3-тақырып. Кредиттік жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру.
Мақсаты: студенттерді кредиттік жүйені оқу үрдісіне енгізу бойынша ресми нормативтік құжаттарымен таныстыру
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
1. Кредит жүйесінің жалпы ережелері
2. Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру
Кредиттік жүйенің негізгі ережелері.
Оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру оған дейін болған дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылықтарын иеленеді. Оқытудың кредиттік технологиясын пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеттері мыналар болып табылады:
білім көлемін бірыңғайлау;
оқытуды максимум жекелендіру үшін жағдай тудыру;
білім алушылардың дербес жұмысының ролі мен тиімділігін күшейту.
Оқытудың кредиттік жүйесіне (ОКТ) тән ерекшеліктер мыналар болып табылады:
әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбек шығындарын бағалау үшін кредит жүйесін енгізу;
жеке оқу жоспарын құрастыру кезінде жұмыс-оқу жоспарына енгізілген элективтік пәндер арасынан оқыту пәнін таңдау еркіндігі;
жоғары оқу орнында профессорлық-оқытушылар құрамның жеткілікті саны кезінде білім беретін оқытушыларды таңдау еркіндігі;
өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруға білім алушының тікелей қатысуы;
білім траекториясын таңдау кезіндегі білім алушыға көмектесетін эдвайзерді оқу процесіне тарту;
оқу процесін ұйымдастыруда, оқытушылардың педагогикалық жүктемесінің түрлерін есепке алу мен анықтауда факультеттің кең уәкілеттілігі;
оқу процесін басылған және электронды түрдегі барлық қажетті оқу мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
Әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбегін бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу. Бакалавриаттағы бір кредит аптасына жалпы оқу жүктемесінің 45 сағатына тең, олардың 15-і-аудиториялық (байланыс сағаты), 15-і – оқытушы басшылығымен студенттердің дербес жұмысы, 15 сағатты студент дербес игеруі тиіс және белгілі бір уақыт ішінде оқытушыға тапсыруы тиіс. Әрбір студент білім беру бағдарламасының міндетті компонентін толықтай игеруі тиіс және таңдау бойынша компоненттен кредиттің белгілі бір санын алуы тиіс.
Оқыту үрдісіне эдвайзерлерді қатыстыру;
Оқыту үрдісін қағазды және электронды жинақтауышта жиналған барлық әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
Әрбір пән бойынша бағаның баллдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. Студенттердің білімдерін бағалау 100 баллдық деңгей бойынша және пайыздар мен әріптік эквивалентте жүзеге асырылады.
Бакалавриаттың білім беру кәсіби бағдарламасы 4 жыл оқу ішінде іске асырылады және кемінде 40 пәннен кем емес зерделеуден тұрады. Бакалавр дәрежесін алу үшін 128 кредит алу, практиканың барлық түрлерінен өту, мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру, диплом жұмысын немесе диплом жобасын қорғау керек.
Теориялық оқытудың кезеңі 15 аптаға тең. Оқу жылы 2 семестрден және 2 аралық аттестациядан тұрады (емтихандық сессия) әрбірі 4 аптаға тең. Оқытудың күндізгі формасы кезінде жыл бойы 2 рет демалыс тағайындалады, қыс демалысы – 2 аптаға тең. Практика ұзақтығы оқу жоспарымен бекітіледі.
Оқу жылының академиялық мөлшері қосымша семестрді енгізуімен ұлғайтылады, қосымша семестр қыс сессиясынан кейін 4 апта мөлшерінде және жаз сессиясынан кейін 4 апта мөлшерінде енгізіледі.
Қосымша семестр студенттің жазылған өтініші негізінде академиялық қарыздарды және академиялық айырмашылықты жою үшін енгізіледі.
Бакалавриаттағы оқытудың ұзақтығы – 4 жыл, мамандықтың оқу жоспарымен бекітіледі. Оқытудың барлық кезеңі барысында максималды академиялық мөлшер 40 оқу пәніне тең.
Аралық аттестация емтихан түрінде өтеді.
Бір академиялық сағат тең:
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, лекциятік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқ1. немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқ1. немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқ1., сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқ1., барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқ1., барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқ1. тең.
кредит (Сrеdit, Сrеdit-hоur) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциятік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 мин) өзіндік жұмысымен және докторантурадағы докторанттың 6 сағат (300 мин) өзіндік жұмысымен қоса беріледі;
баға – студенттің берілген пәнді қалай дұрыс білетінін көрсететін сапалық көрсеткіші.
Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, “жалпыға ортақ білім” парадигмасынан “әркімге арналған білім” парадигмасына қадам жасатады.
Әдістемелік қамтамасыз ету:
Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету қызмет көрсетуші мен шығарушы кафедралардың күшімен жүзеге асырылады, олар студенттерге мыналарды ұсынады:
- оқу жоспарындағы әрбір пәндер бойынша аудиториялық жұмыстарға арналған материалдар, соның ішінде лекция тезистері, семинарлық сабақтардың жоспарлары және т.б.;
- студенттердің дербес жұмыстарына арналған материалдар, соның ішінде әрбір пәндер бойынша өздігінен бақылау материалдары, жаттықтыру тестілері, бақылау тапсырмалары, әрбір пәндер бойынша емтихан сұрақтары;
- практиканы өткізуге арналған материалдар, соның ішінде барлық түрлері бойынша практика жоспарлары және бағдарламалар, есеп беру құжаттамасының түрлері.
Оқытудың кредиттік жүйесі кезінде білім алушыларды оқудан шығару, қайта қабылдау және ауыстыру ерекшеліктері
1. Білім алушы өз оқуын жалғастыруды қаламаған жағдайда өз еркі бойынша шығып кетуге құқылы.
2. Білім алушы жоғары оқу орны Жарғысында, ішкі тәртібі ережесінде қарастырылған міндеттерді бұзғаны үшін жоғары оқу орны әкімшілігі шығарып жіберуге дейінгі тәртіптік жазаны қолдануға құқылы.
3. Жоғары оқу орнынан шығарылған білім алушыларға белгіленген нысанда академиялық анықтама беріледі. Транскрипт (Тrаnsсrірt) - кредиттер мен бағаларды әріппен және санмен көрсететін тиісті оқыту кезеңінде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.
4. Қайта қабылдау рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:
1. білім алушы өз оқуын жалғастырғысы келетін жоғары оқу орны ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Өтінішке академиялық анықтама немесе ЖОО-дан шығарылған студенттер үшін транскрипт ұсынылады;
2. факультет деканы ұсынылған құжаттар негізінде оқу курсын, оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;
3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды;
4. факультет деканының бұрыштамасына сәйкес тіркеу бөлімінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнының ректоры білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
5. Білім алушының бір жоғары оқу орнынан басқасына ауыстыру рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:
1. білім алушы өзі оқитын жоғары оқу орны ректорының атына ауыстыру туралы өтініш береді және мөрмен басылған жазбаша келісімді ала отырып өзі ауысқысы келетін жоғары оқу орнының ректорына өтініш тапсырады; өтінішке тиісті факультет деканымен белгіленген транскрипт көшірмесі, мемлекеттік білім грантының иесі куәлігінің көшірмесі ұсынылады;
2. факультет деканы оқу курсы және оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;
3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды;
4. факультет деканының бұрыштамасына сәйкес тіркеу бөлімінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнының ректоры білім алушыға ауыстыру туралы бұйрық шығарады;
д) үш күнгі мерзім білім алушының өзі бұрын оқыған жоғары оқу орнына жеке ісі жөнінде сұратуға бағытталады;
е) білім алушының өзі бұрын оқыған жоғары оқу орнының ректоры басқа оқу орнынан сұрау алғаннан кейін үш күн мерзім ішінде поштамен жеке ісін жіберу жөніндегі жауапкершілікте болады.
6. Білім алушының жоғары оқу орны ішінде оқудың бір түрінен басқасына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы келесі рәсімдерге сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады:
1. білім алушы жоғары оқу орнының ректоры атына өтініш береді, өтінішке тиісті факультет деканы куәландырған транскрипт көшірмесі ұсынылады;
2. факультет деканы оқу курсы және оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;
3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды; күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысу кезінде көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңге белгіленуі мүмкін немесе білім алушыға күндізгі оқу түрінен білім алушыға көрсетілген айырмашылықты тапсыру құқығы берілуі мүмкін;
7. Факультет деканының бұрыштамасына сәйкес тіркеу бөлімінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнының ректоры білім алушыны оқудың бір түрінен басқасына немесе бір мамандықтан басқа мамандыққа ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:
міндетті түрде;
таңдау бойынша;
Оқушы өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжірибесі бар оқытушы арқылы жасайды (5-10 студент). Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьютерлер (оқытушылар) ұсынылады.
Тьютордың міндеті — оқушының оқу әрекетінің барысын қадағалау, оқудаң барынша қайтарым алу. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын міндетті енгізу.
Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені:
Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;
Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;
Студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалардан;
Және тағы басқалардан тұрады
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау.
Білім берудің оқу бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:
1) үлгі оқу жоспарлары;
2) жұмыс оқу жоспарлары;
3) жеке оқу жоспарлары.
Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып,сөзсіз қиыншылықтар тудыратынын айта кету керек:
Бірінші кезеңде кредиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курсын әзірлеу қажет;
Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарларын зерттеу болады. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болады (техникалық және кәсіби білім үшін кредиттік технологияның сәйкестігіне жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды әзірлеу қажет).
Үшінші кезеңде академиялық күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін, мысалы, ұлттық мерекелерді де білулеріне байланысты.
Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті);
Бесінші кезеңде оқушылар ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;
Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Мамандықтар бойынша ЖОЖ барлық жеке жоспарлардың бірігу болып табылады.
Қорытынды кезеңде оқу сабақтарының кестесі жасалады.
Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы — оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.
Достарыңызбен бөлісу: |