6-сынып Тас дәуірі


Миграция  (қоныс  аудару)  –



Pdf көрінісі
бет476/542
Дата27.01.2022
өлшемі1.65 Mb.
#454884
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   542
ЖҰБАНЫШЕВ2021

Миграция  (қоныс  аудару)  –  халықтың  өз  елінің  ішінде  немесе  бір  елден  екінші  елге  қоныс  аударуы, 
тұрғылықты орындарын ауыстыруы. 
Микролит – мезолитте пайда болған, ұзындығы 1-2 см болатын геометриялық пішіндегі құралдар жасалған 
ұсақ сына тастар. 
Милитаризм – әскери күш-қуатты арттыру, қауырт қарулану мен соғысқа дайындықтағы белсенділік саясаты. 


 
Минарет – мінажат етушілерді намазға шақыратын, мешіт жанынан салынатын биік мұнара. 
Миршикар – ханның аң аулау ісін басқарушы. 
Миссионерлер – халық арасына жат дінді насихаттау үшін жіберілетін адамдар. 
Мистика – табиғаттан тыс таңғажайып күштің бар екендігіне сену. 
Мобилизация – 1) мемлекеттің қарула күштерінің, азаматтық қорғанысы мен халық шаруашылығының немесе 
қарулы күштері бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; 2) запастағы әскери міндеттілерді армияға шақыру. 
Монархия – жоғарғы өкімет билігі жеке-дара (әдетте, мұрагерлік жолмен) билеушінің қолындағы басқару түрі, 
сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет. 
Молда (араб. Лула – билеуші, қожайын) – исламдағы Құдайға табыну қызметшісі. 
Мораторий  (лат.  moratorium  –  кейінгі  қалдыру,  соза  тұру)  –  мемлекеттің  өз  іс-әрекетінің  халықаралық 
міндеттермселерінің, шарттарының орындалуын тоқтата тұруы. 
Мөр – қағазға басу үшін жұмсақ материалға (балшық, балауыз т.б.) ойылып түсірілген суретті таңба. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   542




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет