03.10.2023ж. - 09.10.2023ж. күндері аралығында 10 «Е», 10 «Б», 10«В», 10 «Г» сыныптарына «Иондық байланыс» тақырыбына және 9 «В» сыныбына «Катализаторлар, ингибаторлар» тақырыбына сабақ өткіздім.
Алдымен оқушыларға сыныпқа кірер кезде түрлі түсті стикерлер беру арқылы 3 топқа бөлдім. Кейін оқушылармен амандасып тақырыпты түсіндіріп бастадым.
Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады.
Коссель теориясының қағидалары:
1. Сыртқы қабатында 2 немесе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, демек, олардың сыртқы электрондық қабаты өте тұрақты.
2. Атомдар молекулаға біріккенде электрон беріп жіберу, не болмаса қосып алу арқылы сыртқы қабатын инертті газдардікіне ұқсатқысы келеді.
3. Әрекеттесуші атомдардың электрон беріп жібергені оң ион – катион, ал электрон қосып алғаны теріс ион – анионға айналады. Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып байланыс түзеді.
Тақырып толық қамтылғаннан кейін 3 топқа әртүрлі тапсырмаларды бөліп бердім.
1-топ:
1.Химиялық байланыс типтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
2.Формулалары берілген заттардағы химиялық байланыстың типтерін анықтаңдар:
а) NaCl, H2S, F2, Al;
ә) H2, H3N, NaF, ZnО;
б) HCl, Cl2, Ca3N2, FeS.
3. Иондық байланысы бар заттарға мысалдар келтіріп, олардың формуласын жазып, химиялық байланыстың түзілу сызбанұсқасын құрастырыңдар.
2-топ:
1. Иондық байланысты қосылыстардың неліктен иістері болмайды?
2. Құрамында иондық және коваленттік байланыс болатын екі қосылыстың формуласын жазыңдар.
3. Cа2+, S2– иондарының электрондық формулаларын жазыңдар. Бұл иондардың электрондық формулалары қай элемент атомына сәйкес келеді?
3-топ:
1. 3-периодтың қай элементі хлормен иондық қосылыс түзеді? Олардың түзілу
сызбанұсқасын құрастырыңдар.
2. Бейтарап атомнан оң зарядталған ион түзілгенде элементар бөлшектердің мөлшері қалай өзгереді? Ал бейтарап атом теріс зарядталған ионға айналғанда ше?
3. Бөлшектер жұбындағы қай бөлшектің мөлшері үлкен екенін анықтаңдар:
a) Cl–және Cl0
ә) S2– және S0
б) Ca0 және K0
в) Cs+ және I–
Кейін тапсырмаларды тексеріп, оқушыларға үй жұмысын беріп сабақты аяқтадым.
Достарыңызбен бөлісу: |