III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Тақырып
|
Моңғол империясының құрылуы
Ақ Орда
|
Оқу мақсаты
|
6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау
6.3.2.5 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
• Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді
• XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
1. Төменде берілген мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, Моңғол әскерінің жеңістке жетуінің себептерін анықтаныз.
Шыңғыс-хан мемлекетті әскери тұрғыдан ұйымдастырды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге бөлінді. Олардың әрқайсысы он мың адамнан тұрды, «мыңдықтар» – он «жүзден», ал «жүздіктер» «ондықтан» құралды. Мемлекеттің барлық аумағында 95 түмен болды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ»деп аталды.
2. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды сөздерімен сәйкестендіріңіз. Цитаталармен байланысты саяси оқиғаны толықтырыңыз.
Тарихи
тұлғалар
|
жауабы
|
Тұлғалардың сөздерінен үзінділер
|
Цитаталармен байланысты саяси оқиғалар
|
1.Ұрыс хан
|
|
А. «Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді»
|
|
2. Өзбек хан
|
|
В. «Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!»
|
|
3.Тоқтамыс
|
|
С. «Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық»
|
|
4.Әмір Темір
|
|
D. «Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...»
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |