10-мақсат: Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою
2013 жылы екі рет ТЖ алдын алу және жоюдың мемлекетті жүйесі-бақылау, 1-рет қадағалау режимі іске қосылды.
2013 жылдың басында ТЖ алдын алу және жоюдың мемлекетті жүйесі-бақылау режимі жұмыс істеген болатын, ол 2012 жылдың қыркүйек айында 06.04.2013ж. дейін болған жылу маусымының басталуына орай еңгізілген.
24.09.2013ж. жылу маусымының басталуымен ТЖ алдын алу және жоюдың мемлекетті жүйесінің қалалық жұмыс жасау жүйесі осы күнге дейін жұмыс істеп тұрған бақылау режиміне ауыстырылды.
Қала әкімдігімен жыл сайын сулардың еру кезеңінде қала аумағын еріген және басқа сулармен суға батуды алдын алу және жедел жою үшін еріген суды өткізу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қысқы мезгілде қар шөгінділері мен көк тайғақ құбылыстарымен күресу бойынша шаралар жасалады. Еріген және ағынды сулардың жиналуымен зақымдалған жерлер және жолдардың күрделі учаскілері бақылауға алынып отырады. Осы учаскілер ТЖ болдырмас үшін және шаралар қолдану үшін қаланың коммуналды қызметтері мен ұйымдарына берілген.
3 -бағыт. Инфрақұрылым
Байланыс және коммуникация
1- мақсат: Байланыс және коммуникация саласындағы қызметтердің сапасын көтеру
Байланыс және коммуникация саласында көрсетілетін қызметтер сапасымен тұрғындардың қанағаттану деңгейі 65% құрайды.
Қарағанды облысының статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2013 жылда Қарағанды қаласының компьютерлік сауаттылық деңгейі барлық белсенді халықтың 60% құрайды. Бұл көрсеткіш компьютерлік сауаттылығын оқыту және тестілеу бойынша және Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті жою» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды.
2013 жылда Қарағанды қаласының 2012-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес компьютерлік сауаттылықты жоғарлату курстары арқылы 9722 адам оқытылды.
2011 жылда жергiлiктi телефон байланыстарын цифрландыру деңгейі барлық халықтың санының 90% құрайды.
Мобильді байланыс қызметтерімен халқының санының 90%-і қамтамасыз етілді.
Құрылыс
2-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту
Пайдалануға енгізілген 2013 жылғы тұрғын үйлердің жалпы алаңы 152,5 мың ш.м.., бұл жоспардың 101,2%, құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 122,5%.
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының құрылысы бағдарламасы бойынша Күзембаев көшесіндегі №82/2 тұрғын үйдің, Бирюзов көшесі, 41 мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үйдің, Шахтерлар даңғылы, 36/1 мекенжайындағы кредиттік тұрғын үйдің құрылыстары аяқталды, емхана ғимаратын жетім балаларға және әкімшілік үй-жайларына арнап қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру аясында Белинский көшесі, 1, 2, Күзембаев көшесі, 82/2, Бирюзов көшесі, 41 мекенжайлары бойынша жалға берілетін тұрғын үйлерге инженерлік желілер, Шахтерлер даңғылы, 36/1 мекенжайындағы тұрғын үйге сыртқы желілер салу бойынша жұмыстар жүргізілген.
Жылу энергетикасы жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша Қарағанды 1-ЖЭО күл-қож қалдықтарын құрғақ қоймалау үшін №2 күл үйіндісі бойынша жұмыстар аяқталды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында Ермеков көш., 9-ы.а. 5-блок мекенжайындағы тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Тұрғын үйді енгізу көрсеткіші 1 адамға шаққанда 0,31 ш.м.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 54040,0 млн. теңге құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 101,5%.
Жол және көлік
3-мақсат: Жол-көлік инфрақұрылымының дамыту және жетілдіру
Қалалық маңызы бар жолдар ұзындылығы 978 км құрайды,қалаық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі : 25% жақсы күйде, 52,8% - қанағаттарлық күйде, 22,2% қанағатсыз күйде. Қалалық маңызы бар барлық жолдар ұзындылығы жақсы қанағаттарлық күйдегі 760км құрайды, бұл 77,8%, қанағатсыз күйдегі жолдар ұзындылығы 218км құрайды,бұл 22,2% .
2013 жылы жүк айналамы 879,8 мың ткм немесе былтырғы жылғы деңгейіне 340 % құрады.
2013 жылы жолаушылар айналымы 1 524,4 млн. пкм немесе былтырғы жылғы деңгеймен 101,3% құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
4-мақсат: Халықты тиісті сападағы коммуналды қызметпен қамтамасыз ету
Бүгінгі күнде «Теплотранзит Караганда» ЖШС тұтынушыларды 2,1 млн. Гкал/жылына көлемінде жылу энергиясымен қамтамасыз етеді, апатты жағдайларды төмендету бойынша уақтылы шараларды колданады: желілердің тозған (апатты) жағдайдағы учаскілерін ауыстыру, алдағы жылу маусымына дайындық бойынша іс-шаралар және жаңа магистралді, кварталдық желілерді еңгізуді жүзеге асырады.
2013 жылы бюджеттік қаражат есебінен жылу магистралі желілеріне қайта құру жұмыстары жүргізілген: М3 (Луговая к-сі) 2,2 км 546,4 млн. тенгеге, М3 (Майкудук, 19 шағын ауданы) 216,5 млн. тенгеге, М8 (Пришахтинск) 1,2 млрд. тенгеге.
Сонымен қатар, 2013 – 2014 жылғы жылу маусымына дайындық аясында «Теплотранзит Караганда» ЖШС 47,2 км жылу желісіне1,3 млрд. тенгеге жөндеу жүргізген (өз қаражаты-662 млн. тенге, бюджеттік қаражат - 664,4 млн. тенге), еселенген 12 741 мың м3 су динамикасының төмендеуін және жылу энергиясының шығындалуының 426 мың. Гкал. төмендеу динамикасын береді.
«Караганды Су» ЖШС өз қаражаты есебінен 59,5 км су құбырына жөндеу жүргізген (оның ішінде 2013-2014 жылғы жылу маусымына дайындық аясында 45 км су құбыры желілері және 1,85 км канализациялық желілер) және 3 км 1,2 млрд. тенгеге су өткізгіш желілерін жөндеген, бұл апаттардың туындауын 40% төмендетеді.
Сондай-ақ, су тазалағыш құрылғылары (1 кезең) мен су өткізгіш құрылғыларға 1200 мм (жүзеге асыру мерзімі 2011-2016жж.) жобаның құны 1,1 млрд. тенге, ВОС НС «2 Зона» дейінгі №3 су өткізгішін қайта құру, ұзындығы 6 км, құны 937,5 млн. тенге; «2 зона» сорғы станциясынан «Гульдер» шағын ауданына дейін, ұзындығы 11 км, құны 831,2 млн. тенге; Сортировка елді-мекенінің квартал аралық су құбыры желілері, ұзындығы 3 км, құны 400,6 млн. тенге. және Ленин к-сі бойынша, жоба құны 231,2 млн. тенге жаңғырту жұмыстары жүргізілген.
«Караганды Жарык» ЖШС 250 км жылу желілерін және 143 КТП, ТП жалпы құны 169,2 млн. тенге ауыстырды, инвестициялық бағдарлама аясында «Жарык» қосалқы станциясының құрылысын жүргізуде, (аяқтау мерзімі 2014 жыл), қосалқы станцияны қайта құру-110-35кВт, КВЛ и ТП (КТП)-0,4-10кВт жалпы құны 2 млрд. 583 млн. 204 тенгені құрайды.
01.01.2014ж. жағдай бойынша 176 306 абоненттен «Караганды Су» ЖШС 141 550 (80%) абонентінде суық сумен жабдықтаудың жеке құрылғылары бар, енді 34 756 орнату керек, 2014 жылға орнату жоспары– 12050 аспап.
«Караганды Жарык» ЖШС 181 251 абоненттен электр энергиясын есептеу құрылғыларын 100% орнатты;
«Теплотранзит Караганда» ЖШС жоспарланған 2077 жалпы үйлерге арналған жылу есептегіш құрылғыралының, бұдан бұрын орнатылғандарды қоса есептегенде 533(25%) орнатты.
4-бағыт. Экология
1-мақсат: Қаланың экологиялық жай-күйін жақсарту
Қаланың экологиялық жай-күйін жақсарту үшін оны көгалдандыру бойынша шараларды қаржыландыру, соның ішінде бюджеттен тыс көздерді тарту есебінен іс-шаралар жүргізілген.
Қатты тұрмыс және басқадай қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқыстарын анықтап, жою бойынша, қоршаған ортаны ластау, соның ішінде әкімшілік жаза қолдану бөлігінде тұрғындармен жұмыс жүргізілді.
Қала кәсіпорындарының қоршаған ортаға шығаратын қоқыстарын қысқартуға, кәсіпорындардың табиғатты қорғау және тазарту құрылғыларын жаңартуға бағытталған іс-шараларды жүргізуі нәтижесінде жалпы зиянды заттарды шығаруды төмендету 1,22 мың тонна көлемінде күтіледі (Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мәліметтері бойынша Қарағанды қаласы бойынша нақтыланған деректер қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары есептілікті тапсырғаннан кейін 2014 жылғы мамыр айында құрылатын болады).
5- бағыт. Мемлекеттік қызметтер
1- мақсат: Әлеуметтік маңызды қызмет көрсету сапасын жоғарлату
Техникалық жабдықтау.
Қойылған мақсаттарға жету үшін электрондық құжатайналым жүйесіне қосылуына жұмыс орындарын көбейту бойынша күнделікті жұмытар өткізу; «электрондық әкімдігі» материалдық-базасын және инфрақұрылымын дамыту; электрондық мемлекеттік қызметтерін қосылу сапасын бағалауды өткізу; халықты, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерді электрондық форматта мемлекттеік қызмет көрсету бойынша компьютерлік сауаттылын оқыту; ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға қамтамасыз ету; «электрондық үкімет» базалық компоненттеріне қалыптастыру ережесін сақтауға және Қазақстан Республикасының көлік және байланыс министрлігімен бекітілген ақпараттық-байланыстық технологиялары бойынша салалық ережелерін орындауды қамтамасыз ету;
Қарағанды облысындағы «Электрондық әкімдік» құру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2006-2010 жылдарда басқару органдарын компьютерлік техникамен, серверлік құрылғылармен техникалық жабдықтау жүргізілді. Сонымен қатар жергілікті есептеу желілерін құру және серверлік бөлмелерді дайындау бойынша жұмыстарға көңіл бөлінді. Жоғарыда айтылған Бағдарлама шеңберінде негізгі жұмыстар серверлік құрылғылар, жергілікті есептеу желілері мен серверлік бөлмелерді жабдықтауға бағытталды. Қазіргі кезде «Электрондық әкімдік» инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Республикасының көлік және коммуникания министрлігімен құрастырылған «Ақпараттық Қахзақстан – 2020» Мемлекеттік республикалық бағдарламасы арқылы жалғасады.
Кабельдік құрылымның физикалық тозуына және кабель жүйесінің байланыс бұзылуына байланысты 2012 жылда бүкіл әкімдік ғимаратында кіші АТС қосылуымен құрылымдық кабель жүйесін бөлшектеу және қайта құру жұмыстары өткізілді. Пассивті (құрылымдық кабель жүйесінің жабдықтары үшін материалдар) және белсенді (қорғау құралдары, басқару коммутаторы, сервер, коммутаторлар (свитч) - 15 дана., VMWare виртуалды бағдарлама, үздіксіз қоректену)
Жергілікті атқарушы органдардың компьютерлік техникамен қамтылу үлесі 80 пайызды құрайды; Интернет желісіне қосылу мемлекеттік органдарының Бірігей шлюзы арқылы қол жетерлік 2 мb/s орташа өткізу қабілеті бар байланыс арналарында ұйымдастырылған.
«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік органдарға мүмкін қызметтерді әрі Интернет желісі арқылы көрсету мақсатында қажетті байланыс арналарына қосылған бір сервер жұмысын істеп тұр. Серверде ақпараттық жүйе ретінде Windows server-2003 ақпараттық жүйесі, ал МББЖ ретінде MSSQL Server жүйесі қолданылу үстінде.
Байланыс арналары.
Қарағанды облысындағы «электрондық әкімдік» құру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2006-2010 жылдарда және Ақпараттық Қахзақстан – 2020» Мемлекеттік республикалық бағдарламасы арқылы «Қазақтелеком» АҚ қатысуымен облыстың ЖАО Бірыңғай транспорттық желісін (БТЖ) құру бойынша жүргізілген жұмыстар жалғасуда. БТЖ «жұлдыз» топологиясындағы IP VPN базасында құрылып, БТЖ қатысушыларының қосылу жылдамдығы 128 кбит/с - 2 мбит/с-қа аралығында. Облыстың БТЖ-не барлық жоғы 16 мекеме қосылған, олардың ішінде әкімдік ғимаратында -10 мемлекеттік мекемелер, ғимараттан тыс - 6 мекемелер.
Қазіргі уақытта Қарағанды қалаларының жергілікті атқару органдарында (ЖАО) келесі ақпараттық жүйелер жұмыс істеп жатыр:
-
электрондық құжат айналымы жүйесі (16 ЖАО);
-
қызметкерлерді басқару жүйесі (16 ЖАО);
-
электрондық құжат айналымы жүйесі үшін электрондық құжаттарды архивтеу модульі (16 ЖАО);
-
жергілікті бюджеттерді орындаудың «Қаржы үйі» қаржы мониторингі (16 ЖАО);
-
облыстың аймақтық болжамдау картасы (1 ЖАО);
-
әлеуметтік-маңызы бар тауарлардың бағаларын мониторинг жасау (1 ЖАО);
-
сайлаушы тізілімін құрастыру (1 ЖАО);
-
бірігей облыстық диспетчерлік қызметі (3 ЖАО);
-
коммуналдық меншікті есепке алу (1 ЖАО);
-
жалдау келісім-шарттарын есепке алу;
-
Е-әкімдік электрондық үкіметінің аймақтық шлюзі (2 ЖАО);
-
Мекен-жай регистрі (2 ЖАО);
-
Білім ал электрондық мектеп порталы (1 ЖАО);
-
Жұмыспен қамтылу (1 ЖАО);
-
Еңбек нарығы (1 ЖАО);
-
СОБЕС (1 ЖАО).
Е-үкіметтің базалық компоненттерін пайдалану.
Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс істейтін е-Үкіметтің базалық компоненттері бұл:
-
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай транспорттық желі.
-
Е-әкімдік электрондық үкіметінің аймақтық шлюзінің веб-порталы;
-
«Адрестік регистр» мемлекеттік ақпараттық жүйесі;
-
Ашық кілттер құрылымы.
Электрондық құжат айналымы (ЭҚА) жүйесі қаланың 16 мемлекеттік мекемесінде енгізілген.
«Адрестік регистр» ақпараттық жүйесі (АР АЖ) жобасы шеңберінде 2007 жылы АР АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жылжымайтын объектілер адрестерін түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Бірінші деңгейдегі жылжымайтын объектілер адрестерінің түгендеуі базасы 88 %-ға тең, «Жылжымайтын объектілер регистрі» жүйесінде бірінші деңгейдегі объектілерінің айырмашылық саны 17760 бірлікті құрайды. Екінші деңгейдегі жылжымайтын объектілердің түгендеуі базасы 99,4%, ал екінші деңгейдегі жылжымайтын объектілердің
айырмашылық саны 17846 бірлікке тең..
Көрсетілген жүйелерден басқа 2007 жылдан бастап қала әкімі аппаратының Ақпараттық порталы жұмысын істеп жатыр. Бүгінгі күні бұл портал арқылы 20 ақпараттық қызмет көрсетіледі. Олардың ішінде: қала әкімінің блогы, жаңалықтарға жазылу, әрбір мемлекеттік мекеме жөніндегі ақпарат, мемлекеттік сатып алулар бойынша қызмет.
Порталдың құрылымы 500 нысаналы беттері бар 55 категориялардан, 1-ші деңгейдегі 74 тараудан, 2-ші деңгейдегі 69 тараудан, 3-ші деңгейдегі 117 тараудан, 4-ші деңгейдегі 7 таруадан құралады.
«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасында қоғамдық қол жеткізу бөлімшелерінің желісі құрылды. Мұндай бөлімшелерді құру ең алдымен Халыққа қызмет көрсету орталықтары, әкімдіктер, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, кітапханалар, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталықтары, ІІБ жол полициясы, оқу орындары, ірі сауда орталықтарының құрылымдарын қамтиды.
Казіргі уақытта қалада 16 қол жеткізу пунктері жұмыс істейді. Оның ішінде «Қарағанды қаласы әкімі аппараты» ММ теңгерімде 1-ші типті бір қол жеткізу пункті, «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ 1-ші типті 9 қол жеткізу пункті, ал «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппараты» ММ 6 қол жеткізу пункті, оның ішінде 2-ші типті 3 қол жеткізу пункті және 1-ші типті 3 қол жеткізу пункті бар.
Қарағанды облысы әкімдігінің «Қол жеткізу пунктерін республикалық меншікке беру» Қаулысын орындау барысында Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК теңгеріміне беру жұмыстары өткізіледі.
Сонымен қатар, 2007-2008 жылдар аралығында қалада «2007-2009ж.ж. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті жою» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Халықтың әртүрлі деңгейдегі өкілдеріне тегін білім беретін компьютерлік сыныптар ашылды. 2 жыл ішінде аталған бағдарламамен 8545 адамды қамтылды.
2013 жылда жұмыссыз тұлғаларға және шала-шарпы жұмыспен қамтылған, шектеулі мүмкіндігі бар тұлғалар үшін, егде адамдар және басқа категориялы әлеуметтік қорғалмаған топтағы халыққа қосымша оқыту курстары жоспарланған және Қарағанды қалсының 2012-2015 жылдары даму бғадарламасына сәйкес компьютерлік сауаттылық курстарымен 9722 адам оқытылды.
Мемлекеттік қызметтер.
Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі мен «ҰАТ» АҚ қоса 2013 жылдың 23 қыркүйектің № 991 «Мемлекеттік қызметтердің үйлесімдеу және автоматтандыруға жататын тізілімін және электрондық түрге келтіру мерзімін бекіту туралы»Үкімет қаулысына және ҚР Премьер-министрінің орынбасары бекітілген жоспардың іс-шараларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру жұқмыстары жүргізіледі.
Қарағанды облысы әкімі аппаратымен «Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы» ақпараттық жүйесі құрастырылған және тәжірибелі түрде көшірілген және Қарағанды облысында тұратын әр түрлі мінездемесі бар азаматтарға web-порталы арқылы электрондық қызметтерді көрсету мүмкіндігін береді, соның ішінде әр түрлі мемлекеттік мекемелері мен облыстық қызметтері және халықтың арасында жедел, ашық, нақты және көрнекі сұхбаттасу жұмыстарын қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда облыс деңгейінде барлық көрсетілген құжаттарына сәйкес жергілікті атқару органдарының құзіретіне жататын электрондық үкімет порталына 35 мемлекеттік қызметтер шығарылды және халық үшін қол жетімді электрондық қызметтері және сервистері бар, олар:
-
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы алуға кезекті байқау, мемлекеттік тұрғын үй қорыдан баспана алуға өтініштердің статистикасы, баспананы алуға өтініштердің тізімі;
-
ЖТҮҚ-қа жер учаскесін алуға кезекті байқау, жеке тұрғын үй құрылысқа жер учаскені алуға өтініштердің статистикасы, жер учаскені алуға өтініштердің тізімі;
-
Балабақшаға кезекті анықтау.
-
ТҮКШ сұрақтары бойынша өтініштер
-
Қызмет көрсету электрондық картада азаматтардың түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және визуалдық бейнелеу жағдайы сұрақтары бойынша жолданымды орналастыру үшін арналған өтініштер;
-
балаларға жәрдемақы, адрестік әлеуметтік көмек, баспана көмегі бойынша әлеуметтік калькуляторлар;
-
Азық-түліктің бағасы;
-
Әкім облысының бизнесті қорғау;
-
Қарағанды облысы әкімінің Блогына өтініштерді қабылдау;
-
Облыстың инвестициялық жобалары;
-
Өзін cайлаушылар тізімдeрінде тексерші, сайлау учаскелердің шектері, сайлау учаскені іздеу:
-
Мұрағаттық құжаттардың орналасқан орның анықтау;
-
Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметінің оперативтік ақпараты;
-
Компьютерлік сауаттылығына кіріспе.
Әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі жалпы жеке және заңды тұлғалардың санынан 86% құрайды.
Қарағанды қаласы әкімдігінде 2013 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғаларға 109272 қызметтер көрсетілген, соның ішінде ХҚКО арқылы 14274 (13%).
2013 жылдың қорытындысы бойынша әкімдігінде барлығы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 142 мерзім бұзушылық белгіленді. Ең көбі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті мен Қарағанды облысы әкімі аппараты және Қарағанды қаласы әкімі аппаратымен ішкі бақылау жұмыстары өткізілгеннен кейін байқалды.
Жергілікті атқару органдырның мәліметті бойынша 12 айда Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әкімдігінде 14274 қызмет көрсетілгеннің ішінде 2 қызмет мерзім бұзылды, оның ішінде 1 мерзім бұзушылық – «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және 1 мерзім бұзушылық – «Қарағанды қаласының тұрғын-үй қатынастары бөлімі» ММ, ал ол барлық қызмет көрсеткен санынан 0,1% -н құрайды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет арқылы қабылданған 140 өтінім мерзім бұзушылығымен қарастырылды, олар 129 мерзім бұзушылық – «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлім» ММ, 11 мерзім бұзушылық - «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, бұл барлық мемлекет мекемелер арқылы қызмет көрсеткен санынан 1% құрайды.
Облыстық ХҚКО арқылы есептік мерзімінде 1 шағым байқалды, бұл барлық қызмет көрсеткен санынан 0,1% құрайды.
Сол себепті, әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі 86% жоғары болады..
Жергілікті атқару органдары әлеуметтік маңызды қызмет көрсететін қызметтердің саны – 9. Құрастырылған әлеуметтік маңызды электрондық қызмет көрсететін қызметтердің саны – 9, бұл электрондық форматқа келтірілген қызметтердің 100% құрайды.
2-мақсат: Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару функцияларын іске асыру тиімділігін арттыру
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдарының 72 функциясы автоматтандыруға жатады.
2013 жылдың қалпы бойынша барлық функциясының автоматтандыруға жататын толық автоматтандырылған функциялар саны – 49, ал ішінара автоматтандырылған функциялар саны – 9, автоматтандырылмаған функциялар саны – 14, автоматтандыру функциялар деңгейі 68%-ін құрайды.
Ақпараттық жүйелер автоматтандыру енгізу жоспарына сәйкес әкімдігі және мемлекеттік мекемелер үшін ЖАО құзіретіне кіретін келесі ақпараттық жүйелер құрастырылған және енгізілді:
Электрондық құжатайналым жүйесі АЖ;
Қызметкерлерді басқару жүйесі АЖ;
Электрондық құжат айналымы жүйесі үшін электрондық құжаттарды архивтеу модульі АЖ;
Жергілікті бюджеттерді орындаудың «Қаржы үйі» қаржы мониторингі АЖ;
Облыстың аймақтық болжамдау картасы АЖ;
Әлеуметтік-маңызы бар тауарлардың бағаларын мониторинг жасау АЖ;
Сайлаушы тізілімін құрастыру АЖ;
Бірігей облыстық диспетчерлік қызметі АЖ;
Коммуналдық меншікті есепке алу АЖ;
Жалдау келісім-шарттарын есепке алу АЖ;;
Е-әкімдік электрондық үкіметінің аймақтық шлюзі АЖ;
Мекен-жай регистрі АЖ;
Білім ал электрондық мектеп порталы АЖ;
Жұмыспен қамтылу АЖ;
Еңбек нарығы АЖ;
СОБЕС АЖ.
Қарағанды қаласы әкімі аппаратында және аудандық әкімдіктері, сонымен қатар мемлекеттік мекемелерінде қосымша ақпараттық жүйелер енгізу жоспарланған:
«Әкімдігі қызметін басқару және жоспарлау» АЖ;
«Облыс әкімі талдау жүйесі» АЖ;
«Жер учаскесін есепке алу» АЖ;
«Жеке тұрғын-үй салу жер учаскесін алу және де мемлекеттік тұрғын үй қорыдан баспана алуға кезекке қою» Е-әкімдігі жүйесінің бағдарламалық тауарды жеткізу үшін бірыңғай нүктесінің» қосымша модульі АЖ;
«Мемлекеттік мекемелерінің Интранет порталы» АЖ.
2014 жылда қала әкімі аппаратында, аудан әкімі аппараттарында және мемлекеттік мекемелерінде «Мемлекеттік мекемелерінің Интранет порталы» ақпараттық жүйесі, «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ «Жер учаскесін есепке алу» ақпараттық жүйесі, Қарағанды қаласы әкімі аппаратында, «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Қарағанды қаласының тұрғын-үй қатынастары бөлімі» ММ «Жеке тұрғын-үй салу жер учаскесін алу және де мемлекеттік тұрғын үй қорыдан баспана алуға кезекке қою» Е-әкімдігі жүйесінің бағдарламалық тауарды жеткізу үшін бірыңғай нүктесінің» қосымша модульі ақпараттық жүйесі енгізуге жоспарланған.
Қорытындылар:
Жалпы бағдарлама бойынша нәтижелердің 23 мақсаты, 34 міндеті, 37 нысаналы индикаторы, 85 көрсеткіші көзделген.
Жалпы, қабылданатын шаралар жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
2013 жылдың қорытындылары бойынша нәтижелердің 21 мақсаты, 33 міндеті, 33 нысаналы индикаторы, 82 көрсеткішіне қол жеткізілген.
Орындалмағаны:
2 мақсат:
1. «Экономиканы жаңғырту және ұлттық және аймақтық экономикаларда бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту негізінде өнеркәсіптің құрылымдық ілгерілеуі» мақсаты;
2. «Тұрғын үй құрылысын дамыту».
1 міндет:
-
Әртараптандырылуды және бәсекеге қабілеттілігті арттыруды қамтамасыз ететенін, өнеркәсіптің басым секторларын дамыту
4 индикатор:
-
Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі;
-
Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі;
-
Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі;
-
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі.
3 көрсеткіш:
-
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемдерін жыл сайын ұлғайту;
-
Электр энергиясын өндіру және тарату, газ, бу беру және ауа баптау көлемдерін жыл сайын ұлғайту;
-
Су өндіру, қалдықтарды жинау және тарату көлемдерін жыл сайын ұлғайту.
Қарағанды қаласының әкімі М.Смағұлов
«Қарағанды қаласының
экономика және қаржы бөлімі» ММ
басшысы А.Апақашева
Достарыңызбен бөлісу: |