6 зертханалық ЖҰмыс баз-дың мицелла түзілу концентрациясын анықтау баз-дардың мицелла түзуі. Мицелла түзілу механизмі



бет5/5
Дата28.11.2023
өлшемі88.12 Kb.
#484603
1   2   3   4   5
6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС-1

Жұмыстың мақсаты: Иондық БАЗ-дардың мицелла түзуінің критикалық концентрациясын электрөткізгіштік бойынша анықтау.
Жұмыс барысы: Сұйықтық бағанасының кедергісі реохорд белдеуі (Р-38 маркалы) көмегімен өлшенеді.
Мысал: Натрий стеаратының C17H35COONa судағы ерітіндісінің мицелла түзілуін кондуктометрлік әдіспен зерттеу. Натрий стеараты суда тек жоғары температурада еритін болғандықтан, зерттеу 900С-та жүргізілді. Бастапқы концентрациясы С0=25∙10-2 г∙экв/л:

 = 1/25·10-2 = 4 л /г·экв


Алдымен 250С-та меншікті электрөткізгіштігі 0,002768 тең 0,02н KCl бойынша қондырғының тұрақтылығы анықталады. KCl ерітіндісінің кедергісі 270, осыдан


æ R
K=0,002768∙270=0,747


14-кесте

С∙10-2, г∙экв/л

ω, л/г∙экв

m

R0, Ом

Rх, Ом

λ, см-1∙Ом-1

25

4

1,15

100

115

25

12,5

8

1,68

100

168

34

6,25

16

1,8

100

180

64

3,12

32

2,05

100

205

114

1,56

64

3,65

100

365

128

0,78

128

6,2

100

620

150

0,39

256

7,8

100

780

200

0,2

500

0,125

10000

1250

300

Натрий стеаратының МТКК=3,5∙10-2 г-экв.


Көлемі 60 мл бастапқы концентрациядағы ерітіндінің кедергісін өлшегеннен кейін, ыдыстағы ерітіндіден пипетка көмегімен 30 мл көлемі алынып, орнына 30 мл су құйылады. Кедергілер шамаларына сәйкес ерітінділердің эквивалентті электрөткізгіштігі (6.7) формула бойынша есептеледі. Зерттеулер нәтижелері 14-кестеде жазылған. Нәтижелер кесте түрінде де, график түрінде де кескінделеді.


6.3 – ЖҰМЫС. БАЗ ЕРІТІНДІЛЕРІНІҢ СОЛЮБИЛИЗДЕГІШ ҚАБІЛЕТІН ЗЕРТТЕУ
Беттік активті заттардың (БАЗ) солюбилиздегіш қабілетін олеофилдік бояулардың көмегімен бағалайды (мысалы, судан ІІІ, қызыл-сары ОТ. Бұл бояулар суда ерімейді, тек мицеллалардың гидрофобтық бөлігінде ғана ериді және ерітіндіні белгілі түске бояйды. Коллоидты-еріген бояудың судағы мөлшерін қанша көбейткенмен, ерітіндінің түсі өзгермейді. Тек БАЗ-дардың мицеллалық ерітінділерінде еруі нәтижесінде ғана ерітіндідегі бояу мөлшері көбейіп, оптикалық тығыздық өседі. Ерітіндінің оптикалық тығыздығы бойынша калибрленген графиктің көмегімен белгілі бір көлемдегі солюбилизацияға түскен бояу мөлшері анықталады. Берілген БАЗ ерітіндісінің мольдік солюбилиздеу қабілетін (Sm) SК-ні БАЗ концентрациясына бөліп есептеп шығарамыз:


Sm=Sk/CБАЗ, (6.8)

мұндағы С – БАЗ-дың ерітіндідегі концентрациясы, моль/л, Sk – мицелладағы солюбилизаттың моль саны; Sk-ні бояудың калибрлеу қисығынан табады. Оптикалық тығыздықтың солюбилизденген ерітінділердің концентрациясына тәуелдігі арқылы МТКК-ні табуға болады, ол үшін түзудің бастапқы бөлігін концентрация осімен қиылысқанша созады немесе экстраполяция жасайды.


Жұмыстың мақсаты: Суда нашар еритін бояғыштың мольдік солюбилизациясының беттік активті заттардың концентрациясына тәуелділігін анықтау.
Жұмысқа қажетті реактивтер және құрал-жабдықтар: фотоколориметр (ФЭК-56М), сыйымдылығы 50 мл конустық колбалар, воронкалар, бюреткалар немесе градуирленген пипеткалар, фильтрлеуге арналған қағаздар, БАЗ ерітінділері (0,01 М ЦПБ немесе 0,03 М ДДС), бояу (мысалы, судан ІІІ).
Жұмыс барысы: Берілген бастапқы концентрациясы белгілі ерітіндіні сұйылта отырып, колбаларға түрлі концентрациялы БАЗ ерітінділерін дайындау керек. Әрбір дайындалған БАЗ ерітіндісіне 5-10 мг бояғыш (скальпельдің ұшымен) енгізіледі. Колбаны тығындап, қоспаны қатты сілкіп араластырады, 40-60 минут өткен соң қағаз фильтр арқылы сүзеді.
Фотоколориметрдің көмегімен барлық сүзілген ерітінділердің кіші концентрациялысынан бастап (белгілі светофильтрде, судан ІІІ бар ерітіндіні 540 нм-де) оптикалық тығыздығын (D) анықтайды. Бояудың органикалық еріткіштегі (мысалы, бензол, толуол - ерітіндісі арқылы) түсірілген калибрленген түзуден БАЗ ерітінділерінің мольдік солюбилиздегіш қабілетін табамыз. Алынған нәтижелерді кестеге жазамыз және БАЗ концентрациясына байланысты график тұрғызамыз. Бұл тәуелділіктің бөлігін концентрация осіне экстраполяциялау арқылы КМТК-ні табамыз (35-сурет).

Эксперимент нәтижесін 15-кестеге енгізу қажет:




15- кесте

БАЗ ерітіндісінің концентрациясы

Оптикалық тығыздық (D)

Dорта

S

Sm

г/л

моль/л
























































35- сурет. Мицелла түзілу концентрациясын анықтау
Есеп беру:

  • Эксперимент нәтижелері бойынша D = f БАЗ) графигін салу.

  • Формула бойынша Sm мәндерін тауып, Sm = f БАЗ) графигін салу.

  • Алынған қисықтардың бастапқы бөлігін абсциссаға экстраполяциялау арқылы КМТК мәнін табу.



Бақылау сұрақтары.

  • БАЗ-дардың МТКК мәндеріне көмірсутек радикал ұзындығының әсері қандай?

  • МТКК -ға электролит концентрациясын көбейту қалай әсер етеді?

  • БАЗ-дардың мицеллалары түзілу барысында жүйенің энтропиясы қалай өзгереді?

  • Ионсыз БАЗ-дардың МТКК мәнін қалай өзгертуге болады?

  • Температураның БАЗ-дардың фазалық күйіне әсері қандай?

  • МТКК -ны қандай әдістермен анықтауға болады?

  • БАЗ мицеллаларының түзілуі механизмі қандай?

  • БАЗ-дардың МТКК мәндеріне көмірсутек радикал ұзындығының әсері қандай?

  • МТКК -ға электролит концентрациясын көбейту қалай әсер етеді?

  • БАЗ-дардың мицеллалары түзілу барысында жүйенің энтропиясы қалай өзгереді?

  • Ионсыз БАЗ-дардың МТКК мәнін қалай өзгертуге болады?

  • Температураның БАЗ-дардың фазалық күйіне әсері қандай?

  • МТКК -ны қандай әдістермен анықтауға болады?

  • Солюбилизация, солюбилизат, солюбилизатор түсініктеріне анықтама беріңіздер.

  • Солюбилизация құбылысы қайда қолданыс табады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет