6. Талдамалы жазба ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»



жүктеу 292.98 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі292.98 Kb.
6. Талдамалы жазба
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілді.

Стратегиялық жоспарға 2014 жылда мынадай НҚА 2 өзгеріс енгізілді:

1. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 247-V Заңын іске асыру үшін әзірленген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 534 бұйрығы;

2. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Заңын іске асыру үшін әзірленген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 452 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 589 бұйрығы және «2014 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстарын қысқарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1380 қаулысы;

Стратегиялық жоспарда 2 бағытты іске асыру бекітілді, олар 13 мақсатты, 30 нысаналы индикаторды, 59 тікелей нәтиже көрсеткішін және тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін 159 іс-шараны қамтиды.

1-стратегиялық бағыт. Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жәрдемдесу

Бюджет кодексінің 112-бабына сәйкес бір жыл бойы министрлік бюджеттік мониторингті жүзеге асырды, яғни тұрақты және жүйелік жинақтау, республикалық бюджет шығыстарын қадағалау және оның атқарылу көрсеткіштерін талдау, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер қаражатын игеруі.

Бұдан басқа ағымдағы жылдың 7 айындағы қорытындыдан бастап Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығыстары жылдық көлемінің күтілетін атқарылуын және республикалық бюджеттен 2014 жылы өңірлерге бөлінген нысаналы трансферттердің қаражатын игеруді талдауды жүргізді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар республикалық бюджетті 2-нақтылау кезінде ескерілді.

Экономикалық макрокөрсеткіштердің болжамды деректерден қалыс қалуына байланысты, 2014 жылды теңгерімді аяқтау және бюджет тапшылығының ұлғаюына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен республикалық бюджет шығыстары 81,0 млрд. теңгеге қысқартылды және республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүргізілді, сондай-ақ жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер тоқтатылды.

Осылайша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің шығыс бөлігі 99,4%-ға атқарылды немесе 7 069,7 млрд. теңге сомасында қалыптасты (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда), 7,9 млрд. теңге сомасында ҚР Үкіметі резервінің бөлінбеген қалдығын есепке ала отырып, бюджет қаражатын игермеу 39,9 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде қаражатты игермеу резервті қоспағанда, 32,0 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен бірге республикалық бюджеттің шығыс бөлігін атқармау республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне байланысты емес объективті себептер бойынша басымдықпен қалыптасты.

Республикалық бюджетке борыштық жүктеме 2014 жылы 10,0% деңгейінде қалыптасты (лимит 15%-ға тең). Тұтастай алғанда борыштық индикаторлар рұқсат етілетін мән шегінде.

Республикалық бюджет тапшылығы 2014 жылы - 1081,2млрд. теңгені құрады. Қарыз алу есебінен тапшылықты қаржыландыру 1004,9 млрд. теңгені құрады (ішкі – 536,8 млрд. теңге, сыртқы – 468,1 млрд. теңге).

Қаржы министрлігі 2014 жыл ішінде 827,5 млрд. теңге сомаға МБҚ (түсімдер) орналастырды. Еурооблигацияларды орналастырудан түсетін түсімдер 443,4 млрд. теңгені, сыртқы қарыздарды тартудан түсетін түсімдер – 95,4 млрд. теңгені құрады. Сыртқы қарыздарды өтеу 290,7 млрд. теңгені, сыртқы қарыздарды өтеу – 70,8 млрд. теңгені құрады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша үкіметтік борыш 5 613,1 млрд. теңгені (30,8 млрд. АҚШ долл.) немесе 13,7%-ды құрады. Инфляцияның ағымдағы деңгейінде және пайыздың мөлшерлемесінде республикалық бюджетке борыштық жүктеме 2014 жылы 10,0% деңгейінде қалыптасты (лимит 15%-ға тең). Борыштың және оған қызмет көрсету өсімінің үрдісі байқалады.

01.01.2015ж. мемлекеттік борыш 5 655,4 млрд. теңгені (31,0 млрд. АҚШ долл.) немесе ЖІӨ-нің 13,8%-ын құрады.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың ахуалы туралы ақпарат ашық болып табылады және Министрліктің веб-сайтында тоқсан сайынғы негізде орналастырылады.

«Республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінің ұлғаюы» индикаторы бойынша 2013 жылмен салыстырғанда РБ-ға түсімдер 166 млрд. теңгеге; ЖБ-ға 181 млрд. теңгеге ұлғайды.

Тұтастай алғанда МБ бойынша түсімдердің өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 347,2 млрд. теңгені құрады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша болжамның атқарылуы 99,7%-ды құрады. Экономиканың өсу қарқынының баяулауы және мараторийдің қолданылуы жоспарлы тағайындауға қол жеткізбеудің негізгі себептері болып табылады. Негізгі экспорттық позицияларға бағаның құлауының сақталып отырған үдерісіне байланысты тау-кен секторы кәсіпорындарының экономикалық белсенділігі төмендеді. Айталық, 37 тау-кен компаниясы бойынша аванстық төлемдер 2013 жылмен салыстырғанда 19,6 млрд.теңгеге төмендеді (32,2%-ға). Мұнай бағасының баррелі үшін 60 АҚШ долларына дейін құлауы тұтастай алғанда экономиканың ахуалына және тиісінше салықтар түрінде қайтарымға теріс әсер етеді. 2013-2014 жылдарда КТС төлеуді талдау (КБК бойынша 101101) 2014 жылғы сәуірден бастап бюджетке салық төлейтін СТ санының орнықты төмендеуі байқалып отырғанын көрсетіп отыр.

Айталық, егер 2014 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша төлеушілердің саны орташа алғанда 108,3%-ға өссе (қаңтарда 105,6%, ақпанда 111,2%-ға, наурызда 108,0%-ға), 2014 жылғы сәуір-қараша кезеңінде 13,5%-ға төмендеді (оның ішінде 5,2%-ға, мамырда 39,1%-да және т.с.с.).

Шоғырландырылған бюджет кірістерінде «Бересінің үлесі (өндіріп алуға үмітсізді қоспағанда)» көрсеткіші бойынша. 1-Н есебінің деректері бойынша 01.01. 2015 жылғы жағдай бойынша бересі тұтастай алғанда республика бойынша 117,5 млрд.теңгені құрады. Салыстырсақ, 01.01.2014 жылдан бастап бересінің 53,5 млрд.теңгеге немесе 83,5%-ға өсуіне жол берілді, бұл мараторий жарияланғанға дейін өткізілген салықтық тексеру актілері бойынша есептеулерге, камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалар жөнінде ұсынылған қосымша салықтық есептілік бойынша есептеулерге, сондай-ақ ағымдағы есептеулерге байланысты.

Бересінің жалпы сомасында 01.01.2015 ж. 54,8 млрд.теңге немесе 46,6% бересіге тура келеді, ол бойынша материалдар өндіріп алуға үмітсіз болып табылатын жалған кәсіпкерлік белгілерінің болуына байланысты құқық қорғау органдарына берілді. Өндіріп алуға үмітсіз бересіне есепке алмағанда, бересі 62,7 млрд. теңгені немесе 53,4%-ды құрады. Шоғырландырылған бюджет кірістері 2014 жылда 7117,4 млрд.теңгені құрады.Өндіріп алуға үмітсіз бересіні есепке алмағанда шоғырландырылған бюджет кірістерінде бересінің үлесі 0,9%-ды құрады. Бересінің қысқарту мақсатында мемлекеттік кірістері органдары салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық заңнамалық көзделген тәсілдері мен шараларын қабылдауда. 2014 жылдың ішінде мемлекеттік кірістері органдары мынадай жұмыс жүргізді:

- 58729 салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылды, соның нәтижесінде жалпы сомасы 100,3 млрд. теңгеге салық берешегі өндіріп алынды;

- 57410 салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операциялары тоқтатылды;

- 427,1 млрд.теңге сомаға 53414 салық төлеушінің иелігіндегі мүлкін шектеу туралы шешім шығарылды;

- жалпы сомасы 230,8 млрд.теңгеге 46662 салық төлеушінің банктік шотына инкассалық өкімдер қойылды, оның ішінде 11,0 млрд.теңге өндіріп алынды;

- банктік шоттарға жалпы сомасы 7,6 млрд.теңге 1513 дебиторлардың инкассалық өкімдері қойылған, оның ішінде 1,3 млрд.теңге өндіріліп алынды;

- 172 салық төлеушілердің иелігіндегі 0,2 млрд.теңге шектелген мүлік іске асырылды, бюджетке 0,2 млрд.теңге түсті;

- сотқа сомасы 7,6 млрд.теңггее 89352 жеке тұлғалар бойынша салықтық берешекті өндіріп алу туралы талап арыз жіберілді.

Салық салынатын базаны кеңейту және МКК салық түсімдерін ұлғайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленген, оған сай салықтар мен арнайы төлемдерді толық және уақтылы төлеу мәніне, салық төлемеушілерді анықтау мәнінде уәкілетті органдармен жұмысқа, сондай-ақ есептелген соманы төмендету бөлігіндегі бұзушылықтарды жоюға және ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қосымша резервтерді анықтауда камералдық бақылау жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес бюджетке 2011 жылы – 30 619,7 млн.теңге, 2012 жылы – 26 976,6 млн.теңге, 2013 жылы – 16 446,4 млн.теңге және 2014 жылы – 2 175,3 млн.теңге қосымша түсті. 

2014 жыл ішінде 11 тексеру аяқталды, 46,7 млрд.теңге жете есептелді, оның ішінде салық – 33,7 млрд.теңге, өсімпұл - 12,9 млрд.теңге (нәтижелерін жер қойнауын пайдаланушылар шағымданады). Оның ішінде уран компанияларының 5 тексерулері аяқталды, олар бойынша жете есептелген сома 20,1 млрд.теңгені құрады (салық – 14,5 млрд.теңге, өсімпұл – 5,6 млрд.теңге). Өткен жылдардың тексеру актілері бойынша жете есептелген сомасы 18,5 млрд.теңге (салық – 13,7 млрд.теңге, өсімпұл – 4,8 млрд.теңге) және 3,7 млрд.теңге айыппұл өндіріліп алынды.

СРП шеңберінде 15 млрд.теңге шығындардың заңсыз өтеудің алдын алу жүргізілді. 

Салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі Жоба шеңберінде «Бизнес процестердің ре-инженирингі» кіші құрауыш болып табылатын негізгі бағыттардың бірі «Ernst&Young Baltic» компаниясымен жасалған QSBC-03 келісімшартты іске асыру жалғастырылуда. 2014 жылы «ARIS» бизнес-процестерді моделдеу бойынша арнайы мамандандырылған қамтамасыз етуді сатып алу жүргізілді, ҚР ҚМ МКК қызметкерлерін оқыту жүргізілді. Бизнес процестерді қайта қарау мен оңтайландыру бойынша жұмыс 2015-2016 жылдары жалғасатын болады.

Банкроттық рәсімдерді жақсарту үшін 2014 жылы әкімшілер мен борышкерлерді камералдық бақылауды жүргізу, олардың жауапкершілігін күшейту бөлігінде Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» жаңа заңы қабылданды.

Бұдан басқа, 2014 жыл ішінде «Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы бойынша ұстанымды жақсарту мақсатында заңнамамен:

1) әкімшілер мен борышкерлердің қызметіне камералдық бақылау енгізілген;

2) банкроттық рәсімдерді жүргізу барысы туралы ақпаратты БАҚ міндетті түрде жариялауды алып тастау арқылы әкімшілік шығыстар төмендетілген (банкроттық және оңалту жайлы, кредитор берушілердің талаптарын қабылдау, кредит берушілер жиналысын өткізу, сауда-саттық жүргізу және басқа істі қозғау туралы хабарлама);

3) банкроттар мүлкін сату бойынша электрондық аукцион енгізілген;

4) банкроттық рәсімдерді жүргізу барысы туралы есептілікті енгізу арқылы әкімшілердің жауапкершілігі күшейтілген.

2013 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің зерттеулері осы индикатор бойынша уақытша және қаржы шығындарына, сондай-ақ борышты өндіріп алу коэффицентіне (кредиторлар алдында берешекті өтеу пайызы) негізделгенін айта кеткен жөн. 2014 жылдан бастап жаңа индекстер енгізілген: дәрменсіздігіне байланысты істің ашылуы, мүлікті басқару, қайта ұйымдастыру рәсімдері, кредит берушілердің қатысуы, нормативтік-құқықтық базаның тиімділігі, тарату мен оңалту рәсімдеріне қолданылатын нормативтік құқықтық базаның тиімділігін өлшейтін процестің түпкі нәтижесі.

Жаң көрсеткіштерді жақсарту үшін 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Заңымен:

- кредит берушінің оңалту рәсімін борышкерге қолдану туралы сотқа жүгіну құқығы;

- кредитордың борышкердің теңгерімде жоқ мүлкін есептен шығару туралы шешімді қабылдау құқығы;

- оңалту жоспарын қарастырған кезде кредит берушілердің дауыс беру тәртібін өзгерту – қазір мүдделері осы өзгерістермен қозғалған кредит берушілер ғана дауыс береді;

- екі ретке дейін бірыңғай лотпен мүліктік кешенді іске асырудың (мүліктік массада ол болған кезде) еселік ұлғаюы;

- өз еркімен тіркеуден алынған кезде кредит берушілердің келісімінің міндетті түрде болуы бөлігінде әкімшілердің жауапкершілігін күшейту көзделген.

Бұдан басқа, «Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша» заң жобасы шеңберінде «Yellow Pages Rule» қағидаттары бойынша 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде заңнамалық деңгейде:

- әкімшімен банкроттық рәсімдер барысында кредит алу және осындай кредиттерді өтеу кезінде басымдық белгілеу құқығы;

- кредит берушілерге сот шешімдеріне және әкімшілердің әрекетіне/әрекетсіздігінешағымдану құқығын беруді бекіту жоспарлануда.

ТБЖ ұсынған объектілерді қаржылық бақылаумен қамту шеңберінде ТБЖ нәтижелері бойынша ҚБК ТБЖ ұсынған 15-нің 9 (АШМ, ІІМ, ҚОСРМ, ТЖМ, ДМ, СІМ, Еңбекмині, ӘМ) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлген бюджет қаражатын бақылауды қамтыған. Бұл ретте 60% деңгейге қол жетті, бұл Стратегиялық жоспарда көзделгенге сәйкес келеді.

«Ішкі бақылау қызметтері тексерулерінің сапасын арттыру» тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу мақсатында ішкі бақылау қызметі ұсынған ҚБК 1370 бақылау материалдарының 520 Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне бақылаумен қамтылды, бұл жоспарланған Стратегиялық жоспардың 30%-да 30%-ды құрады.

Бұдан басқа, сапаның екінші бақылауының нәтижелері бойынша ІБК бақылау материалдарына Комитет Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының бұзулуына жол бермеу бойынша ІБК ұсыным хаттар жіберілді. Осы уақытта 2014 жылғы сәуірде Комитетте «Қызметті үйлестіру және ішкі бақылау қызметімен өзара іс-қимыл» деген тақырыпта ІБК өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

«Ұсынымдардың орындалу деңгейі» тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу шеңберінде Стратегиялық жоспарда жоспарланған 91 % деңгейде Комитетте 2014 жылы анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен талаптарды жоюға жіберілген 5067 ұсынымның 4851 ұсынымы немесе 95,7% орындалды.

Сөйтіп, 2014 жылы ҚБК 5719 бақылау іс-шаралары жүргізілді, оның барысында 4557 бақылау объектілері бақылаумен қамтылды. Бұл реттеесепті кезеңде бюджеттік заңнаманы бұзушылықтың жалпы сомасы 615,6 млрд.теңгені, оның ішінде сомасы 495,8 млрд.теңге қаржылық бұзушылықтар және бюджеттік есепті енгізу кезіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ рәсімдер мен талаптар қағидасын сақтау кезінде сомасы 119,7 млрд.теңгені құрады.

Құқық қорғау органдарына процестік шешімді қабылдау үшін 632 бақылау материалдары жіберілді. Жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тексерілген бақылау объектілерінің 5642 қызметкерлері тартылды, әкімшілік жауапкершілікке 2260 лауазымды тұлға тартылды.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМ мынадай НҚА әзірленді:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қаңтардағы Заңы;

2) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 521 қаулысы;

3) постановление Правительства Республики Казахстан от 14.04.14 г. № 353 «О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2012 года № 623 «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №353 қаулысы;

4) «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы №393 қаулысы;

5) «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы №470 қаулысы;

6) «Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі №338 қаулысы;


7) «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2.04.2014 ж. №300 қаулысы;

8) «Қазақстан Республикасының индустриалдық - инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының 26.02.2014 ж. №77 бұйрығы;

9) «Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының 27.03.2014 ж. №133 бұйрығы;

10) «Мониторинг және мемлекеттік сатып алу веб-порталдың жұмысына қатысты шағымдарға жедел ден қою бойынша жұмыс тобының құрамын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысына қатысты шығымдарға мониторинг жасау және жедел ден қою жөніндегі жұмыс тобының электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл жасау регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 316 бұйрығы.

2014 жылғы 14 қаңтарда күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға өзгерістер енгізуге байланысты 2014 жылы «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің аппаратты-бағдарламалық кешенін сүйемелдеу, әкімшілендіру, жүйелі-техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда:

- электрондық шарт үшін өнім берушінің деректерін сұрату бөлігінде «ЭМС» АИАЖ «Электрондық шаттар» функционалын пысықтау;

- түзету мекемелеріндегі әлеуетті өнім берушілер және «Конкурс» тәсілімен сатып алуда Кеден одағына қатысушы елдер үшін шартты жеңілдіктерді есепке алу бөлігінде функционалды пысықтау;

- мемлекеттік сатып алу ВЕБ-порталында автоматты түрде қалыптастырылатын хаттамалар мен қосымшаларды жаңарту;

- алдын ала рұқсат тетігін іске асыру және «Конкурс» тәсілімен сатып алуда техникалық ерекшелікті бекітуді тексеру бөлігінде функционалды пысықтау;

- «Конкурс» және «Аукцион» тәсілдерімен сатып алуда Бірыңғай ұйымдастырушы үшін конкурстық және аукциондық құжат және комиссия құрамына тексеру бөлігінде функционалды пысықтау;

- «сатыпалу.мем.қаз» жаңа домен атауын енгізу;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен электрондық сатып алуды жүргізуді іске асыру;

- электрондық шарт жобасын қалыптастыру үшін шаблондарды жаңарту;

- «салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік есептеулер бойынша берешектің бар (жоғы) туралы сұрау салуды қалыптастыру және мәліметтерді алу» сервисін іске асыру бөлігінде «ЦУЛС» АЖ-мен «ЭМС» АИАЖ интеграциялау;

- «Электрондық шарт» модулін шарттың жалпы сомасын қаржы жылдары, ерекшеліктер бойынша бөлу және шартты жасау сатысында лоттар бойынша жеткізудің бірнеше орындарын айқындау бөлігінде өзгерту;

Бұдан басқа, 2014 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап «Электрондық мемлекеттік сатып алу» жүйесінде «Электрондық Үкімет» порталының «Электрондық өтініш жасау» бөліміне автоматты түрде түсетін мемлекеттік сатып алу бойынша өтініштер, шағымдар беруге мүмкіндік беретін функция іске асырылды.

МКК бірыңғай ұйымдастырушы ретінде 2014 жылдың аяғына дейін 50 сатып алуды жоспарлаған. Бұл ретте жалпы сомасы 29,5 млрд.теңгені құрайтын 50 конкурс өткізілді.

Бірыңғай ұйымдастырушы өткізген 50 конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс берушілер 16,6 млрд.теңге сомаға бір көзден 19 конкурс (38%) өткізген.



Тапсырыс берушілер бір көзден өткізген 19 конкурстан 13-і конкурс қорытындылары бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп танылған және қатысуға жалғыз жіберілген әлеуетті өнім берушілер болып табылады. Сатып алуды бір көзден өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушымен келіспей қабылдай алатынын атап өткен жөн.

Мемлекеттік мүлікті тиімді басқару мақсатында «Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік ұйымдардың үлесін» төмендету» индикаторы көзделген. Тәуекеледрді басқару жүйесіне сәйкес Объектілер тізбесіне 71 объекті түсті. Ақшалай қаражат 39 объектіге ғана бөлінген, мемлекеттік мүлікті тиімді басқару мониторингі 39 объекті бойынша өткізілді, ол Объектілердің (448) жалпы санының 8,7% құрады. Республикалық меншік объектілерін сату кестесіне сәйкес 2014 жылы квазимемлекеттік сектордың 20 объектісі (қосымша берілген объектілермен бірге) сатуға жоспарланды. Оның ішінде есепті кезеңде іс жүзінде 14 объекті сатуға қойылды (ҚР Үкіметінің жанындағы Оңтайландыру комиссясының шешімі бойынша жекешелендіру объектілерінің тізбесінен 2 объекті алынып тасталды және 4 объекті іске асырудың неғұрлым кеш кезеңдеріне 2015-2016 жылдарға ауыстырылды), оның ішінде 5 объекті сатылды: «Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты» ЖШС, «Медиа-корпорация «ЗАҢ» ЖШС, «Ғимараттар мен көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС, «Астана-кус» асыл тұқымды шаруашылық» АҚ, «Бәсекеге қабілетті саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ, бұл объектілердің жалпы санынан 25% құрайды. Жоспарды артығымен орындау сатылған 5 объектінің ішінде 2 объекті ЖШС болып табылатындығымен түсіндіріледі, оларды артықшылықпен сатып алу құқығымен ЖШС-нің екінші қатысушылары өткізген.

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің нәтижелері бойынша Комитеттер 39 Объекті бойынша тәуелсіз консалтингтік компаниялардың есептері қабылданды. Мемлекеттік органдар мен Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі мониторингі объектілеріне 120 ұсыным, оның ішінде мемлекеттік орган үшін – 14, Мониторинг объектілері үшін – 106 жіберілді, оның ішінде мемлекеттік органдар 3 ұсынымды;


  • Мониторинг объектілері -70 ұсынымды қабылдады.

Мемлекеттік органдар мен Мониторинг объектілері қабылдаған ұсынымдар пайызы 60% (73/120*100=60%) құрады.

Стратегиялық маңызы бар экономиканың салаларында мемлекеттік меншік мониторингі қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға және мониторинг объектілеріне консультанттар мониторинг барысында әзірлеген 115 ұсыным жіберілді, Оның ішінде 76 ұсыным орындауға қабылданды.

Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына 2013 жылы мемлекеттік органдар қабылдаған ұсынымдардың қосымша пайызын енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілген, ол стратегиялық маңызы бар экономиканың салаларында мемлекеттік органдар мен меншік мониторингі объектілері қабылдаған ұсынымдар пайызының ұлғаюына әкеп соғады.

2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтердің сапасын және орындалатың функциялардың тиімділігін қамтамасыз ету
2014жылы Қаржы министрлігі 16,7млн. мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1 009 қызмет.

Мерзімдерін бұза отырып, көрсеткен мемлекеттік қызмет көрсету саны 63 жағдайды құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың негізгі себептері «адами фактор» және ақпараттық жүйелердің жаңылысуы болып табылады.

ҚР ИДМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ деректері бойынша осы көрсеткіш 21632 құрайды. Қазіргі уақытта деректерді салыстырып тексеру, алдын-ала қорытындылар жасау жүргізілуде, бұл сан 21632 дәйекті емес.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұдан әрі жібермеу және алдын алу үшін тұрақты негізде қызметтерді көрсетудің уақтылығына және толықтығына бақылау жүргізіледі, Министрліктің ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.



2014 жылы мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзу фактілерін анықтауға және азайтуға бағытталған іс-шаралардың нәтижелері бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін Министрліктің мынадай қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды:

- ескерту жарияланды:

  1. Қарағанды облысы бойынша МКД Жаңаарқа ауданы бойынша МКБ бас маманы Ж.А. Біләловаға (2014 жылғы 6 ақпандағы №10 бұйрық);

  2. Алматы қаласы бойынша МКД «Ақпараттық технологиялар паркі» МКБ бас маманы И. Ли (2014 ж. 31 наурыздағы № 1 бұйрық);

  3. ШҚО бойынша МКД Бородулиха ауданы бойынша МКБ бас маманы С.И. Пичтаеваға (2014 ж. 2 сәуірдегі № Л-9 бұйрық);

  4. Жамбыл облысы бойынша МКД Қордай ауданы бойынша МКБ бас маманы У. Өтеулиеваға (2014 ж. 12 наурыздағы № 43-нег бұйрық);

  5. СҚО бойынша МКД Шал ақын ауданы бойынша МКБ бас маманы С.Т. Мусинге (2014 ж. 20 ақпандағы №16 бұйрық);

  6. Ақтөбе облысы бойынша МКД Мәртөк ауданы бойынша МКБ бас маманы С.М. Жәнібековке (2014 ж. 7 ақпандағы № 7 бұйрық);

  7. Ақтөбе облысы бойынша МКД Ақтөбе қаласы бойынша МКБ бас маманы А.Р. Рзағұловқа (2014 ж. 2 сәуірдегі № 131 бұйрық);

  8. Ақтөбе облысы бойынша МКД Байғанин ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы И. Қожабаеваға (2014 ж. 14 наурыздағы № 4 бұйрық);

  9. Ақтөбе облысы бойынша МКД Әйтеке би ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы Г. Баймановаға (2014 ж. 31 қаңтардағы № 1 бұйрық);

  10. Ақтөбе облысы бойынша МКД Хромтау ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы М.Р. Нұржігітоваға (2014 ж. 28 наурыздағы № 18 бұйрық);

  11. «Әуежай-Өскемен» к/б жетекші маманы В.П. Карпичко;

  12. «Майкапчагай» к/б жетекші маманы Д.Ж. Акимбаевке;

  13. «Семей» к/б жетекші маманы Е.В. Казымоваға;

  14. «Семей» к/б жетекші маманы М.Г. Букинаға;

  15. ШҚО бойынша МКД Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы тауарларды жеткізуді бақылау бөлімінің бас маманы
    Д.К. Мұхамадиевке;

  16. ШҚО бойынша МКД Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы тауарларды жеткізуді бақылау бөлімінің жетекші маманы
    А.Б. Белгібаевқа;

  17. ШҚО бойынша МКД Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы тауарларды жеткізуді бақылау бөлімінің жетекші маманы
    А.К. Уәлиевке;

  18. «Майқапшағай» к/б жетекші маманы К.М. Жақсылықовқа;

  19. «Майқапшағай» к/б бас маманы М.К. Рамазановқа;

  20. «Майкапшағай» к/б жетекші маманы С.Е. Уәлихановқа;

  21. «Семей» к/б бас маманы Н.М. Әубәкіровке;

  22. «Семей» к/б жетекші маманы Д.Н. Бакиеваға;

  23. «Семей» к/б бас маманы А.А. Рахымбаевқа;

  • сөгіс жарияланды:

  1. Қарағанды облысы бойынша МКД Қазыбек би атындағы аудан бойынша МКБ жетекші маманы Д.К. Оспановаға (2014 ж. 12 ақпандағы №39 бұйрық);

  2. Алматы қаласы бойынша МКД Түріксіб ауданы бойынша МКБ жетекші маманы Н.К. Қарабалаевқа (2014 ж. 20 наурыздағы № Ө-84 бұйрық);

  3. Алматы қаласы бойынша МКД Жетісу ауданы бойынша МКБ бас маманы Ж.Т. Төлтекеноваға (2014 ж. 3 сәуірдегі № Ө-84 бұйрық);

  4. Алматы қаласы бойынша МКД Түріксіб ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы Н.Н. Сухих (2014 ж. 3 ақпандағы № Ө-40 бұйрық);

  5. Жамбыл облысы бойынша МКД Шу ауданы бойынша МКБ бас маманы Е. Жұмағұловқа (2014 ж. 6 наурыздағы № 25-нег бұйрық);

  6. Жамбыл облысы бойынша МКД Талас ауданы бойынша МКБ бас маманы О. Дауовқа (2014 ж. 10 қаңтардағы №2-нег бұйрық);

  7. БҚО бойынша МКД Теректі ауданы бойынша МКБ жетекші маманы А. Нұрымовқа (2014 ж. 28 наурыздағы № П-30 бұйрық);

8. Атырау облысы бойынша МКД Мақат ауданы бойынша МКБ салықтық әкімшелендіру бөлімінің басшысы В.У. Еспосыноваға
(2014 ж. 29 қыркүйектегі № 35 бұйрық);

9. «Майқапшағай» к/б жетекші маманы А.Х. Абдулқасымоваға;

10. «Майқапшағай» к/б жетекші маманы Қ. Қабдрашатұлына;

11. «Бахты» к/б жетекші маманы Н.А Садықовқа;

12. «Бахты» к/б жетекші маманы М.М. Әбілпейісовке;

13. ШҚО бойынша МКД КБҰБ ТЖББ жетекші маманы


Д.Ф. Әшімовке;

14. «Майқапшағай» к/б бас маманы М.А. Мақаевқа;

15. «Семей» к/б жетекші маманы А.Т. Байсқақовқа;

16. «Семей» к/б жетекші маманы Е.К. Оразғалиевке;

17. «Семей» к/б жетекші маманы Н.Ж. Сәдуақасқа;

18. «Семей» к/б жетекші маманы Ж.А.Асаубаевқа;

19. «Бахты» к/б жетекші маманы М. Жұмагелдинге;

- қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту шығарылды:

1. «Семей» к/б жетекші маманы А.Т. Исақовқа.

Есепті кезең ішінде 3 шағым келіп түсті, оның ішінде 2-і «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет көрсетуге, 1 шағым «Салық есептілігін қабылдау» қызметін көрсетуге қатысты. Шағымдарды қарау нәтижесі бойынша Астана қаласы бойынша МКД «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкері бас маман Н.А. Жұмағұловқа сөгіс жарияланды, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД «Шымкент-КРО» кеден бекетінің жетекші маманы Л. Рамбердиеваға ескерту жарияланды және Павлодар облысы бойынша МКД Баянауыл ауданы бойынша МКБ бас маманы
А.Н. Жалбыровқа (№ 10-П бұйрық) қатаң сөгіс жарияланды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында Министрлік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олардың негізгі стратегиялық бағыттары: көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру, салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың салықтық және кедендік сауаттылығын және хабардарлығын арттыру мақсатында көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің уақтылығын бақылау болып табылады.

Көрсетілген кезең ішінде Министрлік мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзушылықтардың алдын алу бойынша 2 348 шара қабылданды, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру бойынша 9 771 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар мен БАҚ-да сөз сөйлеулер өткізілді.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жаңғырту үшін 2014 жылы заң шығармашылық жұмысы жүргізілген болатын. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Заңмен салық заңнамасына:

- 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде салық төлеушілерді ерікті жоюдың оңайлатылған тәртібін (тарату салықтық тексеру жүргізбей) енгізу бойынша (ол бойынша талап ету мерзімі шегінде жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы 60 000 АЕК-тен аспайды);

- 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтар бойынша аудит жүргізу және аудиторлық ұйымдардың салық төлеушінің өзінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын баламалы салықтық тексерулер болып табылатын салықтар бойынша қорытынды жасау бойынша;

- 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудиторлық ұйымдарға салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық есеп жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізу бойынша;

- тексерудің жаңа түрі – тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде тағайындалатын іріктеп тексеру енгізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық тексерулер іріктеп тексерулерге және жоспардан тыс тексерулерге бөлінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқарту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында 42 мемлекеттік кірістер басқармасында электрондық кезекті басқару жүйесі орнатылған.

Бизнес жүргізу жеңілдету үшін электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесі құрылды және жұмыс істейді (жүйені пайдалану ақысыз негізде ұсынылады).

Мемлекеттік органдарға бару санын азайту және ұсынылатын құжаттар санын азайту мақсатында салық салу мәселелері бойынша 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңмен Салық кодексіне:

- құжаттық тексеру және камералдық бақылау жүргізбей дара кәсіпкерлерді тіркеу есебінен шығарудың оңайлатылған тәртібін;

- тіркеу есебінен шығару үшін дара кәсіпкерлер ұсынатын құжаттар санын азайтуды;

- салықтық өтініштер мен салық есептілігі нысандарының жекелеген түрлерін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынуды көздейтін түзетулер енгізілді.

Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Заңмен «Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

- кедендік бақылау екпінін кедендік тазалау кезеңінен тауарларды шығарудан кейінгі кезеңге ауыстыру арқылы кедендік әкімшілендіруді жақсарту бөлігінде, бұл кедендік тазалау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді (кедендік бақылаудың негізгі салмағы тауарларды шығарудан кейінгі кезеңге ауыстырылады);

- уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) институтын жетілдіру бөлігінде, мұнда өзара тиімді серіктестік, СЭҚ қатысушылардың кәсібилігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін адал кәсіпкерлікті көтермелеу, өзара ашықтық және ынтымақтастық қағидаты, шетел мемлекеттерінің УЭО өзара тануы, сондай-ақ УЭО үшін арнайы оңайлатулар тізбесін кеңейту енгізіледі;

- халықаралық келісімдер бойынша жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуге байланысты және тауарлар әкелу кезіндегі жеңілдіктерді қолдану тәртіпті реттеу бөлігінде түзетулер енгізілді. Аталған норма сандық өлшемдерді, коммерциялық партия ұғымын, тасымалдау жиілігін дәл және нақты айқындайды.

Одан басқа, Заң шеңберінде айтарлықтай түзетулер енгізілді:

1. «Doingbusiness» рейтингісіндегі позициясын жақсарту шеңберінде

Экспорттық-импорттық операциялар жасау кезіндегі құжаттар санын азайту бөлігінде түзетулер енгізу.

Енді кеден қызметіне импортқа тек 4 құжат және экспортқа тек 3 құжат табыс ету қажет. Бұл ретте:

1) тауарлар экспорты кезіндегі шығу сертификаты;

2) кеден декларациясын тапсыратын адамның өкілеттігін растайтын құжат;

3) кеден төлемдері мен салықтардың төленгенін растайтын құжаттар;

4) сәйкестік сертификаты;

5) тауарларды қарап тексеру (тексеру) актісін СЭҚ қатысушыға жіберу міндеттілігі талабы жойылады.

Импорт және экспорт кезіндегі талап етілетін құжаттардың санын азайту халықаралық сауда бойынша рейтингті 12 позицияға (185-тен 173-ке дейін), ал жалпы рейтингте 16 позицияға (77-ден 61-ге дейін) жақсартуға мүмкіндік береді.

2. Көліктік-логистикалық орталықтар бойынша (КЛО)

«ҚР кеден ісі туралы» ҚР Кодексіне кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттері үшін, оларды құру бойынша үлгілік талаптарды әзірлеу бойынша, сондай-ақ тиістілік нормалары мен оларды жайластыруға және материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптарды әзірлеу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мен ҚР Үкіметінің құзыретін белгілеу бөлігінде түзетулер енгізілді.

3. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастама жасаған сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылардың «қателіктерді ерікті мойындауы» қағидатын енгізуді көздейтін түзетулер енгізілді.

Бұл қағидат кеден заңнамасын бұзушылықтарды СЭҚ қатысушылар кедендік тексеру басталғанға дейін ерікті түрде жойған кезде сол үшін әкімшілік жауаптылықтан босатуды көздейді.

4. Астана қ. «ЭКСПО-2017» өткізу мәселесі бойынша түзетулер

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың арнаулы кедендік рәсімдері үшін үй-жайлар мүмкіндігін іске асыру мақсатында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін көрсетілген рәсімді қолдану қағидаларын бекітуге Үкіметтің құзыретін айқындау бөлігінде түзету енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген түзетуді іске асыру шетелдік тауарлардың арнаулы кедендік рәсімдері үшін үй-жайлар мүмкіндігін кеден баждарын, салықтарды төлеместен, сондай-ақ тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбастан болжамдалады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі №15 хаттамалық тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы (бұдан әрі - Заң) әзірленді.

Заңға Мемлекет Басшысы 2014 жылғы 10 қарашада қол қойды және 13 қарашада жарияланды.

Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, яғни 2015 жылғы 12 ақпанда қолданысқа енгізіледі.

Ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау функцияларын мемлекеттік кірістер органдарына беру кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, «Бірыңғай терезе» қағидатын енгізу жолымен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін әкімшілік кедергілерді жоюға байланысты болды.

Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік бақылаудың барлық түрін (шекаралық бақылаудан басқа) уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын болады.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды жақсарту мақсатында кеден органдары және өзге де мемлекеттік органдар 2014 жылы:

- жұмысты жандандыру және құқық иеленушілермен өзара іс-қимыл жөнінде;

- меншік құқықтарын күзету және қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлерін оқыту жөніндегі жұмыс топтарын құрды.

Олардың жұмыстарының жоспарлары бекітілді. Бекітілген жоспарларға сәйкес бірқатар (Дөңгелек үстел, Жұмыс топтарының отырыстары) іс-шаралар өткізілді, олардың барысында осы бағыттағы проблемалық мәселелер талқыланды.

2014 жылғы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін оқыту жоспары бойынша бірқатар өңірлік оқыту семинарлары өткізілді.

- 25 - 26 тамызда Алматы қаласында;

- 29 - 30 қыркүйекте Шымкент қаласында;

- 30 - 31 қазанда Атырау қаласында;

- 5 - 6 қарашада Өскемен қаласында;

- 5 - 7 желтоқсанда Петропавл қаласында.

Сонымен қатар, Кедендік бақылау комитеті АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігімен бірлесе отырып және құқық иеленушілердің (МайкроСофт, Найк, Эппл, Монт, Верум, Меломан, Пфайзер, БМФ Групп и др.) қатысуымен 2014 жылғы 23 - 25 қыркүйекте Алматы қаласында ҚР кеден органдарының қызметкерлері үшін «Шекарада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» деген тақырыпта семинар-дөңгелек үстел болып өтті, онда контрафактілік өнім әкелуді айқындау және жолын кесу мәселелері, түпнұсқа және жасанды өнімдердің айрықша белгілері мен олардың одан әрі өзара іс-қимылдары туралы құқық иеленушілердің кеден органдарын ақпараттандыру мәселелері қаралды.

Қаржылық есептіліктің толықтығын, тұтастығы мен айқындығын, сондай-ақ қағаз құжат айналымынан электрондыққа көшуді қамтамасыз ету мақсатында «Қазынашылық-клиент» АЖ енгізілді.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің есептеріне сәйкес «Қазынашылық-клиент» АЖ - 12055 ММ немесе техникалық жарақтандырылған 12055 ММ-нің жалпы санынан 100% -ы қосылған.

«Қазынашылық-клиент» АЖ –ға көшкен, техникалық жарақтандырылған мемлекеттік мекемелердің үлесі» нысаналы индикаторы 100%-ға орындалды, яғни қажетті техникалық жарақтандырылған және АҚБ-да қызмет көрсетілетін 12055 мемлекеттік мекемеге «Қазынашылық-клиент» АЖ қосылған.

2014 жылы аумақтық қазынашылық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылға арналған стратегиялық жоспарының жоспарланған тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізді: Мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету және АҚМ-дi тiркеуге арналған өтiнiмдердi өңдеу және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы төлеуге берiлетiн шоттарды өңдеу уақытын қысқарту – 8 сағат.

Қаржы мониторингі субъектілерінің ұсынымдарымен қамтамасыз етілу үшін 2014 жылы Қаржы мониторингі субъектілерінен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыруға


қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуы бойынша түсетін барынша жиі қойылатын сұрақтардың жинағы әзірленді. Соның арқасында Қаржы мониторингі субъектілерінің ұсынымдарымен қамту 50%-ға жетті.

2011 жылы Қазақстан Республикасының мониторинг жүйесі ЖҚІ/ТҚ саласындағы Халықаралық стандартарға сәйкестігі тұрғысынан Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) өзара бағалауынан өтті. Бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы үшін стандарттық мониторинг рәсімі белгіленді. Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына Қазақстан Республикасының сәйкестік рейтингi 13 ұсынымды құрайды.

Бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы үшін стандарттық мониторинг рәсімі белгіленді және ЖҚІ/ТҚ жүйесін одан әрі жетілдіруді жалғастыру ұсынылды. Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күрес бойынша жаңартылған Халықаралық стандартарға сәйкестік тұрғысынан ЕАТ-ның келесі бағалауынан өту 2015 жылы күтіледі.

2013 жылғы қарашадан 2015 жылғы қараша аралығында Қазақстан Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) төраға орынбасары болып табылады.

2005 жылдан бастап Қазақстан Еуразиялық топтың жұмыс топтарының біреуі – Техническому жәрдем жөніндегі жұмыс тобының (ТЖЖТ) тең төрағасы болып табылады.

Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері 2014 жылы 16 – 20 маусым аралығындағы кезеңде Мәскеу қаласында 20-пленарлық отырысында және Еуразиялық топтың жұмыс топтарының отырыстарында қатысты.

2014 жылғы 8-16 қарашада Душанбе (Тәжікстан) қаласында Еуразиялық топтың 21-пленарлық отырысында қатысты.

Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары кеңесінің (ҚБББК) 2014 жылы 16 – 17 маусым аралығындағы кезеңде Мәскеу қаласында 3-отырысында және 2014 жылғы 10-11 қарашада Душанбе (Тәжікстан) қаласында 4-отырысында қатысты.

Мынадай бағыттар бойынша мемлекеттік органдармен, СҚМ-мен және қоғамдық бірлестіктермен жұмыстар жүргізілді.

АЖҚІ/ТҚ саласында Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Комитет пен Ұлттық Банктің, сондай-ақ Республикалық нотариалдық палата арасында қол қойылған келісімдер шеңберінде 2014 жылдың ішінде Қазақстанның өңірлерінде және Астана және Алматы қалаларында қызметкерлер нотариустармен және айырбастау пункттерімен АЖҚІ/ТҚ туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, Веб-СҚМ жұмысының алгоритмін түсіндіру бойынша 30-дан астам жұмыс кездесулерін өткізді.

Өткізілген түсіндіру іс-шаралары шеңберінде 900-ден астам СҚМ қамтылды.

АЖҚІ/ТҚ және ОМУ саласында шет елдердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық туралы екі жақты келісімдер, меморандумдар жасасу шеңберінде 2014 жылы мынадай шет мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерімен:

Кипр Республикасының Ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі бөлімшесі (Будапешт қ.,17 ақпан 2014 жыл).

Македонияның Ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру жөніндегі (Астана қ. - 8 сәуір 2014 жыл, Скопье қ. - 23 сәуір 2014 жыл) офисі.

Черногорияның Ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі әкімшілігі (Москва қ., 2014 жылғы 20 маусым).

Түркия Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі бөлімшесі (MASAK) (Астана қ., 2014 жылғы 22 шілде) АЖҚІ/ТҚ саласында өзара түсіністік туралы келісімдерге қол қойылды.

ҚМҚ ҚМ-1-нысанын ҚМК веб-порталы электрондық түрде беруге көшуді жүзеге асрыруы бойынша 1 029 қаржы мониторингі субъектісі хабарларды Комитеттің Веб-порталы арқылы беру, бұл 2013 жылға қарағанда 1,5 есеге көп (619).

Қағаз жеткізгіштегі хабардың саны 12%-ға, қағаз жеткізгіште келіп түсетін хабардың саны 10 422 хабарға (11 837) азайды. Алынатын хабардың негізгі көлемі көбіне Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының нотариустарына келеді.



Ай сайын нотариалдық қызметпен айналысу құқығын беретін лицензияны шамамен 100 нотариус алады, олар үшін қағаз жеткізгіш арқылы хабар беру қалыптасқан әдет болып қалып отыр.


Министр Б. Сұлтанов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет