6 шығарылым «Ұңғыма бұрғылау»


Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (бірінші)



бет3/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#131271
1   2   3   4   5   6   7

26. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (бірінші)
Жұмыс сипаттамасы. Мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесі жекелеген жұмыс түрлерін мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының басшылығымен орындау. Бұрғы қондырғысын қосуға дайындау және түсіру-көтеру операциялары кезіндегі жұмыс. Бұрғылау және айналма трубаларды төсеу, бұрғы трубаларын жинақтау және престемелеу жұмыстарына қатысу. Ұстындарды бекіту және түсіру-көтеру операциялары кезінде автоматты және машина кілттерінің жұмысын басқару. Бұрғы ертіндісін дайындау және өңдеу. Резервтік сыйымдылықтарды бұрғы ерітіндісімен толтыру, қабылдауыштағы ерітінді деңгейінің өзгеруін қадағалау. Ұңғыманың толуын бақылау. Бұрғы насостарын қосу, тоқтату және олардың жұмысын бақылау. Бұрғы насостарының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Бұрғы насостарын тозған бөліктерін ауыстыру. Қиындықтар мен апаттарды жою жұмыстарына, ұңғымадағы, бұрғы қондырғысындағы айналма ұстындарды цементтеу жұмысына және ұңғыма сағасын жабдықтауға, пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынауға қатысу. Ерекше жағдайларда, бұрғышының орнында шығырда жұмыс істеу. Ұңғымада қорытынды жұмыстарын, бұрғы жабдығын алдын ала жөндеу, бригада блокпен жылжыған кезде бұрғы жабдығын монтаждауға, бөлшектеуге және тасымалдауға қатысу. Жүзбелі бұрғы қондырғыларынан теңіз ұңғымаларын бұрғылау кезінде су астындағы шықпаға қарсы жабдықтың пайдалану қауіпсіздігін бақылау. Төтенше жағдайларда (гидрометеорологиялық, техникалық) ұңғыма сағасынан ағыту; ұңғыма сағасын бұрғылау трубаларынан босату, теңіз стоягының тарту жүйесін ұңғыма сағасынан ажыратуға дайындау. "Авариялық ажырату" дабылы бойынша ұңғыма сағасын босату. Тальді блоктың, кронблоктың, таль о канатының, элеваторлардың, ретрактордың, машина кілттері ілмесінің таспалары мен көмекші шығыр канаттарының жай-күйін бақылау.

Білуге тиіс: кен орны геологиясын, мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылау технологиясын; пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынау жөніндегі жұмыстың түрлері мен технологиялық процесін; қолданылатын жабдықтың, механизмдердің, құралдардың нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану ережесін; таль жүйесін жабдықтау әдістерін, марш баспалдақтарының, полаттердің, кронблок асты алаңының майшамдарын орнатуға арналған құрылғының құрылымын; бұрғы жабдығын майлау мерзімінің картасы мен ережесін; еңіс бағытты және жазық ұңғымаларды жүргізуге қолданылатын құрал мен айлабұйымның нысаны мен құрылымын; бұрғылау және айналма трубалардың типтерін, мөлшерлерін; айналма трубаларды түсіруге дайындау ережесін, бұрғы ерітінділерінің параметрлерін анықтау аспаптарының нысаны мен құрылымын; бұрғы ерітіндісін дайындау блогының құрылымын; циркуляциялық жүйелер мен жоғары қысым желілерін байламдау сызбасын; бұрғы ерітіндісін дайындау, тазалау және регенерациялау тәсілдерін; бұрғы ерітінділері мен химреагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін; шықпаға қарсы жабдықты орнату сызбасын және қолданылатын шағын механизация мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын; ПБУ-дан бұрғылау кезінде - теңіз ұңғымаларын бұрғылауға қолданылатын су үстіндегі және су асты жабдығының құрылымын; теңіз ұңғымалары технологиясын; теңіз ұңғымаларын сынау және игеру технологиясын, ПБУ бұрғылау кешені жабдығын алдын ала және ағымдық жөндеуді; бұрғылау және айналма трубалардың, теңіз ұңғымаларын салу кезінде қолданылатын құралдың, айлабұйымдар мен жабдықтың нысаны мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану ережесін; ППВО-ны, райзер мен басқа жүйелерді түсіру және көтеру технологиясын; ПБУ-дан бұрғылау кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да басшылық құжаттарын; теңіз кемелерінде қызмет ету жарғысын.

Қоса алынған тереңдігі 1500 м дейінгі ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 4- разряд;

қоса алынған тереңдігі 1500 м жоғары және 4000 м дейінгі ұңғымаларды, сондай-ақ еңіс бағытты және жазық ұңғымаларды бұрғылау кезінде, тереңдігіне қарамастан - 5-разряд;

қоса алынған тереңдігі 4000 м-ден 5000 м дейінгі ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 6-разряд;

қоса алынған тереңдігі 5000 м жоғары ұңғымаларды жүзбелі бұрғылау қондырғысынан бұрғылау кезінде - 7-разряд.

Мұнай, газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғышысының көмекшісі (бірінші) үшін 5, 6 және 7-разрядтарға орта кәсіптік білім талап етіледі.


27. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (екінші)
Жұмыс сипаттамасы. Мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесіне қатысу. Мұнай, газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғышысының басшылығымен бұрғы қондырғысын қосу (екінші). Түсіру-көтеру операциялары кезінде үстіңгі жұмыстарды орындау. Бұрғы және айналма трубаларды салу, бұрғы ұстыны төменгі жағын жинақтау, бұрғы трубаларын престемелеу жұмыстарына қатысу. Бұрғы ерітіндісін дайындау және өңдеу. Бұрғы насостарын қосу, тоқтату және олардың жұмысын бақылау. Бұрғы насостарының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, бұрғы насостарының тозған бөліктерін ауыстыру. Қиындықтар мен апаттарды жою жұмыстарына, ұңғымадағы, бұрғы қондырғысындағы айналма ұстындарды цементтеу жұмысына және ұңғыма сағасын жабдықтауға, пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынауға қатысу. Ұңғымада қорытынды жұмыстарын, бұрғы жабдығын алдын ала жөндеу. Бригада блокпен жылжыған кезде бұрғы жабдығын монтаждауға, бөлшектеуге және тасымалдауға қатысу. Жүзбелі бұрғы қондырғыларынан (ПБУ) теңіз ұңғымаларын бұрғылау кезінде –төтенше жағдайларда (гидрометеорологиялық, техникалық) ұңғыма сағасынан ағыту жұмысына қатысу.

Білуге тиіс: ұңғымаларды бұрғылаудың технологиялық регламентін, өндірісті ұйымдастыруды; кен орны геологиясы жөніндегі негізгі деректерді, мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылау технологиялық процесін; пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынау жөніндегі жұмыстың технологиялық процесі мен түрлерін; қолданылатын жабдықтың, механизмдердің, құралдардың нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану ережесін. ПБУ-дан бұрғылау кезінде - теңіз ұңғымаларын бұрғылауға қолданылатын су үстіндегі және су асты жабдығының құрылымын; теңіз ұңғымаларын сынау және игеру технологиясын; ПБУ бұрғылау кешені жабдығының құрылғысы және техникалық сипаттамасын; жылу жүйесін жабдықтау әдісін; бұрғылау жабдықтарын майлау ережесін және картасын; көлбеу бағытталған ұңғымаларды өткізуге арналған құралдар мен аспаптар; долоттардың, бұрғылайтын, отырғызылатын және насосты-компрессорлы трубалардың типтік өлшемдері; отырғызылатын трубаларды ұңғымаға түсіруді дайындау ережесін; аспаптардың құрылғысы және бұрғы ерітінділерінің параметрлерін айқындау әдісін; бұрғы ерітінділерін дайындау, өңдеу және тазалау тәсілдерін; бұрғы ерітінділері мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін; бұрғы қондырғыларының схемасын және шығарындыға қарсы жабдықты пайдалану ережесін; шағын механикаландырылған және бақылау-өлшеу аспаптарының қолданылатын айлабұйымдарының мақсаты; атқыма және насосты ұңғымалардың жер үстіндегі жабдықтарын; ұңғыманы бұрғылау кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да басшылық құжаттарын; теңіз кемелерінде қызмет ету жарғысын.

Қоса алынған тереңдігі 1500 м дейінгі ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 4- разряд;

қоса алынған тереңдігі 1500 м жоғары және 4000 м дейінгі ұңғымаларды, сондай-ақ еңіс бағытты және жазық ұңғымаларды бұрғылау кезінде, тереңдігіне қарамастан - 5-разряд;

қоса алынған тереңдігі 4000 м -ден 5000 м дейінгі ұңғымаларды жүзбелі бұрғылау қондырғысынан (ПБУ) бұрғылау кезінде - 6-разряд;



Мұнай, газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғышысының көмекшісі (екінші) үшін 5, және 6-разрядтарға орта кәсіптік білім талап етіледі
28. Ұңғымаларды пайдалану және барлау электр бұрғылау кезіндегі бұрғышының көмекшісі
Жұмыс сипаттамасы. Мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылау кезінде, ұңғыманы бұрғылауды телебақылау мен басқа да электр жабдық түрлеріне, бұрғы қондырғыларындағы электр жабдығына, секциялық кабельді электр сымын, телеметриялық жүйе қолданылатын электр бұрғыға қызмет көрсету. Электр бұрғыны, ток қабылдауышты, ток жеткізгіні қарау және тексеру, олардың ақауларын жою. Забойға долот беруді автоматты реттеуішті және электр бұрғыны басқару стансасын баптау. Бұрғы трубаларындағы, жұмыс штангасындағы, тиеу электр магнитті контакторындағы, сақтандыру жұмыс ауыстырғышындағы кабель секцияларын ауыстыру. Ток жеткізгіні, телеметриялық жүйе қолданылатын электр бұрғының, ток қабылдауыштың, микросхема қолданылатын электр бұрғыны пайдаланылуын қорғау құрылғысы мен басқа да арнаулы жердегі электр жабдығының техникалық дұрыс пайдаланылуын қадағалау. Электр бұрғы изоляциясының шамасын өлшеу, май қысымын бақылау. Майды электр бұрғыға айдау. Бұрғы құралын түсіру кезінде контакті қосылыстарын тазалау және токжеткізгі изоляциясын өлшеу. Жұмыс істеп тұрған забой қозғағышының (электр бұрғының) қуатын ұңғыманың тереңдігіне қарай трансформатордың көмегімен реттеу. Вахталық журналды және электр бұрғымен бұрғылау кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін арнаулы материалдардың жұмсалу есебін жүргізу. Электр бұрғыны, изоляцияны бақылау құралы құрылғысын және сақиналы электр қабылдауыштың ауыстырылуына, бұрғы қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу, телеметриялық жүйе мен микросхема қолданылатын электр бұрғымен ұңғыманы бұрғылайтын арнаулы электр жабдығын қоса алғанда, электр жабдығын монтаждау және демонтаждау жөніндегі электр жөндеушінің жұмысына басшылық ету.

Білуге тиіс: мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін, электротехника негіздерін; тұрақты және ауыспалы ток электр қозғағыштарының, трансформаторлардың, электр бұрғылардың барлық түрлерінің, ток жеткізгінің және барлық арнаулы электр жабдығының құрылымын, қызмет көрсететін қондырғылар мен механизмдердің электр сызбалары мен техникалық сипаттамаларын; электр бұрғы мен долотты беру автоматын басқару сызбасын; электрмен қамтамасыз ету және бұрғылауды жарықтандыру сызбасын; электр бұрғы мен ток жеткізгіні пайдалану нұсқаулығын; еңісті ұңғымаларды бұрғылау үшін қойылған бағдарлау аппаратының құрылымы мен жұмыс принципін, және осы аппаратты пайдалану мен оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты; бұрғылау электр жабдығын, ауа және кабель желілерін монтаждау, жөндеу, түгендеу және пайдалану жөніндегі техникалық ережені; жерге қосу құрылғысын мен оның нысанын; қуат коэффициентін арттыру тәсілдерін және электр энергиясын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді.

Қоса алғанда 1500 м дейінгі ұңғыманы бұрғылау кезінде - 4-разряд;



1500 м жоғары ұңғыманы бұрғылау кезінде - 5-разряд.
29. Бұрғы ерітіндісін дайындаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғы ерітіндісін дайындаушының басшылығымен бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу. Балшық араластырғышты немесе гидроараластырғышты балшықпен, сумен, ауырлатқышпен, химреагенттермен толтыру. Балшық араластырғышты немесе гидроараластырғышты қосу және тоқтату, жаппаларды ашу және дайын бұрғы ерітіндісін қосалқы амбарларға айдау. Бұрғыларға жөнелту үшін ерітінді тасығыштарға бұрғы ерітіндісін толтыру. Балшық араластырғыштың немесе гидроараластырғыштың жұмысын қадағалау. Ағызу шлангілері мен балшық араластырғышты шөгіндіден тазарту. Химреагенттер мен ауырлатқыштарды түсіру және тасымалдау.

Білуге тиіс: балшықтың, ауырлатқыштар мен химреагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін; бұрғы ерітіндісінің, ауырлатқыштар мен химреагенттердің нысанын; бұрғы ерітіндісінің параметрлерін анықтайтын бақылау-өлшеу аппаратурасының нысанын және оны пайдалану ережесін; химреагенттермен жұмыс істеу ережесін; бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу жабдығы мен айлабұйымдарының нысаны мен құрылымын.
30. Бұрғы ерітіндісін дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу. Бұрғы ерітіндісін қосалқы амбарлар мен ерітінді тасығыштарға толтыру. Бұрғы ерітіндісін дайындау және айдау кезінде насостардың жұмыс режимін іріктеу. Насостар мен жоғары қысым желілерін престемелеуге, балшық зауытында немесе бұрғылауда орнатылған насостар мен басқа да жабдықты алдын алу және ағымдық жөндеуге қатысу

Білуге тиіс: балшықтың, ауырлатқыштар мен химреагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін; механикалық және гидравликалық балшық араластырғыштардың, жетекті механизмдер мен балшық зауытының басқа да жабдықтарының техникалық сипаттамасы мен жұмыс принципін; слесарь ісін, орындалатын жұмыс көлемінде.
31. Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген афегаттарды, жүйелер мен қондырғыларды біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғыға қызмет көрсетуші слесардың басшылығымен бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау және қызмет көрсету. Бұрғы насостарының тозған бөлшектерін ауыстыру. Мұнараның, таль жүйесінің, маршты баспалдақтың жай-күйін тексеру. Сағалық және фонтанды арматураны құрастыру, бұрғы қондырғысы жабдығын демонтаждау жөніндегі жұмыстарға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; таль желісін жабдықтау әдістерін; бұрғы жабдығын майлау ережесі мен картасын; шықпаға қарсы жабдықты орнату сызбасын; қолданылатын шағын механизация айлабұйымдарының және бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын.
32. Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі агрегаттар мен бұрғы қондырғыларын, сондай-ақ пневмобасқару жүйелері мен оның блоктаушы құрылғыларын, құралды автоматты түсіру мен көтеру механизмдері кешенін, шықпаға қарсы жабдықты және оны басқару қондырғысын, автоматты бұрғы кілттерін, бақылау-өлшеу аспаптарын, бұрғы еретіндісін дайындау блоктарын, шығыр мен жүк көтеру крандарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау және қызмет көрсету. Айналма ұстындар мен ұңғыма сағасы жабдығын түсіру, сағалық және фонтанды арматураны құрастыру және орнату, бұрғы қондырғыларын монтаждау, демонтаждау және пайдалануға тапсыру жұмысына қатысу.

Білуге тиіс: бұрғы қондырғысының жабдығы мен қолданылатын аспаптардың конструктивтік ерекшеліктерін; бұрғы қондырғысы мен жабдығының жөндеу, құрастыру, монтаждау кезіндегі жұмысты ұйымдастыру және оның технологиялық кезектілігін; бұрғы қондырғысының жабдығын пайдалану ережесін, оларды жөндеу кезінде қолданылатын барлық материал түрлерін; бөлшектердің уақытынан бұрын тозуын айқындау тәсілдерін; машиналар мен агрегаттарды статикалық және динамикалық теңгермелеуді; тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін; мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі деректерді; тораптар мен механизмдерді майлау жүйесін.

Мұнай мен газды пайдалану және тереңнен барлап бұрғылау қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.



Орта кәсіптік білім талап етіледі.
33. Бұрғы құлыптарын орнатушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді бұрғылау трубаларына ыстық күйінде және тез балқитын бұрғы трубаларына суық күйінде орнату. Трубалардың, құлыптардың, муфталардың резьба элементтерін тексеру және оларды калибрлеу процесінде ақауға шығару. Құлып бөлшектерін трубаға тартпа бойынша селективті іріктеу. Резьбаларды барлық жүйедегі калибрлер бойынша өлшеу. Калибрлердің, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдың жай-күйін бақылау. Құлып бөлшектерін түрлі қыздыру пештерінде қыздыру. Құлып бөлшектерін қыздыру температурасын және олардың бекітілу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: трубалардың, құлыптардың, муфталардың, қолданылатын калибрлердің, өлшеу құралдарының нысанын, типі мен мөлшерін; резьба түрлері мен оларға белгіленген шектеулерді; трубалардағы таңба мағынасын; құлып бөлшектерін суық жағдайда бекіту сәтінің шамасы мен ережесін; қыздыру пештерінің құрылымын; құлып бөлшектерін қыздыру температурасын анықтайтын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; трубаның барлық түрлерінің резьбасын майлауға арналған пастаның құрамы мен нысанын; механикалық кілттің құрылымын және оны басқару ережесін.
34. Бұрғыға қызмет көрсетуші электр монтері
Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы қондырғыларының электр жабдығына, кернеуі 6 кВ дейінгі электр қозғағыштардың таратып бөлу құрылғыларына, кернеуді басқару стансаларына, насос жетектеріне, шығырлар мен басқа да жабдықтарға, долоттың берілуін реттеуішті басқару стансасына, түсіру-көтеру операциялары автоматының электр ұнтақты тежегішіне қызмет көрсету. Қайталама коммутация және релелік қорғаныс сызбаларына: ток, дифференциалдық және т.б. қызмет көрсету. Автоматты басқарылатын кернеуі 6 кВ дейінгі электр жабдығы мен жетектеріне қызмет көрсету. Бұрғы қондырғыларының барлық электр жабдықтары мен жерге қосу құрылғыларын монтаждан кейін қабылдау, электр қозғағыштарды инженер-техникалық персоналдың қадағалауымен сынап қосу. Электротехникалық жабдықтың күрделі сызбалары мен и құрылғыларындағы ақауларды тексеру және жою. Электр қозғағыштарды басқарудың контактісіз элементтерде (тиристорлы сызбамен) жасалған күрделі басқару сызбаларындағы ақауларды тексеру және жою. Электр жетектердің тиристорлық өзгерткіштері жәшіктерін реттеу және баптау. Электрлі машинамен басқарылатын, ток пен кернеу бойынша кері байланысты агрегат электр жабдығына қызмет көрсету. Электр қазандықтарына қызмет көрсету және жөндеу. Бұрғы қондырғысының электр жабдығының таратып бөлу құрылғысын ұңғыманы бұрғылау процесінде жөндеу және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: мұнай, газ, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазба ұңғымаларын анықтауға бұрғылаудың технологиялық процесін, электротехника, телемеханика және электротехника негіздерін; электр машиналарының, аппараттардың, өлшеу аспаптарының, автоматты реттеу және телемеханика құрылымы мен электр сызбаларын; электр жабдығын, кабельді және ауа желілерін сынаудан өткізу әдістерін; қызмет көрсететін нысанның және бұрғы қондырғысының әр учаскесінің толық электр сызбасын; күрделі электр аспаптарын, өлшеу, пісіру және күштік трансформаторларды, түзеткіштерді, насостардың, шығырлардың, роторлар мен долот беру автоматтарының қозғағыштарын тиристорлық басқару сызбасын қоса, автоматты реттеу аспаптарын жөндеу және баптау ережесін; өзгерткіштер мен әртүрлі генераторлардың жұмыс принципін; электр машиналары мен аппараттарының жекелеген бөліктерін бұрғылау жағдайында ауыстыру тәсілдерін; қуат коэффициентін арттыруға арналған статикалық конденсаторларға деген қажеттілік есебін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Негізгі агрегат ретінде қоса алғандағы қуаты 320 кВт дейінгі (қоса алғанда) асинхронды электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 4-разряд;

негізгі агрегат ретінде тұрақты ток электр қозғағыштары, синхронды жоғары вольтті қозғағыштар немесе қуаты 320 кВт жоғары 500 кВт дейінгі 320 кВт дейінгі синхронды және асинхронды электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 5-разряд;

негізгі агрегат ретінде қуаты 500 кВт жоғары, тұрақты және ауыспалы ток электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 6-разряд.


Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының,

олардың қолданыстағы (2002 жылғы басылым) БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі


Р/с №

Осы бөлімге енгізілген кәсіптердің атауы

Раз-ряд-тар диа-пазо

ны


БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы бойынша атаулар (2002 ж. басылым)

Раз-ряд-тар диа-пазо

ны


БТБА шы-ғары-лымы-ның №

Бөлімнің қысқар-тылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1

Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылаушы


5-8

Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылаушы


5-8

6

Ұңғыма бұрғылау

2

Мұнара монтаждаушы

3-8

Мұнара монтаждаушы

3-8

6

-//-

3

Мұнара монтаждаушы-пісіруші

3-6

Мұнара монтаждаушы-пісіруші

3-8

6

-//-

4

Мұнара монтаждаушы-электр жөндеуші

3-5

Мұнара монтаждаушы-электр жөндеуші

3-5

6

-//-

5

Зертханашы-коллектор

2-3

Зертханашы-коллектор

2-3

6

-//-

6



Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинисі

3-6

Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының машинисі

3-6

6

-//-

7

Цементтеуші агрегат моторисі

5-6

Цементтеуші агрегат моторисі


5-6

6

-//-

8

Цемент-құм араластыру агрегатының моторисі

5-6

Цемент-құм араластыру агрегатының моторисі

5-6

6

-//-

9

Цементажды бақылау стансасының оператор-моторисі

5-6

Цементажды бақылау стансасының оператор-моторисі

5-6

6

-//-

10

Ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі оператор

4-5

Ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі оператор

4-5

6

-//-

11

Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор

3-5

Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор

3-5

6

-//-

12

Трубаларды престемелеуші

3-5

Трубаларды престемелеуші

3-5

6

-//-

13

Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (бірінші)

4-7

Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (бірінші)

4-7

6

-//

14

Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (екінші)

4-6

Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылау бұрғышысының көмекшісі (екінші)

4-6

6

-//-

15

Ұңғымаларды пайдалану және барлау электр бұрғылау кезіндегі бұрғышының көмекшісі

4-5

Ұңғымаларды пайдалану және барлау электр бұрғылау кезіндегі бұрғышының көмекшісі

4-5

6

-//-

16

Бұрғы ерітіндісін дайындаушы

2-3

Бұрғы ерітіндісін дайындаушы

2-3

6

-//-

17

Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь

4-6

Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь

4-6

6

-//-

18

Бұрғы құлыптарын орнатушы

4

Бұрғы құлыптарын орнатушы

4

6

-//-

19

Бұрғыға қызмет көрсетуші электр монтері

4-6

Бұрғыға қызмет көрсетуші электр монтері

4-6

6

-//-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет