6M05011200 «химия» (Білім беру) мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 Бұл бағдарламаны «6М05011200 –Химия»



Дата22.06.2016
өлшемі188.43 Kb.
#153258
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ғылыми-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде БЕКІТІЛГЕН

хаттама №_______________

«___»_______ 2012 жыл




6M05011200 - «ХИМИЯ» (Білім беру) МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Бұл бағдарламаны «6М05011200 –Химия» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде педагогика ғылымдарының докторы, жалпы және бейорганикалық химия каферасының профессоры Қ.Бекішев және химия ғылыдарының кандидаты, жалпы және бейорганикалық химия каферасының доценті А.Ниязбаева құрастырған.



Бағдарлама жалпы және бейорганикалық химия каферасының

мәжілісінің отырысында қаралған.
Хаттама № ____ _______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі м.а.

х.ғ.к., доцент _______________ А.И.Ниязбаева

Химия және химиялық технология факультетінің әдісбюросының мәжілісінде расталған


Хаттама № ______ _______________ 2012 ж.
Әдісбюро төрайымы

х.ғ.к., доцент _____________________ Л.И. Сыздыкова

Ғылыми кеңес отырысында бектілген
Хаттама № ____ ___________ 2012 ж.

Ғылыми кеңес төрағасы

Факультет деканы _________________ Е.К. Оңғарбаев
Ғылыми хатшы __________________ А.С. Түсіпбекова



МАЗМҰНЫ
Мамандық бойынша оқуға түсуге арналған емтиханның мақсаты мен міндеттері
- «5В011200 – Химия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сай түйіндік және пәндік құзыреттіліктің химиялық үлесін қалыптастыруға бағытталған білімнің, біліктілік пен дағдылардың, творчестволық тәжірибелер мен эмоциональдық-бағалылық тәжірибелердің меңгерілу дәрежесін анықтау;

- емтихан нәтижелерінің негізінде «6М050112-Химия» мамандығы бойынша магистратурада оқуды жалғастыруға лайықты үміткерлерді таңдау;



Емтихан өткізу түрі – жазбаша
2. Магистратураға түсуге үміткерлердің дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар
6М011200-«Химия» мамандығы бойынша оқуға түскісі келетін үміткерлердің келесідей білімдері, біліктіліктері мен дағдылары, творчестволық және эмоциональдық-бағалылық тәжірибелері біріге келе химияның түйіндік және пәндік құзыреттілікке қосқан үлесі болу қажет:

- атом-молекулалық ілімнің негізін, химияның негізгі стехиометриялық заңдарын және оларды химия есептерін шығарғанда қолдана білу;

- атом құрылысы теориясын білу және периодтық заңды қолдана отырып, кез келген элементтің электрондық конфигурациясын жаза білу;

- элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің периодтық кестенің топтары мен периодтары бойынша өзгерулерінің жалпы заңдылықтарын білу;

- химиялық байланыс теорияларының (ВБ, МО) негізгі қағидаларын білу және оларды жай гомо- және гетеронуклеарлық молекулалардағы химиялық байланыстың табиғатын сипаттау үшін қолдана білу;

- химиялық процестердің жүруінің негізгі заңдылықтарын білу (химиялық термодинамика мен химиялық кинетика) және оларды қолдана отырып, химиялық реакциялардың жүру шарттары мен ықтималдығын анықтай білу;

- тотығу-тотықсыздану реакциялары теориясының негізгі қағидаларын білу және олардың стехиометриялық коэффициенттерін таба білу;

- элементтер мен олардың маңызды қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін, сонымен қатар олардың қолданылуын білу;

- металдардың табиғатта кездесуінің негізгі түрлерін, оларды алудың негізгі әдістерін білу;

- комплексті қосылыстардың негізгі класстарын, олардың құрылымы мен химиялық байланысының табиғатын, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін, номенклатурасын және қолданылуын білу;

- электрохимия негіздері мен Фарадей заңдарын және оларды электролизге байланысты есептерді шығаруға қолдана білу;

- қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, химиялық экспериментті дайында» және өткізе білу;

- органикалық қосылыстардың құрылыс теориясын білу және олардың маңызды қасиеттерін болжай білу;

- органикалық реакциялардың негізгі типтерін және олардың жүру шарттарын білу;

- органикалық қосылыстардың негізгі класстарының арасындағы генетикалық байланысты білу;

- органикалық қосылыстардың негізгі класстарының номенклатурасын білу;

- белгілі бір қасиеттері бар химиялық қосылыстарды синтездеудің негізгі принциптерін білу;

- оқытудың дидактикалық жүйесінің негізгі компоненттерін және ең маңызды дидактикалық принциптерді білу;

- орта және жоғарғы мектепте химияны оқытудың мазмұнын таңдау принциптерін білу,

- дәстүрлі және осы күнгі оқу құралдарын (компьютер, Интерактивті тақта, Интернет және т.б.) қолдана білу;

- Қазақстан Республикасының орта және жоғары мектептегі оқу процесін реттейтін ең маңызды нормативтік-құқықтық документтерін білу;

- Химиялық білі беру дамуының бүкіләлемдік тенденцияларын білу;

- орта мектеп химия пәнінің оқу-әдістемелік комплексін құрастыра білу;

- химиядан сабақ бере, практикалық жұмыс жүргізе және оларға сараптама жасай білу;

- химияны оқытудың осы күнгі технологияларын және оны сабақта қолдана білу;

- мектептің химия курсы есептерін шығара білу;

- химияны оқыту нәтижелеріне диагностика жасай білу.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
- «Бейорганикалық химия теориялық негіздері»;

- «Элементтер химиясы»;

- «Органикалық химияның теориялық негіздері»;

- «Функциональдық туындылар химиясы»;

- «Химияны оқыту әдістемесі».
4. Емтихан тақырыптарының тізімі

«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні
1. Атом молекулалық ілім.

Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары. Эквивалент, эквиваленттік фактор, эквиваленттің молярлық массасы. Эквиваленттер заңы. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдістері. Химиялық есептеулер.


2. Атом құрылысы.

Атом құрылысының күрделілігін дәлелдейтін тәжірибелер. Радиоактивтілік және радиоактивтік ыдырау заңы. Изотоптар. Ядролық реакциялар. Атомдық спектрлер. Э. Резерфордтың тәжірибелері. Атом құрылысының Н.Бор теориясы. Кванттық теорияның негізгі идеялары. Квант сандары. Көп электронды атомдардың орбитальдарының электрондармен толу принциптері: Энергияның минимум принципі, Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережелері.


3. Периодтық заң мен периодтық жүйе.

Периодтық заң. Атомдардың электрондық құрылымы және Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі. Атомдар мен иондардың периодты түрде өзгеретін қасиеттері. Элементтердің периодтық кестесінің негізгі түрлері.


4. Химиялық байланыс және молекулалардың құрылысы.

Химиялық байланыстың ертеректегі теориялары. Льюис пен Коссель теориялары. Коваленттік байланыс. Гайтлер мен Лондонның жұмыстары. Валенттік байланыс әдісі. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі туралы түсінік. Гиллеспи бойынша молекулалардың кеңістіктегі пішіндері. Молекулалық орбитальдар әдісі. Иондық байланыс. Металдық байланыс. Сутектік байланыс. Молекулааралық әсерлесулер. Ван-дер Ваальс күштері.


5. Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары.

Термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдары. Термохимиялық теңдеулер. Гесс заңы және одан шығатын салдарлар. Бертло-Томсен принципі. Энтропия туралы түсінік. Термодинамиканың екінші заңының статистикалық сипаты. Больцман формуласы. Химиялық реакциялардың жүру бағытын анықтайтын факторлар. Ең маңызды термодинамикалық функциялар. Гиббс энергиясы. Химиялық потенциал туралы түсінік.


6. Химиялық кинетика және тепе-теңдік.

Химиялық реакцияның жылдамдығы және және оған әсер ететін факторлар. Концентрацияның әсері. Әрекеттесуші массалар заңы. Температураның әсері. Вант-Гофф ережесі. Активтендіру энергиясы туралы түсінік. С. Аррениус теңдеуі. Катализ. Катализаторлар және ингибиторлар. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік және оған әсер ететін факторлар. Ле-Шателье-Браун принципі.


7. Су. Дисперстік жүйелер. Ерітінділер.

Табиғаттағы су. Судың физикалық және химиялық қасиеттері. Судың аномальдық қасиеттері. Дисперстік жүйелер. Ерітінділердің құрамын сипаттау әдістері: массалық үлес, көлемдік үлесс, молярлық үлес, молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы, титр, моляльдық концентрация. Заттардың ерігіштігі. Ерігіштік қисықтары. Қаныққан, аса қаныққан және қанықпаған ерітінділер. Еру процесі кезінде байқалатын құбылыстар. Гидраттар мен кристаллогидраттар. Ерітінділердің физикалқ және химиялық теориялары.



8. Электролиттер ерітінділері.

Қышқылдар, негіздер және тұздар ерітінділері қасиеттерінің ерекшеліктері. Электролиттердің сұйытылған ерітінділерінің коллигативтік қасиеттері және оларды еріген заттардың молекулалық массаларын анықтау үшін қолдану.

Ерітінділердің физикалық теориясы. С.Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясы. И.Каблуковтың жұмыстары. Иондық реакциялар. Диссоциациялану дәрежесі және константасы. Ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктер. Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш. Қышқылдық-негіздік индикаторлар. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұздардың гидролизі. Гидролиздену дәрежесі және константасы.
9. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Тотығу-тотықсыздану процесстері теориясының ең маңызды ұғымдары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының негізгі типтері. Тотығу-тотықсыздану реакциялары коэффициенттерін таңдау әдістері: электрондық баланс әдісі және жартылай реакциялар әдісі.


10. Электр қозғаушы күштер.

Электродтық потенциалдар. Нернст теңдеуі. Гальваникалық элементтер. Электр қозғаушы күштер. Стандарттық тотығу-тотықсыздану потенциалдарының қатары және одан шығатын негізгі практикалық қорытындылар. Гальваникалық элементтердің қолданылуы. Коррозия және одан қорғану әдістері.


11. Комплексті қосылыстар.

Координациялық теорияның ең маңызды түсініктері. Комплексті қосылыстардың негізгі типтері мен аталу жүйесі. Комплексті қосылыстардың кеңістіктегі құрылысы мен изомериясы. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты. Валенттік байланыс әдісі. Кристалдық өріс теориясы. d-орбитальдардың тетраэдрлік және октаэдрлік өрісте жіктелуі. Жіктелу знергиясы. Спектрохимиялық қатар. Лигандалардың өзара әсері. Чугаев ережесі.


«Элементер химиясы» пәні
12. Сутек.

Сутек, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Сутектік технология. Су және оның аномальдық қасиеттері. Судың табиғаттағы айналымы. Сутек пероксиді, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


13. 17 топ элементтері.

Галогендердің жалпы сипаттамасы, табиғатта таралуы, алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Галогендердің сутекті қосылыстары. Тұз қышқылы және оның тұздары. Галогендердің оттекті қосылыстары: оксидтері, қышқылдары және олардың тұздары. Галогендердің және олардың маңызды қосылыстарының қолданылуы.


14. 16 топ элементтері.

16 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Оттек, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Озон, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Күкірт, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Күкіртсутек, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Ең маңызды сульфидтер, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Күкірт (IV) оксиді, күкіртті қышқыл және сульфиттер. Күкірт (VI) оксиді, күкірт қышқылы және сульфаттар. Олеум. Ең маңызды сульфаттар және олардың қолданылуы. Тиокүкірт қышқылы және тиосульфаттар. Натрий тиосульфатының химиялық қасиеттері. Күкірттің галогендермен қосылыстары.


15. 15 топ элементтері.

15 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Азот, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Аммиак, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Аммоний тұздары. Гидразин, гидроксиламин, азидсутек. Азоттың оксидтері. Азотты қышқыл және оның тұздары. Азот ангидриді. Азот қышқылы, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Маңызды нитраттар. Азот қышқылын өнеркәсіпте алу. Азот тыңайтқыштары. Азот өнеркәсібінің экологиялық мәселелері. Фосфор, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Фосфордың оксидтері. Фосфордың оттекті қышқылдары және олардың тұздары. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор өнеркәсібінің экологиялық мәселелері.


16. 14 топ элементтері.

14 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Көміртектің аллотропиясы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Көміртектің оттекті қосылыстары. Көміртек (II) оксиді. Металдар карбонилдері. Көміртек (IV) оксиді, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Көмір қышқылы және оның тұздары. Судың уақытша кермектігі және оны жоюдың жолдары. Көміртектің басқа маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Кремний, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Кремнийдің жер қыртысындағы ерекше ролі. Кремний қышқылдары және силикаттар. Жасанды силикаттар (шынылар, силикаттар, цементтер, бетондар және т.б.)


17. 13 топ элементтері.

13 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Алюминий, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Алюминийді электролиттік жолмен алудың технологиясы.


18. 1 топ элементтері.

1 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Сілтілік металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


19. 2 топ элементтері.

2 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Бериллий, магний және сілтілік жер металдар, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Сілтілік жер металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Судың тұрақты кермектігі және оны жою жолдары.


20. d-элементтер.

d-элементтердің жалпы сипатамасы. Металдардың жалпы сипатамасы. Металдарды физикалық және химиялық қасиеттері бойынша жіктеу. Металдарды алу әдістері. Металлургияның негізгі салалары. Металдардың құймалары және олардың қолданылуы. Қарапайым күй диаграммалары. Металдардың химиялық қасиеттері. Металдардың коррозиясы және онымен күресу жолдары.


21. 3-5 топ элементтері.

3-5 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 3-5 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. 6 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 6 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. 7 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 7 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. 8-10 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 8-10 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Темір, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Домна процесі. Темірдің құймалары. Шойын және болат. Темірді домна пешінсіз тікелей алу жолдары. Кобальт, никель және платиналық металдардың жалпы сипаттамасы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Кобальт, никель және платиналық металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.

22. 11 топтардың s-элементтері.

11 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 11 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. 12 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 12 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


23. Радиоактивтік элементтер уяластығы.

Радиоактивтік элементтер (лантаноидтар мен актинидтер), олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Периодтық заң химиялық элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерін жүйелеудің негізі.



«Органикалық химия» пәні

25. Алкандар.

Алкандардағы С-С және С-Н байланыстарының табиғаты. Алкандардың конформациясы және конформерлері туралы түсінік. Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер, алкиндер, алкадиендер.

26. Спирттер.

Спирттердің қасиеттері. Спирттер әлсіз О-Н қышқылдар ретінде. Спирттер Льюис негіздері ретінде. Бір атомды спирттердің химиялық қасиеттері. Екі атомды спирттер, олардың химиялық қасиеттері. Глицерин және оның туындылары. Жай эфирлер. Оксирандар.

27. Фенолдар.

Фенолдар О-Н қышқылдар ретінде, орын басушылардың фенолдың қышқылдық қасиеттеріне әсері. Фенолдардың ароматтық ядроларындағы электрофильдік орын басу реакциялары. Хинондар. О-және п-хинондарды, антрахинонды алу. Хинондар Дильс-Альдер реакцияларындағы диенофильдер ретінде.

28. Карбонилдер.

Карбонил тобының құрылысы, оның полярлығы және полюстенуі. Альдегидтер мен кетондардың карбонил тобы бойынша нуклефоильдік қосылу механизмі туралы жалпы түсініктер.Кето-енольдық таутомерия, галогендеу, сутектің изотоптық алмасу реакцияларындағы альдегидтер мен кетондардың енольдануы және оптикалық белсенді кетондардың рацемизациясы. Осы реакциялардың қышқылдық және негіздік катализі. Қышқылдық және сілтілік орталардағы альдоль-кротондық конденсация, реакцияның механизмі. Карбонил тобының мен альдегидтер мен кетондардың α-СН байланысы реакцияларының қышқылдық негіздік катализі. Карбоксил тобының құрылысы. Қышқылдардың физико-химиялық қасиеттері: ассоциация, диссоциация, орын басушылардың қышқылдыққа әсері.

29. Карбон қышқылдары.

Карбоксил тобының құрылысы. Қышқылдардың физико-химиялық қасиеттері: асоциация, диссоциация, орын басушылардың қышқылдыққа әсері. Карбон қышқылдарының туындылары: галогенангидридтер, ангидридтер, күрделі эфирлер, қышқыл амидтері, нитрилдер.

30. Нитроқосылыстар.

Нитроалкандар. Нитротоптың құрылысы, Нитроалкандардың қышқылдығы мен таутомериясы. Нитроалкандардың химиялық қасиеттері. Тотықсызданудың аралық өнімдерінің қайтала топталуы. Бензидин қайта топталуы. Ароматтық нитроқосылыстар. Нитроарендердің қышқыл және сілтілік орталарда тотықсыздануы. Полинитроарендердегі бір нитротоптың тотықсыздануы. Полинитроқосылыстар қатысында заряд тасымал комплекстер.

31. Аминдер.

Амин тобының құрылысы. Амин тобының негіздігі және нуклеофильдігі. Ароматтық сақинадағы орын басушылар эффектінің аминдердің негіздігіне әсері. Алифаттық аминдер мен ароматтық аминдердің негіздік қасиеттерін салыстыру. Аминотоп қатысатын реакциялар. Аминоарендер қатарында жүретін электрофильдік орын басу реакциялары.

32. Диазоқосылыстар.

Электрондық құрылысының ерекшеліктері. Біріншілік ароматтық аминдердегі диазоттау реакциялары. Диазоқосылыстардың азот бөле жүретін реакциялары. Азосочетание.

33. Аминқышқылдары.

Аминқышқылдарының қышқылдық – негіздік және амфотерлік реакциялары. Пептидтердің номенклатурасы. Полипептидтерді синтездеудің негізгі принциптері. Белоктардың біріншілік, екіншілік және үшіншілік құрылыстары.

34. Бесмүшелік гетероциклдар.

Бір гетероатомды бес мүшелік гетероциклдар. Электрофильдік алмасу реакцияларының ориентациясы. Пиридин. Пиридин ядросындағы электрофильдік орын басу. Пиридиндердің нуклеофильдік реакциялары.

35. Моносахаридтер мен полисахаридтер.

Альдоз бен кетоздардың стереохимиясы Фишер проекцияларында. Альдогексоздардың циклдік жартылай ацетальдары. α- и β-Аномерлер. Моносахаридтер ерітінділеріндегі циклдік және ашық формалардың таутомериясы.
«Химияны оқыту әдістемесі» пәні

36. Оқытудың дидактикалық жүйесі.

Оқытудың дидактикалық жүйесі: оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру түрлері, құралдары, нәтижелерін диагностикалау. Химияны оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік функцияларының бірлігі.



37. Оқыту принциптері.

Оқытудың негізгі принциптері: ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік, теория мен практиканың байланыстылығы және т.б.



38. Оқыту мазмұны.

Оқытудың мазмұны және оның негізгі компоненттері: білім, біліктілік пен дағдылар, шығармашылық тәжірибе және эмоционалдық-құндылықтық тәжірибе. Оқыту мазмұнын таңдау принциптері (химияны мысалға ала отырып).



39. Пәнаралық байланыстар.

Химияның басқа жаратылыстану-математикалық пәндермен пәнаралық байланыстары: математикамен, физикамен, биологиямен және т.б. Химияны оқыту кезінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру. Химияны оқыту кезіндегі экология мәселелері. Химиялық экология және экологиялық химия курстарының мазмұны.



40. Химия оқытудағы методологиялық білімдер.

Химияны оқытудағы методологиялық білімдердің ролі. Заң, теория және практика, эксперимент, анализ және синтез, индукция және дедукция, концепция және т.б. ұғымдардың мазмұны.



41. Пәннің оқу-әдістемелік комплексі.

Пәннің (химияны мысалға ала отырып) оқу-әдістемелік комплекті: оқулық, дидактикалық материалдар, оқу кітабы, жұмыс дәптері, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, практикумдар мен есеп жинақтары, анықтамалықтар және т.б.



42. Химияның негізгі ілімдері.

Химияның негізгі ілімдерінің мазмұны мен әдістері: реакцияның бағыты туралы ілім, реакциялардың жылдамдықтары мен механизмдері туралы ілім, зат құрылысы туралы ілім, химиялық элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі туралы ілім.



43. Химияны оқытудың осы күнгі технологиялары.

Химияны оқытудың негізгі әдістері мен осы күнгі технологиялары. Химияны оқытудың сөздік, сөздік-көрнекілік әдістері. Көрнекілік тәжірибелер және оған қойылатын талаптар. Көрнекілік тәжірибелер, лабораториялық және практикалық сабақтар орындау кезіндегі қауіпсіздік техникалары.



44. Химияны оқытуды ұйымдастыру түрлері.

Химияны оқытуды ұйымдастыру түрлері және оқыту материалдарының олардың арасында бөлінуі. Сабақ химияны оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақтан тыс оқыту түрлері: элективтік курстар, экскурсиялар, олимпиадалар және т.б. оқытуды ұйымдастыру түрлері.



45. Химияны оқыту құралдары.

Химияны оқыту құралдары және оқыту қондырғылары туралы түсінік. Оқулық оқыту жүйесі ретінде. Химия оқулығы мазмұнының типтік құрылымы. Химияны оқытудың осы күнгі құралдары.



46. Оқыту нәтижелерін диагностикалау.

Химияны оқыту нәтижелерін диагностикалау және бақылау. Химияны оқыту нәтижелерін бақылау мақсаттары, міндеттері және маңызы. Бақылау түрлері. Оқыту нәтижелерін бағалаудың әртүрлі шкалалары, олардың кемшіліктері мен артықшылықтары.



47. Педагогикалық эксперимент.

Педагогикалық экспериментті өткізу әдістемесі және оның нәтижелерін өңдеу.



48. Химико-педагогикалық зерттеулердің методологиясы.

Химико-педагогикалық зерттеулердің методологиясы: өзектілігі, мақсаты және міндеттері, объекті мен пәні, гипотеза, теориялық және практикалық маңыздылығы, педагогикалық зерттеулердің жаңалылығы.



49. Оқытудың осы күнгі концепциялары.

Химияны оқытудың жаңа концепцияларының негізгі идеялары.



50. Болон үдерісі.

Болон процесінің негізгі идеялары. Болон процесінің негізгі конференцияларының мазмұны.



Практикалық бөлім

(Келесі тақырыптар бойынша есептер беріледі)




  1. Эквивалент және эквиваленттер заңы.

  2. Химиялық формула табу және формулалар бойынша есептеулер.

  3. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

  4. Молекулалардың кеңістіктегі пішіндерін болжау.

  5. Химиялық реакциялардың жүру мүмкіндіктерін термодинамикалық мәліметтер бойынша болжау.

  6. Зат мөлшері, Авогадро заңы және газдың молярлық көлемі.

  7. Негізгі газ заңдары. Клапейрон-Менделеев теңдеуі.

  8. Химиялық реакциялардың активтендіру энергияларын есептеу.

  9. Ерітінділердің құрамын сипаттау әдістері және олардың бірінен басқаларына көшу.

  10. Сұйытылған ерітінділердің коллигативтік қасиеттері.

  11. Диссоциациялану дәрежесі және константасы.

  12. Ерітінділердің сутектік көрсеткішін (рН) есептеу.

  13. Ерігіштік көбейтіндісі.

  14. Гидролиз дәрежесін және константасын есептеу.

  15. Тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеуін құрастыру (электрондық баланс, жартылай реакциялар жәнет.б.)

  16. Химиялық реакциялардың жүру мүмкіндіктерін гальваникалық элементтердің электр қозғаушы күштері бойынша болжау.

  17. Электролиз. Фарадей заңдары

Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі:

  1. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.- М.: Высш.шк., 2001.- 743с.

  2. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.- М.: Высш.шк., 2006.- 527 с.

  3. Карапетьянц М.Х., Дракин С.И. Общая и неорганическая химия.– М.: Химия, 2000.-592 с.

  4. Зубович И.А. Неорганическая химия.- М.:Высш. шк., 1989.- 432 с.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия. /Под ред. А.И.Ермакова.- М.: Интегралл-Пресс, 2004.-728с. (Переработанное издание, содержащее новую главу по прикладной химии).

  6. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей и неорганической химии. – Л.: Химия, 1986. – 272 с.

  7. Несмеянов А.Н., Несмеянов К.А. Начала органической химии. М.: Химия, 1974 г.

  8. Робертс Дж., Кассерио М. Основы органической химии. М.: Мир, 1978.-

  9. Моррисон Р., Бойд Р. Органическая химия. М.: Мир, 1980.

  10. Чернобельская Г. М. Методика обучения химии в средней школе. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2000.- 336 с.

  11. Пак М.С. Дидактика химии. – М.: ВЛАДОС, 2004. – 315 с.

  12. Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999.- 384 с.



Қосымша


  1. Неорганическая химия/ Под ред. Ю.Д. Третьякова. В 3-х томах. –М.: Академия, 2004.- т.1. 240 с.; т.2. 368 с.; т.3.

  2. Дей К., Селбин Д. Теоретическая неорганическая химия.- М.: Химия, 1976.- 568 с.

  3. Спицын В.И., Мартыненко Л.И. Неорганическая химия. Часть 1. -М.: Изд-во МГУ, 1991.-480 с.

  4. Спицин В.И., Мартыненко Л.И. Неорганическая химия. Часть 2. М.: Изд-во МГУ, 1994.- 624 с.

  5. Суворов А.В., Никольский А.Б. Общая химия.-СПб: Химия, 1997.- 624 с.

  6. Степин Б.Д., Цветков А.А. Неорганическая химия.-М.: Высш.шк, 1994.-608 с.

  7. Шрайвер Дж., Эткинс Дж. Неорганическая химия. В 2-х томах. М.: Мир, 2004.

  8. Штраус С. Решебник к учебнику «Неорганическая химия» Д.Шрайвера, П.Эткинса.- М.: Мир, 2004.- 271 с.

  9. Хьюи Дж. Неорганическая химия.-М.: Химия, 1987.-696 с.

  10. Гринвуд Н., Эрншо. Химия элементов. – М.: Бином. Лаборатория знаний, 2008.- т.1. 607 с., т.2. 670 с.

  11. Коттон Ф, Уилкинсон Дж. Современная неорганическая химия.- М.: Мир, 1969.- Часть 1, 224 с.; часть 2, 494 с.; часть 3., 592 с.

  12. Коттон Ф, Уилкинсон Дж. Основы неорганической химии.- М.: Мир, 1979.- 678 с.

  13. Кемпбелл Дж. Современная общая химия.- М.: Мир,1975. т.1. 550 с.; т.2 480с.; т.3. 448с.

  14. Анорганикум / Под ред. Л.Кольдица.- М.: Мир, 1984.т.1.672 с.; т.2.632 с.

  15. Химия и периодическая таблица / Под ред. К.Сайто.- М.: Мир, 1982.-320 с.

  16. Джонсон Д. Термодинамические аспекты неорганической химии.- М.: Мир, 1985.- 328с.

  17. Костромина Н.А., Кумок В.Н., Скорик Н.А. Химия координационных соединений - М., 1990.

  18. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А., Цветков А.А. Основы номенклатуры неорганических веществ. - М.: Химия, 1983.-112с.

  19. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А. Реакции неорганических веществ: справочник.- М.: Дрофа, 2007.- 637 с.

  20. Эмсли Дж. Элементы (Справочник).- М.: Мир, 1993.- 256 с.

  21. Гольбрайх З.Е. Сборник задач и упражнений по химии. – М.: Высш. шк., 1984. – 224 с.

  22. Романцева Л.М., Лещинская З.Е., Суханова В.А. Сборник задач и упражнений по общей химии. – М.: Высш. шк., 1991. – 288 с.

  23. Терней А. Современная органическая химия.- М.: Мир, 1981.

  24. Шабаров Ю.С. Органическая химия. - М.: Химия, 2000.

  25. Кери Ф, Сандберг Р. Углубленный курс органической химии. - М.: Химия, 1981.

  26. Нейланд О.Я. Органическая химия. - М.: Высшая школа, 1990.

  27. Реутов О.А., Курц А.Л., Бутин К.П. Органическая химия. - М.: МГУ, 1989.

  28. Цветков Л.А. Преподавание органической химии в средней школе. - М.: Просвещение, 1988.- 240 с.

  29. Ерыгин Д.П., Шишкин Е.А. Методика решения задач по химии.- М.: Просвещение, 1989.- 176 с.

  30. Степин Б.Д. Применение международной системы физических величин в химии.- М.: Высш. шк., 1990. – 96с.

  31. Педагогика / Под ред. Л.П.Крившенко.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.- 432 с.

  32. Педагогика / Под ред. П.И.Пидкасистого. -М.: Педагогическое общество России, 2006. - 608 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет