6-сынып. «Құстар біздің досымыз»



Дата04.07.2016
өлшемі47.19 Kb.
#178526
6-сынып.

«Құстар біздің досымыз»

Ғайша Досалиева

Биология және валеология пәнінің мұғалімі.

«Ақбастау» жалпы орта мектебі,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Ақбастау ауылы.
Мақсаты: Әртүрлі құстар түрімен және»Қызыл кітапқа» енген құстармен таныстыру. Оларды қамқорлыққа алу.

Тәрбиелік мәі: Табиғатты,құстарды сүйіп, оларға қамқорлық жасап, қорғай білуге баулу.



1-жүргізуші:Табиғаттағы көрікті тіршілік иелері, адамдардың достары құстар. Алайда, құс табиғатқа тек көрік беріп қана қоймайды.Құстар көркімен де, әсем әуенімен де сымбатты.Адамдарды естетикалық ләззатқа бөлейді.Олардың көпшілігі жәндіктерді, кеміргіштерді, бау-бақша, орман-тоғай, дала зиянкестерін жеп адамзатқа пайда келтіреді.

«Құс болсаң, жібектей бау тағар едім.

Қолға алып сылап сипап бағар едім»- деген өлең жолдарынан атам қазақ халқы ежелден құсқа деген сүүіспеншілікті паш еткен.

2-жүргізуші:

Көгалменен көркейіп тау мен дала.

Кәусар бұлақ сыңғырлап сай салада.

Көк торыдай аспанда күн күлімдеп,

Көктем келді гүл жайнап айналаға.

Қарсы алуға қуанышпен, құрметпен.

Адам жанын өлең еткен, жыр еткен,

Жыл ішінде жайраңдайтын мезгіл бар.

Өмір қойған оның атын нұр көктем.

Көктем келді өн бойына нұр толып,

Көктем келді көлде шалқып ойнайды.

Құс қиқуы көтерілді жыр болып,-дей отырып, бүгінгі құстар күні мерекесіне келген оқушыларымызды топтарға бөліп ойын сайысын өткізсек. Балалар қалай қарайсыңдар? Олай болса, топқа бөлініп, топ аттарын даярлайық.



1-жүргізуші. Ал енді топтарды ойын барысымен таныстырып өтейік.

1.Сәлемдесу.

2.Интеллектуалды эстафета.

3. «Ойла, ойна» сайысы

4. Топтық өнер.

2-жүргізуші:Сонымен сайыскерлеріміздің топ аттарымен таныс болайық.

1.Аққу


2.Көгершін

3.Сандуғаш



1-жүргізуші.Ал енді бірінші кзең, сәлем сөздің патшасы демекші, «Сәлемдесу». Әр топ өздерін таныстырып кетеді.Топтарға бірілетін уақыт 3минут.

2-жүргізуші.

Қар су болып жөнелді,

Қалды дала жалаңаш.

Күн нұрына кенелді,

Бүршік атып қарағаш.

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшағ ән салып,

Олардың жас достары,

Ұя салып қарсы алды,-дей отырып, ойынымыздың келесі кезеңі «Интеллектуалды эстафета» , бұл 3 кезеңнен тұрады.

1). «Эстафеталық ойын». (өз мекенін табу)

2). ОҚО-ғы қызыл кітапқа енген құстарды табу.

3). Мақал-мәтел. (Жалғасын табу)

Сонымен Эстафеталық ойынның шарты. «Өз мекенін табу» кезеңі. Әр командадан ойынға қатысатын бір оқушы шығып, берілген құс суреттерінің тапсырмаларын команда мүшелерімен орындап, сол құстың мекенін тауып орналастыру.

1). «Эстафеталық ойын». (өз мекенін табу) кезеңі.

1. Құмай-биік тауларда. Шағала-су жағалауы. Қоқиқаз-тұзды көл жағалауы

2.Отүйрек-қамысты көлдер. Дуадақ- егістік алқаптар . Кептер-ескі ағаш қуыстары.

3.Байғыз- құмды, балшықты шөлдер мен шөлейттер, Тоқылдақ-кәрі ағаштары көп ормандар. Ортұмсық-тасты аралшықтар

Берілетін уақыт 3-минут

2. ОҚО-ғы қызыл кітапқа енген құстарды табу. Шарты: оқушылар бірнеше құстардың ішінен ОҚО-ғы қызыл кітапқа енген құстарды тауып ажырату. Берілетін уақыт 3 минут.

3.»Мақал-мәтел маржан сөз, қоса көрме арзан сөз» дегендей, екінші мақал-мәтел жарысы, кімнің мақал шешуге жүйрік екенін байқайық. Сонымен ойынымыздың шарты. Әрбір оқушы мына кедергілерден өтіп мақалдың жалғасын табады.

1).1. Ақсұңқар ұшар жем үшін,

Ержігіт туар ел үшін.

2. Балапан басымен

Тұрымтай тұсымен

3. Құс балапаны өшін тұзаққа түседі.

2). 1. Жапалақ сипағанмен

Сұңқар болмас.

2. Құс патшасы-бүркіт.

3.Ителгінің қызығына қызсаң,

Қаршығаңды қамшы етерсің

3). 1. Құс қос аяғымен ұя салады.

2. Қыран күнге қарасада кірпігін қақпас.

3. Құс жаманы саңғығыш,

Адам жаманы мақтанғыш.



1-жүргізуші. Келді көктем далаға ,

Келді сұлу шағала.

Күннің көзі көрінді,

Жыршы құстар көп келді-демекші келесі 3-ші кезең «Ойла, ойна» сайысы. (Дыбысынан тану). Шарты: Алдымен музыканы тыңдап алып, осы құс қай құс екенін табу.

1.Тоқылдақ 7. Қарақұр

2.Шымшық 8. Қарға

3.Тотықұс 9. Қарлығаш

4. Үкі 10. Аққу

5.Бұлбұл 11.Бүркіт

6. Шағала 12. Үйрек

Берілетін уақыт 5 минут

Ал енді осы О Н Д Р Ш І Т А Қ П Л Ы З С Ж Е Ғ Ұ әріптерді қолданып, құстардың атын құрастыру. Берілетін уақыт 3 минут.



2-жүргізуші. Асыл тастан өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса халық сөзі,

Әрқашан да нанымды дей отырып «Топтық өнер» кезеңіне кезек берейік.

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді, құстарға байланысты өлең, тақпақ немесе би өнерлеріңізді көрсетуге болады. Берілетін уақыт 3 минут.

Енді қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап болғанша экологиялық орталықтың «Биосфера қорғаушылары» тобының «Біздің таңдауымыз салауатты өмір салты» тақырыбындағы үгіт насихатын тыңдаңыздар.

Ойын жеңістер мен жеңілістен тұрады

Өмір күрес, жеткіземе мұратын.

Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғынатын-дей келе, құрметті қазылар алқасы сіздерге сөз кезегін берсек



2-жүргізуші. Сақтайық жұрт, даламыздың сән-көркін,

Самғасын құс, асыра салсын, аң еркін.

Жайнай берсін, нулы көлдер, ормандар,

Бауырларым, игілігің сендердің!- деп,бүгінгі «Құстар біздің досымыз!» атты, сайысымызды аяқтаймыз. Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар



Бүкілдүниежүзілік жануарларды қорғау.

Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күнін атап өту туралы шешім 1931 жылы 4 қазанда Флоренцияда өткен табиғатты қорғауды қолдаушылар қозғалысының халықаралық конгресінде қабылданды. Әлемдегі көптеген елдердің жануарларды қорғау қоғамы жыл сайын әртүрлі бұқаралық шаралар ұйымдастырылады

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет