6 жылғы № бұйрығына қосымша



жүктеу 136.67 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі136.67 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы

« » бұйрығына



қосымша
Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы

«25» қыркүйектегі № 25 бұйрығына



1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі, бірінші вице-министрі, вице-министрлері және жауапты хатшысы арасында

міндеттерді бөлу
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.А. Досаев


  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметіне басшылық ету.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті және Үкіметімен, сондай-ақ, Конституциялық Кеңесімен, Жоғарғы Сотымен, Бас прокуратурасымен және басқа да мемлекеттік органдармен қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік ету.

  3. Министрлік алқасының жұмысын үйлестіру.

  4. Министрлік жұмысының регламентін бекіту, ведомстволардың актілерін жою немесе олардың қолданылуын толық немесе ішінара тоқтату.

  5. Ұйымдастырушылық-құқықтық, кадрлық, материалдық-техникалық, қаржылық және заңнамамен оның ерекше құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер бойынша, оның ішінде:

министрліктің құрылымы мен штат саны бойынша;

басшы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер бойынша;



министрліктің Министр және оның орынбасарлары жетекшілік ететін департаменттерінің директорлары мен дербес басқармаларының басшыларын, аумақтық органдар мен бөлімшелер басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату бойынша қабылданатын шешімдерді келісу.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату.

  2. Бірінші вице-министр, вице-министрлер мен ведомстволар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау.

  3. Министрліктің заң жобалау, норма шығармашылығы қызметінің мәселелері.

  4. Қоғаммен байланыс, ішкі аудит департаменттері және мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру.

  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Министрлік пен ведомстволарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болу.


Бірінші вице-министр М.Ә. Құсайынов


  1. Макроэкономикалық талдау және болжамдау, экономикалық саясатты үйлестіру, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

1-1. Стратегиялық даму және жоспарлау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу және бағалау, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әдіснамасы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  1. Бюджет, салық және кеден салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  2. Бюджет жүйесін дамыту әдіснамасы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  3. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  4. Әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясатты, құқық қорғау жүйесін, қорғанысты және мемлекеттік органдарды үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  5. Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  6. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  7. Статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  8. Көрсетілген мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу.

  9. Министрліктің қарамағындағы ұйымдар - «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ға қатысты жалғыз акционердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

  10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болу.

  11. Макроэкономикалық талдау және болжамдау, стратегиялық жоспарлау және талдау (стратегиялық даму және жоспарлау бөлігінде), бюджет саясаты, салық және кеден саясаты (салық саятсаты бөлігінде), бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменттерінің, Статистика комитетінің және Министрлік қарамағындағы ұйымдар – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру».


Вице-министр Т.М. Жақсылықов
1. Халықаралық экономикалық интеграция мен халықаралық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

2. Сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

3. Сауда қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

5. Мемлекеттік материалдық резерв мәселелеріне жетекшілік етеді.

6. Көрсетілген мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу.

7. Министрліктің қарамағындағы ұйымдар - «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ға қатысты жалғыз акционердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

8. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша, мамандырылған халықаралық көрме объектілерін қоса алғанда (өзге объектілердің құрылысы және оларды реконструкциялау бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерден басқа) қаржы-экономикалық негіздемелері және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді.

9. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік инвестициялық ұсыныстарға қол қояды.

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болу.



11. Халықаралық экономикалық интеграция, халықаралық ынтымақтастық, сыртқы сауда қызметін дамыту, сауда қызметін реттеу департаменттерінің (кеден саясаты бөлігінде), Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік материалдық резервтер комитеттерінің, Министрліктің қарамағындағы ұйымдар: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның және Министрлік қарамағындағы «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесінің қызметін жалпы бақылауды жүзеге асыру.
Вице-министр А.Ә. Әріпханов


  1. Экономика салаларын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.

  2. Халықаралық ұйымдармен және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  3. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  4. Жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  5. Мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  6. Тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  7. Көрсетілген мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу.

  8. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржы-экономикалық негіздемелерді және техникалық-экономикалық негіздемелерді (құрылыс және реконструкциялау объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелерінен басқа) бекітеді.

  9. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік инвестициялық ұсыныстарға қол қояды.

  10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болу.

  11. Экономика салаларын дамыту, стратегиялық жоспарлау және талдау (ХҚҰ және ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылды үйлестіру бөлігінде), мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік активтерді басқару саясаты, тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменттерінің, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру.


Вице-министр Қ.А. Өскенбаев


  1. Өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  2. Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы мемлекеттік саясаты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  4. Жер ресурстарын басқару, геодезия және картография салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

5. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

6. Көрсетілген мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу.



  1. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржы-экономикалық негіздемелерді және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді. (құрылыс және реконструкциялау объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелерінен басқа).

  2. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік инвестициялық ұсыныстарға қол қояды.

  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болу.

  4. Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқару, өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау, экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменттерінің, арнайы бағдарламалар басқармасының, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру.


Министрліктің жауапты хатшысы

Д.В. Вагапов


  1. Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

  2. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы (аяларындағы) саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

  3. Өз құзыреті шегінде Министрдің актілері мен тапсырмаларын орындайды.

  4. Министрліктің, оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық органдары мен бөлімшелерінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

  5. Министрмен келіскеннен кейін Республика Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен бөлімшелердің құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ Министрлік қайта ұйымдастырылған, оның функциялары өзгерген және тиісті нормативтік құқықтық акт қабылданған жағдайда Министрліктің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен бөлімшелердің құрылымы мен штат санына өзгерістер енгізеді.

  6. Министрмен келісім бойынша Министр, бірінші вице-министр немесе вице-министрлер жетекшілік ететін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді.

  7. Министрліктің өзі жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері, аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді.

  8. Министрліктің қызметін кадрлық, қаржылық, заңдық, әкімшілік, құжаттамалық, ақпараттық қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерінің орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жетекшілік етеді.

  9. Министрліктің тәртіптік, аттестациялау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, олардың құрамын қалыптастырады және өзі жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің басшылары ішінен төрағаларды айқындайды.

  10. Орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды.

  11. Министрліктің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады:

мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді;

конкурстық комиссияның құрамын бекітеді;

конкурстық құжаттаманы бекітеді;

төлем шоттарына қол қояды.



  1. Министрліктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады және сол үшін жауап береді, оның ішінде:

техникалық тапсырманы бекітеді;

конкурстық комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, өтінімдерді қарайды, мемлекеттік сатып алуды ашу, оған жіберу және оны өткізудің қорытындылары туралы хаттамаларға қол қояды не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда бұл өкілеттіктерді Министрліктің өзге лауазымды тұлғаларына жүктейді;



конкурс жеңімпаздарымен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасады.

  1. Министрмен келісім бойынша Министр, бірінші вице-министр немесе вице-министрлер жетекшілік ететін Министрліктің департаменттері директорларын және дербес басқармалары басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

  2. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі.

  3. Еңбек қатынастарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, ведомстволар басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшысыларының орынбасарларын тағайындайды.

  4. Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аумақтық органдар мен бөлімшелер басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

  5. Еңбек қатынастарының мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аумақтық органдар мен бөлімшелер басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

  6. Осы бөлімнің 15-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

  7. Министрліктің қызметкерлерін, ведомстволар басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ аумақтық органдар басшыларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді.

  8. Еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді.

  9. Министрліктің стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

  10. Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде әзірленген операциялық жоспарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда Министрліктің перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекітеді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

  11. Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына Министр енгізетін бюджеттік өтінімді оған ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді.

  12. Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.

  13. Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады.

  14. Министрліктің, оның ведомстволарының, аумақтық органдары мен бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

  15. Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

  16. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрліктің атынан өкілеттік етеді.

  17. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

  18. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады.

  19. Ішкі әкімшілендіру, адами ресурстармен жұмыс, ақпараттық технологиялар, экономика және қаржы, заң департаменттерінің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру.


Министрлік басшылары арасындағы бір-бірін өзара алмастыру
Е.А. Досаев болмаған кезде министрдің міндеттері министрдің шешімі бойынша бірінші вице-министрге немесе вице-министрге жүктеледі.

М.Ә. Құсайынов болмаған кезде бірінші вице-министрдің міндеттері вице-министрлер А.Ә. Әріпхановқа немесе Қ.А. Өскенбаевқа жүктеледі.

Т.М. Жақсылықов болмаған кезде вице-министрдің міндеттері вице-министрлер Қ.А. Өскенбаевқа немесе А.Ә. Әріпхановқа жүктеледі.

А.Ә. Әріпханов болмаған кезде вице-министрдің міндеттері бірінші вице-министр М.Ә. Құсайыновқа немесе вице-министр Т.М. Жақсылықовқа жүктеледі.

Қ.А. Өскенбаев болмаған кезде вице-министрдің міндеттері вице-министр Т.М. Жақсылықовқа немесе бірінші вице-министр М.Ә. Құсайыновқа жүктеледі.

Д.В. Вагапов болмаған кезде жауапты хатшының міндеттері оған бағынатын департаменттердің бірінің директорына жүктеледі.

Бір мезгілде үш вице-министр болмаған кезде вице-министрлердің міндеттері бірінші вице-министрге жүктеледі.

_______________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет