6 томдағы түрмедегі записка 6т. 86 бет


============================***



бет2/2
Дата08.06.2016
өлшемі329 Kb.
#122906
1   2

============================***

7 том 2 бет Ахмет Байтұрсынов өз хаты

Смағұл баурым!

Менің өзім утопист емеспін. Сондықтан сенің мартттағы болатын партия сиязыңа (...) кел дегеніңе бара алмаймын. Әңгімеге тойғанмын. Тағы да қайтадан бастап құр ауыз ауыртуға көңілім шаппайды. Басқа оқу деген ақылың көңіліме қонады. Мұхтар аман шығар. Басқалар да аман. Әбдірашқа сәлем.

Бауырың Ахмет.

12.1.1929 ж.

Қайдан жолдап отыр? Сыртына Смағұл М.

«Мен бармай тамақ алып қойма. Бүгін мейрам болғандықтан обед алады» Смағұл – деп жазыпты. Айт қай күні екенін?

============================================***

Дәл мындай хатты сарғыш открыткаға жазылған хат 240 бет, 7 том.

«Бауырым Дінше. 25.02.26 ж.»

Смағұлға жолықтым. Ол мектеп басшыларымен сөйлесті. Олар кіндік рұқсатынсыз босата алмаймыз депті. Ең үлкен бастығы орынбасар берсеңдер босатамыз депті. Соныен Смағұл УВУЗ-ға (Мәскеудегі) жолықпақ болып кетті. Қайтсем де баратын шығармын. Тек ресми жағы бөгет болып тұр. Пушкиннің екі пьесасын аударып, Мадиярға жібергем. Сыннан тезірек өткізуге қам қыларсың. Бара қалсам артистерге, өзіме жетекші болғандай театр әдебиетін ала қайтуға Смағұлға тапсырып жібердім. Ойындарың тәуірлеп келеді дегенге қуанамын. Қазақтың тұңғыш өнерпаздарына (артистерге) менен түгел сәлем айт. (осы хатты оқып бер)

Жүсіпбек

Сыртына 1.03.26. жауап қайтардым. – Дінше –

28.02.26ж. алынды делінген.

7 том. 2 фота сурет бар. Өте құпия.

Алушы: Москва, Воздвиженка, Жіберуші: Қызылорда С. Киловскийй п. 4, 15 пәтер 10/ІV – 28 ж.

Ә. Бөкейхановқа

Әлеке!

Сіздің «Жаңа мектепке» жіберген 27 мақалаңызды Мадиярдың қолынан алдым. Нағында 33 мақала екен. «Жарасын алдырған апа» № 5 санға салынды. «Семенның әкесі» № 6 санға барады. Сондай-ақ «Ақылсыз қасқыр да» (Жаңа мектептің «Балаларға базарлық атты» № 6 қосымшасында.) сонда берілді. Қалғандары да бірте-бірте осылай жариялана бермек. Бір-екі мақаланы Мадиярға қайтардым. Сіз шамасы «Жарасын алдырған апаны» көрген жоқсыз-ау деймін. (Өйтккен «Жаңа мектепті» жаздырып алмайсыз ғой). Сізге тиесілі төмендегі соманы «орамал ретінде» (қаламақы – Т.Ж.) «Жаңа мектептің» кезекті санымен қосып жіберіп отырмын. Жарияланған мақалаларыңызға тиісті қаламақыны алу үшін «қағаз жіберіңіз». Онсыз мында босатпайды.



«Жаңа мектепте» «сырлы әдебиет» бөлімі ашылды. Соған да арнап мақала жіберіңіз. Бірден «басқарманың атына» жолдаңыз.

Енді алдағы уақытта «Жаңа мектепке» қандай мақалалар керек екеніне тоқталайын «Жаңа мектептің» әр санында «өлкетану» деген айдармен менің немесе басқа біреудің мақаласы тұрақты түрде беріліп тұрады. Оған ешқандай редакциялық түсіндірме жасалмайды. Сондықтан да редакция біздің пікірімізбен санасады ғой деп ойлаймын. «Жаңа мектеп» мұғалімдердің сұранысын қанағаттандырады деп үміттенеміз. Бір сөзбен айтқанда «Жаңа мектеп»журналы мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне ем ретінде қонады деп үміттенеміз. Бұған «Жаңа мектептің» таралымының өсуі мен әр жерден келіп жатқан хаттар көз жеткізеді. Қаражатты тапшы газет-журнал оқып үйренбеген арнайы маманданған баслымға үйренбеген мұғалімдердің сұранысы күшейіп, ақшаларын жіберіп жатыр. Бұрын 50 адам ғана жаздырып алушы еді, қазір олардың саны 800-ден асты. Арнайы ұйымдастырушы ұстамаймыз, бірақта кейінгі екі жарым айдың ішінде (№ 3 санынан бастап) жазылушылардың саны 1000-ға жетті. Оқу-ағарту коммисариаты «Жаңа мектепті» үлгі ретінде ұстанып отыр. Осыған қарағанда «Жаңа мектеп» дер кезінде ашылған сияқты. Содықтан да олардың пікіріне қосылмау мүмкін емес. Оқырмандар мен (мұғалімдермен) талап етушілердің тілегі бойынша әдебиет бөліміндегі материалдарға берілетін түсініктермен келісу керек шығар.

«Сын бөліміндегі» материалдар жеткіліксіз. Бұған сіздің араласуыңыз керек деп есептейміз. Сіздің келіспейтініңізді білсем де (әрине бұл менің өз күдігім) «табиғиттану бөліміне» жазып тұрыңыз. Жер, ауа райы, топырақ, су, құм, өсімдік, геология, қазақстан тарихы туралы жазыңыз. Осының өзін ғылым деп есептеймін. Көп адам бізге қатыспаса да, кеңес бермесе де мұғалімдер бұл туралы жазып тұрады. Тым болмаса 1908 жылы қазақ жері туралы Сібір журналдарына шыққан мақалаларыңыздың қазақ тіліне аударып жіберіңіз.

Желкен 13/V – 26 ж.»

7 том 189 бет.

Желкен деген кім? Осы томның 168 бетінде Ахмет Байтұрсыновтың «Әлди-әлди» өлеңінің қолжазбасы бар.

======================================***

7 том 301 бет.

ОГПУ-дің прокурорынан.

ОГПУ-дің СЛАК лагерінің тұтқыны Дулатов Міржақып Дулатұлынан алдын-ала тергеу кезіндегі мерзімді есептеу туралы өтініш.

ОГПУ коллегиясының (Үштіктің) қаулысы бойынша мен ҚК-нің 58-ші бабының 2,4,10,11 тармақтары бойынша 10 жылға коцлагерьге жіберілген едім. Кесім уақыты 16/VІІ – 29 жылдан бастап есептелді. Осыған байланысты өтінішім мынау: мен бұл іс бойынша 29/ ХІІ – 28 ж. Тұтқынға алындым. Сол уақыттан бастап Алматы мен Бутрканың түрмесінде тергеу астында болдым. Сондықтан да ҚІК кодексінің 29-шы бабына және ҚІК-нің 343-ші бабына сәйкес маған алдын-ала жүргізілген тергеудің уақытын яғни менің жаза өтеу мерзімімді 29/ ХІІ – 28 жылдан бастап есептеуіңізді өтінемін.

М. Дулатов

29 сәуір, 1931 жыл

ССР Халық коммисарлар кеңесінің жанындағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасы. Соловецк және Карел-Мурманск еңбек түзету лагерінің басқармасы. Тұтқындарды бөлу бөлімі. 15 маусым, 1931 ж.

ОЦР ОППУ-ға Москва СЛАК-тің бірінші бөліміне. Көшірмесін Міржақып Дулатовқа тапсыру үшін.

Міржақып Дулатовтың кесімді уақытын сотқа дейінгі алдын-ала тергеу кезіндегі 29/ ХІІ – 28 – ден бастап 15/VІІ – 29 дейінгі аралықты есептеу туралы өтінішін жолдап отырмыз. КОГПУ-дің 13/І – 1931 жылғы қаулысымен КК-нің 58 бабының 2,4,10,11 тармақтыры бойынша 10 жылға (ату жазасының орынына ауыстырылған) сотталған.

Басқарама бастығының орынбасары - қолы».

Демек 1885 жылы туған Міржақып Дулатов 46 жасында, 1931 жылы 13 қаңтар күні ату жазасына бұйырылған.

Анықтама ОГПУ-дің орталық тіркеу бөлімі:

Дулатов Міржақып Дулатұлы 1885 жылы Қазақ АССР-нің Қостанай округінің Наурызым ауданында туған. Сот коллегияссының 4/ІV – 30 г. Қаулысы бойынша 58-ші баптың 2,4,10,11 тармақтары бойынша айып тағып жоғары жазаға (атуға-Т.Ж.) кесілген. Дүние-мүлкі тәлкіленуге жатқызылды. Еңбек ақысы № 26 параграф бойынша есептеледі. Коллегияның 8/V – 31 жылғы қаулысымен коллегияның бұрынғы 4/ІV – 30 ж. Қаулысы 26/І күні жоққа шығарылды. 13/І-31 күнгі соттың шешімі бойынша ату жазасы тұтқындалған күннен бастап есептелетін 10 жылдық концлагермен ауыстырылды. Дүние-мүлкі тәркіленген, үй-іші жіберілген жоқ...».

Ату жазасына кесілгендердің барлығына да дәл осындай анықтама берілген. Тек аты-жөндері мен кесілген үкімдері ғана өзге.

21/ХІ-29 ж.

ОГПУ-дің комендантына қызмет бабындағы хат.

№ 14-ші үйдегі түрмеде жатқан Міржақып Дулатовты Бутрка түрмесіндегі Байтұрсынов, Аймауытов, Болғанбаев, Испулов, Бірімжанов, Жұмабаев, Юсупов, Байтасов, Омаров, Жәлелов жатқан камераға ауыстыруды өтінеміз.

Дулатовты Бутрка түрмесіне ауыстыру бүгін жүргізілсін.

ОГПУ-дің шығыс бөлімінің бастығы Дьяков».

Мұның алдында Міржақып Дулатов өзін Қазақстаннан келген тұтқындардың қасына ауыстыруды өтінген. Бұл ажал алдында тұрғанын сезіп аяулы азаматтармен соңғы рет бақұлдасып қалуды ойластырған амалы болса керек. Ал тергеушілердің мақсаты оларды бір бөлмеге жиып, арасына тыңшы қосып, айтқан сөздерін хатқа түсіріп алуды көздесе керек. Бұған тұтқындардың арасына Қалам, Дальше... сияқты салпаңқұлақтарды жіберу туралы өзара жазысқан қатынастары дәлел.

7 томның 372 бетінен бастап Аймауытовтың хаттары тіркелген және суреті бар. Сурет тура және қырынан түсірілген. Шашы қысқа. Көзін қысыңқырап түскен. Мұртты. Кеудесінде ақ шүберекте № 2870 деген сан жазылған.

7 том 375 бет.

Бутурка түрмесінің комендатына № 63 камерадағы тұтқын Жүсіпбек Аймауытовтан өтініш. Әйелімнен телеграмма алуыма байланысты оған төмендегі мазмұнда жауап беруге рұқсат етуіңізді өтінемін: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Бәрін тапсырып алдым. Аманмын. Бутрка түрмесіндемін. Аймауытов. Жауап хатқа төленген түбіртекті ұсынып отырмын. Телеграмманы алғаны туралы түбіртекті маған беруіңізді өтінемін.

Аймауытов

21/ІХ – 29ж.».

7 том 373 бет. 17/VІІ – 29 ж. № 1675 Бутрка түрмесінің бастығына. Төмендегі 8 тұтқын айдауылмен жіберіліп отыр.

1. Ташекенов Қаби Кентаевич

2. Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынович

3. Дулатов Міржақып Дулатович

4. Аймауытов Жүсіпбек Аймауытович

5. Исполов Мырзағазы Исполович

6. Бірімжанов Ғазымбек Қорғанбекович

7. Болғамбаев Хайреддин Әбдірахманович

8. Ғаббасов Халел Ахметжанович

Айдауылмен апарылсын және бір-бірінен оңаша ұсталсын.

ОГПУ- дің әскери бөлімі».

ОГПУ – дің әскери бөлімі 7 том 379 бет

Бутрка түрмесінде Міржақып Дулатовпен бір камерада жатқан төмендегі ьтұтқындарды: Байтұрсынов Ахметті, Аймауытов Жүсіпбекті, Исполов Мырзағазыны, Болғамбаев Хайреддинді, Бірімжанов Ғазымбекті, Жұмабаев Мағжанды, Юсупов Ахметсапаны, Байтасов Абдулланы, Омаров Елдесті, Жәлелов Кәрімді, Міржақып Дулатов № 14 үйге ауыстырылғаннан кейін оларды Ғаббасов Халелге және № 54 камерада жатқан Қазақстаннан келген 33 адамға (Әділов және басқалар ) жолықпайтындай етіп әр камераға бөліп-бөліп орыналастыруды өтінемін.

ОГПУдің әскери бөлімі – қолы»

7 том 382 бет.

Бутрка түрмесінің комендантына Бутрка түрмесінің тұтқыны, 14 дәліздегі № 63 камерасындағы Аймауытов Жүсіпбектен өтініш.

Көптен бері үй-ішімнен хабар болмағандықтан да өз есебімнен төмендегі мазмұндағы телеграмманы жолдауға рұқсат беруіңізді өтінемін: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Амандықтарыңды хабарлаңдар. Шолақ тон жіберіңдер. Адресім бұрынғысынша.

Аймауытов. 3/ХІІ-29ж.»

Өтініштің бас жағына: «Қарсы емеспін 8/ХІІ-29ж.» деп қол қойылған. Яғни бес күннен кейін барып қана жеделхат жолдауға пұрсат берілген.

7 том 384 бет. Бутрка түрмесінің комендантына Бутрка түрмесінің тұтқыны, 14 дәліздегі № 63 камерасындағы Аймауытов Жүсіпбектен өтініш.

Маған әйелімнің жолдаған жеделхатына жауап ретінде почта телегррафы арқылы төмендегі мазмұндағы жауапты ақсыз түбіртек арқылы жорлдауыма рұқсат беруіңізді сұраймын: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Аманмын. Шолақ тонмен бірге бас киімді де алдым.

Аймауытов. 28/І-30ж.»

Осы өтініштің шекесіне: «Қарсымын басқарма көмекшісі Павлов 2/ІІ-30ж.» деп қол қойған.

===================================***

7 том 389 бет.

ПП ОГПУ-дің КССР бойынша өкілдігі. Алматы қаласы. № 6

ОГПУ-дің Сырдария округтік бөлімшессі мынаны хабарлайды: ПП ОГПУ-дің орынбасары Алшанскийдің өкіміне сәйкес тұтқындалған:


  1. Кеншімов Мәдібек

  2. Исатаев Сапалай

  3. Иманов Жантөре - 17/ V-30 күні Арал теңізі арқылы екі күзетшімен ОГПУ-дің Қызылордадағы бастығының қарауына жіберілді.

20/V күні алынған ПП ОГПУ-дің Кеншімов Мәдібекті ату туралы қаулысына орай округтік бөлімшенің атына: тұтқындар тиісті жерге жеткен соң үкімді орындау туралоы шифрлы телеграмма жіберілді. Округтік бөлімшеге белгісіз себептермен тұтқындар айдауылмен қоса 23/V-30жылы Шымкентке қайтарылып жіберілді. Қайтар жолда, Салатөбе станциясы мен № 167 разедің арасында Сарытоғай станциясына жетпей 25/V күні түнгі сағат 11-де, айдауылдардың айтуынша тұтқындар зулап келе жатқан поезддің вагонынан секіріп кеткен. Айдауылдардың шұғыл шара қолдануымен Иманов пен Исатаев қолға түскен. Қатты жараланған жарақаттан Исатаев 25/V-30ж. Сағат 14-те өлді. Ал Иманов Жантөре округтік бөлімшеге жеткізіліп, сіздің өкіміңізге орай үкім жүзеге асырылды. (атылды – Т.Ж.). Кеншімов Мәдібекті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

(Бурдаков, тіркеуші Жемчужинов)».

Ақыры атылатынын біліп жандарын дәрмен етіп еркіндікке ұмтылған. Бірақ та қу жандарының қоныс табатын ұясы басқа болды. Оларды «ажал актісі» күтіп тұрды.

7 том. 394 бет.

«Акт. 10 ақпан 1931 жыл. Шымкент қаласы»

Біз, төменде қол қоюшылар ОГПУ-дің Шымкенттегі оперативтік секторының қызметкерлері - Плишкин, Полевой және Нестеров: бүгінгі күні түнгі сағат 12-де ату жазасына бұйырылған тұтқын Кеншімов Мәдібекке байланысты үкім орындалды, яғни атылды. Сол үшін 2 дана етіп осы акті жасалды.

Плишкин, Полевой, Нестеров – қолдары қойылған».

Иә, дала көкжалы осылай ажалын тапты.

7 том.403 бет.

30/ ІХ-1933 ж. ОГПУ-дің тергеу жүргізу басқармасы. Москва.

ПП ОГПУ-дің Батыс Сібір бөлімі 15/ҮІІІ – 33 ж. Сіздер жолдаған № 15/541784 архив ісін тапсырып алғанымызды және әкімшілікпен жер аударылған Ахмет Байтұсынұлы Байтұрсыновтың осында келгегенін, сондай-ақ оның Колпашева қалашығына жіберілгенін растаймыз.

Бөлім бастығы ...(қолы)».

7 том.  405 бет.

«ОГПУ коллегиясының 1933 жылғы 4 маусым күнгі мәжілісінің хаттамасы.

Тыңдалды: №541784 архив ісі бойынша азамат Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы ОГПУ коллегиясының 13/І– 30 ж. Қаулысымен ең жоғары жазаға кесіліп, ол жаза 10 жыл түрмеге отыруға ауыстырылған. ОГПУ коллегиясының 8/І– 31 ж. Қаулысы бойынша ОГПУ коллегиясының 14/4– 30 ж. Жоғары жазамен қоса дүние–мүлкін тәргілеу туралы қаулысының күші жойылған. ОГПУ коллегиясының 4/ХІ –32 ж. Қаулысымен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылып, солтүстік өлкеге – Архангельскіге (Находкаға) жылға 3 жер аударылған.

Қаулы етілді: Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлына Қиыр солтүстік өлкесінің Кривошейн ауданына қарасты Жуково деревнясында тұруға рұқсат етілсін».

Тіл сындыратын осынау қасаң тіркестердің астарында азапты тағдыр мен арманды өмір күресі жатыр. Ату жазасына кесілуін естудің өзі де жүйкеге сын. Одан кейін қолыңда жоқ дүние-мүлкің тәргіленуіне үкім шығарудың өзі де мазақ. Одан қиыр солтүстікке жер аударылу да өліммен бетпе-бет келу. Ал бақылау астындағы еркін қоныстануға шығу дегеніңіз – азаттыққа шыққанмен пара-пар. Сондықтан да назарға ұсынып отырмыз.

==============================================================

7 том. 417.

15 тамыз, 1933 жыл. Архангелбскі қ., П – Виногр, 58. УСО бөлімінің Солтүстік өлкесі жөніндегі өкілетті өкілі.

Москва, ОГПУ – дің УСО бөліміне.

Көшірмесі: Новосибирь қаласы. ПП ОГПУ-дің Батыс Сібір өлкесі жөніндегі өкіліне.

Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 7/ҮІІІ- 33 ж. Күні №75707/11 анықтамасымен үй-ішімен кездесу үшін Батыс Сібір өлкесі Кривошейн ауданындағы Жукова деревнясына жүріп кетті. Байтұрсынов Новосибирь қаласына 25/ҮІІІ – 33 ж. Кешікпей жетуге міндетті.

ПП ОГПУ-дің УСО бастығы – Капар».

Бадриса Байтұрсынова жарымен қиыншылықты бірге бөлісу үшін итжеккенге барған. Бұл туралы естеліктер бар.

7 том 417 бет.

«ОГПУ –дің төрағасының орынбасары жолд. Прокофьевке Мәлімдеме

«Түрікмен азатлығы» контрреволюциялық ұйымын әшкерелеу жөніндегі іске байланысты бетпе-бет жүздестіру үшін тұтқын Ғазымбек Бірімжановты ОО ПП ОГПУ-дің Орта Азия бөлімінің қарамағына арнайы айдауылмен жіберуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

Бірімжанов ОГПУ-дің коллегисының 11/ІҮ-30 ж. Қаулысымен «Алашорда» контрреволюциялық ұйымының мүшесі ретінде №541784 іс бойынша 10 жылға концлагерге кесілген болатын. Жазасын ОГПУ-дің Карел-Мурманскідегі лагеріндегі Усикмитледе өтеп жатыр.

Негіздеме: ПП ОГПУ-дің Орта Азия бөлімінің 29/ХІ-32 ж. №11926 күнгі телеграммасы.

ОО ОГПУ-дің бастығының орынбасары ...(қолы). 20 желтоқсан, 32 жыл».

Бұл беттесу өтті ме, жоқ па, оның анық-қаныға бара алмадық.

7 том 412 бет

Москва, УСО ОГПУ. 23 тамыз, 1933 ж.

ОГПУ-дің коллегиясының мәжілісінің (сот) қаулысы 4/ҮІІІ-33 ж. Орындалды, тұтқын Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы БСӨ-нің Кривошейн ауданында тұратын үй-ішімен қосылып, қазір бірге тұрады. УСН-ның бастығы – Сивяков».

Бұл да бір үлкен демеу. Бұл мәселеге Москвада тұратын Әлихан Бөкейханов барынша белсенді араласқан. Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтің лагербден босануына және үй-ішінің олармен жолығуына да жол ашқан. Бұл жөнінде естеліктер де бар.

Осы томның 425-бетінде: «Бұрынғы қаулыға жасалған өзгеріске байланысты қалған уақытта күйеуімен бірге болуы үшін Байтұрсынова Бадрисафаны (Байтұрсынов Ахметтің әйелі) ПП ОГПУ-дің Солтүстік бөлімі арқылы жіберілсін» - деген рұқсат қағаздың бетіне:» Томск губерниясының Кривошейн ауданы Жуково деревнясында тұратыны көрсетілсін» - деп бұрыштама қойылған.

7 том 430 бет.

«ОГПУ мекемелеріне бақылау жасайтын республика прокурорының көмекшісіне Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлынан Өтініш

Қ(азақстан) ОГПУ –нің 1931 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен менің дүние-мүлкім тәргіленіп,өзіме 10 жыл концлагерде отырға үкім шығарылды. Сол К ОГПУ-дің 1932 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен мерзімінен бұрын босатылып, 3 жылға Солтүстік өлкеге жер аударылдым. Жоғарыдағы қаулыны орындалуы барысында менің әйелім Бадри –сафа Байтұрсынова Томскі губерниясының Кривошейн ауданындағы Жукова деревнясына жер аударылған. Әйелімнің жасы 56 –да, оның үстіне денсаулығы да нашар, талма ауруы бар, күніне 4-5 рет ұстап қалады. Ол қандай да бір жұмыс істеу былай тұрсын, оның өзі өзгенің көмегінсіз күнін көре алмайды.

Жоғарыдағы айтқандарымды ескеріп, селбесіп бірге тұруымыз үшін әйелімнің менің қасыма келуіне, не менің оның қасына ауысып баруыма рұқсат беруіңізді сұраймын. Мұндай ауысулар қазіргі ережелерге қарсы емес шығар, тәжірибеде бар ...(хаттың шеті жыртылған – Т.Ж.). А.Байтұрсынов. 1933 жылдың 6-қаңтары. Адресім: Архангельскі, Соломбала, 1-дервня, 1- бойлық, №9 үй».

Осы арызды айнытпай көшіріп ОГПУ-ға да жолдаған. Жазуы өте әдемі. Содан кейін барып бірге тұруға рұқсат берген сияқты. Әрине, Архангельскіден көрі Том губерниясы «құрлыққа жақын» әрі табиғаты да үйреншікті.

===========================================================

7 том 441 бет.

ССР Одақтық орталық атқару комитеті пизидумының 14/ІV – 1934 жылғы мәжілісінің № 72 хаттамасы «34»

ОГПУ коллегиясының 4/ ІV – 30 ж. Күнгі үкімі бойынша 20/ VІ – 29 ж. Күнгі қаулысымен 10 жыл коцлагерге кесілген Мағжан Жұмабаевқа кешірім жасау туралы ұсыныс. (№ П-443-41 іс). Коцлагердегі тұтқындалу мерзімін жеті (7) жылға қысқартылсын.

ССР Одағының ОАҚ-нің хатшысы үшін А.Медведов

(Көшірме Сибирьлагка жіберілсін).

Мағжанға кешірім жасау ісіне Әлихан Бөкейханов, М.Горькийдің әйелі актриса Пешкова араласқан. Мағжанның әйелі Зылихаға арыз жазып жөн көрсеткен, қаржылай көмегін ұсынған, түрлі мекемелерге кіргізген Әлихан Бөкейханов. Бұл туралы Зылиха Жұмабаеваның естелігі бар.

7 том 440 бет. Мағжанның тұтқында болған жері.

«ОГПУ-дің Свирлаг басқармасының ПВШ-сына Лодейноеполе қаласы. 28 апрель. ССР ОАК-нің призидумының мәжілісінің азамат Мағжан Жұмабаевтің № П-443-41 ісі туралы 1934 жылғы 14 сәуір күнгі № 72-91 қаулысының көшірмесі жолданып отыр.

Анықтама: ОГПУ коллегиясының 26/ІV-34 жылғы қаулысы»

Осы томның 439 бетінде ОГПУ коллегиясының: «ССР ОАК президумының 14/ІV-1934ж. Қаулысы орындалуға жіберілсін» - деп жазылған. Осымен 7 том аяқталады. Тұтқынға алынғандардан тәркілеген хаттар істің соңында жеке конвертке салынып қатталған. Мұнда тінту, сұрақ алу кезіндегі ірілі-ұсақты жазбалар жинақталған. Соның ішінде жеке хаттар, әр жерге жазылған өтініш-арыздар, куәліктер, сайлау комиссиясына жазылған хаттар, жай сәлем хаттар бар. Соның ішінде тұтқындардың бір-біріне және сыртан келгендерге жазған тілек-өтініштері бар. Түрме психологиясына және ондағы отырған адамның тілек-талабын білу үшін сотсыз атылып кеткен Мәдібек Кеншімовтің: «Тайке! Получиль всего мальенкий. Таз надо для түкірген. Чай тоже.» деп жыртық-жыртық бір жапырақ қағазға жазған қолтаңбасыда жүр. Бұған қарағанда М.Кеншімовтің мұқтажын жеткізетіндей шала орысша сауаты бар және насыбай ататындығы байқалады. Сондай-ақ Т.Құдабаев дегеннің: «М.Әуезовтің қолжазбаларын түгел қарап шықтым. Мұнда ол (іздеген қолжазбасы – Т.Ж.) жоқ деп жазыпты. Сол қолжазбалардың ішінде тінту кезінде тәргіге алған Мұхтар Әуезовтің «Сұғанақ сұр» романы «Елағасы» пьесасы, Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ мәдениет тарихы» монографиясы, Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа экономикалық саясат кезеңі туралы жазылған романы да болуы әбден мүмкін. Бір өкініштісі солар түрменің мұрағатында сақталмай ізім-қайым жоғалып кетті. 1956-59 жылдары Кеңестер одағының барлық түрмелеріндегі іс-қағаздар, қолжазбалар, тәркіленген дүние-мүліктер вагон-вагонмен тасылып қала сыртында өртелді. Сол мұрағаттарға акті жасап, өртеуге қатысқан адамдардың біразы бұл жайды: түрменің ішінде де, акті жасалған кезде де көлікке тиегенде де, вокзал басында да, вагондардың іші-сыртында да, ен даладағы өртеу алаңдарында да мылтықты әскер иық тірестіріп қоршап жүрді. Сәл аялдап қағаздың бетіне қарауға мұрсат бермеді. Мылтықтың дүмімен ұрып, дедектетіп айдап жүрді. Ішіндене бар екенін сездік. Өзегіміз өртенді. Бірақ амал қанша» - деп естеріне алатын. Бұл әңгімені біз де өз құлағымызбен естіп едік.

Ескертеу: 7 томының 331 бетінде – Ахметсафа Юсуповтың, 372 бетінде Жүсіпбек Аймауытовтың суреттері бар болатын. 1991 жылы бұл архив мұрағатына қайтадан рұқсат алғанымызда ол суреттер орнында жоқ болып шықты. Құпия мекеменің «аса құпия» деректері де қолды болып тұрады екен. Мұхтар Әуезовтің көрсетіндісі де жоғалып, табылғанына куә болғаным бар.

7 том 324 бет.

ОГПУ-дің Қостанай бөлімшесінің бастығы Пуйкан жолдасқа.

Наурызым ауданының № 8 аулының тұрғыны Қанпия Тұйғынбекованың тікелей ОГПУ-ге жолдаған өтінішіне орай оаған мынаны хабарлаңыз: оның күйеуі Дүзем Тұйғымбеков 1930 жылы 27 ақпан күні ауруханада қайтыс болған.

ОГПУ-дің шығыс бөлімі бастығының көмекшісі Соболев

7 том 323 бет.

Қаулы 1930 жыл 14 сентябрь

ОГПУ-дің шығыс бөлімінің екінші бөлішесінің бастығының орынбасары – Журавлев: Ахмет Байтұрсынов пен және басқалардың үстінен қозғалған № 78754 (541884 архив ісі) тергеу ісіндегі көрсетінділер ПП ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілдігі жаңадан қозғаған Тынышбаевпен және басқалардың ісімен тығыз байланыста екендігін ескеріп, Тыншбаевтің үстінен қозғалған істі нәтижелі жүргізу үшін Байтұрсыновтың ісіндегі көрсетінділерді ұқыпты түрде пайдалану керек. Сондықтан да қаулы етемін: ОГПУ-дің орталық тіркеу бөлімі арқылы Байтұрсыновтың және басқалардың үстінен қозғалған № 78754 (541784 архив ісінің І-а, І-б, ІІ-а, ІІ-б ІІІ, ІV, V, VІ томдар) ПП ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілдігінің қармағына беірлсін.

ОГПУ-дің шығыс бөлімінің екінші бөлішесінің бастығының орынбасары – Журавлев

«Бекітемін» ОГПУ-дің шығыс бөлімі бастығының көмекшісі – Соболев

Ішкі істер халық комисариатының Сібірдегі еңбекпен түзету лагері. 2 маусым, 1936 жыл. УСО ГУГВ НКВД Москва қаласы.

ОГПУ коллегиясының ІV – 1930 жылы № 77754 іс бойынша 28-ші баптың 10,11 тармақтары бойынша 10 жылға сотталған тұтқын Мағжан Жұмабаев 1936 жылдың 2 маусымынан бастап босатылсын.

Негіздеме: 27/ХІІ – 1933 жылғы № 00257-ші бұйрық.

3 бөлімінің бастығы (қолы)

6 томның 133- 189-беттері аралығында парақтың екі жағына жолдары тығыздалып машинка басылған Әбдірахман Байдилдиннің «Менің Алашордашыларға қарсы күресім және коммунистермен жүргізген жұмысым» атты ұзақ көрсетіндісі бар. Ұзын ырғасы 90 беттен асатын бұл ұзақ көрсетінді 1929 жылдың 26 қазан күні басталып, 133-149 беттері, 2 қарашаға дейін 150-160 беттері, 20 қарашаға дейін 176-189 беттері тасқа басылған. Онда барлық алаш азаматтарының бас-басына тоқталып, олардың бәріне мінездеме беріп шыққан. Мұндағы пікірлер партиялық «өткір, ұстамды, ашық» пікірмен әр сөзі шегелене жазылған. Әсіресе Смағұл Сәдуақасов пен Мұхтар Әуезовке келгенде қаламын батыра, айызын қандыра баяндайды. Әуеліде қолмен жазып, содан кейін машинкада басылды ма, жоқ, өзі бірден жазды ма, ол жағы белгісіз. Жазуының сондай ретті, ұқыпты, жүйелі мәнеріне қарап қолжазба жөнделіп барып көшірілген сияқты және авторлық жөндеулерге қарағанда оны өзі тасқа басқаны анық аңғарылады. Мұны сол кездің шежіресі десе де болғандай. Оқиға күн-күнімен, сағат-сағатымен хатқа түсірілген. Сондай-ақ өзінің осы бағыттағы мақалаларының ұзақ тізімі берілген. Өзінің Бутырька түрмесінің № 90 камерасында жатқанында да ұмыт қалдырмапты.

Сонда Әбдірахман Байділдин неден үміт күтті? Байділдиннің түсініксіз, тіпті кейде алаңғасарлыққа бейім әрекеттерін замандастары оның әсіре мінезімен байланыстырады екен. Сауатты, аса намысқой, бірақ...ырғасуға,бопсаға дәрменсіз. Ұзақ баяндаулар мен мінездемелерден тергеушілердің Байділдинді Смағұл Сәдуақасовқа қарсы айыптауларды жинауға бағытталған сияқты. «Алашорданың» мүшесі болмаса да әр айыпталушыға С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов туралы міндетті түрде қосымша сұрақ қойып отырған. Сондай-ақ «Алашорда әдебиетшілерінің идеологиялық ықпалы» туралы 12 парақ (24 бет) сыни пікір білдірген. Егерде айыпталу бағытындағы қыжылдарды қырнаса кәдімгі көркем пайым, сыни талдау болып шығар еді. Бір үзінді келтірумен шектелеміз:

«...1922 жылдан бастап «Алашордалшылар» көркем әдебиетке ерекше көңіл бөлді, ескі әдебиеттің үлгілері, пьесалар, өлеңдер, әңгімелер, фельетондар т.т. олардың көзқарастарын көпшілікке таратудың таптырмайтын тәсілі болды (бұл туралы толығырақ айтылған 25/ҮІІ - 1/ҮІІІ – 29 аралығындағы және 23.Х. 29 ж күнгі көрсетіндімді қараңыз). Ахмет Байтұрсынов жазушыларды бұл майданға белсене қатысуға шақырып: қазақ жазушылары өзінің шығармаларында қазақ ұлтының мүддесін қорғау керек –деп үндеу тастады («Партия» (- ?) журналының 1920 жылғы №5-6 санында жарияланған «Пожка дегтя в бочке» атт мақаладаны алынған қиындыны қараңыз). Сол үндеуге қосылған М.Әуезов пен Д.Ысқақов өздерінің 1923 жылғы мақалаларында («Шолпан» мен (Сана» журналдарының 1923 жылғы сандарындағы олардың сын мақалаларын қараңыз) әдебиет мәселелерін ұлтшылдық тұрғысынан түсіндірді. Аймауытов, Кемеңгеров, Сәрсенбин де 1924-1925 жылдары жазған мақалаларында («Ақжол» газетінің 1924-1925 жж. тігіндісін қараңыз) тура сол жолды ұстанды. Алашордашыл бұл жазушылар өздерінің бұл мақалаларында әдебиет мәселелерін ұлтшылдық тұрғыдан талдап қана қоймай, коммунист жазушыларды (Сейфуллинді, Мұқановты...) үнемі мұқатып отырды...» - деп идеологиялық тұрғыдан айыптады. Әрине, бұл таза әдеби мәселе. Бірақ түрменің көрсетінділеріне іліккен соң «саяси қылмысқа» жатады.

Сол көрсетіндінің 178-бетінде М.Әуезовке ереше тоқталады:

«...Сол кездегі пікір таласының үлкен бір тақырыбы М.Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» кібабі болды. Кітап Оқу-ағарту халық комиссариятының баспасынан басылып шығып, таратылуға дайын тұрды.Өлкелік комитеттің тапсыруы бойынша мен оған пікір жаздым. Мазмұны оның атына сай емес еді, онда қазақ әдебиетінің тарихы емес, ұлтшылдық бағыттағы түсініктемелер берілген ескі сарындағы әдебиет нұсқаларының жинағы. Мен мұны кітаптың өзінен сілтемелер ала отырып дәлелдеп шығып, дәл осы қалпында оны таратудың ешқандайда қажеттігі жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасап бердім. Менің пікірім қазақ активтерінің арнайы мәжілісінде талқыланды, онда Тоқжігітов, Орынбаев, Нұрмақов және Жандосов менің Әуезовтің ұлтшылдық сарындағы кітабін таратпау туралы жасаған қорытындыма мүлдем қарсы сөйледі, алайда мәжіліске қатысқандардың көпшілігі: Юсупбеков, К.Тоқтыбаев, Нұржанов, Бекенов, Орманбаев және басқалары менің пікірімді қостап шықты (Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» туралы кітабына жазған пікірім мен мәжілісте айтылған сөздердің көшірмесін сол кезде ОГПУ-дің шығыс бөлімінің меңгерушісі Журавлев жолдасқа беріп, шара қолдануын өтінгемін). Сөйтіп менің ұсынысымның нәтижесінде Әуезовтің ұлтшыл кітабі таралымнан алынып тасталды».

Иә, мұндай «ерліктер» ол уақытта жиі жасалды. Өкінішке орай ондай «бастаманы» ұйымдастырған С.Сейфуллин, І.Қабылов, С.Мұқанов сияқты ұлттың рухани қайраткерлері еді. Олар М.Әуезовтің «Әдебиет тарихын» сынай отырып тура соның үрдісімен «қазақ хандығы мен билер әдебиетінің үлгілері мен тарихын» жазып шықты. Басты тықырыбымыз түрме тарихы туралы болғандықтан да бұл арада оған тоқталып жатпаймыз. А.Байділдин осы көрсетіндісінде: С.Сәдуақасов өзінің Мәскеудегі «Огонек» баспасынан шыққан «Жас Қазақстан» атты жинағында Абайға, Ақмоллаға, Байтұрсыновқа, Әуезовке ескерткіш орнату керектігін ұсынады – деп жазғырды. Абай мен Әуезовке ескерткіш бар, ал Байтұрсынов пен Ақмолла туралы ұсыныс әлі де күшінде.

Сол томда Міржақып Дулатовиың 1929 жылы қарашаның 18 күні жазған тосын қолхаты бар. Онда: «Мені өзге тұтқындармен бір камерада отырғызуыңызды өтінемін. Сонда өзара ақылдаса келіп, мүмкін қылмыстарымызды ьойындармыз» - деген мағынада өтініш білдірген. Мұны қалай түсінуге болады? Тергеу ісінде: Енді бәрін де мойындап жазуға бекініп отырғандығы, соған мүмкіндік жасауы жөнінде арнайы мәлімдемесі бар. Алаш азаматтарының барлығыда бұл құрсаудан жазасыз шықпайтынын білген. Дегенмен де Москваға ауыстырылған соң ондағы тергеушілердің Қазақстандағыларға қарағанда «дәрежесі биік» екеніне сенген. Кейбір айғақтары дәлелсіз істерді кейін қайтарып жіберуілері соған дәлел. Қалайда, тұтқындағылар Бутырькаға ауысқан соң өздерінің жауап беру тәсілдерін өзгерткен. Шындықтарын айтып, қалайда тергеушілердің назарын аударуға ұмтылған. Екіншіден, тергеу астында, бірақ бостандықтағы «мырзақамақта» жүрген Әлихан Бөкейханов «тиісті адамдармен ақылдаса келіп», «бұларды ерегестіре бермей барынша үкімді жұмсарту тәсіліне көшуге» кеңес берген. Осы бағытты ұстана отырып М.Дулатов Бутырька түрмесінде көлемді көрсетінді жазған. Онда: тым болмаса нақты оқиға көрсетінді ретінде қағаз бетіне жазылып қалсын – деген мақсатты алдына қойған. Оның мазмұны мынадай:



Үкімнің негіздемесінде: «Байтұрсынов тұтқындалардан бір күн бұрын күйеу баласы Әбдулғафаровқа: Кеңес өкіметі бәрібір құлайды» - деп айтып, оған қарсы үндеу жаздырған» - деп жазылған. Бұл сөзді Қазилық Харпықов көрсетті делінген. Ағайындардың мұндай алыпқашты сөздерін таратып жатуды қажет деп таппадық. Ондай «қыстырмалар» әрекеге болмаса, берекеге қызмет етпейді.

Осы тергеу хаттамаларымен танысып отырғанда Сәкен Сейфуллиннің тергеу ісінің «Бақылау томына» (контрольный том № 04519) көз қиығымз түсіп кетіп еді.Ол ату туралы Акті екен. Онда: «1937 жылы 24 қыркүйек күні Балқашта ұсталды. 1938 25 ақпан күні кешкі сағат...де РККА әскери прокурорының қатысуымен атылды» - деп үкімді орындаушылардың аттары аталып, қолдары қойылған екен. Сөз арасындағы сөз болса да, Сәкен сияқты бір азаматтың тағдырынан хабар беретіндіктен де жазып отырмын және Сәкеннің қашан өлгені туралы жорамалдар да көп. Сондай-ақ бұл Бейімбет пен Ілиястың да атылған күні.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет