64-шығарылым «Мал шаруашылығындағы жұмыс» бөлімі Астана 2010 Кіріспе



жүктеу 0.72 Mb.
бет3/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5
§ 44. Қой өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермаларының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аналық қой басын, ешкілеоді, қойларды, қошқарлар мен 1,5 жасқа дейінгі тұсақтарды (тушаларды ) пайдалану және мал өсіру кешендерінде күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Малды азықтандыру, суару, қиын шығару. Қозы алу жүн қырқу және мал басының сақталуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды орындау. Түбітті ешкілерді тарау. Қошқарлардан тұқым алу, қолдан ұрықтандыру кезінде көмек көрсету.

Білуге тиіс: аналықтарды, қошқарларды, жас төлді кешенді механикаландырылған жағдайда малды ұстау технологиясын; механикаландыру жабдықтарының құрылымын; жабдықтар мен механизмдерді басқару және баптау ережесін; аналық қойлар мен ешкі басын, қошқарларды, жас төлді ұстауға қойылатын негізгі талаптарды; жас төлді ұсату мен өсіру технологиясының ерекшеліктерін; қозы алуды көбейту әдістерін; қой мен ешкі ауруының алдын алуды; антибиотиктер мен микроэлементтерді қолдану ережесін; мал тұқымын асылдандыру және зоотехникалық есепті жүргізу ережесін.
§ 45. Қой өсіру кешендері мен механикаландырылған фермаларының операторы

6 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асыл тұқымды аналық қой басын, ешкілеоді, қойларды, қошқарлар мен 1,5 жасқа дейінгі тұсақтарды (тушаларды ) фермалар мен мал өсіру кешендерінде күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Малды азықтандыру, суару, қиын шығару. Асыл тұқымды мал басының сапасын жақсарту және төл алуды көбейту жөніндегі іс-шараларды орындау. Қойлар мен ешкілерді электрмен қырқу машиналарында жылдамдатылған әдіспен механикаландырылған қырқу.

Білуге тиіс: асыл тұқымды аналықтарды, қошқарларды, жас төлді кешенді механикаландырылған жағдайда ұстау және өсіру технологиясын; асыл тұқымды қой басының сапасын жақсарту әдістерін; механикаландыру құралдарының құрылымын; жабдықтар мен механизмдерді басқару және баптау ережесін; жылдамдатылған әдіспен механикаландырылған қырқу жолдарын.

§ 46. Малды ветеринарлық өңдеу жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Емдеу-алдын ала өңдеу, термометриялау, екпе жасау, мал мен құсты жаппай зерттеу кезінде диагностикалық препараттар енгізу. Мал мен құстың ауруының және шығынын болдырмаудың алдын алу-ветеринарлық іс-шараларды орындау. Изолятордағы ауру малдарды күту. Малдарды емдеу кезінде ветеринар мамандарға көмек көрсету.

Жарақаттану, улану кезінде малдарға алғашқы көмек көрсету. Жараларын өңдеу. Малды пішу. Төлдету кезінде және зерттеуге материал алу кезінде ветеринар мамандарға көмек көрсету.



Білуге тиіс: малдың анатомиясы мен физиологиясы негіздерін; мал шаруашылығы өнімдерін өндірістік кешенде өндіру технологиясы принципін; құстар мен малдың анағұрлым кең тараған аурулары туралы негізгі деректерді және оларды диагностикалау принциптерін; алдын алу және ауру малды емдеу шараларын; жиі қолданылатын емдік зарттарды, олардың мал ағзасына әсерін және малға беру тәсілдерін; медикаменттерді, биопрепараттарды, зарарсыздандыру заттарын, инструменттермен зарарсыздандыратын техниканы сақтау және пайдалану тәртібін, малды жаппай егуді және басқа да ветеринарлық өңдеуді жүргізу тәртібін, егу құралдарын, аспаптар мен аппараттарды, оның ішінде аэрозольді вакциналау заттарын; ветеринарлық-санитарлық ереже мен ветеринарлық заңнама негіздерін; малдармен және улы заттармен жұмыс кезіндегі жеке гигиена ережесін.

§ 47. Мал мен құсты жасанды ұрықтандыру операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жасанды ұрықтандыруға белгіленген мал мен құсты санитарлық өңдеуді жүргізу. Жасанды ұрықтандыру пунктін таза ұстау. Ұрықтандырылған мал мен құстың есебін жүргізу. Орамалдар мен арнаулы киімді жуу. Пуктті жылыту және жинау.

Білуге тиіс: жабдықпен және реактивтермен жұмыс істеу ережесін; малдарды ұрықтандыру мерзімдерін; ұрықтандыру жолдарын, мал мен құсты санитарлық өңдеу тәсілдерін; сперманың сапасын бағалау әдістерін.

§ 48. Мал мен құсты жасанды ұрықтандыру операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аналықтардың бұзаулағаннан, қоздағаннан кейінгі күйін сыртқы белгілері бойынша анықтау. Аталықтардан сперма алу. Жасанды ұрықтандыруды жүргізу. Стансаның, асыл тұқымды өсіру кәсіпорны алдында есеп беру.

Білуге тиіс: ауыл шаруашылық малдарын арнаулы дайындық кезінде алынатын жасанды ұрықтандыру әдістері мен негіздерін; аталықтардан сперма алу ережесін; оның сапасын бағалауды;

Сперманы сақтау және тасымалдау ережесін; мал мен құсты жасанды ұрықтандыру тәсілдерін; ректальді зерттеу техникасын; криогенді жабдықты және сұйық азотты пайдалану ережесін, құралдарды, аспаптарды, ыдыстарды стерилизациялау үшін медикаменттерді дайындау тәсілдерін.



§ 49. Құс фабрикалары мен механикаландырылған

фермалардың операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыртқаны жабдықтарды пайдалана отырып сұрыптау және калибрлеу. Былғанған жұмыртқаларды жұмыртқа жуғыш машианада жуу. Жұмыртқаны таңбалау, салу және буып-түю. Тараны буып түю орнына беру. Қораптарды жинау және буып түйілген өнімді жинау орнына беру. Жабдық пен орынжайды жуу.

Білуге тиіс: жұмыртқаны санатқа жатқызудың техникалық шарттарын, оны сұрыптау, таңбалау,буып-түю, сақтау және тасымалда ережесін; жұмыртқа сұрыптайтын және жұмыртқа жуатын машиналардың құрылымы мен пайдалану шарттарын.

§ 50. Құс фабрикалары мен механикаландырылған

фермалардың операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құстарды ұстау және кілеттерге немесе жәшіктерге орналастыру. Құс қорасын құсты ұстауға дайындау, терезелерді қараңғылау,секцияларда перде орнату. Құстар салынған жәшіктерді көлікке әкелу және тиеу. Ұсталған құстарды басқа цехқа беру немесе союға жіберу.

Білуге тиіс: жасы мен жынысына, топтың өндірістік нысанына қарай құстардың ерекшелігін; құстарды ұстау және көлікке тиеу тәсілдерін.

§ 51. Құс фабрикалары мен механикаландырылған

фермалардың операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақылау ұясындағы ұяның нөмірі, тауықтың нөмірі мен жұмыртқалаған күні белгіленген жұмыртқаны жинау. Жұмыртқаны қоймаға тапсыру. Құс топтарын жасақтауға және сақиналауға қатысу. Құстарды бракқа шығару. Жұмыртқаны мемстандарт бойынша сұрыптау. Құстарды азықтандыру машиналарының көмегімен суару және азықтандыру. Жұмыртқаны зарасыздандыру, сәулелендіру және инкубаторға салу. Жұмыртқаларды бақылап қарау және жарамсыздарын бракқа шығару. Орынжайлар мен инкубаторларда белгіленген температура режимін, ылғалдылық пен газ ауысуын сақтау. Науаларды инкубациялық шкафтан шығару шкафтарына ауыстыру. Балапан салынған науаларды алу. Шыққан балапандарды сұрыптау және сәулелендіру. Әлсіз балапандарды санау және кәдеге жарату. Жәшіктерді дайындау және сөткелік балапандарды шаруашылықтарға жіберу үшін буып-түю. Инкубаторды тазалау және оны қайтадан жұмыртқа салуға дайындау, жабдықты, тараны, орынжайды жуу. Жабдық пен механизмдерге техникалық қызмет көрсету. Орынжайды зарарсыздандыру.

Білуге тиіс: әртүрлі құстардың жұмыртқасын түрлі маркадағы, типтегі инкубаторларда инкубациялау технологиясын және олардың құрылымын; инкубаторияның техникалық жабдығын техникалық басқару және қызмет көрсету техникасын; инкубациялауды биологиялық бақылау әдістерін; инкубациялық цехтарға арналған ветеринарлық-санитарлық нұсқаулықты; зарарсыздандыру қондырғысының құрылымын.

§ 52. Құс фабрикалары мен механикаландырылған

фермалардың операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жерде ұсталатын өнеркәсіптік табындағы ересек құс басын, өнеркәсіптік табындағы жас құстар мен бройлерлерді күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар, құстарды суару және азықтандыру. Құс өнімділігін арттыру, оны теңгермелі қоректік заттармен азықтандыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Құстарды сұрыптау, іріктеу және бракқа шығару. Жұмыртқаны жинау және тапсыру. Алдын алу және емдеу шараларын жүргізуге қатысу. Қиды шығару. Орынжайды жинау, суарғыштарды жуу, науаларды тазалау. Барлық механикаландыру құралдарын басқару. Жабдықты баптау, реттеу және ұсақ жөндеу. Ауа алмасуын, құстарға арналған орынжайдағы температура мен ылғалдылықты реттеу. Жұмыртқаны ұялар мен тауықтар бойынша есепке алу, желілер бойынша іріктеу жөніндегі жұмысты орындау. Асыл тұқымды құстарды жасақтау, жұмыртқаларды өлшеу және инкубациялық науаларға аналық нөмірі бойынша салу. Балапанжарды дәне ересек құстарды өлшеу. балапандарды науадан алу және сақиналау. Белгіленген құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: ауылшаруашылық құстарының анатомиясы мен физиологиясы негіздерін; балапандар мен ересек құс басын ұстау және бройлерді өнеркәсіптік негізде өсіру технологиясы мен озық тәжірибені; аспаптар мен аппаратура құрылымын; қызмет көрсететін құс басының өнімділігін арттыру әдістерін; техникалық күту ережесін; жемазық рационына қойылатын негізгі талаптарды; жемазық дайындау тәсілдерін; жемді берудің нормасы мен тәртібін; қызмет көрсететін құс түрінің ақуызға, дәрумендерге және минералдық заттарға мұқтаждығын; құс шаруашылығындағы ветеринарлық-санитарлық талаптарды; асыл тұқымды құс есебі құжаттамасын жүргізу ережесін.

§ 53. Құс фабрикалары мен механикаландырылған

фермалардың операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кілетте ұсталатын құстарды, асыл тұқымды балапандар мен селекциондық-асыл тұқымды табындағы құстарды күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар, құстарды суару және азықтандыру. Қиды шығару. Асыл тұқымды құс өнімділігін арттыру, оны теңгермелі қоректік заттармен азықтандыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Бонитировкаға қатысу. Жұмыртқаларды кросстары, желілері бойынша сұрыптау. Тәуліктік балапандарды сапасына қарай сұрыптай отырып жынысы бойынша бөлу.

Білуге тиіс: кілетте ұсталатын құстарды, асыл тұқымды балапандар мен селекциондық-асыл тұқымды табындағы құстарды кешенді механикаландыру жағдайында кілетте ұстау технологиясын; қызмет көрсететін құс басының өнімділігін арттыру әдістерін; техникалық күту ережесін;асыл тұқымды құс өсірудің және ұстаудың ерекшеліктерін; селекциялық-тұқымды асылдандыру жұмысының негізгі әдістерін; құстың жеке бағалау және іріктеу белгілерін; тауық желісінің негізгі кростарын; жарық беретін механика құралдарын басқару ережесін; балапандарды сапасы мен жынысына қарай сұрыптауға қойылатын зоотехникалық талаптарды.

§ 54. Шошқа өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермалардың операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шошқа басын қабылдап алу, кезекшілік кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда сою. Механизмдердің жұмысын қадағалау. Жарамсыз механизмдерді жөндеу үшін кезекші слесарьді немесе электр монтерді шақыру.

Білуге тиіс: өндірістік процестерді толық механикаландыру кезінде малды ұстау жағдайларына қойылатын негізгі талаптарды; механикаландыру құралдарын техникалық пайдалану ережесін; анағұрлым кең тараған аурулардың белгілерін және ауырған малға алғашқы көмек көрсету жолдарын.


§ 55. Шошқа өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермалардың операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кешенді механикаландыру кезінде мал шаруашылығы фермаларында бойдақ және супоросты шошқа басын бағу және күту жөніндені механикаландырылған жұмыстар. Азықтандыру, суару, қиды шығару, орынжайды жуу және жинау. Шошқалардың туу қабілетін жақсарту шараларын орындау. Ауырған малға алғашқы көмек көрсету. Жемазықты дозалау және таратып бөлу. Механикадағы қарапайым ақауларды жою. Шошқаларды қабылдап алу, өлшеу және айдап бару. Орынжайды зарарсыздандыру.

Білуге тиіс: шошқалардың биологиялық ерекшеліктерін; кешенді механикаландыру кезінде мал шаруашылығы фермаларында бойдақ және супоросты шошқа басын бағу технологиясын және прогрессивті әдістерін; өндірістік процестерді толық механикаландыру кезінде малды ұстау жағдайларына қойылатын негізгі талаптарды; механикаландыру құралдарын техникалық пайдалану ережесін; шошқалардың ауруының алдын алу және негізгі зоогигиена талаптарын; машиналар мен механизмдерді пайдалану және оларды күтіп баптау ережесін.

§ 56. Шошқа өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермалардың операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кешенді механикаландыру кезінде мал шаруашылығы фермаларында бойдақ және супоросты аналық шошқаны, аталық қабандарды, жөндеу төлдерін мен бордақыдағы шошқаларды бағу және күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Жемазықты дозалау және таратып бөлу, азықтандыру, суару, қиды шығару, орынжайды жуу және жинау. Шошқа төлін көбейту шараларын орындау. Шошқаны теңгермелі қоректік жем мен интенсивті бордақылауды жүргізу. Жұмыстарды орындау кезінде технология талаптарын сақтау. Машиналар мен механизмдерді техникалық күту. Бордақыдан алынған шошқаларды тиеу және ет комбинатына жіберу.

Білуге тиіс: шошқалардың анатомиясы мен физиологиясы жөніндегі негізгі деректерді; толық кешенді механикаландыру кезінде шошқа басын бағу технологиясын және прогрессивті әдістерін; зооветеринарлық ережелерді; антибиотиктерді, медикаменттер мен микроэлементтерді пайдалану ережесін; машиналар мен механизмдерді реттеу және техникалық күту ережесін.

§ 57. Шошқа өсіру кешендері мен механикаландырылған

фермалардың операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кешенді механикаландыру кезіндемемлекеттік мал өсіру кешендерінде төлдеген аналық шошқаларды, ембейтін торайларды; аталық қабандарды, торай емізетін аналық шошқалар мен емшектен айырылған торайларды бағу және күту жөніндегі механикаландырылған жұмыстар. Жемазықты дозалау және таратып бөлу, азықтандыру, суару, қиды шығару, орынжайды жуу және жинау. Жұмыстарды орындау кезінде технология талаптарын сақтау. Шошқа төлін көбейту, орташа күндік салмақ қосуын көбейту және төлді сақтау мақсатында шошқаны теңгермелі қоректік жеммен азықтандыру шараларын орындау. Шошқа фермаларында қолданылатын машиналар мен механизмдерді техникалық күтуді жүргізу.

Білуге тиіс: шошқалардың биологиялық ерекшеліктерін, олардың анатомиясы мен физиологиясы, толық механикаландырылған жағдайда төлдеген аналық шошқаларды, ембейтін торайларды; аталық қабандарды, торай емізетін аналық шошқалар мен емшектен айырылған торайларды бағу және күту технологиясын; жөніндегі негізгі деректерді; шошқалардың ауруының алдын алу және негізгі зоогигиена талаптарын; механикаландыру құралдарын техникалық пайдалану ережесін және оларға техникалық қызмет көрсетуді.


§ 58. Жем дайындау цехының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аппараттардың, механизмдердің көмегімен малдарға, аңдар мен құстарға арналған жемді жем репептері бойынша дайындау. Суды, барды мен басқа да сұйықтарды құбыр бойынша беру. Тамақ қалдықтарынан бөгде заттарды алу жөніндегі механизмдер мен айлабұйымдарға қызмет көрсету. Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Техникалық күту. Жабдықты реттеу.

Білуге тиіс: жемнің құрамы мен жұғымдылығын, жем рациондарын; жануарлардың қоректік заттарға мұқтаждығын; қолданылатын машиналар мен механизмдердің құрылымын; тамақ қалдықтарынан бөгде заттарды алудың техникасы мен технологиясын; жабдықтың жұмысындағы ақауды жою тәсілдерін.

§ 59. Жем дайындау цехының операторы

4 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жемді рациондар мен арнаулы рецептер бойынша, сондай-ақ ақуыз және басқа да компонентері бойынша теңгермелі жемдерді дайындау. Жем массасын қазандарда сығымдалған ауамен термиялық өңдеу, араластыру. Бу қысымын манометр бойынша қадағалау. Дайын жемді бункер жинауышқа қысымды ауаның көмегімен беру. Жемді дайындаудың сапасы тексеру және бақылау. Құрама жемді, майы алынбаған сүтті алмастырғышты, премикстерді дайындау. Құрама жемді мемлекеттік кешендердегі сауу қондырғыларды дозалау және механикаландырылған таратып беру.

Білуге тиіс: малдардың, аңдар мен құстардың ас қорыту анатомиясы мен физиологиясын, жемнің сіңуін; жемге мұқтаждықты және азықтандыру нормасын, рациондардың жалпы жұғымдылығын, жануарларға арналған ақуыз, минеральдік қаттар мен дәрумендер мөлшерін; арнаулы рецепт бойынша жем дайындау тәсілдері мен ережесін.

§ 60. Жем дайындау цехының операторы

5 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ішек-қарыннан, балықтан, тамақ қалдықтарынан құрама, қатты және шырынды жемдерді, фарштар мен басқа да жем түрлерін механикаландырылған дайындау және таратып бөлу. Механизация және автоматика құралдарын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып басқару. Жем жасау машиналары мен дозалаушы қондырғыларды техникалық күту және реттеу. Машиналар мен агрегаттардың ақауларын анықтау. Автоматты құрылғыларды жемді берілген таратып бөлу бағдарламасына сәйкес реттеу.

Білуге тиіс: жем жасау машиналары мен дозалаушы қондырғылардың, жем жасау жөніндегі өндірістік процестерді механикаландыру құралдарының құрылымы мен пайдалану ережесін; жабдықты реттеу және оған техникалық қызмет көрсету ережесін; ақауларды жою тәсілдерін; жем қоспасын, құрама жемді, майы алынбаған сүтті алмастырғышты, премикстерді дайындаудың технологиялық процесін, және оларды беру ережесін; ауыл шаруашылық малдарының, аңдардың жемдеумен байланысты болатын негізгі ауруларын; мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізде жүргізу негіздерін.

§ 61. Жем дайындау цехының операторы

6 -разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты және шырынды жемді басқару пультінің көмегімен таратып бөлу. Жем желілері механизмдерін қарау және тексеру. Жем желілерін жем қалдықтарынан тазарту. Дозаторларға жем толтыру. Жемді рационға сәйкес секциялар бойынша таратып беру. Дозаторларды майлау. Механизмдердің жұмысындағы ақауларды слесарь-жөндеушілермен бірлесіп жою.

Білуге тиіс: жем желілерін басқару пультінің, жем жасау машиналары мен дозалаушы қондырғылардың және жем жасау жөніндегі өндірістік процестерді механикаландыру құралдарының құрылымы мен пайдалану ережесін; жабдықты реттеу және техникалық қызмет көрсету ережесін; негізгі ақауларды жою тәсілдерін.

§ 62. Кәсіпші – аңшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аңдарды, жануарлар мен құстарды атып алу және ұстап алу. Құралдарды, қақпанды, плашкалар мен аулау құралдарын ұдайы жұмыс жағдайында ұстау. Қолдан жасалған аулау құралдарын жасау, жөндеу және орнату. Аңшы мылтығын бөлшектеу және құрастыру. Жабық жерлерде және аң аулау учаскелеріндегі қозғалыс бағыттарын әзірлеу, табу және жасау. Олжаны болжамдау. Аңшы сүрлеуін салу. Кәсіпшілік өнімін алғашқы өңдеу.

Білуге тиіс: аулайтын аңдардың, жануарлар мен құстардың биологиялық-экологиялық мінез-құлықтарын; аңшылық жайылымдарының сипатын; аң іздерін, кәсіпшілік өнімін алғашқы өңдеуге қойылатын мемстандарт талаптарын; теріні түсірудің, майсыздандырудың, түзетпеге дұрыс кигізудің, кептірудің және түзетпеден алудың техникасы мен технологиясын,

Экспонаттар жасау үшін аң мен құсты атып алу кезінде - 4-разряд.



§ 63. Ветеринарлық препараторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жануарлардың қалыпты және патологиялық ағзалары мен тіндерінен қималар, жақпалар мен зертханалық препараттар жасау. Қоректендіру ортасын дайындау. Зертхана жануарларына күтім жасау.

Білуге тиіс: жануарлар анатомиясы мен физиологиясы негіздерін; қималар, жақпалар мен зертханалық препараттар жасау тәсілдерін; зертханалық тәжірибеде қолданылтын консерванттар мен химиялық реактивтердің қысқаша сипаттамасын.
§ 64. Жем жасаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жем қайнатқыштарда, қазандарда, чандар мен пешпен қыздырылатын басқа да ыдыстарда су ысыту. Судың ысуын қадағалау.

Білуге тиіс: өртке қарсы қауіпсіздік ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс принципі мен пайдалану ережесін.

§ 65. Жем жасаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жемді қайнату және бөктіру жөніндегі көмекші және дайындық жұмыстарын жүргізу. Ыдыстарды суға толтыру. Пасталарды, кисельді, айранды, тұндырманы, шөп ұнын дайындау. Жемді, тамақ қалдықтарын жуу, араластыру, известеу, өсіру, ашытқылау, консервілеу, химиялық және бактериологиялық өңдеу, тамақ қалдықтарынан бөгде заттарды қолмен алу. Шырынды жемді, концентраттар мен жануарлардан алынған жемді ұнтақтауышта, қол жетекті машиналарда немесе қолмен ұнтақтау, жармалау, тарту, кесу және шабу. Тамыр өнімдерін машиналарды қолдана отырып жуу, ұнтақтау, бөктіру. Жемді шұңқырлар мен траншеяларда витаминдеп өңдеу. Жем қалдықтарын қайнату қазандарына салу. Жемді транспортерлердің көмегімен таратып бөлу. Мұнарадан, шұңқырлар мен траншеялардан, бурттардан қолмен алу. Ыдысты жуу, қайнату қазандарын, чандарды тазалау. Жем дайындау орындарын жинау. Шұңқырлар мен траншеялардағы жемді гидротермиялық өңдеу.

Білуге тиіс: жемді қайнатудың, бөктірудің және гидротермиялық өңдеудің тәсілдері мен технологиясын; жемді химиялық және бактериологиялық өңдеуді; қазандарға от жағу ережесін; жемді дайындаудың санитарлық ережесін; жемді, дәрумендерді, антибиотиктер мен басқа да препараттарды сақтау ережесін.
§ 66. Жем жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жемді рецепті бойынша жасау. Жем мен тамақ қалдықтарын жем бөктіргіште, қайнату қазандарында, чандарда қайнату, бөктіру және гидротермиялық өңдеу. жөніндегі көмекші және дайындық жұмыстарын жүргізу. Шырынды жемді, концентраттар мен жануарлардан алынған жемді ұнтақтауышта, электр жетекті машиналарда ұнтақтау, жармалау, тарту, кесу және шабу. Су бөгеттерінен мал және өсімдік бағытындағы жемді дайындау. Орынжайды, жабдықты, инвентарь мен тараны зарарсыздандыру. Жем қалдықтарын алу және дайын өнімді фермаларға босату. Жемді қабылдау және жұмсау есебін жүргізу. Мұнарадан, шұңқырлар мен траншеялардан, бурттардан көтеру құрылғысының көмегімен алу.

Білуге тиіс машиналар мен жабдықтың, өндірістік инвентардың, аспаптардың, өлшеу аспаптарының, ыдыстың, тараның құрылымы мен пайдалану ережесін; оларды пайдалану және күту ережесін; жемді дайындау ережесін; түрлі компоненттерді жылумен өңдеу ережесін, оларды салу кезектілігін; түрлі жыныстағы және жастағы жануарлар тобына жем дайындаудың ерекшеліктерін; жемнің құрамы мен қоректілігін; мал мен ққстың қоректік заттарға мұқтаждығын.

§ 67. Жем жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жемді арнаулы рецепті бойынша, сондай-ақ ақуыз мен басқа да компоненттері бойынша теңгермелі жемдерді жасау. Жем массасын қазандарда араластыру және термиялық өңдеу. Ішек-қарынды, балықты, тамақ қалдықтары мен т.б. шаю. Жем цехындағы машиналар мен жабдыққа техникалық күтім жасау. Рационға сәйкес тамақ қалдықтарының талап етілетін мөлшерін дайындау жөніндегі есептерді жүргізу.

Білуге тиіс: малдар, аңдар мен құстарға берілетін жемнің түрлерін, олардың жұғымдылығын, ағзаға сіңуі мен маңызын; жануарлардың ақуызға, дәрумендер мен минералдық заттарға мұқтаждығын; қайнату қазандарын, жем дайындауға арналған жабдықтар мен машиналарды пайдалану ережесін; жемді дайындау технологиясын және жем беру режимдерін; жем рациондарын және оларды жасауды.
§ 68. Жануарларға ілесіп жүруші

3-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жөнелту, бару пункттерінде және автомашиналармен, теміржолмен, су көлігімен тасымалдау кезінде жануарлар мен құстарға ілесіп жүру, оларға қызмет көрсету және күзету. Базаларда мал партияларын қабылдап алу және бару пунктіне айдап жүру. Малды, құсты, инвентарь мен жемазықты жөнелту, бару пункттерінде жеткізу, тиеу, бару пункінде түсіру. Көлік құралдарынджа мал мен құсқа арналған орынжайларды жабдықтау және күтіп ұстау. Малды дайындау және сою пуктіне айдап бару. Мал мен құсты азықтандыру, суару және туалетін сақтау, малды бару жолында жаю. Малды өлшеуге, ветеринарлық өңдеуге, сұрыптауға қатысу. Жарақат алған мал мен құсқа алғашқы көмек көрсету. Белгіленген құжаттаманы дайындау және мал мен құсты қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша тапсыру.

Білуге тиіс: мал мен құсты қабылдап алу, тасымалдау және тапсыру тәртібін; жануарларды вагонға, автомашиналарға, су көлігіне тиеуді, қызмет көрсетуді және орналастыруды; орындалатын жұмыс шегінде, теміржолдардағы дабылдату нұсқаулығын; жол жүру бағытын және мал мен құсқа алғашқы жәрдем көрсету ережесін зоотехника мен ветеринария негіздерін; малды айдау, жаю ережесі мен азықтандыру рационы мен мерзімін; қабылдап алу-тапсыру құжаттарын ресімдеу ережесін.

Асыл тұқымды мал мен құсқа ілесіп жүру кезінде - 4-разряд.



1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет