6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының



бет1/6
Дата07.07.2016
өлшемі380 Kb.
#182768
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-31.1.57/03-2014

ПОӘК

«Тұлғалық даму психологиясы» пәннің оқу-әдістемелік материалдары


№3 басылым

«11».06.2015 ж.

№2 басылым

«11».09.2014 ж.

орнына







6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығының

2 курс магистранттарына арналған

«Тұлғалық даму психологиясы»
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәріс

  3. Практикалық және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жұмысы (жоба)

  5. Білімалушылардың өздік жұмыстары


1 ГЛОССАРИЙ

Әлеуметтену – индивидтің қарым-қатынасы және іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс, оның әлеуметтік тәжірибені игеруінің нәтижесі.

Әлеуметтік өлшем әдісі – американдық психолог және социолог ДЖ.Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынастарын зерттеу үшін енгізген әдісі. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау.

Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.

Әлеуметтік-психологиялық біліктілік – индивидтің тұлғааралық қатынастар жүйесінде өзін қоршаған адамдармен бірлесіп әрекет ете білу қабілеті.

Әлеуметтік стереотип - әлеуметтік объектінің (топ, адам) қоғамда қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі.

Авторитарлық ахуал – топқа басшылық ететін адамның автоапатиялық, авторитарлық әдістемелерді осы топ ішінде орнықтыруға күш салуы кезіндегі жалпы әлеуметтік-саяси ахуалды сипаттайды.

Бейресми топ заңдық тұрғыда мәртебесі жоқ, мүдделер, достық пен симпатиялар не прагматикалық пайдалылығы негізінде ықтиярлы түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық.

Бейімделу – организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.

Гуманистік психология – ХХ ғасырдың 60жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология ғылымындағы бағыттардың бірі. Г.п. көрнекті өкілдері – А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олппорт т.б.

Жай-күй – белгілі топ, ортаға байланысты қатынас, көңіл-күйді білдіретін ұғым.

Жеке тұлға - әр адамның қайталанбас өзіндік, тек соған ғана тән ерекшеліктерінің жиынтығы.

Латентті әлеуметтік сәйкестендіру - әлеуметтік ұйымдағы индивидтің мінез-құлқына мәнді әсер ететін әлеуметтік рөл.

Көшбасшы – топ ішінде мәнді жағдаяттарда топ мүшелерінің мінез-құлықтарына әсер ететін адам.

Нақты топ – адамдардың шағын, ортақ және уақыт пен кеңістікте болатын, нақты қатынастармен біріккен қауымдастығы.

Өзін-өзі бағалау – адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндіктерін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылап, ойын түйіндей алу қабілеттілігі.

Топтық шешім - топтың барлық мүшелері үшін ортақ міндетті орындау кезінде, өзара ақпарат алу жағдайында топ жүзеге асыра алатын шешімдердің баламаларының бірін таңдау.

Топтық іс-әрекет – адамдардың іс-әрекетіне, топтарына кіретін әлеуметтік және әлеуметтік - психологиялық феномен, қарым-қатынас нәтижесі.

Топтық пікір – қоғам мен топ үшін мәні бар және осы топтың өзара қарым – қатынасын адамгершілік нормаларына сай сұрақтар бойынша топтық бағалау.

Ұжым – бір мақсатқа бағытталған мекемелерге жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын оқушылардың, студенттердің тобы.

Үлкен топ - белгілі бір әлеуметтік нышандары негізінде сараланатын адамдардың сан жағынан шектелмеген шарттық қауымдастығы.

Шағын топ – ортақ мақсаттарымен не міндеттерімен біріккен, тікелей байланыстағы индивиттердің біршама шағын тобы.

Ішкі топ - топтың іштей бөлінгендегі бір бөлігі.

Практика - адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.

Психиканың дамуы - психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Сана - психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тест - анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.

Теория - ғылыми принциптер жүйесі.

Фактілер - шындық, ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.

2 ДӘРІСТЕР

1 Тұлға психологиясының жалпы мәселелері



Сұрақтары. Тұлғалық өсу психологиясы пәні, мақсат-міндеттері. Тұлға жайлы түсініктердің жалпы сипаттамасы. Тұлға психологиясының жалпы мәселелері.

Жалпылай алғанда тұлға – сыртқы ортамен, басқа адамдармен және өз-өзімен қатынас үшін жауап бере алатын, өз өмірінің субъекті болып келеді. Тұлға – өзін реттеудің ішкі жүйесі. Ол басқа детерминациялайтын күштердің әсер етуін бастан кешіп, оларды ішкі әлем немесе ағза деп атауымызға болады. Және одан басқа сыртқы әлем болады, ол аумақты түсінікте қолданылады, соның ішінде басқа адамдар да. Осы үш басқаратын күштің арасындағы байланыс адамның өмір жолын анықтайды; оны дамудың үшбұрышы деп қарастыруға болады. Тұлғаның кемелденуінің маңызды көрсеткіштеріне: интенционалдылық, автономдылық, динамикалылығы, тұтастылық, конструктивтілік және индивидуалдылық жатады. Бірақ бұл тұлғаның атрибуттары берілмеген, олар шартты түрде жасалған. Олардың жүзеге асуының деңгейі белгілі-бір шарттарға сәйкес болады – бастапқыда тұлға басқа екі қозғаушы күшпен қатынасына байланысты. Тұлғалық-орталықтанған бағдардың орталық идеялардың бірі: егер адам (тұлға) ерікті болса және өзін тыңдай алу және өзін тұтас табиғи ағза ретінде қабылдай алса, «өзін жетілдіруге» деген тенденция толық күшімен жүзеге асады және адамның қозғалысын қамтамасыз етіп отырады. Бұл тенденция адамның бойында нышан ретінде болады деген идея өте маңызды, ол белгілі-бір жағдайларда жүзеге асып отырады, бірақ сыртқы күштермен қалыптаспайды және басқарылмайды: «бұл ішкі тенденция, ол сырттан мотивтенбейді және оны үйретуге мүмкін емес». (Лэндрет Г., 1994,). Тұлғаның сыртқы ортамен байланысы – әсіресе басқа адамдарың әлемімен – өте күрделі, біркелкі емес және драматикалық болады. Тұлға жағынан қарастырғанда онда басқа адамдармен қатынасқа деген қажеттілік болады, адам, К.Роджерстің айтуы бойынша, «әлеуметтен ажырамас болып келеді: онда қарым-қатынасқа тереңдетілген түрде қажеттілік болады» (П.Тиллих, К.Роджерс...,1994, 136б.). Сонымен қатар, «Мен» тұлғасының орталық компоненті –өзіндік құрметке деген қажеттілік болады және ол бала шағынан бастап басқа адамдардан құрмет және махаббат сезімі арқылы сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың тұлғасы қоғаммен қарым-қатынасқа ғана бағытталмай, олардан ажырамас түрде болады. Тұлғалық өсу.

Тұлғалық өсу гуманистикалық түсініктерден қарағанда – белгілі-бір білімдерді қабылдау емес; белгілі-бір әрекетті және әсіресе «қоғамға пайдалы»,құндылық бағдарларының жүйесінің қалыптасуы емес, баламен қоғамдық адами болмысты өзіне иелену емес, белсенді өмір позициясын қабылдау емес, жаңа формаларды танып-білу дағдысы емес, идеалды ересектің бейнесін қабылдау емес. Осы аталған адамның өзгеруінің бағыттары белгілі-бір позитивті мәнге ие. Бірақ бұл бағыттар «тұлғадан» деген бағытты қолдайды, сондықтан да ол тұлғалық өсуге көмек бермейді. Ол оны тежеп, тұлғалық өсуге керекті ерекшеліктерді қалыптастырмай, оны алмастырады. Сондықтан да олар даму үшбұрышының бір қырында ғана қалыптасады, яғни «сыртқы әлем-тұлға» байланысы ғана есепке алынады. Тұлғалық өсудің басты психологиялық мәні – босаңсу, өзіңді және өмірлік мәнді табу, өзін жетілдіру және барлық тұлғалық негізгі атрибуттарды дамыту. Ал тұлға мен өзінің ішкі өмірімен қатынаста болу сыртқы әлеммен қатынаспен тең. Адам үшін принципиалды маңызды болып оның ішкі өмірін басқа адамдармен құрмет тұту. Осылайша тұлғалық өсу болу үшін интерперсоналдылық интраперсоналдылықпен басылмау керек және адам 3 негізгі шыңды байланыстырып, қатынас жасай алса. Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады. Біз К.Роджерстің формуласына сүйеніп, «негізгі тұлғалық өсудің заңы» туралы айта аламыз. Оның негізгі тезисі мынандай: егер керекті жағдай болса, онда адамның бойында өзіндік даму болады, онда табиғи түрде тұлғалық жетілу пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл өзгерістер – олардың құрылымы, бағдары, динамикасы – тұлғалық өсудің бар екендігі жайлы мағлұмат бере алады және оның критерийлері ролін атқарады.

Толық тұлғалық өсу кезінде ондай өзгерістер адамның ішкі өмірімен қатынасына да (интерперсоналдылық), сыртқы өмірмен қатынасына да (интраперсоналдылық) байланысты болады. Осылайша тұлғаның өсу критерийлері интер мен интраперсоналдылықтан қалыптасады. Олардың ішінде маңыздылары :

Тұлғалық өсудің интраперсоналдық критерийлері:

Өзін қабылдау. Бұл өзіндік қабылдауды және өзіне деген махаббаты білдіреді. Адамның қаншалықты өзіне құрмет тұтатынын және өзіндік шешімге келе алу қабілетін өзіне қосады (Роджерс К., 1993, 69б.), өзіне деген сенім, өзіндік табиғатына сену де осыған жатады.

Ішкі бастан кешу тәжірибесіне ашылу. «Бастан кешу тәжірибесі» - гуманистік психологиядағы орталық ұғымдардың бірі. Ол ішкі әлемнің жағдайларын субъективті бастан кешуді көшеді. Тұлға неғұрлым күшті және жетілген болса, соншалықты ол сыртқы әсерлерге бағынбайды және өзінің ішкі шынайылығына түңіле алады, қазіргі шықпен өмір сүре алады».

Өзін түсіну. Өзің және қазіргі күйің туралы тереңдетілген, толық және нақты түсініктің болуы; өзіңді шынайы ретінде қабылдай алу, адекватты және иілгіш «Мен» коцепциясы, жаңа тәжирибені ассимиляциялай алатын, идеалды «Мен» мен шынайы «Меннің» жақындасуы –осылардың барлығы тұлғалық өсудің негізгі тенденциялары.

Жауапкершілікті ерік. Өзімен қатынас жасау деген кезде біз өзіміздің өмірімізді саналап, өзіміздің бостандығымызды және субъекттілікті қабылдау. Ол «ішкі локус бағалауды» білдіреді – құндылықтарды таңдаудағы жауапкершілік жән бағалау, сыртқы бағалардан тәуелсіз болу. Сонымен қатар, бұл өзіндік танытудағы жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу.

Тұтастылық. Тұлғалық өсудегі маңызды бағдар – интегративтіліктің күшеюі және кеңеюі және адам өмірінің аспектілерін байланыстыру. Әсіресе – ішкі өмірдің тұтастылығы мен адам тұлғасының өзі. Нақтырақ айтқанда, тұтастылықты сақтау мен қорғау, ол адамда басынан бастап болады. К.Роджерстің айтуы бойынша , басынан бастап «бала ... интеграцияланған және тұтас ағза болады, ол кейін индивидуализациялайды» (П. Тиллих, К. Роджерс., 1994, с. 140). Бұл жердегі мәселе бұл көбейетін индивидуализациялау және дифференциялау адамның ішкі тұтастылығы мен конгруэнттіліктің жоғалуына алып келуі мүмкін. Тұтастылық пен конгруэнттілік адамның өмірінің эффективті регуляциясымен байланысты болады.

Динамикалылық. Ішкі тұлғалық тұтастылық және келісушілік аяқталғандықты білдірмейді. Керісінше, тұлға әрдайым өзгеріп отырады. Осылайша жетілген тұлға –бұл қалыптасатын тұлға, яғни адамның дамуы оның өмір сүруінің негізі. Сондықтан да тұлғалық өсудің маңызды критерийі – динамикалылық, иілгіштік, өзгеруге ашықтық және дағды өз идентификациясын сақтап әрқашан қозғалыста, дамуда болуды көздейді. «Яғни мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек және әрқашан процесте болу керек» (Роджерс К., 1994, с. 221).

Тұлғалық дамудың интерперсоналдылық критерийлері:

Басқаларды қабылдау. Интерперсоналды бағытта тұлғалық өсу ең алдымен басқа адамдарға деген қатынасының динамикасында көрінеді. Тұлға неғұрлым басқа адамдарды қабылдай бастаған кезде, соғұрлым ол оның жетілгендігінің белгісі.Ол тек қабылдау ғана емес, оларға құрмет пен оларға деген сезімнен де білдіріледі. Ал ол өз кезегінде адамның табиғатына сене білу қабілетінің негізі де болады.

Басқаларды түсіну. Жетілген тұлға басқалардың ойларына елікпей, стереотиптерге бағынбайды. Ол адекватты баға беріп, сыртқы ортаны дифференциациялап, басқа адамдарды қабылдайды. Тұлғалық өсудің маңызды критерийлері – тереңдетілген тұлғааралық контактка түсе алады және басқа адамды түсінеді, эмпатия сезімін бастан кеше алады.

Әлеуметтенуі. Тұлғалық өсу адамның эффективті фундаменталды дамуына алып келеді – конструктивті әлеуметтік қатынастар. Адам басқа адамдармен қатынасқа түскен кезде көбірек ашылып, өзінің шынайы бейнесін ашады, бірақ осыған қарамастан – адам шынайы болып, иілгіштік және тұлғааралық мәселелерді шеше алу қабілетіне ие болады. «Ол максималды түрде гармонияда болады»: (The Carl Rogers..., 1989, p. 251);

Шығармашылық адаптивтілік. Жетілген тұлғаның маңызды ерекшелігі – өмірлік мәселелерді қабылдай алу қабілетінде және оларды шеше алу.Ол сол жағдайға адаптацияланып, өзінің ішкі қабілеттерін жүзеге асырады. (Роджерс К., 1994,1 с. 81).

Тұлғалық өсудің осы бағыттардағы өзгерістер болғанда өзінің спецификалық заңдылықтарға байланысты болады. Сонымен қатар бұл процесс біртұтас болады және бір бағыттағы өсім екіншісіне әсер етеді. Сондықтан да осы бағыттардағы қозғалыс факты өте маңызды орынға ие болады. Бұл жағдай адамға бостандық, жауапкершілік, аутенттілік сезімін береді және оған бұл өмірді қабылдауды өзгертеді.
2 Тұлғалық өсудің биологиялық және әлеуметтік байланысы

Сұрақтары. Кеңес психологиясындағы тұлға түсінігін зерттеу. Тұлғаның әлеуметтенуі. Ананьев бойынша тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік бірлігі. Психикалық процестердің, қасиеттер мен кейіптің өзара байланысы

Адамның қиын әлеуметтік «сезімталдық» қасиеті тұлғалық адам дамуының соңғы сатысында пайда болуы. Бір жағынан ол психиканың тарихи дамуының қорытындысы, ал екінші жағынан адам өмірінің қоғамдық бейнесінің азығы болып табылады.

Тұлғалыққа деген қызығушылық машина өнеркәсібінің дамуымен бірге туып отырады. Ғылыми тұрғыдан тұлға дамуына деген қызығушылықтың өсуі адамның адамдану фактісінің сана мен сәйкестенуі мен яғни адам қайта – қайта ажырау еңбек функциясының бөлігі болады.

Тұлғаның жүйелік психологиялық теорияларының методологиялық әдістемелері К. Маркстің еңбектерінде берілген.

Іскерлік құрылысының бір аспектісін акцентуациялау негізінде пайда болған концепцияға қанағаттанбаушылығын көрсетті және негіздеді. Рационалды – идеалистік философиядағы ішкі (рухани, ойлау) немесе праксеологиялық бағытталған оқу іскерлігі тарихи қалыптасқан ақыл – ой және физикалық еңбекті қайта жаңғыртады. К. Марксқа диалектік – материалистік зертеу әдісі және әлеуметтік сараптау адамды енжар рольден сезімтал өнімге айналдыруға және субъект іскерлігінің белсенді бастамасын, тарих шығарушысын ашуға мүмкіндік береді.

К. Маркстің жақындауындағы адам негізін анықтауы адам өмір сүруінің тәсілі ретіндегі іскерлікті анықтаумен ажырамас бөлік болып табылады. К. Маркс адам мен тұлғаның шынайы негізін ажыратады. Ерекше тұлғаның шынайы негізін оның сақалы, қаны абстрактылы физикалық табиғаты құрамайды, тек әлеуметтік сапасы және мемлекеттік функциясы және т.б. ерекшеленген басқа бір өмір сүру тәсілі және адамның әлеуметтік сапаларының әрекеті.

Тұлға анықтамасын ортақ қабылданған жалпы 3 топқа бөлуге болады.

Маркстік ілім бойынша тұлғаның шынайы негізі қоғамдық қарым қатынастың бірлігі ретінде қарастырылады. Көптеген авторлар тұлға анықтамасын, адамның шынайы негізімен ауыстырып айтады. Адамның шынайлығы – оның іскерлігі, әлеуметтік табиғатының ауысқан бейнесі. Тұлға адамның шынайы негізі емес, ол – осы негіздің әрекетінің өнімі. Бұндай анықтамалар психологияға теориялық, әдістемелік жағынан нәтиже бере алмайды.

Екінші топқа «тұлға» түсінігі адам дамуының деңгейі ретінде қарастырады. Көптеген авторлар әлеуметтік сапаны тұлғаның қасиетінің бірі ретінде қарастырады. Бірақ одан әрі қарай талдаулардан тұлға түсінігін нақты адаммен байланыстылығын көреміз, ал тұлға қасиеті индивидтік мінездеме ретінде бейнеленуі. (Б.Р. Ананьев, В.В. Давыдов, А.Г. Ковалев, К.К. Платонов, Н.И. Рейнвальд, С.Л. Рубинштеин және т.б.)

Бұндай көріністің құпиясын Э.В. Ильенков ашты. Адам тұлғасының құпиясы ғасырлар бойы құпия болған өйткені тұлға негізін іздеу керек жерден іздемеген. «Адам денесі басқа адам денесімен тікелей байланысты».

Үшінші топқа тұлға түсінігі адамның қоғамда өмір сүру нәтижесінде алатын қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастырады.

Бұған бірнеше көзқарастар тән.

Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары мәдени және төменгі табиғи, - деп бөлімнен ұсынады. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның өзегі оның бағыттылығы, деп атады.

Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн 1975, Л.И. Божович 1968, А.Н. Леонтьев 1971, М.З Неймарк 1972 және т.б) Алайда әр түрлі авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану, бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.

Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым – қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық – тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс - әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуын адамның мінездемесі үшін маңызды орын алуы, яғни оның мінез – құлық пен іс - әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым – қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез – келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар, тұлғаның дамуында негізгі болып нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.

Л.С. Выготскийдің «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие» - деген пікірі осыған негізделеді.

Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы, оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.

Сонымен, тұлға – біріншіден әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен, анықталып және де біріккен әрекет пен қарым – қатынаста қалыптасып отырады.

Кеңес психологиясында, адамды тұлға деп, - қоғамның субъектісі ретінде оның қарым – қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.

Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік өмір танымы сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптелді. Тұлға сезімдік қасиеттерімен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген. Сонымен қатар, Б.Г. Ананьев тұлға құрылымының жан – жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдарымен қажеттіліктері кіретін мінез – құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтогенезін индивид ретінде, адамның дамуын тұлға ретінде қарастырады.

А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға – бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр – түрлі іс - әрекеттің бірлесе бағынуы, онтогенезде тұлғаның қалыптасуына негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы индивид басқа индивидтермен біріккен іс - әрекетінде ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар, тұлға белсенділігімен сипатталынады яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс - әрекеттерінің саласын кеңейтілумен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп – қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленуі, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас, және т.б. жүйелермен бейнеленеді

Қатынастар психологиясы В.Н. Масищевтің тұлға концепциясы болып табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен қасиетттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізеді. В.Н. Масищевтің пікірі бойынша тұлға, тек адамға тән толық психикалық құрылымының жоғары шартталған қоғамдық – тарихи ретінде және оның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Сонымен қатар, тұлғаның өзегін өз-өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас жүйесі құрайды, - деп қарастырған.

Тұлға бағдар теориясының аумағында да зерттелінеді (Д.И. Узнадзе 1966, А.С. Прангишвили 1975 және т.б.) Авторлар түрлі илизиоларды (елестеді) эксперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиесілі екендігін анықтайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.И. Узнадзенің теориясына сәйкес ішкі бағдар адам үшін ерекшеленген теориялық қажеттіліктің әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етуі. Осы ғылымдардың пікірі бойынша ішкі нұсқау адамды таңдамалы белсенді іс әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы болып табылады.

Божович балалар тұлғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді.

И.П. Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады. Бірінші кезеңде оқушының оқу іс - әрекетерімен тығыз байланысты мотивтер зерттеледі. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс - әрекетінен шығатын әлеуметік мотивтердің және мотивтердің әртүрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады.

Л.И. Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыдан пайда болуы тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамассыз етеді.

Зерттеулердің нәтижесінде, мектепке дейінгі және шоқарлығындағы бала тұлғасының қалыптасуында негізгі фактор болып ересек адамның қалауы анықталған. Өйткені, олардың қолдауы балалардың қоршаған ортасы мен эмойионалдық сәттіліктерін ұйымдасуының «берікті» қажеттілік жағдайын құрайды. Бұл жаста ересектердің, әсіресе ата – аналардың қолдауына талаптануының күшеюі баланың тікелей қажеттіліктерді сезбейтін мінез – құлқына түрткі болуы да көрсетілген.

Тұлға мен қоғам, тұлға мен іскерліктің ортаққа рым – қатынасының анализі көрсеткендей тұлға келесі қызметтерді іске асыруы керек.



  1. Адамның тіршілік ету қажеттіліктері мен адамзат қоғамының даму тенденцияларын өзіндік және қоғамдық қажеттіліктерімен байланыстыру.

  2. Өзіндік құндылықтарды жалпы адамзат құндылықтарымен байланыстыру.

  3. Өзіндікті социум мақсатымен байланыстыру.

  4. Іскерлік жағдайын адекватты таңдау.

  5. Іскерліктің қажетті арсеналдарынан хабардар болу керек.

  6. Процестерді бақылау және болжау.

  7. Өзінің социумен және басқа адамдармен қарым – қатынасын түзету.

  8. Өзінің іскерлігін, мотивациясын, мақсатын түзету.

Функция функционалды орган тудыратындықтан, оған мыналарды жатқызуға болады; өзіндік құндылықтар, мақсат, қажеттіліктер, іскерлік жүйексі, әлем немесе өзіндік бейнесі.

Негізінен тұлға анықтамасы оның нақты мінездемесінен және компоненттерінен көрініс беру керек. Тұлға – жоғары сезімтал әлеуметтік жиынтық.

Сонымен тұлға түсінігін төмендегідей бөлеміз.


  1. Тұлғалық өмір барысында қалыптасатын адамның функционалды жоғары сезімталды мүшесі.

  2. Тұлға жүйелік әсердің қоғам жүйесінің детерминацияланған компоненті.

  3. Тұлға өзінің компаненттерінің қызметін жүйе ретінде анықтайды.

  4. Ішкі реаллизацияның қызметін қамтамассыз ететін және адамның өмір барысында осы функциялар нәтижесінде қалыптасатын және қалыптасу керек компаненттер адамға және социумға қарым-қатынасына байланысты ішкі және сыртқы функцияларды бөледі.

  5. Көрсетілген «тұлға» түсініктері тұлға ерекшеліктерін ерекшке әлеуметтік сапа және психика дамуының жоғары деңгейі ретінде санауға мүмкіндік береді

3 Психологиядағы тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселелері



Сұрақтары.

Тұлғаның құрылымы. Тұлға және индивид. Адамның индивидтік қасиеттері және мінез-құлықты реттеу. Тұлға және индивидуалдылық.



Тұлға түсінігі. Тұлға – адамның индивидуалды ерекшеліктері мен мінез-құлық тұрақтылығын шарттайтын индивидуалды сипаты және мінез-құлық тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы.

Адам индивид болып дүниеге келгеннен кейін, қоғамдық өзара қатынастар және процестер жүйесіне енеді. Нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға ие болады, яғни ол тұлға болып қалыптасады.

Бұл-адамның қоғамдық байланыстарға түсіп, субъект сапасында көрінуіне байланысты жүзеге асады. Өз кезегінде адамның индивидтік, тұлғалық және субъектік деңгейлерінің даму ерекшеліктерінің қайталанбастығы индивидуалдылықты көрсетеді.

Қазіргі психологияның барлық мектептерінің тұлға жайлы өз көзқарастары бар.

Бихевиоризм бағыты бойынша тұлға сыртқы оң және теріс нығайтуларға байланысты әсерлерге жауап беруші реактивті жүйелер.

Бихевиоризм бағытында тұлғаның мінез-құлқы, оның ішкі толғаныстарына емес, әрекет жасауға стимул беретін сыртқы орта әсерлеріне байланысты. Машинаның түсі оның жылдамдығына әсер етпейтін сияқты, адам әрекетіне психика, сана, мінез де әсер етпейді.

Психоанализ бағытында тұлға адам қуаты құрылымы, адам қуаты бағыттылығы, адам қуатының қарқындылығы ретінде қарастырылады.

Психоанализ бойынша адамға қандай инстинктивті күштер әсер еткенін білу арқылы адамның қазіргі кездегі ғана емес және өзгерген жағдайдағы мінез-құлқын анықтай аламыз.

Бұл пікір авторы психоанализ бағытының өкілі Эрих Фромм. Оның ойынша, шығармашылық психоанализ өкілдері «адам тұлғасы туындауының теориясы және практикасын, оның өзіндік «Менінің» қалыптасу» әдісіне айналдырған.

Когнитивті психология

Тұлғаға негізгі сипаттар бойынша анықтама береді. Негізгі сипаттар ретінде: шындыққа қатысты зерттеушілік бағдар, тағдырын дербес белгілеу және әлеуметтік ортадағы белсенді әрекетті көрсетеді.

2. Тұлғаның құрылымы. Тұлғаның өмірлік бағдарлануы. Бағдарлану – бұл көзқарастар және сенімдермен нығайтылған құндылықтар, қажеттіліктер, алдыға қойған мақсаттарының құрылымы. Бағдарлану – мақсаттар мен түрткілерде көрінеді. Мақсат бұл бағдарлануға талпыныс, ал түрткі қуат, ішкі мәнділік береді.

Бағыттылық – тұлғаның негізгі жетекші өмірлік мақсатын анықтайтын мотивациялық құрылымы. Бір адамдар шығармашылыққа, біреулері қажеттілікке, кейбір адамдар жасампаздыққа, кейбіреулері бұзушылыққа, кейбірі қоғамда дұрыс, кейбірі жат, теріс бағдарланған. Кейде адамның бағдарлануында нақтылық, айқындылық көрінбейді. Адам бағыттылығы жайлы теориялар өте көп. Соның бірі австрия философы Эдуард Шпронгердің тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға байланысты бағдарлану типтері.



  1. теориялық;

  2. экономикалық;

  3. эстетикалық;

  4. әлеуметтік;

  5. саяси;

  6. діни.

Кеңестік психологияда «тұлға бағыттылығы» түсінігін С.Л.Рубинштейн 1940 жылы жарық көрген «Жалпы психология негіздері» кітабында енгізген. Бұл түсініктің енгізілуі адамның қажеттілік, қызығушылық, идеал, бейімділік, бағдар, бағыттылығына байланысты болады. Тұлғаның бұл жүйелерінің құрылымын талдау адамның неге талпынатынын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет