6M020100- «философия» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы



Дата11.06.2016
өлшемі136.56 Kb.
#128275
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ







БЕКІТЕМІН




Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы

_____________________ Жумагулов Б.С.

«___» _______________2015 ж.


6M020100- «ФИЛОСОФИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015


Қабылдау емтиханының бағдарламасы:

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6M020100 Философия» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.

Құрастырушы:. Философия ғылымдарының докторы, профессор ____________ Ж.Ә. Қабаева
Саясаттану және ӘФП кафедрасында талқыланған, Абай атындағы ҚазҰПУ
« 28 » сәуір 2015 ж., хаттама №9
Кафедра меңгерушісі: ҚР ҰҒА корр.-мүшесі,ф.ғ.д., профессор Р.Б.Әбсаттаров
Бағдарлама Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және шетелдік студенттермен

жұмыс факультетінің Ғылыми кеңесінде мақұлданған

« » 201 ж., хаттама № .

\

Мамандыққа кіріспе


Бағдарлама философия бойынша магистратурасына түсу үшін емтиханға дайындалуға арналған және ол философия ғылымы негіздерінің бакалавриат бағдарламасы көлемінде философия курсымен ізденушілерге таныс болуы ескерілген.

Сұрақтар философия бойынша бакалавриаттың мемлекеттiк емтиханның типтi программасының негiзiнде құралған және философияның негiздерi бойынша пәндермен оның негiзгi бөлiмдерiнің мазмұндарына сәйкес келедi.

Сұрақтар программаның бөлiмдерi бойынша берілген. Кiрiспе емтихан философия, танымдық әдiстемелiк жолдар, бiлiмдердің барлығына ортақ қағида және диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары терiн негiзгi бағыттарының генезисiмен теориялық негiздерi онтология, гносеология, адам және қоғамның мәселелерi бойынша бiлiмдердi тексерудi көздейді.

Бұл программа және сұрақтар тiзiмi негiзiнде философияның теориясы бойынша екi сұрақ және философия тарихы, таным теориясы, онтология, және адам және қоғам мәселелерi бойынша бір сұрақ қосылған емтихандық билеттер құрастырылады.


ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ СИПАТЫ

(тақырыбы, өткізу түрлері, баға критерийі)


Емтихан тақырыбы
Негізгі тақырып философияның түйінді мәселерін қамтиды: философия пәні, философиялық ойлар тарихы, онтология, таным теориясы (гносеология), философиядағы адам және қоғам мәселесi.

Емтихан өткізудің түрі


Қабылдау емтиханы емтихан билеттері бойынша ауызша сұрау түрінде өтеді оған философия ғылымның түйінді сүрақтарының үшеуі кіреді
Баға критерийлері
«Өте жақсы» баға(10-8 балл) – барлық бағдарламалық материалдарды терең білу, қаралатын құбылыстар мен процестердің мәні мен өзара байланысын түсіну, аралас пәндердің негізгі сипаттарын терең білу, емтихан комиссисы мүшелерінің барлық емтихан билеттері мен қосымша сұрақтарына логикалық тұрғыдан толық және нақты, дұрыс жауап беру.
«Жақсы» баға(7-6 балл) – барлық бағдарламалық материалдарды әжептәуір толық білу, қаралатын процестер мен құбылыстардың мәні мен өзара байланысын білу, қойылған сұрақтарға берген жауаптардың кейбір кемшіліктерін жоя отырып, тыянақты, нақты жауап беру.
«Қанағаттарлық) баға (5-4 балл) – бағдарламаның негізгі сұрақтарын терең білу және түсіну, қойылған сұрақтарға көп қателеспей, емтихан алушының қосымша сұрақтарына мүдірмей жауап беру.
«Өте жаман» баға(3-1 балл) – негізгі бір сұраққа дұрыс жауап бермеу, жауапта өріскел қате жіберу, талданып отырған мәселенің мәнін түсінбеу, қосымша сұрақтарға тыңғылықты және нақты жауап бермеу.

Бағдарлама мазмұны


Негізгі бөлім

1 Бөлім. Философия пәні

Философия, оның пәні мен тағайындалылығы. .Философия нені зерттейді? Философия пәнінің жеке ғылымдар пәнінен айырмашылығы қандай? Әлемдi философиялық танудық қажеттілігі. Философиялық бiлiмнiң құрылымы. Құрылымдағы әрбiр элементтiң орны.

Философияның функциялары: эвристикалық, гносеологиялық, аксиологиялық,, герменевтикалық, әдіснамалық, т.б. Философия танымының өзгешелігі мен құрылымы. Философиның негізгі әдістері. Философияның негiзгi мәселесi. Оны жетудің екi жағы.

Дүниеге көзқарастың ұғымы. Философия дүниеге көзқарас ретінде. Миф, дін, философия. Онтология, гносеология, логика, этика, эстетика және аксиология - философияның негiзгi бөлiктерi. Диалектика және метафизика. Диалектика ұғымы. Объективтік және субъективтік диалектика. Диалектика принциптері. Қозғалыс және даму. Сандық және сапалық өзгерiстердiң бір-біріне ауысуы, қарама-қарсылықтардың бiрлiгi әрі күресi, терiстеуліктің мазмұны, олардың әдiстемелiк және дүниетанымдық маңызы. Философияның негiзгi мәселесi. Оны шешудің екi жағы.


2. Философиялық ойлар тарихы

Ежелгі Шығыс философиясы. Байырғы Индия философиясы: Буддизм, веданта, чарвака, локаята, джайнизм. Ежелгі Қытай философиясы: конфуцианство, даосизм.

Антикалық философия: негізгі мектептер және олардың сипаттамасы. Антикалық философия тарихының кезеңделуі. Антикалық философияның алғашқы натурфилософиялық ілімдері. Түпкі бастауларды iздеу. Пифагор, Эфестік Гераклит; диалектиканың шығуы. Элей мектебі. Парменид. Зенон.

Софистердің субъективтік диалектикасы. Протагор. Сократтың диалектикасы мен антропологиясы. Платон философиясы және оның мемлекет туралы зерттеулері. Аристотель философиясы: онтология, логика және таным теориясы. Аристотель этикасы. Аристотельдың формальдық логикасы. Ғылымдардардың классификациясы. Эллинистикалық философия.

Христиандық апологетика және патристика. Августин Блаженыйдың ілімі. Ортағасырлық схоластика. Фома Аквинский философиясы. Номинализм жәе реализм. Ортағасырлық араб фалсафасы. Аль Фараби, ибн Сина, ибн Рушди, т.б. Суфизм.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Н.Кузанский диалектикасы. Пантеизм. Антропоцентризм. Гуманизм. Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилейдің ғылыми идеяларының философиялық-дүниеге көзқарастық мәні.

Жаңа Заманның философиясы. Ғылыми танымның әдістеме мәселесі және әлемнің механикалық суреттемесінің қалыптасуы. Эмпиризм мен рационализмнің күресі (Декарт, Спиноза, Лейбниц, Бэкон, Локк, Беркли, Юм). Декарттың дуализмі. Бэконның монадологиясы. Білім - күш. Қайта өрлеу философиясы және ХVIIIғ француз материализмі. Ж.Ж. Руссо, Ф. Вольтердің философиялық ілімдері. И.Кант философиясы неміс классикалық философиясының түпнегізі ретінде. И. Канттың сыни философиясы (міндеттері, мәселелері, ұғымдары). И. Кант этикасы. Гегель филосфиясындағы жүйе және әдіс. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі және гуманизмі.

Марксизм философиясы. Жаттану концепциясы. К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектеріндегі тарихтың материалистік түсінігі және диалектика. Қоғамдық-экономикалық формация. ХIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыстың діни философиясы. В. Соловьев, Бердяев Н., Л. Шестов, П. Флоренский, т.б.

ХХ ғасыр философиясы: жалпы сипаттама және негізгі ағымдар. Әлемдік философиялық үрдістің бірлігі мен көптүрлілігі. Иррационализм. Өмір философиясы (А.Шопенгауэр, Ф.Ницше). Экзистенциализм. Позитивизм және неопозитивизм. Психоанализ және фрейдизм философиясы. Неофрейдизм. Қазақ ағартушылық философиясы. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай. Ш.Құдайбердиев философиясындағы наным мен зерде мәселелесi.

3. Онтология

Дүниені философиялық түрғыда ұғу. Болмыс, материя негізгі категориялар ретінде. Болмыс және бейболмыс.Болмыстың негізгі формалары және олардың қатынасы. Адам болмысының өзгешелігі. Жеке және қоғамдық болмыс. Субстанция категориясы. Мән жөніндегі негiзгi ілімдер: монизм, дуализм, плюрализм.

Материя философиялық категория ретінде. Материяның негiзгi белгілері, олардың арақатынасы. Әлеуметтiк-мәдени материалытық ерекшелiктерi. Қозғалыс, даму. Дүниенің түпкі бiрлiгi. Материяның негізгі атрибуттері. Әлеуметтiк кеңiстiк пен уақыт.

4. Таным теориясы (гносеология)

Таным философия анализінің пәні ретінде. Танымдның субъекті мен объектісі мәселесі. БІлім формаларының көптүрлілігі. Танымдағы сезімдік пен рационалдықтың байланысы. Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері және олардың өзара қарым-қатынасы. Философиядағы ақиқат мәселесі. Ақиқат критерийлері. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат. Шындық және адасу. Практика ақиқаттың критерийі. Практика және таным. Диалектика теория мен әдіс негізінде. Таным процесінің диалектикасы. Бейнелеу ұғымы – ойлаудың творчестволық мәні. Ғылым – танымның ерекше формасы. Ғылыми танымның негiзгi формалары: проблема, гипотеза, заң, теория.

Философиядағы сана мәселесі. Сана адамдардың өмірлік іс әрекетiнiң түпкі өзегі, рухани бағыттылық пен дүниені өзгертудің бастамасы. Сана, тіл және ойлау. Сана және өзін өзі тану. Саналық және бейсаналық. Классикалық және қазіргі замандық психоанализ бейсаналық құрылымы жөнінде. З.Фрейдтiң бейсаналық концепциясы. К.Юнг архетиптер және коллективтік бейсаналық жөнінде. Қоғамдық және жеке-дара сана. Қоғамдық сананың негізгі формасы және олардың өзара байланысы. Бұқаралық сана туралы ұғым.


5. Философиядағы адам және қоғам мәселесi
Қоғам – әлеуметтік философияның пәні ретінде. Адам және қоғам мәні туралы философиялық ілімдер . Адамдағы табиғилық пен қоғамдық жақтардаң арақатынасы. Материалдық және рухани өндірістер, тарихи процесстерде олардың өзара байланысы. Қоғамның фунциясы және дамуы. Тарих әлеуметтік өмірдің шынайлылығы ретінде. Тарих философиясы. Қоғамның құрылымы. Маркстік (таптық) қоғамдық бөлу және стратификация теориясы. Әлеуметтік мобильділіктің түсінігі.

Антропосоциогенез. Еңбек, сана, ұжымдық адамдық тектің іске асу формалары ретінде. Қоғам және табиғат. Биосфера және ноосфера түсініктері. Экология мәселесі: олардың себебі мен шешу жолдары.

Философиядағы адам мәселесі. Адамның тағайындылығы және оның негізгі биологизаторлық және әлеуметтік түсіміктемелері. Философиядағы тұлға мәселесі. Персонализм. Түсініктердің байланысы: адам, индивид, индивидуалдық, тұлға. Еркіндік және тұлғаның жауапкершілігі. Еркіндіктің адамның мәні әрі өмірлік құндылығы екендігі.

Мәдениет және өркениет мәселелері. Мәдениет адамдық әлем ретінде, олардың өзін өзі анықтау мен өзін өзі дамыту жолдары. Мәдениеттің бірегейлік және әртүрлілік мәселесі. Мәдениеттер диалогы. Қоғамды түсінудің әртүрлігі: а)мәдениеттанулық, б)экзистенциалдық, в)марксистік, г)постиндустриялық, информациялық. Қазіргі замандағы глобальдық мәселелердің философиялық мазмұны туралы көзқарастар. «Мәнгілік ел» идеясының философиялық аспектілері


Негізгі әдебиеттер:

1. Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. – М., 2000

2.Философия. Сост. Габитов Т.Х. – А., 2003

3. Спиркин А.Г. Философия. – М., 2005

4. Қасабек А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихы. А., 1998

5.Канке В.А. Современная философия. М. 2010

6. Кохановский В.П. Философия. М. 2006
Қосымша әдебиеттер:

1. Антология античной философии. – М., 2001

2. Рассел Б. История западной философии. Т. 1. – М., 1993

3. Реале Д., Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней. – СПб, 1994

4. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней и средневековой философии. – М., 2001

5. Асмус В.Ф. Античная философия. – М., 1976, 1985

6. Хрестоматия по философии. / Сост. Алексеев П.В., Панин А.В. – М., 2000

Анықтамалық әдебиеттер:

( 5 ден көп емес)



  1. Мифы народов мира: Энциклопедия в 2-х томах. – М., 1994

  2. Философский энциклопедический словарь. – М., 1997 (1989,1983)

  3. Фрагменты ранних греческих философов. Ч. 1. – М., 1989

  4. Философия в вопросах и ответах: Учебное пособие. – М., 2010


Нормативті әдебиеттер:

1.Человек в мире отчуждения. Разд. 2,4. – А., 1996

2. Пивоев В.М. Философия культуры. Уч. п.-М.: Академический проект: Гаудеамус, 2009.

3. Некрасова Е. Философская антропология. – М.: Университетская книга.2011

4. .Барулин В.С. Социально-философская антропология.–М.: Академический проект, 2011.

5. Гуревич П.С. Философская антропология. Учеб пособ.- М.: Омега, 2011



Магистратураға түсу емтиханының сұрақтары

Философия мамандығы бойынша 6М020100
1.Философия нені зерттейді? Философия пәнінің жеке ғылымдар пәнінен айырмашылығы қандай?

2.Философияның атқаратың қызметі мен мәні. Әлемдi философиялық танудық қажеттілігі.

3.Философиялық бiлiмнiң құрылымы. Құрылымдағы әрбiр элементтiң орны.


  1. Философияның функциясы. Философия әрбiр адам өмірі үшін мәндi ме?

  2. Философияның негiзгi мәселесi. Оны жетудің екi жағы.

  3. Онтология, гносеология және аксиология - философияның негiзгi бөлiктерi.

  4. Дүниетаны дүниеге көзқарас ұғымы. Дүниеге көзқарастың тарихи типтерi : миф, дiн, философия.

  5. Диалектиканы ғылым ретінде айқындау. Диалектика және метафизика. Диалектика ұғымы.

  6. Объективтік және субъективтік диалектика.

  7. Диалектика принциптері. Қозғалыс және даму.

  8. Сандық және сапалық өзгерiстердiң бір-біріне ауысуы, оның Әдiстемелiк және дүниетанымдык маңызы.

  9. Қарама-қарсылықтардың бiрлiгi әрі күресi, оның әдiстемелiк және дүниетанымдық маңызы.

  10. Терiстеуліктің мазмұны, оның әдiстемелiк және дүниетанымдық маңызы.

14. Байырғы Индия философиясы: Буддизм, веданта, чарвака, локаята, джайнизм.

15. Ежелгі Қытай философиясы: Конфуцианство, даосизм.

16. Антика философиясы, оның шығды, негiзгi мәселелері, концепциялары мен үғымдары (космос, табиғат, логос, эйдос, Жан т.б.).

17. Бастапқы антика философиясының қағидалары. Түпкі бастауларды iздеу. Пифагор, Эфестік Гераклит; диалектиканың шығуы. Элей мектебі. Парменид. Зенон.

18. Софистердің субъективтік диалектикасы. Протагор: «Адам барлық нәрселердің өлшемі».

19. Сократтың өмiрі мен философиясы. Сократтың диалектикасы мен антропологиясы.

20. Платонның болмыс, жан, таным және қоғам туралы ілімі.

21. Аристотельдiң себептер, материя және форма туралы ілімі.

22. Арабтiліндегi философияның қалыптасуы. Шығыс және батыс перипатетизмi : онтология, гносеология, этика.

23. Ортағасырлық христиан философиясындағы құдай, адам және әлем мәселесі. Схоластика : наным мен бiлiм, универсалиялар туралы пікір таластар.

24. Қайтаорлеу заманындағы философиялық ойдың антропоцентристік және гуманистік сипаты.

25. XVII ғасырдағы рационалистік метафизика (Декарт, Спиноза, Лейбниц ).

26. Ағылшын эмпиризмінің эволюциясы (Бэкон, Локк, Беркли, Юм ).

27. Француз ағартушылық философиясы.

28. ХУIII ғасырдағы француз материализмі табиғат және қоғам жөнінде.

29. И. Канттың сыни философиясы (міндеттері, мәселелері, ұғымдары).

30. И. Кант этикасы.

31. Г.Гегельдiң философиялық жүйесі мен әдiстемелерi.

32. Л.Фейербахтың антропологиялық философиясы. Идеализм мен дiндi сынауы.

33.К.Маркс философиясының негiзгi принциптері. Тарихты материалистiк түсiну. Қоғамдық-экономикалық формация. Жаттану концепциясы.

34. Позитивизм және неопозитивизм (негiзгi принциптері, эволюция ).

35. XIX ғасыр иррационализмі. А.Шопенгауэр, Ф.Ницше, «құндылықтарды қайта бағалау» және «имморализмі».

36. Психоанализ және фрейдизм философиясы. Неофрейдизм.

37. Экзистенциализм философиясы (негiзгi шұжырымдары, мәселелері, ұғымдары ).

38. XIX-ХХ ғасырдағы орыс философиясы (негiзгi бағыттары мен идеялары).

39. Қазақ ағартушылық философиясы. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин.

40. Абай философиясындағы адам және таңдау еркіндігі философиясы.

41. Ш.Құдайбердиев философиясындағы наным мен зерде мәселелесi.

42. Болмыс категориясы, оның мәні. Болмыс және бейболмыс. Болмыстың негiзгi формалары. Адам болмысының өзгешелігі. Жеке және қоғамдық болмыс.

43.Болмыс және субстанция. Мән және өмірсүру. Мән және субстанция. Мән жөніндегі негiзгi ілімдер: монизм, дуализм, плюрализм.

44. Материя ұғымы. Материяның негiзгi белгілері, олардың арақатынасы. Әлеуметтiк-мәдени материалытық ерекшелiктерi.

45. Дүниенің түпкі бiрлiгi.

46.Қозғалыс ұғымы.

47. Кеңiстiк пен уақыт. Әлеуметтiк кеңiстiк пен уақыт.

48. Сана адамдардың өмірлік іс әрекетiнiң түпкі өзегі, рухани бағыттылық пен дүниені өзгертудің бастамасы.

49. Бейнелеу ұғымы. Бейнелеудің адам жанындағы орны.

50. Бейнелеудің психикалық формасы. Психикалық бейнелеу - сананың құрамды бөлігі.

51. Ойлау мен сөйлеу. Олардың арақатынасы.

52. Саналылық пен бейсаналық. З.Фрейдтiң бейсаналық концепциясы. К.Юнг архетиптер және коллективтік бейсаналық жөнінде.

53. Қоғамдық және жеке сана, олардың арақатынасы.

54. Қоғамдық сананың формалары. Тобырлық сана туралы ұғым.

55. Таным дүниені бейнелеудің формасы ретінде. Танымның субъектісі мен объектiсi.

56. Танымның сезімдiк формасы, оның маңызы.

57. Танымның рациональдік формасы, оның маңызы.

58. Танымның сезімдiк және рациональдік формаларының арақатынасы.

59. Таным процесінің диалектикасы.

60. Ақиқат туралы ілім. Ақиқаттың объективтiгi. Ақиқаттың абсолюттiгі мен салыстырмалылығы.

61. Таным және практика.

62. Философиялық әдiстемелiктiң жалпығылыми және нақты ғылыми әдiстердiң арақатынасы.

63. Ғылыми танымның негiзгi формалары: проблема, гипотеза, заң, теория. Ғылыми танымдағы теория мен эмпириялық деңгейлер.

64. Адам және қоғам мәні туралы философиялық ілімдер . Адамдағы табиғилық пен қоғамдық жақтардаң арақатынасы.

65.Антропосоциогенез ұғымы. Ондағы еңбектің ролі.

66.Әлемдегі адам және адам әлемі. Индивид, жекелік, тұлға.

67. Тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі. Еркіндіктің адамның мәні әрі өмірлік құндылығы екендігі.

68. Қоғамды түсіннудің әртүрлігі: а)мәдениеттанулық, б)экзистенциалдық, в)марксистік, г)постиндустриялық, информациялық .

69. Мәдениет туралы философиялық ілім. Мәдениет пен цивилизация.

70. Қазіргі замандағы глобальдық мәселелердің философиялық мазмұны туралы көзқарастар.

71. Саналылық пен бейсаналық.

72. З.Фрейдтiң бейсаналық концепциясы.

73. К.Юнг архетиптер және коллективтік бейсаналық жөнінде.

74. «Мәнгілік ел» идеясының философиялық аспектілері .

75. Танымның субъектісі мен объектiсi.



Құрастырған: Кабаева Ж.А. филос.ғ.д., профессор

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет