәселеге қатысты ойлау қабілетін дамыту.

Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер келесілерді білуге тиісті:
- таңдаған мамандықтарыңыздың мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жөнінде түсінік болу.
Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер келесілерді білуге тиісті:

  • ішкі тәртіп ережелері; басылымдардың библиографиялық тізімдерінің жазылу ережелері мен қолданылған әдебиеттер тізімін дұрыс жазу;

  • оқу құжаттарын дұрыс жазу ережелеі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет