«6М020800 археология и этнология»



Дата25.02.2016
өлшемі129.5 Kb.
#20305
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«6М020800 – АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ

БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ

АРНАЛҒАН ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «050208 – Археология және этнология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар т.ғ.к., доценттер М.Қ. Егізбаева, Ғ.Т. Бексеитов.


Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған

Хаттама № _______ _________________2012 ж.

Кафедра меңгерушісі__________________ А.Б. Қалыш

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Хаттама №______ __________________2012 ж.

Әдістемелік бюро төрайымы__________ О.Х. Мұхатова

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

Хаттама №______ ________________ 2012 ж.

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы ____________________ Ж.Қ. Таймағамбетов

Ғалым хатшы ____________________ Т.Е. Картаева




МАЗМҰНЫ



  1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері

6М020800 - Археология және этнология мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға арналған емтихан сұрақтары олардың аталған ғылым салаларындағы жалпы білім деңгейі мен дайындығын анықтауға арналған. Бұл мамандық археология және этнология салалары бойынша жоғарыквалификациялы мамандарды дайындауға негізделген.

Міндеттері:

  • археологиялық және этнологиялық зерттеулердің теория-әдістемелік негіздерін білу;

  • кешенді саралау және ғылыми әдебиет және тарихи деректерді қолдану әдістерін меңгеру;

  • қолда бар материалды қарастыру үшін алынған теориялық білімді қолдана білу;

  • ғылыми мәселелерді салыстырмалы зерттеуде шығармашылық-аналитикалық қабілеттілікті жүзеге асыра білу;

  • зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалды саралай және жүйелеу білу;

  • археологиялық және этнологиялық әдістерді материалды жинау мен өңдеуде қолдану;

  • отандық және шетелдік археология және этнология ғылымы саласындағы білімді еркін меңгеру.

Түсу емтиханының формасы – аралас, жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан сұрақтары бойынша өзінің жауаптарын жауап парағына жазып, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция берілген жағдайда жауап парағындағы жазбаша жауаптары қарастыруға негіз болады.
2. Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талап

Алдыңғы білім деңгейі – жоғары базалық білім (бакалавриат).

Тапсырушылар білуі керек: археология және этнология ғылымдарының іргелі мәселелерін, аталмыш тақырып бойынша әдіснамалық негіздерді, этнос теориясының этникалық зерттеулеріндегі теориялық аспектілерді, қазақтардың этникалық тарихы мен этногенезі мәселелерін.

Сонымен қатар оларда отандық және шетелдік антропология ғылымы алдында тұрған негізгі мәселелер жайлы нақты түсініктер, археологиядағы негізгі өзекті бағыттар жайлы, археологиялық зерттеулердің теориялық аспектілері мен әдіснамасы жайында, археологилық ізденістердің ережелері жөнінде, маңызды археологиялық ашулар мен қазақтардың мәдени-шаруашылық түрлері және қазақ халқының заттық және рухани мәдениетіндегі зерттеулердегі мәселелері туралы нақты көзқарастары болу керек.


3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

Мамандық бойынша келесі базалық және кәсіптік пәндер пререквезиттері болып табылады: «Алғашқы қоғам тарихы», «Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихы», «Қазақстанның ерте темір дәуірі», «Қазақстанның ортағасырлық археологиясы», «Қазақ халқының рухани мәдениеті», «Қазақ халқының дәстүрлі материалдық мәдениеті».


4. Емтихан тақырыптарының атауы
«Алғашқы қоғам тарихы» пәні
1. Алғашқы қоғам тарихы ғылыми пән ретінде. Алғашқы қоғам тарихының проблемалары, міндеттері және маңызы. Зерттеу пәні. Алғашқы қоғам тарихының хронологиясы мен дәуірленуі. Алғашқы қоғамның дереккөздері, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда алғашқы қоғам ғылымы тарихының дамуы.

2. Антропогенез мәселесі және адамзат қоғамының пайда болуы. Адамдардың жануарлар әлеміндегі орны. Адамдардың жануарлар әлемінен бөлініп шығу проблемасы. Адам критерилері. Антропогенез процесінің қозғаушы күштері. Адамдардың тікелей ата тектері, адамға айналған уақыты мен орны. Адамзаттың алғашқы отаны туралы пікір-талас. Ерте гоминидтер және олардың еңбек әрекеті. Гоминидтердің бастапқы түрі. Антропогенездің экологиялық жағдайы. Түр қалыптасу факторлары. Антропогенездің коммуникативті аспектілері. Моно- және полицентризм, моно- және полигенез теориялары.

3. Адамзат қоғамының пайда болуы. Адамзат қоғамының қалыптасуының теориялық мәселелері. Архантроптар мен палеонтроптардың мәдениеті және қоғамы. Неандерталдықтар және олардың түрлері. Өмір сүру уақыты мен мекен еткен жері. Ерте, орта, кейінгі европалық неандерталдықтардың биологиялық белгілері. Еңбек құралдары мен қарулары. Алғашқы тұрмыстық қоғамның дамуындағы аңшылықтың орны. Алғашқы тұрмыстық қоғамның дамуы. Алғашқы қоғамдық қауым дәуірі.

4. Рулық қауымның пайда болуы. Кейінгі палеонтроптар қауымындағы жыныстар арасындағы қарым-қатынас. Агамия. Экзогамияның шығуы туралы теориялар. Дуалдық ұйымның пайда болуы. Ру әмбебаптығының проблемасы. Аналық және әкелік ру. Неолит кезеңіндегі кейінгі алғашқы қауымның қалыптасуы және дамуы.

5. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы. Таптардың пайда болуы. Алғашқы қоғам ыдырауының алғы шарттары. Өндіргіш күштердің дамуы және олардың түрлі қырлары. Кетпендік егіншіліктен жыртпалы егіншілікке ауысу. Малшылықтың дамуы.

6. Таптық қоғам институттарының пісіп жетілуі. Қосымша өнімдердің пайда болуы. Жеке меншіктің шығуы. Көшпеліліктің пайда болу жолдары мен себептері. Көшпеліліктің тарихи мәні.

7. Мемлекеттің тууы (Қауымнан тыс құрылымдар: тайпа және тайпалық одақтар. Әскери демократия және әскери-иерархиялық құрылымдар. Билікті институционализациялау механизмінің басқа жолдары: ерлер (құпия) одақтары, қоғамдық касталық құрылымдар. Биліктің жаңа формаларын легитимдеу. Саяси ұйымның негізгі және қосымша сипаттамалары).

8. Қоғамдық сана эволюциясы. Рационалдық білімдер. Ой еңбегінің бөлінуі. Жазу-сызудың қалыптасуы. Өнер. Дін және мифология. Құпия одақтар және бабалар рухына табыну. Өкімет билігін киелі орын дәрежесіне көтеру (сакрализация) және оны қорғаушылар. Дінаралық және діни мамандану. Көп құдайға табынушылық (политеизм) және ғибадат орындарының қалыптасуы. Таптық дәуірдегі діни көзқарастардағы алауыздық. Индивид және фаталистік түсініктер.
«Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихы» пәні
1. Тарихи-энтографиялық қауымдар типологиясы. Этникалық қауымдардың географиялық алуан түрлері. Тарихи-этнографиялық провинция, олардың таксономиялық дәрежесі. Тарихи-этнографиялық облыс, олардың ерекшеліктері. Адамзаттың дифференциациялану себептері мен заңдылығы. Қауымның интеграциялану факторлары, олардың қалыптасуы. Халықтар туыстығы және оның реконструкциясы.

2. Антропологиялық материалдардың этногенетикалық буманы реконструкциялаудағы ролі. Тарихи-антропологиялық проблемалар: морфологиялық, физиология-генетикалық маркерлер, кеңістіктегі және уақыттағы этногенетикалық бумалар, олардың типологиясы. Морфологиялық сипаттамалар реконструкциясы. Психофизиологиялық сипаттамалар рекнострукциясы. Экологиялық жағдай рекнострукциясы. Демографиялық сипаттамалар. Этногенетикалық интерпретация. Этногенез проблемасы пәнаралық проблема.

3. Бастапқы сатылардағы этногенез проблемалары. Нәсілқұру және нәсілқалыптастыру сатылары мен модельдері. Этногенез процестері. Соматологиялық ерекшеліктер. Генетикалық маркерлер, генетика-антропологиялық, морфо-антропологиялық зерттеулер. Нәсілдерді біріктіру модельдері. В.В. Бунактың краниологиялық тұжырымда-малары. Этнолингвистикалық фактор. Развитие коммуникативтік құралдардың дамуы және этноқалыптастырушы фактор. Этнопсихоло-гиялық фактор.

4. Ежелгі кезеңдерден бергі Қазақстан аумағындағы этникалық, этногепетикалық үрдістерді зерделеу. Этникалық үрдістер мен этногенез проблемалары. Этногентикалық зерттеулердің жалпы тарихи ракурстары. Этногенезді зерттеудің тарихи тамырлары. Археологиялық, этнологиялық, антропологиялық, жазбаша тарихи дереккөздер. Қазақ халқының этногенезінің тарихнамасы.

5. Қола және ерте темір дәуірлерінде Қазақстан мен көршілес өңірлерді мекендеген халықтардың этномәдени және этногенетикалық сипаттамалары. Андроновтықтардың шығу тегі мен қоныстану проблемалары туралы. Андроновтықтардың бет-бейнесі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті, олардың тайпалары. Сақтар және андроновтықтар арасындағы генетикалық, мәдени сабақтастық. Сақтардың антропологиялық типі. Ғұндардың шығу тегі, таралу географиясы. Үйсіндер. Қаңлылар. Олардың таралу ареалы.

6. Қазақтар этногенезіндегі түркі дәуірі. Ежелгі түркілердің этникалық тарихы бойынша жалпы тұжырымдама. Түркілер этногенезінің және глотогенезінің ежелгі орталықтары. Ғұндар мемлекетінің құлдырауы. Жаңа түркі дәуірі қарсаңындағы жаңа саяси-этникалық бірлестіктертердің құрылуы. VІ-ІХ ғғ. ежелгі империя дәуірі. Түрік, ұйғыр қағанаттарының құрылуы. Этникалық үрдістер – бірігу және бөліну. Тоғыз-оғыздар. Олардың этномәдени ерекщеліктері, ұқсастығы. Қарлұқтар, олардың құрылымы, қоныстануы.

7. Қазақтар этногенезіндегі қыпшақтардың, оғыздардың, наймандардың орны. Оғыздар, қимақтар. Қоныстануы. Этникалық құрамы. Арабтардың Орта Азияға басқыншылығы. Қазақтардың этногенетикалық тарихындағы қидандардың, наймандардың, жалайырлардың, керейіттердің орны. 9. (Қидандардың этникалық нәсілқұруы. Түркілердің батысқа көшіп-қонуы. Қидандардың құлдырауы. Қарақытайлар коефедерациясының этносаяси негізі. Жергілікті этно-саяси ортаға қарақытайлардың сіңуі. Қыпшақтардың этногенезі. Қыпшақ конфедерациясының құрылуы. Қыпшақтардың этникалық құрамы. Таралу ареалы. Қазақтар этногенезіндегі қыпшақтар орны. Қыпшақ-қазақ параллельдері. Қазақ аумағындағы ХІV-ХV ғғ. саяси жағдай. Ақ Орда аумағы. Этникалық құрамы. Ноғай Ордасының этникалық құрамы.

8. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталу үрдісі. Моңғол басқыншылығы. Қазақ халқының қалыптасу үрдісіне оның теріс әсері. Моңғол жаулап алуы кезеңіндегі Қазақстан тұрғындарының антропологиялық типінің өзгеруі. Жүздердің пайда болу проблемалары. Жүздер - саяси-этникалық бірлестіктер. Қазақ этнонимінің пайда болу проблемасы. Қазақ хандығының қалыптасуы. Қазақ хандығы ортасындағы консолидация үрдістері. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Ұлы, Орта, Кіші Жүз қазақтарының рутайпалық құрамы.
«Қазақстанның ерте темір дәуірі» пәні


  1. Ерте темiр дәуiрiнiң шаруашылық-мәдени типтерi. Адамның темiрдi меңгеруi. Қазақстан территориясын физико-географиялық аудандастыру. Қазақстан территориясындағы ерте темiр дәуiрi ескерткiштерiнiң аймақтық таралуы. Шаруашылық-мәдени типтерiнiң қалыптасуы және дамуы.

2. Қазақстан ерте темiр дәуiрiн зерттеудегi негiзгi мәселелер. Табиғи жағдай және шаруашылық зоналары. Көшпелi мал шаруашылығына көшу факторлары. “Ерте көшпелiлер“ терминi түсiнігi. Мал шаруашылығы формалары (көшпелi, жартылай көшпелi, отырықшы). 1930 жылдары басталған жүйелi зерттеулер. 1950 ж. екiншi жартысынан басталған Оңтүстiк Қазақстандағы (М.Қ.Қадырбаев), Шығыс Қазақстандағы (С.С.Черников), Оңтүстiк Қазақстандағы және Жетiсудағы (К.А.Ақышев, И.И.Копылов, А.Г.Максимова, Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев) жүйелi жұмыстар. Ерте көшпелiлер туралы жаңа материалдар. Ерте темiр дәуiрiн кезеңдеу мәселелерi.

3. Қазақстан мен Орта Азия көшпелiлерi туралы жазба деректер. Антикалық дерек мәлiметтерi. Ежелгi парсы деректерi. Қытай жылнамалары. Революцияға дейiнгi орыс әдебиетiндегi сақтар тарихы (В.В.Григорьев, М.И.Ростов және т.б.). Сақтар туралы шетел зерттеушiлерi еңбектерi (А.Херман, О.Франке, Ю.Юнге, Клапрот, Ф.Томас, Е.Херцфельд және т.б.). Кеңес уақытындағы сақ мәселесiнiң зерттелуi (А.Н.Бернштам, С.П.Толстов, С.Н.Руденко, М.П.Грязнов, С.В.Киселев, Б.А.Литвинский, К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев және т.б.).

4. Жетiсудағы сақ мәдениетi. Зерттелуiнiң тарихы және сақ мәдениетiнiң кезеңдерi. Археологиялық материалдардың жинақталуы, кездейсоқ олжалардың табылуы және көне жәдiгiрге әуесқойлардың шағын обаларда қазба жұмысын жүргiзуi. М.В.Воеводский, М.П.Грязнов, А.Н.Бернштам, Б.М.Зима т.б. ғылыми тұрғыдағы қазба жұмыстары. Археологиялық мәдениеттiң орналасқан аумағы. Жерлеу ескерткiштерiнiң топографиялық сипаты. Қарғалы, Бiже, Жуантөбе, Қараша-2 қорымдары.

5. Арал маңы сақтары. Арал маңы палеогеографиясы. Хорезм экспедициясының зерттеулерi. С.П.Толстов, М.А.Итина, Б.В.Андрианов, О.А.Вишневскаялардың қазбалары. Солтүстiк Түгiскен ескерткiшi. Мавзолейлер, ақыреттiк заттар, керамика, қарулар. Шығу тегi мәселелері және хронологиясы. Солтүстiк Түгiскен мовзолейлерiнiң Орталық Қазақстандағы беғазы-дәндiбай ескерткiштерiмен ұқсастығы.

6. Сырдарияның төменгi ағысындағы Шiрiкрабат мәдениетi. Сырдарияның төменгi ағысының тарихи-географиялық зерттелуi. 1957-1960 жж. Шiрiк Рабат, Бәбiш молла, Баланды қалашықтарындағы қазбалар және ирригациялық құрылыстардың зерттелуi. Қоныстар. Құрылыс техникасы, сәулет. «Донжон» Шiрiк Рабат мәдениетi ескерткiштерiнің топографиясы. Жерлеу ескерткiштерi, қабiрлер және жер үстi кесенелерi. Кесене түрлерi.

7. Жетiасар мәдениетi ескерткiштерi. Жетiасар мәдениетiнiң таралу аймақтарының жалпы тарихи-географиялық зерттелуi және кезеңдерi. Бекiнiстер, құрылыс техникасы, үй-жайы. Жерлеу құрылысы және ғұрпы. Материалдық мәдениетi. Керамика өндiрiсi. Әртүрлi күйдiрiлген ыдыстар. Қарулар және ат әбзелдерi. Сүйектен, тастан және металдан жасалған заттар. Киiмдер және әшекейлер, шаруашылық, әлеуметтiк құрылым. Дiни наным- сенiмдерi.

8. Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениетi. Орталық Қазақстанның полеогеографиялық жағдайы. Тасмола мәдениетiнiң зерттелу тарихы. Тасмола мәдениетiн кезеңдеу мәселесi. Қорғантас кезеңi. “Мұртты қорғандар. Жерлеу ғұрпы, ақыреттiк заттар. Тас қатарлы қорғандар семантикасы. Археоастрономикалық көзқарас. Орталық Қазақстан ежелгi көшпелiлерiнiң миграциялық процесi. Тасмола ескерткiштерiн әлеуметтiк талдау.

9. Шығыс және Батыс Қазақстанның ерте көшпелiлерi. Шығыс Қазақстанның зерттелуi. Майемер ескерткіштерінің және «тоң» басқан обалардың зерттелінуі. Ертіс бойы таңбалы тастары. Шығыс Қазақстан ерте темiрi дәуiрiнiң ерте және кейінгі кезең ескерткiштерi. Құлажорға кезеңi ескерткiштерi. Шілікті алқабы сақтарының мәдени ескерткіштері. Савромат-сармат тайпаларының тарихы. Савроматтар мен сарматтардың орналасу аймағы. Савромат археологиялық мәдениетi. Савромат аң стилi
«Қазақстанның ортағасырлық археологиясы» пәні



1. Ортағасырлық қалалар және қоныстар. Ортағасырлық қалалар мен қоныстардың зерттелуі және негізгі мәселелері. Отырықшы, жартылай отырықшы және қалалық мәдениет орталықтарының аймақтары: Онтүстік Қазақстан, Оңтүстік-батыс Жетісу (Шу, Талас өңірі), Солтүстік-шығыс Жетісу (Іле өңірі), Орталық және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан. Орта ғасырдағы саяси жағдайлардың әсері. Мал шаруашылығы және жер шаруашылығының ара қатысы. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қалалар мен елді мекендер туралы тарихи деректер.

2. Ортағасырлық қалалар мен қоныстардың археологиясының зерттелу тарихы. Қазақстанның ортағасырлық археологиясының тарихы. Ортағасырлық археологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері. П.И. Рычков, С.О. Гуляев, Ш.Ш. Уәлиханов, П.И. Лерх, П.И. Паллас, және басқалардың зерттеулрі және іргелі еңбектері. В.В.Батальдтың Орта Азия мен Қазақстанның ортаңасырлық археологиясын зерделеуге қосқан үлесі.

3. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жер шаруашылығы және мал шаруашылығы мәдениеттері (б.з.д. І – б.э. V ғ.). Қаңлылардың археологиясы, жазба деректері. Жетіасар қойнауы, Отырар-Қаратау бойлары мәдениеттері. Қауыншы мәдениеті туралы мәселе. Алтышар, Томпақ Асар археологиясы. Сырдарияның орта ағысы – Көк-Мардан, Алтын төбе, Ақтөбе т. б. Ескерткіштердің түрлері, қалалардың бөліктері, үй орындары, қоғамдық ғимараттары, қорғаныс қамалдары. Материалды мәдениет.

4. Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары. VI-XIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қалалардың өсу динамикасы. Қалалардың орналасуы. Баба-Ата және Ақтөбе-1 қалаларындағы археологиялық қазбалар. Отырар және Отырар оазисінің ерте ортағасырлық қоныстары, керуен сарайлар. Төрткүлтөбе және қалалар. Отырар туралы жазба деректері. Отырар қаласының топографиялық құрылымы мен стратиграфиясы. Отырардағы археологиялық зерттеулер. Отырар апаты. Қаланың тұрғын үйлері. Қоғамдық ғимараттар.

5. Шу – Талас өнірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері. Ұлы Жібек жолы және қалалардың пайда болу проблемалары. Соғдылықтар мен түркілердің арақатысы. Талас өңіріндегі қалалар туралы дереккөздер. Көне Тараздың археологиясы. Қаланың абаттандырылуы: монша, су құбырлары. Тараз және оның маңындағы архитектуралық ескерткіштер. Қарахан мавзолейі, Айшабибі, Бабажақатын ескерткіштері. Саз ыдыстарының ерекшелігі және жіктелуі. Оққұм, Тектұрмас, Кіші Барсхан, Садыр Қорған археологиялық қазбалары.

6. V-XIII ғғ. Баласағұн қаласының проблемасы. Тақырып өзектілігі. Баласағұн қалашығының орналасуы туралы. Ақтөбе ескерткішінің стратиграфиясы. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Ақтөбе (Баласағұн) қалашығын археологиялық зерттеу. Ескерткішті консервациялау және қайта өңдеу және оны туристік орталыққа айналдыру. Ақтөбе (Баласағұн) қалашығын зерттеу қорытындыларын жариялау.

7. Солтүстік-Шығыс Жетісудің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері. Солтүстік-Шығыс Жетісудің географиялық орналасуы. Ортағасырлық Талғар және сол аймақтың қалалары, бекіністері мен керуен сарайлары. Алматы аумағындағы көне қалалар, археологиялық қазбалары. Көне Алмалық қаласының тарихы. Ақсеңгір, Қастек, Шілік, Жақсылық т. б. көне қалашықтардың топографиясы мен типологиясы.

8. Орталық Қазақстанның қалалары мен елді мекендері. Кейінгі ортағасыр қалаларының кезеңделуі. Алтын Орда қалалары. Сарайшықтың археологиялық қазбалары. Тұрғын үйлер. Қоғамдық құрылыстар. Қазақ хандығы және Сырдария маңындағы қалалар – Сүткент, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Яссы, Отырар. Ежелгі Яссы археологиясы. Шавгар-Яссы-Түркістан. Чары, Аспара және Күлтөбе қазбалары. Материалдық мәдениет. Кейінгі қалалар саны, типологиясы, топографиясы. Әлеуметтік қатынастар. Қала тұрғындарының демографиясы.

9. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық архитектуралық ескерткіштер. Оңтүстік Қазақстанның архитектуралық ескерткіштері. Айша бибі, Бабажа-Қатын кесенелері. Архитектуралық композициялар. Архитектура және исламның ықпалы. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі және Орта Азия архитектурасы. Есімхан, Рабиа Сұлтан Бегім кесенелері. Алаша хан, Жошы хан, Домбаул сағаналары, олардың салыну кезеңдері. Қозы – Көрпеш ескерткішінің архитектуралық ерекшелігі.



«Қазақ халқының рухани мәдениеті» пәні
1. Мәдениет және оның этникалық функциясы. "Этникалық мәдениет" және "этнос мәдениеті" түсініктері. Этникалық шартты ортасы. Этникалық өзіндік таным және этникалық өзіндік бірліктің қалыптасуындағы рухани мәдениеттің ролі. Дәстүрлер - мәдениеттің ең қалыпты, стереотипті қабаты ретінде. Мәдениеттің функционалдық аспектісі: нормативтік, танымдық, коммуникативтік мәдениет функциялары. Қоғамның ар-ождан, идеологиялық, этникалық, діни, эстетикалық және басқа ұстанымдарының рухани мәдениетке көрініс табуы.

2. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті. "Архаикалық мәдениет", "дәстүрлі мәдениет" түсініктері. Мәдениеттің "археотипті" түсінігі. Дәстүрлі мәдениеттегі ойлау және қабылдау ерекшелігі. Қазақ халқының рухани мәдениетінің өзіндік ерекшелігі. Қазақтардың рухани мәдениетінің өзіндік айқыны, оның әдет-ғұрып, құндылықтар және мінез-құлық формалары жүйесінде көрініс табуы. Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі әдет-ғұрыптар, олардың типологиясы және функциясы.

3. Ауызша сакральді және эпикалық мәліметтер. Фольклор. Әлемнің дәстүрлі суреті. Дүниелік өзен, дүниелік бәйтерек, дүниелік тау. Ғарыштың антропоморфтық үлгісі. Табиғатқа табыну. Анимизм аруақ, жан туралы алғашқы діни наным-сенім ретінде. Әдет-ғұрып. Қорқыт-ата туралы аңыз. Космогониялық аңыздар. Шежіре. Дидактикалық жанрлар (жұмбақтар, мақал-мәтелдер). Балаларды әлеуметтендіруде, ұрпақтан-ұрпаққа білімнің жалғасуында, этникалық ерекшеліктердің қалыптасуында фольклордың орны. Батырлық эпос. Эпос - халықтың поэтикалық тарихы. Дала батырының бейнесі. Қазақ халқының этникалық өзіндік ойының қалыптасуындағы батырлық эпостың ролі.

4. Жыраулар поэзиясы. Жырау шығармаларындағы философия, мораль, этика. Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы ар-ождан, эстетикалық құндылықтар, дүниетанымдық бағдарлар, этникалық құндылықтардың қалыптасуындағы жыраулар шығармашылығының орны. Жырау қоғамдық мәдениеті-сана формаларын ұйымдастырушы бастама ретінде.

5. Дәстүрлі ғұрыптық-тұрмыстың музыкалық мәдениет. Халықтық аспаптың өнер ерекшелігі және генезисі, аспаптық күйлер табиғаты. Әндік-поэтикалық өнер ерекшелігі, оның қазақ қоғамының рухани әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі алатын орны. Музыкалық мәдениеттің кәсіпқой өнер иелері. Музыкалық халық аспаптары. Аспаптарды классификациялау. Малшылар әні, терме, той бастар, айтыс.

6. Халықтық ілімдер. Халықтық ілімдер – қазақ халқының этномәдени мұраларының бір бөлігі. Халық күнтізбесі және астрономиясы. Халықтық мал дәрігерлік. Үй жануарларын емдеуде халық тәжірибесі нәтижесінде жинақталған әр түрлі емдік дәрілерді, емдік шөптерді қолдану. Эпизоотия және онымен күресу формалары.

7. Исламға дейінгі түсініктер. Қазақтардағы ислам. Тәңіршілік. Ата-бабаны құрметтеу. Демонологиялық түсініктер - анимистикалық дүниетанымның элементі ретінде. Мұсылмандырылған демондық кейіпкерлер (пері, дәу, жын, шайтандар. Қазақтар арасына мұсылман дінінің таралуының негізгі кезендері. Оңтүстік Қазақстандағы түркі халықтарының мұсылман дінін таратудағы Ясауия софылық орденінің негізін салушы Қожа Ахмет Яссауидің қосқан үлесі. Софылық Накшбандия ордені ілімдерінің қазақ даласына енуі. Алдыңғы Азия, Поволжье, Орта Азия мұсылман миссионерлері. Отбасылық, тұрмыстық тәжірибедегі мұсылмандық әдет-ғұрыптар. Мұсылман күнтізбесі. Діни сенімдер мен отбасылық-тұрмыстық тәжірибе сенкретизмі.

8. Мәдени дамудың үздікіздігі. Рухани мәдениеттің диахрондық қимасы. Кеңестік кезендегі қазақ мәдениетінің рухани бөлігінің дамуы. Кәсіби әдебиеттің, поэзияның, музыкалық өнердің, театр жанрының, кино өнерінің және т.б. дамуы. Жалпы кеңестік және ұлттық мәдениеттің ара-қатынасы. Өнер және ғылыми интеллигенцияның орны. Ұлттық идея және рухани мәдениеттің алатын орны. Қазақстандағы көпұлтты қоғам, этникалық мәдениеттердің өзара байланысы.



«Қазақ халқының дәстүрлі материалдық мәдениеті» пәні
1. Мәселенің дереккөздері мен тарихнамасы. Археологиялық материалдар. Көне және ортағасырлық тұрғын үйлердің, қоныстардың, қалалардың көркем суреттерден, ыдыстардан, барельефтерден және т.б. заттардан көрініс табуы. Революцияға дейінгі тарихи-этнографиялық әдебиет. Шет елдік, кеңестік және қазақстандық тарихшы, археолог, этнолог, архитекторлардың зерттеулері. Музей коллекциялары мен мұрағат мәліметтері. Революцияға дейінгі суретшілердің еңбектері.

2. Қола және ерте темір дәуірлеріндегі тұрғын үйлер мен қоныстар. Шығысында Минусинскіден батысында Оралға дейінгі андрон археологиялық мәдениеті тайпаларының обалары, қоныстары және тұрғын үйлері. Жер кепелер, жер бетіндегі тікбұрышты тұрғын үйлер, Солтүстік Қазақстандағы көне қалалардың (Арқайым) негізін салушы қоныстар. Сырдарьяның төменгі ағысындағы Тегіскен мазарлары. Сақтар мен совроматтардың қоныстары мен тұрғын үйлері. Жаңадарьядағы Бәбіш-Молла, Шірік-Рабад қалалары мен отырықшы қоныстары. Тянь-Шань таулы аудандарындағы, Шу даласындағы үйсіндердің қоныстары мен тұрғын үйлері. Қаңлылардың Ақтөбе, Шаушұқым, Жаман-Тоғай, Төребай-Тұмсық қоныстары.

3. Ерте және дамыған ортағасырлық қалалар, қоныстар және тұрғын үйлер (VІ – ХІІІ ғғ.). Көшпелі және отырықшы тайпалардың, халықтардың өзара қатынастары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның далалары мен қалалары. Қала мәдениетінің қалыптасуының автохондық және соғдылық үлгілері. Арыстан-Баб мешітінің, Қожа Ахмет Яссауи мазарының құрылысы. Жаңа архитектуралық стильдің қалыптасуы, құрылыс ісінде: кірпіш дайындаумен, қаптау материалдарымен, байланысты құрылыс әдістерінің жаңартылуы.

4. Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның елді мекендері, тұрғын үйлері мен қалалары (1734-1917 жж.). Кіші, орташа және ірі қалалар. Қалалар уездердің, облыстардың және генерал- губернаторлықтардың орталығы ретінде. Қалалардың жоспарлары мен архитектурасы. Отырықшы қоныстар мен тұрғын үйлер. Тұрғын үйлер, үйдің жеке бөліктерінің қызметі. Құрылыс материалдары мен техникасы. Елді мекендер мен жылжымалы түрлері, уақытша және мезгілдік. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымен байланысты қоныстар мен киіз үйлер. Киіз үйдің ішкі жабдықтары. Киіз үй бөліктерінің даярлануы. Тұрғын үй құрылысымен және оған көшіп, кіру салтымен байланысты әдет-ғұрыптар мен ырымдар.

5. Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіз дамуы жылдарындағы елді мекендері, тұрғын үйлері мен қалалары. Ауылдар мен селолардың архитектуралық – жоспарлануы мен орналасуына революцияның, 1920-30 жж. ұжымдастырудың және 1950 ж. тың игерудің әсері. Ауыл тұрғын үйлерінің көлемдері мен жоспарлары. Құрылыс материалдары мен құрылыс әдістері. Архитектуралық безендіру. Интерьер (бөлменің ішкі көрінісі). Үй-жайлардың құрылысы. Тұрғын үйдегі жалпы және жеке жабдықтар. Кіші, орташа ірі қалалар. Облыс орталықтары, Солтүстік және оңтүстік астана (Астана мен Алматы). Қалаларды салу және жоспарлаудың ерекшеліктері. Қала шаруашылығы. Қалалықтардың тұрғын үйлері. Қала типтес кенттер, ауылдар мен селолар.

6. Қазақстан территориясындағы тайпалар мен рулардың киім үлгілері мен әшекей бұйымдары. Киімді, бас киімді дайындаудың көне материалдары, үй жануарларының жүндері, терісі. Петроглифтардағы, тасқа салынған суреттердегі тас ғасыры, неолит және қола дәуірлерінің киімдерінің фрагменттері (үзінділері) бейнеленген суреттер, сюжеттер мен композициялар. Орта ғасырлар және Қазақ хандығы дәуіріндегі әшекейлер мен киімдер кешені. Түрік дәуіріндегі тасқа салынған бейнелердегі, мүсін ескерткіштеріндегі, тас балбалдардағы киімдердің композициясы. Сырттан әкелінген маталардың, шыт бұйымдарының таралуы.

7. ХІХ-ХХ ғ. басындағы дәстүрлі киім-кешек және әшекейлер кешені. Этникалық, экономикалық және табиғат жағдайларына байланысты көне әдет-ғұрыптардың қазақтардың ұлттық киімінен көрініс табуы. Қарапайым халық арасында үйде қолдан жасалған киімдермен (теріден, жүннен) қоса, шыт маталардан жасалған фабрика өнімдерінің: шыт, бөз, мақтадан тоқылатын кездеменің, сонымен қатар ортаазиялық қолөнер бұйымдарының таралуы.

8. Дәстүрлі тағамдану жүйесінің экологиялық жүйемен және шаруашылық түрімен байланысы. Тамақтану жүйесінің құрылымы: өсімдік және мал өнімдерінің басым түсуі. Балық өнімдерін пайдалану. Қазақтардың дәстүрлі тағамдануындағы үй құсы етінің болмауы. Сүт тағамдары. Өсімдік тағамдары. Тамақтану: режим, этикет. Қазақтардың тамақтану жүйесінің өзгеруі. Тамақтануға байланысты ырымдар мен әдеп-ғұрыптар.
5. Ұсынылатын әдебиет тізімі
Негізгі әдебиет:

  1. Аристов Н.А. Этногенез и этническая культура казахов Т.2 // Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007

  2. Радлов В.В. Труды по казахской этнографии Т.3 // Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007

  3. Шорманов М. Казахские народные обычаи Т.4 // Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007

  4. Маргулан А.Х. Труды по культуре казахского народаТ.8 // Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007

  5. Аргынбаев Х.А. Историко-культурные связи русского и казахского народовТ.10 // Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007

  6. Харузин Н. История развития жилища у тюркских и монгольских народностей России Т.20 // Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007.

  7. Сборник. Российские академические экспедиции XVIII в. об этнографии казахов Т.25// Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007

  8. Калиолла Ахметжан Этнография традиционного вооружения казахов. – Алматыкитап. -2007г.

  9. Традиционная одежда казахов (иллюстрированный научный каталог). - Алматы: Өнер, 2009. - 343 с. - С.307.

  10. Шевцова А.А. Казахский традиционный свадебный костюм (XIX - начало ХХ века) // Среднеазиатский этнографический сборник / Ин-т этнологии и антропологии Н.Н. Миклухо-Маклая РАН. - М.: Наука. - Вып. V / [отв. ред. С.Н. Абашеев, В.И. Бушков]. – 2006

  11. Омирбекова М.Ш. Энциклопедия. Казахские орнаменты. - Алматыкитап 2005 г.

  12. Байпаков К. Великий Шелковый путь (на территории Казахстана).- Аруна Ltd.- 2007

  13. Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х.А. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов: Очерки теории и истории. – Алматы,1998.

  14. Археология Казахстана. Кітап-альбом. – Алматы, 2006.

  15. «Великий шелковый путь». – Алматы, 2007.

  16. Дәстүр: ұғым мен тәсіл. 3 – том. – Алматы, 2005.

  17. История Казахстана в произведениях античных авторов. 1-том. – Алматы, 2005.

  18. История Казахстана в произведениях античных авторов. 2-том. – Алматы, 2006.

  19. Мәдениеттің типологиясы және тарихи өлшемдері. 5-том. – Алматы, 2005.

  20. Кочевое жилище народов Средней Азии и Казахстана. – М., 2000.

  21. Қазақстан мәдениеті. – Алматы, 2005.

  22. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 – том. – Алматы, 2005.

  23. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2 – том. – Алматы, 2005.

  24. «XVI – XX ғасырлардағы орыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы». 5 – том. – Алматы, 2006.

  25. Постмодернизм және мәдениет. 7-том. – Алматы, 2005.

  26. Постмодернизм және мәдениет. 8-том. – Алматы, 2005.

  27. Средневековые города Казахстана. Кітап-альбом. – Алматы, 2006.

  28. Токтабаев А. Древние города Казахстана: научно-популярная литература - Алматы, 2002.

  29. Токтабаев А.У. Традиционный тренинг коня и казахов/А. У. Токтабаев // Краеведческие записки / Самар. обл. ист.-краевед. музей им. П. В. Алабина, 2000. т.Вып. 9. - С. 203-208.

  30. Катран, Д. Традиции казахского дастархана: научно-популярная литература - Алматы, 2003.


Қосымша:

  1. Ажигали С.Е. Традиционная система скотоводческого поселения казахов // Этнографо-археологические комплексы. – Т.5. – Новосибирск, 2002. – С.143-191.

  2. Ергазы К.Е. Домашняя утварь казахов в XVI-XIX вв. (историко-этнографическое исследование): Автореф. дисс. к.и.н. – А, 1995.

  3. Тохтабаева Ш.Ж. Серебряный путь казахских мастеров. – Алматы, 2005.

  4. Шаханова Н.Ж. Мир традиционной культуры казахов. –Алматы, 1999.

  5. Райымхан К.Н. Ата кәсіп. Монғолиядағы қазақтардың қолөнері. – Алматы, 2001.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет