6. Талдамалық жазба. 1-бағыт: Экономика 1-мақсат: Инфляциялық үдерістерді реттеу



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/3
Дата26.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3


6. Талдамалық жазба.
1-бағыт: Экономика
1-мақсат: Инфляциялық үдерістерді реттеу

Статистикалық мәліметтерге қарағанда 2012 жылғы желтоқсан айында тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағларының индексі 2011 жылдың желтоқсанына қарағанда Қарағанды қаласы бойынша 106% құрады, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 1% төмен, орташа республикалық және жоспарлы «дәліз» шеңберіндегі көрсеткіш.

Тауарлар мен қызметтерге инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс Қарағанды қаласы әкімінің «Бағаның көтерілуін тежеу бойынша жұмыс топтарын құру туралы» 2012 жылғы 23 наурыздағы №38-ө өкіміне сәйкес жүргізіледі. Өкімге сәйкес бес бағыт: азық-түлік тауарлары; азық-түліктік емес тауарлар, тұрмыстық қызметтер және жанар-жағармай материалдары; коммуналдық қызметтер; дәрі-дәрмек және ақылы қызметтер; көлік қызметтері және байланыс қызметтері бойынша жұмыс топтары құрылған.

2012 жылы жұмыс топтары барлығы 14 отырыс өткізген, онда жұмыс топтарын үйлестірушілердің есептері тыңдалып, бағаның көтерілуін тежеу мәселелері талқыланды.


Өнеркәсіп
2-мақсат: Экономиканы жаңғырту және ұлттық және аймақтық экономикаларда бәсекеге қабілетті өндірістерді және дамыту негізінде өнеркәсіптің құрылымдық ілгерілеуі.
2012 жылы өндірістік өнім өндірістің жалпы сомасы 174 461,8 млн. теңге, 107,8% құрайды, 2011 жылға (2011 жыл факт 161 835,5 млн. теңге). Физикалық көлем индексінің есеп кезеңі – 104,2%.

Өндірісте өндірістік еңбегі – 6 484,8 мың теңге немесе 2009 жылға 141 %.

Өңдеу өндірістік өңдеу көлемі – 94 756,3 млн. теңге, 2011 жылғы деңгейін 8,5% жоғарлады. ФКИ – 109,4% (2011 жыл факт – 87 333,4 теңге).


3-мақсат: Қаланың энергетикалық кешенін тұрақты дамыту
3-ЖЭО-да жаңа №5 турбинаны іске қосып, толықтай қуатқа шығару электр қуатын 120 МВт дейін, жылу қуатын 140 Гкал. дейін ұлғайтуға, қазан агрегаттарының бу өндіру қуатын нақты шама – 420 тонн/с. дейін арттыруға, белгіленген қуаттылықты пайдалану коэффициентін 65,2% дейін көтеруге, көмірдің 50,8 мың тоннаға немесе 118 млн.теңгеге дейін үнемделуін қамтамасыз етуге және негізгі жабдықтардың тоқтап қалуын 50% төмендетуге мүмкіндік берді.
Агроөнеркәсіптік кешен
4-мақсат: Агроөнеркәсіп кешені салаларын тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін өсіру және қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2012 жылы НКИ-101,5%. Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы өнім көлемі 2145,4 млн.тенге.

НКИ қорытындылары бойынша өсімдік шаруашылығы (қызмет) жалпы шығарылымы 100,7% ,жоспардан 20,7% жоғары;

НКИ қорытындылары бойынша мал шаруашылығы (қызмет атқарулардың) жалпы шығарылымы 104,8% құрады, жоспар бойынша салыстырғанда 4,8% жоғары;

АӨК еңбек өндірімділігінің өсуі 8,5% құрады.

2012 жылы азықтық тауардың ішкі базарда қамсыздандыру деңгейі 100,5% құрады. АӨК өнімі экспортау бойынша өсімі 1.9 % құрады.

Аграрлық-өнеркәсіп кешенінің төзімді даму саласында бәсекеге қабілеттілігінің өсуі және қаланың азықтық қауіпсіздігінің қамсыздандырылуы

2012 жылы Қарағанды қаласында бекітілген Жоспарға сәйкес халық қауіпсіздігін және мал шаруашылығы өнім өндірісінің өсуін қамтамасыздандыру мақсатында противоэпихоотиялық іс-шаралар өткізілді.

Ветеринарлық-профилактикалық жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларына вакцинациялық, диангостикалық–профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Ауру жануарлардың қоздырғыштарының таралмауы үшін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасызет мақсатында жеке сою цехы, сою пункті (бекет) және 2 мал сою алаңы қызмет көрсетеді, сол жерде сойылып, жануарлардың өнімдері шығарылады.

1. «Ақнар ҚФ» ЖШС Октябрь ауданы, Солт. өндіріс аумағы;

2. «Арай KZ» ЖШС Казыбек би атындағы аудан;

3. «Черников и К» ЖК Сұрыптау станциясында Лесопитомник көшесі;

4. «Абишев» ЖК Резник көшесі

Қалада 3-ЖЭО ауданында 1 мал көміндісі жұмыс істейді.


Шағын және орта бизнес, сауда
5 мақсат: Бизнес-ортаны көтеру, кәсіпкерлікті дамыту және ішкі сауданың тиімділігін арттыру

2012 жылдың қорытындысы бойынша өнім өндірісі және СМП қызметін көрсету 320 072 млн. теңгені құрайды, ФКИ – 99,5%, осымен 2011 жылға көлемінің нақты өсімі 105,1% құрайды.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді саны 1000 тұрғынға 43,5 кәсіпорын құрайды.

Шағын және орта бизнеспен жұмыспен қамтылған саны 97,4 мың адам немесе 2011 жылға 103,4% құрайды.

Қала бойынша бөлшек сауда айналым көлемі 345 млрд. теңге (2011 жыл факті – 309 млрд. теңге). ФКИ – 108,2 %.

2013 эылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша Қарағанды қаласы бойынша POS-терминалдар саны 696 бірлікті құрайды.


Инновациялар және инвестициялар
6 мақсат: Инвестицияларды тарту және қала экономикасының инновациялық құраушы бөлігін дамыту

Негізгі инвесторлар капиталы 67,9 млрд. теңге, 2011 жылға 88,9 % құрайды (дефлятор есебімен – 5,2%), соның ішінде өндіруші өндіріс инвестициясына 5,7 млрд. теңге сомасы салынды, 2011 жылға ФКИ – 76,6%

2012 жылға қызмет және жұмыс, тауарлар сатып алу көлем жиынтығы қаланың 28 кәсіпорындары 30 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде қазақстандық қамту 21,1 млрд. теңге немесе 70,4%.

Соның ішінде:



  • Тауарлар сатып алу көлемі – 22,1 млрд. теңге, соның ішінде қазақстандық қамту 13,6 млрд. теңге немесе 61,4%.

  • Жұмысты сатып алу көлемі – 2,2 млрд. теңге, соның ішінде қазақстандық қамту 2,1 млрд. теңге немесе 97,7%.

  • Қызмет сатып алу көлемі – 5,7 млрд. теңге, соның ішінде қазақстандық қамту 5,4 млрд. теңге немесе 94,8%.

Жоспарланған көрсеткіштерді орындау мақсатында жаңа инвестициялық жобаларды дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

1. «Металлургия – Метал өңдеу» Индустриалды парк» ЖШС Қарағанды қаласында индустриалды парктің инфрақұрлымының құрлысы.

Жобаның іске қосылуы 21013 жыл. Қазіргі таңда «Казгерстрой» СП» ЖШС бас мердігепрімен жасалған жұмыс көлемі 80% құрайды.

2. «Вторпром» ЖШС төртбұрышты болат дайындау өндірісі бойынша металлургиялық зауыттың өндірісі. «Вторпром» ЖШС жабдықтауларын жаңалау және жаңарту жұмысы жүргізілді, 2012 жылы кәсіпорынмен 2 индукционды пешті алуға 2 млрд. теңге инвестициялады.

3. «Азия Метиз ТД» ЖШС болат сымдардың өндірісін ұйымдастыру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. Іске қосылу басынан 12 849 тонна сым өндірілді, соның ішінде 2012 жылы 8 130 мың тонна сым (100,6%). Кәсіпорын жоспарланған жобалық қуатқа шықты.

4. «Green Technology» ЖШС 3га жылы жай құрлысы.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 518,5 тонна қияр өндірілді. 2012 жылдың 7 желтоқсанында мәдениет егісі жүргізілді, 2013 жылдың аяғында өнімді жинау жоспарлануда.

5. «Номад» фирма ЖШС дәнді терең өңдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Жобаның іске қосылуы 2014 жылға жоспарлануда. «КазАгроФинанс» АҚ жобаы қаржыландыру туралы келісім алынды. 2013 жылы «ҚарағандыИнвест - 2012» халықаралық инвестициялық форумында «Номад» фирма ЖШС және «КазАгроФинанс» ЖШС өз аралық ынтымастық туралы жасалған меморандумға сәйкес 5,4 млрд. теңгені бөлу мәселелсі шешіледі. СМР бойынша сметалық құжат, өндірісті орналастыру жоспары, сонымен қатар, құрылыс алаңында инженерлік – геологиялық таңдамасы жасалды

6. «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС өндірістік қуатын кеңету және қайта құру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 59 531 тонна ұн және 16 486 тонна кебек өндірілді. Өнімдерді дамыту «АлмаИнвест» ЖШС және «Сельпром» ЖШС арқылы жүзеге асады.

7. «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» ЖК АҚ жаңа жабдықтаудың іске қосылуы, өндірісін ұлғайту.

Кәсіпорынмен жаңа жабдықтауды енгізу жолымен өндірістік көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2012 жылы инвестициялық құралға салынған сомасы 0,6 млрд. теңгені құрайды.

8. «Арай KZ». ЖШС – ет өндіріуші кешенінің құрлысы.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 20,6 тонна ет және ет өнімдері өндірілді.

9. «КазПласт» ЖШС – полимерлердің қалыптауын ротациялық әдіспен ірі полиэилен бұйымдарын өндіру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 231,2 тонна өндірілді (59,2%). Қазіргі таңда жаңа серіктестер іздеу жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде шет елден.

10. «Europack». ЖШС тауарларды буу үшін рәзеңке және пластмассалық өнімдерді өндіруді ұйымдастыру

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 33,5 млн. дана өндірілді. Негізгі тұтынушы «Алекс» ЖШС («Сарыағаш» минералды су) және «Юникс» ЖШС болып табылады.Кәсіпорын жоспарланған жобалық қуатқа шықты.

11. «Мерей» медичиналық мекеме үшін бір жолғы өнімдердің өндірісін ұйымдастыу

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 562,5 мың дана маска және бахилдер өндірілді. «СТОФАРМ» ЖШС және «Аманат» ЖШС өзара ынтымастық туралы меморандумға қол қойылды, сонымен қатар Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқарамасымен қол қою жоспарлануда.

12. «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС GMP стандарты бойынша органикалық фитопрепараттарды шығару бойынша үшінші кезекті фармацевтикалық кешеннің құрлысы.

Жобаның іске қосылуы 2013 жылға жоспарлануда. Кәсіпорын басшысымен және білім беру министрлігінің өкілімен, «Фонд Наука» АҚ жобаның құрлысы үшін 1 млрд. 86 млн. теңге бөлу мәселесі бойынша кездесу жоспарлануда.

«Фитохимия» МНПХ АҚ және «КФК» ЖШС арасында жобаны бірлесіп дамыту туралы шешім қабылданды.

13. «Корпорация Казахмыс» ЖШС КЛМЗ ф-л БелАз техниканы жинау және капиталды жөндеу, қосалқы бөлшектерінің өндіру және ұйымдастыру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. Іске қосылудың басында техниканың 3 бірлігі өндірілді. 2012 жылдың 8 қазанында «КазБелАз» СП ЖШС талабында кең шығаратын орынға 45 тонналы жүк көтеретін жүкті өзі түсіруге жинауға техникалық құжаттар алынды. «БелАз» ҚАҚ техникалық құжаттар бойынша БелАз-7547 кең шығаратын орынға жүкті өзі түсіруге жинау бойынша жұмыс жүргізілуде. СТ-КZ сертификатын алуға және тауардың шығу сараптамасын актісін дайындау үшін құжаттар дайындалуда. Басқа ұйымдар үшін агрегаттар және түйіндер, сонымен қатар, «Шұбаркөл Көмір» АҚ үшін БелАЗ 75473 кең шығару орындарына жүк түсіруге капиталдық жұмыс бойынша жұмыс жүргізілуде және келісім шартқа отырғызылды.

14. «КазАвиаСпектр» ЖШС ауылшаруашылығына арналған тікұшақтардың өндірісін ұйымдастыру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. Сертификат бойынша жұмыс жүргізілуде, қорытындысында Азаматтық авиациялық комитет ұшу жарамдылығына сертификат беріледі.

АҚШ қозғалтқышының өндірісін сатып алу және айналма құралдарын толтыру үшін «КазАгро» Қорымен жалпы 70 млн. теңге сомасына несиелік құралын бөлу бойынша мәселе шешілді. Қозғалтқыштармен жабдықтау және басқада авиониктер 2013 жылдың 1 тоқсанында қамтамасыз етіледі. Жобалық қуатқа шығудың кестесінен қалып қою негізгі себебі тікұшақтардың дайындау технологиясын қамту уақытының ұзақтылығы болып табылады. Қазіргі таңда 7 пластикалық моторсыз ұшатын жеңіл аппарат жиынтығы жасалды. 2013 жылдың ақпанында 5 қозғалтқышты қою жоспарлануда. 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 5 тік ұшақтар жасалады.

15. «Айқын Жол» ЖШС су жүргізілетін көпір және құбырдың монтажы және дайындау технологияларды игеру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 67,7 тонна конструкция өндірілді. «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры» АҚ бірге кәсіпорынның сайты жасалды, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігімен және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ бірге «Жезқазған - Бейнеу» Т/Ж құрылысында МГК қолдану үшін рұқсаттама құжаттарын дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге, «KazNex Invest» АҚ бірге МГК әрі қарай экспорты үшін сауда миссиясына қатысу, халықаралық көрмеге қатысу мәселелері істелуде. 15. Освоение технологии изготовления и монтажа водопропускных труб и мостов ТОО «Айкын Жол».

16. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС Қарағанды ТЭЦ-3 қуатын кеңету және жаңарту.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 157 Мвт (100%), және 185 Гкалл/час (100%). Кәсіпорын жоспарланған жобалық қуатқа шықты.

17. «КМЗ им. Пархоменко» ЖШС жүк таситын темір жол вагондары үшін ірі құю өндірісі.

Жоба 2012 жылы 21 желтоқсанда іске қосылды. «Вагоны» ғылыми – инновациялық орталығы» сертификациялық сынақ өткізуге келісім-шартқа қол қойылды, сертификациялық сынақ үшін ақшалай құрал бөлуге «Трансмаш» КБ мәселе шешілуде. Ақауды шығару үшін тәжірбиелі модельдермен жұмыс жүргізілуде, көрсетілген жұмысты 2013 жылдың І тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

18. «PROLUX KZ LTD» ЖШС жарықдиодты шамдарды өндіруді ұйымдастыру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 3 940 шамдар өндірілді. Қазіргі таңда «КазМунайГаз» НК АҚ ЖЖМ жарықтандыру үшін 500 шамнан артық қоюға келісім шарт бар, Жанаөзен қаласынан 850 шамға тапсырыс берілді, сонымен бірге, «Горсвет» КМК жарықдиодты шамдарды орнату үшін жол тізімі және көлемі берілді.

19. «Борусан Макина Казахстан» ЖК ЖШС ауыр техникаға қызмет ету бойынша сервис орталығын құру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 455 компоненттер өндірілді. Кәсіпорын жоспарланған қуаттық жобаға шықты.

20. «TREI-Караганда» ЖШС өндірістік процесс басқару заманауи жүйесін ұйымдастыру.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 215 бақылаушы өндірілді. Қарағанды ірі компаниялары «TREI-Караганда» ЖШС бақылаушы жабдықтауларды тесттік сынауды өткізуге ынта білдірді, сонымен бірге құралдарды жаңарту бойынша жұмыста қолдану мүмкіндігін қарастыруда. Жалпы, «TREI-Караганда» ЖШС кәсіпорынымен ынтымастық орнатуға дайын және қызмет және жұмыс сатып алу бойынша тендерге қатысуға шақырады.

21. «Экостройсервис» АҚ жаңа құрлыс материалдарының өндірісі. Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 3 479 м3 темірбетондық өнім өндірілді.

22. «ФаросГрафикс» ЖШС – қағаз кесу машинасы және түрлі-түсті басып шығару машинасын шығару.

Кәсіпорын 2011 жылы іске қосылды. 2012 жылы 801,8 тонна парақтар шығарылды. «Форма Плюс» ЖШС ұзақ мерзімге келісім-шарт жасалды. Кәсіпорын жоспарланған жобалық қуатқа шықты.

23. «ТИАТР» ТНК ЖШС – полиэтиленді құбыр өндірісі.

Жобаның іске қосылуы 2012 жылдың 14 маусымында жүзеге асты. Қазіргі таңда «ТНК ТИАТР» Жайрем кентінде су құбырын құрлысы үшін өнімдерін қоюда.

Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту үшін іс-шара жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Қазқтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде кезекті аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрме өтті. Аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» конкурс – көрмесіне Қарағанды қаласының 22 кәсіпорындары қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша қаланың 2 кәсіпорыны өз номинациясында І орын алуымен «Хрустальная стела» жүлде лауреты болып табылды:


  1. «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС – «Лучшие продовольственные товары» номинациясы;

  2. «Feza-Plast» ЖШС - «Лучшие товары для населения» номинациясы.

«Минова Казахстан» СП ЖШС сапа саласында Қарағанды областының әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.

2012 жылы қазанда Қарағанды қаласының кәсіпкерлер Форумы өтті. Форум жұмысына ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасының даму институттары, қаржы институттары, бмзнес ассоциациядары және Қарағанды қаласының 300 артық кәсіпорындары қатысты. Форум қатысушылары мемлекеттік даму бағдарламаларымен және Қарағанды қаласының бизнесті дамытуда өзекті мәселелерді талқылауға қатысты.

Ұлттық компаниялармен және аймақтық ірі жүйе қалыптастырушы кәсіпорындарымен және Қарағанды қаласының тауар өндірушілер арасында өзара тиімді ынтымастықты орнату бойынша жұмыс жүргізілуде.

Экспортталған өнім көлемдерін ұлғайту мақсатында «Экспорт 2020» бағдарламасын дамытуда аймақтық экспортерларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2012 жылы мына кәсіпорындар өтініш білдірді: «Казгрейн» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «Конфеты Караганды» АҚ, «Евразиан Фудс» АҚ.

Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімімен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын құралын қолдау және индустрилизация Картасына жаңа жобаларды енгізу мақсатында жаңа технологияларды енгізу, жаңарту және өндірісті кеңету бойынша кәсіпорын басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда индустриализация Картасына Қарағанды қаласынан жалпы сомасы 100 млрд. 459 млн. теңге 28 инвестициялық жоба енгізілді. 2012 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының құралдарын қолдау бойынша Қарағанды қаласының 68 кәсіпкерлерінің жобалары мақұлданды, соның ішінде, инфрақұрлымды қажетті өндірістік жеткізу мәселесі бойынша кәсіпкерлерден 8 өтініш түсті.


Қорытынды:

1-ші «Экономика» бағыты бойынша нәтижелердің 6 мақсаты, 8 міндеті, 10 мақсатты индикаторы, 22 көрсеткіші көзделген.

Оның ішінде 2012 жылдың қорытындылары бойынша «Инвестицияларды тарту және қала экономикасының инновациялық құраушы бөлігін дамыту» мақсаты аясында бір «Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі» мақсатты индикаторына қол жеткізілмеген. 103% жоспарға қарағанда негізгі капиталға инвестициялардың НКИ 88,9% құрады.

2012 жылдың қорытындылары бойынша Қарағанды қаласы бойынша 2011 жылға қарағанда негізгі капиталға инвестициялардың 11,1% төмендегені байқалады (67,8 млрд. теңге немесе 88,9%, дефлятор есебімен 5,2%).

Төмендеу себептері:

- Қарағанды қаласында 2010-11 жылдары жалпы 8 млрд. теңгеге жуық сомаға әлеуметтік жобалар іске асырылды («Мешіт», «Мұзды сарай», «Теннис орталығы» және «Бокс орталығы»);

- 2011 жылы жалпы сомасы 23,5 млрд. теңгеге Индустрияландыру картасының 15 инвестициялық жобасы іске асырылды (2012 жылы – 5,1 млрд. теңге сомасына 4 жоба);

- екі инвестициялық жоба: «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегінің құрылысы (650 млн.теңге) және «Номад» фирмасы» ЖШС астықты терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру (5,9 млрд. теңге) бойынша жобалардың іске асырылу мерзімдерін 2013 және 2014 жылдарға жылжыту болып отыр.

2013 жылы инвестицияларды салу көлемінің өсімін 106,0% көрсеткішімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр (71 792,6 млн.теңге).

Бұл, сондай-ақ, жабдықтарды жаңғырту және қайта жаңарту бойынша қаланың ірі кәсіпорындары жүргізген жұмыс есебінен болып отыр (алдын ала берілген мәліметтер бойынша жалпы сомасы 14 млрд. теңгеге). Бұлар – «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «Эфес Қазақстан» ШК АҚ, «Имсталькон-ҚМЗ» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС.

Бұдан тыс, жаңа инвестициялық жобаларды іздестіру бойынша, соның ішінде Аймақтық Индустрияландыру картасына енгізу үшін жұмыс жүргізіледі.
2-бағыт: Әлеуметтік сала
Білім беру
1-мақсат: Білім беру сапасын және оған деген қолжетімділікті қамтамасыз ету, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Қаланың 2012 жылғы білім жүйесінің басымды бағыттары:



  • Сапалы білім алуды қамтамасыз ету;

  • Балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдай тудыру және білім беруді жетілдіру;

  • Бағыттың тиімділігін арттыру және қалалық білім беру жүйесін қаржыландыру болып табылады.

Сапалы білім беруге кең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қалада мектепке дейінгі, мектепте оқыту және мектептен тыс 152 білім ұйым ұсынған білім беру ұйымдарының желісі бар, оның ішінде: 130 – мемлекеттік мекеме, жекеменшік – 22 мекеме. 2012-2013 оқу жылында ҚарГТУ жанындағы техникалық лицей өз жұмысын тоқтатты.

Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 74 ұйымды құрайды: балаларға арналған мемлекеттік мекеме 62 және 12 жекеменшік мекеме.

Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік секторына кіреді:


  • 40 балабақша;

  • 19 шағынорталықтар;

  • «мектеп-балабақша» 3 кешені.

Жалпы білім беру ұйымдарының желісі 88 ұйыммен ұсынылған:

  • мемлекеттік жалпы білім беретін ұйым – 80, 52557 оқушыны қамтиды;

  • жекеменшік – 8, 741 адамды қамтиды.

Мектеп сыртындағы ұйымдар желісі 9420 бала айналысатын 15 ұйымды ұсынады:

  • мемлекеттік 10 ұйым – 8399 баланы қамтыды;

  • жекеменшік 5 ұйым – 1021 баланы қамтыды.

Жалпы алғанда, мектептен тыс білім беру 17,9% құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту үшін басты мәселелердің бірден-бірі жағдай жасау болып табылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың барлығы - 17550. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 15093 баланы (86 %), 3-6 жасқа дейінгі балалар – 14976, 3-6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды 14561 (97,2 % құрайды).

Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы және олардың қоғамда бейімделуі бойынша жұмыс жүргізілуде. 42 білім ұйымында мүгедек балалар үшін кедергі аймақтары бар (27,6 %).

Жыл сайын балаларды қамту бойынша айлықтар өткізіледі, өткізілу барысына даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды оқытумен қамту және есепке алу айрықша назарда. Қарағанды қаласының 5 мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ұйымдастырылған. түзетіп дамыту шаралары қолданыла отырып оқытатын 30 сыныпта 309 оқушы қамтылған. Орта мектептерде 25 логопункт бар. 101 баланы үйден оқыту ұйымдастырылған. Қарағанды облысының білім басқармасы үйден оқытылатын мүгедек-балалар үшін жабдықтар сатылып алған, Қарағанды қаласының білім беру бөліміне мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалар үшін арнайы бағдарламалар орнатылған 25 компьютер берілді.

Мемлекеттік мектепке дейінгі 18 ұйымда 81түзету топ өз жұмысын атқуда:


  • тіл кемістігі бар – 48 топ;

  • нашар көретіндер – 25 топ;

  • нашар еститіндер – 1 топ;

  • ПДТ (психикалық дамуы тежелген) – 7 топ.

Логопедтік пунктер 12 мектепке дейінгі ұйымда бар.

Қалада 3 мамандандырылған балабақша бар («Батыр», «Ертегі», «Ертөстік»).

Білімнің сапасымен және қолжетімділігмен қамтамасыз ету, балалардың құқығын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және балалардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында білім бөлімі іс-шаралар өткізеді. Есеп беру кезінде қамқоршылық пен қорғаншылықтағы балалардың жалпы саны – 713. Оның 699 жәрдемақы алады, бұл 98% құрайды.

2012 жылы мемлекет көмегіне мұқтаж кәмелетке толмаған 331 бала анықталып, төмендегідей орналастырылды:



  • 49 бала – балалар үйіне берілді;

  • 41 бала – балалар үйі мен мектеп-интернаттарына берілді;

  • патронаттыққа бала берілмеген;

  • 137 бала қамқорлық мен қорғаншылыққа берілді;

  • 98 баланы ҚР азаматтары асырап алды.

Бүгінгі күні қамқорлыққа алынған баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 648, оның ішінде балалар –713.

Қамқорлық пен қорғаншылық секторының мамандары бала тәрбиелеуге байланысты 1035 сот процесіне қатысты.

Қазақ тілінде оқытатын мектептерде желінің айтарлықтай кеңейгенін айтып өткен жөн: 2010-2011 оқу жылында халықтың өтінімімен (оқушылардың ата-аналарының өтініштері негізінде) 62 мектепте қазақ тілінде оқытатын мектептер болса, сонымен қатар 10 қазақ мектебі және 52 аралас мектеп, бұл мектептердің жалпы санынан 77,5 % құрайды, онда 2011-2012 және 2012-2013 оқу жылдарында 68 мектепте қазақ тілінде оқытатын сыныптар өз жұмысын атқаруда (85%), соымен қатар 10 қазақ мектебі және 58 аралас мектеп. Егер 2011-2012 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын сыныптарда 17392 бала болса (оқушылардың жалпы санынан 33,2%), 2012-2013 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын сыныптарда 17790 бала (33,8%).

Тәрбие жұмысының қалалық жүйесі тек қана дәстүрлі іс-шаралармен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың түрлі нысандарымен сипатталады.

2012 жыл ағымында қалалық білім бөлімімен оқушылардың әлеуметтік жобалары «Мен азаматпын», патриоттық әндер «Жас сұңқар» , мектепшілік агитбригат «Салауатты тамақтану – салауатты ұлт», жол қозғалысы жас инспекторларының «Правовой дозор», «Театр және балалар» және басқа да 30 мыңнан астам балаларды қамтитын қалалық байқаулар өткізілді. Осы байқаулардың қорытындысы бойынша оқушылар грамоталармен, ескерткіш сыйлықтарымен, а мұғалімдер алғыс хаттарымен марапатталды.Қалалық іс-шараларға қатысатын білім ұйымдары санының көбейгенін айта кеткен жөн, оқушылардың белсенділіктері артты.

2012 жылы мемлекеттік жалпы білім беретін 80 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылды (100%). Қаланың барлық мектептерінде ыстық және буфеттік тамақ ұйымдастырылды. 2012 жылғы қаңтардан мамырға дейін тегін тамақпен 25118 оқушы қамтылды (55,9 % ыстық тамақпен қамтылған балалардың жалпы санынан), оның ішінен 21643 оқушы бастауыш мектептен және 3475 оқушы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан. 2012 жылығы қыркүйектен бастап 1-11 сыныптар бойынша әлеуметтікқорғалмаған отбасылардан ыстық тамақпен 3570 оқушы қамтылды.

Қаланың білім ұйымдарында маусым-тамызда 51 мектеп жанындағы лагерь (тамақпен, тамақсыз) өз жұмысын атқарды, онда демалыс және сауықтырумен 20715 оқушы қамтылды. Алғашқы кезекте мектеп жанындағы лагерлерге тегін жолдамалармен әлеуметтік қорғалмаған отбасыларынан шыққан 2425 бала қамтылды.

2012 жылғы 6 шілдеден бастап «Салют» атты қала сыртындағы лагерь жұмыс істей бастады, онда көрсетілген мезгілде жергілікті қаражат есебінен тегін жолдамалар бойынша 1420 бала демалды, олардың 1050 әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар.

2012 жылғы маусым-тамызда демалыс пен сауығумен қала мектептерінен барлығы 46970 бала қамтылды (100% 1-10 оқушылардың жалпы контингенті).

Қазіргі таңда қаланың білім ұйымдарында техникалық құралдармен 159 кабинет жабдықталды: физика – 36 кабинет, бұл 45% құрайды, химия- 22 кабинет, 27,5%, биология-33 кабинет, 41,25 %, тарих – 10 (12,5%), география – 7 (0,08%), 5 математика кабинеті – 0,06 %, 46 лингафондық-мультимедиялық кабинет – 57,5 %. Есеп беру мезгілінде 46 кабинет алынды, осылайша, кабинеттер саны көбейді (физика, биология, тарих, география, химия, математика). Барлық 80 мектепте 391 интерактивті тақта орнатылған, орташа есеппен алғанда әрбір мектепте 5 тақтадан.

Индустриалдық-инновациялық даму ақпараттық-коммуникациондық технологияларды белсенді ендірмей мүмкін емес. 6 мектепте интерактивті сандық подиумдар қойылған (№ 3,39,92,101,68,93 ОМ).

Барлық мектептерде интерактивті жабдықтар орнатылған және Интернет желісіне қосылған, барлық білім ұйымдарында өз сайттары бар. Білім ұйымдарында этап бойынша электрондық оқыту енгізілуде, дайындық жұмыстары жүргізілуде.2011 жылы 2 білім ұйымы (№ 39,92) электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізе бастады. Электрондық оқытуды тиімді енгізу үшін № 39 және № 92 гимназияларда республикалық бюджеттен әрбіреуіне 105 компьютерден қойылды. Қосымша e-learning жобасында қаланың тағы да 40 мектебі қосылды, демек, 52,5 % мектеп қамтылады. Есеп беру мезгілінде 18 мектеп республикалық бюджеттен 1283 компьютерлік техника алды.

Қаланың компьютерлік паркі 8013 машинаны құрайды, 1 компьютерге 6,5 оқушыдан. 2012 жылдың сәуірінде12 мектепке 154 компьютер (№ 45, 63, 100, 38, 23, 62, 21 лицей № 2, 101, 57, 51, 83), маусымда жергілікті бюджеттен 125 компьютер, шілдеде – 223 компьютер, тамызда-12.

Қала командасы осымен жетінші жыл жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар Республикалық олимпиадасының ІІІ облыстық этап көшбасшысы болып табылады. Оқушылар Республикалық олимпиадасының қалалық этабында 174 оқушы жеңді, 56 оқушы облыстық этапта жеңімпаз атанды (1 орын – 8, 2 орын – 15, 3 орын - 33) және 8 оқушы оқушылардың Республикалық олимпиадасында республикалық олимпиада нәтижелері бойынша 1 түлек ЖООоқуын жалғастыру үшін білім грантын жеңіп алды.

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары 6 оқушы болды: бір-бірден № 38 гимназия, № 101 МЛ және төртеуі № 2 лицейден.

№ 101 МЛ оқушылары «Инновациялы Қазақстан» жобасымен республикалық байқаудың жеңімпаздары атанып, «Самрұқ-Қазына» АҚ 5 миллион теңге сомасында білім грантын алды.

Облыс әкімінің «Қайнар» премиясына 2012 жылғы № 39 гимназияның «Шолпан»хореографиялық ұжымы және «Подростковая биржа труда» жобасымен шыққан № 17 ОМ оқушылары лайықты.

Бұл жылы ең көрнекті қалалық байқаулардың бірі «Жыл оқушысы». Білім бөлімінің сайтында финалшылар үшін 50 мыңнан аса адамдар дауыс берді. Түлектер арасындағы жеңімпаздар болып Диана Сероухова (№ 95 гимназия) және Жанатай Нұрлан (№ 92 гимназия) шықты.

Бес жыл бойы қалалық әкімдік дарынды балаларды шығармашылық интеллектуалдық және спорттық жетістіктері үшін мадақтау үшін қаржыбөледі. Осы оқужылында 8-11 сыныптан 153 оқушы Қарқаралыда орналасқан «Шахтер» сауықтыру-демалу орталығында болды.

2012 жылы 65 білім ұйымынан 11 сыныптан 1861 түлек ҰБТ-ға қатысты, бұл түлектердің жалпы санынан 76,3 % құрайды. 2012 жылы 11 сынып түлектердің орта балы 78,61% құрады, бұл өткен жылғы нәтижелермен салыстырғанда 4,98 балға төмен (2011 жылы – 83,59 балл) және облыстық орта балдан (69) және республикалық орта балдан (70,9) жоғары. Орта және жалпы білім «Алтын белгі» туралы аттестат алуға 79 үміткерден 38 түлек иелік етті (48,1%), үздік аттестат 36 үміткерінен 10 нәтижені бекітті (27,7 %), ҰБТ-да «Алтын белгіге» 1 балдыжетпей қалған үміткерлер үздік аттестатын алды.

2012 жыл қорытындысы бойынша білім ұйымдары оқушыларының білім сапасы алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 1,6 % өсті және 50,3 % құрады.

Оқу жылы қорытындысы бойынша 6230 оқушы (12,1 %) оқу озаты болды және олардың арасында 9 сыныптың 160 түлегі де бар.

Бұндай жақсы нәтижелерге оқушыларды педагогтар жеткізеді.Қаланың білім ұйымдарында 5074 педагог еңбек етеді, олардың 91,3 % - жоғары білімді, орта біліммен – 8,7 %.

Қала жұмыскерлерінің көбісінің жастық тобы 31-ден 45-ке дейінгі аралықта – 56,3 % құрайды. 30-дан жас мұғалімдер – 22,5% құрайды. Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары санатты мұғалімдердің үлесі 1144 педагог, бірінші санатты – 1311 педагог (48,3 %). Білім берудегі жаңалықтар жұмысқа деген талаптардыкүшейтеді, дегенмен, материалдық ынталандыру қарастырылған: 2011 жылғы қыркүйек айынан бастап мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдердің мөлшері өз мәресіне жетті:



  • жоғары санат базалық еңбекақы мөлшерінен – 100%;

  • бірінші санат – 50 %

  • екінші санат - 30%.

Мұғалімдерге қосымша төлеу мәселелердің шешілуіне мүмкіндік туғызады: педагогикалық кадрлардың кәсіпқойлықтарын және мамандықтарының престижын жоғарылатады.
Денсаулық сақтау
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет